Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 28 желтоқсан №1728 Астана, Үкімет Үйі



жүктеу 31.88 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі31.88 Kb.





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсан № 1728 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мыналарға жемісті ғылыми жұмысы, шығармашылық және қоғамдық қызметі үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы берілсін:

«Театр және кино» номинациясы бойынша

Әбелдинов Адай Құнанбайұлы – Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Қазақ ұлттық өнер университеті» мемлекеттік мекемесінің оқытушысы.

Шынтаев Мұхитдин Сламақынұлы – «Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әртісі.

«Журналистика» номинациясы бойынша

Байырбек Нәзира Сайлауқызы – Астана қаласының ішкі саясат басқармасы «Астана ақшамы» газетінің редакциясы» жауапкерлігі шектеулі серіктестігінің тілшісі.

Ізбасова Гүлнәзия Әлімгерейқызы – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының жаңалықтар бөлімінің бас редактор-жүргізушісі.

«Әдебиет» номинациясы бойынша

Азамат Тасқараұлы – Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан өнер мұражайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының маманы.

Сарин Қалқаман Айымғазыұлы – «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының аға оқытушысы.

«Спорт» номинациясы бойынша

Сәпиев Серік Жұманғалиұлы – XVI жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, үздік техникасы үшін XXX Жазғы Олимпиада ойындарының Вэл Баркер кубогінің иегері.

«Эстрада» номинациясы бойынша

Балапанов Нұрбол Саттарұлы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қазақ ұлттық өнер университеті» мемлекеттік мекемесінің студенті, «Песня огня 2011» халықаралық фестивалінің Гран При иегері

«Классикалық музыка» номинациясы бойынша

Ғабдуллина Жұпар Бақтыбекқызы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының солисті, «XXI ғасыр өнері» халықаралық конкурсының Гран-при иегері
«Халық шығармашылығы» номинациясы бойынша

Тоқтамысова Сара Советханқызы – халықаралық және республикалық айтыскерлер конкурсының жеңімпазы.


«Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы бойынша

Әсемқұл Бейбіт Серікқұлұлы – Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Қазақ ұлттық өнер университеті» мемлекеттік мекемесінің оқытушысы, «Импрессионизм New York Realism Fine Art» номинациясы бойынша халықаралық көрмедегі алтын медальдің иегері

Қармсақов Арнұр Жасабекұлы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» мемлекеттік мекемесінің доценті.

Қалиев Айнагүл Балғауқызы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті» шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының доценті, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері


Қаптағаев Олжас Кенесарыұлы –ғалым, саяси ғылымдарының кандидаты.

«Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша

Әбдуәлиев Әсет Қуандықұлы – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының вице-президенті, «Жылдың жас көшбасшысы» номинациясы бойынша «Жастар» сыйлығының иегері

Хаматдинова Алина Наильевна Ұлттық волонтерлік желінің Қамқорлық кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесінің мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері


2. Қазақстан республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының 2012 жылға арналған мөлшері әр номинация бойынша 200000(екі жүз мың) теңге сомасында белгіленсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет