Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы



жүктеу 168.53 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі168.53 Kb.
түріКонкурс

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ-нің төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының
бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға

жалпы конкурс жариялау туралы хабарландыруы



Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
C-О-6 санаты үшін: жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

С-R-4 санаты үшін:  жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



C-R-5 санаты үшін: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;



жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
-Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» кор пусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

 Санат

Лауазымдық жалақысы жұмыс өтіліне байланысты

min

max

C-O-6

74953

101604

С-R-4

73288

99106

C-R-5

64960

88279


«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ- сі,(100000 Қарағанды қаласы, Бұқар-Жырау даңғылы, 37 үй, анықтама үшін телефон: (7212) 55-94-25 эл.адрес: 721-0202@sud.kz) төменгі лауазым болып табылатын бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Талдау және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы (С-О-6 санаты, 1 бірлік).

Функционалды міндеттері: істер номенклатурасына сәйкес бөлімнің тізілімдерін рәсімдеу және жүргізу; тоқсандық статистикалық есептерді және сот мониторингін жасау; соттар мұрағатын жүргізу; азаматтар мен атқарушы органдардың сұранымы, арыздары бойынша жауаптар дайындау; анықтамалар, талдаулар, қорытындылар мен басқа да құжаттарды уақытында жөнелту.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «құқық» (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша жоғары білім. «ҚР Сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы», «Аудандық және оған кеңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу қағидасы», «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2. Аудандық (қалалық) сот кеңсесінің бас маманы (С-R-4 санаты, 5 бірлік): Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына - 1 бірлік; Осакаров ауданының №2 аудандық сотына - 2 бірлік; Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотына - 1 бірлік; Шет ауданының №2 аудандық сотына - 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: келіп түскен ұсыныстар, өтініш, шағымдарын тіркеу және есепке алу, олардың қаралу мерзімдерінің сақталуын бақылау; сот төрағасы қабылдайтын азаматтарды тіркеу және есепке алу; заңнамаларды іріктеу және жүйелеу; сот істерін автоматты түрде бөлу; кодификацияны жүргізу және сот тәжірибесін зерделеуге қатысу; БАҚ өзара байланысты ұйымдастыру; электронды нарядтарды, журналдарды жүргізу; сот істері мен материалдары бойынша статистикалық есептерді жасау; жеке ұйғарулар, қаулыларды есепке алу және олардың орындалуын бақылау; заттай айғақтарға қатысты сот актілерінің сақталуы мен орындалуын тірке және есепке алу; халықаралық келісімдерге сәйкес республиканың басқа соттар мен шет ел мемлекеттері соттарынан түскен сот тапсырмаларын есебін жүргізу; істердің мұрағатқа уақытында тапсырылуын бақылау; аяқталған істер мен журналдарды мұрағатқа тапсыруға дайындау; құқық білімдерін насихаттауды ұйымдастыру; семинар сабақтарын өткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: «құқық» (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша жоғары. Практикалық жұмыс тәжірибесі болған жағдайда «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша ортадан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі рұқсат етіледі.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



3. Аудандық (қалалық) сотының кеңсесінің бас маманы – сот мәжілісінің хатшысы (С-R-4 санаты, 3 бірлік): Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына - 1 бірлік; Шет ауданының №2 аудандық сотына - 1 бірлік; Ақтоғай аудандық сотына - 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: істі сот талқылауына дайындауда қажетті жұмыстарды атқару; сот отырысының хаттамаларын жүргізу; журналдарды нұсқаулыққа сәйкес толтыру және жүргізу; атқару құжаттарының көшірмесін дайындау; қаулылар мен үкімдердің көшірмелерін тапсыру; сұранымдар мен хаттар дайындау, шақыру қағаздарын жіберу; сотқа қатысушыларды шақыру; сотталушылардың жеткізілуін қамтамасыз ету, жұмысты жоспарлай,талдай білу, мәтіндерге стенографияны сауатты жасау; жеделдік, ұқыптылық, азаматтармен жұмыс істей білу, коммуникабельдік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «құқық» (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша жоғары білім. Жұмыс тәжірибесі бар болған жағдайда «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

4. Аудандық (қалалық) сотының кеңсесінің аға сот приставы (С-R-4 санаты, 1 бірлік): Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына - 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: сот приставтарының бөлімдерінде жұмысты ұйымдастыру және бақылау; сот отырысы кезінде залдағы қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау; сот ғимараттарын,кеңесу бөлмелерін күзетуді қамтамасыз ету; судьялар мен процесске басқа да қатысушыларды күзету; тұтқындағы тұлғаларды күзету мен олардың қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар бойынша айдауыл қызметіндегілермен өзара әрекеттесу; судьяның тапсырмасы бойынша қылмыстық іс пен заттай айғақтарды жеткізуін және оның сақталуын қамтамасыз ету; оқ атылатын, электр қаруларын, арнаулы құралдармен және ұрыс тәсілдерін білу; жұмысты жоспарлай, талдай білу, дене шынықтыру бойынша арнаулы сабақтар өткізе білу; азаматтармен жұмыс істей білу; сот приставтарының әрекеттеріне түскен шағымдарды шеше білу; соттың қызметімен байланысты төтенше жағдайларды болдырмау және болжай білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «құқық» (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша жоғары білім. Жұмыс тәжірибесі бар болған жағдайда «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

5. Аудандық (қалалық) сотының кеңсесінің жетекші маманы (С-R-5 санаты,
18 бірлік):
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына - 1 бірлік; Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотына - 5 бірлік; Қарағанды қаласының Октябрь ауданының №2 аудандық сотына - 1 бірлік (уақытша, 2020ж. 21.09 дейін негізгі қызметкерлердің бала күтіміне арналған демалыс кезіне); Теміртау қалалық сотына – 2 бірлік (уақытша, 2018ж. 01.09 және 2018ж. 12.10 дейін негізгі қызметкерлердің бала күтіміне арналған демалыс кезіне); Шахтинск қалалық сотына – 3 бірлік; Абай аудандық сотына - 1 бірлік; Абай ауданының №2 аудандық сотына - 1 бірлік; Осакаров аудандық сотына - 1 бірлік; Жезқазған қалалық сотына – 1 бірлік; Балқаш қалалық сотына - 2 бірлік (оның ішінде 1 бірлік уақытша, 2020ж. 06.09 дейін негізгі қызметкерлердің бала күтіміне арналған демалыс кезіне).

Функционалдық міндеттері: қызметтік хат алмасуды жүргізу; ағымдағы құжаттарды рәсімдеу, кіріс және шығыс жөнелтілімдерді журналда, реестрде, электронды түрде тіркеу; мұрағатты жүргізу, сұранымдар бойынша істерді жіберу және есепке алу, мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру; нарядтар мен істерді жоюға іріктеу және дайындау; сот жөнелтілімдерін тиісті жеріне уақытында жеткізу. Сауаттылық, жеделдік, адамдармен тіл табыса білу, жұмысты ұйымдастыра білу,коммуникабельділік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «құқық» (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша жоғары білім немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. «ҚР Сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы, «Аудандық және оған кеңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу қағидасы», «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

6. Аудандық (қалалық) сотының кеңсесінің сот приставы (С-R-5 санаты, 4 бірлік): Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотына - 2 бірлік; Шахтинск қалалық сотына – 1 бірлік; Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына - 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: сот отырысы кезінде залдағы қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау; сот ғимараттарын, кеңесу бөлмелерін күзетуді қамтамасыз ету; судьялар мен процесске басқа да қатысушыларды күзету; тұтқындағы тұлғаларды күзету мен олардың қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар бойынша айдауыл қызметіндегілермен өзара әрекеттесу, судьяның тапсырмасы бойынша қылмыстық іс пен заттай айғақтарды жеткізуін және оның сақталуын қамтамасыз ету; оқ атылатын, электр қаруларын, арнаулы құралдармен және ұрыс тәсілдерін білу; жұмысты жоспарлай, талдай білу, дене шынықтыру бойынша арнаулы сабақтар өткізе білу; азаматтармен жұмыс істей білу; сот приставтарының әрекеттеріне түскен шағымдарды шеше білу,соттың қызметімен байланысты төтенше жағдайларды болдырмау және болжай білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. ҚР 1997 ж. 07.07 № 150 «Сот приставтары туралы» Заңының 6 бап 1 тармағына сәйкес орта білімнен рұқсат етіледі. «ҚР Сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы, «Аудандық және оған кеңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу қағидасы», «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

1) уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар ішінде «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ-де құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде ішінде «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ-де құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде ішінде «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының,Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелгенбұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдықбірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың жәнесаяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Нысан

Өтініш

Мені______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Мекен жайы және байланыс

телефоны_____________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________ ____________________________________________



(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.

Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)




ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения




2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)




3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения




4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками




6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)




7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)




ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения







































_____________________


Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________


күні/дата


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет