Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №35 бұйрығымен бекітілген тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан



жүктеу 129.16 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі129.16 Kb.


Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрінің

2016 жылғы 22 қаңтардағы

№ 35 бұйрығына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығымен бекітілген тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау Қағидаларынан үзіндісі


  1. Жалпы ережелер

1. Осы Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне (бұдан әрі – ҚР ҚМ) ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы
7 қаңтардағы,
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.


  1. Техникалық және кәсіптік білімнің жалпы білім беру

бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына оқуға

қабылдау тәртібі
§ 1 параграф. Техникалық және кәсіптік білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына оқуға кандидаттарды іріктеу тәртібі
19. Техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын ҚР ҚМ-ға ведомстволық бағынысты әскери оқу орны – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ш. Уәлиханов атындағы Кадет корпусына (бұдан әрі – Кадет корпусы):

1) әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан үлкен емес азаматтар;

2) әскери қызмет өткерген азаматтар және оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толғанға дейін мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшілер;

3) жиырма бес жасқа толғанға дейін келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер оқуға түседі.

20. Оқуға түсушілер Кадет корпусының қабылдау комиссиясына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.

Қабылдау комиссиясына толық құжаттар тізбесін ұсынбаған оқуға түсушілер қабылдауға жіберілмейді.

21. Жетім балалар және олардың ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-аналарының хабарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды деп туралы жариялануына, еңбекке жарамсыз (шектеулі еңбекке жарамды) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баланы тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан бас тартуына, оның ішінде


ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерінен алудан бас тартқанына байланысты ата-анасының біреуінің немесе екеуінің
де қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ ата-ана қамқорлығының болмауының өзге де жағдайларында қосымша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ата-ана қамқорлығының болмауы дәйегін растайтын кұжаттардың бірінің түпнұсқасын және оның көшірмесін ұсынады.

22. Әскери қызметшілердің балалары қосымша ата-анасының әскери қызметші ретіндегі мәртебесін растайтын кұжаттардың бірін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ұсынады.


§ 2 параграф. Техникалық және кәсіптік білімнің жалпы білім
беру бағдарламаларын
іске асыратын әскери оқу орнына
қабылдау үшін құжаттарды ұсыну тәртібі

23. Әскери қызметшілер тарапынан оқуға түсуші Кадет корпусына оқуға түсу үшін қабылдау жылының 1 маусымына дейін әскери бөлім командирінің атына қабылдау жылының 1 шілдесіне дейін оған оқу демалысын беру туралы баянат жазады.

Әскери бөлімнің командирі «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – ҚР ҰҚО туралы Заң) 12-бабының


7) тармақшасына сәйкес арнайы тексеру және Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес алдын ала медициналық куәландырудан өту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, үлгерімнің кемінде 3.5 орташа балы бар білімі туралы құжаты бар оқуға түсушілерге оқу демалысы беріледі және олар қабылдау жылының


25 шілдесіне дейін Кадет корпусына келеді.

24. Мектеп және «Арыстан» мамандандырылған лицейінің бітірушілері қатарынан оқуға түсуші Кадет корпусына оқуға түсу үшін қабылдау жылының 1 сәуіріне дейін өзінің білім беру ұйымы басшысының атына өтініш береді.

Білім беру ұйымының басшысы мыналар:


  1. ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру;

  2. Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес алдын ала медициналық куәландырудан өту;

  3. Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі – ҰБТ) тапсыру;

  4. кәсіби-психологиялық тестілеуді тапсыру;

  5. дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру жұмыстарды ұйымдастырады.

Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, аттестаттың кемінде 3.5 орташа балы бар бітірушілер комиссияға
кәсіби-психологиялық тестілеу мен дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсырады. Оларды тапсыру нәтижелері қабылдаудың І және ІІ кезеңдерінің нәтижелері болып табылады.

Қабылдаудың ІІ кезеңінен өткен бітіруші қабылдаудың ІІІ кезеңінен өту үшін қабылдау жылының 30 шілдесіне дейін Кадет корпусына келеді.



25. Азаматтар қатарынан оқуға түсуші Кадет корпусына оқуға түсу үшін қабылдау жылының 1 мамырына дейін тұрғылықты жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлім (басқарма) бастығының атына өтініш береді.

Қорғаныс істері жөніндегі бөлім (басқарма) бастығы ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру және Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес алдын ала медициналық куәландырудан өту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, үлгерімнің кемінде 3.5 орташа балы бар білімі туралы құжаты бар оқуға түсушілер қабылдау жылының 20 шілдесін қоса алғанда Кадет корпусына келеді.

26. Қабылдау кезеңінде оқуға түсушілер Кадет корпусының аумағына орналастырылады және Бейбіт уақытқа арналған «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы


18 маусымдағы № 353 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін
азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және
азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормалары (бұдан әрі – жабдықтау нормалары) бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.

27. Кадет корпусына қабылдау мынадай ретпен жүзеге асырылады:

1) бастапқы іріктеу кезеңі – Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес алдын ала медициналық куәландыру және ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру жүргізу (өтініш (баянат) беру орны бойынша);

2) І кезең – қабылдау жылының 20 – 30 шілдесін қоса алғандағы кезеңде Кадет корпусында өткізілетін алдын ала кәсіби-психологиялық іріктеу;

3) ІІ кезең – қабылдау жылының 20 – 30 шілдесін қоса алғандағы кезеңде дене дайындығын тексеру;

4) ІІІ кезең – қабылдау жылының 1 – 10 тамызды қоса алғандағы кезеңінде өткізілетін Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру;

5) ІV кезең – қабылдау жылының 11-19 тамызын қоса алғандағы кезеңінде өткізілетін түпкілікті кәсіби-психологиялық іріктеу;

6) V кезең – қабылдау жылының 20-21 тамызын қоса алғандағы кезеңінде өткізілетін конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау.

28. Қабылдаудың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.

29. Оқуға түсушілерді алдын ала кәсіби-психологиялық іріктеу уәждемелілік, күйзеліске төзімділік, сыншылдық және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды және оны қабылдау комиссиясы Кадет корпусының тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімімен бірлесіп жүргізеді. Кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.

30. Оқуға түсушілердің дене дайындығын тексеру мынадай дене дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды:

әскери қызметшілер үшін – «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жөніндегі нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9518 болып тіркелген);

азаматтар үшін – «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) және оны қабылдау комиссиясы Кадет корпусының дене дайындығы және спорт жөніндегі оқытушыларымен, нұсқаушыларымен бірлесіп жүргізеді. Барлық жаттығулар үшін бағалар сомасы бойынша 9 балдан төмен жинаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.

31. Оқуға түсішілерді түпкілікті медициналық куәландыру Кадет корпусына денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамдылығын айқындауды қамтиды және оны ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасы бастығының бұйрығы негізінде құрылған медициналық комиссия жүргізеді.

32. Қабылдаудың үшінші кезеңінен өткен оқуға түсушілер ең жоғары және ең төмен рейтингілік балға дейін құрылатын рейтингіге сәйкес төртінші кезеңге жіберіледі және оны қабылдау комиссиясы қабылдау жылының
10 тамызына дейін өткізеді. Рейтингіде бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспарынан 5-10 %-дан асатын санға сәйкес келетін нөмірге дейінгі оқуға түсушілер жіберіледі.

БҒД рейтингілік балды есептеу кестесін Кадет корпусына оқуға қабылдау жылының 1 тамызына дейін жібереді.

33. Оқуға түсушілерді түпкілікті кәсіби-психологиялық іріктеу лагерьлік жиыннан өтуді қамтиды және қабылдау жылының 11 – 19 тамызын қоса алғандағы кезеңде сұхбаттасу түрінде жүргізіледі.

34. Конкурстық іріктеу қабылдаудың төртінші кезеңін ескере отырып, рейтингті түзетуді қамтиды және 20 тамызда жүргізіледі.


§ 3 параграф. Техникалық және кәсіптік білімнің жалпы
білім беру бағдарламасын
іске асыратын әскери
оқу орнына қабылдау тәртібі

Кадет корпусына рейтингіде бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға түсушілер қабылданады.

Кадет корпусы қабылдау комиссиясының шешімі осы Қағидаларға


5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау-өткізу пунктінде қабылдау жылының 21 тамызында сағат 10.00-ге дейін ілінеді.

Оқуға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының шешімі негізінде Кадет корпусының кадрлар бөлімі қабылдау жылының 21 тамызында Кадет корпусы бастығының бұйрығын шығарады.

35. Конкурс нәтижелері бойынша тең көрсеткіштер болған жағдайда Кадет корпусында оқитындардың құрамына қабылдануға мыналарға:

«Жас ұлан» республикалық мектептерінің бітірушілеріне;

әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалармен білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне;

әскери қызмет өткеру уақытында қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен немесе әскери қызметін өткеру кезеңінде мүгедектік алған әскери қызметшілердің балаларына басым құқық беріледі.

36. Кадет корпусына оқуға қабылданған, қабылдау күніне 18 жасқа толмаған оқуға түсуші және оның ата-аналары (қамқоршылары, заңды өкілдері) «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
5-бабының 24) тармақшасына сәйкес Кадет корпусының бастығымен білім беру қызметін көрсету шартын (бұдан әрі – Білім беру қызметін көрсету шарты) жасасады.

37. Кадет корпусына оқуға қабылданған, қабылдау күні 18 жасқа толған оқуға түсуші «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы


25 мамырдағы № 124 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 777 қаулысымен бекітілген нысан бойынша Кадет корпусының бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт (бұдан әрі – әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт) жасасады.

38. Қабылдау жылының 1 маусымына дейін Кадет корпусының бастығы, ҚР ҚК түрлерінің бас қолбасшылары, ҚР ҚК Бас штабы Сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы, ҚР ҚМ Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы БҒД-ға оқуға қабылдау жылының 1 шілдесіне дейін бекітілетін қабылдау комиссиясының құрамын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасына енгізу үшін өкілдер жөніндегі мәліметтерді ұсынады.

39 Кадет корпусының бастығы қабылдау комиссиясының төрағасы, Кадет корпусы бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары төрағаның орынбасары болып табылады.

40. Қабылдау комиссиясының құрамы мүшелердің тақ санынан тұрады. Шешім қабылдау комиссиясы мүшелері жалпы санының қарапайым көпшілік дауыс беруімен қабылданады.

Дауыстар тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

41. Қабылдау комиссиясының отырыстары қабылдау комиссиясы төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі және хаттамалармен ресімделеді.

42. Қабылдау кезеңінен өту нәтижесімен келіспеген оқуға түсуші сол күні қабылдау комиссиясының төрағасына жазбаша өтініш жазады.

43. Хаттамамен ресімделген өтініш мәні жөніндегі қабылдау комиссиясының шешімі өтініш түскен күннен бастап 1 күнтізбелік күн ішінде шығарылады.

44. Оқуға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қабылдау комиссиясының шешімі оқуға қабылдау жылының 25 тамызына дейін оқуға түскендердің сауалнамалық деректерін көрсете отырып БҒД-ға ұсынылады.

45. Кадет корпусының кадрлар органы 10 жұмыс күні ішінде қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен әскери бөлімдерге оқуға қабылдау туралы бұйрықтан үзінді көшірмелер жібереді.


Тиісті деңгейдегі білім беру

бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдауқағидаларына

2-қосымша


Ата-анасының қамқорлығында болмауы дәйегін растайтын құжаттар




  1. Ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктер.

  2. Сот шешімі (ата-анасын ата-ана құқықтарынан шектеу немесе одан айыру туралы, ата-анасының хабар-ошарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау немесе ақыл-есі дұрыс емес (ақыл-есі шектеулі) деп тану туралы), сырқаттары туралы анықтама.

  3. Ата-анасының іздестіруде екенін және ата-анасының жоқ екенін немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуге мүмкіндіктерінің жоқ болуын растайтын басқа да құжаттар.

Тиісті деңгейдегі білім беру

бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне

ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына

оқуға қабылдау қағидаларына

3-қосымша


Ата-анасының әскери қызметші ретіндегі мәртебесін

растайтын құжаттар
1. Қызметтегі әскери қызметшілердің балалары үшін – мекеменің кадрлар органынан анықтама.

2. Запастағы немесе отставкадағы әскери қызметшілердің балалары


үшін – тұрғылықты жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменттен (басқармадан) анықтама.

3. Әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде мүгедектік алған қызметтегі әскери қызметшілердің балалары үшін – мекеменің кадрлар органынан анықтама.

4. Әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан, қызмет өткеру уақытында хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары үшін – тұрғылықты жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменттен анықтама.

Тиісті деңгейдегі білім беру

бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына

оқуға қабылдауқағидаларына

4-қосымша

Кадет корпусына және ЖӘОО-ға түсу үшін құжаттар тізбесі




  1. Өтініш (өтініште тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), туған күні, айы және жылы, оқуға түсушінің тұрғылықты жерінің мекенжайы,
    ата-анасының байланыс деректері көрсетіледі).

  2. Жеке куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі).

  3. Әскери билет (тек әскери қызметшілер түпнұсқасы және көшірмесі).

  4. Білімі туралы құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі).

  5. Әскери оқу орнына түсуші азаматтың «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі
    № 373 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) әскери оқу орнына оқуға түсетін азаматты медициналық куәландыру картасы.

  6. Сотталмағандығы туралы анықтама.

  7. Спорттық дәрежесін, ағымдағы жылы орындаушылардың республикалық немесе халықаралық конкурсындағы, жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиададағы, сондай-ақ ағымдағы жылғы жалпы білім беру пәндері бойынша Президенттік не республикалық олимпиададағы жүлделі орнын растайтын құжат (бар болған кезде).

  8. Жеке ісін ресімдеу үшін қағаз папка және екі түссіз файл.

  9. Ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмелері.

  10. 3х4 көлемді төрт фотосурет.







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет