Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында



жүктеу 329.11 Kb.
Дата06.08.2018
өлшемі329.11 Kb.

3


Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының

2017 жылғы «8» маусым
№ 28 бұйрығымен

бекітілді



Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

әскери полициясы органдарының гауптвахтасында

әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды өтеу

қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының (бұдан әрі - ӘПО) гауптвахтасында әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 46-7-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және ӘПО гауптвахтасында әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды өтеу тәртібін белгілейді.

2. ӘПО гауптвахтасында әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған үшін сот шешімі бойынша әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жаза қолданылған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының әскери қызметшілері ұсталады.

3. Гауптвахтадағы ішкі тәртіптемені сегіз сағаттық үзіліссіз ұйқы, ұйқыдан тұру, әжетханаға бару, ас қабылдау, еңбек ету, ұйқыға жату үшін уақыты көзделген осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘПО бастығы белгілейді және бекітеді. Тәртіптеме мемлекеттік және орыс тілдерінде әр камерада ілінеді.

4. Гауптвахтадағы режимді қамтамасыз ету мен ішкі тәртіптеменің сақталуы ӘПО бастығына және гауаптвахта әкімшілігіне жүктеледі.

5. Гауптвахта қызметкерлерінің дене күші мен арнайы құралдарды қолдануы «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Әкімшілік қамауды өтеу заңдылық, кінәсіздік презумпциясы, заң алдындағы азаматтардың теңдігі, адамгершілік, жеке адам абыройы мен ар-намысын құрметтеу, халықаралық құқықтық нормалары принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады және гаупвахтада ұсталатын әскери қызметшілердің тән азабы мен имандылығына қиянат келтіру әрекеттері болмау керек.



2-тарау. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерді

гауптвахтаға қабылдау және орналастыру
7. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерді гауптвахтаға қабылдауды және орналастыруды гауптвахта бастығы (оны алмастыратын адам) не болмаса гауптвахтаның ауысым бастығы тәулік бойы жүргізеді.

Аталған лауазымды тұлғалар қамауға алынған адамды гаупвахтаға жеткізілген адамдарды қабылдау үшін негіздеме болып табылатын құжаттардың барын тексереді, көрсетілген адамнан жауап алып, оның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген мәліметтермен оның жауаптарын салыстырады.

8. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер гауптвахтаға судьяның қолы мен сот органының мөрі бар әкімшілік қамауға алу туралы сот қаулысының негізінде қабылданады.

Сондай-ақ қамауға алынған әскери қызметшілерді гауптвахтаға жеткізген лауазымды тұлғалар гауптвахта бастығына (оны алмастыратын адамға) не болмаса гауптвахтаның ауысым бастығына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе әскери билеті;

2) медициналық кітапша;

3) қызметтік мінездеменің көшірмесі;

4) азық-түлік аттестаты.

Азық-түлік аттестаттары жоқ әкімшілік қамауға алынған әскери қазметшілер гауптвахта балансында тұрған әскери бөлім командирінің бұйрығынан үзінді бойынша жабдықталымға алынады.

9. Гауптвахтаға әскери қызметшіні қабылдау кезінде осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген қажетті құжаттардың бар-жоғы және оның дұрыс ресімделуі тексеріледі, сондай-ақ жеке тексеріп қарау жүргізіледі.

Гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметші туралы, сондай-ақ алынған және сақтауға қабылданған құжаттар, дүние-мүліктер, нәрселер, бұйымдар, заттар, құндылықтар, ақша сомалары туралы мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерді есепке алу кітабына (бұдан әрі – Есепке алу кітабы) әскери қызметшінің қатысуымен енгізіледі.

10. Жеке құжаттар, дүние мүліктер, нәрселер, бұйымдар, заттар, құндылықтар, қаражаттар гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілердің дүние-мүліктерін сақтау бөлмесіне сақтауға өткізіледі. Қаражаттар мен құндылықтар темір сейфте сақталады.

11. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшіні гауптвахтаға қабылдаған кезде медициналық қызметші (фельдшер) оны дене жарақатын анықтау мақсатында тексереді. Ол туралы Есепке алу кітабына тиісті жазба жазылады. Анықталған дене жарақаттары әскери қызметшіні гауптвахтаға алып келген лауазымды тұлғаға хабарланады.

12. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшіде дене жарақаты анықталған жағдайда оған медициналық көмек көрсетіледі. Тәуліктік мерзімде медициналық қызметкерді тарта отырып, медициналық куәландыру жүргізіледі, оның нәтижелері Есепке алу кітабында белгіленеді.

Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшіде дене жарақатын анықтаудың әрбір фактісі бойынша гауптвахта бастығы (оны алмастыратын тұлға) тәулік ішінде жазбаша түрде әскери прокурорға хабарлайды.

13. Медициналық қызметкер (фельдшер) болмаған жағдайда гауптвахта бастығы (оны алмастыратын адам) не болмаса гауптвахтаның ауысым бастығы гауптвахтаға жабылатын әскери қызметшіні шұғыл медициналық көмек көрсету қажеттілігін анықтау үшін оның денсаулық жағдайы туралы тергеу жүргізеді.

Әскери қызметшіде өзін нашар сезінуіне шағымы немесе науқас белгілері (жарақат) бар болса гауптвахта бастығы (оны алмастыратын адам) не болмаса гауптвахтаның ауысым бастығы тез арада жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырады.

Науқастың өміріне қауіп төнген жағдайда, жедел медициналық жәрдем бригадасы ұзақ мерзімде болмағанда не болмаса келу мүмкіндігі болмаған кезде гауптвахта бастығы (не болмаса оны алмастыратын тұлға) не болмаса гауптвахтаның ауысым бастығы науқасты жақын жердегі медициналық мекемеге жеткізу бойынша шаралар қолданады.

Қамаудағы әскери қызметшінің науқасы және оны емдеу мекемесіне жатқызу туралы гауптвахта бастығы (ауысым бастығы) әкімшілік қамау бойынша шешім шығарған әскери прокурорға, судьяға және әскери бөлім командиріне мәлімдейді.

Әскери қызметші емделу аяқталғаннан кейін әскери бөлім командирінің қарамағына келеді, ол бір тәулік ішінде қамауды өтеу үшін оны гауптвахтаға жеткізу бойынша шаралар қолданады.

14. Гауптвахтаға қабылданған әскери қызметшіге қол қойғыза отырып, оның құқығы мен міндеттері, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген гауптвахтада ұстаудың ішкі тәртіптемесі түсіндіріледі.

Қамауға алынған әскери қызметшінің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде әр камерада ілінеді.

15. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер есіктерінде берік тиектері және қарау тесіктері болуға тиісті камераларда ұсталады, терезелер металл торлармен жабдықталады.

16. Камера бойынша гауптвахтада ұсталатын басқа әскери қызметшілерден бөлек орналастырылып, мынадай талаптар сақталады:

1) офицерлер сержанттар және сарбаздар құрамдарының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерден бөлек;
      2) мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері осы тармақтың
1) тармақшасында көрсетілген әскери қызметшілер санатынан бөлек;
      3) әйелдер еркектерден бөлек;

Камералар бойынша орналастыруды гауптвахта бастығы (оны алмастыратын адам) не болмаса гауптвахтаның ауысым бастығы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Камералар бойынша оналастыру жоспарына сәйкес жүргізеді.

17. Гауптвахтаның әкімшілігі әкімшілік қамауға алынған әр әскери қызметшіге жеке іс ашады, оған қамау түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы, қамауға алынғанды және оның дүние-мүліктерін жеке тексеріп қарау хаттамасы, сондай-ақ басқа да материалдар тігіледі.

3-тарау. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерді

жеке тексеріп қарау және олардың дүние-мүліктерін тексеріп қарау,

сондай-ақ оларды суретке түсіру және саусақтардың таңбасын алу
18. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке тексеріп қарауды оларда сақтауға және қолдануға тыйым салынған не болмаса осы әскери қызметшіге тиесілі емес құжаттарды, дүние-мүліктерді, нәрселерді, бұйымдарды, заттарды, құндылықтарды, қаражаттарды табу және алып қою мақсатында гауптвахта бастығы (оны алмастыратын адам) не болмаса гауптвахтаның ауысым бастығы жүргізеді.

19. Жеке тексеріп қарауды тек тексерілетінмен бір жынысты адам жүргізеді.

20. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілердің дүние-мүліктерін тексеріп қарау гауптвахтаға қабылданған, басқа камераға ауыстырған, сондай-ақ емдеу мекемелеріне жіберген кезде жүргізіледі.

Заттарды толық тексеру, яғни олардың құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексеру оның меншігінде осы заттар болатын адамның қатысуымен жүргізіледі.

21. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер осы Қағидаларға
4-қосымшаға сәйкес Тізбеде (бұдан әрі – Тізбе) көзделген нәрселер мен дүние-мүліктерді өзімен бірге сақтайды.

22. Қамауға алынған әскери қызметшіде тексеріп қарау кезінде табылған Тізбемен көзделмеген нәрселер мен дүние-мүліктер заңмен белгіленген тәртіпте алынады, ол туралы хаттамада көрсетіледі.

23. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке тексеріп қарау және олардың дүние-мүліктерін тексеріп қарау осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға әкімшілік қамауға алынған әскери қызметші мен жеке тексеріп қарауды және оның дүние-мүліктерін тексеріп қарауды жүргізген лауазымды тұлға қол қояды. Хаттаманың көшірмесі әскери қызметшіге тапсырылады.

24. Әскери қызметшінің хаттамаға қол қоюдан бас тартуы және жеке тексеріп қарау және дүние-мүліктерін тексеріп қарау кезіндегі оның барлық наразылықтары хаттамада ескеріледі. Хаттама жеке іске қоса тігіледі.

25. Егер жеке тексеріп қарау және дүние-мүліктерді тексеріп қарау барысында фото- және бейнетүсірілім өткізілсе, оларды қолданғаны туралы хаттамада тиісті жазба жүргізіледі.

26. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер гауптвахтаға қамалар алдында суретке түсіріледі және саусақтарының таңбалары алынады.


4-тарау. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерді

материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету
27. Гауптвахтаға қамалған әскери қызметшілер:

1) ұйықтайтын орынмен;

2) ұйқы кезінде төсек жабдықтарымен: матрацпен, жастықпен, көрпемен, екі ақжаймамен және жастықтыспен, сүлгімен. Әйел жынысты адамдарға сонымен қатар гигиеналық сүлгі беріледі;

3) тамақтану кезінде асханалық ыдыс-аяқпен және асханалық құралдармен: табақпен, кесемен, қасықпен;

4) жуыну керек-жарақтарымен және жеке гигиеналық заттармен;

5) жалпыәскери жарғылармен, кітаптармен, журналдармен және мерзімді баспамен қамтамасыз етіледі.

28. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер камераларда немесе гауптвахта жанындағы асханада тамақтанады.

29. Жуыну керек-жарақтары дәретханаға шығу уақытында беріледі, одан кейін камерадан тыс орналасқан құлыппен жабылатын шкафқа кері қойылады.

30. Күн сайын камераларға ішу үшін қайнатылған су беріледі.

31. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерге аптасына кемінде екі рет душта жуынуға ұзақтығы 15 минуттан аспайтын уақыт мүмкіндігі беріледі. Аптасына бір рет моншада жуынады.

Әйелдерге жеке гигиена тәртібін сақтау үшін қосымша уақыт беріледі.

32. Қараңғы түскеннен кейін гауптвахтаның камераларында, дәліздері мен дәретханаларында жарық беріліп тұрады.

Ұйқыдан оянғаннан кейін қайырмалы сәкі көтеріледі және құлыппен бекітіледі.

33. Жұмыстарды орындау және серуендеу уақытын қоспағанда, тәулік бойы қамауға алынғандар құлыпқа жабылатын камераларда болады.

34. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерге ұсыныс, өтініш және шағым беру үшін олардың өтініші бойынша жазу керек-жарақтары (қағаз, қаламсап, қарындаш) беріледі.

35. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы


22 мамырдағы № 38/ҚБП бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, әскери қарсы барлау және әскери полициясы органдарын азық-түлікпен, азықпен, техникамен, жабдықпен және асханалық ас-үйлік ыдыспен жабдықтаудың бейбіт уақытқа арналған нормаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 11435 болып тіркелді) сәйкес тамақпен қамтамасыз етіледі.

36. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер гауптвахтада ұсталған кезеңде гауптвахтаның ішкі тәртіптемесіне сәйкес шаруашылық жұмыстарды атқаруға тартылады.

37. Күн сайын қамауға алынғандар серуенде немесе жұмыстарда болған уақытта камералар желдетіледі. Гауптвахтаның үй-жайлары мен дәретханаларды залалсыздандыру қажеттілігіне қарай аптасына бір реттен сирек емес жүргізіледі.

5-тарау. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілердің сауқаттарды, бандерольдерді, сәлемдемелерді және хаттарды алуы, сондай-ақ шағымдарды, өтінішдар мен ұсыныстарды жолдауы
38. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер сауқаттар, бандерольдер, сәлемдемелер мен хаттар алады, олардың салмақтары Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы
29 шілдедегі № 65 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген) бекітілген Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында көзделген нормалардан аспауы тиісті.

39. Сәлемдемені жеткізген келуші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада өтініш толтырып, қол қояды. Өтінішдың екі данасы, сәлемдеме, сәлемдемені жеткізіп берушінің жеке басын куәландыратын құжат гауптвахта қызметкеріне тапсырылады.

40. Сауқаттарды, бандерольдер мен сәлемдемелерді гауптвахта қызметкерлері қарап тексереді.

41. Сауқаттарда, сәлемдемеде және бандерольде табылған, қамаудағы әскери қызметшіде болуға тыйым салынған нәрселер мен дүние-мүліктер қайтару себептерін көрсете отырып, сәлемдемені жеткізген адамға қайтарылады. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға бойынша Тізбеде көзделмеген, тыйым салынған нәрселер мен дүние-мүліктерді поштамен алған жағдайда, олар қамауға алынған әскери қызметшінің жеке дүние-мүліктерінің тізімдемесіне енгізіледі және жаза мерзімін өтеуге дейін оның басқа да жеке дүние-мүліктермен бірге сақталады.

42. Гауптвахта қызметкері сәлемдемені қабылдап, келушіге жеке басын куәландыратын құжатын және өтінішдың бірінші данасына қабылдағаны туралы қол қойып, қайтарады, ал екінші данасы сәлемдемені алғаны туралы қол қойғаннан кейін әскери қызметшінің жеке ісіне тігіледі. Жеке істе сәлемдемені алғаны туралы белгі қойылады.

43. Сауқат, бандероль және сәлемдеме оларды қабылдағаннан кейін бір тәуліктен кешіктірмей әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшіге тапсырылады. Бас тартқан жағдайда өтінішға қол қояды, онда ол туралы тиісті белгі қойылады.

44. Сауқат, бандероль және сәлемдеме:

1) әскери қызметші гауптвахтадан босатылған;

2) сауқатты, бандероль мен сәлемдемені жеткізген адам жеке басын куәландыратын құжатын көрсетпеген жағдайларда қабылданбайды және келушіге қайтарылады.

45. Медициналық қызметкердің қорытындысы бойынша гауптвахтаның әкімшілігі әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер үшін дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды, оларды қамтамасыз ету мүмкіншілігі жоқ болған жағдайларда қабылдайды.

46. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерге келіп түскен хаттарды тапсыруды олар түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей гауптвахтаның ауысым бастығы жүзеге асырады. Гауптвахтадан кеткен соң әскери қызметшіге түскен хаттар алғаннан кейін үш күн мерзім ішінде, оның кеткен жері бойынша жөнелтіледі.

47. Зайыбы (жұбайы) не болмаса жақын туысқаны қайтыс болғаны немесе ауыр науқасқа шалдыққаны туралы хат не болмаса жеделхат оларды алғаннан соң тез арада әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшіге хабарланады.

48. Гауптвахта қызметкерлері күн сайын камераларды аралап шығады және қамауға алынған әскери қызметшілерден ұсыныстарды, өтінішдар мен шағымдарды жазбаша, сондай-ақ ауызша қабылдайды.

49. Ауызша түрде қабылданған ұсыныстар, өтінішдар мен шағымдар тез арада гауптвахта бастығына баяндалады.

50. Жазбаша мазмұндалған ұсыныстар, өтініштер мен шағымдар осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілердің ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын тіркеу кітабында тіркеледі және ӘПО басшылығы арқылы адресатқа жолданады.

51. Олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша әскери прокуратура органдарына, сотқа немесе басқа да мемлекеттік органдарға жолданған үндеулерін берілген уақыттан бастап жиырма төрт сағат ішінде гауптвахта әкімшілігі қараусыз мекенжай бойынша жолдайды.

Ұсыныстарға, өтініштерге және шағымдарға берілген жауаптар қамауға алынған әскери қызметшілерге қол қойғыза отырып, жарияланады және олардың жеке істеріне тігіледі.



6-тарау. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерді

Медициналық-санитарлық қамтамасыз ету
52. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер гаупвахтаның медицина қызметкері (фельдшері) күн сайын камераларды аралау уақытында медициналық көмекке, ал жіті науқастанған жағдайда кез келген гауптвахта қызметкеріне жүгінеді. Әскери қызметші жүгінген қызметкер оған медициналық көмек көрсетеді және медицина қызметкерін шақыртады.

53. Денсаулық жағдайына шағымданған әкімшілік қамауға алынған әскери қызметші медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша шұғыл білікті медициналық көмек көрсету қажет болған кезде айдауылдың ілесіп жүруімен емдеу мекемесіне жіберіледі.

Гауптвахта бастығы әскери қызметшіні емдеу мекемесіне орналастыру туралы әскери бөлімнің қолбасшылығына хабарлайды.

54. Камераларда әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерге амбулаторлық жәрдем көрсетіледі. Дәрі-дәрмектер дәрігердің тағайындауымен, көрсетілген мөлшерлерде жеке қол қою арқылы беріледі.

55. Дәрілік заттарды науқасқа берер алдында әр кезде олардың дәрігердің нұсқаулығына сәйкестігі мен жарамдылық мерзімі тексеріледі.

56. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсетудің өзге де мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Ішкі қызмет жарғысымен және денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

57. Қамауға алынған әскери қызметші қайтыс болған жағдайда гаупвахта бастығы тез арада бұл туралы оның жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына, сондай-ақ әскери прокурорға және әскери бөлім қолбасшылығына жазбаша нысанда хабарлайды.

Қайтыс болған адамның денесі патологоанатомиялық зерттеуден, сондай-ақ тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін әскери бөлімінің қолбасшылығына немесе оны талап еткен адамдарға тапсырылады.

58. Қамауға алынған әскери қызметші қайтыс болған жағдайда гауптвахтада ұсталған әскери қызметшілердің дүние-мүліктерін сақтау бөлмесіндегі жеке құжаттары, дүние-мүліктері, нәрселері, бұйымдары, заттары, құндылықтары мен қаражаттары әскери бөлімінің қолбасшылығына не болмаса жақын туыстарына беріледі.

7-тарау. Гауптвахтада әкімшілік қамауға алынған

әскери қызметшілерге көтермелеу мен жазалауды қолдану
59. Гауптвахтада әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерге жақсы тәртіп сақтағаны үшін көтермелеу ретінде мыналар қолданылуы мүмкін:
қысқа мерзімдік кездесуге рұқсат беру, алғыс жариялау,
мерекелік күндері бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алғашқы қажеттілік заттары мен азық-түліктер алуға қосымша ақшалай шығындар жасауға рұқсат ету.

60. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерге гауптвахтада ұстаудың ішкі тәртіптемесін бұзғаны үшін мынадай жазалау шаралары қолданылады:

1) ескерту;

2) сөгіс.

61. Ауызша жариялағаннан басқа барлық көтермелеулер мен жазалауларды гауптвахта бастығы жариялайды және осы Қағидаларға
8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әскери қызметшілерді жазалау мен көтермелеулерді есепке алу кітабында есепке алынады.
8-тарау. Күн сайын серуенге шығару
62. Әр гауптвахта жанында әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерді серуенге шығаруға арналған, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес серуендеу ауласының сипаттамасына лайық аула болады.

63. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер күн сайын ұзақтығы күніне кемінде екі сағат серуенге шығарылады. Күн тәртібі мен ауа-райының жағдайын ескере отырып, серуендеудің ұзақтығын гауптвахта әкімшілігі белгілейді.

64. Әскери қызметшілер осы Қағидаларда белгіленген ішкі тәртіптемені бұзған жағдайда гауптвахта бастығының (оны алмастыратын адамның) не болмаса ауысым бастығының шешімі бойынша серуен мерзімінен бұрын тоқтатылады.

65. Серуеннен босатуды әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшінің өтінішін қарағаннан кейін гауптвахта бастығы жүзеге асырады.



9-тарау. Әкімшілік қамауға алынған

әскери қызметшілерді босату
66. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерді босатуды сот қаулысымен белгіленген әкімшілік қамау мерзімін өтегеннен кейін гауптвахта бастығы (оны алмастыратын адам) жүргізеді.

67. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің қамаудағы мерзімі аяқталу қарсаңында гауптвахта бастығы (оны алмастыратын адам) оған өкіл жолдау үшін әскери бөлім командиріне босату уақыты туралы хабарлайды.

Гауптвахта бастығының хабарлауы бойынша әскери бөлім командирі әскери қызметшіні көрсетілген уақытта қызмет орнына жөнелту үшін әскери бөлімінің өкілін гауптвахтаға жібереді, сондай-ақ мерзім бойынша оның киім-кешегін қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады.

68. Әкімшілік қамау мерзімі аяқталған күні гауптвахта бастығы (оны алмастыратын адам) ауысым бастығына осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызметшіні босату туралы хат береді.

69. Әкімшілік қамауды өтеген әскери қызметшіні босату кезде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘПО бастығының қолы қойылған гауптвахтадан босату туралы анықтама беріледі.

70. Сонымен қатар гауптвахтадан босату кезінде әскери қызметшіге дүние-мүліктерді сақтау бөлмесінде сақтауда тұрған жеке құжаттары, дүние-мүліктері, нәрселері, бұйымдары, заттары, құндылықтары, қаражаттары беріледі, ол туралы Есепке алу кітабында тиісті жазба жүргізіледі.


Қазақстан Республикасы Ұлтық қауіпсіздік

комитеті әскери полициясы органдарының

гауптвахтасында әскери қызметшілердің

әкімшілік қамауды өтеу қағидаларына

1-қосымша
Нысан
БЕКІТЕМІН

Әскери полиция органының бастығы



______________________________

(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

20___ жылғы «___ » ___________


ГАУПТВАХТАДАҒЫ ІШКІ ТӘРТІПТЕМЕ

1. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртіптеме қағидаларының талаптарын сақтайды.

2. Гауптвахтада ұсталған әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер үшін мынадай күн тәртібі орнатылады:


Р/с



Өткізілетін іс-шаралар атауы

Ұзақтығы

Өткізілу уақыты

басталуы

аяқталуы

1.

Тұрғызу (ояту)

10 мин.

6.00

6.10

2.

Қамалғандарды тексеру, төсек жабдықтарын өткізу, сәкілерді көтеру

20 мин.

6.10

6.30

3.

Таңгы әжетхана

40 мин.

6.30

7.10

4.

Гауптвахтаның камералары мен жайларын жинастыру

40 мин.

7.10

7.50

5.

Таңертеңгі тексеріп қарау

30 мин.

7.50

8.20

6.

Ертеңгі ас

20 мин.

8.20

8.40

7.

Гауптвахта қызметкерлерінің камераларды аралап шығуы

20 мин.

8.40

9.00

8

Саптатық дайындық және жалпыәскери жарғыларды оқып білу бойынша сабақ

260 мин.

9.00

13.20

8.

Әжетхана, қолдарын жуып-шаю

20 мин.

13.20

13.40

9.

Түскі ас

40 мин.

13.40

14.20

10.

Серуен

120 мин.

14.20

16.20

11.

Жеке уақыт

30 мин.

16.20

16.50

12.

Шаруашылық жұмыстарын өткізу

100 мин.

16.50

18.30

13.

Жеке уақыт

30 мин.

18.30

19.00

14.

Кешкі ас

30 мин.

19.00

19.30

15.

Мерзімдік баспалар мен журналдарды көру

50 мин.

19.30

20.20

16.

Гауптвахтаның камералары мен жайларын жинастыру

40 мин.

20.20

21.00

17.

Кешкі әжетхана

30 мин.

21.00

21.30

18.

Кешкі тексеру

20 мин.

21.30

21.50

19.

Төсек жабдықтарын беру, сәкілерді түсіру

10 мин.

21.50

22.00

20.

Ұйқы

22.00

Гауптвахта бастығы

__________________________________________________________



(әскери шені, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

20___ жылғы «___ » ___________

Қазақстан Республикасы Ұлтық қауіпсіздік

комитеті әскери полициясы органдарының

гауптвахтасында әскери қызметшілердің

әкімшілік қамауды өтеу қағидаларына

2-қосымша
Нысан


20___ жылы әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерді есепке алу

кітабы

Басталуы: 20__ ж. «__»_____

Аяқталуы: 20__ ж. «__»_____

Ішкі жағы




Рет №, қамалғанды қабылдау күні мен уақыты

Лауазымы, әскери шені, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Әскери бөлімнің нөмірі

Әкімшілік қамауды қашан және қандай сот қолданды, оны қолдану негіздері

Қамауға кандай мерзімге алынды және қандай камерада ұсталады

Қабылданған құжаттар, дүние-мүліктер, нәрселер, бұйымдар, заттар, құндылықтар, қаражаттар

Гауптвахтаға қабылдаған кезде құжаттарды, дүние-мүліктерді, нәрселерді, бұйымдарды, заттарды, құндылықтарды, қаражаттар соммасын өткізу туралы қолы

Қамалғанды қабылдау кезде медициналық қарау, моншада жуынған және денені қарау уақыты туралы жазба (медициналық жұмыскердің қолы)

Босату туралы жазба

Қамау мерзімінің аяқталу күні

Босатудан кейін гауптвахтаға қабылдаған кезде құжаттарды, дүние-мүліктерді, нәрселерді, бұйымдарды, заттарды, құндылықтарды, қаражаттар сомасын алғаны туралы қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Қазақстан Республикасы Ұлтық қауіпсіздік

комитеті әскери полициясы органдарының

гауптвахтасында әскери қызметшілердің

әкімшілік қамауды өтеу қағидаларына

3-қосымша


Нысан

БЕКІТЕМІН

Әскери полиция органының бастығы

______________________________

(лауазымы, қолы, тегі)

______ жылғы «___ » ___________




Камералар бойынша орналастыру

жоспары


Бөлек ұсталады

Камера нөмірі

Камерадағы орын сандары

Ескертпе

1

2

3

4
























ӘПО гауптвахта бастығы ____________________________________



(әскери атағы, қолы, тегі)
Ескертпе: 1. Камераларға орналастыруды гауптвахта бастығы немесе ауысым бастығы жүргізеді.

2. Камерадағы орналастыру жоспары ауысым бастығында, кезекші бөлімде және ӘПО басшылығында болуы қажет.

Қазақстан Республикасы Ұлтық қауіпсіздік

комитеті әскери полициясы органдарының

гауптвахтасында әскери қызметшілердің

әкімшілік қамауды өтеу қағидаларына

4-қосымша

Гауптвахтада ұстау үшін әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілердің заттарды сақтау бөлмесінде сақтауға және өзімен бірге болатын нәрселер мен заттардың

ТІЗБЕСІ
Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер алған посылкаларын, гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілердің заттарын сақтау бөлмесінде сақтай алады:

1) темекі бұйымдары, сіріңкелер;

2) тартпасыз, белбеусіз дала киімі нысанының қосалқы жиынтығы, сондай-ақ бас киім, мерзім бойынша аяқ ким (тақасыз, металды нәлсіз және баусыз);

3) ішкі киім, шұлық, қолғап (биялай), қол орамалдар, кереуеттік шәрке;

4) дәретханалық жабдықтар: иіс және шаруашылық сабындар, шампунь, тіс пастасы, тіс щеткасы, сабын және тіс щеткасы үшін пластмастық футляр, кремдер, металл емес тарақ, жөке, ысқыш, дәретханалық қағаз, электр немесе механикалық ұстара, бір жолғы пайданалатын қауіпсіз ұстара (қамаушылардың дүние-мүліктерін сақтау үшін гауптвахтаның камераларынан тыс орналасқан арнайы құлыпқа бекітілетін шкафта сақталады);

5) тар шалбар, кеудеше, шаштың резеңкесі, гигиеналық жабдықтар (әйелдер үшін);

6) көзілдірік және көзілдірік үшін пластмасса футляр;

7) балдақтар, ағаш таяқтар, протездер (медициналық жұмыскердің немесе фельдшердің рұқсаты бойынша);

8) көркем және өзге де әдебиет, сондай-ақ мерзімді басылым баспалары;

9) үстел ойындары (дойбы, шахмат, домино, нарды);

10) ішкі немесе қалтада алып жүру үшін діни табыну бұйымдары;

11) екіден көп емес фотокарточкалар;

12) медициналық жұмыскердің (фельдшердің) тағайындауы бойынша дәрі-дәрмек препараттары.

Әкімшілік қамауға алынған адамға, олардың құқықтары мен заңдық мүдделерін іске асыру мәселелеріне қатысты құжаттар мен жазбаларды, оның ішінде әкімшілік іс бойынша құжаттарды, сонымен қатар пошта жөнелтілімдерінің бланкілерін, түбіртектерін, заттарды беру актілерінің көшірмелерін, құжаттарын, заттары мен басқа да гауптвахтада ұсталатын қамалғандардың дүние-мүліктерін сақтау бөлмесіне өткізілген материалдық құндылықтарын өзімен бірге алып жүруге және сақтауға рұқсат беріледі.

Осы Тізбеде қарастырылмаған нәрселер мен заттар тыйым салынған болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлтық қауіпсіздік

комитеті әскери полициясы органдарының

гауптвахтасында әскери қызметшілердің

әкімшілік қамауды өтеу қағидаларына

5-қосымша


Нысан


Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілерді және

олардың заттарын

ЖЕКЕ ТЕКСЕРІП ҚАРАУ ХАТТАМАСЫ
201__ ж. "____" ________ ___________________

(құрастырылған орын)
Тексеріп қарау басталды: ___ с. ___ мин.

Тексеріп қарау аяқталды: ___ с. ___ мин.


_______________________________________________________________________________,

(жеке тексеріп қарауды өткізген тұлғаның лауазымы, әскери шені, тегі және аты-жөні)

жеке тексеріп қарау өткізілді _____________________________________________________

(әкімшілік қамауға алынған тұлғаның тегі, аты-жөні (бар болса))

__________________________________________________________________ және оның дүние-мүліктері тексеріліп, ол бойынша осы хаттама құрастырылды.
Жеке тексеріп қарау және дүние-мүліктерді тексеріп қарау алдында ____________________________________________________________________________

(жеке тінтуді және тексеріп қарауды өткізгеннің лауазымы, шені, тегі, әкесінің аты (бар болса))

әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшіге ______________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

тізбеде қарастырылмаған, сақтауға және пайдалануға жатпайтын құжаттарды, заттарды, нәрселерді, бұйымдарды, заттарды, құндылықтар мен қаражаттарды ерікті түрде берілуі туралы ұсынылды, оған ол осылайша мәлімдеді: _____________________________________

_______________________________________________________________________________, және өз еркімен берді:

1)_____________________________________________________;

2)_____________________________________________________;

3)_____________________________________________________.
Одан кейін _______________________________________________________________

(жеке тексеріп қарауды өткізген лауазымды тұлға)

әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшіні ______________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

жеке тексеріп қарауға және оның дүние-мүліктерін тексеріп қарауға кірісті.
Тексеріп қаралушының киінген киімі: _________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________


Тексеріп қаралушыда мынадай заттар болған: ____________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________


Өткізілген жеке тексеріп қараудың қорытындысы бойынша ______________________

________________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

және оның дүние-мүліктерін тексеріп қараудан кейін: _________________________________

________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ айқындалды.
Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшіні жеке тексеріп қарау және оның заттарын тексеріп қарау кезінде алынғандар (гауптвахтада ұстауға ішкі тәртіптеме қағидаларымен көзделмеген құжаттар, дүние-мүліктер, нәрселер, бұйымдар, заттар, құндылықтар, қаражаттар):

1) _____________________________________________________;

2) _____________________________________________________;

3) _____________________________________________________.


Сырттай қарау кезінде табылған (табылмаған) дене зақымдары (егер болса дене зақымдарының сипаты және медициналық жәрдем көрсетілді ме): _____________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________
Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшіні жеке тексеріп қарау және оның дүние-мүліктерін тексеріп қарау кезінде түскен ескертпелер: ___________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________
Хаттаманы_________________________________________________________ оқыды.

(тексеріп қарауды өткізген жеке немесе дауыстап оқыған адам)


Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметші:

_______________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)


Жеке тексеріп қарау және дүние-мүліктерді тексеріп қарау хаттамасының көшірмесін алдым: 201__ ж. «___» __________

________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

Жеке тексеріп қарау және дүние-мүліктерді тексеріп қарау хаттамасының көшірмесін жүргізген: 201__ ж. «___» __________

______________________________________________

(қызметкердің әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

Қазақстан Республикасы Ұлтық қауіпсіздік

комитеті әскери полициясы органдарының

гауптвахтасында әскери қызметшілердің

әкімшілік қамауды өтеу қағидаларына

6-қосымша
Нысан


Өтініш

_____________________________________________________________ тұратын


                       (тұрғылықты мекенжайы)
азаматтан (-шадан)___________________________________________________
                           (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметші:________________________________________


                           (тегі және аты, әкесінің аты (егер болса),

___________________________ үшін сәлемдемені қабылдауыңызды сұраймын.

         (туған жылы)

Сәлемдемедегі заттардың тізімдемесі:



Р/с №

Заттардың атауы

Салмағы
(килограмм грамм)

Саны

Ескертпе

1




























Өтініш иесінің қолы _________________________

20 _ жылғы «__» _________

Сәлемдемені қабылдады _______________________________________________
                        (сәлемдемені қабылдаған қызметкердің әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Сәлемдемені алдым ___________________________________________________
                (сәлемдемені алғанның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

20 __ жылғы «____» __________

Қазақстан Республикасы Ұлтық қауіпсіздік

комитеті әскери полициясы органдарының

гауптвахтасында әскери қызметшілердің

әкімшілік қамауды өтеу қағидаларына

7-қосымша
Нысан

Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілердің ұсыныстарын,

арыздары мен шағымдарын тіркеу

кітабы

Басталуы: 20__ ж. «__»_____

Аяқталуы: 20__ ж. «__»_____

Ішкі жағы




Р/с



Түскен күні

(жыл, ай, күн)



Өтініш берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және оның әскери қызметке қатысы


Өтініштің қысқаша мазмұны


Орындау үшін кімге және қашан берілді және орындаушының қолы


Орындау мерзімі

Қашан және қандай шешім қабылданды

Құжаттар тігілген іс

1

2

3

4

5

6

7

8

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік

Комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында әскери қызметшілердің
әкімшілік қамауды өтеу қағидаларына

8-қосымша

Нысан

Әскери қызметшілерді

жазалау мен көтермелеулерді есепке алу

кітабы

Басталуы: 20__ ж. «__»_____

Аяқталуы: 20__ ж. «__»_____
Сыртқы жағы

Жазалауға тартылған адамдарды есепке алу




р/с



тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жаза не үшін қолданылды

Жаза түрі

Жазаны кім және қашан қолданды

Ескертпе




















Көтермеленген адамдарды есепке алу


р/с



тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Не үшін көтермеленді

Көтермелеу түрі

Көтермелеуді кім және қашан қолданды

Ескертпе


















Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік

Комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында әскери қызметшілердің
әкімшілік қамауды өтеу қағидаларына

9-қосымша



Серуендеу аулаларының сипаттамасы

Серуендеу аулалары режимдiк аулада орналасады және гауптвахтаға жақын жерде шектесіп жатады. Серуендеуге шығарылатын әрбір қамауға алынған әскери қызметшіге серуендеу ауласының 2,5-3 шаршы метрі (бұдан әрi – м2) болуға тиіс. Серуендеу ауласының барынша аз көлемi – 12 м2.

Серуендеу ауласы биіктігі кемінде үш метр тығыз дуалмен қоршалады. Серуендеу ауласының үстiңгi жағына металл рама бекітіледі, оған ұяшықтары 17x17 сантиметрден аспайтын металл тор бекітіледі, тордың үстіне ұяшықтары 5x5 сантиметрден аспайтын «Рабица» типіндегі металл тор бекiтiледi.

      Серуендеу аулаларының үстiңгi жағында атмосфералық жауын-шашыннан тасалану үшін ені 1,2 метрге дейін жеңiл қалқалар орнатылады.

Серуендеу ауласының ортасына еденге сенімді бекітілетін орындықтар орнатылады.

Серуендеу аулаларынан су ағыны қамтамасыз етiлуі, серуендеу ауласында серуендеу аулаларында жүрген қамауға алынған әскери қызметшілерді көзбен шолып қарау мүмкіндігімен бақылаушы қызмет өткеру үшiн орынмен және бейнебақылау жүйесімен жабдықталуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік

Комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында әскери қызметшілердің


әкімшілік қамауды өтеу қағидаларына

10-қосымша


Нысан

Әскери қызметшіні босату туралы

ХАТ




Ауысым бастығы _________________________________________
___________________________________________________________
(әскери атағыі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________________________________
қамауда ұсталушы _________________________________________
(қамалғанның әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
________________________________________________ босатылады
(уақыт, күн, ай, жыл)

Негіздеме: __________________________________________________________________________



Гауптвахта бастығы ________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20___ ж. «___» ________

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік

Комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында әскери қызметшілердің
әкімшілік қамауды өтеу қағидаларына

11-қосымша

Нысан

Гауптвахтадан босату туралы

АНЫҚТАМА
Әскери қызметші ___________________________________________________ берілді,

(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

ол 20__ ж. «___» _______ бастап 20__ ж. «___» _______ аралығында ӘПО гауптвахтасында
___________________________________________________ сәйкес әкімшілік қамауды өтеді.

(төрешінің қаулы)



Әскери полиция органының бастығы

_________________________________________

(әскери атағы, қолы, тегі және аты, әкесінің аты (бар болса)

20__ ж. «___» _________


М. О.



Каталог: sites -> default -> files -> user documents
user documents -> Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік ќўпияларын ќорєаудыѕ
user documents -> Регламент государственной услуги «Выдача пропуска на въезд в пограничную зону иностранцам и лицам без гражданства»
user documents -> Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің
user documents -> «болашақ» консалтингтік тобы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «бекітемін» «Болашақ» кт» жшс-нің директоры
user documents -> Соглашение
user documents -> Для служебного пользования
user documents -> Для служебного пользования
user documents -> Ақпарат саласындағы қылмыстық іс-әрекеттерге қарсы іс-қимыл бойынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт
user documents -> Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет