Қазақстан Республикасы Үкіметінің 008 жылғы наурыздағы №217 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»



жүктеу 0.58 Mb.
бет1/4
Дата07.04.2019
өлшемі0.58 Mb.
түріРегламент
  1   2   3   4


Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»

техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы № 217 Қаулысы

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 
Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің

2008 жылғы 4 наурыздағы

217 қаулысымен



бекітілген

 

 

«Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»

 техникалық регламенті

 

 

1. Қолданылу аясы

 

1. Осы «Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - осы техникалық регламент) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексін, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін және «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы, «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі, «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру мақсатында әзірленді.

2. Осы техникалық регламенттің талаптары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтарына сәйкес жіктелетін техникалық реттеу объектілері болып табылатын синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларына қолданылады. 3402 - тауар позициясы («Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы» жіктеушісіне сәйкес).

 

 

2. Терминдер мен анықтамалар



 

3. Осы техникалық регламентте «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында пайдаланылған негізгі терминдер, сондай-ақ мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады.



1) аэрозольдік орам - металдан, шыны немесе пластмассадан жасалған, ішінде сұйықтықпен, сықпамен немесе ұнтақпен немесе онсыз қысым астында сығылған, сұйылтылған немесе ерітілген газ болатын бір реттік пайдаланылатын ыдыс. Осы ыдыс газда өлшенген қатты немесе сұйық бөлшектерді, көбік, паста немесе ұнтақты сұйық немесе газ тәрізді күйде лақтырылуына мүмкіндік беретін, аэрозольдік шашыратқымен жабдықталған шығару құрылғысымен жабдықталған;

2) өтінім беруші - осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растау үшін өнімді берген заңды немесе жеке тұлға;

3) толық биоыдыраушылық - заттардың микроорганизмдермен көміртегінің қос тотығы мен тұздарды қайта өңдеу есебінен толық минералдануымен сипатталатын (оттегі болғанда) биологиялық аэробтық ыдырау деңгейі;

4) кері жалын - жалынның тұтану көзінен аэрозоль ағыны бойынша аэрозоль орамына таралуы;

5) қауіпсіздік паспорты - химиялық өнімнің сипаттамалары мен оны қолдану кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы қажетті мәліметтерден тұратын ақпараттық құжат;

6) алғашқы биоыдыраушылық - заттың тазартатын құрылғылар мен су қоймаларында бар микроағзалармен, оның беттік-белсенді қасиеттерін жоғалтуға әкелетін аэробтық (оттегі болғанда) биологиялық трансформациясы (құрылымдық өзгеруі);

7) беттік-белсенді зат - беттік-белсенді қасиеттерге ие және судың беттік тартылысын төмендетуге, сондай-ақ су мен ауа шекарасында таралатын немесе сіңірілетін мономолекулярлық қабаттардың қалыптасуына, эмульсиялар және/немесе микроэмульсиялар және/немесе мицеллалар қалыптасуына, сондай-ақ қатты және сұйық фазалар бөлінісінің шекарасында сіңірілуге мүмкіндік беретін бір немесе одан да көп гидрофильдік топтардан және бір немесе одан артық гидрофобтық топтардан тұратын кез келген органикалық зат және/немесе препарат;

8) пропеллент - затпен бірге ыдыста қысымда болатын және затты шашыратуға мүмкіндік беретін көміртегінің қос тотығы немесе басқа газ;

9) синтетикалық жуғыш құралдар - тұрмыстық және өнеркәсіптік мақсаттарда пайдаланылатын синтетикалық немесе табиғи беттік-белсенді заттар негізіндегі жууға арналған құралдар;

10) тұрмыстық химия тауарларына (оның ішінде аэрозольдық орамдағы):

маталарды жуғанға дейін және кейін өңдеуге арналған құралдар;

қатты беттерді жуу мен тазартуға және олардың күтіміне арналған құралдар;

үй-жайлар мен жабық ыдыстардағы иістерді жоюға арналған құралдар жатады.

3. Өнімдердің нарықтағы айналымының шарттары



 

4. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарлары осы техникалық регламентпен белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

5. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарлары егер олар арналуы бойынша тиісті пайдалану кезінде адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қауіп туғызбаған жағдайда ғана нарыққа жеткізіледі және өткізіледі.



 

 

4. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары



 

6. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігі арналуы мен қолданылу тәсілін және әзірленген қорғаныс шараларының жеткіліктілігін есепке алып өнім құрамымен қамтамасыз етіледі.

7. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының құрамындағы ингредиенттер тізбесі осы техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген.

8. Нарықтағы айналымға ескертпе таңбалаусыз және баламалы қорғау шараларымен қолдану тәсіліне арналған нұсқауларсыз мынадай:

1) асқазанға енгізген, теріге жаққан және тыныс жолдарына әсер ету кезінде аса уыттылығы бойынша қауіптіліктің 1 және 2-сыныптарына жататын;

2) теріні жарақаттайтын (күйдіретін) және шырышты қабыққа қайтарусыз салдарлар тудыратын;

3) теріге жаққан және тыныс жолдарына әсер ету кезінде сезімталдық тудыру (аллергендік) әсер етуге ие;

4) гендік өзгеріс ету әрекеттерін және өну қызметтерінің бұзылуын тудыратын;

5) канцерогендік болып табылатын синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарлары жіберілмейді.

9. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздік көрсеткіштері:



1) биоыдыраушылық (толық, алғашқы);

2) сутегі иондарының белсенділік көрсеткіштері (рН);

3) ыдыс жууға арналған құралдардың ыдыстан шайылуы;

4) фосфордың бес тотығына қайта санағанда құрамында фосфоры бар қосылыстардың салмақтық үлесі (Р2О5);

5) хлорбелсенді қосылыстары бар құралдарда белсенді хлордың салмақтық үлесі;

6) тозаң түзу (тозаңның салмақтық үлесі);

7) тыныс алу жолы арқылы улану мүмкіндігінің коэффициенті (КВИО - 20 градус Цельсий жағдайында (200С) ауада зиянды заттың ең жоғарғы рұқсат етілетін шоғырының тышқандар үшін заттың өлім қаупін тудыру шоғырына қатынасы);

8) аэрозольдік орамдағы тұрмыстық химия тауарлары үшін - 20 градус Цельсий жағдайында (200С) аэрозольдік орамдағы артық қысым болып табылады.

10. Аэрозольдік орамдағы қауіпсіздік көрсеткіштері өрт қауіпсіздігінің мынадай көрсеткіштері болып табылады:



1) өртену жылуы, килограмға мегаджоуль (МДж/кг),

2) аэрозоль шашырауы бойынша жалынның таралу ұзындығы, метр (м),

3) аэрозоль орамына аэрозоль шашыратқышы бойынша тұтану көзінен жалынның («кері жалын») таралуы, метр (м).

Өрт қаупі көрсеткіштерінің шектік мәні аэрозольдік өнімді қолдану аясымен айқындалады.

Аэрозоль шашыратуы бойынша жалынның таралу ұзындығы тұтанудың әлеуетті көздері бар тұрғын үй, әкімшілік және қоғамдық ғимараттарда шашырату үшін 0,45 метрді (м) құрауы тиіс.

Әлеуетті жану көздері бар тұрғын үй, әкімшілік және қоғамдық ғимараттарда тозаңдату кезінде «қайта жалынға» ие болатын аэрозольді өнімдерді пайдалануға рұқсат етілмейді.

11. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының құрамына кіретін беттік-белсенді заттардың толық биологиялық ыдырауының деңгейі кемінде 60 %-ды (көміртегінің қостотығы бойынша) немесе кемінде 70%-ды (жалпы органикалық көміртегі бойынша) құрауы тиіс.

12. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының құрамына кіретін беттік-белсенді заттардың осы техникалық регламенттің 11-тармағының талаптарына сәйкес болмайтын алғашқы биологиялық таралу деңгейі кемінде 80 %-ды құрауы тиіс.

13. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігі көрсеткіштерінің шекті рұқсат етілетін мәндері осы техникалық регламентке 2-қосымшада көрсетілген.



 

5. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын



 сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары

 

14. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын сақтау өнімге өтінім беруші көздеген қауіпсіздіктің барлық талаптары мен қорғаныс шараларын есепке ала отырып жүргізілуі тиіс.

15. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын қоймалар мен өткізу орындарында сақтаған кезде өндірістік үй-жайларда сыртқа тарту желдеткіштерімен қамтамасыз етілуі тиіс.

16. Өндірістік үй-жайларда аэрозольдік өнімді сақтаған кезде тамақ ішуге, темекі шегуге жол берілмейді.

  

6. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын



 тасымалдау кезінде қойылатын талаптар

 

17. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларына, олар тиісті түрде оралған, таңбаланған, тасымалдау қауіпсіздігі жөніндегі ақпаратпен жабдықталған жағдайда ғана тасымалдауға рұқсат етіледі.

18. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын тасымалдау кезінде мыналар қамтамасыз етілуі тиіс:



1) кейіннен оның тұтынушылық қасиеттерін және қауіпсіздік көрсеткіштерін өзгерте отырып рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмайтын герметикалығын, тұтастығын, орамның төзімділігін сақтау;

2) синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының әрбір партиясына ілеспе құжаттардың және штаттан тыс, апаттық немесе төтенше жағдайлар туындаған жағдайда нұсқаулықтардың болуы;

3) синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының азаматтардың өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік мүлікке, қоршаған ортаға, жануарлар өмірі мен денсаулығына және өсімдіктерге әсер ету қаупін болдырмайтын еңбекті қорғау тәсілдері мен әдістерін пайдалану;

4) қызметкерлерге қажетті жеке және қорғаудың ұжымдық құралдарын, арнайы киімдерді, жеке бастың гигиенасы құралдарын, алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған құралдарын ұсыну;

5) қызметкерлерді синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары мен қауіпсіз жұмыс тәсілдері туралы ақпаратпен таныстыру;

6) апатты жағдайларды болдырмау және олардың салдарын жою бойынша, өрт сөндірудің тәсілдері мен құралдарын қамтитын шараларды әзірлеу.

19. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын тасымалдау кезіндегі қорғау шараларын өтінім беруші қауіпсіздік паспортында көрсетеді.

20. Өнімдерді тасымалдауға қауіпсіздік талаптарын сақтау үшін қажетті біліктілікке ие қызметкерлер жіберіледі.

  

7. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары



 

21. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын, олар тиісті түрде оралған, таңбаланған, қауіпсіз сақтау, тасымалдау және өткізу жөніндегі ақпаратпен жабдықталған жағдайда ғана өткізуге рұқсат етіледі.

22. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын өткізу кезінде мыналар қамтамасыз етілуі тиіс:



1) кейіннен оның тұтынушылық қасиеттерін және қауіпсіздік көрсеткіштерін өзгерте отырып синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларына рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмайтын герметикалығын, тұтастығын, орамның төзімділігін сақтау;

2) синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының әрбір партиясына сақтау шарттары, сақтау мерзімдері көрсетілген ілеспе құжаттардың және штаттан тыс апаттық және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда нұсқаулықтардың болу;

3) синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының азаматтардың өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік мүлікке, қоршаған ортаға, жануарлар өмірі мен денсаулығына және өсімдіктерге әсер ету қаупін болдырмайтын еңбекті қорғау тәсілдері мен әдістерін пайдалану;

4) қызметкерлерге қажетті жеке және қорғаудың ұжымдық құралдарын, арнайы киімдерді, жеке бастың гигиенасы құралдарын, алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған құралдарын ұсыну;

5) қызметкерлерді синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары мен қауіпсіз жұмыс тәсілдері туралы ақпаратпен таныстыру;

6) апатты жағдайларды болдырмау және олардың салдарын жою бойынша, өрт сөндірудің тәсілдері мен құралдарын қамтитын шаралар әзірлеу.

23. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын өткізу кезінде қорғау шараларын өтінім беруші қауіпсіздік паспортында көрсетеді. Қауіпсіздік төлқұжатының тиісті бөлімдеріне енгізілетін ақпараттың құрамына, мазмұнына және нысанына ең аз талаптар осы техникалық регламентке 3-қосымшада көрсетілген.

24. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын өткізу кезіндегі жұмысқа қауіпсіздік талаптарын сақтау үшін қажетті біліктіліктері бар қызметкерлер жіберіледі.

25. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын өткізуге арналған үй-жай санитарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес болуы тиіс.



 

 

8. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптары



 

26. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарлары олар тиісті түрде оралған, таңбаланған, қауіпсіздік белгілерімен, оларды қауіпсіз қолдану жөніндегі ақпаратпен жабдықталған жағдайда ғана қолдануға жіберіледі.

27. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын қауіпсіз қолдану жөніндегі ақпаратты өндіруші әзірлеуі тиіс.

28. Тұрмыстық жағдайда синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын қауіпсіз қолдану жөніндегі ақпарат мынадай:

синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларымен жұмыс кезіндегі қорғанудың жеке құралдары;

синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарлары азаматтардың өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік мүлікке, қоршаған ортаға, жануарлар өмірі мен денсаулығына және өсімдіктерге әсер ету қаупін болдырмайтын еңбекті қорғау тәсілдері мен әдістерін пайдалану туралы мәліметтерден тұруы тиіс.

29. Өнеркәсіптік жағдайларда синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын қауіпсіз қолдану жөніндегі ақпарат мыналарды қамтуы тиіс:



1) азаматтар мен қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізетін және жұмыс аймағының ауасында, атмосфералық ауада және қоршаған ортада санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға жататын химиялық заттардың тізбесі;

2) сенсибилизирлейтін қасиеттерге ие химиялық заттардың тізбесі;

3) жұмыс істейтін персоналдың қажетті құралдарының тізбесі;

4) синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын қауіпсіз қолдануға бақылаудың қажетті техникалық құралдарының тізбесі;

5) адамның синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларымен байланыс жасауын және азаматтардың өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік мүлікке, қоршаған ортаға, жануарлар өмірі мен денсаулығына және өсімдіктерге әсер ету қаупін болдырмайтын, сондай-ақ апатты жағдайларды болдырмайтын еңбекті қорғау тәсілдері мен әдістерін таңдау жөнінде ұсынымдар;

6) апатты жағдайларды болдырмау тәсілдері, оның ішінде жабдыққа қойылатын талаптар және өрт сөндіру, жарылыстан қорғау тәсілдері мен құралдарының тізбесі.

30. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын өнеркәсіптік қолдануды қажетті біліктілікке ие, еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне оқытылған, қажетті қорғау құралдарымен қамтамасыз етілген және қауіпсіздік және жұмыс істейтін персоналдың еңбегін қорғау талаптарына сәйкес синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларымен жұмысқа жіберілген персонал жүзеге асыруы тиіс.

31. Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын өнеркәсіптік қолдану кезінде жарылыс қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және химиялық қауіпсіздік мыналар арқылы іске асырылатын шаралармен қамтамасыз етілуі тиіс:

1) технологиялар мен жабдықтарды, синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын қолданумен байланысты қауіптілікті азайтатын еңбек тәсілдері мен әдістерін таңдау;

2) синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын қауіпсіз қолдануды бақылаудың техникалық құралдарын пайдалану және тиісті ұстау;

3) синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын қолдану кезінде, жұмыс аймағының ауасында, атмосфералық ауада және қоршаған орта объектілерінде бөлінетін зиянды химиялық заттарды ұстауды өндірістік зертханалық бақылауды жүргізу;

4) жұмыс істейтін персоналды тікелей немесе мүмкін болатын қауіп туралы ескерту, тыйым салу, нұсқау немесе белгілі бір әрекеттерге рұқсат ету үшін, сондай-ақ пайдаланылуы қауіпті және зиянды факторлардың әсерін болдырмайтын және төмендететін құралдардың орналасуы туралы ақпаратқа арналған қауіпсіздік белгілерін пайдалану;

5) жұмыс істейтін персоналға қажетті жеке және ұжымдық қорғау шараларын, арнайы киім, жеке бастың гигиенасы құралдарымен, алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған құралдарын ұсыну;

6) персоналдың білімін тексеру, апатты жағдайларды болдырмау тәсілдерін қайта жасау және оларды жою қажетті құралдарын жасақтау;

7) еңбектің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ету және синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларымен жұмыс жасайтын жұмыс істейтін персоналға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өтемақылар беру.

 

 


Каталог: files -> gos-uslugi -> reglament
reglament -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы №514 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
reglament -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 008 жылғы ақпандағы №96 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
reglament -> «Аєаш конструкцияларыныѕ ќауіпсіздігіне ќойылатын талаптар» техникалыќ регламентін бекіту туралы
reglament -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 сәуірдегі №392 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
reglament -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы №199 Қаулысы Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы»
reglament -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 008 жылғы мамырдағы №411 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
reglament -> Басќа материалдардан жасалєан конструкциялар ќауіпсіздігіне ќойылатын талаптар техникалыќ регламентін бекіту туралы
reglament -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 008 жылғы мамырдағы №410 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
reglament -> Регламенті бекітілсін. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет