Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің



жүктеу 1.74 Mb.
бет3/7
Дата29.08.2018
өлшемі1.74 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

2-стратегиялық бағыт.

Экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету және транзиттік әлеуетін іске асыру үшін көлік инфрақұрылымын дамыту

1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Көлік инфрақұрылымының дамуы ел экономикасының ішкі қажеттілігімен, сондай-ақ көлік дәліздерін әртараптандыру қажеттілігімен негізделеді.

2017 жылы республикада барлық көлік түрімен тасымалданған жүк көлемі 3,916 млрд. тоннаны, оның ішінде: темір жолмен – 0,378 млрд. тонна, автомобиль көлікпен – 3,300 млрд. тонна, әуемен - 0,000022 млрд. тонна, ішкі сумен – 0,0016 млрд. тонна, теңізбен – 0,002 млрд. тонна құрады, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 5,2 % артық. 2016 жылы бұл көрсеткіш 3722 млрд. тоннаны құрады.

2017 жылы коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлермен тасымалданған көлемін бағалауды ескере отырып, жолаушылар тасымалы 22 720 млн. адамды құрады, бұл 2016 жылғы тиісті кезеңдегі көлемнен 1,7 % артық. 2016 жылы бұл көрсеткіш 22 338,1 млн. адамды құраған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мынадай 5 халықаралық көлік дәлізі қалыптасқан және жұмыс істейді:

1) Трансазиаттық теміржол магистралінің (ТАТМ) солтүстік дәлізі.

Батыс Еуропаны Ресей арқылы Қытаймен, Корея түбегімен және Жапониямен байланыстырады (Достық/Қорғас - Ақтоғай - Саяқ - Мойынты - Астана - Петропавл (Пресногорьковская) учаскесінде);

2) ТАТМ-ның оңтүстік дәлізі.

Аталған дәліз мынадай маршруттар бойынша өтеді: Түркия, Иран, Орталық Азия елдері арқылы Оңтүстік-Шығыс Еуропа - Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азия (Достық/Қорғас - Ақтоғай - Алматы - Шу - Арыс - Сарыағаш учаскесінде);

3) ТАТМ-ның орталық дәлізі.

Орталық Азия - Солтүстік - Батыс Еуропа бағыты бойынша өңірлік транзиттік тасымалдар үшін зор маңызы бар (Сарыағаш - Арыс - Қандыағаш - Озинки учаскесінде).

4) ТРАСЕКА.

Шығыс Еуропаны Қара теңіз, Кавказ және Каспий теңізі арқылы Орталық Азиямен байланыстырады (Достық/Қорғас - Алматы - Ақтау учаскесінде, оның ішінде перспективада тура қатынайтын Жезқазған - Бейнеу теміржол маршруты, сондай-ақ Ахалкалаки (Грузия) - Карс (Түркия);

5) Солтүстік - Оңтүстік.

Қазақстанның қатысуымен Ақтау теңіз порты - Ресейдің Урал өңірлері және Ақтау - Атырау учаскелерінде, сондай-ақ Өзен - Берекет (Түрікменстан) - Горган (Иран) жаңа теміржол желісі арқылы Ресей мен Иран арқылы Парсы шығанағы елдерінен Солтүстік Еуропаға өтеді;

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарында алты негізгі бағыт бойынша - автокөлік дәліздері қалыптасқан:

1) Ташкент - Шымкент - Тараз - Бішкек - Алматы - Қорғас;

2) Шымкент - Қызылорда - Ақтөбе - Орал - Самара;

3) Алматы - Қарағанды - Астана - Петропавл;

4) Астрахань - Атырау - Ақтау - Түрікменстан шекарасы;

5) Омбы - Павлодар - Семей - Майқапшағай;

6) Астана - Қостанай - Челябинск - Екатеринбург.

Қазақстан аумағы арқылы 70 халықаралық әуе дәлізі өтеді. Алматы, Астана, Қарағанды және Атырау қалаларындағы әуежайларда «EL AL» (Израиль), «KLM» (Нидерланды), «FedEx» (АҚШ) және т.б. авиакомпаниялардың Боинг-747 жүк әуе кемелеріне тұрақты түрде жанармай құяды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша ел аумағы бойынша транзиттік тасымалдың көлемі 18,1 млн. тоннаны құрады, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 25 % артты. Транзиттік тасымалдан түскен кіріс 352,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 85,8 млрд. теңгеге артық.


Автожол саласы

2018 жылғы 1 қаңтарына жағдай бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардың жалпы ұзындығы 95,3 мың км құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар - 24,1 мың км, жергілікті -


71,2 мың км.

Республикалық маңызы бар автожолдар желісінің жағдайы: жақсы – 51%, қанағаттанарлық – 35%, қанағаттанарлықсыз – 14%;

Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың жағдайы: жақсы – 25,1%, қанағаттанарлық – 40,8%, қанағаттанарлықсыз – 34,1%.

Республикалық желі бойынша үш жылда 1,8 мың км реконструкцияланған, оның ішінде Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізінің реконструкциясы аяқталған, Астана-Теміртау, Алматы-Талдықорған, Бейнеу-Ақтау, Көкшетау-Петропавл автожолдары пайдалануға берілді. 2018 жылы Орал-Тасқала және Теміртау-Қарағанды автомобиль жолдарын аяқтау жоспарлануда.

2018 - 2021 жж. Орталық-Оңтүстік дәлізі шеңберінде Балқаш-Бұрылбайтал-Құрты учаскесінің, Орталық-Шығыс дәлізінің, Ақтөбе-Атырау-Астрахан, Жетібай-Жаңаөзен, Бейнеу-Ақжігіт, Ұзынағаш-Отар, Мерке-Бұрылбайтал, Талдықорған – Өскемен, Үшарал-Достық, Қалбатау-Майқапшағай, Осинов асуы, Щучье-Зеренді, Петропавл-РФ шек., Қостанай-Қарабұтақ, Таскескен-Бақты, Астана қ. Оңтүстік-Батыс айналма жолы автожолдарын реконструкциялау жұмыстары жүргізілді.

2015-2017 жылдар аралығында республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен 430,7 км-де реконструкциялау жүргізілді және 404,3 км жөндеумен қамтылды, бұл жергілікті желінің жай-күйін 2% -ға жақсартуға мүмкіндік берді.


Азаматтық авиация

Қазақстан Республикасында 53 авиакомпания және әуе кемелерін пайдаланушылар қызмет көрсетеді, оның ішінде 20 авиакомпания коммерциялық әуе тасымалдарын орындайды, 32- авиациялық жұмыстарды орындайтын (авиациялық-химиялық, орманды бақылау, мұнай-газ құбырларын айналып ұшып өту және басқа жұмыс түрлері) әуе кемелерін пайдаланушылар және 1 – жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар болып табылады.

2017 жылы тасымалданған жолаушылар саны 7,4 млн. адамды құрады, бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 23% жоғары (6,0 млн. адам).

Республиканың транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, оны тиімді пайдалану азаматтық авиация үшін қосымша табыс табуға және оны дамытудың жоғарғы серпінін сақтауға бағытталған шара болып табылады.

2017 жылы транзиттік авиаұшу көлемі 175,2 млн. ұшақ/км құрады, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 4% артық (169 млн. ұшақ/км).

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы»: ғаламдық бәсекеге қабілеттілік атты Мемлекет басшысының Жолдауын орындау шеңберінде 2017 жылы 620 000 транзиттік әуе жолаушысы тасымалданды, 2016 жылы 478 мың транзиттік жолаушы тасымалданды.

2017 жылғы 22-30 қарашада Авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО аудиті сәтті өтті, аудиторлардың бағалауы бойынша ИКАО талаптарына сәйкестік деңгейі 83% құрайды, яғни 2009 жылғы аудитпен салыстырғанда прогресс 21%, бұл орташа әлемдік деңгейден 11% жоғары және әлемнің негізгі өңірлерімен салыстырғанда Еуропа мен Америкадан кейін екінші орынды иеленеміз.

Қазіргі уақытта Қазақстан 26 шетелдік мемлекетпен 96 халықаралық маршрут бойынша аптасына 425 әуе қатынасын орындайды.

Қазақстан ТМД елдерімен 54 маршрут, Таяу Шығыс елдерімен 15 маршрут, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен 15 маршрут және Еуроодақ елдерімен 12 маршрут бойынша ұшуды орындайды.

ЭКСПО-2017 өткізу кезеңінде Астана қаласында «ашық аспан» пилоттық жобасы іске асырылды – барлық ниет білдіруші шетелдік әуе тасымалдаушылары үшін аптасына 7 рейске дейін Астана қаласына рейстерді орындау құқығы ұсынылды. Көрсетілген кезеңде ішкі маршруттар бойынша жолаушылар ағыны - 88%, халықаралық маршруттар бойынша - 30% құрады.

10 жаңа халықаралық маршрут ашылды, шетелдік тасымалдаушылармен Варшава, Будапешт, Хельсинки, Пекин, Батуми және қазақстандық тасымалдаушылармен Сиань, Киев, Минводы, Ереван, Дели бағыттарында.

Ішкі әуе қатынастары саласында 52 бағыт бойынша тұрақты ұшу жүзеге асырылады.

Әуе көлігінің инфрақұрылымын жаңарту мақсатында 2017 жылы Астана әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы және Алматы қаласы әуежайының қолданыстағы бір ұшу-қону жолағын реконструкциялау аяқталды.

2017 жылы ҚР әуежайлары 14,4 млн. адамға қызмет көрсетті, бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 18% жоғары (12,2 млн. адам).

Әуе кемелерінің паркін жаңарту шеңберінде 2017 жылы 6 әуе кемесі сатып алынды: «СКАТ» авиакомпаниясы 2 әуе кемесі (Boeing-737CL және CRJ-200), «Эйр Астана» - 1 Airbus-320NEO, «Бек Эйр» - 2 әуе кемесі Fokker-100, «Prime Aviation» - 1 әуе кемесі DHC 300.

2017 жылы 14 ішкі маршрут субсидияланды: Алматыдан Балқаш, Үржар, Көкшетау және Петропавлға, Астанадан Петропавл, Балқаш, Үржар, Үшарал, Талдықорғанға, Қарағандыдан Өскемен және Қызылордаға, Көкшетаудан Ақтау, Шымкенттен Көкшетауға және Петропавлға.



Су көлігі

Қазақстанның Каспий теңізіндегі жағалау көлік инфрақұрылымы қолданыстағы үш теңіз портын қамтиды – Ақтау, Құрық және Баутино.

Бұл ретте, Ақтау порты Ақтау порты экспортты-импортты және транзиттік бағыттағы жүктерді өткізуге қатыстырылады, оның Каспий бассейінінде жүк тасымалдауды қамтамасыз етудегі үлесі шамамен 25 %-ды құрайды. Құрық портында 2016 жылғы желтоқсанда паром терминалының бірінші іске қосу кешені пайдалануға енгізілді. Баутино порты теңіздегі мұнай операцияларын қолдау базасы ретінде мамандандырылған.

2017 жылы Ақтау порты арқылы 4 044 мың тонна жүк ауыстырып тиелді (оның ішінде солтүстік терминалы арқылы – 1 017 мың тонна), бұл 2016 жылмен салыстырғанда 31% төмен. Бұл ретте, автомобиль техникасының 9729 бірлігі өңделді, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 29 % төмен (13518 бірлік).

Теңіз порттары арқылы жыл сайын өткізілетін жүктердің негізгі номенклатурасын мұнай, металл, бидай, паромдық және басқа да жүктер құрайды. Бұл ретте Ақтау порты арқылы өткізілетін мұнай көлемі біртіндеп төмендеуде, сонымен қатар құрғақ жүктерді өңдеу бойынша порттық қуатты ұлғайтудағы қажеттілік туындайды.


2-кесте. Ақтау порты арқылы ауыстырып тиеу динамикасы

мың тонна


Жүктің номенклатурасы

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

% 2016 ж.

Барлығы

5 896

5 842

3 027

51

Мұнай

3 521

2 278

1 277

56

Құрғақ жүк

1 909

2 440

1 036

42

Паромдық жүктер

466

1 124

714

63

2016 жылы отандық теңіз көлігімен 3 082 млн. тонна жүгі тасымалданды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 7% төмен.

Отандық теңіз көлігімен 2017 жылы 2640 мың тонна жүк тасымалданған, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 16% жоғары болды.
3-кесте. ҚР теңіз көлігімен жүктерді тасымалдау динамикасы

мың тонн


Направление

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

%

2016 ж. қарай

Барлығы

2 888

3082

2640

116

Ақтау–Баку (мұнай)

915

28

263

в 10 раз

Ақтау–Махачкала (мұнай)

1 108

1611

653

246

Ақтау–Амирабад (құрғақ жүк)

171

220

140

157

Түрікменбашы – Баку/Махачкала (мұнай)

694

1064

137

7 есе

Махачкала-Баку (мұнай)

-

159

1447

10 есе

Көрсеткіштер төмендеуінің негізгі себептері:

- мұнайдың құбыр көлігіне қайта бағдарлануы, 2015 жылғы шілдеден бастап ТШО мұнайды порт арқылы тиеуді тоқтатты;

- металл өнімдері бағасының төмендеуі;

- дәнді дақылдар өнімінің төмендігі;

- мұнай өнімдерінің (газойль) тасымалдау бағыты РЖД-ға ауысуы.

Тасымалдау көлемінің төмендеуі Ақтаудағы экспорттаушылардың экспорттық жүктерді таратудың FOB шарттарымен байланысты болды, себебі FOB шарты кезінде экспорттық жүктерді ирандық сатып алушылары бірінші кезекте ирандық кемелерді тиейді.

Каспий бассейніндегі теңіз тасымалдау нарығында Қазақстан флоты


5 %-ды құрайды, ол 12-13 мың тонналық жүк көтеретін 8 танкерден және
4 құрғақ жүкті кемеден тұрады.

Ақтау порты арқылы өткізілетін мұнайдың жалпы көлемінің


шамамен 70%-ын отандық танкерлер тасымалдайды.

Құрғақ жүктердің барлық көлемі шетелдік кеме компанияларымен тасымалданған, алайда, көрсетілген қызметтерді әртараптандыру мақсатында жүктерді теңіз арқылы тасымалдау нарығында құрғақ жүкті флотты кезең-кезеңмен ұлғайту ұйғарылады.

Сонымен қатар, Қазақстанның сауда флотының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі шешімді талап етуде, ол үшін Каспий маңындағы мемлекеттерден төмен емес деңгейде қазақстандық кеме қатынасы компаниялары үшін тең жағдайлар жасауы қажет.

Су көлігіндегі қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін ХТҰ қабылдаған конвенциялар талаптарына сәйкес теңіз көлігінде бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданатын болады. Атап айтқанда, Порттың теңіз әкімшілігін құру, навигациялық қауіпсіздікті күшейту, оның ішінде, Құрық және Ақтау порттарында кемелер қозғалысын басқарудың қосымша жүйелерін орнату болжануда.

Өзендегі кеме қатынасы Ертіс, Орал, Қиғаш, Есіл, Іле, өзендерінің бассейндерінде, Қапшағай су қоймасында және Балқаш көлінде жүзеге асырылады. Пайдаланылатын су жолдары учаскелерінің жалпы ұзақтығы 4108,5 км құрайды, оның ішінде 4040,5 км-де кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралар іске асырылады.

Ішкі су жолдары бойынша жүк тасымалдауды 659 кемесі бар жеке меншік кеме иелері жүзеге асырады.

Өзен көлігі республиканың көлік жұмысының жалпы көлеміндегі үлес салмағы аз. 2017 жылы ішкі су көлігімен 1 649,4 мың тонна немесе
2016 жылғы деңгейден 139 % жүк тасымалданды.
Темір жол саласы

Қазақстанның көлік жүйесінде теміржол көлігі жетекші рөлге ие. Тасымалдау қашықтығының алыс болуы, ТМД және Балтық елдерімен салыстырғанда жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың салыстырмалы түрдегі арзан тарифтері теміржол көлігін пайдаланушылар үшін неғұрлым қажет болып отыр.

Қазақстан теміржолының пайдалану ұзындығы 16 041 мың км (оның ішінде екі жолды желілер – 4,9 мың км (30%), электрлендірілген желілер –
4,2 мың км (26%) құрады.

Елдің жалпы жүк айналымы мен жолаушылар айналымындағы теміржол көлігінің үлесі шамамен 60 %-ды құрайды, бұл ретте барлық көлік түрлерімен тасымалдаудан түскен кірістердегі оның үлесі 20 % құрайды.

Жүк вагондары меншік иелерінің жүк вагондарын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге бағалық реттеудің болмауы жылжымалы құрамды жаңарту үшін қолайлы жағдай жасайды.

Теміржол көлігі құралдары негізгі құралдарының тозу деңгейі


2017 жылдың қорытындылары бойынша 54,1%-ға құрайды (2015 ж. – 55%; 2016 ж. - 52,7%).

Республикада облысаралық қатынастардағы теміржол жолаушылар тасымалын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурстық негізде субсидиялардың бөлінуімен мемлекеттік және жеке меншік компаниялар жүзеге асырады.

Реттеудің қолданыстағы практикасына сәйкес қатынас түрі мен жүк тегіне байланысты тарифтер сараланған. Нәтижесінде тасымалдардан түсетін кірістер қатынастар түрімен және жүк тегімен айқындалатын нарық сегментіне байланысты ерекшеленеді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасының нарығындағы жалғыз жүк тасымалдаушы болып табылады. Бұл ретте тасымалдауды жүзеге асыру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Локомотив» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ жылжымалы құрамын, басқа да теміржол әкімшіліктерінің мүкәммалдық вагондары мен операторлық компаниялар вагондарының жеке паркін пайдаланады.


Автомобиль көлігі

2017 жылы 3 300,8 млн. тонна жүк тасымалданды, 2016 жылмен салыстырғанда өсім 3,8%-ды құрады.

2017 жылда жүк айналымы 161,9 млрд. ткм құрады, 2016 жылмен салыстырғанда жүк айналымы өсім 0,6%-ды құрады.

2017 жылда 22 690,2 млн. жолаушы тасымалданды, 2016 жылмен салыстырғанда 1,7%-ға өсті.

2017 жылда жолаушылар айналымы 240,5 млрд. ткм құрады,
2016 жылмен салыстырғанда өсім 2%-ды құрады.

Тұрақты қатынас бойынша 137 халықаралық және 254 аса облысаралық тұрақты жолаушылар маршруттары бар.

Автомобиль паркі жоғары тозумен сипатталады – 12 жылдан аса пайдалануда болған автокөлік құралдарының үлес салмағы 70%-ды құрайды, оның ішінде 78%-ды автобустар және 60%-ды жүк автомобильдері құрайды.
1.2) Негізгі проблемаларды талдау

Транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту

Инфрақұрылымды жаңғырту және көліктегі зияткерлік жүйелерді енгізу қажеттілігі транзитті-көліктік кешеннің негізгі проблемалары болып табылады.



Автожол саласында пайдаланудағы жол-пайдалану техникасының жоғары тозуы анықталуда; қалпына келтіру жұмыстарының жоғары капитал қажеттілігі, пайдаланудағы жолдардың төмен техникалық параметрлері (білікке түсетін салмақ есебі, санаттар және т.б.), 2 жолақ қозғалысты жолдарда авариялар мен өлімнің жоғары тәуекелі, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары дамуының төмен деңгейі және 1 861 ауылдық елді мекенге қатты жамылғысы бар кіреберіс автожолдардың жоқтығы.

Темір жол көлігі саласында жылжымалы құрамның тозуы, тарифтің үнемі өсуі, әлсіз сервис сияқты проблемалар байқалады. Тарифті қалыптастырудың қолданыстағы қағидаттары мен реттеу тетігі тасымалдаушының клиентке хабар беруін алып тастайды.

Темір жол көлігінің қызметтері қатты сараланған, бұл өнім жеткізушілердің көптігінің басым жабдықтаушылардың жоқ болуы, нарықта автоматты түрде монополиялық бәсекелестік моделіне әкеліп соқтырады.

Саланың тиімділігі тек нарықта жиынтық үлесі үлкен ірі тасымалдаушылардың және нарықтағы «тауашалы» қатысушылардың бәсекелестігі болған кезде ғана мүмкін.

Еліміздің транзиттік әлеуетін барынша қолдану керек және өз кезегінде көлік-коммуникация саласында бәсекелестік ортаны құруға және көлік құралдарының паркін ұлғайтуға мүмкіндік беретін, темір жол желілерінің дамуына жаңа (жеке) субъектілерді тарту қажет.


Азаматтық авиация саласында негізгі проблемалар мыналар болып табылады:

1) бірқатар өңірлік әуежайлардың әуе кемелерін қабылдау-ұшыруы үшін ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкессіздігі;

2) авиакөлік инфрақұрылымының жердегі техника, жүк қоймалары және терминалдармен қажетті деңгейде жабдықталмауы;

3) авиациялық персоналдың тапшылығы;

4) Қазақстан өңірлерінде әуе көлігі қызметіне қолжетімді болмауы.

Шешу жолдары:

Қазіргі уақытта республикада 18 әуежай қызмет көрсетеді, оның ішінде 15 әуежай ұшу-қону жолағын техникалық және жарықтандыру сигналын беру жабдығымен жарақталуы бойынша ИКАО стандарттарына сәйкес келеді.

Осы орайда, қазіргі заманғы әуе кемелерін белсенді пайдалануға байланысты Қазақстанның бірқатар өңірлік әуежайларының техникалық жарақталуы және әуеайлақ жабынының жай-күйі реконструкциялау мен жаңғыртуды талап етеді.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әуежайының 15-нің ұшу қону жолағы (ҰҚЖ) және 12 жолаушы терминалы салынды және реконструкцияланды.

2016 жылы Петропавл қаласы әуежайының ҰҚЖ және аэровокзал кешенін реконструкциялау аяқталды.

Семей қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын, рульдеу жолағын және аэровокзалын реконструкциялау жобасын іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда.

Ағымдағы жылы Астана қаласы әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы аяқталды. Астана қаласы әуежайының жаңа жолаушылар терминалының дизайны ішкі және халықаралық бағыттарда жолаушыларға қолайлы қызмет көрсетуге бағытталған, сондай-ақ трансферттік және транзиттік жолаушыларға қызмет көрсетудің кең мүмкіндігіне ие.

2020 жылға дейін Қостанай және Өскемен ққ. әуежайларының ҰҚЖ реконструкциялау жоспарлануда.

Сондай-ақ, инвестициялар, қарыз қаражатын тарту есебінен Шымкент, Орал, Қызылорда және Атырау ққ. жолаушылар терминалын реконструкциялау (салу) ұсынылады.

Сондай-ақ, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылға дейін жаңа топырақты жергілікті әуе желісінің 11 әуеайлағының құрылысы және 5 қатты жабынды жергілікті әуе желісінің 5 әуеайлағын реконструкциялау көзделуде.

Осылайша, Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2020 жылға дейін республикалық және облыстық маңызы бар барлық әуежайлар ИКАО талаптары мен стандарттарына сәйкес келетін болады.

Қазіргі уақытта кадрларға деген барынша қажеттілікті ұшу құрамының авиациялық персоналы және әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша мамандар құрайды: оларға деген жыл сайынғы қажеттілік жылына оқу бітірген мамандардың іс-жүзіндегі санымен толықпайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда Азаматтық авиация академиясынан басқа, азаматтық авиация саласындағы әртүрлі бейіндегі мамандарын кәсіптік даярлауды азаматтық авиация ұйымдарының базасында 20 сертификатталған авиациялық оқу орталығы жүзеге асырады.

Авиациялық мамандарды даярлау сапасын жақсарту үшін Азаматтық авиация академиясының (Алматы қ.) материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту жалғасуда және оқытудың еуропалық стандарттарына көшу бойынша шаралар іске асырылуда.

Азаматтық авиация академиясы базасында еуропалық талаптарға сәйкес келетін «Training Center Part FCL» ЖШС ұшу орталығы және Орта Азиядағы жалғыз Авиациялық қауіпсіздік бойынша субөңірлік ИКАО оқу орталығы құрылды.

Жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін және пилоттарды сапалы даярлау мақсатында Азаматтық авиация академиясында түсінік деңгейінде ағылшын тілінің білімі бар, міндетті түрде психологиялық іріктеу бойынша дәрігерлік-ұшу сараптамалық комиссиясынан өткен абитуриенттерді іріктеу жүргізу қажет. Жұмыс берушілердің қатысуымен Академия жанында абитуриенттерді іріктеу бойынша комиссия құру қажет және абитуриенттердің одан әрі жұмыс істеп өтеуі көзделеді.

Сондай-ақ, «Қазаэронавигация» РМК оқу орталығының базасында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін біліктілікті арттыру бойынша салалық оқу орталығы құрылған, ол да сала мамандарын даярлайды.


2016 жылы арналған орталық ИКАО «TRAIN AIR PLUS» жүйесіне толық құқылы мүшесі ретінде кірді, ол азаматтық авиацияның білікті мамандарын даярлауға және әдістерін стандарттауға бағдарланған.

Жалпы осы іс-шараларды іске асыру Қазақстан Республикасында пилоттарды кәсіптік даярлау сапасын жақсартады және ұлттық кадр әлеуетін нығайтатын болады.


Су көлігі саласында порттық инфрақұрылымының жеткіліксіз қуаты, кеме қатынасы шлюздерінің техникалық қауіпсіздіктің жеке талаптарына сәйкес келмеуі, сауда флотының жеткіліксіз саны, мемлекеттік техникалық флоттың тозғандығы байқалады.

Осыған байланысты, теңіз порттық қуаттарын ұлғайту, теңіздегі сауда флотын дамыту, мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту, Шүлбі шлюзінің қорғаныш гидротехникалық құрылысын салу, кеме қозғалысы мен теңізде құтқару операцияларын басқарудың мамандандырылған жүйесін құру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.

Шешу жолдары:

Атап айтқанда Құрық портты дамытудың екінші фазасын іске асыруды аяқтау қажет, оны пайдалануға енгізу Қазақстан теңіз порттарының өткізу қабілетін 26 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Отандық сауда флотының тоннажын арттыру мақсатында жаңа кемелерді, атап айтқанда құрғақ жүк кемелерін және паромдарды сатып алу бойынша шаралар қабылдау қажет. Аталған шараларды іске асыру Ақтау және Құрық порттарынан жүктерді теңізбен тасымалдауда сауда флотының үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Кеме қатынасының қазақстандық сулардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін кеме қозғалысын үйлестіру навигациялық жүйелерін құруды қажет етеді. Аталған жүйе міндеттерінің бірі құтқару операцияларын басқару болып табылады.

Ішкі су жолдарында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасымен көзделген, мемлекеттік техникалық флотын жаңартуды жалғастыру, кеме қатынасы шлюздарының қауіпсіздігін күшейту, оның ішінде Шүлбі шлюзінің қорғаныш құрылысын салу мен Өскемен және Бұқтырма шлюздарын күрделі жөндеу есебінен шаралар қабылдау қажет.

Көліктік бақылау органдардының жеткілікті материалдық-техникалық жабдықталмауы бақылауды тиімді жүргізуге теріс әсерін тигізуде және су көлігінде авариялықтың деңгейін төмендетуге мүмкіндік бермеуде.

Тиесілілік табелімен көзделген 28 арнайы су көлігінің көліктік бақылаудың аумақтық органдары теңгерімінде барлығы 12 кеме бар, олардың ішінде тек 5 қызметтік кеме техникалық жарамды күйде.

Автомобиль көлігі саласында инфрақұрылым объектілері мен көліктің қанағаттандырарлықсыз жағдайы, қауіпсіздік шараларын сақтауға тиімді бақылаудың жеткіліксіздігі, көліктегі қауіпсіздіктің қазіргі жағдайының айтарлықтай күрделі екендігін айқындайды.

Жалпы заманға сай телекоммуникациялық және спутниктік жүйелердің көмегімен жүк және жолаушылар тасымалының мониторингін толыққанды іске асыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жетілмегендігі байқалады.

Көліктегі апаттылық деңгейіне себепші болатын негізгі факторлар:

1) көлік процесіне қатысушылардың тәртібінің төмендігі мен біліктілігінің жеткіліксіздігі;

2) тасымалдарды ұйымдастырудың технологиялық процестерін сақтамау;

3) бақылау органдарының материалды-техникалық жабдықталуының жеткіліксіздігі;

4) көлік құралдарының қанағаттандырарлықсыз техникалық жағдайы мен тозуы.

Заң шығару деңгейінде тұрақты жолаушылар маршруттарындағы автобустарды жаңарту бойынша, сондай-ақ автокөлік саласында автоматтандыруды дамыту бойынша міндетті талаптар енгізілген.

Саны 100 адамнан асатын елді мекендерді тұрақты автобус қатынастарымен толық қамтымау басқа проблема болып табылады, бұл 2016 жылы 80%-ды (6623 ауылдық елді мекендердің ішімен 5299 бірлік) құрайды.

Халықтың ұтқырлығын қамтамасыз ету мақсатында инфрақұрылым мен автомобиль жолдарын дамытуды ескере отырып, елді мекендерді тұрақты автобус қатынасымен толық (100%) қамтамасыз ету қажет.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен 5 автовокзал, 29 автостанция, 103 жолаушыларға қызмет көрсету пункттері мен Астана және Алматы қалалары мен облыс орталықтарында 968 такси тұрақтарын салу көзделген.

Бұл шаралар халықаралық, облысаралық облысішілік тұрақты автобус маршруттарының санын арттыруды қамтамасыз етіп, халқының саны 100 адамнан асатын елді мекендерді тұрақты автобус қатынасымен толық (100%) қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тұрғындарға қызмет көрсету процесін оңтайландыру мен сапасын жақсарту мақсатында жолаушыларды электронды билеттендіру мен маршруттарды онлайн диспетчерлендіруге көшіру жүзеге асырылатын болады, бұл сондай-ақ жолаушылар үшін тасымал процесі жөніндегі ақпаратты автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының ірі қалаларында атмосфераны ластандыратын шығарындылардың 60%-ы автомобиль көлігінің үлесіне келеді.

Экологиялық таза көлікті дамыту мақсатында тұрақты автобус тасымалдарында газмоторлы отындағы автобустардың пайдаланылуы ынталандырылатын болады, содай-ақ тиісті инфрақұрылымды дамыту қолданыстағы газбен жұмыс істейтін жеңіл көліктің санын арттыруға әкеледі.

Халықаралық жүк тасымалы саласында отандық автотасымалдаушыларға Евро-5 және одан жоғары класты көлік құралдары паркін толықтыруға жағдай жасалатын болады.


1.3) Тәуекелдерді басқару

Мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар

1

2

Бағалық тәуекелдер

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін дамыту.

Әуе тасымалдарының бәсекелі нарығын құру.

Теңіз тасымалдарының бәсекелі нарығын құру.


Техногендік және экологиялық тәуекелдер

Осы тәуекелді төмендету үшін озық техникалық және экологиялық регламенттер, стандарттар енгізуді, көлік активтерін жаңғыртуды талап етеді;

ТЖМ-мен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Құтқару жұмыстары мен авариялық жағдайларды жоюды ұйымдастыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу; «Облжолзертхана» РММ-ды техникалық жарақтандыруды үздік халықаралық тәжірибелер негізінде арттыру;

Автожол саласын қабылданған техникалық шешімдердін өмірлік циклін мониторингілеу мүмкіндігімен басқару процесін автоматтандыру;

Субстандарттық кемелерді пайдалануға қатысты талаптарды қатандату.



Жоғарғы пайдаланушылық жүктеменің салдарынан көлік инфрақұрылымының өндірістік қуатының төмендеу қаупі

Теміржол жылжымалы құрамын сатып алу;

Сауда флотын толықтыру, кеме қатынасы шлюздерін күрделі жөндеу, техникалық флоттың кемелерін жаңарту;

ИКАО (қауіпсіздікті арттыру) санаты бар әуежайлардың санын ұлғайту.



3-стратегиялық бағыт.

Құрылыс саласын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласы

1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау тұжырымдамасын қабылдады (бұдан әрі – Тұжырымдама).

Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын реформалаудың негізгі міндеті ұлттық ерекшеліктерді ескеріп, есептердің бірыңғай қағидаттарын (еурокодтар) қолдана отырып, нормативтерді пысықтау және әзірлеумен, қатаң ұйғарылған әдістен еуропалық елдерде қабылданған икемді параметрлік әдіске өту болып табылады.

Тұжырымдама реформаның іске асырылуын 3 - кезеңде көздейді:

I кезең - 2013-2014 жылдар;

II кезең - 2015-2019 жылдар;

III кезең - 2020 жыл.

Бірінші кезең: дайындау (2013 – 2014 жылдар);

ҚР ҚН EN құрылыс нормаларыны4 жиынтығын, құрылыс нормаларын және ғимараттар мен құрылыстарға арналған ережелер жинағын, инженерлік жүйелерді, құрылыс нормаларын сүйемелдейтін сілтеме стандарттарды үйлестіру және еурокодтарға ұқсас ережелер жинағын, сондай-ақ Қазақстанның климаттық, геологиялық, табиғи-климаттық, сейсмологиялық және басқа ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, оларға ұлттық қосымшаны әзірлеуді аяқтау жоспарланып отыр.

Екінші кезең (2015-2019 жж.) қолданыстағы нормативтік базадан кадрларды дайындау және жаңа құрылыс нормаларын іс жүзінде апробациялау арқылы жаңа техникалық реттеу жүйесіне көшуді көздейді.

Бүгінгі күні келесі жұмыстар атқарылды:

«2015-2020 жылдар кезеңінде қолданыстағы және жаңа нормативтік-техникалық базалардың қатар әрекет ету нұсқаулығы» бекітілді;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Еурокодтардың (ҚР ҚН EN) ережелерін ескере отырып, 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Құрылыс», «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандықтары бойынша университеттің студенттеріне арналған жаңа үлгілін оқу бағдарламаларын әзірлеп, мақұлдады;

- «ҚазҒЗСТҚСИ» АҚ базасында құрылыс секторындағы мамандар үшін, сондай-ақ жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамына арналған еурокодты пайдалана отырып, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды;

- ISO және EN стандарттарымен үйлестірілген 855 стандарт бекітілді;

- бес климаттық аймақтар 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің стандартты жобалары әзірленді және бекітілді.

Еурокодтарға толық көшу бойынша жұмыстарды жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 4 мамырдағы № 264 бұйрығымен Қазақстан Республикасының 2017-2021 жылдарға арналған Құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау тұжырымдамасын (бұдан әрі - Жоспар) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды.

Осы жоспарға сәйкес 2017 жылы жалпы құрылыс мәселесі бойынша 1992 жылға дейін әзірленген кеңестік ҚНжЕ (186 бірлік) күші жойылды.

Қазақстан Республикасының қалған ҚНжЕ-ны (70 бірлік) 2019 жылдың соңына дейін (1992-2010 жж. кезеңде әзірленген) Еврокодтарға көшу бойынша қажетті іс-шаралар іске асырылғаннан кейін жою жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, цифрландыру шеңберінде құрылыс объектілерін жобалау кезінде (TИМСO) ақпараттық модельдеу технологиясы енгізілетін болады.

Осыған байланысты құрылыс жобаларын (BIM-технологиялар) жобалау кезінде ақпараттық модельдеу технологиясын енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды. Жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік және азаматтық құрылысына ақпараттық модельдеу технологияларын енгізу тұжырымдамасы және нормативтік-техникалық құжаттар әзірленді. Сондай-ақ жоспар жобалау-сметалық құжаттаманы тексерудің автоматтандырылған жүйесін енгізуді дайындауға мүмкіндік беретін «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогын цифрландыру» бөлігі енгізілді.

Күтілетін нәтижелер - жобалардың сапасын арттыру, жобалық мерзімдерін қысқарту, инвестициялық және құрылыс жобаларын іске асыру кезінде тәуекелдерді азайту, энергия тиімді жобалау және пайдалану шығындарын оңтайландыру.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Премеьер-Министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №11-6/2918 тапсырмасына сәйкес, 2019 жылға «ҚазҚСҒЗИ» АҚ балансында тұрған 8 инженерлік-сейсмометрикалық қызметтің (ИСҚ) стансасын жаңғырту (заманауи аспаптармен, бағдарламалық қамсыздандырумен және байланыс құралдарымен қайта жабдықтау) жоспарлануда.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Қазақстандағы сейсмоотөзімді құрылыс аясында өз қаражаты есебінен 12 ИСҚ стансаның жұмыс қабілеттілігіне сүйемел жүргізіп отырған жалғыз ұйым.

ИСҚ стансасының мақсаты сейсмикалық әсерлер кезіндегі әр түрлі конструктивті жүйелердің реакцияларын қадағалау болып табылады. Алынған ақпараттар негізінде, қажет болған жағдайда, құрылыс нормаларына қандай да бір өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, жаңа ғимараттардың конструктивті шешімдері жетілдіріледі, есеп методикалары өзектендіріледі.

2008 жылға дейін республикалық бюджет қаражаты есебінен 4 ИСҚ стансасы жаңғыртылды.

Бюджеттік заңнамаға сәйкес, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаны дамыту бойынша шаралар оның уставтық капиталын республикалық бюджеттен ұлғайту жолымен жүзеге асырылады.
Үлгілік жобаларды әзірлеу. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бiрыңғай техникалық параметрлерi бар инвестициялық жобалар бойынша үлгiлiк жоба әзiрлеу жүзеге асырылады.

Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде үлгiлік жобаларды қолдану құрылыстың нақты алаңына бекiту жолымен жүзеге асырылады.

Үлгілік жобаларды көп рет қолданудың орындылығы мен экономикалық тиімділігі үлгілік жобаларды әзірлеудің басты мақсаты болып табылады.

Үлгілік жобалар мемлекеттік органдардың өтінімдері бойынша бекітілген мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес әзірленеді және бекітілгеннен кейін оларды қолдану және тарату үшін салалық мемлекеттік органдарға (өтінім берген тапсырыс берушілерге) жіберіледі.

Үлгілік жобаларды әзірлеу және оларды енгізу жобалау мерзімін едәуір қысқартуға және ақшалай қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретінін ескере отырып, мемлекет әлеуметтік объектілердің үлгілік жобаларын әзірлеуге тұрақты негізде қаражат бөліп отырады (сумен жабдықтау және су бұру объектілері, ауылдық мәдениет үйі, тұрғын үйлер, балабақшалар, емханалар, мектептер, мамандандырылған түзету мекемелері, Азаматтық қорғаныс объектілері және т.б)

Мысалы, 2015 жылы 183 бірлік, 2016 жылы – 45 бірлік үлгілік жоба әзірленді, 2017 жылы 75 бірлік әзірленді.



Құрылыстағы баға белгілеу және сметалық құн. Құрылыс өнімінің сметалық құнын қалыптастыру – нарықтың барлық шарттары мен талаптарын көрсетуі тиіс құрылыс кешенінің барлық қатысушыларына арналған экономикалық қатынастардың негізгі элементі.

Сметалық-нормативтік база құрылыс өнімінің баға белгілеу жүйесіндегі негізгі элемент болып табылады.

Сметалық есептеулердің анықтығын арттыру және құрылыс құнын айқындау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жобалау кезінде құрылыс ресурстарының ағымдағы нарықтық бағаларына байланысты (құрылыс материалдарының құны, машиналарды, тетіктерді пайдалану, құрылыс саласындағы жұмыскерлердің еңбекақысы) құрылыстағы баға белгілеу жүйесінің реформасы жүргізіледі. Күрделі құрылыстың құнын бағалау жөніндегі жаңа сметалық-нормативтік жүйенің негізі ретінде ресурстық әдіс, әлемнің экономикалық дамыған елдерінің шетелдік практикасында табысты пайдаланылатын ағымдағы бағалармен ресурстар шығындарын тікелей калькуляциялау әдісі қабылданды.

2015 жылғы 1 шілдеден бастап ИДМ-нің 2015 жылғы 24 маусымдағы


№ 450 бұйрығымен Қазақстан Республикасында құрылыс құнын айқындаудың ресурстық әдісі енгізілді.

Жаңа сметалық-нормативтік базаға өту мақсатында 2014 жылы – 36 бірлік, 2015 жылы – 48 бірлік, 2016 жылы – 42 бірлік, 2017 жылы - 46 норматив әзірленіп, оларды ғылыми-техникалық кеңес мақұлдап бекітті.

Ресурстық әдіске өту шеңберінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңға тиісті өзгерістер енгізілді, 12 нормативтік құқықтық акті және 400-тан астам сметалық-нормативтік құжат әзірленді және бекітілді.

Ағымдағы бағаларда құрылыстың сметалық құнын айқындау үшін Республиканың 16 өңірінде құрылыс материалдарының бағасына мониторинг жүргізілуде.

Жаңа нормативтік базаны енгізуге байланысты жаңа технологиялар бойынша технологиялық карталар әзірлеу негізінде ресурстық элементтік сметалық нормаларды өзектендіру мен жаңарту бойынша қарқынды жүйелі жұмыс жүргізу талап етіледі. Соның негізінде құрылыс өндірісінің жаңа технологиялары бойынша жаңа сметалық нормаларды әзірлеу жоспарланып отырған технологиялық карталар мен еңбек процестерінің карталарын әзірлеу қажет.
Сәулет және қала құрылысы. Сәулет және қала құрылысының саясаты Қазақстан Республикасының аумағын дамытуды кешенді түрде ұйымдастыруға бағытталған.

2015 жылы Орталық өңірдің өңіраралық схемасын, Оңтүстік өңірдің өңіраралық схемасын әзірлеу жалғасты және Қазақстан Республикасы Батыс өңірінің өңіраралық схемасын әзірлеу басталды, Алматы агломерациясының аумақтық даму өңіраралық схемасының негізгі ережелері әзірленді және бекітілді.

2016 жылы Орталық өңірдің өңіраралық схемасын, Оңтүстік өңірдің өңіраралық схемасын, Астана агломерациясының өңіраралық схемасын және Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын түзету бойынша әзірлеу аяқталды. Батыс өңірінің өңіраралық схемасын әзірлеу жалғасты және Ақтөбе мен Шымкент агломерацияларының аумақтық өңіраралық дамытудың схемасын әзірлеу басталды.

2017 жылы Батыс өңірдің өңіраралық схемасы мен Ақтөбе және Шымкент агломерациялары аумақтық дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу аяқталды.

Мемлекеттік қала құрылысы кадастры Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық-құқықтық кадастрлар жүйесіне кіреді және Қазақстан Республикасының аумағындағы бұрынғы, қазіргі таңдағы және болашақтағы құрылыс объектілерінің ахуалын, ғимараттар мен құрылыстардың кіші архитектуралық формалардың және абаттандыру элементтерінің, сонымен қатар Қазақстан Республикасының елді мекендер аумақтарын дамыту және салу туралы, функционалдық аймағына сәйкес объектіге және аумаққа қажет деректер, олардың қазіргі таңдағы және болашағын белгілеу, топографиялық-геодезиялық, инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық және сейсмикалық жағдайлары, инженерлік қамтамасыз етуі туралы ақпараттар болуы қажет.

Республикалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры 2011-2012 жылдар аралығында құрылды және тәжірибелік қолданысқа енгізілді.

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
32-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік ақпараттық қор болып табылатын мемлекеттік қала құрылысы кадастры, өзектендірілген және нақтыланған деректермен қамтылуы қажет.

Базалық деңгейдегі Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (МҚҚК ААЖ) толыққанды қалыптастыру және жүргізу үшін аумақты пайдалануды және құрылыс салуды мониторингілеу мақсатында елді мекендердің инфрақұрылым объектілерін түгендеу қажет (базалық деңгейдің цифрлық негізін құру).

Осыған орай, 2018 жылы Көкшетау қаласында - 1 136 гектар, Павлодар қаласында - 2 800 гектар, Шымкент қаласында – 2 855 гектар, Петропавловск қаласында - 1 880 гектар, Ақтөбе қаласында – 1 710 гектар, Қызылорда қаласында – 1 200 гектар, Тараз қаласында – 1 400 гектар, Орал қаласында – 800 гектар құрылыс салынған аумақтарда жерасты және жерүсті коммуникацияларына түгендеу жұмыстарын жүргізу көзделеді.

Жұмыстарды орындау нәтижесінде барлық коммуникациялардың орналасқандығы туралы егжей-тегжейлі мәліметті қамтитын АИЖ МҚҚК (электрондық карта) геоақпараттық қор жүйесі құрылады. Коммуникацияны түгендеу нәтижелері барлық коммуналдық қызметтермен және инженерлік коммуникациялардың теңгерімін ұстаушылармен келісіледі.



1.2) Негізгі проблемаларды талдау

Нормативтік базаны, бақылау және қадағалау, сондай-ақ сәйкестікті бағалау жүйесін қамтитын құрылыс саласындағы техникалық реттеудің ескірген және тиімсіз жүйесі Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа интеграциялануы жолындағы елеулі кедергілердің бірі болып табылады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының құрылыс саласын техникалық реттеудің барлық жүйесін түбегейлі қайта қарау қажет.


1.3) Тәуекелдерді басқару

Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Қала құрылысы мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін пайдаланушылардың бұрыс ақпарат ұсынуы

Ақпараттық деректердің жинақталуы мен толтырылуына бақылауды күшейту


Тұрғын үй құрылысы саласы

1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Құрылыс саласы Қазақстан Республикасы экономикасының белсенді дамушы салаларының бірі болып табылады және әрі елдің және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етеді. Тұрғын үй құрылыс саласы басым секторлардың бірі болып табылады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 979,8 миллиард теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2016 жылғы көрсеткіштен 11,6%-ға артық, соның ішінде мемлекеттік инвестициялар 154,0 млрд. теңгені құрады.

2017 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2016 жылмен салыстырғанда 6,2 %-ға артып, 11 167,9 мың шаршы метрді құрады. Тұрғын үйдің көп бөлігін – 9 367,7 мың шаршы метрін немесе 84,0 %-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде тұрғындар 4 322,2 мың шаршы метрді пайдалануға берді, бұл пайдалануға берудің жалпы көлемінің 38,7%-ын құрайды.














2015 - 2017 жылдар ішінде тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі (млрд. теңге)






2015 - 2017 жылдар ішінде пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттары (млн. шаршы метр)




Барлығы республика бойынша 100 812 бірлік тұрғын үй, оның ішінде 27 908 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді. Мемлекеттік инвестициялар есебінен жылдың қорытындысы бойынша 25 мың пәтер (25%) іске қосылды.

Құрылыс жұмыстары көлемінің өсуіне бірінші кезекте «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат және Үкімет пен Ұлттық банктің дағдарысқа қарсы іс шаралары негіз болды.

Бюджет қаражаты есебінен жоспардағы 323,7 мың шаршы метрден 386,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, соның ішінде: кезектегілер үшін 43,2 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу мүмкіндігінсіз 146,5 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй, жас отбасылар үшін 44,9 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй, «ҚИК» АҚ-ның 80,0 мың шаршы метр тұрғын үйі, Қарағанды облысындағы бұзылу аумағынан тұрғындарды көшіру үшін 65,7 мың шаршы метр тұрғын үй, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға бағдарламасы шеңберінде 6,0 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Нәтижесінде 2017 жылы 6,5 мыңнан астам адам тұрғын үй жағдайын жақсартты.

2017 жылдан бастап «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы іске асырыла басталды, оған қолданыстағы тұрғын үй құрылысының тетіктері және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жаңа кешенді тәсілдер интеграцияланды.

Мемлекеттік тұрғын үй саясатының артықшылығы тұрғын үй құрылысын тікелей қаржыландырудан бюджеттен тыс қаржыландыруға көшу болып табылады.

Жеке құрылыс салушылардың арзан кредиттік қаражатқа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін банктердің құрылыс салушыларға беретін кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені мемлекет тарапынан субсидиялау көзделген.

Халықтың төлем қабілетінің өсуін ынталандыру үшін субсидиялаудың пайыздық мөлшерлемесін қоса алғанда, коммерциялық банктердің ипотекалық кредиттеуін арзандату бойынша шаралар енгізілді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамытуды қолдау мақсатында «револьверлік» қағидаты бойынша бұрын бөлінген мемлекеттік инвестициялардың көлемі мен тұрғын үй жинақтарын пайдалану есебінен кредиттік тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайтылды.

Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жыл сайын қаражат бөлінуде.

Жеке тұрғын үй құрылысын қолдау үшін мемлекет бөлінген жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуді жалғасуда.

Бірыңғай электрондық деректер базасын құру арқылы жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандардың санын оңтайландыру жүргізіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласының шеңберінде Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдары әзірленді және 2016 жылғы 7 сәуірде қабылданды.

Тұрғын үйге халықтың қаражатын тартудың жаңа тетіктерін енгізу арқылы аталған заңдар үлескерлердің тәуекелін азайтады.

Бұл ретте үлестік тұрғын үй құрылысын ұйымдастырудың барлық тетіктері міндетті түрде тұрғын үй құрылысын аяқтауды және үлескерлерге оның үлесін беруді көздейді.


1.2) Негізгі проблемаларды талдау

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, бүгінгі күні бірқатар проблемалар шешілген жоқ, оның ішінде: жергілікті атқарушы органдар есебінде кезекте тұрғандардың тұрғын үймен толық қамтамасыз етілмеуі, тізімдік түгендеу жүргізу қажеттілігі, құрылыс индустриясының тиімді нарығы қалыптаспаған, тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін жеке инвестициялардың белсенді тартылмауы.




1.3) Тәуекелдерді басқару

Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Мемлекеттік инвестициялар есебінен салынатын 1 шаршы метр тұрғын үй құрылысы құнының қымбаттауы

Мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету, оның ішінде: құрылысты индустрияландыру, озық технологияларды қолдану негізінде өзіндік құнын төмендету, үлгілік жобаларды қолдану және жобаларды қайта пайдалану, жалға берілетін тұрғын үй нарығын дамыту

Мердігерлік ұйымдардың шарттық міндеттемелерді орындамауы

Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет қатысатын компаниялардың мемлекеттік инвестицияларды мемлекеттік игеруіне және тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі тапсырманы орындауына мониторинг жүргізу


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (бұдан әрі – ТКШ) саласы

1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

ТКШ саласы өзара байланысты екі негізгі элементтен тұрады:

1) коммуналдық көрсетілетін қызметтердің негізгі тұтынушылары болып табылатын көп пәтерлі тұрғын үйлерді (бұдан әрі – КТҮ) және жеке үй құрылыстарын қамтитын тұрғын үй секторы;

2) желілер мен құрылыстардан (жүйелерден) тұратын, жылумен, сумен қамтамасыз етуді және су бұруды қамтитын коммуналдық сектор.



Тұрғын үй секторы.

Статистика комитетінің деректері бойынша 2014 жылы республиканың тұрғын үй секторының жалпы алаңы 336,9 млн. шаршы метрді құрайды, оның ішінде 328,9 млн. шаршы метр немесе 97,6% тұрғын үй жеке меншікке тиесілі, 2015 жылы - жалпы алаңы 340,6 млн. шаршы метр, оның ішінде 332,4 млн. шаршы метр немесе 97,5% тұрғын үй жеке меншікке тиесілі, 2016 жылы - жалпы алаңы 342,6 млн. шаршы метр, оның ішінде 334,5 млн. шаршы метр немесе 97,6% тұрғын үй жеке меншікке тиесілі. 

Жаңа тұрғын үйді пайдалануға берумен қатар тұрғын үй қорының тозу процесі жүруде.

Осы мақсатта Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.

Бағдарлама тетігінде республикалық бюджеттен қаражат бөлу арқылы қайтарымдылық шартымен мемлекет қатысатын, мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайту жолымен кондоминиум обьектілерінің ортақ мүлкін жөндеу көзделген.

Өңірлерді дамыту бағдарламасын іске асыру нәтижесінде жөндеуді талап ететін кондоминиумдар объектілерінің үлесі 2014 жылы – 27,7 %, 2015 жылы – 27,1%, 2016 жылы – 26,08%, 2017 жылы – 25% құрады.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде 2820 тұрғын үй жөнделді, тұратын халықтың баспана жағдайлары жақсартылды.
Коммуналдық сектор.

Жылумен жабдықтау. Екі құбырмен есептегенде жылу желілерінің жалпы ұзақтығы 12 мыңнан астам километрді құрайды.

«Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – Бағдарлама) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға айтарлықтай қаржы қаражатын бөлу көзделген.

Мемлекеттік бағдарлама бюджеттік кредиттеу және субсидиялау жолымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жеделдетіп жаңғыртуды көздейді.

Кредиттеу және субсидиялау арқылы 2015-2017 жылдарда жылумен, сумен жабдықтау және су бұру 3168 км желілерін, 34 қазандық және 89 су шаруашылық объектілерін салу және реконструкциялау жөніндегі 335 жобаны іске асыруға 203 млрд. теңге бөлінді.

Осы шараларды іске асыру нәтижесінде жылумен, сумен жабдықтау, су бұру желілерінің тозуы 65%-дан 60%-ға дейін төмендейді.

2018 жылы жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға (реконструкциялауға және салуға) 34,1 млрд. теңге, оның ішінде бюджеттік кредит беру арқылы 33,4 млрд. теңге және бюджеттік субсидиялау арқылы 0,7 млрд. теңге көзделген.

2018 жылдың сонына қарай жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің инженерлік желілерінің шамамен 250 километрін салу және реконструкциялау есебінен желілердің тозуы 57%-ға дейін төмендейді.


1.2) Негізгі проблемаларды талдау

Тұрғын үй секторы. Негізгі проблемалар халықтың КТҮ-ны күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша хабардар болуының төмендігі; тұрғын үй қорының тозушылығы; тұрғын үй шаруашылығы саласының мамандарының білім деңгейінің төмендігі болып табылады.

Коммуналдық сектор

Жылумен жабдықтау. Жылумен жабдықтау саласы Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатының негізгі рөлін атқарады.

Жылумен жабдықтау желілерінің жоғары тозуы бүкіл ұзақтығынан


57%-ы дан 100% тозған. Нәтижесінде, кейбір өңірлерде 30%-ға дейін жетіп, үлкен жылу шығыны орын алған.

Жылумен жабдықтау жүйелерінің тозуы авариялар мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмысында ақауларды ұлғайтуға, материалдық-техникалық ресурстардың жаппай қайта шығындалуына, энергия мен судың жоғары шығындарына әкеледі.

Республика бойынша тұрғын үй қоры 48%-ға барлық есептеу құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Нәтижесінде тұтынылған жылу энергиясы нақты есепке алынбайды.
1.3) Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Желілер мен объектідегі авариялар мен төзу өсімі

Салынған, реконструкцияланған, жаңғыртылған желілер мен объектілердің көлемін ұлғайту

Шекті дәрежеге дейін күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум обьектілері өсуінің ұлғаюы

Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің күштерiмен кондоминиум объектілерінде күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде кондоминиум объектілерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу




Халықты ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету саласы

1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы


28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы (бұдан бұрын 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы) іске асырылады.

Бағдарламаның іске асырылуын талдау нәтижесінде орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қолжетімділіктің серпінді өсуі байқалды. 2015 - 2017 жылдар аралығында 158,7 млрд. теңге сомасына 372 сумен жабдықтау және су бұру жобасы іске асырылды.

Сондай-ақ «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Ұлттық қордан сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу мен реконструкциялауға 2015 жылдан 2017 жылға дейін ұлттық қордан 178 жобаны іске асыруға 77,8 млрд.теңге бөлінді. Нәтижесінде 1933,3 км сумен жабдықтау және су бұру желілері салынып, реконструкцияланды.

Екі бағдарламаны іске асырудың жиынтық әсерінің нәтижесінде 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалалардағы орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік 2015 жылғы 87% тен 93,8%-ке өсті, ауылдардағы орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік 2015 жылғы 52,3%-тен 57,4%-ке, 2015 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 6,8% және 5,1%-ға өсті.

2015 - 2017 жылдар аралығында барлығы 7,5 мың километрден астам сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды және жаңғыртылды.

Бұл ретте, орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділіктің төмен көрсеткіштері: Павлодар (23,8 %), Қостанай (30,8 %), Батыс-Қазақстан облыстарының ауылдарында (40,4 %) және Жамбыл (84,8 %) және Ақмола облыстарының (86 %) қалаларында байқалады.

Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы республикада 73 636,4 километрді құрайды. Су құбыры желілерінің орташа тозуы 45,4 %. Желіге берілген барлық судан ысырап болғаны және есепке алынбаған шығыстары 11 % құрайды.

Сорғы станцияларының жалпы саны – 4 985. Республика бойынша 337 су тазалау құрылысы бар. Республика бойынша пайдаланушы ұйым бар: 848 – сумен жабдықтау және 298 су бұру бойынша қызмет көрсетуші мекеме бар.

Республикадағы кәріз желілерінің жалпы ұзақтығы 15 981,5 километрді құрайды. Кәріз желілерінің орташа тозуы 61 %-ды құрайды. Ағынды сулардың нормативтік-тазартылған деңгейі 91,1 %-ды құрайды.

Кәріз-сорғы станцияларының жалпы саны 1 348 құрайды. Республика бойынша 192 кәріз-тазарту құрылысы бар.

2015 жылғы 15 маусымда сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің сапасын арттыруға, осы саладағы құқықтық реттеудегі жетіспеушілікті және фрагментарлықты жоюға, сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыруға, республиканың индустриялық-инновациялық дамуының негізгі бағыттарының бірі болып табылатын осы салада энергия және ресурстарын үнемдеу технологияларын пайдалануға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Мемлекеттік бюджетке жүктемені төмендету мақсатында су арналарының мемлекеттік-жекешелік әріптестікке көшу жұмысы жүргізілуде. Осы мақсаттар үшін қажетті құқықтық негіздер әзірленді. Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 35-тармағын орындау шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін сенімгерлік басқаруға және концессияға беру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары жоспарын (жол картасы) орындау мақсатынды Министрлік ТКШ саласында МЖС тетігі бойынша іске асыруға жоспарланған 33 жобанын тізбесін бекітті, оның ішінде 21-і сумен жабдықтау және су бұру бойынша.

Сондай-ақ, 2016 жылдан бастап мемлекеттік қолдаудың жаңа механизмі жүргізілуде – жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысын және реконструкциялауды субсидиялау. Субсидиялаудың негізгі мақсаты қаржы институттарынан қарыз тартатын ТМС қолдау, қарыздардың коммуналдық қызметтердің тарифіне ықпалын төмендету болып табылады. Субсидиялау жоба құнының 50%-ын құрай алады.

Субсидиялар құны қымбат шығындарды, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына, жабдық сатып алуға және ТЭН, ЖСҚ әзірлеуді, техникалық және авторлық қадағалауды қоса алғанда, техникалық жетекшілік етуге арналған шығындарды өтеуге ұсынылады.

Бұдан басқа, Әріптестік туралы негіз келісімге сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарымен кредиттік келісім-шарттарға сәйкес дайындалған басымды инвестициялық жобаларды іске асыру жүргізілуде.

Аталған жобалардың қатысушылары ХҚҰ қарыздарын тартушы мемлекеттік коммуналдық ұйымдар болып табылады.

Жалпы, ХҚҰ қарыздарын тарту арқылы 28,648 млрд.теңге сомасына 13 жоба іске асырылды (Шымкент, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Петропавл, Тараз, Семей, Өскемен).

1.2) Негізгі проблемаларды талдау

Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы негізгі проблемалар:

1) су құбырлары желілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы (25 жыл нормативтік пайдалану мерзімін ескере отырып, сумен жабдықтау желісінің 54,6%-ы жұмыс істеп тұр, ал 45,4%-ы күрделі жөндеуді немесе толығымен алмастыруды қажет етеді);

2) ресурстарды тұтынуды есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етудің төмен деңгейі;

3) саланың технологиялық артта қалуы, оның ішінде энергия және ресурс үнемдейтін инновациялық технологиялар мен іс-шараларды қолдану практикасының нашар болуы;

4) бюджеттен тыс көздерден желілерді және құрылыстарды реконструкциялау бойынша жобаларды қаржыландыру көлемдерінің жеткіліксіз болуы;

5) сектордың инвестициялық тартымдылығының әлсіз болуы.
1.3) Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Объектілердің уақытында пайдалануға берілмеуі

Бюджетті жоспарлау сапасын, оның ішінде жергілікті бюджеттен міндетті түрде ортақ қаржыландыра отырып күшейту. Бюджетті нақтылау кезінде өзгерістерді уақытылы енгізу.

Жобаларды іске асыру бойынша мониторингті күшейту.



Сумен жабдықтау көздерінің жеткіліксіздігі

Облыстар әкімдіктерінің іздеу-барлау жұмыстарын уақтылы жүргізуі.

Жобаларды қаржыландыруға іріктеу кезінде ашық су ресурстарын және топтық су тартқыштардың қолданылуып бақылау бөлігінде ҚР АШМ-мен өзара іс-қимылды күшейту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет