Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі №332 қаулысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»



жүктеу 72.73 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі72.73 Kb.
түріКодекс


Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны беру қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі №332 қаулысы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 14-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы 11 сәуірдегі № 332 қаулысымен бекітілген
Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

1. Тауарларды әкелу (Әкету) туралы хабарламаны беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 14-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленген және тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны беру тәртібін мынадай жағдайларда:

1) әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;

2) әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде реттейді.

2. Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкетілген тауарлар туралы ақпараттарды көрсетуге арналған және кейіннен тауарларды әкелу (әкету) жөніндегі мәліметтерді қамтиды.
2. Хабарламаны беру тәртібі мен мерзімдері
3. Хабарлама электрондық түрде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

4. Хабарлама оның негізінде тауарларды уақытша әкелу (әкету) жүзеге асырылған әрбір шарт (келісімшарт) және тауарлардың сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) коды бойынша салық төлеуші орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына тапсырады.

5. Хабарлама:

1) уақытша әкелінген тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген күннен бастап;

2) уақытша әкетілген тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына әкетілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде ұсынылады.

Бұл ретте хабарлама тауарларды әкелудің (әкетудің) әр күніне беріледі.

6. Хабарламаны беру кезінде мынадай деректер көрсетіледі:

1) 1-жолда ЖСН (БСН) - салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі көрсетіледі;

2) 2-жолда тауарларды әкелуді (әкетуді) жүзеге асырған тұлғаның атауы немесе Т.А.Ә. көрсетіледі. Жол міндетті түрде толтырылуы тиіс.

Заңды тұлға үшін атауы құрылтай құжаттарына сәйкес, жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), дара кәсіпкер үшін атауы дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес көрсетіледі.

3) 3-жолда тауарлардың орын ауыстыруы:

3 I ұяшық Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды уақытша әкелу кезінде белгіленеді;

II ұяшық Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды уақытша әкету кезінде белгіленеді;

4) 4-жолда оның аумағынан (аумағына) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) тауарларды әкелу (әкету) жүргізілген Кеден одағына мүше мемлекет;

I ұяшық Беларусь Республикасының аумағынан (аумағына) Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) тауарларды уақытша әкелу (әкету) кезінде белгіленеді;

II ұяшық Ресей Федерациясының аумағынан (аумағына) Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) тауарларды уақытша әкелу (әкету) кезінде белгіленеді;

5) 5-жолда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес валюта коды міндетті түрде көрсетіледі;

6) осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес хабарлама қайтадан берілген жағдайда 6-жолда бұрын берілген хабарламаның тіркеу нөмірі көрсетіледі.

7) 7-жолда әкелінген (әкетілген) тауарлардың толық атауы көрсетіледі;

8) 8-жолда шартқа (келісімшартқа) сэйкес әкелінген (әкетілген) тауарлардың орналасқан жері көрсетіледі;

9) 9-жолда тауарлардың сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) (10 белгі) бойынша коды көрсетіледі;

10) 10-жолда оның негізінде тауарларды уақытша әкелу (әкету) жүзеге асырылған шарт (келісімшарт) туралы мәліметтер (атауы, құжаттың нөмірі және күні) көрсетіледі;

11) 11-жолда оның негізінде тауарларды уақытша әкелу (әкету) жүзеге асырылған шартқа (келісімшартқа) сәйкес тауарларды уақытша әкелудің (әкетудің) мақсаты мен мән-жайлары көрсетіледі;

12) 12-жолда оның негізінде тауарларды уақытша әкелу (әкету) жүзеге асырылған шартқа (келісімшартқа) сәйкес уақытша әкелінген (әкетілген) тауарлардың саны және/немесе тауарлардың ілеспе құжаттары, сондай-ақ өлшем бірлігі көрсетіледі;

13) 13-жолда оның негізінде тауарларды уақытша әкелу (әкету) жүзеге асырылған шарт (келісімшарт) негізінде айқындалатын уақытша әкелінген (әкетілген) тауарлардың құны көрсетіледі;

14) 14-жолда тауарларды уақытша әкелу (әкету) мерзімі, яғни болжамдалған әкелу (әкету) күні көрсетіледі;

«Салық төлеушінің (басшының) тегі, аты, әкесінің аты» деген жолда құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Егер хабарламаны жеке тұлға табыс ететін болса, жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), дара кәсіпкер үшін - дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес атауы көрсетіледі;

хабарламаны табыс ету күні деген жолда хабарламаны салық органына тапсыру күні көрсетіледі;

салық органының коды деген жолда салық төлеушінің тіркеу орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

құжаттың кіріс нөмірі деген жолда хабарламаның тіркеу нөмірі көрсетіледі.

7. Әкелінген (әкетілген) тауарлардың орналасқан орны туралы шарттың (келісімшарттың) ережелері өзгерген жағдайда, салық төлеуші алдыңғы тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламада көрсетілген мерзім өткенге дейін хабарламаны қайтадан тапсырады.

Бұл жағдайда хабарламаны беру кезінде тек қана мынадай деректер:

1) ЖСН(БСН);

2) тауарлар әкелуді (әкетуді) жүзеге асыратын тұлғаның атауы немесе Т.А.Ә.;

3) алдыңғы табыс етілген хабарламаның тіркеу нөмірі;

4) әкелінген (әкетілген) тауарлардың орналасқан орны толтырылады.

Егер хабарламада көрсетілген әкелінген (әкетілген) тауарлардың тұру мерзімі біткенге дейін тараптардың (контрагенттердің) өзара келісімімен уақытша әкелінген (әкетілген) тауарлардың тұру мерзімі ұзартылған болса, салық төлеуші бұрын тапсырылған хабарламада көрсетілген мерзім өткенге дейін хабарламаны қайтадан тапсырады.

Бұл жағдайда хабарламаны табыс ету кезінде тек қана мынадай деректер:

1) ЖСН (БСН);

2) тауарлар әкелуді (әкетуді) жүзеге асыратын тұлғаның атауы немесе Т.А.Ә.;

3) алдыңғы табыс етілген хабарламаның тіркеу нөмірі;

4) оның негізінде әкелу (әкету) жүзеге асырылған шарт (келісімшарт), оның негізінде әкелу (әкету) жүзеге асырылған шарттың (келісімшарттың) нөмірі, оның негізінде әкелу (әкету) жүзеге асырылған шарттың (келісімшарттың) күні;

5) әкелу (әкету) мерзімі: әкелу (әкету) күні, әкету (әкелу) күні толтырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы 11сәуірдегі №332 қаулысына қосымша


Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

1. «Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінуі қосылған құн салығын төлеуден босатылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 919 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 51, 477-құжат).

2. «Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінетін тауарларды қосылған құн салығын төлеуден босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1655 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 14, 238-құжат).

3. «Жекелеген салық төлеушілердің уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені ұсыну және оны орындау қағидалары мен нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1656 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 14, 239-құжат).

4. «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу қосылған құн салығын төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1733 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 19, 291-құжат).









Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет