Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы



жүктеу 199.47 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі199.47 Kb.



Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2018 жылдың 29 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2018 жылғы « »

№ қаулысымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар



  1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ережеде:

16-тармақта:

346), 348) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«346) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерделеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсім бойынша су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерiн белгілейді;

348) бассейн ішіндегі су объектілері жай-күйінің нысаналы көрсеткіштеріне кезең-кезеңмен көшу мерзімдерін айқындау әдістемесін әзiрлейдi және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және жер қойнауын зерделеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып бекітеді;»

17-тармақтың 17) тармақшасы алып тасталсын.



  1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

16-тармақта:

Орталық аппарат функцияларында:

121) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«121) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын бекіту;

мынадай мазмұндағы 147) тармақшамен толықтырылсын:

147) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жобаларына экономикалық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту;

ведомстволардың функцияларында:

97-12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

97-12) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын әзірлеу;

мынадай мазмұндағы 235-10) тармақшамен толықтырылсын:

235-10) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жобаларына экономикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу;».


  1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы

19 қыркүйектегі № 995 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 57, 546-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгі туралы ережеде:

16-тармақта:

мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшамен толықтырылсын:

«38-1) жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылы пайдалы қатты қазбаларды өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

131), 132), 133), 134), 135), 136), 137), 137-1), 138), 138-1), 139), 139-1), 140), 141), 141-1), 142), 142-1), 142-2), 143), 144), 145), 146), 147), 148), 149), 150), 151), 152), 152), 153), 154), 155), 156), 157), 158), 159), 160), 161), 162), 163), 164), 167), 168), 169), 170), 171), 172), 173), 174), 175), 176), 177), 178), 179), 180), 181), 182), 183) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«131) пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру және тоқтату;

132) уранды қоспағанда қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде тарату қорын пайдалануға рұқсат беру;

133) берілген лицензия туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету

134) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерін орындау кепілдерінің үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

135) жою жоспарының кешенді сараптамасын өткізу;

136) уран өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды реттеу;

137) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру тәртібін бекіту;

137-1) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы туралы ережені әзірлеу және бекіту;

138) жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарлама нысанын әзірлеу және бекіту;

138-1) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын көмірсутектер саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту

139) шетелдік валютадағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттарды бекіту ;

139-1) келісімшарттардың мемлекеттік тіркеудің тізілімін жүргізу;

140) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны беруге (қайта ресімдеу, ұзарту) арналған өтініштің нысанын әзірлеу және бекіту;

141) пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

141-1) пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

142) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия нысанын әзірлеу және бекіту

142-1) ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларын әзірлеу және бекіту

142-2) Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын бекіту;

143) геологиялық барлау кезеңділігінің қағидаларын бекіту;

144) жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықты қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретті органның келісуі бойынша бекіту;

145) жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялардың шарттарының орындалуы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне жыл сайын есеп беру;

146) меншіктегі, сондай-ақ мемлекеттің иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларын бекіту;

147) геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық операторды айқындау;

148) жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпараттың және оның жеткізгіштерін сақтау мен есепке алу қағидаларын бекіту;

149) жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту;

150) мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту;

151) жер қойнауының мемлекеттік сараптама комиссиясы және оның құрамы туралы ережені бекіту;

152) Бір блок үшін қамтамасыз ету көлемін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

152-1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың немесе лицензияның шарттарын орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіру;

153) Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияларының және(немесе) келісімшарттардың шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру ережесін әзірлеу және екіту;

153-1) Жер қойнауын пайдаланушылар-дың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар (лицензиялар) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу ережелерін әзірлеу және бекіту;

153-2) Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияларының және(немесе) келісімшарттардың шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

154) жұмыс бағдарламасының мазмұны мен нысанын әзірлеу және бекіту

155) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамын және оның ережесін бекіту

155-1) жер қойнауын пайдаланушы алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын бекіту;

155-2) геологиялық есептің нысанын бекіту;

155-3) кен іздеушілікті жүргізу және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту;

155-4) Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалар қызметі ашықтығының бастамалары стандартын іске асыру бойынша есептіліктің нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

156) тау-кен жұмыс жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

157) жою жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты және пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жоюдың болжамды құнын есептеу әдістемесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретті органмен әзірлеу және бекіту;

158) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамын және оның ережесін бекіту;

159) пайдалы қазбалардың қорлары бойынша өңіраралық комиссиялар туралы қағидаларды бекіту;

160) ұстап тұру мәртебесі бойынша жұмыстар бағдарламасын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

161) пайдалы қатты қазбаларды барлау жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретті органмен әзірлеу және бекіту;

162) жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын жасау жөніндегі нұсқаулықты қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретті органмен келісу бойынша бекіту;

163) кен іздеушілік жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

164) пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;

165) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу бойынша өтініш үлгісін және қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарын жасасу талаптарын әзірлеу және бекіту;

166) тиісті координаттары мен жеке кодтары бар блоктарды сәйкес келтіру картасын бекіту;

167) Жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту

168) тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау тәртiбiн бекіту;

169) бірдей басымдылығы бар өтініш берушілер арасында аукцион өткізу мерзімдері мен қағидаларын әзірлеу және бекіту;

170) пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісімді жасасу жөніндегі жұмыс тобының құрамын және оның ережесін әзірлеу және бекіту;

171) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын енгізу қағидаларын бекіту және пайдалы қазбалар қорын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпарат ұсыну;

172) геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту;

173) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормаларын бекіту;

174) жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне ауысу қағидаларын, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялық режиміне ауысу жөніндегі жұмыс қағидаларын әзірлеу және бекіту;

175) кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту;

176) жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша есептер нысанын бекіту;

177) Пайдалы қатты қазбаларға қатысты электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларын бекіту;

178) Жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялар тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту

179) Ең төменгі рейтинг бағаларын айқындау

180) Жер қойнауын пайдаланушылар-дың уәкілетті органға нормаланатын ысыраптар туралы деректерді ұсыну қағидаларын бекіту;

181) Жер қойнауын пайдаланушылар-дың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уранды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту;

182) Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын ұсыну қағидаларын бекіту

183) Жер қойнауын пайдалану құқығы аукционға шығарылатын жер қойнауы учаскесінің шекараларын айқындау және пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөнінде операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион өткізу қағидаларын бекіту;»;

184), 185), 186), 187), 187-1), 188), 188-1), 189), 190), 191), 192), 193), 194), 195), 195-1), 195-2), 195-3), 195-4), 195-5), 195-6), 195-7), 195-8), 196), 197), 198) және 199) алып тасталсын;

17-тармақтың 65), 66), 67), 68), 69), 70), 71), 73), 74), 74-1), 74-2), 74-3), 74-4), 75), 76), 77), 78), 79), 80), 81), 82), 83), 84), 85), 87), 88), 88-1), 89), 90), 91), 98), 99), 100), 101), 102), 103), 103-1), 103-2), 104), 104-1), 105), 106), 106-1), 106-2), 106-3), 106-4), 106-5), 107), 108), 109), 110), 111), 112), 113) и 114) тармақшалары мынадай редакцияларда жазылсын:

«65) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесін әзірлеу және бекіту;

66) жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

67) пайдалы қатты қазбаларға қатысты электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

68) пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;

69) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

70) тау-кен жұмыс жоспарын келісу;

71) уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

72) алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 15.12.2016 № 804 қаулысымен.

73) Геологиялық барлау кезеңділігінің қағидаларын әзірлеу;

74) Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалар қызметі ашықтығының бастамалары стандартын іске асыру

74-1) Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу;

74-2) Меншіктегі, сондай-ақ мемлекеттің иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларын әзірлеу;

74-3) жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпараттың және оның жеткізгіштерін сақтау мен есепке алу қағидаларын әзірлеу;

74-4) геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу;

75) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар шарттарын сақтауын бақылау;

76) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысу;

77) Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын әзірлеу;

78) мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу;

79) жер қойнауының мемлекеттік сараптама комиссиясы және оның құрамы туралы ережені әзірлеу;

80) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамын және оның ережесін әзірлеу;

81) Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалар қызметі ашықтығының бастамалары стандартын іске асыру бойынша есептіліктің нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

82) жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

83) тау-кен жұмыс жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

84) жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

85) кен іздеушілік жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

86) геологиялық және тау-кендік бөлулерді беру;

87) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын енгізу;

88) геологиялық есептің нысанын әзірлеу;

88-1) пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелерінің шекараларын айқындау, геологиялық ақпаратты пайдалану және осы Кодексте көзделген басқа да мәселелер бойынша құзыретті органмен өзара іс-қимыл жасау және үйлестіру

89) геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;

90) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізуге қатысу;

91) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормаларын әзірлеу;

92) жеке және заңды тұлғалар жүргiзетiн жерасты су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау iс-шараларын келісу;

93)алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 15.12.2016 № 804 қаулысымен.

94) алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 15.12.2016 № 804 қаулысымен.

95) бұрғылау және басқа тау-кен жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық құжаттаманы келісу;

96) су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн объектілерді салуға, реконструкциялауға, (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу) пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жарату) қорытындылар беру;

97) алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 15.12.2016 № 804 қаулысымен.

98) жер қойнауын геологиялық зерттеуге және оның кеңістігін пайдалану үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру;

99) жер қойнауын мемлекеттік геолгиялық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу ;

100) жер қойнауын геологиялық зерттеу және оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды реттеу;

101) жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларға, сондай-ақ оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

102) жер қойнауын пайдалану саласындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығы жөніндегі талаптарының сақталуына Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

103) құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған, өздері берген лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;

103-1) жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша есептер нысанын әзірлеу;

103-2) тиісті координаттары мен жеке кодтары бар блоктарды сәйкес келтіру картасын әзірлеу;

104) техногендік минералдық түзілімдерді орналастырудың қолданыстағы объектілерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;

104-1) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын енгізу қағидаларын әзірлеу және пайдалы қазбалар қорын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпарат ұсыну;

105) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін, геологиялық ақпаратты жинауды және жинақтап қорытуды жүзеге асыру;

106) кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын әзірлеу;

106-1) өздігінен ағып жататын иесіз және апаттық ұңғымаларды жою мен консервациялауды жүзеге асыру;

106-2) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну;

106-3) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын жүргізу;

106-4) геологиялық ақпаратты жариялау немесе оған ашық қолжетімділік жасау арқылы ашып көрсету;

106-5) Керндерді Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуге рұқсат беру;

107) бiр келiсiмшарттық аумақ шегiнде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргiзу тәртiбiн келiсу;

108) Жер қойнауын пайдаланушылар-дың уәкілетті органға нормаланатын ысыраптар туралы деректерді ұсыну қағидаларын әзірлеу;

109) Жер қойнауын пайдаланушының геологиялық ақпараттың сынамалар түріндегі табиғи жеткізгіштерін иеліктен шығаруы және (немесе) сынамаларды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуге рұқсат беру;

110) пайдалы қатты қазбаларды өндіру кезінде ысырапты есепке алу жер қойнауын пайдаланушылар беретін нормаланатын ысыраптар туралы деректер негізінде жүргізу;

111) Ұңғымадан көмірсутектердің ағымын құжатпен растау арқылы алу, оның ішінде қабатты сынағышпен сынамалау жүргізген кезде және (немесе) мұнай-газдың мол болуына коллектор-жынысты зертханалық зерттеу кезінде растаған жаңа кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) ашылуын растау;

112) жер қойнауын геологиялық зерттеуге берілген лицензиялар бойынша жерасты суларына арналған іздестіру-бағалау жұмыстары жобаларына өзгерістерді келісу;

113) жерасты сулары учаскелері қорларының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;

114) барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру;»

мынадай мазмұндағы 114-1), 114-2) және 114-3) тармақшаларымен толықтырылсын:
«114-1) жер қойнауын пайдаланушының балансына ұңғымаларды, технологиялық бірлікті қабылдау және беру;

114-2) Жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

114-3) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізуіне мемлекеттік бақылау жасау;».

4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

16-тармақтың 29) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«29) ««Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексін енгізуге дейін бекітілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім жобаларына экономикалық сараптама жүргізу;»

мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшасымен толықтырылсын:

«29-1) қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жобаларына экономикалық сараптама жүргізу;».



  1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі туралы ережеде:

17-тармақтың 9) тармақшасы алып тасталсын.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2018 жылғы « »

№____қаулысына қосымша



Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі



  1. «Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізбесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда оларды шектеулі шаруашылық мақсатта пайдалану қағидасын, сондай-ақ республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылықты білдіретін жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қарашадағы № 1212 Қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ 2011 ж., № 1, 9-құжат).

  2. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 Қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 116-құжат).

  3. «Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 38 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 15, 180-құжат).

  4. «Жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпаратты жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға сақтау, жүйелеу және жинақтау үшін ақысыз беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 89 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 17, 207-құжат).

  5. «Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қазандағы № 1137 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 793-құжат).

  6. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1111 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 978-құжат).

  7. «Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қазандағы № 1137 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1640 Қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 83-құжат).

  8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 405 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 434-құжат).

  9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 706 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 603-құжат).

  10. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 шілдедегі № 721 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 41, 616-құжат).

  11. «Ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасын орындау туралы есептілік нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1104 қаулысы Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2014 года № 1104 «Об утверждении форм и сроков отчетности об исполнении программы развития переработки попутного газа» (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 64, 588-құжат).

  12. «Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 189 қаулысы.

  13. «Иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық компанияның сатып алуына Қазақстан Республикасының басым құқығын іске асыру кағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 333 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 171-құжат).

  14. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 588 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 40, 301-құжат).

  15. «Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қазандағы № 1137 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 607 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 43, 317-құжат).

  16. 1–тармақ, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 794 қаулысымен бекітілген қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 51-52, 409-құжат).

  17. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 202 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 21-22, 121-құжат).

  18. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 494 қаулысы. (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 33, 244-құжат).





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет