Танымал актер, әзілкеш “Нысана” театрының әртісі Дәнекер Оразбай продюсер Баян Мақсатқызының туған күнін талқылап, әзіл видео түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

  Фото: ашық дереккөз

Бейнежазбаны актердің әйелі жасырын түсіріп алған. 

“Зымырап жатқан уақыт. Ешнәрсеге уақытың жетпейді. Адамдардан да ұят болып кетті. Баян әпшені айтсаңшы, ұят болды. Туған күніне бара алмадық қой. Әжептеуір хабарласып, "Дәнеша, келінді алып туған күнге өтесің ғой, қалма" деп еді. Ұят болды", – деп әзілдеді Дәнекер Оразбай.

Актер әйелінің видеоға түсіріп жатқанын байқап қалып, ақталуға тырысты. 

“Қайдағы Баян?!. Баяны құрысын. “Баян әпше” деп мен де… Бірақ жұрттың бәрі сол жерде жүр, біз-ақ қалып кетіппіз ғой. Бәрі тойлап жатыр, ал біз бала-шағаның қамы үшін ЦОН-ға кетіп барамыз", – деп күлді танымал әзілкеш.

Актердің әзілмен айтқан сөздеріне желі қолданушылары пікірлерін жаудырып жатыр. "Ол жақта "өркештер" жарысы болды", "Бізге де айтып еді, көкірегі ашық көйлегіміз болмай, бара алмадық", "Байқа, Дәнекер, Баян әпшең боқтағаныңды естіп қалмасын, бәле болады", "Баян саған не қылды, құрысын деп соншама" деп жазды оқырман. 

Еске салайық, танымал продюсер Баян Мақсатқызы 50 жасын дүркіретіп тойлағанын жазған едік. 
 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Аiym (@aiym_kenzhalieva)


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.