Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы


Ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасына қойылатын талаптар



жүктеу 463.78 Kb.
бет3/3
Дата09.09.2017
өлшемі463.78 Kb.
1   2   3

Ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасына қойылатын талаптар

115. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшін ішкі сауда объектілерінде ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары (бұдан әрі -- зертхана) ұйымдастырылуға тиіс.

Ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

116. Зертханаларда объектінің қуатына қарай мынадай үй-жайлар жиыны болуға тиіс:

1) ет және ет өнімдерін, жұмыртқа мен жұмыртқа өнімдерінің (бөлек жұмыс үстелдері бар) сараптау үшін;

2) балық және балық өнімдерін сараптау үшін;

3) сүт және сүт өнімдерін, балды, өсімдік шикізатын (бөлек жұмыс үстелдері бар) сараптау үшін;

4) мүкәммалды жуу үшін;

5) конфискатты сақтау үшін тоңазытқыш жабдықтары бар, ет және ет өнімдерін залалсыздандыру үшін;

6) дезинфекциялау және жуу құралдарын, мүкәммалды сақтау үшін;

7) персоналға арналған санитариялық және тұрмыстық үй-жайлар.

Объектілерде ет ұшаларын, ет өнімдерін және басқа өнімдерді уақытша сақтау үшін оқшауланған тоңазытқыш камерасы мен ет, ет өнімдерін және конфискаттарды зарарсыздандыру үшін автоклав орналастырылуға тиіс. Автоклав болмаған жағдайда зарарсыздандыруды ашық қазандықта жүргізуге рұқсат етіледі.

117. Сойылған жануарлардың ұшаларын, ет өнімдерін, балықты, құсты сараптауға арналған жұмыс үстелдері мәрмәр түйіршіктерімен, кафельмен немесе мырышталған темірмен қапталуға тиіс. Ет және ет өнімдеріне сараптама жүргізу үшін зертханалар ет ұшаларын, ішкі мүшелерді, басты ілуге арналған арнайы жеке құрылғылармен (қондырғылармен) (ілгіш, ілгек және басқалары) немесе үстелдермен қамтамасыз етіледі.

Сүт және сүт өнімдеріне зерттеу жүргізілетін үстелдер мырышталған темірмен немесе азықтық пластиктермен қапталуға тиіс.

Зертхана үй-жайлары жылумен, жарықпен, желдетумен, су құбырымен, ыстық және суық сумен, кәрізбен жабдықталады.

118. Ішкі сауда объектілерінде жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сату қуатына қарай сүт шикізатын сараптауға арналған қарау залын зертханамен, етті зарарсыздандыруға арналған үй-жайды ет шикізатын сараптауға арналған қарау бөлмелерімен біріктіруге болады.

119. Зертхана үй-жайлары, өндірістік жабдықтар және мүкәммал таза ұсталуға тиіс. Ылғалды әдіспен тазалау және дезинфекциялау күнделікті жүргізілуге тиіс.

Айына бір рет тазалық күні өткізіліп, барлық үй-жайлар күрделі жиналып, дезинфекцияланады және қажет болған жағдайда дератизация және дезинсекция жүргізіледі.

120. Зертхана штаты жүргізілетін жұмыстың көлеміне және оған жұмсалған уақытқа (жедел және қосалқы), бір жұмыс күнінде атқарылған жүргізілетін санына байланысты қалыптастырылады.

121. Зертханалар ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін қажетті арнайы зертханалық жабдықтардың түрлерімен, аспаптармен, құралдармен, химиялық реактивтермен, жуу және дезинфекциялау құралдарымен, ветеринариялық таңбалармен және мөртабандармен, зертханалық ыдыстармен, арнайы киіммен, зертханалық жиһазбен, мүкәммалмен және басқа да қосалқы материалдармен қамтамасыз етіледі.

Пайдаланылатын химиялық реактивтер дайындалған уақыты мен жарамдылық мерзімі көрсетіліп таңбалануға тиіс.

122. Зертханалар ветеринариялық есеп (келіп түскен өнімдердің, сараптама нәтижелерінің, конфискаттардың, реактивтердәің және басқаларының есебі) пен есептілікті жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен береді. Зертханалардың есепке алу журналдары нөмірленген, тігілген және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының мөрімен расталған болуы қажет.



Объектілерді сумен жабдықтауға, су бөлуге, жарықтандыруға және желдетуге, сауда және басқа үй-жайлардың ауасына, микроклиматына қойылатын талаптар

123. Объектілердің іргелі ғимараттары су бөлудің, суық және ыстық сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесімен жабдықталады.

Пайдаланылатын ауыз су Қазақстан Республикасының санитариялық қағидаларында белгіленген қауіпсіздік талаптарына сай болуға тиіс.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған кезде жергілікті су көздерін пайдалануға рұқсат етіледі. Шаруашылық-ауыз су мқтаждары үшін тасып әкелінген суды пайдалануға рұқсат етіледі.

Объектінің жуынатын үй-жайларында орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған кезде су қыздырғыштар орнатылады. Сарқынды суды жинау үшін кәріз жүйесі болмаған жағдайда қақпағы бар су өткізбейтін шұңқырлар орнатуға рұқсат етіледі. Шұңқырлар толу шамасына қарай тазаланады.

124. Жасанды жарық көздері жарықтандырудың қорғаныш арматураларына бекітіледі. Қажет болған жағдайда жұмыс орындарында қосымша жарық көздері орнатылады. Шаруашылық үй-жайларындағы шамдар мен арматуралар жабық түрде және ылғалды тазалауға қол жетімді болуға тиіс.

125. Терезелердің, терезе жақтауларының ішкі және сыртқы әйнектерінің бетін тазарту ластану шамасына қарай жүргізіледі. Жылдың ауыспалы және жылы мезгілдерінде ашық тұрған жерлердің бәрі жәндіктердің кіруінен қорғау үшін қорғаныш торлармен жабдықталады.

126. Объект үй-жайларында табиғи желдетуден басқа, сауда, қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар мәжбүрлі желдету жүйесімен және/немесе ауа баптағыштармен жабдықталады. Желдету ауа алмасудың қажетті мөлшерін және микроклиматтық шарттарды қамтамасыз етуге тиіс.

Аумағы 50 м2 дейінгі объектіде үй-жайларды табиғи желдетуге рұқсат етіледі.

Объектілердің сауда және қойма үй-жайларын желдету жүйесі бөлек орнатылады. Санитариялық тораптары мен себезгі бөлмелері бар қойма, сауда үй-жайларының желдету жүйесін біріктіруге рұқсат етілмейді.



Объектілерді, жабдықтарды пайдалануға және ұстауға қойылатын талаптар

127. Объектілердің барлық бөлмелері таза ұсталады. Жұмыс аяқталған соң жуу құралдарын пайдалана отырып, үй-жайларды, сауда жабдықтарын ылғалды жинау жуу жүргізіліп, соңынан ыстық сумен шайылады.

128. Тамақ өнімдерін сақтауға арналған үй-жайларда, оның ішінде тоңазытқыш камераларда механикалық тазалау, жуу, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау тұрақты түрде жүргізіледі.

129. Объект үй-жайларын күрделі жинауды жүргізу жиілігін шаруашылық жүргізуші субъект әкімшілігі үй-жайлардың тазалығын қамтамасыз етуді ескере отырып белгілейді. Жабдықтарды, мүкәммалды, үй-жайларды жуу және дезинфекциялау үшін жуу және дезинфекциялау құралдары өндірушінің қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес пайдаланылады.

130. Жуу, дезинфекциялау құралдарын сақтау құрғақ, желдетілетін, сөрелермен жабдықталған үй-жайларда өндірушінің техникалық құжаттамасына сәйкес азық-түлік тауарларынан бөлек жүзеге асырылады.

131. Контейнерлер, мүкәммалдық ыдыс (арбалар, кәрзеңкелер, торлар), салмақ өлшеу аспаптары жуу құралдарымен күнделікті жуылады және құрғатылады.

132. Объект ұйымның түріне, оның қуатына сәйкес қажетті сауда-технологиялық және тоңазытқыш жабдықтарымен жабдықталады. Сауда-технологиялық және тоңазытқыш жабдықтарын орналастырғанда оларға баратын жолдың еркін болуы қамтамасыз етіледі.

133. Тамақ өнімдерін сақтауға арналған қойма үй-жайлары құрғақ, таза ұсталады, жылытылады, жақсы желдетіледі, зиянкестер зақымдамаған, атмосфералық жауын-шашыннан, оларға кеміргіштердің, құстардың және жәндіктердің кіруінен қорғалған желдету қондырғысы болады.

134. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сату үшін объектілер мұздатылатын немесе тоңазытылатын камералармен, сөрелермен, витриналармен, шкафтармен, жәшіктермен жарақталады.

135. Тоңазытқыш жабдықтардың төбесіне, қабырғасына, еденіне, есігіне, өнімдері бар орамдарға «қар тоңының» және мұздың жиналуына рұқсат етілмейді.

Тоңазытқыш жабдықтардың ластану шамасына, «қар тоңының» пайда болуына қарай, өнімдерден босатылған соң тоңазытқыштарды жаппай жүк қабылдауға дайындау кезеңінде, камераларда зең пайда болғанда және сақталған өнімдер зеңмен зақымдалғанда жуады және дезинфекциялайды.

136. Етті және балықты шабу үшін беті тегіс, сызаттарсыз, қатты жынысты ағаштан жасалған тақтайлар пайдаланылады. Жұмыс аяғында ағаш тақтайлар күнделікті пышақпен тазаланып, тұз себіледі.

137. Әрбір өнім түрін бөлу үшін бөлек тақтайшалар мен таңбаланған пышақтар пайдаланылады, олар тиісті бөлімдерде арнайы бөлінген жерлерде сақталады.

138. Объектілерде жәндіктер мен кеміргіштердің болуына жол берілмейді.



Азық-түлік базарларын пайдалануға және ұстауға қойылатын талаптар

139. Азық-түлік базарының аумағы функционалдық аймақтарға бөлінеді: сауда-саттық, қойма және әкімшілік-шаруашылық.

140. Сауда-саттық аймағында бір сауда орнына аумағы кемінде 6 м2 есебінен сауда орындары беріледі, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету және зертхана объектілерін орналастыру үшін орындар көзделеді.

Тамақ өнімдерін (өсімдік тектес өнімдер, ет, балық, сүт және басқалары) сату арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі.

141. Қойма аймағында азық-түлік тауарларын сақтауға арналған үй-жайлар, тоңазытқыш қондырғылар орналастырылады.

142. Шаруашылық аймағында күзетшілерге, базар әкімшілігіне арналған орындар, автокөлік тұрақтары, қоқыс салуға арналған контейнерлері бар алаңқайлар, дәретханалар бөлінеді.

143. Кіреберістер мен шығаберістерді, кіру жолдары мен жаяу жүргінші жолдарын қамтамасыз ету көзделеді.

144. Аумақ пен сауда орындары таза ұсталады, күнделікті ылғалды жиналып, дезинфекцияланады.

Ай сайын тазалық күні өткізіліп, аймақтар мен үй-жайлар күрделі жиналады, тоңазытқыш жабдықтарға тексеру жүргізіледі, дезинфекцияланады, айғақтар болған (жәндіктер, кеміргіштер болған) кезде дезинсекциялау және дератизациялау жүргізіледі.

145. Сауда мүкәммалы, торлар, сөрелер, тұғырлықтар оңай жуылатын, тамақ өнімдерімен жанасуға рұқсат етілген материалдардан жасалуға тиіс.

146. Өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін сақтауға, тасымалдауға және сатуға ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижесі бойынша ғана рұқсат етіледі, оларды азық-түлік базарларының тек арнайы бөлінген орындарында ғана сатуға рұқсат етіледі.

147. Сойылған жануарлардың, балықтың, құстың еті және басқа да шикі өнімдер, сүт және сүт өнімдері, жануарлардан алынатын өзге де өнімдер ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижесі болған жағдайда базардың бөлек үй-жайларында, бөлек сөрелерде сатылады.

148. Сүт және сүт өнімдері арнайы жабдықталған үй-жайлардағы үстелдерде сатылады. Сатып алушылардың сүт және сүт өнімдерінің дәмін бір рет пайдалануға жарамды қасықтармен татып көруіне рұқсат етіледі.

149. Жануарлардан алынатын өнімдердің саудасы оны жерге тікелей тигізбеу, тауарлардың қатар тұруы қағидаттарын сақтау жолымен тамақ өнімдерімен жанасу үшін пайдалануға рұқсат берілген материалдардан жасалған ыдыстардан жүзеге асырылады.



Тамақ өнімдерін тасымалдау, сақтау, өлшеп орау және сату шарттарына қойылатын талаптар

150. Қабылдау, сақтау, тасымалдау және сату кезінде тамақ өнімдерінің әрбір партиясы олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттармен, сондай-ақ сақтау, тасымалдау шарттары, жарамдылық/сақтау мерзімі туралы ақпаратпен, тез бұзылатын өнімдер -- өнімнің шығарылған уақыты мен күні, сақтау температурасы және соңғы сату мерзімі көрсетілген жүкқұжаттармен сүйемелденеді.

151. Тамақ өнімдерінің сақтау орындарына түсуі таза, құрғақ, бөтен иісі жоқ, бүтіндігі бүлінбеген ыдыспен және орамамен жүзеге асырылады.

152. Әрбір ыдыс орнының өнімнің жарамдылық, сақтау мерзімі мен түрі көрсетілген таңбалау белгісі (жапсырмасы) жарамдылық/сақтау мерзімі аяқталғанға дейін, өнім толық пайдаланылғанға дейін сақталады.

153. Объект тамақ өнімдерін сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен, шикізатты, дайын өнімдерді, буып-түю материалдары мен қосалқы материалдарды бөлек сақтау үшін тоңазытқыш жабдықтармен қамтамасыз етіледі, оларды оңай жуылатын және дезинфекцияланатын материалдардан жасалған, еденнен биіктігі кемінде 15 сантиметр болатын сөрелермен, стеллаждармен, тауар астына қойылатын ыдыстармен және контейнерлермен, тоңазытқыш камералар -- конденсатты жинау және ағызу жүйелерімен, ал қажет болған жағдайда -- қалайыланған немесе тот баспайтын болаттан жасалған ілгектері бар ілінетін арқалықтармен жабдықталады.

154. Объектілердегі тамақ өнімдерінің барлығы сөрелерде, тұғырлықтарда, тауар астына қойылатын ыдыстарда еденнен кемінде 15 сантиметр биікте сақталады. Тамақ өнімдерін еденде сақтауға жол берілмейді.

155. Көтерме саудаға шығарылатын тамақ өнімдерін тоңазытқыш камераларда және/немесе қойма үй-жайларында орналастыру партияның дайындалған күні мен нөмірі көрсетіліп, партиялармен жүзеге асырылады.

156. Тамақ өнімдерін сақтауға арналған үй-жайларда тағамдық емес материалдарды бірге сақтауға рұқсат етілмейді.

157. Өзіне тән иісі бар тамақ өнімдері (балық, ірімшік және т.б.) бөгде иістерді сіңіріп алатын тағамдардан (шикі ет, сары май, жұмыртқа және басқа) бөлек сақталады.

Шикі өнімдерді (ет, құс, балық, жұмыртқа және басқа) тұтынуға дайын тамақ өнімдерімен, оралмаған дайын өнімдермен бірге сақтауға, қауіпті тамақ өнімдерін басқа тамақ өнімдерімен бірге сақтауға, сондай-ақ оларды су құбырлары мен кәріз құбырларына, жылыту аспаптарына жақын сақтауға, қойма үй-жайларынан тыс жерде сақтауға рұқсат етілмейді. Тамақ өнімдерін тікелей еденде жинауға рұқсат етілмейді.

158. Тамақ өнімдерінің мынадай түрлерін сақтаудың ерекше шарттарын сақтау қамтамасыз етіледі:

1) тоңазытылған және мұздатылған етті (ұшамен, жарты ұшамен, төрттен бір бөлігін) сақтау ілгектерге ілінген түрде, ұшалардың бір-біріне, үй-жайлардың қабырғалары мен еденіне тимейтіндей түрде жүргізіледі. Блоктардағы (немесе ыдысқа салынған) етті тек сөрелерде, тұғырлықтарда және контейнерлерде сақтауға рұқсат етіледі. Ет қосылған жартылай фабрикаттар, субөнімдер, мұздатылған және тоңазытылған құс жеткізушінің ыдысында сақталады, қатар-қатар салған кезде ауа алмасуы қамтамасыз етіледі;

2) тоңазытылған балық жеткізушінің ыдысында сақталады, сақтау температурасы 00-тан -20С-қа дейін екі тәуліктен аспайды.

Тоңазытқыш қондырғыларының бәрі тамақ өнімдерін сақтаудың температуралық режимін бақылау үшін термометрлермен жабдықталуы мүмкін.

159. Нормативтік және техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп танылған, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін тамақ өнімдері сатудан алынады. Оны одан әрі пайдалану немесе жою мүмкіндігі туралы шешім тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамаға сәйкес қабылданады.

160. Жануарлардан алынатын азық-түлік шикізаты ветеринариялық ілеспе құжаттары болған кезде тек ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша қабылдауға, сақтауға, тасымалдауға және өңделген және өңделмеген күйде тағамдық мақсатта тұрғындарға сатуға жіберіледі.

161. Сұйық тамақ өнімдерін (сүт, қаймақ, сүзбе, өсімдік майы және басқалары) босату кезінде өнімдерді сатып алушының ыдысынан қайтадан ортақ ыдысқа құюға жол берілмейді. Ыдыстарға құюға арналған сауда мүкәммалын сүт, қаймақ, сүзбе салынған ыдыста қалдырмайды, арнайы ыдыстарда ұстап, күнделікті жуып отырады. Мүкәммал мақсаты бойынша пайдаланылады.

162. Сүт өңдеуші объектілер жеткізетін флягалардағы сүтті сатқан кезде айналымдағы ыдыстар дайындаушы-кәсіпорында өңделеді, сатылатын жерлерде алдын ала жуылады.

163. Объектілерде мыналарды:

1) шығу тегін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары жоқ тамақ өнімдерін;

2) тиісті таңбасы жоқ тамақ өнімдерін;

3) ораманың бүтіндігі бұзылған және лас ыдыстағы, жапсырмалары (немесе қосымша қағаздары) жоқ тамақ өнімдерін;

4) берілген мәліметтерге сәйкес келмейтін тамақ өнімдерін;

5) бұрмаланған тамақ өнімдерін;

6) тамақ өнімдерін сақтаудың температуралық және ылғалдылық шарттарын сақтау шарттары болмаған кезде;

7) тазартылмаған құсты, салмонеллез бойынша қолайсыз шаруашылықтардан келген жұмыртқаны, қабығы лас, кемшіліктері мен жарықшағы бар жұмыртқаны, үйрек және қаз жұмыртқаларын;

8) ветеринариялық таңбасы жоқ етті, шартты түрде жарамды етті және ет өнімдерін, сондай-ақ жануарлардан алынған азық-түлік шикізаты мен өнеркәсіпте дайындалмаған, ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтпеген тамақ өнімдерін;

9) қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін тамақ өнімдерін қабылдауға, сақтауға, тасымалдауға және пайдалануға рұқсат етілмейді.

164. Жас балық пен балық өнімдерін сату және сақтау үшін объект бөлек тоңазытқыштармен жабдықталады.

165. Бөлшектеп оралмаған, тұтынуға дайын өнімдерді сататын бөлімдерде (секцияларда) жұмыртқа сатуға жол берілмейді.

166. Дайын тамақ өнімдерін азық-түлік шикізатымен және шикі азық-түлік өнімдерімен бірге тасымалдауға рұқсат етілмейді.

167. Жылдың жылы мезгілінде тез бұзылатын өнімдерді тасымалдау +60С-тан аспайтын температурада:

1) қораптары салқындатылатын арнайы көлікте 6 сағаттан асырмай;

2) салқындатылмайтын изотермиялық қораптарда 1 сағаттан асырмай жүргізіледі.

168. Етті авторефрижераторлармен тасымалдау: салқындатылған және тоңазытылған ет +60С температурада, мұздатылған ет 00С температурада жүргізіледі.

169. Тірі балық термооқшаулағышы бар, мұзға арналған арнайы сыйымдылығы, сондай-ақ суға ауа жіберуге арналған жабдығы бар цистерна-автомобильдермен тасымалданады.



Объект аумағына, тұтыну қалдықтарын жинауға және шығаруға қойылатын талаптар

170. Объект аумағы жайластырылады, таза ұсталады. Аумақта, объектінің шаруашылық аймағында арнайы бөлінген жерде қалдықтарды жинау үшін қақпағы бар контейнерлер орналастыру үшін су өткізбейтін жабыны бар, үш жағынан тұтас қабырғалармен қоршалған алаңқайлар көзделеді. Қоқыс және тағам қалдықтары толу шамасына қарай шығарылады. Қоқысты шығару арнайы көлікпен жүзеге асырылады.

171. Аумақ күнделікті жиналады, жылдың жылы мезгілінде су себіледі, қыс мезгілінде қар мен мұздан тазартылады.

172. Объект ғимаратына кірер жерде қоқысқа арналған сауыттар орналастырылады, оларды тазарту толу шамасына қарай жүргізіледі.

173. Базарларда сауда қатарларының бойымен бір-бірінен 20 метрден аспайтын аралықта қоқысқа арналған сауыттар қойылады.

174. Кірме жолдар, тротуарлар және түсіру алаңдары атмосфералық жауын-шашынның және еріген судың ағып кетуі үшін еңісі бар қатты жабынмен қамтамасыз етіледі.



175. Ыдыстар мен тауар қорын сауда объектісі аумағына іргелес аумақта жинауға рұқсат етілмейді.

_________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет