Қазақстан Республикасы Инвестициялар және



жүктеу 339.67 Kb.
Дата17.02.2018
өлшемі339.67 Kb.


прямая со стрелкой 8
Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және

даму министрлігінің

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері

комитеті төрағасының

2017 жылғы _________

№ _____ бұйрығына

_____2-қосымша



Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігінің

2015 жылғы «_____»_____

№ ____ бұйрығының

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ




Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН


прямая со стрелкой 5прямая со стрелкой 6

БІР ПӘТЕРЛІК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР мен ОЛАРДЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРІН ЖОБАЛАУ

прямая со стрелкой 4


Проектирование одноквартирных жилых домов и их инженерных систем
ҚР ҚН 3.02-02-2017

СН РК 3.02-02-2017



прямая со стрелкой 2прямая со стрелкой 3


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан
Мазмұны
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

4 МАҚСАТТАР ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР

4.1 Нормативтік талаптардың мақсаттары

4.2 Функционалдық талаптар

5 ЖҰМЫС СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

5.1 Жалпы ережелер

5.2 Конструкцияның тіреу қабілеті мен сенімділігі бойынша талаптар

5.3 Өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар

5.4 Пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша талаптар

5.4.1 Аумақты жоспарлауға қойылатын талаптар

5.4.2 Көлемдік-жоспарлау шешімдеріне қойылатын талаптар

5.4.3 Қосалқы үй-жайлар

5.4.4 Санитариялық-гигиеналық талаптарды қамтамасыз ету

5.5 Инженерлік жүйелер мен қондырғылар

5.6 Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша талаптар

5.7 Қоршаған ортаны қорғау

6 ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР

6.1 Энергия тұтынуды үнемдеу

6.2 Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ

БІР ПӘТЕРЛІК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МЕН ОЛАРДЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРІН ЖОБАЛАУ







1

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ





1.1 Осы құрылыс нормалары адамдардың тұрақты тұруына арналған бір пәтерлік тұрғын үйлер мен олардың инженерлік жүйелерін (бұдан әрі - үйлер) жобалау үшін жер учаскесін жоспарлауға, көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

1.2 Осы құрылыс нормалары қайтадан салынатын және реконструкцияланатын немесе саны оннан аспайтын және бірнеше тұрғын блоктың олардың әрқайсысы іргелес блок (тар) ойықтарынсыз жалпы қабырғаға (жалпы қабырғаларға) ие, сондай-ақ жеке учаскеде орналасқан және жалпы пайдаланылатын аумаққа (бұдан әрі – оқшауландырылған үйлер) шығатын жері бар бір отбасының тұруына арналған дербес болып табылатын бірнеше тұрғын үй құрамындағы бір пәтерлік тұрғын үйлерге қолданылады.

1.3 Осы құрылыс нормалары көп пәтерлі тұрғын үй ғимараттарын жобалауға қолданылмайды.


2

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР



Осы құрылыс нормаларды қолдану үшін мынадай нормативтік құжаттар қажет:


«Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі «бұдан әрі – Кодекс);

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті;

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген Электр қондырғыларын орнату қағидалары (бұдан әрі - ЭҚҚ) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген);

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары» техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі бойынша техникалық регламент).



3

ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР




Осы құрылыс нормаларында мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

3.1 бір пәтерлі тұрғын үй – бір пәтерді және қажет жағдайда қосымша тұрғын үйді, қосалқы бөлімшені, шаруашылық жайды, сондай-ақ жеке еңбек қызметіне арналған қоғамдық мақсаттағы үй-жайды қамтитын тұрғын үй;

3.2 бірінші қабат – үйдің төменгі, жерүсті қабаты;

3.3 дербес тұрғын үй блогы – тұрғын блок:

өзге тұрғын блоктары үй-жайларының үстінде орналасқан үй-жайы жоқ;

өзге тұрғын блоктармен, ортақ кіретін жерлері, қосалқы үй-жайлары, шатырлары, үй асты қоймалары, коммуникациялық шахталары жоқ;

жылыту мен желдетудің дербес жүйелері, сондай-ақ жеке сырттан кіретін жері мен орталықтандырылған инженерлік жүйелердің сыртқы желілеріне қосылатын жері бар;

3.4 жерүсті қабаты – жердің жоспарлаған белгісінен төмен емес үй-жайдың еден белгісі бар қабат;

3.5 жертөле қабаты – үй-жайдың немесе бірінші жерасты қабаты биіктігінің жартысына қарағанда, жердің жоспарлық белгісінен төмен үй-жай еденінің белгісі бар қабат;

3.6 көпшілік мақсаттағы үй-жай – үйде тұратын адамдардың жеке еңбек қызметіне арналған тұрғын үйге жанастыра салынған немесе оған жапсарлас үй-жай;

3.7 қабат – аражабынның үстіңгі жағының немесе жер еденінің және олардың үстінде орналасқан аражабынның үстіңгі жағының арасындағы үй бөлігі;

3.8 оқшауланған тұрғын үй – осы құжаттағы екі немесе одан көп бір-біріне жапсарлас дербес тұрғын үй блогынан тұратын оқшауланған үй, олардың әрқайсысында пәтердің алдындағы учаскеге тікелей шығатын есігі бар;

3.9 пәтер алдындағы жер учаскесі – оған тікелей шығатын есігі бар тұрғын үйге жалғасқан жер учаскесі;

3.10 үй-жай – белгілі бір функционалдық мақсаты мен шектеулі құрылыс конструкциялары бар үйдің ішкі кеңістігі;

Ескертпе – Әртүрлі үй-жайдың мақсатын сипаттайтын терминдер (мысалы, жатын бөлме, ас бөлме, ванна бөлмесі, дәліз, қойма және т. б.), жалпы қабылданған болып табылады және мұнда келтірілмейді. Үй-жайдың мақсаты үй жобасында көрсетіледі.

3.11 цокольдық қабат – үй-жай биіктігінің жартысынан аспайтын биіктіктегі жердің жоспарлық белгісінен төмен үй-жай еденінің белгісі бар қабат.



4

МАҚСАТТАР ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР




4.1

Нормативтік талаптардың мақсаттары

Нормативтік талаптардың мақсаттары – бір пәтерлі тұрғын үйлер мен олардың инженерлік жүйелерінің олардың барлық пайдаланылу кезеңінде қауіпсіздігін, адамдардың өмірі мен денсаулығын және мүлікті қорғау мақсатында тіреу конструкцияның беріктігін, өрт ошағының туындау мен тарау ықтималдығының алдын алуды, сонымен қатар энергетикалық тиімділік пен ресурс үнемдеуді ескере отырып, тұру үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ету.






4.2

Функционалдық талаптар







4.2.1 Бір пәтерлі үйлерде ғимаратты пайдалану барысында адамдардың тұруына оңтайлы көлемдік-жоспарлау шешімдерді қабылдау, аумақты көріктендіру және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау арқылы тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыруға жол бермеуді қамтамасыз ете отырып қолайлы жағдай жасау қажет.

4.2.2 Үйлер мен инженерлік жүйелерді орнықтылық пен механикалық беріктікті қамтамасыз ете отырып, тіреу конструкцияларға болжамдық жүктемелер тіркесімінің әсерін ескере отырып жобалау және салу керек.

4.2.3 Өрттің туындауының алдын алу мақсатында үйлерді өрттің таралуын ескерту және алдын алу шараларын, халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарын қоса алғанда, адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды ұйымдастыруды ескере отырып жобалау керек.

4.2.4 Үйлерді жер сілкіну мен басқа да табиғи-техногендік оқиғалар кезінде тіреу конструкциялардың механикалық беріктігі мен орнықтылығы қамтамасыз етілетіндей салу керек.

4.2.5 Үйлерді және олардың инженерлік жүйелерін қажет жағдайда мүмкіндігі шектеулі адамдардың келуіне қолжетімділік пен жайлылық жасауды ескере отырып жобалау және салу керек.

4.2.6 Инженерлік жүйелер объектіні салу және пайдалану кезінде энергетикалық және табиғат ресурстар шығынын барынша азайтатындай етіп жобалануы тиіс.

4.2.7 Канализацияның және сумен қамтамасыз етудің инженерлік жүйелері топырақтың және қоршаған ортаның ластануына, үй-жайға судың енуіне және қабырғаның ішкі беттерінде және конструкцияда сұйықтықтың түзілуіне жол бермеуі тиіс.

4.2.8 Үйлер мен инженерлік жүйелер құрылыс аймағын және жергілікті табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ескере отырып жобалануы тиіс.

4.2.9 Үйлерді табиғи ландшафт пен қоршаған ортаны барынша ықтимал сақтауды ескере отырып жобалау және салу керек.


5

ЖҰМЫС СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР




5.1

Жалпы ережелер







5.1.1 Үйлерді жобалаған және салған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің және тұрғын үйге және қоғамдық ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау керек.

5.1.2 Үйде және жер учаскесін де рұқсатсыз басып кіруден қорғайтын қажетті шараларды қарастыру керек.

5.1.3 Үйлерді салуды осы құрылыс нормаларының талаптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 443) тармақшасына сәйкес бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы басқа да мемлекеттік нормативтердің (бұдан әрі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

5.1.4 Үйлер мен шаруашылық құрылыстарды учаскеде орналастыру, олардан іргелес учаскедегі құрылысқа дейінгі қашықтық, сондай-ақ қоғамдық мақсаттағы, оның ішінде иенің жеке кәсіпкерлік қызметіне байланысты жайларға жанастыра салынған немесе жапсарлас үй-жайдың құрамы, мақсаты мен ауданы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына, сондай-ақ жобалау мен салу бойынша нормативтік құжаттарға, іргелес үйлер (тұрғын блоктар) тұрғындарының құқықтары қорғалатын заңнамадан шығатын талаптарға сәйкес келуі тиіс.






5.2

Конструкцияның тіреу қабілеті мен сенімділігі бойынша талаптар







5.2.1 Үйдің негізі мен тіреу конструкциялары оны салу барысында және пайдаланудың есептік жағдайында мынадай мүмкіндік болмайтындай етіп жобалануы және салынуы тиіс:

үйді пайдалануды тоқтату қажеттігіне алып келетін конструкцияның бұзылушылығы немесе зақымдалу;

жалпы деформацияның немесе жарықтың пайда болу салдарынан конструкцияның немесе үйдің пайдалану қасиетінің жол берілмейтін нашарлауы.

5.2.2 Үйдің конструкциялары мен негізі мынадай жүктемелер мен әсерлердің әсеріне есептелуі тиіс:

тіреу және қоршау конструкцияларының өзінің салмағынан келетін тұрақты жүктемелерге;

жабынға уақытша біркелкі таратылған және жинақталған жүктемелерге;

құрылыстың осы ауданындағы қар салмағына;

құрылыстың осы ауданындағы желден келетін салмақтарға және т. б.

5.2.3 Үйлерді сейсмикалық аудандарда, сондай-ақ басқа күрделі геологиялық жағдайларда отыратын топырақпен толықтырылған аумақта орналастырған кезде тиісті сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес қосымша талаптарын ескеру керек.

5.2.4 Үйдің іргетастары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес қарастырылған топырақтың физикалық-механикалық сипаттамаларын, құрылыс алаңындағы гидрогеологиялық режимнің сипаттамаларын ескере отырып жобалануы тиіс, сондай-ақ іргетастарға және жерасты инженерлік желілерге қатысты топырақ пен жерасты суларының жемірлік деңгейлері де үй элементтерінің астындағы негіз шөгіндісінің біркелкі қажеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.

5.2.5 Оның беріктігі, сенімділігі, орнықтылығы және жалпы үй қызметінің мерзімі анықталатын үйдің тіреу конструкциясы өз қасиетін қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жол берілген шекте сақтауы тиіс.

5.2.6 Жөндеу аралық мерзімді тиісті ұлғайту немесе азайту кезінде ірілі-ұсақты ұзаққа шыдайтын элементтерді қолдану туралы шешім техникалық-экономикалық есеппен қабылдануы керек.

5.2.7 Конструкциялар мен бөлшектер қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес ылғалдың, төмен температураның, жемір ортаның, биологиялық және басқа да қолайсыз факторлардың ықтимал әсеріне беріктікке ие материалдардан орындалуы тиіс.

Қорғаныс құрамы мен жабындар қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қажетті қолданылуы тиіс.

5.2.8 Құрама элементтер мен қабатты конструкциялардың түйісетін қосылыстары негіздің әркелкі шөгіндісі немесе басқа пайдалану әсерлері кезінде туындаған температуралық-ылғалдылық деформация мен күш түсу әсеріне есептелуі тиіс. Түйіспе жерлерде қолданылатын тығыздаушы және бітеуші материалдар қолайсыз температуралар мен сулану әсерлерінде беріктік және жабысқақтық қасиеттерін сақтап, ультракүлгін сәулелерге төзімді болуы тиіс. Бекіту материалдары олардың түйіскен жерлерінде конструкцияның қорғаныс және қорғаныс-декоративтік жабынмен үйлесуі тиіс.

5.2.9 Үйлерді салған кезде тексеру, техникалық қызмет көрсету, жөндеу мен ауыстыру жұмыстары үшін қондырғыларға, арматураға және инженерлік жүйелер аспаптарына қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.

5.2.10 Адамдардың құлауының алдын алу үшін баспалдақтар, балкондар, лоджиялар, террасалар, шатырлар қоршау конструкциясындағы және басқа да қауіпті жерлердегі биіктік (деңгей) биіктігі берік және сенімді болуы тиіс.





5.3

Өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар







5.3.1 Үйлерді жобалаған кезде Өрт қауіпсіздігі бойынша техникалық регламенттің талаптарын ескеру керек.

5.3.2 Бір пәтерлі тұрғын үйлерді Өрт қауіпсіздігі бойынша техникалық регламенттің талаптарына сәйкес функционалдық өрт қауіптілігінің Ф1.4 сыныбына жатқызу керек.

5.3.3 Үйлердің, сондай-ақ басқа құрылыстардың арасындағы өртке қарсы қашықтықтар Өрт қауіпсіздігі бойынша техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Тұрғын үйдің әрбір жер учаскесін жеңіл көліктің және құтқару қызметі машиналарының жүретін жолын қарастыру керек.

5.3.4 Жапсарлас тұрғын блоктарды өртке қарсы қабырғалармен бөлу қажет.

5.3.5 Дербес эвакуациялық шығатын жерде үй тұрғындарының жеке кәсіпкерлік қызметіне байланысты қоғамдық мақсаттағы үй-жай, сондай-ақ, егер оларда газ тәрізді немесе сұйық отындағы жылу генераторын орналастырса және (немесе) осындай отынды сақтаса, жертөлелік үй-жай немесе цокольдық қабат болуы тиіс.

5.3.6 Үйдің екі қабатты биіктігі кезінде ішкі ашық, бұранда және жүру сатылары бар баспалдақтарды эвакуациялық ретінде пайдалану керек, бұл жағдайда баспалдақтардың отқа төзімділік шегі мен өрт қауіптілік сыныбы, сондай-ақ оның ені мен еңісі реттелмейді.

5.3.7 Оқшауланған үйлерді жобалаған және салған кезде оттың іргелес тұрғын үй блоктарына және өртке қарсы кедергілерді қоспағанда, өрт бөліктеріне таралуын болдырмау үшін шаралар қабылдануы тиіс.

Тұрғын үй блоктарын бөлетін өртке қарсы қабырғалар өртке қарсы қабырға мен жабын арасындағы, сондай-ақ өртке қарсы қабырға мен өртке қарсы қабырғаның барлық қалыңдығына жанбайтын материалмен тығыз толтырылған қабырға қаптамасы арасындағы саңылау шартымен жабын мен қабырғаның сыртқы қаптамасын кесіп өтпеуі мүмкін.

5.3.8 Гараж бен тұрғын үй-жайының арасындағы есік өздігінен тығыз жабылатын құрылғымен жабдықталуы тиіс және ұйықтайтын үй-жайға шықпауы тиіс.

5.3.9 Үйдің құрылыс конструкциялары жанудың жасырын таралуына мүмкіндік туғызбауы тиіс.

5.3.10 Тұрғын үй-жайларды Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын өрт қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін дербес оптикалық-электрондық түтіндік өрт хабарлағыштармен жабдықталуы тиіс.

5.3.11 Жылу генераторлары, оның ішінде қатты отынды пештер мен алауошақтар, пісіру плиталары және мұржалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес үйдің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін конструктивтік шешімді жүзеге асыра отырып орындалуы тиіс. Зауытта жасалған жылу генераторлары және пісіру плиталары өндіруші кәсіпорын нұсқаулықтарында болатын қауіпсіздік ескере отырып орнатылуы тиіс.

5.3.12 Газ алауошақтары зауытта жасалған болуы тиіс. Жану заттарын түтіндікке қайтару қарастырылуы тиіс. Алауошақтарды орналастыру және оларды қауіпсіздік автоматикасының газ жанғыш құрылғылармен жабдықтау өндіруші кәсіпорын нұсқаулығындағы талаптарды сақтай отырып жүргізілуі тиіс.

5.3.13 Электр қондырғылар осы тармақтың ережелерін ескере отырып, қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына жауап беруі, қорғаныс ажырату құрылғыларымен (ҚАҚ) жабдықталуы тиіс.

Құрылыс конструкцияларының тікелей бетінде немесе солардың ішінде жасырын монтаждалатын электр сым кабельмен немесе жануды таратпайтын қабығы бар оқшаулайтын сымдармен орындалуы тиіс.

5.3.14 Үйлерді жобалаған және салған кезде қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес сыртқы өрт сөндіру үшін сумен жабдықтау жөніндегі талаптар ескерілуі тиіс.

5.3.15 Бір пәтерлі тұрғын үйлерді салатын аумақтар өртке қарсы сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Өртке қарсы сумен қамтамасыз етудің сыртқы су құбыр желілері болмағанда, табиғи су көздері қолданылады немесе өрт су қоймалары орнатылады.






5.4

Пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша талаптар







5.4.1

Аумақты жоспарлауға қойылатын талаптар










5.4.1.1 Үйдің аумағын мынадай аймақтарға бөлуге рұқсат етіледі:

демалу және спортпен шұғылдану;

шаруашылық аймақ;

гүл өсіру және бақша аймағы (жер учаскесінің көлеміне және тапсырыс берушінің қалауына байланысты).

Бұл жағдайда аймақтар арасында функционалды өзара байланысты және олардың тұрғын үйінен қол жетімділікті, сондай-ақ тұрақ пен оған кіретін жердің (мүмкіндігінше, құрылыстың негізгі объектілермен қиыспайтындай) орынды орналасуын қамтамасыз ету қажет.

5.4.1.2 Шаруашылық құрылыстар мен қоқыс жинау және сақтау орындарын жалпыға көрінетін жерден жасырын түрде жобалау керек.

5.4.1.3 Жер учаскесін жоспарлау кезінде құрылыстың күрделілігін ескеру қажет.

5.4.1.4 Аумақты жайғастыру кезінде өсіп тұрған жасыл желектердің қолданылуын ескеру қажет.

5.4.1.5 Жер учаскесін қоршауда қолданылатын материалдар берік және сенімді болуы тиіс.

5.4.1.6 Жер учаскесі ландшафтында тіреуші қабырғаларды пайдалануды барынша аз пайдалану керек.

5.4.1.7 Аумаққа сыртқы жарықтандыруды орнатқанда, іргелес құрылысқа және жүретін бөлікке шағылысуды болдырмау керек.

5.4.1.8 Аумақ учаскесінде көлік құралдары тұратын аймақты қамтамасыз ету қажет.









5.4.2

Көлемдік-жоспарлау шешімдерге қойылатын талаптар










5.4.2.1 Үй сәулеті мен жоспарлау жөніндегі шешімді таңдалған учаскені аймаққа орналастыру, оның көлемі мен құрылысының нәтижесінде қабылдау керек және үй типімен, көлемімен, пішінімен ескеріледі.

5.4.2.2 Үйдің сәулет-жоспарлау қасиетін анықтайтын талаптар былайша бөлінуі тиіс:

функционалдық аймақтарға бөлу және үй-жай арасындағы байланыс;

бөлме үйлесімі мен олардың көлемдері;

қажетті табиғи жарықтандыру мен инсоляция;

ғимараттың жылу қорғанысы және т.б.

5.4.2.3 Үй-жайдың биіктігін үй-жай мақсатына және төбе еңісіне қарай қабылдау керек.

5.4.2.4 Баспалдақ маршының және пандустарының еңісі мен ені, саты биіктігі, баспалдақ бетінің ені, баспалдақ алаңының ені, баспалдақ, жертөле, пайдаланатын шатыр бойымен өтетін жердің биіктігі, еден деңгейлерінің айырмасы, сондай-ақ есік ойықтарының көлемі ыңғайлылық пен қауіпсіз қозғалуды, үйдегі үй-жай заттары мен жабдықтарды жылжыту мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Қажет болған жағдайда тұтқалар қарастырылуы тиіс.

5.4.2.5 Үй элементтерінің конструктивтік шешімдері (оның ішінде қуыстардың орналасуы, конструкция арқылы құбырларды өткізетін жерлерді бекіту әдістері, желдету саңылауларын орнату және жылу оқшаулауды орналастыру және т. б.) кеміргіштердің еніп кетуінен қорғаныс қарастыру тиіс.

5.4.2.6 Тұрмыстық газ жабдығымен жабдықталған асүйлер желкөздер, фрамугалар немесе желдету үшін орналасу күйінің бекітілуін қамтамасыз ететін аспаптармен жабдықталған терезелердің жармасы немесе таза сыртқа ауа тұрақты келетін клапандар арқылы таза ауаның келуін қамтамасыз етуі тиіс.

5.4.2.7 Санитариялық торапқа кіреберіс жерді тікелей үй-жайдан орнатуға жол беріледі.

5.4.2.8 Тұрғын үй мен қоғамдық мақсаттағы үй-жайлардағы кіреберіс есіктер күшейтілген болуы тиіс, ал оларды ашу сыртқа қарай болуы тиіс.

5.4.2.9 Балкондарды (лоджияларды) орналастыру кезінде үй-жайды қолдану қолайлығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек.

5.4.2.10 Үйді сыртынан әрлеу үшін жылу ысырабына кедергі келтіретін материалдар пайдаланылуы тиіс.

5.4.2.11 Бір деңгейден жоғары үйді жобалаған кезде жалпы түрінің үйлесімділігін қарастыру керек.

5.4.2.12 Қолданыстағы бірінші үйдің үстіне екінші деңгейдегі үйді салған кезде өтетін жолдар мен өткелдердің үстіне жоғарғы қабаттың көлемді бөліктерін салбыратып қоюға жол берілмейді.








5.4.3

Қосалқы үй-жайлар










5.4.3.1 Үш қабатты үйлердегі жертөлелік және цокольдық қабаттан шығатын сыртқы шыға беріс тұрғын бөліктің баспалдақ торымен жанаспауы тиіс.

5.4.3.2 Электр қалқанды тұрғын бөлменің астына орналастыруға жол берілмейді. Электр қалқанмен жапсарлас (жоспарда) орналасқан тұрғын бөлмелер үшін электр магниттік сәулеленуден қорғаныс қарастыру керек.

5.4.3.3 Шаруашылық үй-жай мен құрылыстардың мақсатын, құрамы мен ауданын елді мекендегі құрылыс салу нормаларымен анықтау керек.

5.4.3.4 Үй асты қоймасы мен жер қойманы жеке терең құрылыстарда немесе үйдің жертөле бөлігінің үй-жайында орналастыру керек.

5.4.3.5 Кіреберісті атмосфералық жауын-шашыннан қорғау үшін күнқағарды немесе басқа да құрылғыларды орнату керек.

5.4.3.6 Сыртында болатын тегістеме деңгейінен төмен, ойықтан төмен белгісі бар терезе маңы шұңқырлар мен кіретін жерлерді су бұруші борттармен жабдықтау қажет.

5.4.3.7 Негізгі кіретін есіктің кіреберіс алаңына шығатын тұрғын үйлердегі сыртқы баспалдақта жол берілетін еңіс болуы тиіс.

5.4.3.8 Сатылардың, алаңдардың көлденең беттерінде және кіреберіс пандусының еңіс беттерінде оларға атмосфералық жауын-шашын әсер еткенде кедір-бұдыр жабынды орналастыру керек. Глазурленген тақтаны және табиғи тастан жасалған жылтыратылған (тегістелген) тақталарды қолдануға тыйым салынады. Алаңдар мен басқыштарды табиғи таспен жасағанда қатты түрлерін таңдап, термиялық өңдеу керек. Басқыштар бүтін болуы тиіс.

5.4.3.9 Тікелей жылытылатын үй-жайға сыртқы кіретін жерді орналастырған кезде тамбур қарастыру керек.

5.4.3.10 Үйлерге шатыр орнатудың артықшылығы бар.

5.4.3.11 Сору желдеткішінің жүйесі болмаған жағдайда, шатырлар мен үй асты қоймаларын желдетуді қарастыру керек.

5.4.3.12 Су ағарды үй шатырынан жасау керек, сондай-ақ шатырларда электрмен қамтамасыз етудің ауа желілерінің радио-теледидарлық антенналары мен тіреуіштерін орналастыруды қарастыру қажет.

Сыртқы суағарды ұйымдастыру кезінде мұздың пайда болуы мен құлауын болдырмайтын шаралар қарастырылуы тиіс.

5.4.3.13 Үйдің негізгі үй-жайларына байланысқан дәліздерді, террасаларды немесе лоджияларды орналастыруды қарастыру керек.

5.4.3.14 Жатын үй-жайларының жанында монша-кір жуатын блоктарды орналастыруға жол берілмейді.








5.4.4

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету










5.4.4.1 Үйлерді жобалаған және салған кезде адам денсаулығы мен табиғат ортасын қорғаудың тұрғын үйге және қоғамдық ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін осы құрылыс нормаларымен белгіленген іс-шаралар қарастырылуы тиіс.

5.4.4.2 Жылдың суық мезгілінде өз еркімен ауа беретін ауа жылыту жүйесі микроклимат (температура, салыстырмалы ылғалдылығы және ауаның қозғалу жылдамдығы, үй-жайдың салдарлы температурасы) параметрлерінің жол берілген мәні үйдің үй-жайларын қамтамасыз етуге есептелінуі тиіс. Ауа баптау жүйелерін орнатқан кезде, оңтайлы параметрлер жылдың жылы мезгілінде Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес бекітілген Адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес қамтамасыз етілуі тиіс.

5.4.4.3 Желдету жүйесі санитариялық ережелерге сәйкес үй-жайлардағы ауа тазылығын (сапасын) және оның біркелкі келу мен таралуын ұстап тұруы тиіс.

5.4.4.4 Табиғи желдетуді қамтамасыз ету үшін үй-жайды желдету мүмкіндігі реттемелі желкөздер, фрамугалар, клапандар және т. б. арқылы қарастырылуы тиіс.

5.4.4.5 Құрылыс кезінде пайдаланылатын материалдар мен бұйымдар санитариялық ережелер мен қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.

5.4.4.6 Инженерлік-экологиялық іздестірулер деректері бойынша топырақ газдары (радон, метан, торин) шығатын жер телімдерінде үйлерді салған кезде топырақ газдарының топырақтан үйге енуін болдырмау үшін топырақпен жанасатын еден мен жертөле қабырғаларын оқшаулау шаралары санитариялық ережелер талаптарына сәйкес шоғырланымның азаюына септігін тигізетін шаралар қабылдануы тиіс.

5.4.4.7 Тұрғын үй-жайлардың сыртқы және ішкі қоршау конструкцияларын, ауа өткізгішті және құбырларды дыбыстан оқшаулау шуылдың сыртқы көздерінен, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құжаттар бойынша жол берілген деңгейден аспайтын инженерлік жүйелер жабдықтарынан шығатын дыбыс қысымын азайтуды қамтамасыз етуі тиіс.

5.4.4.8 Тұрғын бөлмелер мен асүйлерді табиғи жарықтандыруды қарастырылуы керек.

5.4.4.9 Көпшілік мақсаттағы жанастыра салынған үй-жайлар үшін табиғи жарықтандыру қажеттілігі ғимарат пен құрылысты жобалаудың қолданыстағы нормативтік құжаттар бойынша белгіленеді. Осы үй-жайларды табиғи жарықтандыру деңгейі Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес бекітілген Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

5.4.4.10 Үйдің қоршау конструкциясында жылу оқшаулағыш, сыртқы суық ауаның енуінен ауа оқшаулағыш және төмендегілерді қамтамасыз ететін сыртқы үй-жайдан су булары диффузиясынан буды оқшаулағыш болуы тиіс:

конструкцияның ішкі беттерінде қажетті температураны және үй-жай ішінде ылғалдың жиналуының болмауы;

конструкцияларда ылғалдың жиналуының алдын алу.

5.4.4.11 Үйдің үй-жайы жауын-шашынның, еріген судың, жерасты суының және судың тұрмыстық ағуларының енуінен қорғалған болуы тиіс.

5.4.4.12 Үйді ауыз сумен жабдықтау елді мекенді сумен жабдықтаудың орталықтандырылған желісінен қарастырылуы тиіс.



Орталықтандырылған сумен жабдықтаудың желілері болмаған жағдайда елді мекенді сумен жабдықтаудың жекеленген жерасты көздерінен ауыз сумен қамтамасыз ету мүмкін.

5.4.4.13 Ауыз су сапасы Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес бекітілген Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

5.4.4.14 Тұрғын үй-жайлар мен асүйді жер үсті қабаттарда орналастыру керек. Үй-жайдың ең төменгі жол берілген биіктікке аспалы немесе жалғанған төбелер құрылғысы әсер етпеуі тиіс.

5.4.4.15 Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және аулақтау жергілікті атқару органдары қабылдаған тұрғын үй қорын пайдалану ережелеріне сәйкес ұйымдастырылуы тиіс.

5.4.4.16 Төгетін су мен қатты қалдықтар аумақты және су деңгей жиектерін ластамай жойылуы тиіс.

5.4.4.17 Жер учаскелерін абаттандыру кезінде ағаш және бұтақты өсімдіктерді еккен жағдайда арақашықтықтың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес ғимараттардан, құрылыстардан, сондай-ақ инженерлік абаттандыру объектілерінен арақашықтықты сақтау керек.






5.5

Инженерлік жүйелер мен қондырғылар







5.5.1 Бір пәтерлі үйлердің инженерлік жүйелері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын сақтай отырып, жобалануы тиіс.

5.5.2 Үйлердің инженерлік жүйелері микроклимат пен үйдегі жылу жайлылығы параметрінің, оның санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамаларының, сондай-ақ осы құрылыс нормаларының талаптарына инженерлік қондырғылардың қауіпсіздік деңгейінің сәйкес келуін қамтамасыз етуі тиіс.

5.5.3 Инженерлік жүйелерде қолданылатын құрылғылар мен қондырғыларда, аспаптар мен арматураларда орнату мен пайдалану жөніндегі зауыт нұсқаулықтары болуы тиіс.

Жүйелерді монтаждаған кезде пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар оларға қатысты нормативтік құжаттар талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

5.5.4 Үйде шығынды тіркейтін немесе жинақтайтын аспаптар (есептегіштер) орнатылуы тиіс, оларды мыналарды анықтайды:

жылумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесінде жылуды қолдану көлемін;

газды немесе сұйық отынды қолдану көлемін;

суық және ыстық сумен қамту ету жүйелерінен суды қолдану көлемін;

барлық электр қабылдағыштар пайдаланған электр энергиясының көлемін.

5.5.5 Осы құрылыс нормалары бір пәтерлі үйлерді сумен жабдықтау бойынша төмендегідей талаптарды ұсынады:

елді мекенді ауыз сумен орталықтандырылған сумен жабдықтау желісінен немесе сумен жабдықтаудың жеке жерасты көзінен қамтамасыз ету;

қондырғыларды, арматураны, аспаптарды және сумен жабдықтау жүйесінің құрылғыларын тексеру, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және ауыстыру үшін қолжетімді болуы.

5.5.6 Үйді сумен жабдықтау жүйесі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес үйде судың талап етілетін шығынның берілуін қамтамасыз етуі тиіс.

5.5.7 Үйді сумен жабдықтау жүйелерін, сондай-ақ үйден құбыр шығарған және аспаптар орнатқан кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтің жалпы талаптары және осы құрылыс нормаларының талаптары сақталуы тиіс.

5.5.8 Сумен жабдықтау желілерінің гидравликалық есебін, полимерлік материалдардан жасалған құбырларды жобалауды және монтаждауды сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асыру керек.

5.5.9 Сейсмикалық аудандарда салынған үйлерде олардың жылжуы өртке немесе жарылысқа алып келуі ықтимал агрегаттар мен аспаптар (мысалы, газды су жылытқыштар) сенімді бекітілуі тиіс.

5.5.10 Сарқынды суларды ағызып жіберу үшін орталықтандырылған, жергілікті немесе жеке, оның ішінде күрелген, сіңіретін немесе санитариялық жеке биоөңдеуші кәріз жүйесі қарастырылуы тиіс.

5.5.11 Бір пәтерлі үйдің кәріз жүйесі орталықтандырылған немесе топтық сыртқы желіге қосылуы, ал олар болмағанда бөлек орнатылуы тиіс.

5.5.12 Кәріз жүйесін жобалаған және орнатқан кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерінің талаптары сақталуы тиіс.

5.5.13 Жұмысқа төмен температураның кері әсер етуі ықтимал қондырғылар мен құбырлар олардың әсерінен қорғалған болуы тиіс.

5.5.14 Сарқынды суларды ағызу кезінде кәріздің дербес жүйесінде сүзгі қондырғысын қарастыру керек.

5.5.15 Кәріз аймағында дәретхана, қазба шұңқырлар мен септиктер орнатуға болмайды.

5.5.16 Кәріз жүйесіне люфт-клозеттерді немесе биодәретханаларды орнатқанда, нәжіс жиналатын және оны шығаратын орындарды орналастыру қажет.

5.5.17 Су жыралары мен құбырларды төсегенде, жерасты суларын, төсеу орнын және топырақ түрін ескеру керек.

5.5.18 Үйлерді өңдеуге, отыруға және аяздан ісінуді қоса алғанда, сейсмикалық әсерге ұшыраған күрделі геологиялық жағдайдағы аудандарда салған кезде, инженерлік коммуникацияларды қосу негіздердің ықтимал жылжуын өтеу қажеттілігін ескере отырып орындалуы тиіс.

5.5.19 Жылыту жүйесі жылуды адамдар тұрақты болатын барлық тұрғын бөлмелерде және басқа үй-жайларда микроклиматтың қажетті параметрлері қамтамасыз етілетіндей таратуы тиіс.

5.5.20 Үйдің жылыту жүйесін жобалау үй-жайдың ауасын біркелкі жылытуды қамтамасыз ету қажеттілігін, жылумен қамтамасыз ету жүйесінің гидравликалық және жылу тұрақтылығын ескере отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүргізілуі керек. Бұл жағдайда өрт қауіпсіздігін және жүйені пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету шаралары қарастырылуы тиіс.

5.5.21 Үйдің жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін қолмен немесе автоматты түрде реттеуді қарастыру керек.

5.5.22 Еденнің су жылуын есептеуді, қажетті түрін таңдауды, сондай-ақ орнатуды оның жүктемесін ескере отырып жүзеге асыру ұсынылады.

5.5.23 Экономикалық мақсаттылық кезінде электрлік жылыту қондырғысы қолжетімді.

5.5.24 Алауошақты орнатқанда, оның орналасу орнын, конструкциялық ерекшелігі мен үй-жайдың әрлеуін ескеру керек.

5.5.25 Мұржа конструкциясы бөлініп шығатын газдың жоғарғы температурасына төзімді, өрт және пайдалану нормаларына сәйкес келуі, шық пен күйенің қоспасына тұрақты болуы тиіс.

5.5.26 Алауошақ мұржаларына ағаш, мырышпен қапталған қаңылтыр, силикатты және қуыс кірпіш, балшық сияқты материалдарды қолдануға жол берілмейді.

5.5.27 Мұржа диаметрін алауошақ оттығының шыға беріс саңылауының диаметріне тең орнату керек.

5.5.28 Жылыту жүйелері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жобалануы, құрастырылуы және сыналуы тиіс.

5.5.29 Желдету жүйесі ауа алмасудың нормативтік көлемін қамтамасыз етуі тиіс, бірақ бұл жағдайда жылу генераторларынан түтінді жою жұмыстарына кері әсер көрсететін үйдің ішінде ауаны сейілтуге жол берілмейді.

Желдету жүйесі отынның толық жануы және үй-жайды желдетуге талап етілетін көлемде ауаның келуін қамтамасыз етуі тиіс. Ауа мүмкіндігінше жылу генераторына жақын берілуі тиіс.

5.5.30 Ғимаратты жылумен қамтамасыз ету үшін жанудың бітеу камералары бар жылу генераторларын пайдаланғанда жанатын ауа тікелей ғимарат сыртынан ауа өткізгіш бойымен берілуі тиіс.

5.5.31 Желдету жүйесін және ауа баптауды жобалау үшін сыртқы ауаның есептік параметрлерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптары бойынша қабылдау керек.

5.5.32 Үйдегі ауа алмасу бір үй-жайдан басқасына зиянды заттардың және жағымсыз иістердің таралуына (келуіне) жол берілмейтіндей етіп жасалуы тиіс.

Ауаны жою асүйден, дәретханадан, ваннадан, кептіру шкафынан, қажет болғанда - үйдің басқа үй-жайларынан қарастыру керек.

5.5.33 Жануарлардың немесе жәндіктердің енуінен қорғау үшін ауа жинайтын саңылаулар, оның ішінде үй асты қоймалары мен шатырдың сыртқы қабырғаларындағы желдету жүйелері металл торлармен немесе торлармен жабдықталуы тиіс.

5.5.34 Құмды боран және шаң мен құмның қарқынды таралатын аудандарында ауа жинайтын саңылаулар артынан олардың шөгуіне арналған камераларды қарастыру керек.

5.5.35 Желінің тарамдалуын қоса алғанда, электр тарту сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына, оның ішінде Электр қондырғыларды орнату қағидаларына және осы құрылыс нормаларына сәйкес орындалуы тиіс.

5.5.36 Жылыту жүйелеріне, ыстық сумен жабдықтауға және үйді желдетуге арналған газ тұтынатын жабдықтар, сондай-ақ тамақ дайындауға арналған газ плиталары орталықтандырылған газбен жабдықтау желілеріне қосылуы тиіс. Орталықтандырылған газбен жабдықтау болмағанда, жоғарыда аталған барлық үйдің жүйелері мен олардың бөліктерін газбен қамтамасыз ете отырып, жеке баллон қондырғылары немесе сұйылтылған газ қорлары негізінде газбен жабдықтаудың дербес жүйесі жасалады.

5.5.37 Сұйытылған газ резервуарларын орнатқанда, учаскеде өртке қарсы қауіпсіздіктің нормаларын ескере отырып, газдандырудың негізгі ережелерін басшылыққа алу қажет.

5.5.38 Үйді жылумен және ыстық сумен жабдықтауды орталықтандырылған жүйеге, ал ол болмаған кезде - жылумен жабдықтаудың (жылу генераторының) жеке көзін орнату арқылы қосу керек. Үйді жылумен қамтамасыз ету жүйесіне үй алдындағы учаскеде орналасқан есік алды құрылысының жылыту жүйелері қосылуы тиіс.

5.5.39 Үйді жылумен жабдықтаудың орталықтандырылған көзіне қосқан кезде жеке жылу пункттерін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жабдықтау керек. Жылумен қамтамасыз ету жүйесінде үйді жылыту және желдету жүйесінде жылу тасымалдағыштың температурасы мен қысымы сәйкес келгенде, оларды тәуелді сызба бойынша жылу желісіне қосуға жол беріледі. Үйдің алдындағы учаскедегі жылу желісі жөндеуге қолжетімді болуы тиіс.

5.5.40 Жеке жылу генераторларының талап етілетін өнімділігі жылыту жүйесіне (қажет болғанда – сондай-ақ желдету жүйесіне) келетін өндірілетін жылу көлемі сыртқы ауаның есептік параметрлерінде үйдегі ауаның оңтайлы (жайлы) параметрлері жеткілікті түрде ұсталатындай, ыстық сумен жабдықтау жүйесіне келетін жылу көлемі осы жүйеге ең көп есептелген жүктемеде ыстық судың белгіленген температурасы жеткілікті түрде ұсталатындай анықталуы тиіс.

5.5.41 Зауытта өндірілген жылу генераторлары қауіпсіздік талаптарын және өндіруші зауыт кәсіпорнының нұсқаулығында көрсетілген сақтық шараларды сақтай отырып орнатылуы тиіс.

5.5.42 Үйді газбен жабдықтау жүйелерін жобалаған және орнатқан кезде мынадай негізгі талаптарды басшылыққа алу керек:

газ таратушы жүйе тұтынушыларға қажетті көлемде және талап етілетін параметрлерде газды беруді қамтамсыз етуі тиіс;

газ құбырларының ішкі диаметрлері газды ең көп тұтынған уақытта барлық тұтынушыларға газбен жабдықтауды қамтамасыз ету шартымен есебімен анықталуы тиіс;

газ құбырларының беріктігінің есебіне құбыр қабырғаларының қалыңдығын және қосылатын бөлшектерді және оның ішіндегі кернеулерді анықтау кіруі тиіс.






5.6

Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша талаптар







5.6.1 Жобалау кезеңіндегі халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған бір пәтерлі тұрғын үйлердің қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттілігі кезінде учаскеде жолдардың қажетті габариттері мен пандустары, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес есіктердің, тамбурлардың, дәліздер мен ас үйлердің, тұрғын және жалпы бөлменің, санитариялық тораптардың тиісті көлемдері қарастырылуы тиіс.

5.6.2 Баспалдақтар пандустармен немесе көтерме құрылғылармен қайталануы тиіс.

5.6.3 Биіктік деңгейінің айырмасы кезінде барлық жүретін жолдар пандустармен жабдықталуы тиіс.

5.6.4 Есіктер халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына ыңғайлы және қауіпсіз болуы тиіс.

5.6.5 Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған дәретханалардағы, ванна бөлмелеріндегі есіктер адам құлап қалған жағдайда, есікті кедергісіз сыртынан ашуға болатындай сыртқа қарай ашылуы тиіс.

5.6.6 Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған санитариялық тораптарда тұтқа ұстағыштарды қарастыру қажет. Тұтқалар үй-жайдың әрбір учаскесінде адамдардың сүйену мүмкіндігі болатындай жобалануы тиіс.

5.6.7 Тұтқалар конструкциясын жарақаттануға немесе қол ұшы тигенде ілініп кетуге мүмкіндік беретін шығыңқы элементтерсіз жасау керек. Тұтқаны ұстайтын бетті элементпен немесе кедергілермен жабуға жол берілмейді.

5.6.8 Кресло-арбада қозғалатын мүгедектерге арналған тұрғын үйлердегі санитариялық тораптар мүгедектерге санитариялық аспаптарды өздігінен қолдануға көмектесетін керек-жарақтармен жабдықталуы тиіс.

5.6.19 Кресло-арбадағы мүгедектер бар отбасыларына пәтерлерді жобалағанда, бірінші қабат деңгейінде тікелей үй алдындағы аумаққа шығатын мүмкіндікті қамтамасыз ету керек.

5.6.10 Тұрғын жайларды жобалаған кезде тұрушылардың басқа санаттарының қажеттігін ескеру қажеттілігі кезінде оларды кезекті қайта жарақтау мүмкіндігін қарастыру керек.






5.7

Қоршаған ортаны қорғау







5.7.1 Учаске аумағына жасыл көшеттерді отырғызуды қарастыру қажет.

5.7.2 Аумақты және су деңгей жиектерін ластауды болдырмау үшін қалдықтарды заманауи қайта кәдеге жарату бойынша сарқынды суларды тазалау және залалсыздандыру шараларын орындау керек.

5.7.3 Тігінен жоспарлауды ұйымдастырғанда қар ерігенде және нөсер болғанда, құрылыс негізінің төменгі жағында судың жиналып қалуын және топырақ қабатын шаятын қарастырылмаған суағарлардың пайда болуын болдыртпайтын жерүсті су бұрудың заманауи құрылғылары қарастырылуы тиіс.

5.7.4 Конструкцияның құрылыс материалдары мен элементтері ауаға, су мен топыраққа шекті жол берілген шоғырынан асыратын көлемде химиялық заттарды бөлмей, беттерде микрофлораның дамуына септігін тигізбеуі тиіс.

5.7.5 Үйді салғанда техниканы, жер және басқа да жұмыс түрлерін қолданудан қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту шараларын ұйымдастыру керек.

5.7.6 Су қоймасы болғанда, учаске аумағында жиек алды аймақты орналастыру керек.



6

ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР




6.1

Энергия тұтынуды үнемдеу







6.1.1 Үйді жобалаған кезінде заманауи энергия үнемдейтін технологиялар мен жоғары тиімді жылу оқшаулау материалдарын қолдану мүмкіндігін ескеру керек.

6.1.2 Энергия үнемдеу нормаларына қатысты талаптарды сақтау, үйдің негізгі элементтерінің - құрылыс конструкциясы мен инженерлік жүйелер сипаттамалары бойынша немесе үйді жылыту энергиясы үлестік шығынының кешенді көрсеткіші бойынша бағалау керек.

6.1.3 Үйдің энергия тиімділігін оның құрылыс конструкциясы мен инженерлік жүйелерінің сипаттамасы бойынша бағалау үшін мынадай шарттарды сақтау талап етіледі:

жылу берудің келтірілген кедергісі мен қоршау конструкциясының ауа өткізгіштігі қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес талап етілгеннен төмен болмау;

жылыту, желдету, ауа баптау және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінде автоматты немесе қол реттегіштің болуы;

орталықтандырылған жабдықтау кезінде үйдің инженерлік жүйелері жылу энергиясын, суық және ыстық суды, электр энергиясы мен газ есептеу аспаптарымен жабдықталуы.

6.1.4 Үй мен оған іргелес учаскені жарықтандырған кезде энергия тұтынуды барынша азайту керек.

6.1.5 Энергия үнемдеу және жылу шығынын азайту үшін электр жылытуды орнатқанда, реттеудің заманауи жүйелері бар аспаптарды орнату керек.

6.1.6 Үйлерді салған кезде қоршау конструкциясы арқылы жылы шығынын азайту үшін заманауи жылу оқшаулау материалдарын қолдану керек.





6.2

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану







6.2.1 Үй үй-жайдың ішкі микроклиматына және тұрудың басқа шарттарына қойылатын белгіленген талаптарды орындаған кезде оны пайдалану кезінде қайта жаңғыртылмайтын табиғи ресурстардың тиімді және үнемді шығындалуы қамтамасыз етілетіндей жобалануы және салынуы тиіс.

6.2.2 Үй-жайды жобалауды үйдің барлық үй-жайларына күн жарығының таралуын ескере отырып орындау керек.

6.2.3 Жер учаскесін суарған кезде су шығынын бақылау үшін автоматты реттеу жүйесін қарастыру қажет.

6.2.4 Жер учаскесін жарықтандыру үшін дербес күн шырағдандарын пайдалану керек.



6.2.5 Жер учаскесін суару және басқа тұрмыстық қажеттіліктер үшін жаңбыр суын жинау мен пайдалануды қарастыру қажет.

ӘОЖ 728 МСЖ 91.040.30

Түйінді сөздер: тұрғын үй, блок, қабат, жерасты қабаты, шатыр, тұрақ, жертөле, желдету жүйесі, жылыту, газбен жабдықтау, асүй, оқшауланған ғимараттар.


прямая со стрелкой 15



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет