Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі



жүктеу 55.61 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі55.61 Kb.


Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігінің

Төтенше жағдайлар Комитеті

Шығыс Қазақстан облысы

Төтенше жағдайлар депаратаменті бастығының

2014 жылғы «30» желтоксандағы

№ 213 бұйрығына

8- қосымша



Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Төтенше жағдайлар комитеті

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Техникалық қызмет және құлақтандыру бөлімі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Техникалық қызмет және құлақтандыру бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Бөлімнің құрылымы мен штат саны Департаменттің штат кестесімен анықталады.
2. Бөлімнің негізгі міндеттері мен құқықтары
4. Міндеттері:

1) ақпараттандыру және байланыс жүйесін, мемлекеттік құлақтандыру жүйесін құру, дамыту, жағдайын бақылау, пайдалануды ұйымдастыру және техникалық қамтамасыз ету жөнінде іс-шараларды ұйымдастыру;

2) Департаменттің ақпараттандыру, байланыс және құлақтандыру жүйесін техникалық және бағдарламалық жарақтандыруды құру және үйлестіру бойынша қызметін қамтамасыз ету;

3) ақпараттандыру, байланыс және құлақтандыру мәселелері бойынша Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;

4) Департаменттің ведомстволық бағынысты ұйымдарын, оның ішінде ахуалдық-дағдарыс орталықтары жүйесін және Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік 112 қызметтерін (бұдан әрі – 112 БКДҚ) техникалық және бағдарламалық жарақтауды үйлестіру;

5) Шығыс Қазақстан облысы аумағында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің байланыс және құлақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету.

5. Функциялары:

1) мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, адамдар жаппай болатын объектілерді, қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын заңды тұлғалардың ақпараттық-коммуникациялық желілер мен автоматтандырылған мониторинг жүйелерінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметімен өзара қимыл жасауын ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;

2) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, Департаменттің ахуалдық-дағдарыс орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

3) құлақтандырудың Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы жүйесін дереу пайдалануға тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету, оны жарақтандыру және дамыту;

4) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және байланыстың барлық түрлерімен қамтамасыз ету;

5) ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерді дамыту саласындағы дүниежүзілік тәжірибені зерделеу және қолдану, азаматтық қорғау саласындағы жаңа технологияларды қолдана отырып, құлақтандырудың қазіргі заманғы әдістерін зерттеу;

6) технологиялық әдістер мен стандарттардың біртұтастығын, Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің ақпараттандыру жүйесінің мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметіне» кедергісіз кірігуін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешенін іске асыру;

7) жедел шешімдерді қабылдауды қолдауды қамтамасыз ету мақсатында Департаментте, оның құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінде жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

8) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша озық тәжірибені зерделеу, қорыту және тарату;

9) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті басшылығы тапсырмасы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде байланысты ұйымдастыру мәселелері бойынша Қорғаныс министрлігінің Қорғаныс департаментімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Департаментімен, Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Байланыс және ақпараттандыру инспекциясымен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

10) Департаменттің байланыс бойынша басқарушылық құжаттарын әзірлеу;

11) байланыс және құлақтандыру бойынша жаттығулар өткізуді жоспарлау;

12) өз құзыреті шегінде Комитеттің және Департаменттің ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерін құру, дамыту және практикалық іске асырылуын үйлестіру;

13) Департаменттің жыл сайынғы бекітілген жоспарларына сәйкес Департаменттегі байланыс, құлақтандыру және ақпараттандыру құралдарының әзірлігі жағдайына талдау жүргізу;

14) радиобайланыс, сымды және жерсеріктік байланыс жүйелерін, деректерді беру жүйелерін және құлақтандыру жүйелерін дамыту және жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

15) ақпараттық-телекоммуникациялық жабдықтардың, құлақтандыру кешендерінің, бағдарламалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру техникаларының, сондай-ақ байланыс құралдарының және техникаларының есебін жүргізу;

16) Департаменттің ақпараттандыру, байланыс және құлақтандыру құралдарының негізгі құралдарын қабылдау-тапсыру және есептен шығару комиссиясының жұмысына қатысу;

17) өз құзыреті шегінде Қаржылық қамтамасыз ету тобына бюджеттік өтінімдер әзірлеу және тиісті ұсыныстарды енгізуді жүзеге асыру;

18) Шығыс Қазақстан облысының Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеуге қатысу;

19) байланыс және құлақтандыру саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу;

20) өз құзыреті шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру;

21) Департамент қызметін ақпараттық және телекоммуникациялық қамтамасыз етумен байланысты өзге де функцияларды орындау.

6. Құқықтары мен міндеттері:

1) Департамент басшысына Бөлім құзыретіне кіретін мәселелерді Департамент бастығы жанындағы Кеңесте қарастыру туралы ұсыныстар енгізу;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауызымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен мәліметтер сұрау және алу;

3) ведомстволық бағынысты ұйымдардан Бөлімнің құзыретіне қатысты мәліметтерді белгіленген тәртіппен сұрау;

4) аналитикалық зерттеулер, тексерулер мен қызметтік тексерулер нәтижелері бойынша Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты бөлімшелердің, сондай-ақ нақты лауазымды тұлғалардың қызметіне баға беру;

5) өз құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілер әзірлеу бойынша ұсыныстар жіберу;

6) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

7) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселер бойынша кеңестерге, семинарларға, конференцияларға, оның ішінде халықаралық кеңестерге қатысу;

8) Департаменттің жыл сайынғы жоспарын әзірлеуге және оның орындалу нәтижелері бойынша жыл сайынғы есепті әзірлеуге қатысу.
3. Бөлім қызметін ұйымдастыру
7. Бөлімнің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктері бар.

8. Бөлімді Департамент бастығы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын бастық басқарады.

9. Бөлім бастығы Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

10. Бөлім бастығы Департамент басшылығына Бөлім құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

11. Бөлім бастығы осы мақсатта:

1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;



2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет