Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің



жүктеу 158.54 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі158.54 Kb.
түріКонкурс



Хабарландырудың мәтініне персоналды

басқару қызметі жауапты

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің

Жамбыл облысы бойынша департаментінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға

жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыруы
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
      С-О-5 санаты үшін: Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, құзыреттіліктері бойынша жоғары балл немесе қатерлі аймақтан төмен емес.

      Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 мамырда № 15121 болып тіркелген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы



Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83282

112431


«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ, индексі 080012, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 13 үй, 1-ші қабат, анықтама үшін телефон (факс): 8(7262) 45-72-67, электронды мекенжайы: d.kirpb.zham@mid.gov.kz, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Химия және металлургия өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы С-О-5 санаты, 1 бірлік (№3-2-2).

Функционалдық міндеттері: Жоғарғы мемлекеттік органдардан келіп түскен тапсырмаларды, кіріс құжаттарды, басшылардың бұйрықтары мен тапсырмаларын мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету; өнеркәсіп саласындағы жетекшілік етуіндегі қауіпті өндірістік объектілерге байланысты жоба және рұқсат құжаттамаларын дайындау, қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін жоғарылату мақсатында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруін ұсыныс беру; Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғаларға тексеру нәтижелері туралы акті, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы анықталған бұзушылықтар бойынша нұсқама береді; өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өткізілетін алқалық және ведомствоаралық жиналыстарға құжаттамалардың дайындалуын қамтамасыз ету. Өнеркәсіптік саласындағы жетекшілік ету кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамалар талаптарының сақталуына тексеруге қатысу және ұйымдастыру; қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланушы ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауын және олардың авария зардаптарын жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге дайындығына қадағалауды жүзеге асыру; қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарын, технологиялық құрылыстары мен техникалық құрылғыларын техникалық куәландырудың уақытылы жүргізуіне қадағалауды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы жоғары.

Мамандығы: Технологиялық машиналар және жабдықтар немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы немесе металлургия немесе мұнай газ ісі немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы лауазымға басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нормативтік құқықтық актілерін білу.

2. Тау-кен өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы С-О-5 санаты, 1 бірлік (№1-2-1).

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттері мен стандарттарын сақтау, әкімшілік рәсімдерді сақтау. Жару жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салалардағы жартыжылдық тексеру жүргізу кестелерін әзірлеуге қатысу. Реттелетін салалардағы техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысу. Реттелетін салаларда ақпараттық-талдау жұмысын жүзеге асыру. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету. Мүделлі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өз құзіреті негізінде аварияларды тексеруді ұйымдастыру және жүргізу. Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға енгізу кезінде қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруларға қатысу. Адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өзекті жағдайларда, соттың шешімінсіз дербес кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысқан қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрып немесе тыйым салып, міндетті түрде көрсетілген мерзімде сотқа талап арыз жолдау; Екі және оданда көп облыстар шегінде орналасқан қауіпті өндірістік объектілерді, сондай-ақ стратегиялық объектілерді қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, қайта жаңартуға, жаңғырту, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманы келісу. Қауіпті өндірістік объектіде оқу дабылы мен аварияға қарсы жаттығу жүргізуге қатысу. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың өтініштерін уақытылы қарауды қамтамасыз ету; Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтірумен байланысқан объектілер иелерінің объектілер жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын мемлекет бақылауды жүзеге асыру. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғаларға тексеру нәтижелері туралы акті, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы анықталған бұзушылықтар бойынша нұсқама береді; Өз құзіреті шегінде Министрлік пен Комитет басшыларының тапсырмаларын орындау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы жоғары.



Мамандығы: Тау-кен ісі немесе геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау немесе жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы лауазымға басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нормативтік құқықтық актілерін білу.



3. Салааралық қадағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы С-О-5 санаты, 1 бірлік (уақытша негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне, 2019 жылдың 6 желтоқсанына дейін) (№4-2-1).

Функционалдық міндеттері: Жоғарғы мемлекеттік органдардан келіп түскен тапсырмаларды, кіріс құжаттарды, басшылардың бұйрықтары мен тапсырмаларын мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында (реттелген салада) мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; үйлерде, құрылыстар мен ғимараттарда энергия тиімділігі жөніндегі талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылау жүргізу; реттелетін салада әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғаларға тексеру нәтижелері туралы акті, анықталған бұзушылықтар бойынша нұсқама береді; Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғаларға тексеру нәтижелері туралы акті, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы анықталған бұзушылықтар бойынша ұйғарым беру; кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін саладағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары, тексеру парақтарының нысандарын әзірлеуге қатысу; құзыреттілігі шегінде құқықтық, консультативтік және практикалық көмекті жүзеге асыру; айлық, тоқсандық және жылдық атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша есептерді жүргізу және басшылықа ұсыну; Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларына, Комитеттің және Департаменттің жұмыс жоспарын іске асыруға қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы жоғары.



Мамандығы: Электр энергетикасы немесе жылу энергетикасы немесе мұнай газ ісі немесе стандарттау, сертификаттау және метрология немесе құрылыс.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы лауазымға басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нормативтік құқықтық актілерін білу.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).



Құжаттар, жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 13 (1-қабат) мекенжайда орналасқан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
________________________________________________________________________________________________________________________


(мемлекеттік орган)

Өтініш
     

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________                         ____________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.


«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»





_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)


ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)








_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)





ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения





2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)





3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения





4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)





5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками





6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)





7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)





8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)





ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема


босатылған/
увольнения















_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата



_______________
күні/дата






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет