Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы ядролық материалдарды, радиоактивтік қалдықтарды және радиоактивті-қауіпті заттарды заңсыз өткізуді болдырмаудағы өзара іс-қимыл бойынша келісім



жүктеу 89.33 Kb.
Дата01.05.2019
өлшемі89.33 Kb.


№ исх: КГД-12/4792-ВН от: 01.06.2017


23.11.2016 жылғы жағдай бойынша жоба

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы ядролық материалдарды, радиоактивтік материалдарды, радиоактивтік қалдықтарды және радиоактивті-қауіпті заттарды заңсыз өткізуді болдырмаудағы өзара іс-қимыл бойынша келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасың Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі,

ядролық материалдарды, радиоактивтік материалдарды, радиоактивтік қалдықтарды және радиоактивті-қауіпті заттарды кедендік бақылау Тараптар радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындау үшін маңызды болатынына сенім білдіре отырып;

кедендік шекара арқылы ядролық және радиоактивтік материалдарды заңсыз өткізу Тараптар мемлекеттерінің қауіпсіздігіне елеулі қатер болып табылатынын назарға ала отырып;

ядролық материалдарды, радиоактивтік материалдарды, радиоактивтік қалдықтарды және радиоактивті-қауіпті заттарды заңсыз өткізуді болдырмау қажеттілігін мойындай отырып;

төмендегілер туралы келісті.

1-бап

Терминдерді айқындау
Осы Келісімді іске асыру мақсатында мынадай терминдер пайдаланылады:

1. «ядролық материалдар» - плутон-238 бойынша 80% асатын изотоп концентратымен плутонды, уран-233, уран-235 изотопымен байытылған уран немесе уран-233; табиғатта руда немесе руда қалдықтарынан өзгеше формада кездесетін изотоп қоспалары бар уран және жоғарыда аталған элементтердің бірін немесе одан да көбін қамтитын кез келген материалдарды қоспағанда плутон, мұнда «уран-235 немесе уран-233 изотопымен байытылған уран» уран-235 немесе уран-233 изотопы немесе уран-238 изотопымен салыстырғандағы уран-235 изотоп процентіне қарағанда, осы изотоптар сомасының артық проценті уран-238 изотопымен салыстырғанда жоғары, осындай мөлшерде екі изотопы бар уранды, табиғатта кездесетін бөлінетін (ыдырайтын) радионуклиды бар немесе жаңғырта алатын өзге де материалдарды білдіреді;

2. «радиоактивті материалдар» - иондалған сулеленуді шығаратын ядролық материалдарға жатпайтын заттар;

3. «радиоактивті қалдықтар» - одан әрі пайдалануға жатпайтын материалдар мен заттар, сондай-ақ жабдықтар, бұйымдар және өңделген радиоактивті заттар, радионуклидтерді қамтуы ұлттық нормаларда және қағидаларда белгіленген тиісті өлшемшарттар деңгейінен асатын аппараттар мен қондырғылар;

4. «радиоактивті-қауіпті заттар» - әртүрлі себептердің негізінде иондалушы сәулелену деңгейі жоғары, соның ішінде радионуклидтермен ластанған және табиғи радионуклидтерден радиоактивтілікті қамтитын, радиациялық сипаттама мәні белгіленген радиациялық қауіпсіздік нормаларынан және санитариялық нормалардан асатын жабдықтар мен бұйымдар; радиациялық бақылаудың бірыңғай нормаларын өзара тануды айқындалғанға дейін аталған норма болып, импорт еліндегі және сол арқылы транзит жүзеге асырылатын елдегі радиациялық қауіпсіздік және санитариялық нормалар қолданыстағы норма болып табылады;

5. «радиациялық бақылау» - Тараптардың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға, көлік құралдарына, халықаралық почта жөнелтілімдеріне, сондай-ақ өтетін жеке тұлғаларға және олар өткізетін тауарларға қатысты, заңсыз өткізілетін ядролық материалдарды, радиоактивтік материалдарды, радиоактивтік қалдықтарды және радиоактивті-қауіпті заттарды анықтау мақсатында Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын қолдана отырып жүргізетін іс-шаралар кешені;

6. «табиғи радиациялық фон» - ғарыштық сәулеленуден болатын және табиғи радионуклидтердің сәулеленуінен жерде, суда, ауада, биосаланың басқа да элементтерінде, тамақ өнімдерінде және адам организмінде табиғи түрде таралған сәулелену дозасы;

7. «иондалған сәулелену» ортамен өзара жанасқан кезде әртүрлі белгіде ионды түзетін, қуатталған, қуатталмаған бөлшектерден және фотондардан тұратын сәулелену.



2-бап

Келісімнің мақсаты
Осы Келісімнің мақсаты:

Тараптардың ядролық материалдарды, радиоактивтік материалдарды, радиоактивтік қалдықтарды және радиоактивті-қауіпті заттарды заңсыз өткізуді алдын алу мақсатымен кедендік бақылау саласындағы ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету;

Тараптардың радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық мiндеттемелердi орындуын қамтамасыз ету;

Тараптар мемлекеттері азаматтарының радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Тараптар мемлекеттерінің аумағына әкелуге тыйым салынған ядролық материалдарды, радиоактивтік материалдарды, радиоактивтік қалдықтарды және радиоактивті-қауіпті заттарды әкелуге жол бермеу болып табылады.

3-бап

Ынтымақтастық саласы
1. Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Тараптар өзінің құзыреті және қазақстан-қытай кедендік шекарасы арқылы ядролық, радиоактивтік материалдарды, радиоактивтік қалдықтарды және радиоактивті-қауіпті заттарды заңсыз өткізуді болдырмау саласындағы мүмкіндігі шегінде ынтымақтастықта болады.

2. Тараптар қазақстан-қытай кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінде радиациялық бақылаудың қазіргі заманғы технологиясын және жабдықтарын енгізу мәселесі бойынша, сондай-ақ өзара мүддені білдіретін басқа да мәселелер бойынша ынтымақтастықта болады.

3. Тараптар қазақстан-қытай кедендік шекарасы арқылы ядролық, радиоактивтік материалдарды, радиоактивтік қалдықтарды және радиоактивті-қауіпті заттарды заңсыз өткізуге қарсы күрестегі ынтымақтастықты үйлестіру және тиімділікті арттыру мақсатында бірлескен оқуды және оқыту семинарларын өзара уағдаластық бойынша өткізеді.

4-бап

Бақылау шаралары

1. Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында және халықаралық шарттарында белгіленген талаптар мен шарттарды сақтаған кезде ядролық және радиоактивтік материалдарды Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына әкелуге (соның ішінде транзит мақсатында әкелуге), Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағынан әкетуге жол беріледі.

2. Тараптар, Тараптардың кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінде және халықаралық почта алмасу орындарында әрбір Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес радиациялық бақылауды жүргізеді. Бұл ретте, Тараптар радиациялық бақылауды жүргізумен қатар табиғи радиациялық фонды ескереді.

3. Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына және халықаралық шарттарына сәйкес ядролық және радиоактивтік материалдарды кедендік бақылау және декларациялау, соның ішінде олардың транзиті жүргізіледі.

4. Ядролық және радиоактивтік материалдарды тасымалдауға қатысты Тараптар мемлекеттері заңнамасының талаптары сақталмаған жағдайда, мұндай тауарларды басқа Тараптар мемлекетінің аумағына әкетуге жол берілмейді.

5. Тараптар, Тараптар мемлекеттерiнiң тиісті заңнамасына сәйкес келетін әрекеттерді қабылдау үшін тасудың (тасымалдаудың) қалыпты жағдайы кезінде табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, басқа Тарап мемлекеттерінің аумағынан келіп түскен, әкелу Елінде белгіленген нормадан асатын радиациялық фоны бар тауарлар мен көлік құралдарын қайтаруды (өзгеріссіз жағдайда қабылдауды) қамтамасыз етуге уағдаласты.

6. Басқа Тараптардың аумағынан келіп түскен тауарлар мен көлік құралдарының иондалған сәулелену деңгейіне қатысты аспаптардың әртүрлі көрсеткіштері Тараптар радиациялық бақылау жүргізу барысында анықтаған кезде, Тараптар осындай көрсеткіштер анықталған өткізу пункттерінің аумақтарында бірлескен радиациялық бақылауды жүргізуді ұйымдастыруға құқылы.

Бірлескен радиациялық бақылауды жүргізудің тәртібін Тараптардың жұмыс тобы айқындайды.



5-бап

Ақпаратпен алмасу
1. Тараптар өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында:

а) радиациялық қауіпсіздіктің қолданыстағы ұлттық нормаларына және санитариялық нормаларға;

б) Тараптар пайдаланатын радиациялық бақылаудың қазіргі заманғы технологияларына немесе тиісті жабдықтар туралы анықтамалық материалдарға;

в) Тараптардың кедендік шекарасы арқылы ядролық, радиоактивтік материалдарды, радиоактивтік қалдықтарды және радиоактивті-қауіпті заттарды өткізу кезінде ұлттық заңнаманы бұзу фактілеріне;

г) ядролық, радиоактивтік материалдарды, радиоактивтік қалдықтарды және радиоактивті-қауіпті заттарды, соның ішінде заңнаманы бұза отырып, Тараптардың кедендік шекарасы арқылы өткізілген, көрсетілген ядролық, радиоактивтік материалдарды, радиоактивтік қалдықтарды және радиоактивті-қауіпті заттарды әкету жүзеге асырылған мемлекеттің аумағына қайтару жағдайына қатысты ақпараттармен алмасады.

2. Тараптар мемлекетінің кеден органдары өкілдерінен және оқу орталықтарының мамандарынан құрылған бірлескен жұмыс тобы (бұдан әрі – бірлескен жұмыс тобы) ақпаратпен алмасу форматын келісуді жүзеге асыратын болады.



6-бап

Жұмыс тобы
Осы Келісімді тиімді іске асыру мақсатында Тараптар бірлескен жұмыс тобын құрады.

1. Бірлескен жұмыс тобы қызметінің негізгі міндеттері:

а) ядролық, радиоактивтік материалдардың, радиоактивтік қалдықтардың, радиоактивті-қауіпті заттардың заңсыз өткізілуін болдырмаумен байланысты мәселелерді шешу;

б) бірлескен радиациялық бақылауды жүзеге асыру және іске асыру тәртібі мен ұйымдастыру;

в) Тараптар заңнамасымен белгіленген нормадан асатын радиациялық фоны бар тауарлар мен көлік құралдарын қайтару тәртібін айқындау;

г) ақпарат алмасу форматын, сондай-ақ ақпаратты беру және оны қорғау тәртібін келісу болып табылады.

2. Бірлескен жұмыс тобы осы Келісімнің тиісті түрде жұмыс істеуін және қолдануын қамтамасыз ету үшін жауапкершілікте болады.

3. Бірлескен жұмыс тобы шеңберіндегі жұмыс кездесуі Тараптар мемлекеттерінің аумағында кезекпен немесе өзара консультация нәтижесінде қабылданған шешімге сәйкес жылына бір рет өткізіледі.

4. Тараптар құзырлы мемлекеттік органдар тізбесін және бірлескен жұмыс тобының жауапты тұлғаларын айқындайды және бір-бірін жазбаша хабардар етеді. Әрбір Тарап басқа Тарапты жазбаша нысанда не электронды байланыс арқылы құзырлы мемлекеттік органдар тізбесінің және көрсетілген тұлғалардың байланыс деректерінің өзгергені туралы хабардар етеді.

7-бап

Даулар мен келіспеушіліктер
Осы Келісімнің ережелерін қолдану және түсіндіру кезінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар өзара консультация және келіссөздер жүргізу арқылы шешеді.

8-бап

Өзгерістер мен толықтырулар

Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін, ол осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және жеке хаттамалармен ресімделеді.




9-бап

Күшіне енуі
Осы Келісім оның күшіне ену үшін Тараптардың қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауы туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарландыруды алған күнінен бастап күшіне енеді.

Бір Тарап дипломатиялық арналар арқылы басқа Тарапқа оның қолданылуын тоқтатуы туралы ниетін жазбаша хабардар еткен күннен бастап алты ай өткен соң осы Келісімнің қолданылуы тоқтатылады.


201__ «___» _______ ________ қаласында, әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі тұпнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндер бірдей тең түпнұсқалы болып табылады.




Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін

__________________





Қытай Халық Республикасының Үкіметі үшін

__________________



Результаты согласования
31.05.2017 16:43:02: Кожабергенов Е. К. (Управление международного сотрудничества) - - cогласовано без замечаний
31.05.2017 18:20:09: Кенбаев Ш. А. (Управление международного сотрудничества) - - cогласовано без замечаний
Результат подписания
01.06.2017 08:56:09 Амрин Г. К.. Подписано



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет