Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің



жүктеу 3.18 Mb.
бет6/20
Дата04.03.2018
өлшемі3.18 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Түйiспелi торабы, әуе желiлерi мен бағдаршамдар, сондай-ақ сигналдық белгiлер тiректерiнiң өзара орналасуы сигналдар мен белгiлердiң жақсы көрiнуiн қамтамасыз ету.


өрескел

173

Түйiспелi торабының элементтерi, темiрбетон тiректердегi, темiрбетон және металл емес жасанды құрылыстардағы түйiспелi тораптың бекiту бөлшектерi бекiтiлетiн барлық металлды құрылыстар (көпiрлер, жолөтпелер, тiректер), сондай-ақ кернеуде тұрған түйiспе желiсiнiң бөлiктерiнен кем дегенде 5 метр қашықтықта орналасқан, жеке тұрған металды конструкциялар (гидробағандар, бағдаршамдар, көпiрлер мен жолөтпелердiң элементтерi және басқалары) жерге тұйықталуы немесе құрылыстар мен конструкцияларға жоғары кернеу түскенде қорғанышты ажыратылу құрылғыларымен жабдықталуын қамтамасыз ету.

Түйiспелi тораптың және айнымалы ток әуе желiлерiнiң әсерi аймағында орналасқан, қауiптi кернеулер пайда болатын барлық металды құрылыстар да жерге тұйықталуға жатады.


Электрлендiрiлген жолдардың үстiнде орналасқан жолөтпелер мен жаяу жүргiншiлер көпiрлерiнде сақтандырғыш қалқандар және кернеуде тұрған түйiспе желiсiнiң бөлiктерiнен сақтау үшiн адамдар өтетiн жерлерде жаппай төсем орнату.

өрескел

174

Кернеуi 1000 вольттан астам электр берiлiсi әуе желiлерi сымдарының төменгi нүктесiнен жер бетiне дейiнгi қашықтық барынша ұзын асу жебесiнің кем дегенде болуы:

6,0 метр – аралықтарда;  5,0 метр - соның iшiнде жетуi қиын жерлерде;



7,0 метр - автомобиль жолдарымен қиылысқанда, станцияларда және елдi мекендерде болуы тиiс темiр жол жолдары қиылысқан кезде кернеуi 1000 вольттан астам электр берiлiсi әуе желiлерi сымдарының төменгi нүктесiнен электрлендiрiлмеген жолдардың рельс бастиегiнiң жоғарғы жағының деңгейiне дейiн кем дегенде 7,5 метр.

өрескел

175

Түйiспелi тораптың, автобұғаттау және бойлық электрмен жабдықтаудың электр қоректену және секциялау схемасын Ұлттық инфрақұрылымдық операторымен немесе концессия бойынша темiржол иесiмен бекіту.

елеулі

176

Станцияларда жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған құрылыстарға, поездарды қабылдау және жөнелту, тиеу-түсiру және маневрлiк жұмысты жүргiзу, жылжымалы құрамды жарақтандыру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жолдары мен парктерiне, жүк аудандарына, контейнерлiк алаңдарға, сұрыптау платформаларына, вагондық таразыларға, қарап тексеру мұнараларына, габариттiк қақпаларға, поездар мен вагондардағы коммерциялық ақаулықтарды автоматты анықтау құрылғыларына, сондай-ақ қызметкерлер поездарды қарсы алатын жерлерге, бағыттамалы алқымдарға, қоймаларға, өтпелерге, жолдар мен пункттерге жарық берiлуді қамтамасыз ету.

өрескел

177

Қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары жөндеудің жоспарлы-ескерту түрлерінен, техникалық қызмет көрсетуді уақтылы өткізуді және пайдалану процесінде техникалық жарамды күйде күтіп ұстауды қамтамасыз ету.

өрескел

178

Қалпына келтiру поездары орналасқан пункттер арасындағы қашықтық кемiнде 300 километр, аз әрекеттi учаскелерде кемiнде 400 километр қашықтыққа белгіленеді. Өрт сөндiру поездарының шығатын учаскелерi өрт сөндiру поезының шығу радиусы 100 километрден артық болмайтын шектелген учаскелердiң соңғы пунктiне жеткiзу үшiн қажеттi уақыттың есебiнен (1,5 сағаттан артық болмайтын) белгiлеу.

елеулі

179

Қалпына келтiру және өрт сөндiру поездары тұратын жерлерi екi жаққа шығуы бар жолдарда болуы және қалпына келтiру және өрт сөндiру поездарының АЖҚ тұруына ғана арналуы.

өрескел

180

Жылжымалы құрамның рельстерден шығып кетуiнiң салдарын жою, авариялардың, объектiлердегi және құрамдағы өрттердi сөндiру, сондай-ақ АЖҚ жетiспеген кезде жұмыста қиындықтардың туындауын, пойыздар қозғалысындағы iркiлiстердiң алдын алу үшiн Ұлттық инфрақұрылым операторы бөлiмше бойынша бұйрықпен жедел резервтегi, жөндеудiң жоспарлы түрiнен өткен АЖҚ-ны пайдалануға тарту

елеулі

181

Пункттерде тұрақты әзiрлiкте тұруының болуы:

1) қалыпты қозғалысты қалпына келтiру және жылжымалы құрамның соқтығысуы мен рельстен шығып кетуi салдарларын жоюға арналған қалпына келтiру поездары, арнайы автомотрисалар, дрезиналар және жолдар мен электрмен жабдықтау құрылғыларын қалпына келтiруге арналған автомобильдер мен байланыстың жөндеу-қалпына келтiру вагондары мен автомобильдерi, авариялық-дала командаларының;



2) өрттердiң алдын алуға және оларды сөндiруге арналған өрт сөндiру поездары мен өрт сөндiру командаларының.

өрескел

182

Қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы автомотрисалар мен дрезиналар тұрақты тұратын жолдарға жылжымалы құрамды қоюға жол бермеу.

өрескел

183

Қалпына келтіру поездары (арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамның), өрт поездары және қосалқы локомотивтер поезд жолына тоқтаған жетекші локомотив машинисінен (машинист көмекшісінен) алынған көмек көрсету туралы (жазбаша, телефон немесе радиобайланыс бойынша берілген) талаптар негізінде, сонымен қатар жол шаруашылығы, электрмен жабдықтау, сигнал беру мен байланыстың басқарушы қызметкерлерінің талаптары бойынша тағайындау.
Қалпына келтіру және өрт поездарын шақыру осы поездар туралы қолданыстағы ережелерге сәйкес жүргізіледі. Қалпына келтіру, арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамды, сонымен қатар қосалқы локомотивтерді тағайындау орнына дейін жөнелту және жүруі поездық диспетчердің бұйрығы бойынша жүзеге асыру.

өрескел

184

Жолаушылар поездары бағыты бойында 60 км/сағ жылдамдықпен арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құраммен тексеріс жүргізу (жолөлшегіш вагон, вагон-дефектоскоп және т.б.)

өрескел




  1. Тасымалдаушы




185

Уәкілетті орган белгіленген тәртiппен жылжымалы құрамның мемлекеттік тiркеуінің болуы.

елеулі

186

Темiржол көлiгiнiң жолаушыларға, жүк жөнелтушiлерге және жүк алушыларға қызмет көрсетуге байланысты, сондай-ақ поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерлерiне жұмыс берушiнiң есебiнен тиiстi айырым белгiлерi бар нысанды киiм (погонсыз) берiлуін қамтамасыз ету.

елеусіз

187

Тасымалдау қағидаларымен көзделген тәртіппен және мерзіммен тасымалдаушылармен немесе жүкжөнелтушілермен (жүкқабылдаушы) жүктерді тиеу, түсіруді жүзеге асыру.

елеусіз

188

Берiлген вагондар, контейнерлер мәлiмделген жүктердi тасымалдау үшiн тасымалдау қағидаларына сәйкес (жарамды, iшi мен сырты тазаланған) болуды қамтамасыз ету.

елеусіз

189

Жаңа техниканың, технологиялардың және менеджмент құралдарының енгізілуін ескере отырып, теміржол көлігінің негізгі кәсіптерінің қызметкерлерін кәсіби дайындау, оқыту, біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіруді, сондай-ақ стандартты емес жағдайлардағы іс-қимылдардың іс жүзіндегі дағдыларын жетілдіру.

елеулі

190

Поездар қозғалысымен байланысты қызметкерлердің қозғалыс қауіпсіздігі мәселелерін регламенттейтін қолданыстағы нұсқаулықтармен қағидаларды білу мәніне мерзімді тексерулер жүргізу.

өрескел

191

«Қозғалыс қауіпсіздігі күні» тақырыбы бойынша онкүндік сайынғы тексерулер жүргізу.

өрескел

192

Тасымалдау процесіне қатысушылар ұйымдарының бірінші басшыларымен алғашқы есептің толық енгізілуін және қауіпсіздікті бұзу жағдайларының дұрыс жіктелуін қамтамасыз ету.

елеусіз

193

Меншік нысанына қарамастан қызметін теміржол көлігі саласында жүзеге асыратын тасымалдау процесіне қатысушылар мен теміржол көлігінің көмекші қызметтері Қазақстан Республикасының теміржол көлігінде жол берілген қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарына әкелген қауіпсіздік бұзушылықтары туралы ақпаратты уәкілетті органына және оның аумақтық бөлімшелеріне жедел тәртіппен бір тәуліктен кешіктірмей, ал поездар мен жылжымалы құрамның соқтығысуы, жолдан шығып кетуі жағдайларында оқиға болған сәттен бастап бір сағаттан кешіктірмей ұсыну.

елеусіз

194

Көрсетiлген габарит шектерiнде жүктiң дұрыс орналастырылуын тексеру үшiн жаппай тиеу орындарында (темiржол кiрме жолдарында, теңiз және өзен порттарында, қайта тиеу станцияларында) габарит қақпалары орнатылады. Жолдың жанына түсiрiлген немесе тиеуге дайындалған жүк құрылыстардың жақындау габаритi бұзылмайтындай етiп қойылуы және бекiтiлуi.     

өрескел

195

Поездық диспетчерлік және бағыттамалы байланысты поездар қозғалысымен байланысты емес мәселелер бойынша сөйлесуге жол бермеу.

Бағыттамалы байланыс желісіне, орындаушы орталықтандыру қосындарын, бағыттамалы қосындарды және станция бойынша кезекшіні қоспағанда, басқа телефондарды қосуға жол бермеу.



өрескел

196

Қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы автомотрисалар мен дрезиналар тұрақты тұратын жолдарға жылжымалы құрамды қоюға жол бермеу.

өрескел

197

Поездар қозғалысымен байланысты қызметкерлерге (станциялар бойынша кезекшiлерге, маневрлiк диспетчерлерге, сигнализация және байланыс дистанциялары қызметкерлерiне және т.б.) тағайындалған қызметтiк ғимараттар мен үй-жайларда жұмыс iстеу үшiн қажеттi жағдайлар қамтамасыз еуі.

Станциялар бойынша кезекшiлердiң қызметтiк үй-жайларында басқару және бақылау аспаптары, соның iшiнде автоматтандырылған жұмыс орнының станция бойынша кезекшiнiң жұмысына тiкелей қатысы бар аппаратурасы, сондай-ақ жарық берудi орталықтандырып басқару және секциялық ажыратқыштарды қашықтан басқару пульттерi, поезд жүрiп келе жатқанда жылжымалы құрамның техникалық күйiн автоматты бақылау құралдарының тiркеушi аппаратурасын орнату.



өрескел

198

Станциялық жолдарда станция бойынша кезекшiнiң келiсiмiмен және жұмыс басшысы Жолдарды, бағыттамалы бұрмаларды, автоматика мен телемеханика, байланыс және түйiспе желiсi құрылғыларын қарап тексеру журналына алдын ала жазумен тоқтау немесе жылдамдықты кемiту сигналдарымен қоршауды талап ететiн жұмыстар жүргiзу. Диспетчерлiк орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде мұндай жұмыстар көрсетiлген тәртiппен, бiрақ поезд диспетчерiнiң келiсiмi бойынша ғана орындау. Мұндай жұмыстарды түйiспе желiсiнде кернеудi ажыратып, бiрақ жол мен жасанды құрылыстардың тұтастығын бұзбастан жүргiзгенде, сондай-ақ кенеттен пайда болған ақаулықтарды жою жөнiндегi жұмыстарды орындаған кезде жұмыстардың басталуы және аяқталуы туралы жазба жұмыстар басшысы станция бойынша кезекшiге (диспетчерлiк орталықтандыруы бар учаскелерде - поезд диспетчерiне) беретiн, сол журналда тiркелетiн телефонхатпен ауыстыру.

Жұмыстар аяқталғаннан кейiн құрылғыларды iске қосуды жұмыс басшысының Жолдарды, бағыттамалы бұрмаларды, автоматика мен телемеханика, байланыс және түйiспе желiсi құрылғыларын қарап тексеру журналындағы жазбасы немесе станция бойынша кезекшiге берiлген, кейiннен жұмыс басшысы жеке қолын қоятын, сол журналда тiркелетiн телефонхаттың негiзiнде станция бойынша кезекшiсімен жүргiзу.



өрескел

199

Станция бойынша кезекші жолдардың, бағыттамалық бұрмалардың, сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау (бұдан әрі – СОБ), байланыс құрылғыларының және түйіспелік желілердің ақаулықтарын анықтағанда (жеке немесе басқа қызметкерлердің баяндамалары бойынша) жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, СОБ, байланыс құрылғыларын және түйіспелік желілерді ДУ-46 қарап тексеру журналында (бұдан әрі - ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналында) бұл туралы жазба жасау және тиісті жол, сигнал беру және байланыс дистанцияның құрылғыларға қызмет көрсетуші қызметкерін (жол шеберін, СОБ және байланыс электр механиктерін) және кезекші инженерін (диспетчерін) тиісті жол дистанциясы, сигнал беру және байланыс, электрмен жабдықтауды хабардар ету.

Поездар қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін техникалық құрылғылардың барлық ақаулықтары туралы станция бойынша кезекші бұдан басқа поездық диспетчерді хабардар ету.

Ақаулықтарды жою туралы тиісті қызметкер ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналында тиісті белгі қояды, ол оның қолымен және станция бойынша кезекшінің қолымен куәландыруды жүзеге асыру.


өрескел

200

Әрбір жезлдың реттік нөмірі, сериясы және аралықты шектеуші станцияның атауының болуы. Әрбір аралыққа жезлдың өз сериясы сәйкестігі. Бір сериялы жезлдық аппараттарды кемінде үш аралықтан жиіге, ал тораптарға кірулерде – аралықты шектеуші екі станцияда да екіден артық аралықта жезлдық аппараттар орнатуға, онда поездар болмаған кезде сомасында жезлдардың жұп саны болғанда жол беру.

өрескел

201

Құрылыстарды және құрылғыларды жөндеу негізінен, поездар қозғалысының кестесін бұзбай қозғалыс қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету кезінде жүргізу.

Поездар қозғалысының кестесінде көлемі бойынша үлкен жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде терелер көзделуі тиіс және осы жұмыстарды тудыратын жылдамдықты шектеу.



өрескел

202

Станцияның техникалық құралдарын пайдалану тәртібі станцияның техникалық - өкімдік актісінде белгілу, станциялар бойынша поездарды қауіпсіз және кедергісіз қабылдау, жөнелту және жүруі, станция ішілік маневрлік жұмыстың қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды сақтауды регламенттелуін сақтау.

өрескел

203

Станцияда поездарды қабылдау станцияның техникалық - өкімдік актісінде тағайындалған еркін жолдарда, тек ашық кіру сигналы кезінде, ал жолаушылар поезы автоматты локомотив сигнал беру құрылғыларымен жабдықталған жолдарда жүргізілуін сақтау. Осы құрылғылармен жабдықталмаған жолдарда қабылдау кезінде жолаушылар поезының қауіпсіздігін қамтамасыз ету Ұлттық темір жол компаниясының бұйрығымен белгілеу.     

Станция бойынша кезекші поездарды дер кезінде қабылдау үшін еркін жолдардың бар екендігін қамтамасыз ету. Жабық кіру сигналында поездарды кідірту қажеттілігі үшін станция бойынша кезекші жауапты болуы.    



өрескел

204

Станция бойынша кезекшімен, ал диспетчерлік орталықтанумен жабдықталған учаскелерде поездық диспетчерімен жол бермеу;

- шығу бағдаршамын ашпауға;

- поезды жөнелту үшін маршрут дайын екеніне, бағыттамалар бекітілгеніне, жөнелту маршрутындағы бағыттамаларда маневрлер тоқтатылғанына, техникалық қызмет көрсетуге және құрамды коммерциялық тексеру аяқталғанына көз жеткізбей отырып, немесе аралықтың бос болмауына байланысты басқа рұқсат бермеуіне. Поездарды олардың құрастыру станциясынан, поезд құрамасына вагондарды тіркеу немесе ағыту жүргізілетін станция немесе поездың артқы жағын белгілейтін сигналды дискілерді айырбастау көзделген станциядан жөнелту кезінде станция бойынша кезекші шығу бағдаршамын ашар алдында немесе локомотив, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинисіне аралықты иеленуге рұқсат берер алдында станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленген тәртіппен соңғы вагонда поезд сигналының бар екендігіне көз жеткізу.


өрескел

205

Маневрлік жұмыс кезінде нұсқауларды берудің негізгі құралы радиобайланыс, ал қажетті жағдайларда – екі жақты парктік байланыс құрылғысының болуы.

Маневрлік жұмыс кезінде сигналдарды қолдық сигнал аспаптарымен беруге рұқсат ету.

Поездарды құрастырушы алып жүретін ақаусыз радиостанциямен қамтамасыз ету. Станцияларда бар радиобайланыс және екіжақты парктік байланыс құрылғылары маневрлік жұмысты ұйымдастыру және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдалану.


өрескел

206

Жылжымалы құрам станциялық жолдарда шекті бағандармен белгіленген шекараларда тоқтау.

Станциялық жолдарда локомотивсіз тұрған поездардың, вагондардың құрамдары мен арнайы жылжымалы құрам жылжып кетуден тежегіш табандықтарымен, вагондарды бекітуге арналған станциялық құрылғылармен, қол тежегіштерімен және басқа бекіту құралдарымен сенімді бекітілуін қамтамасыз ету.     



өрескел

207

Күшін жойғанға дейін орнатылған ескертудің күшін жоюға тек оны орнатқан қызметкердің немесе оның тікелей бастығының ғана құқығы бар.
Ескертуді орнатқан лауазымды тұлғалар оларға бағынысты желілік бөлімшелердің басшыларына тиісті жұмыстар орындалған соң орнатылған ескертулердің күшін жоюды немесе ескертумен белгіленген поездар қозғалысының жылдамдығын арттыруды орындауды тапсыра алады. Мұндай тапсырма туралы ескертуді беруге арналған өтінімде көрсету.

Жол өлшегіш және ақаутапқыш вагондар бастықтарының өтінімдері бойынша берілген ескертулердің күшін жоюды жол дистанциясының директорымен немесе оның орынбасарымен жүргізу.



өрескел

208

Құрамында жарылғыш материалдар бар вагондары бар поездар учаскелер бойынша жүруі кезінде поездық диспетчердің, станциялар бойынша кезекшілердің тұрақты бақылауында болуы тиіс, олар бұл поездардың кедергісіз және қауіпсіз жүруін қамтамасыз ететін шараларды жүзеге асыру.

Құрамында жарылғыш материалдар бар вагондары бар поездардың болатын жөнелтілуі туралы поезды құрастыру станциясы бойынша кезекші алдын ала поездық диспетчерге хабарлау.



өрескел

209

Қауіптілігі жоғары аймақтарда жол бермеу:

ілме басқыштар мен өту алаңдарында және теміржол көлігінің баспалдақтары мен басқа да сыртқы бөліктерінде тұруға;

жүріп келе жатқан поезд вагондарының есіктерін ашуға;

қала маңына қатынайтын поездардың автоматтық есіктерінің ашылып-жабылуына бөгет жасауға.



өрескел

210

1-класты (жарылғыш материалдар) қауіпті жүктері бар және габаритті емес жүктері бар поезд станциясының техникалық-өкімдік актісінде көрсетілген жолдарда қабылдануын қамтамасыз ету.

өрескел

211

Тасымалдау құжаттарында «Дөңестен жіберілмесін» штемпелі бар жарылғыш материалдары (жарылғыш материалдармен) бар вагондар, сығымдалған газдары бар цистерналар мен сығымдалған газдың бос цистерналары сұрыптау жолдарына қойылғаннан кейін дөңес, жартылай дөңес немесе тартымдық жол жағынан дереу қоршалатын вагондар мен сұрыптау құрылғысынан бірінші орналасқан тежегіш табандыққа дейінгі ара-қашықтық 50 метрден кем болмайтындай бір бірінен 25 метрден кейін екі рельске де төселетін екі күзеттік тежегіш табандықпен қоршау. Осы жолдарға жіберілетін кейінгі ағытпалар кемінде 10 вагоннан тұратын топ жинақталғанға дейін күзеттік тежегіш табандықтар орналасқан жердің алдына тоқтау.

өрескел

212

Ұстаушы тұйықтарды кез-келген жылжымалы құрамның, ал сақтандырушы тұйықтарды - адамдары бар жолаушылар және жүк поездарының, қауіпті жүктері бар жүк поездарының иеленуіне жол бермеу.

өрескел

213

Жарылғыш материалдар бар вагондар, сұрыптау парктерінің жолдарында жинақталуда тұрған вагондардан басқалары, поездардан тысқары станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетілген, олардың тұруы неғұрлым қауіпсіз ерекше жолдарда орналастыру. Мұндай вагондар тіркелген, жүріп кетуден сенімді бекітілген және тоқтаудың алып жүретін сигналдарымен қоршалуын қамтамасыз ету. Мұндай вагондардың тұру жолдарына апаратын бағыттамалар бұл жолдарға бару мүмкіндігін болдырмайтын жағдайға орнату және құлыптау. Бұл бағыттамаларды құлыптау және кілттерін сақтау тәртібі станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсету.

өрескел

214

Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтау.

Соответствие квалификационным требованиям, предъявляемых к деятельности по перевозке грузов железнодорожным транспортом:

1. Наличие производственных активов на праве собственности или других законных основаниях, включающих:

- вагоноремонтные депо;

- подъездные пути;

- программно-технические средства (автоматизированное рабочее место товарного кассира, автоматизированное рабочее место приемосдатчика);

2. Наличие исправного подвижного состава на праве собственности или других законных основаниях, включая тяговые транспортные средства, соответствующего требованиям безопасности;

3. Наличие штата квалифицированных работников;

4. Наличие военизированной охраны для сопровождения грузов при перевозке железнодорожным транспортом;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет