Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің



жүктеу 1.74 Mb.
бет2/7
Дата29.08.2018
өлшемі1.74 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

1.2) Негізгі проблемаларды талдау

Тау-кен металлургия кешенінің саласында (бұдан әрі - ТМК) саланың дамуын тежейтін, минералдық-шикізат базасының таусылуы, ТМК өнімін тасымалдауға арналған магистральды теміржол желісінің реттелетін қызметіне теміржол тарифтерінің жоғары болуы, тұтынушылар сұранысының төмендеуі, дайын өнімге тапсырыстың жоқтығы, машиналарды, жабдықтарды, тетіктерді импорттаудың жоғары көлемділігі сияқты бірқатар проблемалық мәселелер бар, бұл металл мен метал өнімінің негізгі тұтынушысы машина жасау, құрылғылар жасау және құрылыс индустриясы саласының дамуын тежейді, сонымен қатар білікті кадрлардың, бірінші кезекте орта техникалық буындағы мамандықтар тапшылығына әкеледі.
Отандық машина жасау саласының дамуы мынадай жүйелік сипаттағы бірқатар проблемалармен байланысты:

- қазақстандық кәсіпорындардың төменгі технологиялық және инновациялық әлеуетіне байланысты өнімнің бағасы және сапасы жағынан бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;

- жабдықтаушылардың және өзіндік құрамдық базаның экожүйемен дамымағанына байланысты өндірілетін өнімнің қосылған құнының және оқшаулаудың төмен деңгейі;

- техникалық реттеу жүйесі жеткілікті дамымаған;

- қазіргі бар кәсіпорындардың өсімі және жаңа кәсіпорындарды құру үшін білікті кадрлардың тапшылығы.
Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының саласындағы негізгі проблемалар:

- құрылыс материалдары өндірісінің маусымдығы күз-қыз мезгілдерінде кәсіпорындардың жүктемесіне кері әсерін тигізеді, сұраныстың төмендеуі, нәтижесінде саланың жалпы дамуына кері әсері;

- технологиялық жабдықтардың тозуы, нәтижесінде өндірістерді жаңғырту және технологиялық қайта жарақтандыру қажеттілігі.
Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібінің дамуында мынадай проблемалар бар:

- саладағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың технологиялық жабдықтарының тозуы, өндірістерді жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру қажеттілігі;

- төмен инвестициялық белсенділік;

- ағаш өңдеу технологиясы саласында білікті мамандардың жетіспеушілігі;

- отандық өнімінің таяу және алыс шет елдерден келетін ұқсас тауарлардың бағасы бойынша бәсекелестікке жарамсыздығы.
Химиялық салада бірқатар жүйелі проблемалар бар:

- электрэнергияға тарифтердің жыл сайын өсуі;

- тауарлық өнімдерді тиеу үшін теміржол вагондарының тапшылығы (жабық және ашық вагондар);

- «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ қызмет тарифтерінің тұрақты өсуі (бұдан әрі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ);

- Қытай және ЕО-ның отандық фосфор өнім экспортының кедендік бажы;

- өнімдерді ішкі нарыққа сату.


Фармацевтика өнеркәсібі саласындағы проблемалар:

- дәрі-дәрмектерді сараптау ұлттық орталығында медициналық мақсаттағы бұйымдарының, медициналық техниканың және дәрі-дәрмектердің ұзақ мерзімдері және тіркеу рәсімі;

- жоғарғы білікті кадрлардың жоқтығы;

- ұзақ мерзімді шарттар шегінде жеткізілген өнім үшін төлем ақы 90 банктік күндер арқылы жүзеге асырылады;

- отандық өндірушілер амбулаторлық сатып алулар бойынша конкурсқа қатысу мүмкіндігі жоқ;

- GMP халықаралық стандарт талаптарына кәсіпорындардың сәйкес келмеуіне байланысты экспорт әлеуетінің төмендігі.


Жеңіл өнеркәсіпте бірқатар жүйелі проблемалар бар:

- негiзгi қорлардың едәуiр тозуы және өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң төмен деңгейi;

- отандық салалық өнімдерді тұтыну үлесінің төмендігі;

- еңбек жағдайларының қолайсыздығына байланысты білікті кадрлық ресурстардың жетіспеушілігі;

- жүн және былғары шикізат сапасының төмендігі;

- салаға капитал салынымдарының жоқтығы;

- қосылған құны төмен тауарлар экспортының жоғары үлесі;

- отандық брэндтердің іс-жүзінде жоқтығы.


Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында бірқатар проблемалар бар:

- дайындау мен тазалауға арналған забойларды тұрақты желдету, көмір мен жабдықтарды тасымалдаудың технологиялық қауіпсіздік схемасының желдету тұрғысынан алдын ала қаттарды газдандандыру тиімділігі бөлігінде төменгі қабатта жатқан көмір қорын аршу үшін жаңа белдеулер, күрделі қазбалалар мен желдету арналары құрылысының төмен қарқыны;

- тау-кен қазбаларының жай-күйін қауіпсіз жағдайға келтіру жөніндегі жұмыстары жеткіліксіздігі;

- мұнай және газ ұңғымаларында оларды жалпы қорынан саны ұлғайтын тізбекаралық қысымның (ТАҚ) болуы;

- технологиялық жабдықтар тозуының жоғары деңгейі (50-ден - 70%-ға дейін);

- құрылыс құрылымдар элементтері, құрылыстар мен ғимараттар ескірген және өз қабілетін жоғалтады;

- жылу энергиясының тапшылығы.
«Жергілікті қамту» саласында бірнеше проблемалық мәселелер бар:


  • интеграциялық процестерге байланысты мемлекеттік қолдау шараларының сандық деңгейінің төмендеуі (Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуы);

  • жергілікті кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігінің төмен деңгейі қосылған құны тізбегінде соңғы кезеңдердің жоқтығы;

  • танылатын брэндтің жоқтығы және импортталатын өнімге қатысты жаңарту мен түрлендіру мүмкіндіктерінің төмендігі;

  • талап етілген өнімге ұзақ мерзімді тапсырыстарды жасау орнықты тәжірибенің жоқтығы;

  • жергілікті қамту идеологиясын дамытуында бірыңғай стратегиясының жоқтығы;

  • жаһандық қосылған құнының тізбегін құру үшін ұлттық деңгейде өнеркәсіп кооперацияның жоқтығы.

Сонымен қатар энергия үнемдеу саласында бірқатар проблемалар бар:

- энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында білікті мамандардың жоқтығы;

- экономиканың барлық салаларында энергия үнемдеу насихаты мен таратылуының жеткіліксіз деңгейі;

- энергия үнемдеу және энергия тиімділігін ұлғайту мәселелерінде жеткіліксіз хабардарлықтан халықпен электр және жылу энергиясын тиімсіз және ұтымды емес пайдалану.
Қазақстан Республикасының Индустрияландыру картасы

Жобалар бастамашыларының тиімсіз жоспарлауы, сондай-ақ әлемдік нарық жағдайының нашарлауы салдарларынан Индустрияландыру картасы жобаларының уақтылы іске қосылмауы және жобалық қуатқа қол жеткізбеуі мүмкін.

Индустриялиандыру картасы жобаларының ағымдағы мәртебесі бойынша тұрақты мониторинг жүргізілетін болады.
Инвестициялық салада бірқатар проблемалар бар, олардың ішінде:

1) шикізат секторында инвестициялар үлесінің басымдылығы:


2017 жылы кен өндіру өнеркәсібінде инвестициялар үлесі 48,4% құрады және өңдеуші өнеркәсіпте – 25% (негізі мұнай және газ саласында инвестициялар АҚШ және Нидерландыға тиесілі);

2) инвесторларға қолдау және қызметтер көрсету жүйесінің, сондай-ақ шетелде инвестицияларды тарту саласында халықаралық өкілдіктер желісінің дамымауы;

3) Қытай және Ресеймен салыстырғанда нарық сыйымдылығының аз болуы;

4) мұнай және металл бағаларының әлемдік конъюнктурадан тәуелді болуы.

Осы проблемаларды шешу жолдары:


  • инвестициялық ахуалды ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес жақсарту;

  • қабылданған Қазақстанның инвестициялық стратегиясы;

  • ТҰК тарту бойынша тауашалы жобаларды қалыптастыру;

  • Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпараттық-презентациялық жұмысты ілгерілету бойынша жұмысты белсендіру;

  • инвесторларға мемлекеттік қолдау шараларын «бір терезе» қағидаты шеңберінде көрсету;

  • инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша инвестициялық омбудсменнің тиімді жұмысы.


Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту

Қол жеткізілген белгілі бір нәтижелерге қарамастан, мынадай проблемаларды жоюға қатысты арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет:



  • АЭА әркелкі институционалдық дамуы;

  • АЭА жұмыс істеуі, сондай-ақ АЭА аумағында жеңілдетілген салық салу бөлігінде, АЭА қызметін реттейтін заңнамада олқылықтар мен коллизиялардың болуы.

Дамыған көлік және инженерлік инфрақұрылымдар болмаса АЭА экономикалық өсу нүктесі ретінде дамуы мүмкін емес. АЭА аумағына әлеуетті инвесторларды тартуда негізгі кедергі инфрақұрылымның болмауы немесе оның жетіспеу болып табылады.

АЭА дамыту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықаралық деңгейдегі сарапшы – мемлекеттің қатысуымен «JURONG» сингапурлық компаниясы тартылды. Аталған ұйым барлық АЭА қызметіне, қаржыландыру құрылымына, жоспарлауға, сонымен қатар АЭА-ның қолданыстағы заңнамасына талдау жүргізді. Барлық АЭА-да басқару және инвесторлармен жұмыс істеудің халықаралық стандарттарын енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні бұл жұмыспен Бірыңғай үйлестіру орталығы (БҮО) айналысады.


Ұлттық инновациялық жүйенің дамуына жәрдемдесу

Тікелей шетелдік инвестициялар (бұдан әрі – ТШИ) ағынын артуы және өндірістің тез дамуы, елдің табиғи ресурстарын тиімді қолдануға ықпал еткен озық индустриялық саясат нәтижесінің негізінде Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері күрделі экономикалық өсімге өзгерді. Сонымен қатар, мынадай:

- инновацияны құраушылардың және инновацияны өнеркәсіпте, университеттерде және мемлекеттік секторда қалай дамыту туралы толық түсініктің болмауы;

- отандық білім жүйесінің қарқынды индустрияландырудың талаптарына және экономиканың жоғары технологиялық секторларын дамыту бойынша міндеттерді орындауға дайын еместігі;

- инновация жолындағы әкімшілік кедергілер;

- инновацияға сұранысты қамтамасыз етудің тиімді тетігінің болмауы;

- жеке сектордың инновацияда болмашы қатысуы, сондай-ақ инновациялық шағын компанияларды қаржыландыру үшін венчурлік капитал нарығының дамымағандығы сияқты проблемалар бар.

Осының барлығы жиынтықта инновацияның экономиканың дамуындағы үлесін айтарлықтай шектейді.


Техникалық реттеу және метрология саласында оң өзгерістермен қатар Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорында (бұдан әрі – НТҚ) НТҚ Бірыңғай қорын қалыптастыру және жүргізу бойынша салалық ведомстволардың төмен қызығушылықтары орын алған.

Жыл сайын қор НТҚ-ның көп санымен толықтырылады, осыған байланысты қолданыстағы ақпараттық жүйелерді жаңарту және одан әрі дамыту арқылы құжаттардың өзін және қордың жұмыс жасауын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелердің ақпараттық қорғалуын қамтамасыз ету қажет.

Сонымен қатар, менеджмент жүйесін енгізуге кәсіпорындар қызығушылығының төмендігі, менеджмент жүйесінің жаңа бағыттары бойынша сарапшы-аудиторлардың жетіспеушілігі және тиімсіз қарау сияқты проблемалар бар.

Экономиканың, сонымен қатар ғылым мен техниканың дамуы өлшем құралдарының қолданылатын паркін үнемі жаңартуды қажет етеді. Бұл ретте жаңарту өлшеу ауқымдарын кеңейту және өлшеу дәлдігін жоғарылату жағына қарай болады. Осыған байланысты, заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтеріне тиесілі бірқатар бастапқы эталондар, сондай-ақ жұмыс өлшем құралдары жыл сайын салыстырып тексеруге республикадан тыс шығарылады. Мұндай жағдай отандық өнімдердің әлемдік нарыққа шығуын тежейді, өзінің бастапқы эталондары мен жұмыс өлшем құралдарын салыстырып тексеруге мәжбүр болған басқа елдерге республиканың техникалық және экономикалық тәуелділігін қалыптастырады.

Саудадағы техникалық кедергі/ санитариялық және фитосанитариялық (бұдан әрі – СТК/СФС) жөніндегі ақпараттық орталықтың жұмыс істеуі шеңберінде мынадай проблемалар бар:

1) Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының барлық ДСҰ-ға мүше елдер қабылдаған қағидалар мен техникалық нормаларды зерделеуге мүдделі еместігі;

2) мүдделі мемлекеттік органдардан және кәсіпорындардан хабарламаларда көрсетілген толық мәтінді құжаттарды ұсыну туралы сұраулардың төмен деңгейде екені байқалады;

3) ғылым мен өндірістің ықпалды байланысының болмауы.

Кеден одағының бірыңғай нарығын құрудың және оның жұмыс істеуінің іргетасы тауарлардың еркін алмасуы болып табылатынын атап өту қажет. Халықаралық саудада техникалық кедергілердің болуы Кеден одағына қатысушы елдер өнімінің сыртқы нарықтарға шығуы үшін де, отандық тұтынушылардың шетел өнімдеріне қол жеткізуі үшін де кедергі жасайды. Саудада техникалық кедергілерді жою тетіктері сәйкестікті бағалау нәтижелерін өзара тануға негізделеді.

Бұдан басқа, техникалық реттеу саласында тәжірибелі мамандардың жетіспеуі, техникалық регламенттерді бейімдеу мен енгізудің тиісті деңгейде жүргізілмеуі, мемлекеттік стандарттау жоспарын қалыптастыру кезінде нормативтік құжаттарды әзірлеуге ұсынылатын жинақтардың болмауы (жалпы техникалық талаптар, сынақтар әдістері), техникалық регламенттерді әзірлеу кезіндегі нәтижелерін пайдалану үшін ғылыми негізделген статистикалық деректер мен сынақтардың болмауы сияқты өткір мәселелер тұрғанын атап өту қажет.

Техникалық реттеу және метрология саласының басым бағыты өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұтынушыларды өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу және бәсекеге қабілетті өнім өндіруге жағдай жасау және оны халықаралық және өңірлік нарыққа жылжытуға көмектесу болып табылады.
Шаралар:

- Кеден одағының техникалық регламенттерін әзірлеу бойынша жоспарды іске асыру;

- мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарын іске асыру;

- Кеден одағының техникалық регламенттерімен өзара байланысты ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды талдау және жүйелендіруді жүргізу;

- халықаралық, өңірлік және шетелдің ұлттық стандарттарын, сондай-ақ деректер қорын толықтыру және бейімдеу (аудару);

- нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының қызметін дамыту, кеңейту және оны сүйемелдеу;

- ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Саудағы техникалық кедергі, санитарлық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпараттық орталығы қызметін қамтамасыз ету және техникалық реттеу саласындағы ақпараттық жүйелерді дамыту;

- кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу бойынша өңірлік (салалық) семинарлар өткізу;

- техникалық реттеу және метрология саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру және даярлау;

- аккредитеу, оның ішінде КД және БЭК бойынша халықаралық өңірлік ұйымдар жұмысының шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

- техникалық реттеу және метрология саласындағы, оның ішінде техникалық комитеттердің (ИСО, МЭК, МГС, ILAC, IAF, СООМЕТ) халықаралық, өңірлік және басқа да ұйымдар жұмысы шеңберіндегі ынтымақтастық;

- өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру үшін метрологиялық зерттеулер мен техникалық реттеу нәтижелерінің негізінде бәсекеге қабілетті ғылымды қажетсінетін жоғары технологиялық өнімдерді дамыту және өндіру.



Геология саласының негізгі проблемалары:

1) ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізуде геологиялық инфрақұрылымның, заманауи зертханалық базаның, тас материалдарды сақтау қоймасының жоқтығы;

2) геологиялық барлау жұмыстарының бүкіл топтамасын жүргізу үшін сала кәсіпорындарының техника және жабдықтар импортына толық тәуелділігі;

3) нарықтың сыртқы және ішкі конъюнктурасына тәуелділігі;

4) геологиялық барлау саласында ақпараттық технологияларды пайдаланудың жеткіліксіз деңгейі;

5) салада білікті мамандардың, сондай-ақ әйгілі кәсіби қауымдастықтардың мүшесі болып табылатын тәуелсіз сарапшылардың жетіспеушілігі;

6) геологиялық қорларға арналған алаңдардың жетіспеушілігі, геологиялық мәліметтердің сақталуын қауіп төндіреді.

Геологиялық сала бірыңғай құқықтық алаңда қызметін іске асыратын, мемлекеттік басқару органдары, өндірістік және әртүрлі меншік түрлерінің ғылыми ұйымдарының жиынтығы ретінде еліміздің минералдық-шикізат базасын толықтыру және жер қойнауын зерттеуін қамтамасыз етуі тиіс. Табылған пайдалы қазбалардың қорларын өсіру және табу, минералдық-шикізат базасын жандандыру геологиялық сала тиімділігінің негізгі өлшемшарты болып табылады.

Жер қойнауын геологиялық зерттеудің ғылымды көп қажет етуі геологиялық барлауды ғылыми-технологиямен қамтамасыз етудің негізгі рөлін анықтайды, ғылым мен өндірістің байланысын, ғылыми-техникалық прогрестің жетістігі негізінде технологияны жаңартуды анықтайды. Жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың орналасуы және құрылысының айқындалған заңдылығы туралы геологиялық барлау жұмыстары нәтижесі нақтылығының деңгейі мамандардың кәсібилік деңгейіне және олар қолданатын озық ғылыми-техникалық әдістер мен технологияларға тікелей байланысты.

Геологиялық саланы дамытудағы проблемалардың бірі жер қойнауын пайдалануға келісім шарт шеңберінде жұмыс жүргізетін жер қойнауын пайдаланушылармен геологиялық барлауға бөлінетін инвестиция деңгейінің жетіспеушілігі болып табылады.

Осы саланың алдында тұрған көптеген міндеттерді ескере отырып, ИДМ мемлекеттік геологиялық қызметін нығайту, Қазақстанның индустриялық дамуы үшін тұрақты шикізат базасын қамтамасыз ететін, сондай-ақ геологиялық салаға инвестиция тарту үшін ыңғайлы жағдайды заңнама түрінде қамтамасыз ететін, геологиялық зерттеуді жандандыру үшін ынталандыруға жүйелі түрде шаралар қабылданды.
1.3) Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар

1

2

Өнеркәсіп салаларын дамыту және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау

Халықаралық бағыттарда өнімді өткізудің төмендеуі

Металлургиялық өнімдерді ішкі нарыққа өткізу, сауда миссияларын ұйымдастыру мен өткізу

Экономикалық және қаржы дағдарысы

Әлемдік қаржы дағдарысы басталған жағдайда мынадай баламалы іс-шаралар іске асырылады:

-ішкі инвестициялардың өсуін қолдау;



Ішкі нарығындағы импорттық өнімдерге отандық өнімді ауыстыру (ДСҰ кіргеннен кейін )

Тарифтік емес кедергілерді жасау (техникалық реттеу)

Отандық тауарлардың бәсекелестікке қабілеттілігі бойынша ықпаландыру шараларын жасау

Әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан отандық экспортталатын өнімге бағаның түсуі

Химия өніміне баға түскен жағдайда ішкі нарықтың сұранысына жеңілдіктер беру арқылы ынталандыру жөніндегі шараларды қабылдау

Ел ішінде дайын өнімге сұраныстың болмауы

Импортты алмастыру өндірісін құру. Шығарылатын өнімнің қосылған құнын ұлғайту.

Ұлттық компаниялары, жер қойнауын пайдаланушылары және жүйе құраушы кәсіпорындарымен сатып алу көлемдерін азайту.

Жер қойнауын пайдаланушылары және жүйе құраушы кәсіпорындары мен ұлттық компаниялардың сатып алуларында жергілікті қамтуды арттыру бойынша жұмысты күшейту

Экономика салаларының энергия тиімділігін арттыру

Экономикалық және қаржы дағдарысы

Әлемдік қаржы дағдарысы басталған жағдайда энергия тиімділігін арттыру бойынша ынталандыру шаралары іске асырылады

Елдің энергетикалық және өнеркәсіптік кәсіпорындарының ескірген энергия тиімділігі жоқ жабдықты қолдану салдарынан шығарылған өнімнің энергия сыйымдылығының жоғары болуы.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарын әзірлеу және кәсіпорындарда энергия аудитін жүргізу.

Индустрияландыру картасының жобасын іске асыру мерзімін өзгерту ықтималдығы

Тұрақты негізде Индустрияландыру картасының инвестициялық жобасына үздіксіз мониторинг жүргізіледі, егер күрделі проблема туындаған жағдайда, туындаған проблемаларды шешу бойынша тез арада шаралар қолданылады.

Инвестициялық ахуалды жақсарту, оның ішінде экономиканың шикізаттық емес секторына ТҰК тарту

Тікелей және шетелдік инвестициялардың өсуіне әлемдік дағдарыстың әсері

Инвестициялық заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, оның ішінде ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес; Қазақстанның қолайлы инвестициялық беделін жетілдіру жұмысын жандандыру, Қазақстан Республикасына тікелей шетелдік және отандық инвестицияларды тарту бойынша нақты іс-шаралар жоспарын іске асыру; инвесторларға сервистік қызмет пен мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, оның ішінде «Бір терезе» шеңберінде; инвесторлардың құқығын қорғау бойынша инвестициялық омбудсмен қызметін тиімді қамтамасыз ету; шетелде халықаралық өкіл желісін құру және іске қосу.

Тікелей және шетелдік инвестициялардың өсуіне әлемдік дағдарыстың әсері

Инвестициялық ахуалды ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес жақсарту бойынша егжей-тегжейлі жоспарды іске асыру, инвесторларға сервистік қызмет пен мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, оның ішінде «Бір терезе» шеңберінде; инвесторлардың құқығын қорғау бойынша инвестициялық омбудсмен қызметін тиімді қамтамасыз ету; шетелде халықаралық өкіл жүйесін құру және іске қосу.

ТЭН және ЖСҚ көрсетілген мерзімде АЭА инфрақұрылымының аяқталмауы ықтималдылығы

АЭА инфрақұрылым құрылысын аяқтауға қаржы бөлу мәселесі бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен қарым-қатынас, сондай-ақ сапалы құрылыс объектілеріне бөлінген бюджеттік қаражаттарды уақтылы игеруге мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан тиісті бақылау мен мониторингті қамтамасыз ету.

Дүниежүзілік конъюнктураның өзгеруінің және елде іскерлік белсендіктің төмендеуі салдарынан АЭА қатысушыларының тауарлары мен көрсетілетін қызметтеріне (жұмыстарына) сұраныстың төмендігі

Әлеуетті инвесторларды тарту үшін маркетингтік іс-шаралар өткізу, оның ішінде қазіргі қатысушылардың әлеуетті тауарлары, жұмыстары және көрсетілетін қызметтерінің тапсырысы.

Ұлттық инновациялық жүйесінің дамуына жәрдемдесу

Шетелдік инновацияның жоғары бәсекеге қабілеттілігі

«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластердің дамуы : шетелдік инновацияларды тарту

Ұлттық инновациялық жүйесі элементтерінің шамалы байлыныстылығы мен ыдыраңқылығы

- Индустрияландыру міндеттерін шешуге арналған ғылыми-зерттеу қызметін қайта бағдарлау


Техникалық реттеу және метрология ұлттық жүйесінің халықаралық жүйемен сәйкестік деңгейін арттыру

Халықаралық талаптарға сәйкес ұлттық стандарттарды пайдалануға

отандық кәсіпорындардың, сонымен қатар экспортқа бағытталған кәсіпорындардың төмен қызығушылығы




Кәсіпорындар арасында қабылданып жатқан ұлттық стандарттар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын геологиялық зерделеуді арттыру

Пайдалы қазбалар кенорындарының (қорлар) анықталмауы. Әлемдік тәжірибеге сәйкес кен орындар анықталуы немесе анықталмауы да мүмкін, пайдалы қазбалардың кен шоғыры белгілі бір ауданда болмауы мүмкін

- Тәуекелді төмендету мақсатында мемлекеттік геологиялық жер қойнауын зерттеу, іздеу-бағалау және іздеу-барлау, іздеу-барлау жұмыстарын егжей-тегжейлі талдау және жоспарлау,

- геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет