Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің



жүктеу 1.74 Mb.
бет1/7
Дата29.08.2018
өлшемі1.74 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2018 жылғы «24» мамырдағы

№389 бұйрығына қосымша


«Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2016 жылғы «29» желтоқсандағы

№ 887 бұйрығымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

2017 2021 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

1-бөлім. Миссиясы мен пайымы



Миссиясы: Бәсекеге қабілетті және инновациялық индустрияны құру жолымен минералды-ресурстық тәуелді экономиканы әртараптандыру арқылы қазақстандықтардың жоғары деңгейдегі сапалы өміріне қол жеткізу.
Пайымы:

1) отандық және шетелдік тұтынушылардың өнеркәсіптің өңдеуші салаларының қазақстандық өнімдеріне сұранысының едәуір ұлғаюымен сипатталатын экономиканы тиімді әртараптандыру;

2) өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар тарту есебінен елдің диверсификацияланған экономикасы;

3) бәсекеге қабiлеттi ғылымды көп қажет ететін жоғары техникалық өнiм әзiрлеудi және өндiрудi қамтамасыз етуге қабiлеттi тиiмдi ұлттық инновациялық жүйе;

4) әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ететiн техникалық реттеудiң ұлттық жүйесi;

5) болжамды ресурстарды келешекті бағалаумен Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерделенушілігін арттыру және жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану;

6) экономика мен халықтың көлік қызметіне қажеттілігін толық қанағаттандыра алатын жоғары технологиялық бәсекеге қабілетті көлік-коммуникация кешені;

7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында және тұрғын үй-коммуналдық саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қазіргі заманның жағдайларында құрылыс өнімдерінің сапасын арттыру.



2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару


1-стратегиялық бағыт.

Елді индустриялық-инновациялық дамыту үшін жағдайлар жасау

1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Тау-кен және металлургия кешенінің дамуы

Тау-кен металлургия кешені (бұдан әрі – ТМК) еліміздің экономикасының басты салаларының бірі және инвестициялаудың тартымды объектісі болып қала береді. ТМК дамытудың айқын әлеуметтік сипаты бар. Қазақстанның бұл өнеркәсіп секторында 300 мыңға жуық адам еңбек етеді.

Металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 2015 жылы 2 119,3 млрд. теңгені, 2016 жылы 3 360,7 млрд. теңгені, 2017 жылы 4 089,7 млрд. теңгені құрады.

Метал кенін өндіру көлемі 2015 жылы 700,4 млрд. теңгені, 2016 жылы 996,3 млрд. теңгені, 2017 жылы 1 211,6 млрд. теңгені құрады.

Дайын металл өнімдерін өндіру көлемі 2015 жылы 144,5 млрд. теңгені, 2016 жылы 201,1 млрд. теңгені, 2017 жылы 249,2 млрд. теңгені құрады. құрады.

Қара металлургия өнімдерін экспорттау көлемі 2015 жылы 2 631,7 млн. АҚШ долларын, 2016 жылы 2 629,0 млн. АҚШ долларын, 2017 жылы 4207,3 млн. АҚШ долларын құрады.

Түсті металлургия өнімдерін экспорттау көлемі 2015 жылы 3 197,9 млн. АҚШ долларын, 2016 жылы 2 890,9 млн. АҚШ долларын, 2017 жылы 4 785,9 млн. АҚШ долларын құрады.

Қара металлургия өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2015 жылы - 60,8 мың АҚШ доллары/адамға, 2016 жылы 70,5 мың АҚШ доллары/адамға құраған.

Түсті металлургия өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2015 жылы - 103,1 мың АҚШ доллары/адамға, 2016 жылы 119,6 мың АҚШ доллары/адамға құраған.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - ИДМ) тұрақты негізде саланың жүйеқұраушы кәсіпорындарымен олардың ағымдағы қызметі және жаңғырту жоспарларын іске асыру бойынша өзара байланыста, бұлардың шеңберінде қаржы, салық салу, кедендік баж салығы, көлік, логистика, темір жол тарифтері, экология, еңбек қатынастары, жер қойнауын пайдалану, энергетика және энерготиімділік мәселелері қарастырылған.


Машина жасау саласының дамуы

Машина жасауда өндіріс көлемі 2015 жылы 614,4 млрд. теңгені, 2016 жылы 720,6 млрд. теңгені, 2017 жылы 913 млрд. теңгені құрады.

Машина жасаудың басым секторында еңбек өнімділігі:

- «автокөлік құралдарының, олардың бөліктерінің, керек-жарақтарының және қозғалтқыштарының өндіріс секторыда» 2015 жылы – 55,5 мың АҚШ долларын/адамға, 2016 жылы 46,0 мың АҚШ долларын/адамға құрады;

- «электр жабдығы өндірісі» секторында 2015 жылы 19,0 мың АҚШ долларын/адамға, 2016 жылы 20,1 мың АҚШ долларын/адамға, құрады;

- «ауыл шаруашылық техникасын өндіру» секторында 2015 жылы – 30,9 мың АҚШ долларын/адамға, 2016 жылы 31,1 мың АҚШ долларын/адамға құрады;

- «теміржол техникасы өндірісі» секторында 2015 жылы - 22,4 мың АҚШ долларын/адамға, 2016 жылы - 13,1 мың АҚШ долларын/адамға құрады;

- «тау-кен өндіру үшін машиналар мен жабдықтары өндірісі» секторында 2015 жылы - 7,1 мың АҚШ долларын/адамға, 2016 жылы 10,2 мың АҚШ долларын/адамға құрады;

- «мұнайды қайта өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібі үшін машиналар мен жабдықтарды өндірісі» секторында 2015 жылы 8,8 мың АҚШ долларын/адамға, 2016 жылы - 9,7 мың АҚШ долларын/адамға құрады.

Машина жасаудың басым секторларында экспорт көлемі:

- «автокөлік құралдарының, олардың бөліктерінің, керек-жарақтарының және қозғалтқыштарының өндірісі» секторында 2015 жылы - 63,6 млн. АҚШ долларын, 2016 жылы 127,9 млн. АҚШ долларын, 2017 жылы 48,8 млн. АҚШ долларын құрады.

- «электр жабдығы өндірісі» секторында 2015 жылы - 139,3 млн. АҚШ долларын, 2016 жылы 160,6 млн. АҚШ долларын, 2017 жылы 155,4 млн. АҚШ долларын құрады;

- «ауыл шаруашылық техникасы өндірісі» секторында 2015 жылы 7,2 млн. АҚШ долларын, 2016 жылы -3,9 млн. АҚШ долларын, 2017 жылы 1,9млн. АҚШ долларын құрады;

- «теміржол техникасы өндірісі» секторында 2015 жылы - 28,2 млн. АҚШ долларын, 2016 жылы - 22,7 млн АҚШ долларын, 2017 жылы 16,9 млн. АҚШ долларын құрады;

- «тау-кен өнеркәсібі үшін машиналар мен жабдықтар өндірісі» секторында 2015 жылы - 26,2 млн. АҚШ долларын, 2016 жылы - 54,6 млн. АҚШ долларын, 2017 жылы 71,2 млн. АҚШ долларын құрады;

- «мұнайды қайта өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібі үшін машиналар мен жабдықтары өндірісі» секторында 2015 жылы - 73,6 млн. АҚШ долларын, 2016 жылы - 106,7 млн. АҚШ долларын, 2017 жылы 50,1 млн.АҚШ долларын құрады.

Машина жасау саласында өнімнің жаңа негізгі түрлері игерілген: мобильдік бұрғылау кешендері, локомотивтер, жүк және жолаушылар вагондары, астық тасығыштар, контейнер тасығыштар, бульдозерлер, тоңазытқыштар және тұрмыстық мұздатқыштар.

ИДМ Индустрияландыру картасының жобалары мен машина жасау кәсіпорындарының қызметіне тұрақты негізде мониторинг жүргізуді жүзеге асырады, проблемалық мәселелерді шешуде көмек көрсетеді.


Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының дамуы

2015 – 2017 жылдар аралығында өзге де металл емес минералды өнім өндірісінің көлемі 10,9%-ға төмендеді (2015 жылы – 402,4 млрд. теңгені; 2016 жылы – 393,3 млрд. теңгені, 2017 жылы – 446,6 млрд. теңгені құрады).

2015 – 2017 жылдар аралығында өзге де металл емес минералды өнім өндірісінің жалпы қосылған құны номинальды мәнінде 30,1%-ға азайды (2015 жылы – 357,3 млрд. теңгені, 2016 жылы 374,5 млрд. теңгені, 2017 жылы – 249,9 млрд.теңгені құрады).

2015 – 2017 жылдар аралығында ресурстардың жалпы отандық өндірісі үлесі 70,5%-дан 60,5%-ға төмендеді (2015 жылы – 70,5%, 2016 жылы– 65,5%, 2017 жылы – 60,5% құрады).

2015 – 2017 жылдар аралығында өзге де металл емес минералды өнім өндірісінде еңбек өнімділігі номинальды мәнінде 52,5%-ға төмендеді (2015 жылы – 21,7 мың АҚШ долл.; 2016 жылы– 14,9 мың АҚШ долл., 2017 жылы – 10,3 мың АҚШ долл. құрады).

2010 – 2017 жылдар кезеңінде 433,7 млрд. теңге жалпы сомасына 268 жоба пайдалануға енгізілді, 17746 астам жұмыс орны (2010 жылы – 27 жоба, 2011 жылы – 39 жоба, 2012 жылы – 36 жоба, 2013 жылы – 40 жоба, 2014 жылы – 39 жоба, 2015 жылы – 19 жоба, 2016 жылы – 31 жоба, 2017 жылы – 37 жоба).

Индустрияландыру картасы шеңберінде өндірісті жаңғырту бағыты бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру жүзеге асырылады. 2014 жылы 12 300 млн. теңгеге цемент өндірісі бойынша «құрғақ әдіспен» № 5
АҚ «Карцемент» технологиялық желісін іске қосу жүзеге асырылды. 2015 жылы «Стандарт Цемент» ЖШС 1,0 млн. тонна қуаттылығымен цемент өңдірісі бойынша екінші желі іске қосылды, жалпы қуаттылығы 2,0 млн. тонаны құрады. Импортты алмастыруға бағытталған 2016 жылы ең маңызды іске асырылған жобалар: 1.« №1 Семей ағаш өңдеу зауыты» ЖШС - фанер, ламинатталған фанер, OSB тақталар өндірісі; 2. «Склад ОВ» ЖШС - «TIPIDO» бренді бойынша жылыту алюминий радиаторларын шығару; 3. «IpekKagitCentralAsia» ЖШС - қағаз өнімдерін өндіру; 4. «Алпроф» ЖШС - алюминий бейіндерін өндірсі бойынша жаңа желіні іске қосу.

Ақтөбе облысында «Үй құрылысы комбинаты» ЖШС және Астана қаласында «GLB» ЖШС-нің жалпы сыйымдылығы жылына 250 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы комбинаты іске қосылды.

2017 жылда осындай маңызды жобалар жүзеге асырылды: автоклавты газдалған бетоннан газ блоктарын өндіру «КазГазоБлок» ЖШС, құрғақ құрылыс қоспаларын, майда байытылған толтырғыштарды және гипсті өндіруге арналған зауыттардың кешені «AlinaTarazPro» ЖШС, отқа төзімді материалдарды өндіру «Seven Refractories Asia» ЖШС, ұсақ түйіршікті толтырғыштарды шығаратын зауыт «Каратау ПРО» ЖШС, цемент зауыты «ПО «Кокше цемент» ЖШС.

2018 жылы жалпы құны 177,7 млрд. теңгеге 5000 жұмыс орнын құра отырып, 58 инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

Қызылорда қаласында ағымдағы жылы 300 жұмыс орнының ашылумен табақ шыны шығаратын және өңдейтін алғашқы қазақстандық зауыт жобасын іске асыру жалғасуда. Аталған өндірісті іске қосу Қазақстандағы шыны қажетілігін толықтай жабуға және көршілес елдерге экспорттауға мүмкіндік береді.

Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібінің дамуы

2015 – 2017 жылдар аралығында жиһаздан басқа, ағаш және тығын жасалған бұйымдарды өндіру сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіру көлемі 15,5%-ға дейін өсті ( 2015 жылы – 21,3 млрд. теңгені, 2016 жылы – 28,4 млрд. теңгені, 2017 жылы – 24,6 млрд. теңгені құрады).

2015 – 2017 жылдар аралығында жиһаз өндірісінің көлемі 41,4%-ға төмендеді (2015 жылы – 26,8 млрд. теңгені; 2016 жылы – 26,1 млрд. теңгені, 2017 жылы – 37,9 млрд.теңгені құрады).
Химия өндірісін дамыту

Химия өнiмі өндірісінің көлемі 2015 жылы – 241,6 млрд. теңгені,


2016 жылы – 277,3 млрд. теңгені, 2017 жылы – 326,7 млрд. теңгені құрады.

Химия өнеркәсібіндегі өнімдерді экспорттау көлемі номинальды мәнде 2015 жылы 584,8 млн. АҚШ долларын, 2016 жылы 487,6 млн. АҚШ долларын, 2017 жылы 612,2 млн. АҚШ долларын құрады.

Агрохимия еңбек өнімділігінде: 2015 жылы – 64,1 мың. АҚШ. долл./адам, 2016 жылы – 48,3 мың АҚШ. долл /адам; өнеркәсіп үшін химикаттар өндірісі: 2015 жылы – 30,0 мың АҚШ долл./адам; 2016 жылы – 28,2 мың АҚШ долл./адам.

Отандық химиялық кәсіпорындары химия өнімдерінің жаңа түрлерін игерді, бұл – каустик содасы, цианды натрий, синтетикалық жуғыш заттар, жарылғыш заттар, лак пен бояулар, агрохимиялық құралдар және т.б.

Жамбыл, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында ірі және тауашалы жобалар іске асырылды.
Фармацевтика өндірісін дамыту

Фармацевтика өнімдерінің өндiрiс көлемі 2015 жылы 37,2 млрд. теңгені, 2016 жылы 42,4 млрд. теңгені, 2017 жылы 73,4 млрд. теңгені құрады.

2015 жылы фармацевтика өнім өндірісінің НКИ-і 101,3%, 2016 жылы - 102,5%-ды, 2017 жылы – 141,8% құрады.

Отандық фармацевтика өнеркәсібінде жаңа сұранысқа ие өнімдер пайда болды:

- дәрі-дәрмектер (онкологиялық, кардиологиялық, аллергияға қарсы, вирусқа қарсы, асқазан-ішек, туберкулезге қарсы, грибоктарға қарсы, бактерияларға қарсы);

- медициналық мақсаттағы бұйымдар (бір реттік медициналық киім, шприцтер, инфузиялық ерітінділер құюға арналған жүйелер, бір реттік қолғаптар, веноздық қанды жинау және сақтау үшін бір реттік стерильді вакуумдық түтіктер, гинекологияға арналған медициналық құрылғылар);



- медициналық техника (рентген жабдықтары, компьютерлік томография, медициналық жиһаз, офтальмологиялық линзалар).
Жеңіл өнеркәсіпті дамыту

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде кәсіпорындардың 90%-дан аса шағын және орта бизнес субъектілерінен құралған, бұл ретте 20%-дан астам сала кәсіпорындары ескі жабдықтармен жабдықталған, олардың жүктемесі


30 – 40 %-ды құрайды.

Жеңіл өнеркәсіптің технологиялық тұрғыдан аграрлық сектормен байланыстылығын ескере отырып, оның дамуы ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды бағыттарын қалпына келтіруге және дамытуға айтарлықтай ықпал етеді, оның арқасында елдің ішкі төлем қабілеттілігі сұранысы және ішкі нарықтың сыйымдылығы артады.

Осы мәселелерді шешуді мемлекеттің тікелей қатысуымен қазақстандық өндірушіні қорғау, контрафактілік және контрабандалық өнімге қарсы күрес, субсидияларды, лизингтік кестелерді, инвестициялық қорларды пайдалану, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бойынша шараларды іске асыру негізінде жүзеге асыру көзделеді.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша жеңіл өнеркәсіпте 1650 кәсіпорын тіркелген, олардан 989 белсенді жұмыс атқаруда, оның ішінде 949 шағын, 28 орта және 12 ірі кәсіпорын.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішінде 59%-ын киім шығаратын кәсіпорындар, 30%-ын тоқыма өнімдерін шығаратын кәсіпорындар, былғары және оған жататын өнімдерді шығаратын кәсіпорындар 11%-ды құрайды.

Жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2015 жылы 71592 млн. теңге, 2014 жылы 79438 млн. теңге, 2017 жылы 96720 млн. теңгені құрады.

Жеңіл өнеркәсіптің НКИ-і 2017 жылы 107,3%, 2016 жылы 101,6%, 2015 жылы – 103,6% құрады.

2015 – 2017 жылдары аралығында 9 млрд. теңгеге 14 өңірлік жоба іске асырылған.


Экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру

Экспорттық бақылаудың ұлттық жүйесі жаппай қырып-жоятын қаруды жасау, оны тасымалдау, қару-жарақ және әскери техниканы жасау, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолданылуы мүмкін өнімдердің экспорт, импорт және транзитті жүзеге асыру рұқсат ету тетігіне негізделген. Экспорттық бақылау жүйесіне тартылған мемлекеттік органдармен (ҰҚК, ҚМ, СІМ, ІІМ және т.б.) келісу бойынша лицензияны (рұқсатты) беру немесе беруден бас тарту жайлы шешім сыртқы экономикалық қызметпен байланысты кешенді бағалау негізінде қабылданады.

2015, 2016, 2017 жылдары тиісінше 7037 және 6682 және 7143 сәйкесінше рұқсатнамалық құжат берілген, (экспорт/импортқа лицензия, кепілдік міндеттеме (түлкілікті пайдаланушы сертификаты), транзитке рұқсатнама, ҚР аумағынан тыс өнімді қайта өңдеуге рұқсатнама, тауарлар, технологиялар, жұмыстар, қызметтер, ақпараттардың экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру).

Рәсімнің айқындығын, сондай-ақ рұқсат құжаттарды алуға қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету рәсімі толық автоматтандырылған, яғни оларды «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқор» ақпараттық жүйесі арқылы қағаз және электронды нысанда көрсету көзделген.



Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалау өндірістің көмір, тау-кен рудасы, металлургиялық, мұнай өндіруші мұнай шығаратын, газ өңдейтін, мұнай-химия, химия, геологиялық барлау салаларының қауіпті өндіріс объектілерінде, атом энергиясын пайдалану объектілерінде, қазан шұңқыр-газ шаруашылығының, қопарғыш жұмыстар, қауіпті өндіріс объектілерінде іске асырылады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 2015 жылы 264 тексеру, 2016 жылы – 5230, 2017 жылы – 6207 тексеру жүргізілді.

Қауіпті өндірістік объектілерінде 2015 жылы 33007 бұзушылықтар анықталды, 2016 жылы – 58982, 2017 жылы – 64281, 2015 жылы 228, 2016 жылы – 2430, 2017 жылы – 2265 айыпұл салынды, 2015 жылы 1585 адамдардың өміріне және денсаулығына қауып-қатер келтіру мүмкін объектілердің пайдалануын тоқтатты, 2016 жылы – 854, 2017 жылы – 996.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі қабылданған кешенді шаралар өндірістік жарақатты азайтуға мүмкіндік берді. Осылайша, 2015 жылы қауіпті өндірістік объектілерінде 8 адам қайтыс болды, 2016 жылы – 17, 2017 жылы – 6. 2015 жылы ауыр жарақат алғандар – 3 адам, 2016 жылы – 10, 2017 жылы – 3 адам.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 8 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, аккредиттелген ұйымдар өкілдерінің және өзге де кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінің қатысуымен 5 жұмыс тобы құрылды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының Тұжырымдамасы әзірленді және ҚР Әділет министрлігіне енгізілді.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша мемлекеттік инспекторлардың кадрлық біліктілігін арттыру тұрақты негізде жүргізіледі.
Жергілікті қамтуды дамыту үшін жағдай жасау

2017 жылдың қорытындылары бойынша 2016 жылдың қорытындыларымен салыстырғанда тауарларды, жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді жалпы сатып алу 3981,4 млрд. теңгеге жоғарылады (11 073,5 млрд. теңгеден 15 054,4 млрд. теңгеге дейін), жергілікті қамтудың үлесі 1,6%-ға кеміді.

Сонымен бірге, интеграция жағдайында жергілікті қамтуды мониторингілеуге тыйым салынбаған.
Экономика салаларының энергия тиімділігін арттыру

Еліміздің ірі энергия тұтынушыларының мемлекеттік энергетикалық тізілімін құру «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі нормасы болып табылады. Тізілімнің негізін еліміздің 70%-дан астам электр энергиясын тұтынатын өнеркәсіп секторы құрайды (мысалы, тұрғындар – 15%, көлік секторы – 5%). Өнеркәсіп секорынының 50 ірі кәсіпорны еліміздің жалпы энергия тұтынуынан 36,7% тұтынады (14 842 731 963,1 кВт*сағ ээ. сомасы мөлшерінде 18,6% елдің тұтынуын «ERG» Корпорациясы, «Қазақмыс» ЖШС, «Қазцинк» АҚ және «АрселорМиттал» АҚ құрады).

Мемлекеттік энергетикалық тізілімді (бұдан әрі – МЭТ) қалыптастыру және жүргізу бойынша 2017 жыл ішінде МЭТ субъектілерінің жалпы саны
6 364 субъектіні құрады (2016 жылы – 6 066).

Заңнамаға сәйкес 2 мың астам заңды тұлға энергетикалық аудит жүргізіп қорытындылары бойынша бес жылдық энергия үнемдеу жоспарын әзірлеуі және іске асыруы тиіс. Мемлекеттік энергетикалық тізілім (МЭТ) субъектілерінің іске асырылған энергия үнемдеу жоспарларының саны 2016 жылы – 335 бірлік, 2015 жылы – 170 бірлік, 2014 жылы – 20 бірлікті құрады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіптің энергия сыйымдылығы көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда 4%-ға төмендеп, 2000 жылдың бағасына 1,18 тнэ/мың АҚШ долл. немесе 96% құрады.

2016 жылдың қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіптің энергия сыйымдылығы көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда 87,5% құрады (2000 жылдың бағасына 1,47 тнэ/мың АҚШ долл.)

Энергия үнемдеу саясатын және энергия тиімділігін арттырудың дамыту келесі кезеңі «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» халықаралық танылған энергосервистік шарттар арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторлар тарту жөніндегі 59-қадамын іске асыру болып табылады. Қадам шеңберінде меншікті шығындарын өтей отырып, энергия үнемдеу саласында кешенді қызмет көрсету үшін жеке меншік энергия сервистік компанияларды дамытуды ынталандыру және іс жүзінде энергетикалық шығындарды үнемдеуден қаржылай пайда табу бойынша міндет қойылды.

Энергия үнемдеу саласы дамытудың басым бағытына өнеркәсіптік секторда энергия тиімділігінің арттыру, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік секторы, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру саласына инвестицияларды тарту және энергия тиімділігі бойынша қаржыландырудың тиімді шараларын әзірлеу жатады.

Сондай-ақ, энергия үнемдеу әлеуеті энергетика секторында орналасқан. Энергетика бастапқы энергия ресустарының негізгі тұтынушысы болып табылады.

Көліктің тез даму қарқыны мотор майы және электр энергиясына деген қажеттілікті ұлғайтады. Осыған байланысты, көлік секторында жүргізілетін энергия үнемдеу саясаты ең төмен энергетияның жұмсалуы кезінде жүк және жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету мақсатында көліктік құралдарын жетілдіру құрылымын жетілдіру аса маңызды болып саналады.



Қазақстан Республикасының Индустрияландыру картасы

Индустрияландыру картасы шеңберінде 2015 – 2017 жылдар ішінде


3,1 трлн. теңге сомасына 378 жоба енгізіліп, 31 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.

Оның ішінде 2017 жыл 1,5 млрд. теңге сомасына 120 жоба енгізіліп,


10 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.

2014 – 2016 жылдар ішінде енгізілген жобалармен 5 трлн. теңге сомасына өнім өндірілді. Орташа алғанда енгізілген жобалармен ай сайын 140 млрд. теңгеден астам сомаға өнім өндіріледі.

ЖІӨ өсіміндегі Карта жобаларының салымы 2015 жыл ішінде 1,2 %-дан
0,39 пайыздық пунктін құрады (2014 жылы – 4,1 %-дан 0,79 п.п., 2013 жылы -
6 %-дан 0,8 п.п.).
Инвестициялық ахуалды жақсарту, оның ішінде экономиканың шикізат емес секторына трансұлттық компанияларын тарту

Индустриялық дамуды инвестициялық қолдау еліміздің индустриялық-инновациялық дамуына маңызды әсер етеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2015 – 2017 жылдарға арналған деректер бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың (бұдан әрі - ТШИ) жалпы кірісі 56,9 млрд. АҚШ долларын құрады (оның ішінде 2015 жылы - 15,2 млрд. АҚШ доллары, 2016 жылы - 20,9 млрд АҚШ доллары және 2017 жылы – 20,8 млрд. АҚШ доллары).

Осылайша, 2017 жылы ТШИ-нің жалпы ағыны (20,8 млрд доллар) 2015 жылмен салыстырғанда (15,2 млрд. Доллар) 36,9% -ға артты.

2015-2017 жылдар бойынша салалық тұрғыда ең үлкен үлесі кен өндіру өнеркәсібінде - 36,4% (2015 жылы - 3,5 млрд. АҚШ доллар, 2016 жылы - 7,2 млрд. АҚШ доллар, 2017 жылы - 10,0 млрд. АҚШ доллар), өңдеу өнеркәсібі - 20,8% (2015 жылы - 2,6 млрд. АҚШ доллар, 2016 жылы - 4,1 млрд АҚШ доллар, 2017 жылы - 5,2% млрд. АҚШ доллар), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 18,7% (2015 жылы - 5,6 млрд. АҚШ доллар, 2016 жылы - 4,8 млрд. - 0,2 млрд. АҚШ доллары), көтерме және бөлшек саудада - 12,2% (2015 жылы - 1,5 млрд. АҚШ доллар, 2016 жылы - 2,3 млрд. АҚШ доллар және 2017 жылы - 3,1 млрд. АҚШ доллар).

Индустрияландыру бағдарламасының арқасында 2017 жылдағы ТШИ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2015 жылмен салыстырғанда 1,5 есе артты (2015 жылы - 17%, 2016 жылы - 19,5%, ал 2017 жылы - 25%).

2015 – 2017 жылдарға арналған елдер кесіндісінде ТШИ-дің ең үлкен ағыны мынадай елдерде: Нидерланды - 34,5% немесе 19,6 млрд. доллар
(2015 жылы - 5,7 млрд. доллар, 2016 жылы - 7,9 млрд. доллар 2017 – 6 млрд. доллар), АҚШ - 17,4% немесе 9,9 млрд. доллар (2015 жылы - 2,8 млрд доллар, 2016 жылы - 3,4 млрд доллар, 2017 - 3,7 млрд. доллар), Швейцария - 13,2% немесе 7,5 млрд доллар (2015 жылы - 1,9 млрд. доллар, 2016 жылы - 2,7 млрд. доллар, 2017 жылы - 2,9 млрд. доллар), Франция - 5,1% немесе 2,9 млрд. доллар құрайды (2015 жылы - 1 млрд. доллар, 2016 жылы – 1,1 млрд. доллар, 2017 жылы - 0,8 млрд. доллар), Қытай - 4,9 % немесе 2,8 млрд. доллар (2015 жылы - 0,8 млрд. доллар, 2016 жылы - 0,96 млрд. доллар, 2017 жылы - 1 млрд. доллар).
Анықтама үшін:

2017 жылы ТШИ-нің жалпы ағыны 20,8 млрд. долларды құрады, бұл 2016 жылдың кезеңінен 0,9%-ға төмен (20,9 млрд. АҚШ доллары).

ТШИ-нің жалпы ағыны өнеркәсіп салалары бойынша ең жоғары үлес: тау-кен өндіру өнеркәсібі - 48,4% (10,0 млрд. доллар), өңдеу өнеркәсібі - 25% (5,2 млрд.доллар) (оның ішінде, металлургия - 21,8% (4,5 млрд. доллар)), сауда - 15,1% (3,1 млрд. доллар), көлік - 3,5% (0,7 млрд. қаржы және сақтандыру қызметі - 2% (0,4 млрд. доллар).

ТШИ-ның жалпы ағынында ең жоғары өсуі көлік саласы - 42,8%, кен өндіру өнеркәсібі - 40,1%, сауда - 36,6%, өңдеу өнеркәсібі - 27,2%, қаржы және сақтандыру қызметі - 8,7%.

Бұл ретте, ТШИ-ның жалпы ағынының төмендеуі байқалады: кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 94,9% немесе 4,5 млрд. доллар (оның ішінде геологиялық барлау жұмыстарында 95,9%); білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге - 91,0% -ға төмендегені байқалады; электрмен жабдықтау - 77,5% -ға, құрылыс - 75,1% -ға, ақпарат пен байланысқа - 63,0%-ға, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығына ТШИ экономикаға - 47,8%.

Елдер кесіндісінде ТШИ-дің ең үлкен үлесі мынадай елдерде: Нидерланды - 28,9% (6,0 млрд. доллар), Америка Құрама Штаттары - 17,9% (3,7 млрд. доллар), Швейцария - 14,1% (2,9 млрд. доллар), Ресей - 5,9% (1,2 млрд доллар), Бельгия - 5,1% (1,0 млрд. доллары), Қытай - 4,8% (1 млрд. долл.), Франция - 3,9% (0,8 млрд доллар), Ұлыбритания - 2,9% (0,6 млрд. доллар), Корея - 2,4% (0,5 млрд.доллар), Бермуд аралдары -2,2% (0,4 млрд. доллар), Жапония - 1,7% (0,4 млрд.доллар).
Жаңа экономикалық шынайлылық – дамушы елдерден капиталдың кетуі және негізгі экспорттық шикізаттық ұстанымдарға бағаның төмендеуі кезінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдында экономиканың шикізаттық емес секторында өнеркәсіпті дамыту үшін инвестициялардың жаңа көздерін іздеу мақсаты тұр.

Инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында инвесторларды қолдау бойынша айтарлықтай шаралар қолданылады, оның ішінде:

- қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және тиімділікті арттыруға бағытталған инвестицияларды тартуға бағдарланған Ұлттық инвестициялық стратегиясы іске асырылуда.

- инвестициялық преференцияларды, заңнаманың тұрақтылығын көздейтін ынталандыру пакеті енгізілді;

- визалық және көші-қон режимін жақсартуға, шетелдік жұмыс күшін әкелуге, салық және кеден заңнамасын және т.б. жақсартуға бағытталған инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі егжей-тегжейлі жоспар қабылданды;

- 2016 жылдан бастап ИДМ инвесторларға арналған, олар инвестициялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік қызметтер алу мүмкіндігіне ие болатын «бір терезе» болып табылады. Сонымен қатар, «бір терезе» Қазақстанның барлық облыс орталықтарында құрылды;

- инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін инвестициялық омбудсмен жұмыс істейді;

- трансұлттық компаниялары (бұдан әрі – ТҰК) қатысуымен ірі инвестициялық жобалар бойынша жұмысты үйлестіретін Үкімет кеңесі құрылды. Сонымен қатар, жергілікті деңгейде мәселелерді шешу үшін әкімдердің жетекшілігімен барлық өңірлерде инвестицияларды тарту бойынша кеңестер құрылды.

Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары және «Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша Ұлт жоспары - 100 қадам» шеңберінде одан әрі инвестициялық ахуалды жақсарту және ТҰК тартуға ерекше назар аударылатын болады.
Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту

Арнайы экономикалық аймақтар (бұдан әрі - АЭА) экономикалық өсу нүктесі болып табылады және өзінің орналасқан өңіріне де, сондай-ақ жалпы елдің экономикасына да оң әлеуметтік-экономикалық әсер береді.

Қазақстанда 11 АЭА құрылды. Бұл ретте, барлық АЭА инфрақұрылымын салуға бюджеттік шығындар 271 млрд. теңгені құрады.

Бүгінгі инфрақұрылымның құрылысы:

- АЭА-да толығымен аяқталды (ПИТ, Оңтүстік, Қорғас – Шығыс қақпасы, «Қорғас» ШЫХО);

- 4 АЭА салу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, 2020 жылға дейін аяқталуы күтілуде (ҰИМТ, Павлодар, Астана – жаңа қала, Тараз Химпарк);

- Инфрақұрылым 2025 жылы «Ақтау теңіз порты» мен «Астана Технополис» портында аяқталады;

- Сарыарқа АЭА-да инфрақұрылым ағымдағы жылы аяқталады.

АЭА барлығы 165 жоба іске қосылды, оны іске асыруға 713,8 млрд. теңге инвестиция тартылды (шетелдік қатысу үлесі 26,7%).

АЭА жобаларының нәтижесінде 13 мың жұмыс орны ашылды, 120 млрд. теңге бюджетке салық түрінде қайтарылды.

2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында инфрақұрылымды дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы әзірленді (бұдан әрі - Бағдарлама).

Бағдарлама шеңберінде басымды міндет «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА (бұдан әрі – «ҰИМТ» АЭА) және «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА инфрақұрылымының құрылысын аяқтау болып табылады.


Ұлттық инновациялық жүйенің дамуына жәрдемдесу

Мемлекет Қазақстан Республикасының стратегиялық маңызды бағыттарының дамуы ретінде тарапынан жүргізіліп жүйелі күштің нәтижесінде инновациялық даму анықталды.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың ішкі шығыны 2017 жылы 68 884,2 млн. теңгені құрады (2016 жылы – 66 600,1 млн. теңге, 2015 жылы – 69302,9 млн. теңге), оның ЖІӨ үлесі - 0,13%.

Өнім және процесс инновациясына арналған (технологиялық инновацияға шығындар) шығындар 2017 жылы 899 681,8 млн. теңгені құрады (2016 ж. – 1 528 645,9 млн. теңге, 2015 жылы – 655 361 млн. теңге).

2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда инновациялық өнімнің көлемі 398959,2 млн. теңгеге ұлғайып, 844 734,9 млн. теңгені құрады (2016 ж. – 445775,7 млн. теңге, в 2015 ж. – 377 196,7 млн. теңге).

Инновациялық өнімнің ЖІӨ-ге үлесі 2017 жылы 1,63% құрады, 2016 жылы – 0,95%, 2014 жылы – 0,92%.


Техникалық реттеу және метрология ұлттық жүйесінің халықаралық жүйемен сәйкестік деңгейін арттыру

Халықаралық талаптарға сәйкес техникалық реттеу және метрология жүйесін үйлестіру индустриялық-инновациялық даму үшін жағдай жасауды тудырады.

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін (бұдан әрі - ЕАЭО ТР) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің (бұдан әрі – ЕЭК) 2014 жылғы 1 қазандағы № 79 шешімімен бекітілген ЕАЭО ТР әзірлеу және Кеден одағының техникалық регламенттеріне (бұдан әрі – КО ТР) өзгерістер енгізу жоспарына (2016 жылғы 30 қарашадағы № 125 өзгерістерімен) сәйкес жүргізіледі, онда 23 ЕАЭО ТР және 31 КО ТР өзгерістер әзірлеу көзделген.

Қазіргі уақытта КО мен ЕАЭО 46 техникалық регламенті қабылданған, олардың ішінде 37-і күшіне енді, оларға қатысты жеңіл өнеркәсіп, авто және теміржол көлігі, тағам өнеркәсібі, төмен вольтты жабдық, балалар мен жасөспірімдерге арналған тауарлар, оның ішінде ойыншықтар, бензин, дизель және кеме отыны, реактивті қозғалтқыштарға арналған отын және отындық мазут, жарылғыш заттектер, шағын көлемді кемелер, лифтілер және т.б. сияқты тауарлардың бірыңғай нарығы жұмыс істейді.

2017 жылы 4 ЕАЭО ТР қабылданды («Химия өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Балалар ойын алаңдарына арналған жабдықтар қауіпсіздігі туралы», «Тасымалдау және (немесе) пайдалануға) дайындалған мұнай қауіпсіздігі туралы» және «Тасымалдау және (немесе) пайдалануға дайындалған табиғи жанғыш газдың қауіпсіздігі туралы») және 8 КО ТР өзгерістер қабылданды.

Ұлттық стандарттарды жетілдіру мақсатында Мемлекеттік стандарттау жоспары жыл сайын мемлекеттік бағдарламаларда бекітілген және ҚР Индустрияландыру картасына енгізілген экономика салаларының басым бағыттарына негізделеді.

Осылайша, 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Бірыңғай қорда 70 454 стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар (стандарттар, қағидалар, әдістемелер, нұсқаулықтар, ұсынымдар және т.б.) жинақталды, оның ішінде 25 364 мемлекетаралық, 7 796 ұлттық стандарт пен 2 146 ведомстволық нормативтік техникалық құжаттар (бұдан әрі – НТҚ) бар, 2016 жылдың осындай кезеңін салыстырғанда стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың саны 1000-ға артты.

Жыл сайын менеджмент жүйесін сертификаттаған және енгізген кәсіпорындардың, оның ішінде экспортқа бағытталған кәсіпорындардың саны ұлғаюда (ИСО халықаралық стандарттарының негізінде отандық 10 595 кәсіпорны халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкестікке менеджмент жүйелері енгізіліп сертификатталды, 2016 жылмен салыстырғанда менеджмент жүйелері енгізілген кәсіпорындар 921-ге, 2015 жылмен 1 913-ке артты).

Бүгінгі күні ұлттық метрологиялық деректер базасы отандық экономиканың мүддесін, оның ішінде өнеркәсіп, машина жасау, энергетика, ауыл шаруашылығы және медицина салаларында толықтай қанағаттандыратын 52 мемлекеттік және 49 еңбек стандарттарын қамтитын 101 мемлекеттік стандарттарды қамтиды.

Қазақстан өлшеу нәтижелерінің халықаралық өлшемдерге (массасы, қаттылығы, температурасы, уақыты, жиілігі, ұзындығы, рН өлшеулері) сәйкестігін дәлелдеу үшін Орталық Азия өңіріндегі елдердің ішінде Қазақстан алғашқылардың бірі болып табылады, бұл Қазақстанға өлшеу нәтижелерін тануға және олардың халықаралық деңгейде қадағалануын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Ұлттық аккредиттеу орталығы аккредиттеу жөніндегі (ILAC және IAF) халықаралық ынтымақтастықты тану бойынша көпжақты келісімдердің қол қоюшысы, сондай-ақ аккредиттеу жөніндегі Азиялық-Тынық мұхиттық ынтымақтастықтың (PAC) толық құқылы мүшесі болып табылады және ИСО/МЭК 17011 «Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды бағалауды және аккредиттеуді жүзеге асыратын органдар. Негізгі талаптары» халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келеді.

Сертификаттау жөніндегі органдарын және сынақ зертханаларын (орталықтарын) КО сертификаттау жөніндегі органдары және сынақ зертханаларының (орталықтарының) Бірыңғай тізіліміне (әрі қарай – Бірыңғай тізілім) енгізу тәртібі туралы ережеге сай бірыңғай құжат берумен сәйкестікті міндетті бағалауға (растауға) жататын өнімдердің бірыңғай тізбесін Комиссияның 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 620 шешімімен бекітілген жаңа редакциясына сәйкес көрсетілген тізілімде деректерді өзектендіру үшін Қазақстан Республикасының аккредиттелген СРО және СЗ (СО) тізімі қалыптастырылды.

2017 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша Бірыңғай тізілімінің өзектендірілген ұлттық бөлігіне 86 СРО және 303 СЗ енгізілді, 2016 жылымен салыстырғанда 5 СРО және 15 СЗ-ға артық.

Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерттелуін арттыру

2016 – 2017 жылдары алаңдардың геологиялық құрылысын зертделеуге және пайдалы қазба кен орындарын болжауға бағытталған және жерасты суларын іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу негіздемесі үшін ауданды геологиялық жете зерттеулер (АГЖ-200), кенді аудандарды геологиялық минерагенді карталау (ГМК-200), 1:200 000 масштабта тереңдікті геологиялық карталау (ТГК-200), инженерлік-геологиялық зерттеулер, гидрогеологиялық жете зерттеулерді қамтитын, іздеу, қатты пайдалы қазбаларға барлау-бағалау жұмыстары өңірліқ геологиялық зерттеулері жоспарлы түрде жүргізілді.

2016 жылы АГЖ-200 бойынша 6 объектіде жұмыс аяқталды, нәтижесінде мынадай болжамдық ресурстар бағаланды: алтын – 1,8 тонна, мыс – 23,3 млн. тонна, полиметалдар – 0,9 млн.тонна, қалайы – 98,5 мың тонна, вольфрам – 457,8 мың тонна, никель – 1,2 млн. тонна, темір кендері – 4,6 млрд. тонна және т.б.

2017 жылы АГЖ-200 бойынша 1 объектіде жұмыс аяқталды, нәтижесінде келесі болжамдық ресурстар бағаланды: алтын – 21,7 тонна, мыс – 3,8 млн.тонна, полиметалдар – 3,1 млн. тонна, және т.б.

2016 жылы ГМК-200 бойынша 1 объектіде жұмыс аяқталды, нәтижесінде мынадай болжамдық ресурстар бағаланды: алтын – 3,5 тонна, мыс – 5,4 млн. тонна, полиметалдар – 0,9 млн. тонна.

2017 жылы ГМК-200 бойынша 1 объектіде жұмыс аяқталды, нәтижесінде мынадай болжамдық ресурстар бағаланды: алтын – 273,0 тонна, мыс – 2,7 млн.тонна, полиметалдар – 17,5 млн. тонна.

2016 жылы ГГК-200 бойынша 2 объектіде жұмыс аяқталды, нәтижесінде мынадай болжамдық ресурстар бағаланды: вольфрам – 1,8 млн. тонна.

2017 жылы ГГК-200 бойынша 1 объектіде жұмыс аяқталды, нәтижесінде келесі болжамдық ресурстар бағаланды: алтын – 247,0 тонна, мыс – 0,2 млн.тонна, полиметалдар – 1,6 млн. тонна.

Алдыңғы үш жылмен салыстырғанда, жұмыс көлемі және нысаналы индикаторға қол жеткізу жөніндегі жұмыс нәтижесі 2016-2017 жылдарда АГЖ-200, ГМК-200 және ТГК-200 бойынша алдыңғы деңгейде қалады.

2012 – 2016 жылдар аралығында 1:200 000 масштабты инженерлік-геологиялық зерттеулермен гидрогеологиялық жете зерттеуде: Орталық, Солтүстік және Оңтүстік, Шығыс және Батыс Қазақстанның шекаралық аймақтарында, жерасты тұщы су тапшы аудандар мен қарқынды техногенді жүктерді сезінетін аймақтарда ауданы 50,9 мың шаршы км. болатын ауданда 10 нысанда жұмыс аяқталды.

Минералды-шикізат базасын, жер қойнауын тиімді және кешенді пайдалану мақсатында 2017 жылы қатты пайдалы қазбаларды іздеу, іздеу-бағалау және жерасты суларына іздеу-барлау жұмыстары жүргізілді. Іздеу жұмыстары 2017 жылы 17 объектіде аяқталды. Жұмыстар нәтижесінде болжамдық қорлар бағаланды: алтын – 986,1 тонна, мыс – 21,5 млн. тонна, молибден – 0,3 млн.тонна.

2016 жылы 6 жаңа нысанда іздеу жұмыс аяқталды, нәтижесінде мынадай болжамдық ресурстар бағаланды: алтын – 46,1 млн. тонна, мыс –


11,4 млн. тонна, полиметалдар – 0,4 млн. тенге.

2016 жылы 6 жаңа нысанда іздеу-бағалау жұмыстары аяқталды, нәтижесінде мынадай болжамдық ресурстар бағаланды: мыс – 0,9 млн. тонна, полиметалдар – 1,1 млн. тенге.

2017 жылы 3 учаскеде іздеу-бағалау жұмыстары аяқталды, нәтижесінде С2 категориясы бойынша қорлар есептелді: алтын – 0,7 тонна, болжамдық ресурстар бағаланды, барлығы: алтын – 7,0 тонна, мыс – 0,6 млн. тонна, полиметалдар – 8,6 мың тонна.

Алдыңғы үш жылмен салыстырғанда, жұмыстар көлемі және арнаулы индикаторлар 2016 – 2017 жылдар іздеу және іздеу-бағалау жұмыстары бойынша жұмыстар нәтижесі алдыңғы деңгейде қалады.

2016 жылы пайдалы қатты қазбалардың негізгі түрлерінің болжамды ресурстары бағалау жүргізілді: алтын – 1,9 мың тонна, мыс – 41 млн. тонна, полиметалдар - 3,4 млн. тонна.

2017 жылы пайдалы қатты қазбалардың негізгі түрлерінің болжамды ресурстарын бағалау жүргізілді: алтын – 1,5 мың тонна, мыс – 28,2 млн.тонна, полиметалдар - 22,6 млн.тонна.

Жерасты суларының мемлекеттік желісінің 4345 пунктінде, жер сілкінудің гидродинамикалық нышанын зерделеу жөніндегі 11 постыда, жерасты суларының техногенді ластанған 5 полигонында және 2 полигонда жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестеріне мониторинг жүргізілуде.

2014 жылы жер қойнауын пайдаланушылар есебінен қорларды ұлғайту бойынша жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу нәтижесінде төмендегі пайдалы қазба қорларының өсімі анықталды: алтын (103,2 тонна), уран (109,2 мың тонна), молибден (37,9 мың тонна), мыс (3 469,7 мың тонна), қорғасын (4,75 мың тонна), мырыш (29,22 мың тонна), күміс (1 239,8 мың тонна), күкірт (9,9 мың тонна), марганцті рудалар (147,3 мың тонна), кадмий (157,4 тонна), калий тұздары (330 118,0 мың тонна), мұнай (117 987 мың тонна), газ (126 293 млн. м3), конденсат (86 705 мың тонна), техникалық сулар (49 613 мың м3/тәу.).

2015 жылы жер қойнауын пайдаланушылар есебінен қорларды ұлғайту бойынша жер қойлауына мемлекеттік сараптама жүргізу нәтижесінде төмендегі пайдалы қазбалар қорларының өсімі анықталды: алтын
(60 760,07 тонна), күміс (7 855,49 мың тонна), мыс (3 005,17 мың тонна), темір кендері - (1 038 853,7 мың тонна), молибден (33 540,5 мың тонна), никель – (6,4 мың тонна), уран (3 267,59 мың тонна), мұнай (83 383,3 мың тонна), газ (18 807,2 млн. м3), конденсат (3 693,0 мың тонна), техникалық сулар
(123,582 мың м3/тәу.).

Қазақстан Республикасының минералды-шикізат қорының ағымдағы жай-күйі және елдің геологиялық қызметінің дамуы туралы мемлекеттік органдарды анықтамалық-талдамалық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының минералды-шикізат базасына 2014 жылы мониторинг жүргізу бойынша елдің анықтамалық-талдамалық жүйе 2009 –2014 жылдар аралығында қатты пайдалы бойынша қазба, мұнай, конденсат, газ және жерасты суларының 35 түрі бойынша жаңа мәліметтермен толықтырылды, Қазақстан Республикасының аумағында көмірсутек шикізаты, қатты және кең таралған пайдалы қазбалар бойынша мониторингтік карталар жаңартылды және қолданысқа шығарылды, республикадағы минералды шикізат ресурстарын пайдаланылуы мен жағдайы туралы анықтамалық жасалды. «Геология және жер қойнауын қорғау» журналының төрт номері баспаға шығарылды.

Қазақстан Рсепубликасының минералды-шикізат базасын мониторингілеу бойынша 2015 жылы мындай жұмыстар жалғастырылды: Көкшетау орта массиві мен оның жиегінің ірі алтын-уранды, сирек металды және алмазды аймағының перспективасын бағалау бойынша; Қазақстандағы геологиялық барлау жұмыстарын негіздеу, технологиялық қамтамасыз ету және нәтижелілігі бойынша материалдарды жинақтау және талдау (оның ішінде - шетелдік) бойынша; пайдалы қазбалардың 8 түрі бойынша кен орындары мен кеніштердің анықтамалығын дайындау бойынша.

3 нысан бойынша: көмірсутек шикізаты, қатты және кең таралған пайдалы қазбалардың лицензиялық және тендерлік нысандары бойынша жаңартулар және мониторингті карталарды дайындау бойынша; қатты және кең таралған пайдалы қазбалар, мұнай конденсаты, газ және жерасты суларының 35 түрі бойынша Қазақстан Республикасының минералды-шикізат базасының анықтамалық-талдамалық жүйесін (ААЖ) жаңа деректермен толықтыру бойынша жұмыстар аяқталды. Есептер «Қазгеоақпарат» РГАО геологиялық қорына берілді.

2016 жылы жер қойнауын мемлекеттік сараптау нәтижесінде мынадай пайдалы қазбалар қорларының өсімі алынды: алтын (26176,98 кг), мыс (1581,8 мың тонна), қорғасын (36,4 мың тонна), күміс (13718,8 тонна), титаномагнетитті кен (226100,0 мың тонна), көмір қыртысындағы метан (1722,7 млн. м3), мұнай (48861,1 мың тонна), конденсат (400,3 мың тонна), термальды жер асты сулары (13,5 мың м3/тәул.).

2016 жылы Қазақстан Республикасының минералды-шикізат базасын мониторингілеу бойынша: Көкшетау орта массиві және оның жиегінің перспективасын бағалау бойынша ірі алтын-уранды, сирек металды және алмазды аймақ; Қазақстандағы геологиялық барлау жұмыстарын негіздеу, технологиялық қамтамасыз ету және нәтижелілігі бойынша материалдарды жинақтау және талдау (соның ішінде - шетелдік) бойынша; пайдалы қазбалар түрлері бойынша кен орындары мен кеніштердің анықтамалықтарын (24) дайындау бойынша жұмыстар аяқталды. Есептер «Қазгеоақпарат» РГАО геологиялық қорына берілді.


Жер қойнауын пайдалану.

Пайдалы қазбалардың қорлары бойынша Қазақстан әлемде мынадай орында, бірінші - хромиттер (38%) екінші – уран (19%), үшінші – марганец (30%), үшінші – қорғасын (10,1%), төртінші – мырыш (9,5%), алтыншы – темір (6%), жетінші – көмір (4%), сегізінші – мыс (5,5%), он екінші орын - мұнай (1,8%), он төртінші орын – бокситтер, он төртінші орын – алтын, жиырма бірінші – газ кемінде - 1%.

Қатты пайдалы қазбалар (көмір және уран есепке алмағанда) бойынша жер қойнауын пайдалану объектілерінің жалпы саны:

2015 жылы (ҚПҚ) - 478 (барлау-173, өндіру-190, барлау/өндіру-115), жерасты сулары (ЖС)-180 – (барлау-2, өндіру-167, барлау/өндіру-11).

2016 жылы (ҚПҚ) -538 (барлау-238, өндіру-187, барлау/өндіру-113), жерасты сулары (ЖС) -1180 – (барлау-2, өндіру-167, барлау/өндіру-11).

2017 жылы (ҚПҚ) -454(барлау-243, өндіру-107, барлау/өндіру-104), жерасты сулары (ЖС) -159 – (барлау-1, өндіру-117, барлау/өндіру-41).

Жер қойнауын пайдаланудың минералдық шикізат кешеніне 2005 – 2017 жылдар аралығында салынған инвестициялар 8 841,2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде: 2015 жылы - 1 269,7 млрд. теңге, 2016 жылы – 1 517,5 млрд. теңге, 2017 жылы – 1 260,1 млрд. теңге.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет