Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы облысының статистика департаменті хаттама



жүктеу 46.41 Kb.
Дата24.04.2019
өлшемі46.41 Kb.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы облысының статистика департаменті

ХАТТАМА

«15 » қаңтар 2018 жыл

сағат «09.00»

Алматы қаласы




Дөңгелек стол

төрағасы:

Алматы облысы Статистика департаментінің басшысының орынбасары -Токсеитов Б.Т.






Хатшылықта:

Заң басқармасының басшысы – Кенжебеков Б.Ө.













КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауы

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың

жаңа мүмкіндіктері»
Жиынның ашылуына Департамент басшысының орынбасары Токсеитов Б.Т. алғы сөз сөйлеп, жиынның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз алды. Бүгінгі отырыс Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауы Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін ортаға салды.

«Қазақстан халқы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауларынан тың жаңалықтар күтіп, болашаққа деген сенімдері мен үміттерін ұштай түсетіні қалыпты жағдай. Өйткені, бұл жолдауларда ел дамуының жаңа межелері белгіленіп, халықтың әлеуметтік-рухани жаңғыруының көкжиектері айқындала түсетіні сөзсіз. Мысалы, өткен жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында Елбасы Н.Ә.Назарбаев экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыруына қол жеткізу, цифрлы техологияны қолдану, жаңа индустрияларды өркендету, өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторын дамыту, цифрлы индустрияны жеделдету арқылы Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті елге айналдыру міндеттерін қойғаны есімізде. Мемлекет басшысының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа міндеттері» Жолдауында осы міндеттерді одан әрі жалғастыру бағдарланып отыр. Елбасы осы арада он түрлі міндетті алға қояды. Ол Қазақстанның индустриясын ең жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналдыру, өндірістік үдерістерді цифрландыру арқылы өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін арттыру, ресурстық әлеуетті тиімді пайдалану, өндіріске ақпараттық технологиялық шешімдерді батыл енгізу, агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру, көлік пен логистикалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту міндеттерін қамтиды. Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға тқтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050- ші жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегисы жүзеге асырылуда. Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші  жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс- шаралар жүргізуде. "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы қабылданды,- деді президент өз мәлімдемесінде. Мемлекет басшысы адамзат баласының жаңа өнеркәсіп революция дәуіріне қадам басқанын және замануи технологиялардың әлемді өзгертіп жатқанын атап өтті.  "Жаһандық технологиялық өзгерістерге жаңа сын- қатерлермен қатар өсуге арналған жаңа мүмкіндіктер де тән. Бұл әлемнің дамыған  әлемнің дамыған 30 елдің қатарына жеделдетіп енуімізге арналған тарихи мүмкіндігіміз деді  Елбасы" Сондай-ақ Жолдауда рухани-әлеуметтік мәселелер де орынды қозғалып отыр. Айталық, соның бірі – адам капиталының жаңа сапасы туралы мәселе. «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет», деген Мемлекет басшысы одан әрі бұл міндетті шешудің жолдарын нақтылай түседі. Соның ең бастысы білім беру бағдарламаларын өзгерістерге үнемі бейім және жаңа білімді меңгертуге бейімдеу болып табылады. Жолдауда жоғары білім беру жүйесіне қатысты көптеген жаңа міндеттер айқындалып отыр. Мұнда, әсіресе, ақпараттық технологиялар бойынша білім беруді барынша дамыту, жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жасауға көбірек құқық беріп, олардың академиялық еркіндігін заңнамалық тұрғыдан бекіту қажеттігі айтылды. Осы арада оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салып, жоғары оқу орындарына шетелдік менеджерлерді тартып, әлемдік университеттердің кампустарын ашу қажет деді Елбасы.

«ХХІ ғасырдағы адами дамудың жаңа бағытын айқындайтын, қоғамдық прогрестің маңызды интеллектуалды факторы болып табылатын адам капиталын қалыптастыру – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауындағы нақтыланған Қазақстан қоғамын әлеуметтік модернизациялаудың басымдығы болып табылады. Адами капиталды қалыптастыру халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға инвестиция салумен тікелей байланысты. Инвестициялар қоғамның әлеуметтік құрылымының барлық элементтеріне бірдей әсер етіп, одан әрі дамуына жағдай жасайды. Олар мемлекеттік бюджет, әртүрлі қорлар, арнайы салымдар арқылы дамыған инфрақұрылымды жасап, еңбекақының, кірістің өсуіне, білімнің тереңдеп, денсаулықтың жақсаруына, сөйтіп қазіргі жаһандану процесіне ілесе алатындай бәсекеге қабілетті адами капиталды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Адам капиталына инвестиция жасау, басқа инвестициялар тәрізді адамның аз мөлшерде қаржы жұмсап, оны болашақта көп мөлшерде өндіріп алуды көздейді. Демек, бүгінгі күні қоғам адам капиталына қаншалықты көп салым салса, болашақта соншалықты табысқа, тұрақтылыққа, белсенді дамуға ие болады. Ол салымдардың негізгі түрлері ретінде жоғары аталған білім, өндірістік даярлық, денсаулық сақтау, көші-қон, еңбек нарығында ақпарат іздеу, балалардың туылуы және тәрбиесі саналады. Білім мен өндірістегі тәжірибе адам капиталының көлемін ұлғайтады, денсаулық сақтау оның «қызметінің» мерзімін ұзартады, көші-қон және еңбек нарығындағы ақпарат іздеу оның қызмет көрсетуінің бағасын көтереді, ал балалардың туылуы мен тәрбиесі оны келесі ұрпақта өндіреді. Қазақстан қоғамындағы адами капиталдың сандық және сапалық сипаттамалары және адам капиталын қолдану тиімділігін жүйелі ғылыми талдау – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Адами капиталды жинақтау процесінің теориялық және практикалық мәні сонымен қатар, оның экономикаға, жалпы қоғамға әсері теориялық сипатта толық зерттелмеуі бізге ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға негіз болды.Адам капиталының құрылымы: тәрбие, білім, денсаулық, ғылым, жеке қауіпсіздік, кәсіпкерлік қабілет, элитаны даярлауға инвестиция, ақпараттық қызмет және басқалар.



 

«Ел болам десең- бесігіңді түзе»,- деп ұлы жазушы М. Әуезов айтқандай, ана сүтімен дарыған ана тілінің рухын асқақтатын, заман табына сай орыс, ағылшын тілінде жетік сөйлейтін жас ұрпақ – ертеңгі еліміздің қарқынды дамуына өз үлестерін қосатын азаматтар. Міне, осындай алғыр да батыл, қабілетті де дарынды жастарды тәрбиелеу – бүгінгі тәрбиешілер мен ұстаздар қауымына жүктелген үлкен міндет. «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын жүзеге асыру мақсатында ең алдымен қабілетті жастарды анықтап, олардың талантын ұштап, дем беріп, сенім артып, қолдау көрсету де білім беру жүйесінің міндеті. 



Хатшы Б.Кенжебеков
15.01.2018 жыл

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет