Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығының жобасы туралы»



жүктеу 47.36 Kb.
Дата24.07.2018
өлшемі47.36 Kb.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына

«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығының жобасы туралы»

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА



Р/с 


Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс  мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның 

ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

2.

Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес

3.

Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Талап етпейді

4.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Қаулыны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

5.

Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес келтіру

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары:

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827;

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы;

2011 жылғы 30 желтоқсандағы №213 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы;

2012 жылғы 27 тамыздағы №371 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы;

2013 жылғы 13 маусымдағы № 582 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы;

2014 жылғы 17 маусымдағы № 840 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы;

2015 жылғы 18 ақпандағы № 1005 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы;

2015 жылғы 25 тамыздағы № 73 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы;

2015 жылғы 30 қарашадағы № 120 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы;



2016 жылғы 11 қаңтардағы № 169 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы.

7.

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Талап етіледі

8.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса)

Талап етпейді

9.

Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Сәйкес келеді

10.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері

Жүргізілмеді

11.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

Рұқсат беріледі

12.

Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

13.

Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады

Талап етілмейді

14.

Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Халықаралық шарт болып табылмайды.




Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі Т. Сүлейменов
2017 жылғы « »




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет