Қазақстан Республикасы Үкіметінің



жүктеу 2.84 Mb.
бет15/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.84 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Іс-шара орындалды

Қазіргі уақытта шамамен 30-дан астам ЖОО-да инновациялық жобаларды іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте барлық ЖОО-лардың іргелі зерттеулер шеңберінде зерттеулер жүргізетіндігін атап өту қажет. Тиісті жұмыстар технопарктері, бизнес-инкубаторлары және коммерциализациялау кеңселері бар ұлттық техникалық ЖОО-ларда, техникалық ЖОО-ларда жүргізілуде. ЖОО-лардың кірістер көлемі аз ғана соманы құрайды. Сондықтан білімнің сапасын жоғарылату мақсатында ғылыми зерттеулерді жүргізу, білім беру процестеріне жаңа технологияларды ендіру үшін кіші және орта бизнес кәсіпорындарын, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде кәсіпорындарды тарту процестері жүруде.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті инновацияларды табысты қолданатын үздік техникалық ЖОО ретінде қазіргі уақытта ЖОО-ның аталған бағыттағы қызметін одан әрі жақсарту үшін ұсынымдарды әзірлеуде. Ұсынымдар ҚР-ның барлық ЖОО-ларына жолданатын болады.




186-іс-шара

Білім алушылардың тілдік даярлығына жыл сайын грант бөлу



млн.

тг.


*

БҒМ, ЖОО-лар (келісім бойынша)
2016-2019 жылдардағы ІІІ тоқсан

75,8

75,8

75,8

РБ

204 100

Іс-шара орындалды

2016-2017 жылдары ағылшын тілінде оқыту үшін даярлық бөлімдеріне 450 орын қарастырылды. ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 517 бұйрығымен 450 орын даярлық бөлімдеріне бөлінді.

Аталған біржылдық курстардың мазмұнын ЖОО-лар әзірледі және олар ОӘБ-мен келісілді (курстарды жүргізу жөніндегі ҮОБ).

Бағдарлама жақсартылған тілдік дайындықты (құзыреттілікті) және одан әрі ағылшын тілінде оқытуды жалғастыруды қарастырады.





188-іс-шара

«Болашақ» бағдарламасы бойынша мұғалімдерді, ОПҚ-ны оқыту






*

ХБО, ЖАО, ЖОО-лар (келісім бойынша)
2016-2019 жылдардағы IV тоқсан

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде РБ-да көзделген қаражат шегінде













Іс-шара орындалды

БҒДМБ-ға сәйкес «Болашақ» бағдарламасы бойынша 500 мұғалім мен ПОҚ-ты оқыту жоспарлануда.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде педагогикалық кадрларды даярлау арнайы санаттармен қамтамасыз етіледі - «магистратураға ғылыми-педагогикалық қызметкерлер» (2008 жылы енгізілді), «тағылымдамаға педагогикалық қызметкерлер» (2012 жылы енгізілді).

Осы мерзімде 1 791 адамға стипендия тағайындалды, оның ішінде 881-і магистратура бағдарламасы бойынша оқуға, 910 – тағылымдама бағдарламасы бойынша.

2016 жылғы 8 шілдедегі жағдай бойынша 1 680 адам оқу бітірді, оның ішінде шамамен 1300 стипендиат республиканың ЖОО-ларында жұмыс жасайды, 200 адам - мектепте, 161 адам – білім беру орталықтарында, 19 адам – ТжКБ-да.

364 адам оқуда.

2016 жылы байқау іріктемесінің екі сатысында «ғылыми, педагогикалық қызметкерлер» санаты бойынша 30 стипендия тағайындалды, оның ішінде 6 – магистратура бағдарламасы бойынша және 24 – тағылымдамадан өтуге.

Қазіргі уақытта 209 ғылыми-педагогикалық қызметкер оқуда.

«Болашақ» ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес ІII байқау іріктемесіне «ғылыми, педагогикалық қызметкерлер» санаттары бойынша 333 претендент қатысты, оның ішінде 57 – магистратура бағдарламасы бойынша 276 – тағылымдама бағдарламасы бойынша.

Жеңімпаздардың тізімі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жанындағы Республикалық кадрларды шетелдерде даярлау жөніндегі комиссия отырысында бекітілді.



5.1-міндет. Ғылымның ел экономикасын дамытуға қосатын үлесін арттыру



191-іс-шара

Бизнес тарапынан қоса қаржыландыруды ескере отырып Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Негізгі, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларына өзгерістер енгізуді қоса алғанда, ғылыми жобаларды және бағдарламаларды гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру



млн.

тг.


*

БҒМ, АШМ, Қаржымині
2016-2019 жылдардағы IV тоқсан

26563,4



25 387,7

РБ

217

100


101

Іс-шара ішінара орындалды

2016 жылы қарастырылған қаржының шеңберінде 11 002,8 млн.теңгеге 1581 ғылыми-зерттеу жоба және 14 787,5 млн. теңгеге 69 ғылыми-техникалық бағдарлама іске асырылды.

Сонымен бірге Министрлік «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулы жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірледі.

Қазіргі уақытта жоба ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, пысықталуда.

Пысықталған жоба мүдделі мемлекеттік органдарға қайтадан келісу үшін жолданды (2017 ж. 13.01. № 42291-МОН-ПП-2017/1).




192-іс-шара

ДБ-нің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру



млн.

тг.


*

БҒМ,

ДБ


(келісім бойынша)
2016-2019 жылдардағы ІV тоқсан

25 650,6













Іс-шара орындалды

«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы (бұдан әрі – Жоба) бойынша қарыз алу туралы келісімге 2015 жылғы 9 маусымда қол қойылды, 2016 жылғы 2 ақпандағы № 450-V ҚР Заңымен ратификацияланды.

Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі Жобаны іске асыруды қамтамасыз ету үшін барлық міндеттемелерді орындады.

2016 жылғы 25 ақпанда ҚР БҒМ Дүниежүзілік банкпен келісілген Жобаны іске асыру басшылығын (ЖІБ) бекітті.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 4 наурыздағы бұйрығымен Жобаны басқарушы комитет (ЖБК) құрылды, ЖБК туралы ереже мен оның құрамы бекітілді.

Жобаны басқару тобы (ЖБТ) құрылды. БҒМ Қарыз алу туралы келісімге сәйкес 2015 жылғы 2 желтоқсанда ЖБТ құру туралы бұйрықты қабылдады. 2016 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша ЖБТ 15 консультанттан тұрады.

Жоба бойынша 2016 жылы орындалған іс-шаралар:

- Дүниежүзілік банкпен 2016 жылғы 2 наурызда келісілген Сатып алу жоспары әзірленді.

- Жоба бойынша негізгі құжаттарды бекіту үшін 2016 жылғы 11 наурызда ЖБК отырысы өткізілді.

- Дүниежүзілік банктің Жобаны бастау бойынша миссиясы 9-19 наурызда іске асырылды. Миссияның шеңберінде 2016 жылғы 15 наурызда Астанада сатып алу және қаржыны басқару мәселелері қарастырылған ӨИЫЖ жобасын іске асыру жөніндегі семинар өткізілді.

Жобаны басқару тобын (ЖБТ) құру жөнінде жасалған іс-шаралар:

- 2016 жылғы 12 қаңтарда ЖБТ консультанттарын іріктеу және жалдау жөніндегі байқау комиссиясы құрылды;

- ЖБТ-ның 15 негізгі консультанттарына техникалық тапсырмалар әзірленіп, Дүниежүзілік банкпен келісілді.

Халықаралық ғылым және коммерциализациялау кеңесін (бұдан әрі - ХҒКК) құру бойынша орындалған іс-шаралар:

ХҒКК мүшелеріне техникалық тапсырмалар әзірленіп, Дүниежүзілік банкпен келісілді;

ХҒКК туралы ереже Ғылым комитетімен және Дүниежүзілік банкпен келісілді.

ХҒКК мүшелеріне байқау өткізілді, оның нәтижесінде 9 сарапшыдан тұратын құрам құрылды, оның ішінде 7-еуі халықаралық сарапшы, 2-уі ұлттық сарапшы.

Қазіргі уақытта ХҒКК 5 шетел және 2 ұлттық сарапшыдан тұрады.

АҒҚТ/КҒҚТ гранттық бағдарламасын (компонент 1.1) бастау жөніндегі орындалған іс-шаралар:

АҒҚТ/КҒҚТ гранттарын алу үшін байқау қатысушыларына нұсқаулық әзірленді;

2016 жылғы маусымда онлайн-режимде өтінімдерді қабылдау үшін http://www.fpip.kz/index.php/ru/portall порталы құрылды.

Байқау туралы хабарландыру ҚР БҒМ-нің ҒК сайтында http://sc.edu.gov.kz 2016 ж. 20 шілдеде және Жобаның порталында http://www.fpip.kz орналастырылды, мемлекеттік органдарға, ҒЗИ, ЖОО-ларға және бизнес құрылымдарына АҒҚТ/КҒҚТ гранттық бағдарламасы бойынша байқаудың басталуы туралы шамамен 400 нысаналы таратулар жіберілді.

«Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі мамандар альянсы» ҚБ-мен бірге «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК-да, «Назарбаев Университет» ДБҰ-да таныстыру семинарлары өткізілді.

2016 жылғы 15 тамызда Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР БҒМ, Дүниежүзілік банк, «Атамекен» ҰКП және Ұлттық ғылым академиясы өкілдерінің қатысуымен АҒҚТ/КҒҚТ гранттық бағдарламасы бойынша брифинг өткізілді.

2016 жылғы 16 тамызда «Астана» радиосында тікелей эфирде АҒҚТ/КҒҚТ гранттық бағдарламасы бойынша түсіндірулер жүргізілді.

2016 жылғы 17 тамызда «Атамекен» ҰКП-да ҚР барлық өңірлерінің бизнес өкілдеріне гранттық бағдарлама бойынша онлайн-семинар өткізілді, АҒҚТ/КҒҚТ гранттық бағдарламасы бойынша мәселелерді түсіндіретін ақпарат «Атамекен» ҰКП сайтында орналастырылған.

Байқауға барлығы келіп түскен өтінімдердің саны – 451, оның ішінде 123 АҒҚТ және 328 КҒҚТ.

Байқау іріктемесінің нәтижесінде ХҒКК мүшелері 33 жобаны (20 АҒҚТ и 13 КҒҚТ) мақұлдады. Қазіргі уақытта 24 грант иегерімен грант туралы келісім жасалды, 9 грант иегерімен келісім ҚОӘБ ұсынғаннан кейін жасалатын болады.

Есеп ҚР ҚМ-ге жолданды (2017 ж. 12 қаңтардағы № 5-16-6/89-И хат).




194-іс-шара

ЖОО-ларда коммерцияландыру және технологияларды трансферттеу жүйелерін құру






*

БҒМ, ЖОО-лар (келісім бойынша)
2016-2019 жылдардағы ІV тоқсан

ДБ-нің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде













Іс-шара орындалды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 721 бұйрығымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламаны іске асыру шеңберінде елдің 17 жоғары оқу орнында жұмыс жүргізіліп жатыр.

Университеттердің коммерциализацияландыру кеңестерінің қызметкерлері «Кәсіпкерлік университет» бағытында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын жүзеге асыру шеңберінде жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарындағы технологияларды коммерцияландыру кеңселерінің әлеуетін күшейту және шетелдегі технологиялық шешімдерді трансферттеу кеңселерін (2) құру қарастырылған.

Аталған іс-шараны іске асыру Жобаның 3 компонентінің шеңберінде 2017 жылы қарастырылған.




195-іс-шара

Қазақстандық ғалымдардың халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуы






*

БҒМ, ХҒТО (келісім бойынша),

ҒЗИ


(келісім бойынша), ЖОО-лар (келісім бойынша)
2016-2019 жылдар

ДБ-нің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде













Іс-шара орындалды

2016-2017 жылы Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестің қарауында 23 жоба болды.

Бір жобаға орташа есеппен 10-нан 30-ға дейін қазақстандық ғалымдар қатысады.

Барлығы аталмыш жобаларға Ұлттық биотехнология орталығы, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты, Микробиология және вирусология институты, Ұлттық ядролық орталық, Назарбаев Университет, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы, Жану проблемалары институты және басқалар сияқты түрлі ғылыми институттар мен ЖОО-лардан 450 қазақстандық ғалымның қатысуы жоспарланып отыр.

Жобаларды АҚШ, Жапония, Германия, Испания, Ұлыбритания, Қырғызстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, Грузия, Пәкістан және т.б. елдердің ғалымдарымен бірге жүзеге асыру жоспарланып отыр.




196-іс-шара

ҒЗЖ-ны іске асыру барысында патенттерді міндетті түрде алу бойынша талаптарды бекіту бойынша мәселелерді пысықтау






*

БҒМ, Әділетмині
2016 жылғы желтоқсан

талап етілмейді













Іс-шара орындалды

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезінде қорғайтын құжаттарды алу ұзақ және қымбат тұратын үдеріс болғандықтан әрдайым мүмкіндік бола бермейді.

Қолданбалы сипаттағы ҒЗЖ-ны және ТКӘ-ні жүргізудің еліміздің экономикасы үшін шынайылығы мен пайдалылығының (ТКЖ) критерийлері – алынған нәтижелерді ендіру және оларды жаңа технологиялар, жаңа үлгілер, өндірістік үлгілер, пайдалы үлгілер, селекциялық жетістіктер ретінде практикалық тұрғыдан қолдану және т.б. болып табылады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін конкурстық құжатқа, патентке қабілеті бар жобаларға және ғылыми зерттеулердің белгілі бір бағыттары бойынша бағдарламаларға ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру барысында патентті міндетті түрде алу туралы талапты қосу мәселесін пысықтауда.

Ақпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жолданды (2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 3-16-5/4112-И хат).




197-іс-шара

Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде шет мемлекеттермен халықаралық ғылыми-техникалық әріптестік байланыстарды дамыту









БҒМ,

ҒЗИ


(келісім бойынша), ЖОО-лар (келісім бойынша)
2016-2019 жылдардағы желтоқсан

217 000 ББ бойынша көзделген қаражат шегінде













Іс-шара орындалды

Қазіргі уақытта ғылым мен техника саласындағы серіктестік байланыстар келесі мемлекеттермен ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде дамып жатыр: Ресей, Беларусь, Франция, АҚШ, Түркия, Ұлыбритания, ҚХР және т.б. Елдермен және халықаралық ұйымдармен қол қойылған халықаралық келісімдер мен шарттардың саны – 42.

2016 жылы Министрлік келесі іс-шараларға қатысты:

- Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) өкілдерімен бірге ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықтың елдік бағдарламасының «Қазақстанның инновациялық саясатына шолу» жобасы ұсынылған жұмыс тобының 48-ші отырысына;

- сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстандық-белорусстық үкіметаралық комиссияның 12-ші отырысына;

- ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ғылым мен техника министрліктері мен ведомстволарының басшыларының кеңесіне;

- ХҒТО басшылары кеңесінің 63-ші отырысына;

- «Ғылым, технологиялар және инновациялар мәселелері бойынша Азиялық Парламентаралық Форумға;

- Стамбул қ. Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің аға лауазымды тұлғалар комитетінің 19-шы отырысына;

- сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстандық-румындық үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысына;

- ғылым мен технологиялар бойынша ИЫҰ Саммитінің қорытынды коммюникесін дайындық бойынша жұмыс тобының отырысына;

2016 жылы:

- «ЭКСПО-2016 Анталья» дүниежүзілік көрмесінде секцияның Бас комиссары тағайындалды және 2016 жылдың сәуір айынан қазан айына дейін Анталия қаласында (Түркия) өткен World Botanic EXPO-2016» дүниежүзілік көрмесінде «Гүлдер және балалар» ұранымен Қазақстандық павильонның концепциясы жүзеге асырылды;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасында Қазақстан Республикасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы оқу орталығын құру туралы өзара түсіністік туралы меморандум бекітілді;

Қазіргі уақытта «Ньютон – әл-Фараби» серіктестік бағдарламасының аясында «Институционалдық байланыстар» бағыты бойынша қазақстандық және британдық ғалымдардың арасында бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру мәселелесі талқылануда.

Еуропалық Одақтың зерттеулер мен инновациялар бойынша «Горизонт 2020» бағдарламасының аясында ғылыми қоғамдастықтың ғылым, технологиялар, инновациялар, білім, саясат және т.б. қоғам мәселелері салаларында бірлескен зерттеулерге қатысуы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.



5.2-міндет. Ғалымның ғылыми әлеуетін және мәртебесін нығайту



198-іс-шара

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зерттеу университеттері қызметінің нормативтік құқықтық негіздерін енгізу және салалық ғылыми ұйымдар үшін PhD докторларын мақсатты даярлау бөлігінде білім және ғылым саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мәселелерін пысықтау






*

БҒМ,

АШМ,


МСМ,

ИДМ,


ДСӘДМ
2016 жылғы

желтоқсан




талап етілмейді













Іс-шара орындалды

Білім және ғылым саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына тұжырымдама жобасы әзірленді. Тұжырымдама Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ВАК-та 2016 жылғы 14 қазандағы № 411 хаттамамен мақұлданды.

Аталған тұжырымдамада «Ғылым туралы» ҚР Заңының түсініктеме аппаратына «ғылымдар кандидаты» және «ғылымдар докторы» жекеленген түсініктерін ұсыну және оларды шектеу, ғылымдар кандидаты мен философия докторына (PhD) заңнама түрінде тең бедел орнату бөлігінде өзгерістер енгізу қарастырылған.




199-іс-шара

Докторанттар мен магистранттарды даярлау үшін ҒЗИ ғылыми әлеуетін және материалдық-техникалық базасын пайдалану тетіктерін енгізу






*

ҒЗИ

(келісім бойынша), ЖОО-лар (келісім бойынша)


2016-2019 жылдардағы ІV тоқсан

талап етілмейді













Іс-шара орындалды

2014 жылдан бері білім мен ғылымды кіріктіру жөніндегі жобалар іске асырылуда.

Интеграция шеңберінде ғылыми кадрларды даярлау:

- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында және 10 «Ғылым ордасы» ҒЗИ-да ;

- Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҒТЗУ базасында 10 «Парасат» ҒЗИ-мен бірге;

- ҚазҰАУ базасында ҚР АШМ-нің 12 ҒЗИ-мен бірге;

- Сейфуллин атындағы ҚАТУ базасында 3 «Қазагроинновация» ҒЗИ-мен бірге іске асырылуда.

Ғылыми ұйымдарды жоғары оқу орындарымен кіріктіру тәжірибесі ғылым әлеуетін қолдануға, сондай-ақ, ЖОО-лардың материалдық техникалық базасын кеңейтуге мүмкіндік берді. Ғылыми ұйымдардағы зертханалар магистранттар мен докторанттарға ғылыми зерттеулерін жүргізуге база болды.

2015 жылдан бері 2 ЖОО ғылыми кадрларды бірлесіп даярлауды жалғастыруда: әл-Фараби атында ҚазҰУ «Ғылым ордасы» ҒЗИ-мен, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҒТЗУ «Парасат» ҰҒТХ-мен.

Аталған ЖОО-ларға мемлекеттік тапсырыс қарастырылды:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға магистратура бағдарламасы бойынша - 66 орын, PhD докторантураға - 36 орын;

Сәтпаев атындағы ҚазҒТЗУ-ға магистратура бағдарламасы бойынша - 103 орын, PhD докторантураға - 37 орын.

«Ғылыми кадрлар» салалық бағдарламасын әзірлеу басталды. Оның мақсаты ЖОО кейінгі деңгейлерде кадрларды даярлауды ғылыми мекемелерге ішінара беру арқылы заманауи жаһанданған экономиканың өзекті талаптарына жауап беретін біліктілігі жоғары кадрларды әзірлеу болып табылады.

Аталған іс-шараларды эксперимент түрінде жүргізу «Білім туралы» Заңның «Эксперименттік білім беру бағдарламалары» 25-бабына сәйкес «Білім туралы» және «Ғылым» заңдарына толықтырулар енгізілген соң мүмкін болады.

Экспериментті жүргізуге ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК және ҚР Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» дайын.

Бұл таңдауды жасауға олардың соңғы 5 жылдағы жұмыстарының нәтижесі себеп болды және ҚР Ұлттық ғылым баяндамасының негізінде жасалды (атап айтқанда, орталықтар рейтингтік журналдардағы жарияланымдардың саны бойынша екінші және үшінші орында). Ауыл шаруашылық ғылымдары саласында эксперименталды алаң ретінде «Байсерке Агро» ЖШС-ны таңдау ұсынылады.





200-іс-шара

Өндірістегі инженерлерді, шет ел ғалымдарын қоса алғанда магистранттар мен докторанттарды тарта отырып ғылыми жобалар мен бағдарламаларды іске асыру






*

БҒМ, АШМ, ЖОО-лар (келісім бойынша),

акционерлік қоғамдар


2016-2019 жылдардағы ІV тоқсан

217-000 ББ бойынша көзделген қаражат шегінде













Іс-шара орындалды

Ұлттық ғылыми кеңестің 2016 жылға мақұлданған жобаларының саны гранттық қаржыландыру аясында 1585 жоба болды.

Олардың ішінде:

- 415 жобаға өз мамандануы бойынша 855 инженер қатысады;

- 1336 жобаның зерттеушілер тобының құрамында 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар бар, олар магистратура мен PhD доктарантурада оқитын магистранттар және студенттер, жалпы саны 4459 адам.

- 389 жобаға бірге жетекшілік етуге немесе кеңесші ретінде алыс және жақын шетелден тартылған ғалымдардың саны 732 ғалымды құрайды.

Ұлттық ғылыми кеңестің 2016 жылға мақұлдаған бағдарламаларының саны гранттық қаржыландыру бойынша 58-ді құрады.

Олардың ішінде:

- 16 жобаға өз мамандануы бойынша 97 инженер қатысады;

- 43 жобаның зерттеушілер тобының құрамында 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар бар, олар магистратура мен PhD доктарантурада оқитын магистранттар және студенттер, жалпы саны 629 адам.

- 35 жобаға бірге жетекшілік етуге немесе кеңесші ретінде алыс және жақын шетелден тартылған ғалымдардың саны 417 ғалымды құрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет