Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің



жүктеу 3.18 Mb.
бет7/20
Дата04.03.2018
өлшемі3.18 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

5. Наличие инвестиционной программы на приобретение, восстановление и (или) обновление парка подвижного состава, включая тяговые транспортные средства;

6. Наличие системы управления безопасностью.

өрескел

215

Жылжымалы құрамның және оның жүріс бөліктерінің жағдайын бақылау аспаптарымен анықталған ақаулықтары бар вагондармен поездың жүруіне жол бермеу.

елеусіз

216

Тасымалдаушымен тасымалдау шарты бойынша жолаушыны, багажды және жүкбагажды баратын жеріне жеткізуді, жол жүру құжатына (билетiне) сәйкес поезда орын беруді қамтамасыз ету.

Жол жүру құжатымен (билетпен) жолаушыны тасымалдау, багаж квитанциясымен багажды тасымалдау, ал жүк-багаж квитанциясымен жүк-багажды тасымалдау шартын рәсімдеу.



елеулі

217

Тасымалдаушы жолаушы көрсеткен межелі станцияға дейiн жол жүру құжатының (билеттiң) сатылуын қамтамасыз ету.

елеулі

218

Теміржол жылжымалы құрамның әр бірлігінде мынадай анық айыру белгілері мен жазбалары болуы:

1) темiржол жылжымалы құрамы иесiнiң атауы;

2) нөмiрi, жасалған күнi мен орны көрсетiлген дайындаушы зауыттың тақтайшасы;

3) құрама бөлшектерiнде сәйкестендiру нөмiрлерi мен қабылдау таңбалары;

4) белгiленген жөндеу түрлерi жүргiзiлген күнi мен жерi (локомотивтерден басқа);

5) ыдыстың салмағы (локомотивтерден басқа).

Мынадай жазбалардың жазылуы:     

6) локомотивтерде, моторвагонды темiржол жылжымалы құрамда және АЖҚ – конструкциялық жылдамдығы, сериясы мен бортының нөмiрi, тiркелген орнының атауы, резервуарлардың, бақылау аспаптарының және куәландырылғаны туралы тақтайшалар мен жазбалар;


7) жолаушылар вагондарында, қызметкерлердi жұмыстарды жүргiзу орнына және керi қарай жеткiзу көзделiп отырған моторвагонды темiржол жылжымалы құрам мен өздiгiнен жүретiн арнайы жылжымалы құрамда – орындар саны;     

8) жүк, почта, багаж вагондарында – жүк көтергiштiгi.



Елеусіз

219

Әр локомотивке, вагон мен моторвагонды жылжымалы құрамның әр бiрлiгiне және АЖҚ техникалық және пайдалану сипаттамалары қамтылған дайындаушы-зауыттың техникалық паспортын жүргiзу.

елеусіз

220

Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулары бар жылжымалы құрамды, оның ішінде АЖҚ пайдалануға және поездарда жүруге жіберілуіне жол бермеу.

өрескел

221

Жылжымалы құрам және АЖҚ белгіленген мерзімде жоспарлы-ескерту жөндеу түрлерінен және техникалық қызмет көрсетуден өтуін қамтамасыз ету.    

өрескел

222

Темiржол жылжымалы құрамының иелерi және оны күтетiн темiржол көлiгi қызметкерлерi дұрыс техникалық жай-күйiн, оған техникалық қызмет көрсетудi, жөндеудi және темiржол жылжымалы құрамының белгiленген қызмет көрсету уақытын сақтауды қамтамасыз ету.

өрескел

223

Тартқыш жылжымалы құрам, сондай-ақ жолаушылар вагондары, АЖҚ жылына екi рет (көктемде және күзде) комиссиялық түрде қарап тексеудi жүргізу.

елеусіз

224

Локомотивтiк, сондай-ақ жолаушылар, моторвагонды және АЖҚ орнатылған қауiпсiздiк және поездық радиобайланыс құрылғылары осы құрылғылардың жұмысын реттеу арқылы бақылау пунктiнде кезең-кезеңмен қарап тексерiлуін, сондай-ақ инфрақұрылымның және темiржол жылжымалы құрамның иеленушiлерi белгiлеуін қамтамасыз ету.

өрескел

225

Пайдаланылатын теміржол жылжымалы құрамының құрылғысына пайдалану сипаттамаларына әсерін тигізетін өзгерістер енгізуге, пайдалану құжаттамасының талаптарын сақтай отырып жүзеге асыру.

өрескел

226

Электр жылытуы бар жолаушылар поездарына қосылатын вагондар электр жылытуды автоматты басқару жүйесiмен жабдықтау.

өрескел

227

Поездарға электрпневматикалық тежегішінің, электр жабдықтарының, өрт сөндіру сигнализациясының, тасымалдау жағдайларын бұзатын ауаны баптау, желдету, жылыту жүйесінің ақаулықтары және жолаушыларды, жолаушылар вагондарын, сондай-ақ жолаушылар поезы бастығының (механик-бригадирінің) локомотив машинисімен радиобайланысы жұмыс істемейтін радиокупесі (штабтық) бар жолаушылар вагондарын қосуға жол бермеу.

өрескел

228

Жүк тиеуге және адамдарды отырғызуға техникалық қызмет көрсетуге ұсынылмаған вагондарды беруге жол бермеу. Оларды жарамды деп тану туралы жазба ВУ-14 жүк паркінің жылжымалы құрамдарын техникалық қызмет көрсетуге ұсыну журналында жазу.

өрескел

229

Техникалық қызмет көрсету кезiнде мыналарды тексеруді жүзеге асыру:

1) жабдықтардың, тораптардың және бөлшектердiң жай-күйi және тозуы және олардың белгiленген мөлшерлерге сәйкестiгiн;

2) қауiпсiздiк және радиобайланыс құрылғыларының, тежегiш жабдықтарының және автотiркегiш құрылғыларының бақылау, өлшеу, және сигнал беру құрылғыларының, электр тiзбектерi жұмысының дұрыстығын;

3) қозғалғыш бөлiгiнiң жай-күйi және жарамдылығы. Арбашаның екi жағындағы сырғақтар арасындағы қосынды саңылау барлық үлгiдегi төрт осьтi жүк вагондарында, ЦНИИ үлгiсiндегi хоппер-дозаторларды қоса алғанда, 20 миллиметрден артық болмайтын және кем дегенде 4 миллиметр, саңылауы 12 миллиметрден артық болмайтын және кем дегенде 6 миллиметр болатын көмiрдi, ыстық агломератты, апатиттердi тасымалдауға арналған хопперлерден және ЦНИИ-2, ЦНИИ-3 үлгiсiндегi хоппер дозаторларынан, ВС-50 үлгiсiндегi думпкарларынан басқа, ал ВС-80, ВС-82, ВС-85 үлгiсiндегi думпкарларында 20 миллиметрден артық болмайтын және кем дегенде 12 миллиметр болуын;

4) өту алаңдарының, арнайы баспалдақтардың және тұтқалардың жарамдылығын;

5) жылжымалы құрам бөлшектерi мен жабдықтарының жолға түсiп қалуынан сақтандыратын құрылғылардың болуы және олардың жарамдылығын.



өрескел

230

Жолаушылар поездарының құрамдарын қалыптастыру станцияларының және құрамдардың айналым станцияларының қызметкерлерi жолаушылар вагондарының поездың құрамында қалыптастыру және айналым пунктiнен поезды таратудың (тағайындалу) соңғы пунктiне дейiн қауiпсiз жүрiп өтуiн қамтамасыз ету.

өрескел

231

Жылжымалы құрам, соның iшiнде өздiгiнен жүретiн арнайы жылжымалы құрам автоматты тежегiштермен, ал жолаушылар вагондары, моторвагонды жылжымалы құрам және жолаушылар поездарын жүргiзуге арналған локомотивтер электрпневматикалық тежегiштермен жабдықтау, автоматты тежегiштер вагондардың тиелуiне, құрамның ұзындығына және жол профилiне байланысты тежеудiң түрлi режимдерiн қолдану мүмкiндiгiн қамтамасыз ету.

Жылжымалы құрамның, соның iшiнде өздiгiнен жүретiн арнайы жылжымалы құрамның автоматты және электрпневматикалық тежегiштер, әр түрлi пайдаланған жағдайда басқару және жұмысына сенiмдi болуы, жатық тежеудi қамтамасыз ету мүмкiндiгi бар, сондай-ақ ауа құбыржолының магистралi ажыраған немесе үзiлген кезде және тоқтату кранын (шұғыл тежеу кранын) ашқан кезде поезды тоқтату.

Жылжымалы құрамның, соның iшiнде өздiгiнен жүретiн арнайы жылжымалы құрамның автоматты және электрпневматикалық тежегiштерi есептiк деректер бойынша айқындалған тежеу жолынан артық болмайтын қашықтықта шұғыл тежеген кезде поездың тоқтауына кепiлдiк беретiн тежегiштiң басылуын қамтамасыз ету.

Шаруашылық, қала маңындағы поездардың құрамына адамдарды тасымалдау үшiн енгiзiлетiн жүк вагондары тоқтату кранымен жабдықтау.

Жолаушылар вагондарында және моторвагонды жылжымалы құрамда тоқтату крандары тамбурларда, вагондардың iшiнде орнату және пломбылау.


өрескел

232

Локомотивтер, жолаушылар, жүк вагондары, моторвагонды және АЖҚ қол тежегіштерімен жабдықталу. Жүк вагондарының құрылымына сәйкес өту алаңының тоқтату краны және қол тежегіші бар болу. Теміржол жылжымалы құрамындағы қолмен тежегіштер жарамды жай-күйде ұсталуы және олардың есептік тежегіш қысымын қамтамасыз ету.

өрескел

233

Жылжымалы құрам және АЖҚ темiржол жылжымалы құрам бiрлiктерiнiң өздiгiнен ажырауына жол бермейтiн тiркеу құрылғысымен жабдықтау.

Автотiркегiш осiнiң рельс бастиектерiнiң үстi деңгейiнiң үстiндегi биiктiгi:

1) локомотивтерде, жолаушылар және бос жүк вагондарында - 1080 миллиметрден артық болмайтын;
2) локомотивтерде және адамдары бар жолаушылар вагондарында – кем дегенде 980 миллиметр;
3) жүк вагондарында (жүк тиелген) - кем дегенде 950 миллиметр;

4) АЖҚ-та бос күйiнде - 1080 миллиметрден артық болмайтын, тиелген күйiнде – кем дегенде 980 миллиметр.



өрескел

234

Автотiркегiштердiң бойлық осьтерiнiң арасында биiктiгi бойынша айырмашылық белгілеу:     

1) жүк поезында - 100 миллиметр;

2) локомотив пен жүк поезының жүк тиелген бiрiншi вагоны арасында - 110 миллиметр;

3) локомотив пен жолаушылар поезының бiрiншi вагоны арасында - 110 миллиметр;

4) сағатына 120 километр жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар поезында - 70 миллиметр;

5) сондай сағатына 121-140 километр жылдамдықпен - 50 миллиметр;

6) локомотив пен АЖҚ-тың жылжымалы бiрлiктерi арасында – 100 миллиметр.

Сағатына 161 километр және одан артық жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар поезы вагондар арасындағы саңылаусыз автотiркегiшпен жабдықтау.



өрескел

235

Жолаушылар вагондарының автотiркегiшiнде тiгiнен ауыстырулардың шектегiштерi болуы.
Технология бойынша жолаушылар поезымен тiркелiп жұмыс iстейтiн АЖҚ-тың, локомотивтiң автотiркегiшiнде тiгiнен ауыстырулардың шектегiшi болуы.

өрескел

236

Әр доңғалақ жұбының осiнде доңғалақ жұбының қалыптастырылу және толық куәландырылу уақыты мен жерi туралы белгiлер, сондай-ақ қалыптастыру кезiнде оны қабылдау туралы таңбаларының болуы.
Доңғалақ жұптары жылжымалы құрам астында қарап тексерiлу мен толық куәландырудан өтуi тиiс, сондай-ақ әрбiр домалатып қою кезiнде тиiстi журналдарда немесе паспорттарда тiркелуiн қамтамасыз ету.

өрескел

237

Жылжымалы құрамды, сонымен қоса АЖҚ егер оның доңғалақ жұбы осінің кез келген бөлігінде немесе оның құрсауында, дискісінде және доңғалақ күпшегінде жарығы, доңғалақ жұбының жалында сүйірленген қажағы болса, сондай-ақ жол мен жылжымалы құрамның қалыпты өзара байланысын бұзатын доңғалақ жұбының келесі тозулары мен зақымданулары кезінде, пайдалануға беруге және поездармен жүруіне жол бермеу:

1) қозғалыс жылдамдықтары сағатына 120 километрден жоғары және сағатына 140 километрге дейін:

локомотивтердiң, моторвагонды жылжымалы құрамның, жолаушы вагондарының домалау шеңберi бойынша 5 миллиметрден артық сырғанау;

жолдың биiктiгi 30 миллиметр болғанда жотаның шыңынан 20 миллиметр қашықтықта өлшегенде локомотивтерде жотаның қалыңдығы 33 миллиметрден артық немесе 28 миллиметрден кем, ал моторвогонды жылжымалы құрамда, жолаушылар вагондарында жалдың биiктiгi 28 миллиметр - жотаның шыңынан 18 миллиметр қашықтықта өлшегенде;

2) қозғалыс жылдамдықтары сағатына 120 километр дейiн:

Жүрiп өту шеңберi бойынша локомотивтерде, сондай-ақ моторвагонды жылжымалы құрамда және алыс сапардағы қатынастағы поездардың жолаушы вагондарында - 7 миллиметрден астам, моторвагондық және арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрамда, жергiлiктi және қала маңы қатынасы поездарының жолаушы вагондарында - 8 миллиметрден астам, рефрижераторлық парк вагондарында және жүк вагондарында - 9 миллиметрден астам болғанда;

жотаның биiктiгi 30 миллиметр кезiнде жотаның басынан 20 миллиметр қашықтықта өлшеген кезде локомотивтерде, ал жотаның биiктiгi 28 мм жылжымалы құрамда - жотаның басынан 18 миллиметр қашықтықта өлшегенде жалдың қалыңдығы 33 миллиметрден астам немесе 25 миллиметрден кем болса;

3) арнайы шаблонмен өлшенетiн жотаның тiгiнен қиылысуының биiктiгi 18 миллиметрден астам болғанда;

4) локомотивтерде, моторвагонды және АЖҚ, сондай-ақ роликтiк букс мойынтiректерi және кассеталық үлгiдегi мойынтiректерi бар вагондарда тереңдiгi 1 миллиметрден астам, ал тендерлерде 2 миллиметрден астам сырғанау сырғақ (ойық) бетiнде болғанда.


өрескел

238

«Patentes Talgo S.L.» компаниясы шығарған жолаушы вагондарының доңғалақтары жасаушы зауыттың технологиялық нұсқаулығының талаптарын және төмендегi қосымша талаптарды қанағаттандыруы:

1) доңғалақтардың iшкi қырларының арасындағы қашықтық 1440 миллиметр болуы тиiс, «Patentes Talgo S.L.» компаниясы шығарған, жылдамдығы сағатына 160 километрге дейiнгi поездарда айналадағы ауытқулары ұлғаюы жағына 3-миллиметрден және азаю жағына да 1 миллиметрден аспауын;

2) жотаның қалыңдығы 28 миллиметрден кем болмауы, доңғалақ құрсамасының қалыңдығы – кем дегенде 40 миллиметр, домалау шеңберi бойынша сырғанауы 3 миллиметрден артық болмауын;

3) сырғанау шеңберi бойынша доңғалақтар диаметрлерiнiң айырмашылығы доңғалақ жұбын шығарып қайрау кезiнде – 0,5 миллиметрден артық болмайды, шығарусыз – 1 миллиметрден артық болмауын;

4) шектес вагондар арбашаларының арасындағы доңғалақ диаметрлерiнiң айырмашылығы – 5 миллиметрден артық болмауын;

5) сырғанау бетiнде тереңдiгi 0,5 миллиметрге дейiнгi сырғақ (ойық) бар болған жағдайда, қозғалыс жылдамдығы сағатына 140 километрден артық болмауын;

6) сырғанау бетiнде тереңдiгi 0,5 миллиметрден 1 миллиметрге дейiнгi сырғақ (ойық) бар болған жағдайда, қозғалыс жылдамдығы сағатына 120 километрден артық болмауын;

7) тереңдiгi 1 миллиметрден артық сырғақты байқаған жағдайда Теміржол көлігіндегі техникалық пайдалану қағидалары талаптарын басшылыққа алуын.



өрескел

239

Жолаушылар вагондарында, мотор-вагонды жылжымалы құрамда  және локомотивтерде жарықтандырудың жеткілікті қарқындылығын және оның ұзақтығын техникалық құжаттамаға сәйкес қамтамасыз ететін авариялық жарықтандыру жүйесі көзделуінің болуы. Жолаушылар мен қызмет көрсететін персоналды вагондардан авариялық эвакуациялау жолдары мен құралдарының көзделуі.

өрескел

240

Кірме есіктер жолаушылар мен қызмет көрсетуші персонал қауіпсіздігіне кепіл беретін ашу/жабу жүйесімен (құрылғыларымен) және бақылау жүйесімен жабдықталуын қамтамасыз ету.

өрескел

241

Жолаушылар вагондары: ауа желдету жүйесімен, поездішілік телефон байланысымен, букстық қызу бақылау жүйесімен, поездық радио байланыс қондырғысымен жабдықтау. Жүрдек жолаушылар вагондары қосымша орталықтандыру электр жабдықтаумен жабдықтау.     

Жүрдек мотор вагонды жылжымалы құрам ауа желдету жүйесімен, поездішілік телефон байланысымен, букстық қызу бақылау жүйесімен жабдықтау.



өрескел

242

Тасымалдаушылар жол жүру құжаттарын (билеттерді) өздері жасақтаған поездарға сатуды ұйымдастыруды жүзеге асыру. Басқа тасымалдаушылардың жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыруына жасалған шарттардың негізінде жол беру.

Вокзалдарда (станцияларда) билет кассаларының жұмыс уақытын жергілікті жағдайлар мен поездар қозғалысының кестесін негізге ала отырып, Тасымалдаушының уәкілетті тұлғасы белгілейді.


емір жол вокзалдары ғимараттарынан тыс жерлерде орналасқан билет кассаларының жұмыс уақытын жергілікті жағдайларды негізге ала отырып, жолаушылар агенттігі белгілеу.

Билет кассалары тәулігіне 50 және одан да көп жол жүру құжаттары (билеттер) сатылатын барлық станциялар мен аялдау пункттерінде ашылуын қамтамасыз ету. Тәулігіне 50 жол жүру құжатынан (билеттен) аз сатылатын станциялар мен аялдау пункттерінде жол жүру құжаттарының (билеттердің) сатылуын ұйымдастыру туралы шешімді Тасымалдаушы жергілікті жағдайларды ескере отырып қабылдау.



елеулі

243

Жол жүру құжаттарын алдын ала сату 45 тәуліктен бастап поездың аттануына 1 тәулік қалғанға дейінгі мерзімде жүзеге асыру.

Кететін поезға жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды аяқтау уақыты станция (вокзал) жұмысының технологиялық процестеріне байланысты белгілеу. Көрсетілген ақпарат жолаушыларға хабардар ету.



елеулі

244

Жол жүру құжатын (билет) ресімдеу жолаушының жеке басын куәландыратын құжат (паспорт, әскери билет, жеке куәлік, босатылғаны туралы анықтама, уақытша жеке куәлік, босқын куәлігі 16 жасқа дейінгі балалар үшін туу туралы куәлік), ал жеңілдікпен немесе тегін жол жүру құжатын (билетті) ресімдеу үшін жеңілдік құқығын беретін құжаттар болған кезде жүргізуді жүзеге асыру.     

Отыруға арналған орындары бар вагоннан құрастырылған поездарға жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу кезінде жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсету талап етпеу.     

Жол жүру құжаты (билеті) қолма-қол немесе ақшасыз есеп айырысу арқылы беру.
Жол жүру құжаттары (билеттер) тікелей қатынайтын қатынастарда жүру үшін ғана ресімдеу.


елеулі

245

Жол жүру құжаттарын (билеттерді) АБЖ арқылы ресімдеу кезінде мәліметтер осы жүйенің терминалына қосылған билетбасқыш құрылғымен басып шығарылады. Жеңілдікпен және тегін жол жүруді АБЖ арқылы ресімдеу кезінде поездың санаты жоғарлағаны үшін алынатын қосымша ақы туралы мәлімет жол жүру құжатының (билеттің) сол бланкісіне басылады.

Жол жүру құжаттарында (билеттерінде) түзетулер жасауға болмайды. АБЖ арқылы ресімделетін жол жүру құжаттарында (билеттерде) егер жол жүру барысында поездың нөмірі өзгеретін болса, аралық станциялардағы билет кассиріне өз қолымен тек поездың нөмірін түзетуге рұқсат етіледі.

Жолаушыға бір купенің барлық орындарына арналған жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатып алуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда жолаушы сатып алынған купедегі орындардың жалпы саны бойынша жол жүру құнын толық тарифпен төлейді. Бұл ретте жол жүру құжатында (билетте) көрсетілмеген адамдардың жүруіне жол берілмейді.

Бір адамның атына бір поезға төрт орыннан артық орынға жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеуге жол бермеу. Жол жүру құжатының (билеттің) бір бланкісінде (ұйымдасқан жолаушылар тобынан және арнайы тасымалдардан басқа) бір адамның жол жүруі ресімдеу.



елеулі

246

Жол жүру құжаттарын (билеттерді) диспетчерлік терминал арқылы автоматтандырылмаған тәсілдермен ресімдеу шарикті (көк, қара немесе күлгін сиялармен) қаламды пайдалана отырып анық, сөздер қысқартылмай жүргізу. Дайын мәтіні бар мөрқалыптарды қолдануға жол беру.

Жол жүру құжатының (билеттің) екі жағындағы (бланк және түбіртек) тиісті бағандар толтырылған соң жол жүру құнына, вагонның үлгісіне, поездың санатына және (топтық жол жүру құжатында (билетте) жолаушылардың санына сәйкес бланктің бақылау талоны қиылып алынуын жүзеге асыру.

Жолаушыға берілетін, қол технологиясы арқылы ресімделген жол жүру құжатына (билетке) анық айыру деректері: поездың нөмірі, күні, айы, жылы бар маститті немесе инелі компостерлік белгілер қою. Жыл қажеттілікке байланысты тек бір цифрмен ғана көрсету.

Жол жүру құжаттарын (билеттерді) инелі компостерлеу түбіртектерімен бірге олардың көлбеу сызықтың бойымен бірінші бөлігін қамти отырып, екі бүктелген жеріне жүргізіледі, ал түбіртек жол жүру құжаты (билеті) бланкісінің ішіне салуды жүргізу.

Маститті компостер бланкіге және жол жүру құжатының (билеттің) түбіртегіне қою.


елеулі

247

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайта сатуға жол бермеу.

елеулі

248

Уәкілетті адам (вокзал қызметкері) жол жүру құжатының (билеттің) қолданылу мерзімін келесі жағдайларда ұзарту (жол жүру құжатына мерзімін ұзарту туралы белгі қою арқылы):

1) жолаушыға орын ұсынылатын келесі поездың аттануына дейінгі уақытқа поездан жолаушыға орын берілмегенде (отыруға арналған орындары бар вагондардан жасақталған поездардан басқа);

2) ауысып отыру пунктінде транзитпен келе жатқан жолаушы оған жол жүруді ұзарту мүмкіндігі берілгенге дейін барлық кешігу уақытына келісілген поездар кешіккен жағдайда;

3) жолаушы жолда аялдағанда барлығы 10 тәуліктен аспайтын мерзімге.

Жол жүру құжатының (билеттің) әрекет ету мерзімін ұзартуға басқа жағдайларда жол берілмейді.


елеулі

249

Жолаушы жолаушылар поезына отырған кезде тиісті түрде ресімделген жол жүру құжатын (билетін) және жеке басын куәландыратын құжатты көрсету. Вагонның жолсерігі жолаушыны вагонға отырғызу кезінде жол жүру құжатын (билетін) және деректемелері (аты-жөні) жол жүру құжатында көрсетілген оның жеке басын куәландыратын құжатты тексеруді қамтамасыз ету.

Отыруға арналған орындары бар вагондардан жасақталған поездарға отыру кезінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсету талап етілмейді.

Поезға жолаушыларды отырғызу кезінде вагонның жолсерігі қол жүгінің белгіленген нормадағы салмаққа сәйкестігін тексеру.

Вагонның жолсерігі жолаушыларды вагонға отырғызу кезінде олардың жол жүру құжаттарын (билеттерін) шығарып салушыларда ұмытып кетпеулерін ескерту, сондай-ақ жол жүру барысында билетсіз жолаушылардың жүруін және белгіленген нормадан (мөлшерден) тыс қол жүгінің тасымалдануын болдырмауға шаралар қолдану.



елеулі

250

Жолаушының тегі мен ұсынылған жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген тегі сәйкес келмеген, жол жүру құжатында (билетте) тегі өзгертілген (түзетілген) жағдайда жолаушының поезға отыруына жол бермеу. Осындай жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша ақша қайтармау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет