«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі



жүктеу 1.82 Mb.
бет1/9
Дата27.04.2019
өлшемі1.82 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне

өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі

қаулысының жобасына салыстырмалы кесте

Р/с №

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме

1. «Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1597 Қаулысы




8-тармағының 1) және 2) тармақшалары

8. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері үшін заңнамада көзделген барлық жеңілдіктер мен артықшылықтар сақталады:

1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақшалай қаражаттың мөлшерінен жиырма пайыз мөлшеріндегі міндетті зейнетақы жарналары бюджет қаражаты есебінен есептеледі және салымшының жеке зейнетақы шотына аударылады.


      Бұл ретте міндетті зейнетақы салымдарын есептеу үшін ақшалай қаражат:
      (мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметші лауазымдық айлықақысы олардың белгіленген ақшалай қаражаттынан асқанға дейін) ақшалай қаражаттың белгіленген мөлшері;
(мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметші айлықақысы ақшалай қаражаттың белгіленген мөлшерінен асқан жағдайда) атқарып жүрген лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы қабылданады;

2) еңбек сіңірген жылдарына сәйкес зейнетақы төлемдерін:

әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiргендер, арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқығы жойылу сәтінде арнайы атағы, сыныптық шені бойынша белгіленген құқық қорғау қызметінде болудың шектi жасына сәйкес келетін жасқа толғандар, не штаттың қысқартылуына, өз еркі немесе денсаулық жағдайы бойынша шығарылғандар;
 құқығы жойылу сәтінде құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдар, арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқығы жойылу сәтінде арнайы атағы, сыныптық шені бойынша белгіленген құқық қорғау қызметінде мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде болудың шектi жасына сәйкес келетін жасқа толған не штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмыстан шығарылған, жиырма бес жыл және одан жоғары жалпы еңбек өтілі бар, оның кемінде он екі жыл және алты айы үздіксіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет құрайтын адамдар алуға құқылы;


8. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері үшін заңнамада көзделген барлық жеңілдіктер мен артықшылықтар сақталады:

Алынып тасталсын;

2) еңбек сіңірген жылдарына сәйкес зейнетақы төлемдерін:

әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiргендер, арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқығы жойылу сәтінде арнайы атағы, сыныптық шені бойынша белгіленген құқық қорғау қызметінде болудың шектi жасына сәйкес келетін жасқа толғандар, не штаттың қысқартылуына, өз еркі немесе денсаулық жағдайы бойынша шығарылғандар;

жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екі жылын және алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құрайтын және әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толуына не штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлердi қоспағанда), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасына сәйкесстендіру




9 тармақ

9. Зейнетақы тағайындауға есепке алынатын ақшалай қаражат мемлекеттік әкімшілік не азаматтық қызметтен босаған күнгі соңғы қызмет атқарған орны бойынша белгіленген ақшалай қаражаттың не лауазымдық жалақысын көрсете отырып, соңғы қызмет орны бойынша тиісті қаржы органының белгіленген үлгідегі анықтамасымен расталады.

9. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындауға есепке алынатын ақшалай қаражат мемлекеттік әкімшілік не азаматтық қызметтен босаған күнгі соңғы қызмет атқарған орны бойынша белгіленген ақшалай қаражаттың не лауазымдық жалақысын көрсете отырып, соңғы қызмет орны бойынша тиісті қаржы органының белгіленген үлгідегі анықтамасымен расталады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасына сәйкесстендіру




10 тармақ

10. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнетақы тағайындауды тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар соңғы қызмет орны бойынша жүзеге асырады.

10. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы

тағайындауды тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар соңғы қызмет орны бойынша жүзеге асырады.



«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасына сәйкесстендіру




11 тармақ

11. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға құқық қорғау органдар, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет желісі бойынша еңбек сіңірген жылдары зейнетақы тағайындау кезінде, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызмет көрсету және санаториялық-курорттық емделу құқығы сақталады.

11. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға құқық қорғау органдар, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет желісі бойынша еңбек сіңірген жылдары еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындау кезінде, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызмет көрсету және санаториялық-курорттық емделу құқығы сақталады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасына сәйкесстендіру




13 тармақ

13. Арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдар қатарынан қайтыс болған зейнетақы төлемдерін алушылардың отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы тағайындалуына қарамастан: әйеліне (күйеуіне) асыраушысының үш айлық зейнетақысы мөлшерінде және отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесіне – оның қайтыс болған күніне дейін төленген асыраушысының айлық зейнетақысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.

13. Арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдар қатарынан қайтыс болған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылардың отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы тағайындалуына қарамастан: әйеліне (күйеуіне) асыраушысының үш айлық зейнетақысы мөлшерінде және отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесіне – оның қайтыс болған күніне дейін төленген асыраушысының айлық зейнетақысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасына сәйкесстендіру







Арнаулы атақтарды және  
сыныптық шендерді иелену,
сондай-ақ нысанды     
киім киіп жүру құқықтары 
жойылған адамдарға   
зейнеткерлікке шыққан кезде
әлеуметтік қамсыздандыруды,
барлық жеңілдіктер мен  
артықшылықтарды сақтау  
қағидаларына қосымша   

Құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет желісі бойынша зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамтамасыз етуді, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтай отырып, арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарды тіркеу туралы

АНЫҚТАМА

_______________________________________________________ берілді


(мемлекеттік органның, бөлімшенің атауы)
      1. Тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________
      2. Жойылу сәтіндегі арнаулы атағы (сыныптық шені) _____________
      3. Құқық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің жойылу сәтіндегі атқарған лауазымы _____________________________________
      4. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқығы жойылуына байланысты мемлекеттік немесе азаматтық лауазымға ауыстыру туралы
      2012 жылғы «____»_________ № ______ бұйрық.
      Мөр орны      Органның кадр қызметінің басшысы


2015 ж. « » №

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің қаулысына

1-қосымша

Арнаулы атақтарды және  
сыныптық шендерді иелену,
сондай-ақ нысанды     
киім киіп жүру құқықтары 
жойылған адамдарға   
зейнеткерлікке шыққан кезде
әлеуметтік қамсыздандыруды,
барлық жеңілдіктер мен  
артықшылықтарды сақтау  
қағидаларына қосымша 

Құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет желісі бойынша еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін

әлеуметтік қамтамасыз етуді, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтай отырып, арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарды тіркеу туралы

АНЫҚТАМА


_______________________________________________________ берілді
(мемлекеттік органның, бөлімшенің атауы)
 1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

____________________________________


 2. Жойылу сәтіндегі арнаулы атағы (сыныптық шені) _____________
 3. Құқық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің жойылу сәтіндегі атқарған лауазымы _____________________________________
      4. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқығы жойылуына байланысты мемлекеттік немесе азаматтық лауазымға ауыстыру туралы
 2012 жылғы «____»_________ № ______ бұйрық.
      Мөр орны      Органның кадр қызметінің басшысы





2. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысы

7

1-тармақ

1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

1) зейнетақы жинақтары – шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерiктi зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өсiмпұлды және өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) жеке зейнетақы шотында есепке алынатын ақшасы;

2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері (бұдан әрі – зейнетақы төлемдері) – міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаларға ақша төлемдері;

3) зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі – алушы) – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке тұлға;

4) уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын;

5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және









2-тармақ

2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері:

1) Заңның 30-бабының 2-тармағында, 59-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда белгіленген кесте бойынша;

2) Заңның 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында, 2-тармағында көзделген жағдайларда төлеу арқылы жүзеге асырылады.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері Заңның 32-бабында көзделген жағдайларда төлеу арқылы жүзеге асырылады.



2. Зейнетақы төлемдері:

1) Заңның 31-бабының 1-тармағының 1), 3) тармақшаларында, 32-бабының 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайлар басталған жағдайда белгіленген кесте бойынша ай сайын жүзеге асырылады;

Егер алушылардың зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса, аталған сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет төленеді.

2) Заңның 31-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында, 2-тармағында, 32-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында, 2-тармағында көзделген жағдайларда бір рет;

3) зейнетақы төлемдерін Заңның 31-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 32-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, зейнетақы аннуитеті шарты негізінде сақтандыру ұйымына аудару жолымен жүзеге асырылады.











3. Заңның 30-бабының 2-тармағында, 59-бабының 2-тармағында көрсетілген адамдарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитеті шарты негізінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын аудару арқылы зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады.

Заңның 59-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитеті шарты негізінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын аудару арқылы зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады.



Жоқ







2-Тарау

2. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы

жинақтарынан кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерін

жүзеге асыру тәртібі
4. Зейнетақы жинақтарын кесте бойынша алушы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына:

1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш);

2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;

3) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрі – Орталық) төлемдер тағайындау негіздемесін көрсете отырып, зейнетақы және жәрдемақы алушы куәлігінің көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынады.

Егер зейнетақы жинақтарын алушы Заңның 11-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар болып табылатын жағдайда, Орталықтан зейнетақы куәлігі ұсынылмайды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына почта байланысы құралдары немесе сенімхат негізінде әрекет ететін адам (бұдан әрі – сенім білдірілген адам) арқылы жүзеге асыруға өтініш берілген кезде алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариатта расталған көшірмесі, Орталықтан төлемдерді тағайындау негіздемесін көрсете отырып, зейнетақы және жәрдемақы алушы куәлігінің көшірмесі ұсынылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына почта байланысы құралдары арқылы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға өтінішті беру кезінде зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі алушының қолы нотариатта куәландырылады (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілген жағдайда).

Алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті сенім білдірілген адам арқылы жіберген жағдайда, сенім білдірілген адам да бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін (егер сенімхатта сенім білдірушінің бір мезгілде бірнеше ұйымда мүддесін білдіру жөніндегі өкілеттігі қамтылса), жеке куәліктің көшірмесі мен түпнұсқасын ұсынады.

Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

5. Өтініш оған қоса берілген құжаттармен бірге өтініштерді тіркеу журналында тіркеледі. Өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.

6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы тармақтың екінші абзацында айқындалған жағдайларды қоспағанда, зейнетақы төлемдерінің кестесін қамтитын қосымша келісімді әзірлейді және алушының қарауына ұсынады.

Алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесінде айқындалған кесте бойынша төлемдердің жылдық сомасынан аз болған немесе зейнетақы жинақтары төлемдерін жүзеге асыру кезінде алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ағымдағы жылға ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайларда зейнетақы жинақтарын төлеу қосымша келісім жасамай, осы Қағидаларда көзделген құжаттардың негізінде бірыңғай төлеммен жүзеге асырылады.

7. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жыл сайын зейнетақы төлемдерінің жылдық мөлшеріне қайта есептеу жүргізеді.

Қайта есептеу алушыдан өтінішті алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қосымша келісім мен зейнетақы төлемдерінің кестесіне өзгерістер енгізе отырып, кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық мөлшеріне қайта есептеу жүргізеді.



2.Зейнетақы төлемдеріне өтініш беру тәртібі
2.1. Зейнеткерлік жасқа толғанда, бірінші және екінші топтағы мүгедектік мерзімсіз белгіленген жағдайда
3. Алушы өзі өтініш жасағанда:

1) Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш);

2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;

3) алушының банк шоты туралы мәліметтерді ұсынады.

4. Егер алушы Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлға болып табылса, БЖЗҚ Орталық пен БЖЗҚ арасында жасалған шарт (бұдан әрі- Шарт) шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Мүгедектердің орталықтандырылған дерек қорынан (бұдан әрі – ҚР ДӘДМ МОДҚ) немесе веб-сервис арқылы келген алушыда ҚР ДСӘДМ МОДҚ-да мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі туралы растаманың бар болуы туралы мәліметтерді сұратады.

Алушыда ҚР ДӘДМ МОДҚ-да мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктігі туралы растама болмаған жағдайда зейнетақы төлемдері төленбейді.

5. Зейнетақы төлемдері алушы жүгінген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы төлемдері біткенше немесе қайтыс болған айды қоса алғандағы аралықта төленеді.

Бұл ретте Алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тоқтатудың негіздемесі Шарт шеңберінде немесе веб-сервис арқылы Орталықтан БЖЗҚ-мен алынған «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер қорынан мәліметтер болып табылады.

6. Ай сайынғы сома мөлшері осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне өтінішті алған күндегі зейнетақы жинақтары сомасының көбейтіндісі ретінде есептелген соманы он екіге бөлу жолымен анықталады.

БЖЗҚ жыл сайын Қағидалардың осы тармағында көзделген ережелерді ескере отырып зейнетақы төлемдері мөлшерін өз бетінше қайта есептейді.

2.2. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда
7. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өздері өтініш жасаған кезде БЖЗҚ-ға:

1) өтінішті;

2) егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе шетелдік төлқұжаттың көшірмесін және салыстыру үшін түпнұсқасын;

3) алушының банк шоты туралы мәліметті ұсынады.

8. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар өтінішті пошта байланысы арқылы жіберген кезде осы адамның банк шоты туралы мәліметтен басқа осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген алушының жеке басын куәландыратын құжат беріледі, сондай-ақ алушының өтініштегі қолы нотариатта куәландырылады (егер нотариатта куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілсе).

9. Егер Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарға зейнетақы төлемдері бір рет төленеді.


2.3. Алушы не зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда
10. Алушы, сондай-ақ БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Заңның 11-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлемді төлейді.

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлемнің сомасына қосылады.

11. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді алу үшін зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесі немесе жерлеуді жүзеге асырған адам БЖЗҚ-ға мынадай құжаттарды:

1) өтінішті;

2) зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің немесе жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстыру үшін түпнұсқасын;

3) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің норатиат куәландырған көшірмесін;

4) зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің немесе жерлеуді жүзеге асырған адамның банк шоты туралы мәліметті ұсынады.

12. Жерлеуге арналған біржолғы төлем осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

13. Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын алу үшін алушылар (мұрагерлер) БЖЗҚ-ға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш;

2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

3) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің норатиат куәландырған көшірмесі;

4) мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі, не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі, заңды күшіне енген сот шешімі.

5) алушының банк шоты туралы мәлімет.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет