Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің



жүктеу 80.71 Kb.
Дата11.11.2018
өлшемі80.71 Kb.


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрлігі жауапты хатшысының


2017 жылғы «___» __________

№ ____ бұйрығына қосымша


«Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрлігі жауапты хатшысының


2017 жылғы «27» сәуірдегі № 247 бұйрығымен бекітілген»

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

Қаржы департаменті

туралы Ереже

1. Жалпы ережелер
1. Қаржы департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Министрліктің жауапты хатшысымен бекітіледі.

4. Департамент:

1) Индустриялық-инновациялық даму саласында бюджеттік жоспарлау басқармасы;

2) Транспорт және коммуникация саласында бюджеттік жоспарлау басқармасы;

3) Бюджеттік бағдарламаларды орындау басқармасы;

4) Талдау және бюджеттік бағдарламаларды бағалау басқармасы;

5) Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасы.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
5.Міндеті: Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамасына сәйкес Министрліктің бюджетті жоспарлауды жүзеге асырады.

Функциялары:



        1. Министрлік жетекшілік ететін салаларда алдағы үш жылдық кезеңдегі республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру/нақтылау;

        2. әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлерге, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мәніне, бюджеттік және өзгеде Қазақстан Республикасы заңнамаларының қолданыстағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарына және олардың табиғи нормалар сәйкестігіне Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің бюджеттік өтінімдері мен стратегиялық жоспардың жобаларын қарастыруды жүзеге асырады;

        3. бюджеттік инвестициялық жобалардың тізілімін қалыптастыруына, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырылуын мониторингілеу және бағалауына қатысу;

        4. жоспарлы кезеңде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің бюджеттік өтінімдерін қарастыру үшін жұмыс тобының отырысын жүргізуді ұйымдастыру;

        5. жоспарлы кезеңде бюджеттік өтінімдердің жиынтығын және бюджеттік заңнамалар мен қағидаларға сәйкес оларды тиісті жылға қалыптастыру сондай-ақ бюджетті жоспарлау бойынша уәкілетті органға уақтылы ұсыну;

        6. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен арқылы тиісті кезеңге арналған бюджеттік бағдарламаларын қалыптастыру және бекіту бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;

        7. бюджетті жоспарлау бойынша уәкілетті органға Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп бюджеттік өтінімдерді қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асыру;

        8. бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне әдістімелік және прктикалық көмек көрсету;

        9. Министрліктің іске асырылатын әр бюджеттік бағдарламалары бойынша жинақтаушы талдамалық ақпаратты жүргізу;

        10. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын әзірлеуге қатысу.

  1. Міндеті: Бюджетті орындауын мониторингілеу және үйлестіру

Функциялар:

        1. «Бюджеттік бағдарлама көрсеткіштері мен мақсатына жету тиімділігі» бағыты бойынша Министрліктің жыл сайынғы тиімділік қызметін бағалау аясында ақпарат дайындау және Министрліктің интернет – ресурсында жариялау;

        2. Министрліктің штаттық кестесінің жиынтық жобасын дайындау;

        3. Министрліктің қаржыландыру жоспарларының жүзеге асыру және бюджетті орындау бойынша уәкілетті органға ұсыну;

        4. жеке қаржыландыру жоспарларына және жиынтықтарға өзгерістерді енгізу мен бюджетті орындау бойынша уәкілетті органға ұсыну;

        5. Орталық уәкілетті ұйымға бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарлама), республикалық бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру мониторинг нәтижесі туралы бюджеттің айлық, тоқсандық және жылдық есептерінің орындалуы бойынша құрастыру және ұсыну;

        6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорынан бөлінген жергілікті атқарушы органдарды дамытуға нысаналы трансферттерге бөлінген бюджеттік қаржыларды пайдалануын және шығыстарды мониторингілеуді жүргізу;

        7. Министірліктің құрылымды бөлімшелерімен бірге жұмыс өткізу және мемлекеттік ведомствалық бағынысты мекемеге бюджеттік қаражаттың толық және уақытылы игерілуін қамтамасыз ету.

        8. барлық бюджеттік бағдарламар бойынша бюджеттің орындалуы турлы Министрліктің басшыларына ақпараттарды ай сайын дайындау;

        9. орталық уәкілетті органдарға ай сайынғы бюджеттік қаржыларды игерілуін күту туралы есептерді жинау және ұсыну.

        10. міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалуын бақылауда жүзеге асыру;

        11. нысаналы трансферттерге бөлінген соманы ай бойынша жоғары тұрған төлем және төмен тұрған бюджеттің жеке жоспар қаржыландыруының сәйкестігіне тексеру.

        12. жергілікті атқарушы органдардан нысаналы трансферттерді игеру сомасына және пайдаланбаған (пайдалана алмаған) нысаналы трансферттердің қайтарылуын растайтын төленген есептердің көшірмесіне «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» № 4-20 тәртібінде нысаның түпнұсқасын жинақтау;

        13. нысаналы трансферттердің сомаларын түзету және нақтылау бойынша жұмыстар, нысаналы трансферттер бойынша нәтижелері туралы келісімдерге белгіленген бюджеттік тәртібіде заңнамалық қосымшалар мен өзгерістерді енгізу бойынша жұмыстар;

        14. Әр бюджеттік бағдармалар бойынша республикалық бюджеттің орындалуы туралы жылдық талдамалық есепті қалыптастыру бойынша жумыс жүргізу және бюджетті орындау бойынша уәкілетті органға ұсыну.

        15. Республикалық бюджетті орындау туралы Қазақстан Республикасы Сенат және Мәжіліс Парламентінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы тыңдалым есебіне материалдар дайындау;

        16. Бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағасы және мониторнгі бойынша есептерді құрастыру және жіберу.

        17. Заңды тұлғалардың жарғы капиталында мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру бағасы және мониторингі бойынша есептерді құрастыру және жіберу;

7.Міндеті: бухгалтерлік есеп және есептілік

Функциялар:



  1. еңбек демалысының сыйақысын төлеуі, уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақысы, демалысқа сауығу үшін жәрдемақысы, еңбек жалақысының уақтылы және сапалы аударымы және есептеуі; әлеуметтік салық, әлеуметтік төлемдер; жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы енгізулерді аудару және ұстау;

  2. Министрліктің келісім-шарттары мен техникалық ерекшеліктері оларға бекітілген тәртіпте енгізілген өзгерістерді есепке ала отырып, стратегиялық жоспарға, бюджеттік өтінімге сәйкестігін тексеру;

  3. Казначейлік органдарда тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін өнім берушілімен келісім-шарттарды тіркеу;

  4. дебиторлық және несиелік берешектер бойынша тіркеуді жүргізу;

  5. Шартты міндеттемелерді орындау мерзімі бойынша мониторингті жүзеге асыруды қамтамасыз ету; Үкімет қорынан қаржыларды аймақтарды дамытуға арналған нысаналы трансферттерді, жеке тұлғаларға трансферттерді уақтылы аудару;

  6. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен ұсынылатын орындалған жұмыстардың актілерін, ұсынылатын есептілік құжаттамалардың дұрыстығын және толықтығын тексеруді жүзеге асыру;

  7. Министрліктің шоғырландырылған бюджеттік және қаржылық есептілігін дайындау және бюджетті орындау бойынша уәкілетті органға ұсынуды жүзеге асыру;

  8. белгіленген мерзімде декларацияларды және тиісті есептерді статистика органдарына және салық органдарына ұсыну;

  9. Министрлікте синтездік бухгалтерлік және талдамалық есепті ұйымдастыру;

  10. бюджеттік қаржыларды дұрыс, мақсатты және тиімді жұмсауды бойынша мониторингпен қамтамасыз ету;

  11. Министрліктегі орталық аппараттың мүліктерін түгендеуді жүргізу;

  12. уәкілетті органға тиісті есептерді бекітілген мерзімде ұсыну.

8. Құқықтары мен міндеттері:

8.1.Департамент:



    1. Департаменттің құзыретіне кіретін белгіленген заңнамалық тәртіпте мәселелер бойынша түсініктемелерді ұсыну;

    2. Департаментке жүктелген құрылымдық бөлімшелерден және ведомстволық бағынысты ұйымдардан орындау үшін қажетті құжаттар, есептер, анықтамаларды және басқа да материалдырды сұрату және алу;

    3. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кенестерді ұйымдастыру және жүргізу;

    4. заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізу;

    5. құзыретіне және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

8.2. Департаменттің міндеттемелерді мыналар кіреді:

1) Министрліктің басшылығына Департаменттің құзыретіне кіретін Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісіне, жоғарыда тұрған және басқа да мемлекеттік органдардың мәселері бойынша материалдарды дайындауды жүзеге асырады;

2) Департаменттің құзыретіне кіретін өзгеде міндеттемелерді орындайды.

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

9. Департаменттің заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасы өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттігі бар.

10. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Директор басқарады.

11. Департамент Директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

12. Департамент Директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы және штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

13. Директор осы мақсатта:

1) Департаменттің құрамына кіретін Басқармалар басшыларының, өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Департаменттің құрамына кіретін Басқармалар туралы ережелерді бекітеді;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенті актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

14. Департамент Директоры Қазақстан Республикасы заңнамалығына сәйкес орынбасарлары бар.

15. Директор Департаментінің орынбасарлары:

1) өз өкілеттігі шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент Директоры болмаған кезеңде Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Департамент Директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

16. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал болмаған жағдайда оның орнын алмастыратын тұлға қол қояды.

17. Департамент директоры, оның орынбасары және Басқарма басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы болу керек және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауға жеке жауапты болады.

18. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіппен бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарында белгіленеді.

________________________






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет