Қазақстан Республикасы Үкіметінің 008 жылғы мамырдағы №410 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»



жүктеу 378.82 Kb.
бет1/2
Дата23.06.2018
өлшемі378.82 Kb.
түріРегламент
  1   2


«Тағамдық қоспалардың, оларды өндіру мен айналымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»

техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 410 Қаулысы

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Тағамдық қоспалардың, оларды өндіру мен айналымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің



2008 жылғы 4 мамырдағы

410 қаулысымен



бекітілген

 

 

«Тағамдық қоспалардың, оларды өндіру мен айналымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті

 

1. Қолданылу саласы

 

1. Осы «Тағамдық қоспалардың, оларды өндіру мен айналымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген.

2. Осы Техникалық регламент тағамдық қоспалардың, оларды өндіру мен айналымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді.

3. Осы Техникалық регламенттің әрекеті қолданылатын өнімдердің тізбесі осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген.



4. Тағамдық қоспалар технологиялық функциялары бойынша мынадай топтарға бөлінеді:

1) тамақ өнімдерінің дәмі мен хош иісін жақсартатын тағамдық қоспалар:

тағамдық хош иістендіргіштер;

дәмі мен хош иісін күшейткіштер, модификаторлар;

тәтті дәм бергіштер (қантты алмастырғыштар және интенсивті тәтті дәм бергіштер);

тағамдық қышқылдар; қышқылдықты реттегіштер;

қанықтыру газдары.

2) тамақ өнімдерінің сыртқы түрін жақсартатын тағамдық қоспалар:

тағамдық бояғыштар;

бояуды тұрақтандырғыштар (бекіткіштер);

ағартқыштар;

жылтыратқыштар.

3) тамақ өнімдерінің консистенциясын реттейтін тағамдық қоспалар:

эмульгаторлар;

тұрақтандырғыштар;

қоюлағыштар;

қопсытқыштар;

созылмалы ететін агенттер, темір түзуіштер (гель түзуіштер);

еріткіш тұздар (эмульгациялайтын тұздар);

көбіктендіргіштер;

көбікті басушылар (көбіктенуге қарсы агенттер);

толтырғыштар;

нығыздалуға қарсы (түйірленуге қарсы) агенттер.

4) тамақ өнімдерінің жарамдылық (сақтау) мерзімдерін ұзартуға ықпал ететін тағамдық қоспалар:

консерванттар;

қышқылдануға қарсы әсер ететін заттектер;

тығыздағыштар (өсімдік тіндерін тығыздағыштар);

ылғалды ұстаушы агенттер;

газды орталар;

5) нан пісіруді жақсартқыштар (ұнды, қамырды, нанды жақсартқыштар).

6) кешенді тағамдық қоспалар;

7) тамақ өнімдерін өндіру процестерін жылдамдататын және жеңілдететін технологиялық қосалқы заттар:

пісіп жетілуін жылдамдатқыштар;

көбіктендіргіштер;

көбікті басушылар (көбікке қарсы агенттер);

флокулянттар;

салқындатушы агенттер;

таблеткілейтін құралдар;

ферментті препараттар (ферменттер);

пропелленттер;

катализаторлар;

пайдалы микроорганизмдердің тіршілігіне ықпал ететін заттар;

жемістің қабығын аршуға арналған құрал;

кептіргіштер;

экстрагенттер;

қопсытқыштар;

эмульгациялайтын тұздар;

сүзгіден өткізуді жеңілдететін заттар;

тасығыштар, еріткіштер, сұйылтқыштар;

капсулдауға арналған құралдар.

 

 

2. Терминдер мен анықтамалар



 

5. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылды:

1) ағартқыш - тамақ өнімдерінің керек емес бояуын кетіруге, сондай-ақ кейбір өнімдердің ақ түсін күшейтуге арналған тағамдық қоспа;

2) бояуды тұрақтандырғыш (бекіткіш) - тамақ өнімдерінің бояуын сақтауға арналған тағамдық қоспа;

3) газды орта - тамақ өнімдерін орау және сақтау кезінде пайдалануға арналған азот және инертті газдар;

4) дәмін және (немесе) хош иісін күшейткіш (модификатор) - тамақ өнімдерінің дәмін және (немесе) хош иісін күшейтуге арналған тағамдық қоспа;

5) дәмін хош иістендіретін жасанды зат - химиялық синтездеу әдістерімен алынған, алайда өсімдік немесе жануарлар тектес шикізатта сәйкестендірілмеген дәмін хош иістендіретін зат;

6) дәмін хош иістендіретін зат - тағамдық дәмін хош иістендіргіштерді өндіруге арналған өзіне тән иісі бар органикалық зат;

7) жасанды хош иістендіргіш - хош иістендіргіштің құрамы хош иістендіргіш бір немесе бірнеше заттардан тұратын, сондай-ақ табиғи және дәмі табиғиға ұқсас хош иісті заттардан тұруы мүмкін хош иістендіргіштер;

8) жылтыратқыш - тамақ өнімдерінің үстіне оны жылтырату және (немесе) қорғаныш қабатын жасауға арналған тағамдық қоспа;

9) қантты алмастырғыш - тамақ өнімдеріне тәтті дәм беруге арналған, қант тәттілігіне қарағанда екі бірліктен төмен коэффициенті бар тағамдық қоспалар және тәттілендіргішке қарағанда өнімде тәтті заттың ғана емес, сонымен қатар толтырғыштың да қызметін орындайды;

10) қанықтыру газы - өнімдердің жалпы көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ технологиялық процестерді жеделдетуге арналған технологиялық қосалқы зат;

11) катализатор - химиялық реакцияларды жеделдетуге арналған технологиялық қосалқы зат;

12) кешенді жақсартқыш (нан пісіру, макаронды) - қамырдың қасиеттерін және дайын ұн өнімдерінің сапасын жақсарту мақсатында нан пісіру өндірістерінде технологиялық процестерді реттеуге арналған технологиялық қосалқы зат;

13) кешенді тағамдық қоспа - құрамына азық-түлік шикізатының дәстүрлі түрлері, тамақтың қарапайым компоненттері болып табылатын заттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар енетін, тауарлық өнім ретінде жасалған қоспалар құрамы;

14) консервант - тамақ өнімдерінің жарамдылық (сақтау) мерзімдерін ұзартуға және оларды микробиологиялық бұзылудан қорғауға арналған тағамдық қоспа;

15) көбіктендіргіш - газ түзу фазасының тең диффузиясын қамтамасыз етуге арналған тағамдық қоспа немесе көбікті ұлғайтуға, сондай-ақ өнімнің өзіне тән құрылымын қалыптастыруға арналған техникалық қосалқы зат;

16) көбік басушы - тамақ өнімдерін өндіру процестерінде көбік түзілуді азайтуға арналған көп функциялы тағамдық қоспа;

17) көбікті тұрақтандырғыш - көбіктің тұрақтылығын арттыруға арналған көп функциялы тағамдық қоспа;

18) қопсытқыш - газ түзу есебінен қамырдың көлемін ұлғайтуға арналған тағамдық қоспа;

19) қоюландырғыш - тамақ өнімдерінің созылмалығын арттыруға арналған тағамдық қоспа;

20) қышқылдануға қарсы заттек - тамақ өнімдерінің құрамындағы майдың тотығу процестерін баяулатуға арналған тағамдық қоспа;

21) қышқылдықты реттегіштер - тамақ өнімдерінің рН өзгертуге немесе реттеуге арналған және қышқылдар, негіздер және (немесе) тұздар болып табылатын тағамдық қоспа;

22) нығыздағыштар (өсімдік тіндері) - тамақ өнімдерінің құрылымы мен сыртқы түрін жақсартуға, сондай-ақ олардың тағамдық құндылығын сақтауға арналған тағамдық қоспа;

23) нығыздалуға қарсы агент (түйірленуге қарсы агент) - ұнтақ тәрізді өнімдердің нығыздалу (түйірлену) әсерін азайтуға арналған тағамдық қоспа;

24) органикалық емес бояғыш - табиғи және (немесе) химиялық жолмен алынған органикалық емес заттар немесе олардың қоспасы болып табылатын тағамдық қоспа;

25) пісіп жетілуді жылдамдатқыш - тамақ өнімдерін өндірудің технологиялық процестерін жылдамдатуға арналған тағамдық қоспа;

26) пропеллент - тамақ өнімін ыдыстан шығаруға арналған құрамында оттегі жоқ технологиялық қосалқы құрал;

27) салқындық агент - өнімнің және (немесе) қоршаған ортаның температурасын төмендетуге арналған технологиялық қосалқы құрал;

28) синтетикалық бояғыш - жеке органикалық бояуыш заттар немесе химиялық жолмен алынған олардың қоспасы болып табылатын тағамдық қоспа;

29) табиғи бояғыш - физикалық және миркобиологиялық әдістердің көмегімен, сондай-ақ сахарозаны термиялық карамелдеу тәсілімен, соның ішінде тиісті химиялық реагенттерді пайдалана отырып, өсімдік немесе жануарлар тектес шикізаттан алынған органикалық бояғыш пен оның ілеспе заттарының қоспасы болып табылатын тағамдық қоспа;

30) дәмін хош иістендіретін табиғи зат (компонент) - әртүрлі физикалық және (немесе) биотехнологиялық әсер ету әдістерінің көмегімен өсімдік немесе жануарлар тектес шикізаттан бөлінген дәмін хош иістендіретін зат немесе олардың қоспалары;

31) дәмін хош иістендіретін табиғи тәрізді зат - өсімдік немесе жануарлар тектес шикізатта сәйкестендірілген және өнімді физикалық-химиялық әдістердің көмегімен алған дәмін хош иістендіретін зат;

32) табиғи тәрізді хош иістендіргіш - дәмін хош иістендіретіннің құрамында бір немесе бірнеше табиғиға ұқсас дәмін хош иістендіретін заттар бар, сондай-ақ табиғи дәмін хош иістендіретін заттар болуы мүмкін хош иістендіргіш;

33) табиғи хош иістендіргіш - құрамында тек табиғи дәмін хош иістендіретін заттар бар хош иістендіргіштер;

34) таблеткілеуге арналған құрал - таблеткілеу процесін қарапайымдауға арналған технологиялық қосалқы құрал;

35) тағамдық бояғыш - тамақ өнімдеріне рең беруге, күшейтуге, оларды қайта қалпына келтіруге арналған және жеке органикалық бояуыш заттар немесе сондай заттардың қоспалары не боялмаған компоненттері бар не жоқ пигменттер немесе олардың қосындысы болып табылатын тағамдық қоспа;

36) тағамдық ингредиент - рецептураға сәйкес тамақ өнімінің құрамдас бөлігі;

37) тағамдық қоспалар - тамақ өнімдеріне олардың биологиялық және энергетикалық құндылықтарына әсер етпейтін қасиеттер беру мақсатында тамақ өнімдеріне арнайы қосылған және өздері жеке тамақ өнімдері ретінде қолданылмайтын табиғи және жасанды заттар мен олардың қосындылары;

38) тағамдық қоспалардың қауіпсіздігі - адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен және қауіпті факторларды және келешектегі оның ауыр деңгейін іске асыру мүмкіндігі үйлесімін есептегенде, тұтынушылардың заңды мүдделерін бұзумен байланысты тағамдық қоспаларды әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жоюдың барлық процестерінде (сатыларына) жіберілмейтін қатердің болмауы;

39) тағамдық хош иістендіргіш (бұдан әрі - хош иістендіргіш) - тамақ өнімінің хош иісі мен дәмін жақсартуға арналған және өзіндік дәмін хош иістендіретін заттар болып табылатын тағамдық қоспа немесе ерітінділер немесе құрғақ заттектер (толтырғыштар) бар дәмін хош иістендіретін заттар;

40) тәтті дәм бергіш (қантты алмастырғыштар мен интенсивті тәтті дәм бергіштердің қоспасы) - тамақ өнімдеріне тәтті дәм беруге арналған тағамдық қоспа;

41) технологиялық (реакциялық) хош иістендіргіш - шикізатты термиялық және (немесе) ферменттік өңдеу әдісімен алынатын хош иістендіргіш;

42) технологиялық қосалқы заттар - қоспалар болмағанымен, белгілі бір технологиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін тамақ өнімдерін өндіру кезінде мақсатқа лайық қолданылатын және технологиялық процестің барысында ішінара немесе толық алынып тасталатын заттар немесе материалдар (жабдықтар мен ыдыстардан басқа);

43) толықтырғыш (тасушы-толықтырғыш, еріткіш) - негізгі компонентін азайтуға арналған технологиялық қосалқы зат (су мен ауаны қоспағанда);

44) тұрақтандырғыш (гель түзуші, нығыздағыш, ылғалды ұстайтын агент, көбікті тұрақтандырғыш) - құрылымдық механикалық кедергінің араласпайтын екі фазасының бөліну арасында қалыптасу есебінен диспенсерлік жүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған және жеке химиялық немесе табиғи қоспа және (немесе) олардың қосындысы болып табылатын тағамдық қоспа;

45) ферментті препарат (ферменттер) - жасушадағы метаболиялық реакцияларды катализдеуге, тамақ өнімдерін ендірудің технологиялық процестерін жылдамдатуға және (немесе) реттеуге арналған кешенді тағамдық қоспа;

46) флокулянт (ағартқыш, адсорбент) - кейбір қоспаларды тұндыру процестерінің тиімділігін арттыруға арналған технологиялық қосалқы зат;

47) ылғалды ұстаушы агент (гигроскопиялық зат) - тамақ өнімдері суының белсенділігін реттеуге және оларды кебуден (қатудан) сақтауға арналған тағамдық қоспа;

48) ыстаушы хош иістендіргіш - дәстүрлі ыстау кезінде тазартылған түтіннен алынған дәмін хош иістендіретін заттар пайдаланылған хош иістендіргіш;

49) эмульгатор - тамақ өнімдерін өндіру кезінде екі немесе одан көп араласпайтын біртекті қоспаны сақтауға арналған және араласпайтын екі фазаның бөліну арасында дифильді табиғи және өздеріне тән үстір-белсенді қасиеттері бар жеке химиялық және табиғи заттар болып табылатын тағамдық қоспа.

 

 

3. Тағамдық қоспалардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар



 

6. Тамақ өнімдерін өндіру кезінде мынадай технологиялық қосалқы заттар қолданылады:

1) ағартқыш және сүзгіш материалдар, флокулянттар мен сорбенттер;

2) катализаторлар;

3) экстракциялық және технологиялық еріткіштер;

4) микробқа қарсы заттар, жуу және тазалау құралдары, көбікті басушылар, басқа технологиялық функциялары бар құралдар;

5) ферментті препараттар.

7. Нанды және нан-бөлке өнімдерін, тағамдық ашытқыны және қышқылды сүт бактерияларын өндіруде технологиялық қосалқы заттар ретінде техникалық құжатқа сәйкес ашытқыға арналған мынадай тағамдық заттарды (қосымша тамақ, субстрат): биотинді, В тобының витаминдерін, ашытқы автолизаттарды, инозитті, калий және кальций карбонаттарын, ниацинді, пантотенді қышқылды, аммоний темір сульфатын, аммоний сульфатын, темірді, кальцийді, магнийді, мыс пен мырышты, аммоний мен калий фосфаттарын, сондай-ақ аммоний мен калий хлоридтерін пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл заттарды жекелеп, сондай-ақ аралас пайдалануға рұқсат етіледі.

8. Тамақ өнеркәсібінде тамақ өнімдерін ендіру технологиясында ферментті препараттарды пайдалануға рұқсат етіледі. Дайын тамақ өнімдерінде ферменттердің белсенділігі болмауы тиіс.

9. Ферментті препараттардың белсенділігін стандарттау және тұрақтылығын арттыру үшін олардың құрамына Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген тағамдық қоспаларды қосуға рұқсат етіледі.

10. Ферментті препараттарды көздері және продуценттер ретінде алу үшін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган рұқсат еткен ауыл шаруашылығы жануарларының мүшелері мен тіндерін, мәдени өсімдіктерді, сондай-ақ бактериялар мен шағын саңырауқұлақтар микроорганизмдерінің патогенді емес және токсикогенді емес арнайы штамдарын пайдалануға рұқсат етіледі.

11. Иммобилизацияланатын материалдар мен қатты тасымалдаушылар ретінде фертментті препараттарды өндіру үшін тамақ өнеркәсібінде қолдануға рұқсат етілген глутарлы альдегидті, диатомитті (диатомитті топырақ), диэтиламиноэтилцеллюлозаны, желатинді, ион алмастырушы шайырды, полиэтилениминді, қыш пен шыныны, сондай-ақ тасушы-толықтырғышты пайдалануға рұқсат етіледі.

12. Ферментті препараттардың белсенділігін стандарттау және тұрақтылығын арттыру үшін олардың құрамына Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген тағамдық қоспаларды (мысалы: калий хлоридін (Е508), натрий фосфатын (Е339), глицеринді (Е422) қосуға рұқсат етіледі.

13. Ферментті препараттарды дайындаушылар тамақ өніміне арналған нормативтік-техникалық құжаттамада негізгі және қосымша ферменттік белсенділікті қоса алғанда, препаратты алу көзі мен оның сипаттамасын көрсетуі тиіс.

14. Ферменттер микроорганизмдерінің-продуценттерінің штамдарына қосымша мынадай:

1) таксономиялық жағдай (штамның тектік және түрінің атауы, нөмірі мен түпнұсқалы атауы; дәнді-дақылдар коллекцияларында депонирленуі және модификациясы туралы мәліметтер) туралы мәліметтер;

2) дәнді-дақылдарды токсикогендік пен патогендікке зерттеу туралы материалдар (шарты түрде олардың арасында патогенді микроорганизмдер кездесетін тектер өкілдерінің штамдарына арналған);

3) ферментті препараттарды өндіруде генетикалық түрлендірілген микроорганизмдердің штамдарын пайдалану туралы мәлімет берілуі тиіс.

15. Мыналарға:



1) ферментті препараттарда фермент продуценттерінің тіршілік етуге қабілетті формаларының болуына;

2) бактериялы және саңырауқұлақ тектіден алынған ферментті препараттарда антибиотиктік белсенділігінің болуына;

3) саңырауқұлақ тектіден алынған ферментті препараттарда микотоксиндердің (афлатоксин В1, Т-2 токсин, зеараленон, А охратоксині, стеригматоцистин) болуына рұқсат етілмейді.

16. Ферментті препараттарда микотоксиндердің болуын бақылау кезінде микотоксиндердің продуценттері көбіне саңырауқұлақтардың токсигенді штамдары екендігін ескерген жөн, олар:



1) Aspergillus flavus және Aspergillus parasiticus - афлатоксиндер мен стеригматоцистин үшін;

2) Aspergillus ochraceus және Penicillium verrucosum, сирек - Aspergillus sclerotiorium, Aspergillus melleus, Aspergillus alliaceus, Aspergillus sulphureus - А охратоксині үшін;

3) Fusarium graminearum, Fusarium-ның басқа да түрлері - зеараленон, дезоксиниваленол мен Т-2 токсині үшін.

 
 


Каталог: files -> gos-uslugi -> reglament
reglament -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы №514 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
reglament -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 008 жылғы ақпандағы №96 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
reglament -> «Аєаш конструкцияларыныѕ ќауіпсіздігіне ќойылатын талаптар» техникалыќ регламентін бекіту туралы
reglament -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 сәуірдегі №392 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
reglament -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы №199 Қаулысы Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы»
reglament -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 008 жылғы мамырдағы №411 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
reglament -> Басќа материалдардан жасалєан конструкциялар ќауіпсіздігіне ќойылатын талаптар техникалыќ регламентін бекіту туралы
reglament -> Регламенті бекітілсін. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған
reglament -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 008 жылғы наурыздағы №217 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет