Қазақстан республикасы конституциясының жастарды гуманистік идея бойынша тәрбиелеудегі мән-маңызы



жүктеу 118.73 Kb.
Дата19.04.2019
өлшемі118.73 Kb.

УДК 342 (547)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ЖАСТАРДЫ ГУМАНИСТІК ИДЕЯ БОЙЫНША ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МӘН-МАҢЫЗЫ
Бектлеуова Г.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.


Ұлы К.Маркс «Егер адамның мінез-құлқы оның жағдайына байланысты болса, онда жағдайды өзгерту керек» деген екен.

Қазір глобализациялық информацияның шартарапты қамту кезеңінде бір елдің немесе мемлекеттің изоляцияланып (оқшауланып) дамуы мүмкін емес. Былайша айтқанда, мәдениет пен мәдениеттердің қоян-қолтық араласуы заңды құбылысқа айналуда. Мұндай жағдайда жас буынға келеңсіз жағдайлардың ықпалынан максимальды түрде сақтап қалуға қолдағы бар амалдарды қолданған абзал. Бұл университет қабырғасында ұстаздар мен студент жастардың арасындағы шынайы, тәрбиелік мәні бар, қоғамның өркениетті жолмен дамуына оңды әсерін тигізетін бағыттағы қарым-қатынастар болмақ. Мұндайда ұстаздық еткен адамның жалықпай бойындағы бар жақсы рухани нәрді аудиторияда иіп беріп, оның бар ықпалына бөленуден артық бақыт жоқ сияқты. Классиктер айтқандай, тәрбиеші тәрбиелей білу үшін, оның өзі тәрбиелі болу керек, деген қағиданың актуальдігіне шүбә келтітуге сірә болмас. Ұстаздар корпусы осы аталмыш қағиданы ұстанып оқу-тәрбие мәселесінде іске асыруға тырысатыны айдан анық[1].

Алайда оқу процесін демократизациялау үрдісі рыногтық қатынас кезінде ұстаздар мен оның шәкірттерінің арасында аздапта болса көлеңкесін түсіруде ме деп ойға аласың. Мұны «оқытушы-профессорлар студенттердің көзімен»,-деген сауалнамадан көруге болады. Ұстаздар мен шәкірттердің арасындағы моральдік сызат студенттердің пайдасына, олардың анкетадағы қойылған сұрақтарға жауап беру барысында үстемдік етуіне жол ашатын сияқты. Ұстаздың дәріс беруі туралы сұрақтарға студенттердің көбісі объективті түрде оңды баға беруге тырысатынында шүбә жоқ. Бірақ, біраз студенттер, өзінің дәрістерге самарқаулық танытып қатысқанына, үйге берген тапсырманы орындамағанына қарамай ұстаздың беделін түсіру мақсатымен субъективтік түрде төмен баға беретін жағдайлар жиі кездесетін болды. Бұл жерде ұстаздың тағдыры студенттің қаламсабының ұщында қалып тұр десек қателеспейміз. Осыдан барып ұстаздар қауымының студенттердің субъективтік пікірінен ықбалу, жасқану жағдайы басталатын сияқты[2]. Ұстаздардың мұндай «микро» қарқының сезімінің артында не жатыр деген сұрақтың тууы заңды. Біріншіден, ұстаздар тарапынан студенттерге деген жалпы негативтік пікірдің төбесі көрінеді; екіншіден, студенттердің ұстаздар корпусына деген жаңсақ пікірінің барлық ұстаздарға таралуы мүмкін деген ұғымның орын алуы да ықтимал; үшіншіден, студенттердің санасында сабаққа дайындалмасада ұстаздар "жаппай оңды баға" деген жаңсақ пікір қалыптасуы әбден мүмкін.Біздің пайымдауымызша көзге анық көріне бермейтін іштей конфронтацияның көрінетіні анық. Нәтижесінде ұстаздар қауымы студенттерді субъективті бағалаудың потенциалды авторлары деп бағалауға дайын тұратын сияқты. Осыдан барып толқып тұрған жас буынның санасы деформациялануы, ұстаздарға деген олардың аздап та болса сенімсіздігінің пайда болуы әбден мүмкін. Әрине бұл жас буынның радикалды түрде жаман қылықтарға жол ашуының шешуші себебі деп айтуға болмайды.Бірақ философияда сан мөлшерінің, сапа мөлшеріне өтуі деген зандылықтан алшақтауға тағы болмайды.Сондықтан аталмыш сауалнама алғашқыда өзінің оңды ролін ойнағанмен, қазіргі таңдағы оқу кеңістігінде, ұстаздар мен студент жастар арасындағы шынайы ағалық, балалық, шәкірттік сезім ынтымақтастығына бағытталған тәрбиені қалыптырады деп, қортындылау қиын.

Қазіргі сапырылыстырылған информациялық тасқын, интернеттік өсектің заманында жас буынның толқып тұрған санасына ата-бабадан мирас болып қалған мәдениетті тәрбиелеудің: үлкенді силау, жастарға ізет көрсету сияқты озық үлгілерін қанына сіңіру ұстаздар қауының ең басты құнды адами міндетімен парызы болмақ. Жылы-жылы сөйлесең жылан іннен шығады дегендей, жас буын ұстаздарға сын көзбен қарайды деп кінәләу әділетсіздік. Мұндай салқын сөзбен қарауды архитекторлары жоғары жақта (министірлікте) болса керек. Жоғарыда айтқандай жас буынның ұстазға дегендегі шынайы бағасын әділетті тұрғыдан беру үшін, сауалнаманың табиғатын түбегейлі өзгертіп, ұстаз бен студенттің арасын ашудың орнына оларды қайта біріктіре отырып оңды гуманистік шешім шығаруға әбден болар еді.

Қатігездік пен безбүйректік қай кезде де қоғам үшін оңды қызмет атқармаған. Оның американдық немесе орыстық, қазақтық немесе өзбектік, жапондық табиғаты болмаса керек.Бұл планеталық құбылыс. Оның бергі жағында қазақтың сайын даласында бұрын соңды ата-анасын қарттар үйіне тапсыру, тастанды бала деген сияқты жан түршігерлік оқиғалар, әкесі баласын сотқа беріпті, анасы қызымен дүние бөлісе алмай жанжалдасып жатыр екен, болмаса өзінің туған баласына өзі қол жұмсапты деген сияқты сұмдық оқиғаларды құлағымыз шалса, таңғалмайтын, қара көзден тамшы ақпайтын қара тасқа айналып бара жатқан сияқтымыз.

Жағадан алған жат қылықтар қоғамымызға дендеп еніп бара жатқан тәрізді. Батыстан келген індеттердің бір түрі «гей» деген жат қылық жөзекшелікті, көгілдірлікті (гомосексуализм), лезбиянкалықты өріс алдыруда. Мұндай жыныстық ауытқушылықты ертеде көз көріп, құлақ естімегенді. Осыларды зерттеген журналистің айтуынша, түнгі клубтар олардың мекеніне айналған. Отбасыларын бұзып, екі жігіт бірін-бірі сүйіп қосылған, қыздарға қарауға құлқымызда, қызығушылығымызда жоқ деп ақталған. Жігіттердің өмірлік сыңарлары жігіттер. «Қыздарды сүйе алмаймыз, жаратылысымыз сондай, тек жігіттермен ғана ләззат балын татып, құмарымызды қандырамыз» дейді олар. Олардың біразы отбасын бұзған, балалары да бар екен. Өздерінде әрбір істеріне жауаптары дайын. Егер ата-анам «үйлен» деп қинаса, жәй бір қызды апарып таныстырып кетсем болғаны, дейді. Ойлар мен көздері тек бір ғана нәрсені қалап тұрғандай, ол нәпсі, ләззат алу. Мұндай рухани кеселден арылудың емі тек ғана гуманитарлық рухани тәрбие болса керек.

Педагогиканың тұтқасын ұстап жүрген ұстаздардың басты міндеті жатпай-тұрмай университет қабырғасында жастарды үздіксіз тәрбиелеу. Мұндайда тәрбиешінің өзі тәрбиелі болып, аудиторияда үлгіліктің барлық қырлары мен сырларын жете білген ләзім. Чехов айтқандай адамда барлығы да: киімі, сөзі, келбеті, тәртібі- әдемі болу керек, деген қанатты сөзі орынды-ақ[3].

Ұстаздық еткен жалықпас дегендей, (Абай).

Ұлы Аль-Фарабидің: білімнен де жоғары тұратын құндылық бар, ол тәрбие мәселесі, деген екен. Бұл шындық та, өйткені тәрбиесі қомақты, іргелі адамның адамгершілігі, имандылығы, отаншылдық- патриоттық сезімі жоғары деңгейден көрінетіні анық. Ол күші бар бірді, ал білімі бар мыңды жығады, деген қағидаға тұспа тұс келеді. Тәрбиелі адамның алыстан ойланып болжайтындығы оны алға жетелейді. Былайша айтқанда білім, тәрбие феноменінің ен маңызды саласы. Мақсатқа тез қол жетудің бірден бір жолы білім. Теорияда қажеттілік деген бұлтартпас заңдылық бар. Ол барлығына қозғау салады. Қажеттіліктен: сапалы тамақтану, әдемі киіну, еңселі баспанада тұру, дизайны сұлу көлік міну сияқты құндылықтар туындайды. Бұған жету үшін әлемдік үрдістегі білімге негізделген ғылыми жаңа технология, инновациялық индустриализация қажет, бұл бұлтартпас заңдылық.

Тәрбие туралы мәселені тереңдетер болсақ ол ел қамын, тыныштығын ойлайтын, ұлт намысына берік, отансүйгіштігі күн сайын ұшталатын тұлғаны қалыптастырмақ. Компьютерден білімі бар адам ең жоғарға деңгейде ақпарат беретін, түрлі әріптерді «ақылды» теретін темір жәшікті меңгерді делік. Бірақ оның патриоттық сезімі көбнесе қалыптаспаған болып шығады. Әріптер мен цифрлар баланың патриоттығын, имандылығын қалыптастыра алмайды. Ол заңдылық та, өйткені темір жәшіктің беретіні тек информация. Информация бұл көптеген жәй ғана мазмұны сан мөлшерінен құралған мағұлматтардың жиынтығы. Жалаң информациядан отаның, елін-жерін жанындай сүйетін тұлғаның қалыптасуы екі талай. Өйткені оның бар есіл-дерті байлыққа, ақшаға бағытталған. Кімнің тарысы піссе соның тауығы, деген принцип оның негізгі ұстанымы және іс-әрекеттің өзегі болмақ. Егер шетелде көбірек ақша берілетін болса, отанын, туған жерін, туған туыстарын, ата-анасын артына қалдырып қу құлқынының құлы болып мұхит пен теңіздерді бетке ұстап кете барады.

Университет қабырғасында да кейбір ұстаздар қауымы студент жастардың тәрбиесі келіскен, патриот тұлға қалыптастырудың орнына дәріс беру процесін екі бағытқа бөліп жатады: гуманитарилерлер мен инженерилер деп, жігін ажыратып, біріне бірін қарсы қояды. Көзқарасының буыны қатпаған студенттер бұл пікірді тікелей қабылдап, жүрегі екіге бөлінеді. Екіге бөлінген ұстаздар, әрқайсысы өз көзқарасын мадақтап гуманитарилер мен инженерилерді қарсы қояды. Түптепкелгенде бұлар тәрбиенің ажырамас екі жағы екнін естен шығарады. Көптеп көтерген жүк жеңіл деген принцип сыртта қалады. Бұл жөнінен инженерилер инициативаны қолға алып бөлектене кететін жағдайлар жиі кездесіп тұратынының куәсі болудамыз. Біздің пайымдауымызша мұндай гуманитарлық тәрбие берудің ұтымды жолы: бөлінбей диалектикалық біртұтастық сақтап, бір ауыздан тәрбие мәселесін бетке алу ләзім. Бұл жерде екі жақ та бір-бірінің артық кемдігін айтып екі жақ болып айтысудың қажеті жоқ. Бірақ олай болмайтын кездер жиі кездеседі, өйткені олар іштей екіге бөлінгенін ылғи сақтайды, реті келгенде айтып салып отырады. Бірде бір келелі мәселелерді қамтыған жиналыста, ертеректе мен философиядан дәріс берген, қазір инженерияның ғалымы, мынадай пікір айтты: осы гуманитарияға бөлінетін сағаттарды техниканы оқытуға берсе, біз кереметтей мамандар тәрбиелеп шығарған болар едік деп керағар пікір тастады.

Жиналыс соңына тақалып қалған соң, оның пікірін сынға алыпжаңсақ, керек болса зиянды назар аудара алмадым. Сөз жоқ ол келте пікір айтып инженериядан дәріс беретіндердің көңілінен шықтым деп топшалағанда болар. Бұл жерде мен бір нәрсеге сенімдімін, мемлекет, қоғам деңгейінен тереңдеу ойлайтын инженерия өкілдерінің оны іштей қолдағаны шамалы. Егер уақыт болып мен сойлегенде мынаны айтар едім: Уа, құрметті ғалым інім, бір шәкірт бар ұстаздан аса, екінші жете қалыптасады, үшіншісі бар тым артта қалып койып калыптасады. Ең соңғысы ұстаздың дәріс беруде, тәрбиелеуде жіберген олқылықтарының нәтижесі болса керек. Шамасы мен ұстаз ретінде сені тәрбиелеуде олқылық жіберген болсамкерек. Немесе сен берген тәрбиенің мәнін жете түсінбеген болып шыққаның. Ол қабылдау қабілетіңе тікелей байланысты болған болу керек. Осы жерде уәж келтіріп сөз құрастыруының өзі философиялық логикадан дәріс алғаныңның айғағы емес пе? Логиканың басын шарпап айтуын айттың ау, тұлғалық тәрбиеленудің мазмұнының түбіне жетпегенсің. Егер жетсең мұндай алқалы жиналыста жалаң пікірден аулақ болар едің. Амал нешік, классик айтқандай ұстаздық еткеннің қасіреті де осы болар. Өйткені адамның карны ашатын, қомақты мәселенің мәніне жетпей келте қайырып әттегенай дегізеді. Бұдан мынаны аңғаруға болатын сияқты: жастарға дәріс беру алдында еліміздің ішкі және сыртқы саясатының сан алуан қырлары мен сырларын жете ашып, ұлы Абайдың «адам бол» гуманистік идеясының тереңінен сусындатып, отбасында әйел мен ер адамның ұл-қыздарын тәрбиелеуде озық идеяларды айтып, олардың тәрбиелік тұлғасын қалыптастыратын салиқалы айтқан өсиеттері ұтымды болар еді. Мен білетіндей кейбір инженерияның өкілдері аудиторияға кіргеннен техникадан бастап (насос, трактор, комбаин) оның бөлшектерімен аяқтайды.

Әрине насос пен трактордың «екінші табиғатты» жасауға, былайша айтқанда егін орып астық жинауға, мақтаны өсіріп халықтың тұрмыс тіршілігін көтеруде маңызды роль атқаратындығын ешкім жоққа шығара алмайды. Ораза, намаз тоқтықта екенінде ешкім ұмытпайды.

Насос пен трактордың халық игілігіне қызмет ететіндігін, индустриялық технологияның 2050 стратегиясын іс-жүзіне асырудың басты құралы екендігін гуманитария өкілдері жақсы біледі, түсінеді, оған дау жоқ. Алайда насос пен трактор ұлы мақсатқа жетудің құралы ғана, ал стратегияны нысана етіп оған жетелеу гуманитариялық идеямен қаруланған адамдардың саналы іс-әрекетінің нәтижесі болмақ. Ең ақыры үйдегі отбасы мүшелеріне насос пен тракторды айтып тәрбие беру өнбестің ісі, одан олар тұлға болып қалыптаспайды. Ол үшін халықтың ұлы істерін тарихтағы ұлы адамдарының тұлғалы іс-әрекеттерін насихаттау арқылы ғана балаларды арманшыл етіп тәрбиелеуге болады[4]. Сонда ғана отансүйгіштік сезім қалыптаспақ. Абай техниканы жырлаған жоқ, ол-адамзатты сүй деген нұрлы идеямен гуманитарлық сезімді оятты. Маркс айтқандай, егер гуманирарлық идея халықтың санасын жаулап алса, ол алып күшке айналып оны іс жүзіне асыруда алмайтын қамалы жоқ дейді. Біз білетіндей, өткен ғасырдың 90 ж.ж. елімізде жоқшылық жайлаған кезде, Елбасы басты халықты гуманитарлық салмақтылыққа, патриотизмге, төзімділікке шақырып: «Халқым ашылған етек жабылар, ашыққан қарын тойынар», маған сеніңіздер, деген лтдеолік тоқтамына халық сенімділік танытып, ақыры бүгінгідей толағай табысқа кенелдік. Бірақ халықтың материалдық жағдайын өзгертуді өзгерттік ау, ал санасын өзгерту қиынның қиыны болуда. Классиктер айтқандай, Елбасы орындай алатындай ғана асқақ мақсаттарды алдына қоя білді. Сол мақсаттар мен уәделерді орындау үшін техниканы құрал, инструмент ретінде пайдаланды. Қазіргі таңда Елбасының техникаға басым бағыт беріп жатқанының басты себебі, гуманитарияға, тәрбиеге, санаға қызмет ететін халықтың әл-ауқатын көтеру. Перспективада нысанада гуманитарлық ағымның гармониялық күн тәртібінде тұрғандығы айдан анық. Мен өзім инженерияның өкілі болғандықтан ұлы философ Аристотель айтқандай: Платон ты мой друг, но истина мне ближе, деген пікірдің шеңберінен шығу қиын болды. Бірақ оларда да керемет ұстаздардың бар екендігін білемін, силаймын. Ағамыз сынға басыңқырап жіберді дегендерден кешірім сұраймын. Дегенмен ұлы істерге меңзейтін гуманитарлық тәрбие мәселесін патриот ұстаздар ғана балалардың санасына ұялата алмақ.



Ұстаздардың, оның ішінде озық идеялы ұстаздардың жастарды тәрбиелеуде баға жетпес еңбектері байқалып-ақ тұрады. Бізде озық ойлы, балаларды ақылымен тәрбиесін ортаға салып, бойындағы асыл қасиеттерін ірікпей иіп беретін ұстаздар баршылық, олар нардын тәрбиелік жүгін артып алға жетелеуге дайын. Олардың атын айтып, түсін түстеуге газет беті көтермесе керек.

Айтайын дегеніміз, университетінін доценті, отыз жылдан астам ұстаздық еткен, тәрбиелеуде бай тәржірибе жинақтаған тіл маманы, доцент Құламанова Зиба Абдуллақызы туралы үзік сыр болмақ. Ол тумысында сергек, өзіне де, өзгеге де сын көзбен қарайтын, қандай іс болса да жауапкершілікті басты меже етіп санайтын, ұстаздық еткенде ешқашан жалығуды білмейтін, еңбекқор тұлға. Өзі ұстаз ретінде айналасындағыларға тұлғалық, гуманитарлық дәстүрлерді нұр етіп шаша білетін, жүзі жарқын, қара адам. Шәкірттері осы бір алысқа жетелейтін асқақ мінезінен нәр алып, сусындап оған еліктеуге тырысады. Оған эдвайзерлікке кейде екі топ (группа) еркімен жазылып ұстазымен бірге болып араласқысы келеді. Зипа Абдуллақызының мінезі тік, шыңдықты бұлтартпай кесіп айта білуі айналасындағылардың құрметіне бөлейді. Шәй орамалдай тез ашылатын жарқын мінезі, тәрбиелеудің қыры мен сырын білуі, бар білімін студент жастарға сарқын бере білуі, көпшілділігі, мәдениеттілігі, ғалымдығы бір басына жарасып тұрғандай. Кафедрата оның мобильниктер арқылы жастарға ұдайы ақыл айтып, тапсырмалар мен баға беруін, көмектесуін, кейде тамақтануды да ұмытып кетуін, оларды театрға апаруын «Мать Терезаға » ұқсайды деп теңестіреді екен. Оған, осыншама жастарды тәрбиелеуде шаршамайтынын, шалдықпайтынын сұрағанда, ол: мен көп балалы отбасында туып өсіп тәрбиелендім, әкем- лауазымды партия қызметкері болды, үш жасымда дүние салыпты, анам қазір ғасырға жуықтаған, әлі күнге дейін сөзінен жаңылған жоқ. Бойымдағы гуманитарлық қасиеттерінің көбісі әке- шешемнің генефондынан мирас етіліп сабақталса керек. Екеуі де текті жерден шыққан жандар. Оның бергі жағында менің өмір жолым оңай болды деп айта алмаймын. Ол өз алдына бір әңгіме. Бір қызығы Зиба Абдуллақызы топтарындағы қыз-бозбалалармен өзін олардың апасы, анасы, құрдасы, тәрбиешісі ретінде тең ұстайды. Қыздарды университет қабырғасынан болашақ аналық ролге, ұлдарды отағасы роліне баулып отырады. Қыздың жолының жіңішке екендігі, сондықтанда олардын күші мен құдіреттілігін осыдан іздеу керектігіне баса ылғи назар аударатын сияқты. Бір қызығы қыздарының көбісі студент кезінде отау құрып өз теңін тауып кетіп жатады, балалы-шағалы да болып қуантатыны өз алдына. Сол қиындау кезде олардың сабақтарына көмектесіп жататын кездері де жиі кездесетін сияқты. Олар университетті бітіріп кеткеніне қанша уақыт өтсе де сәлемдерін үзбей жолдап тұратындығы, ұстазым қай жерде жүрсе де мақтанышпен жиі еске алуы ұстаздың қуатына қуат қосатындай сезім ұялатады. Бірде , Зәке сізден тәрбие алған қыздарыңыздың студент кезінде көбірек тұрмыс құрып кететіндігінін сыры неде, деген сұраққа: қыз баланың ырысы шар тарапқа шашыраған жат жұрттық ғой, дер кезінде іркілмей отау құруға баулимын, тәрбиені жан-жақты беруге тырысамын, көкірегіңді ашып жүрме, шашыңды жинап жүр, көйлегіңді тізеден жоғары көтерме, мінезіңді шошандамай сынық ұста, сөйлегенде әдептен озба, мәдиеттілікті бойына өлшеп жарастырғайсын, білімділіктен ешкім ұтылған емес деп, үнемі естеріне саламын.Әрине сапалы тірбие көрген қыз баланың өтімділігі де жоғары болады. Шәкірттерінің дерлік барлығы іріктелген, қалыптасқан, гуманистік тәрбиеленген тұлға ретінде көрінеді.Ұйымшылдығы сонша барлығы бір кісінің баласындай, бір қолдың саласындай сен тұр мен айтайын дегізгендей. Әрине мұндайда олар ұстазға еліктемей қоймайды. Олар облыста, кейде республика көлемінде мектетірдің жауапты орындарында қызмет атқарады. Олар қай жерде жүрсе де Құламанованың аты естілсе, о Зиба әпкей біздің мақтанышымыз, маягымыз, сол кісінің берген тыянақты білімінің арқасында тәрбие, оқу мәселесінде кез келген қиындықтардан сүріндей өтіп басшылардың сенімін ақтаудамыз деп мақтаныш сезімдері кеуделерін кернейді. Өздері аса ірі жауапты лауазымдарда қызмет атқарса да ұстазымен байланысын үзбейді. Ал басқа эдвайзерлердің қыздарының университет қабырғасында отбасын құруы сирек немесе жоқтың қасы десе де болады бұдан да біраз нәрсені аңғаруда болғандай.

Сайып келгенде біз зайырлы мемлекет құру жолында өркениеттілікке қол созған елміз. Оның ішінде титулды ұлтпыз. Біздің этностын рухани артқан жүгі нардай, басқалары бізге қарап бой түзеу керек, үлгіліктің гуманистік тәрбиесінің небір озық үлгілерін бойымызға сіңіріп, көш басшыға лайық болуымыз абзал. Ұстаздарын көріп қызын ал, ер балаларын көріп қызыңды бер, деген асқақ идеалдың тұтқасын ұстауымыз керек. Олай болса гунамистік идеяларға негізделген жастар тәрбиесі ұлы мақсаттардың тұтқасын ұстауға зор мүмкіндіктер бар.


Әдебиет


  1. Джуринский А.Н. История образования и педагогической мысли: Учеб. пособ. для студентов педвузов / А.Н. Джуринский. – М.: Гуманит. изд.центр ВЛАДОС, 2008.

  2. История педагогики и образования. От зарождения воспитания в первобытном обществе до конца ХХ в.: / Под ред. акад. РАО А.И.Пискунова. - М.: ТЦ «Сфера», 2008.

  3. Краевский В.В. Методология педагогики: новый этап: Учеб. пособие для студентов высш. учеб. заведений / В.В. Краевский, Е.В. Бережнова. – М.: Академия, 2009.

  4. Послание Главы государства Н.Назарбаева народу Казахстана. 11 ноября 2014 г. веб-сайт strategy2050.kz

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2015 20let
konf 2015 20let -> Әож 47. ҚР мұрагерлік қҰҚЫҒын конституциялық-ҚҰҚЫҚТЫҚ реттеу негіздері
konf 2015 20let -> Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің конституциялық-құқықтық негіздері Ернишев Қ. А
konf 2015 20let -> ӘОЖ343. 985 Ата заң ел тірегі
konf 2015 20let -> Қазақ даласындағЫ Әділ сот жүйесінің алтын ғасыры және оның ерекшеліктері берікқожа С.Қ
konf 2015 20let -> Қазақстан республикасының конституциясы ұлттар теңдігінің кепілі ретінде
konf 2015 20let -> Әож 342 (547) конституциямен белгіленген сот билігінің мақсаты қазақстан халқына адал қызмет ету
konf 2015 20let -> Әож 342 (574) адамның Өмір сүруге деген конституциялық ҚҰҚЫҒы мен қылмыстық кодекстегі өлім жазасының арақатынасы
konf 2015 20let -> Әож 342. 7: 17 Қр конституциясы мемлекет және қОҒамның негізгі заңЫ
konf 2015 20let -> Қазақстан конституциясы және оның халықаралық ҚҰҚЫҚпен арақатынасындағы ерекшеліктері ахмет Шимчек
konf 2015 20let -> Әож 42. Конституция тәуелсіздік пен тұРАҚтылықТЫҢ басты тірегі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет