Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Қазселденқорғау»



жүктеу 108.34 Kb.
Дата06.05.2019
өлшемі108.34 Kb.

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі

Төтенше жағдайлар комитеті

«Қазселденқорғау» ММ басшысының

«_____»___________2014 жылғы

№______бұйрығына

6 - қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті

«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі

«Шығыс Қазақстан облыстық пайдалану басқармасы» филиалы туралы

ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі «Шығыс Қазақстан облыстық пайдалану басқармасы» филиалы (бұдан әрі – Филиал) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай – ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ) жеке құрылымдық бөлімшесі болып табылады, Қазақстан Республикасының Заңы бойынша заңды тұлға болып табылмайды, орналасқан жері бойынша бойынша есепке тіркеледі.

ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ 2014 ж. 14 қарашада Алматы қ. Әділет департаментінің Медеу ауданының Әділет басқармасында тіркелеген, тіркеу нөмірі 26726-1910-ММ, БСН 990640002468.

ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ мекен-жайы: 050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Ш.Қалдыаяқов көшесі, 70.

Филиал «Қазселденқорғау» ММ бастығының 08.05.2001жылғы №30-п бұйрығының негізінде құрылды, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің 26.01.2005 жылғы №56 бұйрығының негізінде қайта аталды. Филиал Қазақстан Республикасының Заңнамасына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2011 жылғы 8-шілдесіндегі №7 Алқа Қаулысына сәйкес жаңа редакцияда белгіленген осы Ережеге сай әрекет жасайды және «Қазселденқорғау» ММ құқықты иеленушісі болып табылады.

2. Филиалдың толық атауы: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі «Шығыс Қазақстан облыстық пайдалану басқармасы».

3. Филиалдың орналасқан жері: 070008 Қазақстан республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Самар тасжолы 49.

4. Филиал ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ қызметінің мерзіміне құрылды.

5. ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы халқын, шаруашылық нысандарын және жерлерін қауіпті табиғи құбылыстардың ықпалынан (сел ағындарынан, қар көшкінінен, сырғымадан) қорғауды қамтамасыз ету, олардың зардаптарын жоюды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысу болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа жету үшін ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ тікелей немесе ведомствоға бағынысты ұйымдар мен қызметтер арқылы мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) қорғаныс инженерлік имараттарын пайдалану мен құрылысының ағымдық және болашақ жоспарларын әзірлейді, жобалық-ізденіс және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасайды;

2) селге, қар көшкініне қарсы және т.б.қорғаныс имараттары, кешендері және нысандарының пайдалану, жалпы құрылыстық, жөндеу, қорғау және реттеу, қайта келтіру, ғылыми-зерттеу және жобалық-ізденіс жұмыстарының мемлекеттік тапсырушы функцияларын атқарады;

3) ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ теңгерімінде тұрған селге қарсы және басқа да қорғау құрылыстарын пайдалану, ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

4) сел ағындарын болжауда жаңа әдістерді әзірлеу мен енгізу бойынша тәжірибелі-эксперименттік жұмыстарының кешенін орындайды;

5) қауіпті табиғи объектілерге бақылау қызметін және төтенше жағдайдың ықтималдығы немесе туындауы туралы хабардар етудің бекітілген схемасына сәйкес қызмет көрсету аймақтарында сел тасқыны, қар көшкіні және басқа да қауіпті табиғи құбылыстардың қаупі мен туындауы туралы хабардар етуді ұйымдастырады;

6) тау беткейлеріндегі, таудың басындағы, мұздақ және мұз көлдерінің қауіптілігін төмендету жөніндегі алдын ала іс-шараларын әзірлейді және оларды жүзеге асырады; қар көшкінін алдын ала түсіру жұмыстарын орындайды;

7) селге, қар көшкініне, сырғымаға және опырылуға әкелетін аумақтарға зерттеу жүргізеді және есепке алады, әлеуетті қауіптілігін бағалайды;

8) ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ қызмет көрсету аймақтарында сел, көшкін, сырғыма қауіпті объектілеріндегі зардаптарды жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

9) Комитеттің тапсырмасы бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жұмыстарына қатысады;

10) жедел және өндірістік байланыстың ведомстволық жүйелерін, УҚТ (ультра қысқа толқынды) сәулелерді шығаратын қондырғыларды ұстау және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;

11) таулы аймақтарды пайдалану бойынша ұсынымдар береді, Комитеттің аумақтық органдарымен бірлесе отырып Хабарлама-ұсынымдар береді;

12) жобаларды, шараларды, сонымен қатар шаруашылық жүргізетін нысандарды, елді мекенді және аумақты қорғау жөнінен басқа ведомстволардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың қызмет көрсететін аумақтарда жұмыс жүргізетін мерзімдеріне ұсыныстар береді, қажетті сараптау қорытындыларын дайындайды;

13) Мемлекеттік мекеме құзыретіне енетін мәселелер жөнінде басқа да ұйымдармен және мемлекеттік мекеменің бөлімшелерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді.

6. Филиал қызметінің мәні: Шығыс Қазақстан облысының халқын, шаруашылық объектілері және аймақты зерттеу аумағын қауіпті табиғи құбылыстарының (сел тасқыны, қар көшкіні, сырғыма, опырылым) әсерінен қорғау және олардың зардаптарын жою, тау өзендерге мұзды құбылыстарына (кептелулер, сең жүру, қабыршықталған мұздың қозғалысы, мұзқұрсау) барлауын жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қойылған мақсатқа жету үшін, өзінің пайдалану қызметтері арқылы, өзінің қызмет көрсету аймақ шеңберінде қызметтің келесі түрлерін жүзеге асырады:



  1. сел, тасқын, көшкін қауіпті аймақтарын, сырғыма мен опырылып болатын аумақтарды анықтау және өзендерде мұзқұрсаудың таралуын зерттеу;

  2. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерін, халық шаруашылығы объектілері мен жерлерін (сел ағынынан, қар көшкінінен және сырғымадан) қорғау жұмыстарын ұйымдастырып, олардың зардаптарын жою, өзендерге мұзды құбылыстарына (кептелулер, сең жүру, қабыршықталған мұздың қозғалысы, мұзқұрсау) барлауын жүзеге асырады.

  3. теңгеріміндегі барлық селден қорғау имараттары мен кешендерді кезеңдік тексеруді жүзеге асырады, қажетті техникалық құжаттарын жүргізеді, олардың тиісті сауатты техникалық пайдалануға берілуін орындайды, сел тасқынын (басқа табиғи апаттарды) инженерлік қорғаныс құрылыстары арқылы немесе олардың жылжу жолы бойынша оқшаулауды өткізуді қамтамасыз етеді;

  4. ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ ағымдағы және болашақтағы жоспарда қарастырылған жөндеу-құрылыс және көлемді пайдалануға беру іс-шараларын орындайды;

  5. таулы және тау алды аумақтардың қауіпті табиғи объектілердің Паспорттары мен тізіміне, сел тасқынының аумақты басу мүмкіндігі сұлбасына түзетулерді енгізе отырып, жыл сайынғы зерттеулер жүргізеді;

  6. сел тасқындарының, қар көшкіндерінің және басқа экзогенді процестердің апатты әсерін болдырмауға бағытталған алдан алу шараларын жүргізеді;

  7. қауіпті құбылыстар ( сел, қар көшкіні және басқа экзогенді процестер) туралы бақылау және құлақтандыру қызметтерін ұйымдастырады, жоғары тұрған ұйымдарды, жергілікті атқарушы органдарды, төтенше жағдайлар жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық дераптаментін және ШҚО ЖДАҚжАДАААжЖҰБ хабардар етеді (келісім бойынша) көшіру шараларына және апатты құбылыстардың зардаптарын жоюға қатысады;

  8. жедел және өндірістік байланыстың ведомстволық жүйелерін қолдану және жетілдіру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;

9) Алматы қаласындағы БДП-пен ШҚОПБ ОДП-мен және бақылау пунктерімен – радио, -телефон, факсимильдік байланыс құралдарының дұрыс және сенімді жұмыстарына жауап береді.

  1. материалдық шығынды азайту, адам өліміне жол бермеу мақсатында IIД ҚIIД, АIIД, жергілікті атқарушы органдармен, Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментімен, басқа мүдделі ведомстволар мен ұйымдармен бірлесе отырып, қауіпті аумақтар мен объектілерді күзетеді, жағдай қиындаған кезде жіберуді шектеу немесе табиғи апат ауданын толығымен жабу жөнінде шаралар қабылдайды;

  2. Шығыс-Қазақстандық облыстың төтенше жағдайлары бойынша департаменттiң комиссиясының құрамымен және төтенше жағдайлар бойынша аудандық комиссия құрамында зерттеулерге компетенция шегінде қатысады;

  3. таулы аумақтарды пайдалану бойынша ұсыныстар береді, Комитеттің аумақтық органдарымен бірге қауіпті аймақта орналасқан жергілікті әкімшілік басқару органдарына, тұрғын үй және шаруашылық нысандардың иелеріне ескерту-хабарламалар береді.



2. Филиалдың құқықтық мәртебесі


  1. ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ филиалы оның құрылымдық бөлімшесі болып табылады, заңды тұлға болып табылмайды.

  2. Филиал заң тараптарын сақтай отырып, Қазақстанның аумағында құрылуы мүмкін.

  3. Филиал ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ атынан оның бекіткен ережесі негізінде іс-әрекет жасайды.

Филиалдың басшысы ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ берген бас сенімхатпен әрекет жасайды, келісім-шарттарға ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ міндетті келісімімен қол қояды.

  1. Филиалдың жеке теңгерімі болады, оның мүлкі мен кұралдары ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ жалпы теңгерімінде есептеледі. Филиал өз кызметін ұйымдастыру және жүргізу үшін белгіленген заңды тәртіппен қазынашылық органдарда шоттар ашады.

  2. Филиалдың мемлекеттік тілде орындалған мөрі, мөртаңбалары, белгіленген үлгіде орындалған өзінің атауы, «Қазселденқорғау» ММ атауы бар бланкілері болады.

3. Филиалдың мүлкі
12. Филиал мүлкі ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ бекітіп берген құралдарын, сондай-ақ ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ жалпы теңгеріміне кіретін ақшалай, материалдық қаржылардан құралады.

13. Филиалдың теңгерімінде есептелетін мүлік мемлекеттік меншік болып табылады және оған жедел басқару құқы беріледі.



4. Филиалдың қаржы-шаруашылық қызметі
14. Филиал ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ міндеттерін және өзінің міңдеттерін орындау үшін қаржы-шаруашылық қызметін ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ белгілеп берген шегінде және шартында жүзеге асырады.

15. Филиалдың өндірістік қызметі ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ құрамында жоспарланады және ескеріледі.

16. ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ филиалға бекітіліп берілген міндеттерді орындау процесі кезіне жедел дербестік береді.

17. Филиалға мүліктер мен құралдарға иелік ету жөніндегі қызметті асыруға тыйым салынады, жеке шаруашылық қызметінің нәтижесінде олардың алған ақшалай қаржылары Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық бюджетке аударылады.

18. Филиал ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ міндетті түрде келісе отырып, ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ атына өз қызметінің мәні мен шеңберінде шаруашылық келісім-шарт жасауға құқылы.

19. Филиал келтірген шығын үшін ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ алдында толық жауапты болады.

20. Филиал қызметінің қорытындысы теңгерімде, бухгалтерлік есепте, сондай-ақ ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ жылдық есебінде көрсетіледі.

21. Филиалдың шаруашылық жылы ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ шаруашылық жылымен тұспа-тұс келеді.



5. Филиалды басқару


  1. Филиалдың жалпы басқаруын ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ жүзеге асырады.

  2. ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ филиалды басқару кезінде заң белгілеген тәртіп бойынша төмендегі функцияларды атқарады:

- осы Ережені бекіту, өзгерту, өзгерістер мен толықтыруларды енгізу;

- оның қызметінің негізгі бағыттарын анықтау, жоспарларды және олардың орындалуы туралы есептерді бекіту;

- басшы орынбасарын тағайындау және босату;

- аудиторды тағайындау;

- құрылымды анықтау;

- қызметінің нәтижесі бойынша жылдық есептерді, аудитор есептері мен қорытындыларын бекіту;

- штат кестесін бекіту;

- филиал қызметін тоқтату, тарату комиссиясын тағайындау жөнінде, тарату теңгерімін бекіту туралы шешімдер қабылдау кіреді.

24. Филиал қызметін басқаруды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің келісімі бойынша ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ басшысы тағайындаған филиал басшысы жүзеге асырады.

25. Филиал басшысы:

- ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ атынан берілген бас сенімхат бойынша Ережеге және ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ басқа шешімдері белгілеп берген өкілеттік шеңберінде іс-әрекет жасайды;

- ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ бекіткен жоспарға сәйкес филиал қызметіне жедел басшылықты жүзеге асырады;

- оған берілген құқық шеңберінде филиал құралдарына иелік етеді, филиалдың қызметі мәнінің шеңберінде ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ міндетті түрде келісе отырып, шарт жасайды;

- берілген өкілеттік шегінде филиалдың қызметі үшін міндетті бұйрықтар мен нұсқаулар шығарады;

- филиал қызметкерлерін штат кестесіне сәйкес жұмысқа қабылдайды және босатады, оларға ішкі еңбек тәртібі мен қолданыстағы еңбек Заңының Ережелеріне сәйкес көтермелеу мен жазалау шараларын қолданады;

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаудың әрбір фактісі бойынша, бағынысты құрылымдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер бойынша дербес жауапкершілікте болады.



6. Филиалдың қаржы-шаруашылық және құқықтық қызметтерін бақылау
26. Филиалдың қаржы-шаруашылық және құқықтық қызметтерін тексеру және бақылау ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ жүзеге асырады.

7. Филиалдың бухгалтерлік есебі және есеп беруі
27. Филиал өз қызметінің нәтижелерін ескереді, қолданыстағы Заңмен белгіленген тәртіпте бухгалтерлік және статистикалық есеп жүргізеді.

28. Ұлттық Банктің 1997 жылғы «Бас бухгалтерлер туралы» Ережесіне сәйкес, филиалдың бухгалтері материалдық және заңдық толық жауапкершілікте болады және құқықты пайдаланады. Филиалдың бухгалтері тікелей филиалдың басшысына және ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ бас бухгалтеріне бағынады.

29. Барлық салық және статистикалық мәліметтер ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ бас бухгалтеріне тиісті есеп беруді міндетті ұсынуымен орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады. Қаржылық төлемдер филиалдың ұсынған есептік счеттар мен атқарылған жұмыс актісі негізінде ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ-сі арқылы, орталықтан жүргізіледі.

30. Шығын баптарын тиісті расталған регламентті құжаттарды филиал көрсеткеннен кейін ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ бекітеді.



8. Филиал қызметкерлері
31. Еңбек келісім-шарты негізінде туған филиал қызметкерлерін қарым-қатынастары енбек заңымен және филиал басшысы бекіткен ұжымдық келісім-шартпен реттеледі.

32. Филиал басшысы филиал қызметкерлерін жүмысқа қабылдау және босату тәртібі, енбекакы төлеудің түрлері мен жүйелері, жұмыс күнінің тәртібі, жұмыс режимі, демалыс күндері мен енбек демалыстарын беру және басқа мәселелер тәртібі қарастырылған жеке келісім-шартын әзірлейді және бекітеді.




9. Филиал қызметін тоқтату


    1. Филиалды тарату Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

    2. Филиал қызметі ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ басшысы бұйрығының негізінде және басқа да негізде тоқтатылады.



______________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет