Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика, Ішкі істер жәнеДенсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің кейбір мәселелері туралы



жүктеу 68.91 Kb.
Дата19.09.2018
өлшемі68.91 Kb.


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика, Ішкі істер жәнеДенсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы
18 желтоқсандағы Қазақстан РеспубликасыКонституциялық заңының
24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарызаңнамадабелгiленген тәртiппен бір ай мерзімдеосы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы

№ қаулысымен

бекітілді



Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы
№ 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс саласында Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жүйесiне басшылық етудi, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, халықтың көші-қоны, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыру саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.»;

2-тармақтыңмынадай мазмұндағы5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) Көші-қон қызметікомитеті.»;

«Орталық аппараттың функциялары» деген 16-тармақта:

5) тармақша алып тасталсын;

60), 61) және 62) тармақшалар алып тасталсын.

«Ведомстволардың функциялары» деген 16-тармақта:

мынадаймазмұндағы 67-1), 67-2), 67-3), 67-4), 67-5), 67-6), 67-7) және 67-8)тармақшалармен толықтырылсын:

«67-1) азаматтық, халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

67-2) мемлекеттік органдардың халықтың көші-қоны мәселелері бойынша қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;

67-3)көші-қон процестерін мониторингілеу, талдау мен болжамдауды жүзеге асырады;

67-4)көші-қон процестерін реттеу және мониторингілеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді;

67-5)көші-қон процестерін мониторингілеу нәтижелерін халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;

67-6)өз құзыретi шегiнде босқын деп танылған адамға шыққан елiнде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға жәрдем көрсетеді;

67-7)босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияны құрады, сондай-ақ оның ережесін әзірлейді және бекітеді;

67-8)пана іздеген адамдар мен босқындар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;».

2. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

1-бөлімде:

«


1

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

158991**

» деген жол

мынадай редакцияда жазылсын:

«


1

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді, оның ішінде:

159000**

»;

4-бөлімде:

«


4

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

10681

» деген жол

мынадай редакцияда жазылсын:

«


4

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

10666

»;

7-бөлімде:

«


7

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінің, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

2664

» деген жол

мынадай редакцияда жазылсын:

«


7

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінің,оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

2670

».

3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 551-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі туралы ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік)денсаулық сақтау, әлеуметтік-еңбек,халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттіксаясатты қалыптастыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.»;

«Орталық аппараттың функциялары» деген 16-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) денсаулық сақтау, еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;»;

185) тармақша алып тасталсын;

196) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 270-1) тармақшамен толықтырылсын:

«270-1) құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру;»;

«Ведомстволардың функциялары» деген 17-тармақта:

57) және 58) тармақшалар алып тасталсын.

4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

1-тармақтың 1)тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) стратегиялық жоспарлау, салық және бюджет саясаты, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясат, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу, табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар, халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу, сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту, сауда қызметін реттеу, мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту, жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резерв;»;

15-тармақтың4) тармақшасы алып тасталсын;

«Орталық аппараттың функциялары» деген 16-тармақта:



122) тармақша алып тасталсын.
_____________________________




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет