Қазақстан Республикасы Мәдениет



жүктеу 456.21 Kb.
бет1/3
Дата28.04.2019
өлшемі456.21 Kb.
түріКонкурс
  1   2   3






Қазақстан Республикасы Мәдениет

және спорт министрінің

2018 жылғы «____»__________ №______ бұйрығына қосымша





2019-2020 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттама


  1. Жалпы ережелер



  1. 2019-2020 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған осы конкурстық құжаттаманы (бұдан әрі – Конкурстық құжаттама) мәдениет саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңының нормаларына сәйкес әзірледі.

  2. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурс (бұдан әрі – Конкурс) 2019-2020 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 939 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің 2017-2020 жылдарға стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға бағытталған.

  3. Зерттеулердің түрі – қолданбалы ғылыми және археологиялық зерттеулер.

  4. Конкурстың мақсаты – 2019-2020 жылдарға мәдениет саласында ғылыми-қолданбалы және археологиялық зерттеулерді жүргізуге бағдарламалық-нысаналы қаражат бөлу.

  5. Қаржыландыру көлемі және шарты: екі жылдық мерзімге қаржыландырудың жалпы сомасы – 846,0 млн.теңге, оның ішінде 2019 жылға – 423 млн.теңге, 2020 жылға – 423 млн.теңге. Қазақстан Республикасының «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына өзгерістер енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен аталған қаржыландыру сомаларына өзгерістер енгізілуі мүмкін.




  1. Басым және мамандандырылған ғылыми бағыттардың атаулары

Кесте


Басым бағыттар

Мамандандырылған ғылыми бағыттар

5. «Мәңгілік Ел» ғылыми негіздері

1.1. Мәдениет саласындағы қолданбалы зерттеулер

1.1.1 Мәдениет, тарихи-мәдени мұра саласындағы археологиялық және қолданбалы зерттеулер

1.2 Рухани жаңғыру мәселелерін қолданбалы зерттеу:

5.3.3 Қазақстанның рухани киелі жерлері. Қазақстанның қасиетті географиясы.


3. Конкурсқа қатысу өтінімінің мазмұны мен үлгісіне қойылатын талаптар

  1. Конкурсқа қатысу өтінімдері осы Конкурстық құжаттаманың 1-қосымшасының талаптарына сай болуы тиіс және осы Конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес жасалады. Ілеспе хат, өтінім бағдарламасының қысқаша сипаттамасы және өтініш осы Конкурстық құжаттаманың 3, 4-қосымшаларына сәйкес үлгілер бойынша жасалады.

  2. Өтінімдер қағаз және электрондық нұсқада (дискіде), екі данада, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қолма-қол немесе алу туралы хабарландырумен курьерлік пошта арқылы мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, 531-кабинет.

  3. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасының 10-тармағының талаптарына сәйкес өтінімдерде жеке тіркеу нөмірі (бұдан әрі - ЖТН) болуы қажет.

ЖТН-ды алу үшін тапсырыс беруші конкурсты жариялаған сәтінен бастап, өтінімдерді қабылдаудың соңғы күніне дейін конкурс қатысушылары «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның (бұдан әрі - Орталық) интернет-ресурсында is.ncste.kz мекенжайы бойынша Орталықтың ақпараттық жүйесінде өтінімнің электрондық нұсқасын салу арқылы өтінімді тіркеуге тиісті.

Мерзімнің аяқталуынан кейін қолма-қол немесе курьерлік пошта арқылы келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

Орталықтың ақпараттық жүйесінде тіркелгеннен кейін ЖТН өтінімнің қағаз нұсқасының бірінші бетінде қойылады.


  1. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінім бағдарламаны іске асыру мерзімі үш жылдан аспауы туралы ақпаратты қамтуы керек.

  2. Өтінім тігіліп, қағаз пломбасымен бекітіледі, пломбаның үстінде тігілген және нөмірленген парақтар жайлы жазба жасалып, өтінім берушінің уәкілетті тұлғасының дөңгеленген мөрімен қоса қолымен расталған (заңды тұлғалар үшін) немесе белгіленген тәртіппен расталған жеке тұлғаның қолы болуы тиіс.

  3. Өтінім берушінің авторлық және/немесе басқа да құқықтарына зиян тигізе алатын, мемлекеттік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат өтінімде болмауы тиіс.

  4. Өтінімнің мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:

1) жалпы ақпарат;


2) бағдарламаның сипаттамасы;

3) зерттеу әдістері мен этикалық мәселелер;

4)Жоспарлау және бағдарламаны басқару;

5) зерттеушілер тобы;

6) зерттеу ортасы;

7)күтілетін нәтижелер;

8) библиография;


  1. Келесі талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдер өтінім берушілерге қайтарылады:

1) ЖТН-ні болмаған өтінімдер;

2) өтінімді рәсімдеуі осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер;

3) талап етілген құжаттардың толық емес көлемде ұсынылған өтінімдер;

4) конкурс қатысушыларында тарихи және мәдени ескерткіштерге археологиялық, ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге лицензия болмаған өтінімдер (археологиялық зерттеулер жүргізу бойынша және ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарды қамтитын жобаны ұсынған жағдайда);

5) электрондық нұсқасы қағаз нұсқасына сәйкес келмеген өтінімдер;

6) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісі бойынша бұрын алынған шекті бағаның төмен болған немесе ғылыми этиканы бұзу фактілері анықталған өтінімдер;





  1. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінімді ұсыну тілі

  1. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінім мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.

5. Әлеуетті орындаушыларға қойылатын біліктілік талаптары, өзге де мәліметтер мен ерекше талаптар, жеке әріптес тарапынан тең қаржыландыру көлемі мен шарттары


  1. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа дербес ғылыми мәдениет ұйымдары, музейлер, музей-қорықтар, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау инспекциялары, мәдениет саласының кітапханалары, сондай-ақ, шығармашылық жоғары оқу орындары және өзге тиісті салалардың ғылыми-техникалық қызметтің субъектілері болып табылатын ұйымдары қатысуға құқылы.

  2. Орындаушылар бағдарламада қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес түпкі нәтижесіне қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.

  3. Бағдарламаның ғылыми жетекшісінің ғылыми жұмыс өтілінің тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы/ғылым кандидаты) немесе философия докторы (PhD) дәрежесі немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі болуы тиіс.

  4. Зерттеу тобының құрамына шетелдік ғалымдар мен мамандар тартылуы мүмкін.

  5. Өтінім мәліметтерге қосымша бағдарламаны ішінара қажетті ресурстармен, оның ішінде қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін жеке әріптес тарапынан қоса қаржыландыруды тарту туралы мәліметтер бере алады. Олардың іске асыру мерзімдері мен салым сомасы көрсетілген қоса қаржыландыру туралы келісім тараптар ниеттерін растау болып табылады.

  6. Бағдарламаны іске асыру шеңберіндегі күтілетін нәтижелері сұралатын қаржы көлеміне сәйкес уағдалы және негізделген болуы тиіс.

  7. Қаржыландыру үшін мақұлданған бағдарламалар Қазақстан Республикасында іске асырылуы тиіс. Бағдарламаның жетекшісі Қазақстан Республикасының азаматы болуы қажет.

  8. Бөлінетін қаржыландыру көлемі сұралатын қаржыға сәйкес анықталады.

  9. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қаражаты ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға өтінімде көрсетілген ғылыми зерттеулерді жүргізуге тікелей байланысты шығындарға, өтінімнің мақсаттары мен міндеттеріне жетуге жұмсалу қажет. Конкурстық өтінімде көрсетілген шығын түрлері осы Конкурстық құжаттамаға 2-қосымшада көрсетілген шығын түрлеріне сәйкес болуы тиіс.

  10. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға бөлінген қаражатты тиімсіз және негізсіз пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жауапкершілікке көздейді.

  11. Бағдарламаны орындаушы-ұйымның жетекшісі бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудан қаражат ұстап қалуға жол бермейді.

  12. Өтінім беруші заңнамаға сәйкес есеп беруді және есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді.

  13. Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік ұйымдар сатып алған жабдықтар, құралдар және (немесе) мүкәммалдар олардың теңгеріміне тіркеледі.

  14. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асырудың қорытындылары бойынша бүкіл кезеңде бағдарламалар бойынша кемінде екі мақала жариялануы тиіс.

  15. Бағдарламаның жүзеге асырылуы және/немесе аяқталғаннан кейін зерттеулер нәтижелерінің, монография және басқа да ғылыми жұмыстардың басылымы кезінде авторлар нөмірін көрсету арқылы бағдарламалық-нысаналы шеңберінде ұтып алынған бағдарламаға сілтеме жасауға міндетті.

  16. Зерттеу тобының мүшелері қажет болған жағдайда жүргізіліп жатқан бағдарлама шеңберінде халықаралық конференцияларға қатысып немесе жетекші шетел ғылыми орталықтарында және ұйымдарында немесе шетел ғылыми зертханаларында шетелдік ғылыми тәжірибеден өте алады.

  17. Стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешу үшін ғылыми зерттеулердің нәтижелері ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті орындау барысында алынған және кез келген ақпарат жеткізгіште тіркелген жаңа білім мен шешімдер түрінде ұсынылады.

  18. Бағдарламанның аннотациясын және сол бойынша есепті (баспа және/немесе электронды түрде) өтінім берушінің және/немесе автордың келісімін сұратусыз жариялау құқығы Орталыққа беріледі.

  19. Бағдарлама шеңберінде алынған ғылыми зерттеулердің нәтижелері заңнамамен белгіленген тәртіппен міндетті түрде Орталықта мемлекеттік есепке алынуы тиіс.

  20. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс жеңімпаздарымен ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны жүзеге асыру үшін өзгерістер немесе толықтырулар енгізілуі мүмкін шарт осы Конкурстық құжаттаманың 5-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша жасалады.




  1. Жауапты тұлғалар туралы мәлімет

35. Конкурстық құжаттама мен өтінім дайындау жөнінде кеңес беру мәселелері бойынша түсінік беруші жауапты тұлға – Сеидалиева Ж.С., телефондары 8 (7172)74-00-14, 74-04-25.

Өтінімдерді тіркеу мен ЖТН алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен жұмыс бойынша Call center (is.ncste.kz): 8-727-355-50-01 (ішкі. 217, 218, 219, 221, 222, 223, 224, 226, 227, 228, 232, 233, 231, 236). Жұмыс уақыты: дс.-жм., сағ. 9:00 бастап 18:30 дейін.

Конкурсқа өтінімдер қолма-қол немесе алу туралы хабарландырумен курьерлік пошта арқылы мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, 531-каб. ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері жөніндегі департаменті. Телефон 74-00-14, 74 04 25. Жұмыс уақыты: дс.-жм., сағ. 9:00 бастап 18:30 дейін. Түскі үзіліс: 13:00 бастап 14:30 дейін.



7. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімдері
36. Конскурсқа өтінімдерді қабылдау – 2018 жылғы 1 тамызға дейін.

2019-2020 жылдарға арналған ғылыми,

ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша

бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға

арналған конкурстық құжаттамаға

1-қосымша


2019-2020 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысу өтінімі үлгісінің талаптары
1.  Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

  1. мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ілеспе хат;

  2. бағдарлама бойынша ұсынылған ақпараттың анықтығын растау, сондай-ақ ғылыми этика қағидаттарын, оның ішінде ғылыми этиканы бұзу фактілерін (ғылыми деректерді фабрикациялау, зерттеу деректерді бұрмалауға апаратын фальсификациялау, плагиат пен жалған тең авторлық, қайталау, өзгелердің нәтижелерін иемдену және т.б.) болдырмау, бұрын мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмағаны туралы арыз. Ғылыми жетекшісінің ғылыми жұмыс өтілінің тәжірибесі кемінде бес жыл болуына кепілдік.

Жоба бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті, оның ішінде іске асырылатын жоба шеңберінде сатып алу және жалға алу жоспарланған құрал-жабдықтарды, материалдар мен мүкәммалдарды ескере отырып, материалдық-техникалық базаның болуы және қолжетімділігіне кепілдік;

3) бағдарламаның қысқаша сипаттамасы;

4) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

5) өтінім берушінің аккредитациядан өткенін растайтын куәлігінің көшірмесі;

6)этика мәселесі бойынша орталық және жергілікті комиссияның мақұлдаған тұжырымының болуы (биомедицина бойынша адамдар мен жануарларға зерттеу жүргізу үшін);

7) бағдарламаны ішінара қажетті ресурстармен, оның ішінде қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін жеке әріптес тарапынан қоса қаржыландыруды тарту туралы мәліметтер (жобаны қоса қаржыландыру жағдайында). Олардың іске асыру мерзімдері мен салым сомасы көрсетілген қоса қаржыландыру туралы келісім, тараптар ниеттерін растау болып табылады.

2. Ілеспе хат мемлекеттік және орыс тілінде әзірленіп, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін), жеке куәлік (жеке тұлға үшін), аккредитация туралы куәлік, этика мәселесі бойынша орталық және жергілікті комиссияның мақұлдаған тұжырымы (биомедицина бойынша адамдар мен жануарларға зерттеу жүргізу үшін), қоса қаржыландыру туралы келісім көшірмелерімен бірге тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтар саны жазылатын қағаз пломбамен бекітіледі, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы конкурсқа қатысушының уәкілетті тұлғасының қолы және мөрдің баспа-таңбасы (бар болған жағдайда) қойылады.

3.Өтінім, ілеспе хат пен қысқаша сипаттаманың мәтіндері нақты тұжырымдалған және келесі параметрлерді есепке ала біріңғай шрифтпен жазылу қажет («Microsoft Word» мәтіндік редакторының нұсқаларын қолдану қажет):

1) сол жақ жиегі – 2,5 см, оң жақ жиегі – 1,5 см, үстіңгі және астыңғы жиегі – 2 см;

2) шрифт – «TimesNewRoman», өлшемі 12 (қосымшада өлшемі кіші шрифт қолданылуы мүмкін, бірақ өлшемі 10-нан кіші емес);

3) жоларалық интервал – бір;

4) азат жол (бірінші жол шегінісі) – 1,25 см;

5) тақырып пен мәтін, мәтін және қол қою арасындағы интервал – жоларалық бір интервал;

6) өтінім және оған қосымшаларының парақтары нөмірленуі керек;

7) өтінімнің электронды нұсқасы мен бағдарламаның қысқаша сипаттамасы MicrosoftWord форматында (*.doc немесе *.docx) мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде әзірленеді, осыған қоса өтінімнің атауы бағдарлама тақырыбының алғашқы бес сөзін қолдану арқылы көрсетіледі.

4. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған өтінімнің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіннің мазмұны толықтай сәйкес болуы керек.

Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі өтінімнің электронды нұсқасы (диск- тасымалдаушыда, сондай-ақ ЖТН алу үшін өтінімді тіркеу кезінде «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ақпараттық жүйесіне енгізілген нұсқасы), бағдарламаның қысқаша сипаттамасының, сондай-ақ ілеспе хаттың электрондық нұсқасы олардың қағаз нұсқасына сәйкес болуы тиіс. Түпнұсқа құжат ретінде қағаз нұсқасы есептелінеді.

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың электронды өтінімі, ілеспе хат және жобаның қысқаша сипаттамасының жалпы көлемі он мегабайттан аспауы керек.

Осы талаптардың 1-тармағына сәйкес дайындалған құжаттама, бөлек тігілетін конкурстық өтінімнен басқа, белгіленген тәртіп бойынша тігіледі; конкурстық өтінім белгіленген тәртіпте бөлек тігіледі.

Қажетті құжаттардың барлығы 2 данадан ұсынылуы қажет. Электрондық тасымалдаушылар арнайы конвертке салынып, тезтігіндеменің ішкі жағынан бекітілуі тиіс.

2019-2020 жылдарға арналған Ғылыми,

ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша

бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға

арналған конкурстық құжаттамаға

2-қосымша



Каталог: uploads
uploads -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
uploads -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
uploads -> Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №35 бұйрығымен бекітілген тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан
uploads -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
uploads -> Ақмола оато үшін есікті қайта сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2016 жылғы 11 қазан Астана қ. Тапсырыс берушінің атауы мен пошталық мекенжайы «Ұлттық ақпараттық технологиялар»
uploads -> «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет