Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №357 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰйырамын: «Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы»



жүктеу 82.19 Kb.
Дата05.04.2018
өлшемі82.19 Kb.
түріРегламент




«Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11262 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 маусымында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Аэротүсiрiлiм жұмыстарын тiркеу, есепке алу және жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) не Стандарттың 9-1-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

«Электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі  ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

Көрсетілген қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен және уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:



3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) не осы Стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

«Электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі  ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

Көрсетілген қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен және уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.»;

5-тармақтың 4)-тармақшасының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда басқармасының жауапты орындаушысы сұрауды көрсетілетін қызметті берушінің ведомстволық бағынысты кәсіпорынына (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты кәсіпорын) қарауға дайындайды және жібереді;

сұрауды ведомстволық бағынысты кәсіпорынға қарауға жолдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысы 1 сағат ішінде келіседі;

ведомстволық бағынысты кәсіпорынға қарауға жолдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 сағат ішінде сұрауға қол қояды;

көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы сұрауға қол қойған күні тіркейді және оны ведомстволық бағынысты кәсіпорындарға қарауға жолдайды;»;

5-тармақтың 4)-тармақшасының оныншы абзацы алынып тасталсын;

5-тармақтың 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) ведомстволық бағынысты кәсіпорын 15 жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, зерттейді және олар бойынша, өз құзыреті шегінде көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысына қорытынды жолдайды;»;

5-тармақтың 7)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беруді жүзеге асырады.»;

6-тармақтың 6) және7)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«6) ведомстволық бағынысты кәсіпорынға сұрауды жолдау:

ведомстволық бағынысты кәсіпорынға бұрыштама қойылған сұрау;

ведомстволық бағынысты кәсіпорынға қол қойылған сұрау;

ведомстволық бағынысты кәсіпорынға тіркелген шығыс нөмірі бар сұрау;

7) ведомстволық бағынысты кәсіпорын жауабына талдау жүргізу;»;

7-тармақтың 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) ведомстволық бағынысты кәсіпорыны тартылған.»;

8-тармақтың 4)-тармақшасының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда басқармасының жауапты орындаушысы сұрауды көрсетілетін қызметті берушінің ведомстволық бағынысты кәсіпорынына қарауға дайындайды және жібереді;

сұрауды ведомстволық бағынысты кәсіпорынға қарауға жолдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысы 1 сағат ішінде келіседі;

ведомстволық бағынысты кәсіпорынға қарауға жолдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 сағат ішінде сұрауға қол қояды;

көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы сұрауға қол қойған күні тіркейді және оны ведомстволық бағынысты кәсіпорындарға қарауға жолдайды;»;

8-тармақтың 4)-тармақшасының оныншы абзацы алынып тасталсын;

8-тармақтың 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) ведомстволық бағынысты кәсіпорын 15 жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, зерттейді және олар бойынша, өз құзыреттері шегінде көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысына қорытынды жолдайды;»;

8-тармақтың 7)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беруді жүзеге асырады.»;

көрсетілген мемлекеттік қызмет регламентінің 2-ші және 3-қосымшалары осы бұйрыққа 1-ші және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жұмыс жоспарланған учаскесіндегі жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Стандарттың 6-тармағына сәйкес жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру не Стандарттың 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.»;

5-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар түскен күні 2 сағат ішінде оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына береді.

Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады.»;

5-тармақтың 4)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы құжаттар түскен күні 1 жұмыс күні ішінде құжаттар тізбесін және олардың қажетті құжаттарға сәйкестігін айқындайды және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің ведомстволық бағынысты кәсіпорнына қарауға жолдайды не Стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді;»;

6-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды, тексереді, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына береді.

Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады.»;

6-тармақтың 4)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы құжаттардың тізбелерін және олардың қажетті құжаттарға сәйкестігін айқындайды және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің ведомстволық бағынысты кәсіпорнына қарауға жолдайды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.»;

8-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар түскен күні 2 сағат ішінде оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына береді.

Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады.»;

8-тармақтың 4)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы құжаттар түскен күні 1 жұмыс күні ішінде құжаттар тізбесін және олардың қажетті құжаттарға сәйкестігін айқындайды және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің ведомстволық бағынысты кәсіпорнына қарауға жолдайды не Стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді;»;

көрсетілген мемлекеттік қызмет регламентінің 1-ші және 2-қосымшалары осы бұйрыққа 3-ші және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.



3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары –

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет