Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдары ел аумағында Қазақстан азаматтығына ие болған этнос өкілдерінің өзара тату-тәтті өмір сүріп, ортақ бір тудың астында бас қосып



жүктеу 93.02 Kb.
Дата18.04.2019
өлшемі93.02 Kb.

Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі

Әбікенов Жарқынбек- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда

Мемлекеттік Университетінің

аға оқытушысы.
КСРО ыдыраған тұста ұлтаралық жанжалдардың алаңы болады деп болжанған Қазақстан- бүгінде ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың мекені. Қазақ халқының сыйластыққа негізделген тарихи тәжірибесі, мейірімділігі мен төзімділігі, осы құндылықтарға негізделген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы ұлт саясаты еліміздің тұрақты дамуына негіз болып отыр.

Әлемдегі елдердің басым көпшілігі көпұлтты болғандықтан, әр түрлі этностардың басын қосу, мемлекеттің тұтастығын сақтау- оның мәдениеттілігінің басты белгісі. Бүгінде ұлтаралық қатынастарды біржақты түсіну жиі кездесіп, көбіне бұл саланы ұлттардың өзара ынтымақтастығы деп ойлағанмен, бұл мәселенің екінші жағы да бар. Әр түрлі этностар араласқан тұста олардың бір-бірімен шендесуі, бәсекелестігі, араздығы бірге жүреді. Олардың қарама-қарсы мүдделерін үйлестіру, ойларын бір жерге тоғыстыру үлкен саяси шеберлікті талап етеді.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдары ел аумағында Қазақстан азаматтығына ие болған этнос өкілдерінің өзара тату-тәтті өмір сүріп, бейбіт өмір сүруінің алғышарты- ел этносаясатын тұрақтыландырып, экономикасын көтеріп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, олардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, бағалау, талдап зерттеу бүгінгі және келешек Қазақстанның өзекті міндеттерінің біріне айналып отыр.[1,139-б]

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 2 тармағында «Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық», - деп атап көрсетілуі де осы ойымызды нықтай түседі. Еліміз жаңа жиырма бірінші ғасырға, жаңа мыңжылдыққа адамзат үшін ең қымбат қазына- ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін, жарастық пен келісімді, қастерлеп сақтай отырып, қадам басты.

Қандай да болмасын саяси жүйе халық мүддесінен шықпаса, ондағы тұрып жатқан түрлі ұлттар мен этникалық диаспоралардың мұң-мұқтажын ескермесе, олардың өзара келісіп жұмыс жасауына демократиялық негіз қаламаса, этникалық топтардың өзара тәртіпті де келісімді ұйымдастырылған азаматтық қоғамын жасап бере алмаса, әрине, ол мемлекеттің саяси пәрменсіздігі басым түсіп, өмір сүру қабілетінен айырылатындығы дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомаға айналды. Оның дәлелі ретінде ХХ ғасырдың аяғында КСРО құрамындағы елдерде болған және посткеңестік кеңістіктегі елдерде орын алған (1986 жылы Алматыдағы қазақ жастарының, 1988-91 жылдары Әзірбайжандағы армян мен әжірбайжандардың, 1989 жылы Өзбекстандағы түріктер мен өзбектердің, Абхазиядағы грузиндер мен абхаздықтардың, грузиндер мен осетиндердің, 1990 жылы және 2010 жылы Қырғызстандағы қырғыздар мен өзбектердің және т.б.) этносаяси жанжалдарды айтуға болады.[2, 4-бет]

Қазақстан тарихының бір бөлігі- оны мекендейтін халықтардың этностық және мәдени өзара іс-қимылдарының тарихы. Әлемдік тарихта әр түрлі ұлт өкілдерінің бір жерде, бір елде бірлесіп өмір сүруі тың құбылыс емес. Бұл ретте Қазақстанның көп ұлттылығы ғасырларға созылып, уақыттардан жалғасын тауып, сабақтасып келеді.

Қазақстанның полиэтникалық қоғамға айналу процесі ұзақ тарихи кезеңдерді қамтиды. Қазақстан тарихында ол кезеңдер үшке бөлінеді.

Бірінші кезең Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруімен байланысты. Нәтижесінде қазақтардың көшпенділіктен отырықшылыққа ауысуы арқылы өмір сүру стилі, құндылықты нормативтік жүйесі өзгереді.

Осы кезеңде Қазақстанның солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс өңірлерін отарлаудың әскери-әкімшілік билігінің нәтижесінде славяндықтардың ареалы пайда болды. Олардың көшін казактар бастап келді. Жайық казак әскерінің құрамында славяндардан басқа башқұрт, түркімен, татар, қалмақ, қарақалпақтар да болды.

Екінші кезең Қазақстанның КСРО құрамына енуімен байланысты. Осы кезеңде Қазақстанның саяси, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми салаларында жаңа бетбұрыстағы алғышарттар құрылып, жаңа интеллектуалдық мүмкіншіліктер пайда болып, полиэтникалық құрамы жылдам қалыптасты. Оның негізі ретінде КСРО Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің 1924 жылғы 17 қазандағы «Отарлау мен көшірудің кезек күттірмес міндеттері туралы» қаулысын айтуға болады. Бұл құжаттың отарлаушылық маңызы КСРО аумағынан Қазақстанға адамдарды көшіріп орналастыру арқылы өңделмеген жерлерді шаруашылық айналымға енгізу еді. Бұл процесс екі бағытта жүзеге асырылды: бірі – халықты ерікті жолмен көшіру, екіншісі – күштеп көшіру. Шын мәнінде, ерікті деген болмады, екі акция да күштеп көшіру арқылы атқарылды. 1940 жылға дейінгі уақытта Қазақстанға 65 мың шаруа отбасы көшіп келді. Оның ішінде Украинадан - 6478, Белоруссиядан - 2031, Воронеж облысынан - 1142, Курск облысынан - 1415, Рязанск облысынан - 574, Татарстаннан - 917, Чуваш республикасынан - 876, Мордовадан - 591, өзге де өңірлерден - 1068 отбасы көшіп келді.

Үшінші кезең Қазақстанның тәуелсіздік алуымен және халықаралық қауымдастықтың субъектісі болуымен байланысты. Бұл кезеңде әрбір этникалық топтың еркін дамуына қол жеткізілді, этникалық ерекшеліктерін қайта түлетуге мүмкіндік туды.

Қазіргі таңда Қазақстанда жүз отыз алты этнос өмір сүреді. 2009 жылғы халық санағының қорытындысына сәйкес Қазақстан халқының саны 16402861 адамды құраса, оның ішінде қазақтардың саны – 10989916 (67 %), өзге этникалық топтар мүшелері – 5412945 (33 %).[3, 4-б]

Өткенге мұқият қарасақ, Қазақстан Республикасының саяси тұрақтылығын, қоғамдық ішкі қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтауды саяси реттеудің басты тетігі ретіндегі елдің ынтымағы мен этносаралық келісімін қамтамасыз ету әрдайым өзекті мәселе. Саяси институттардың ең жоғарғы сатысынан орын алатын мемлекет өзінің бүкіл әкімшілік жұмысы барысында өз атауына сай төл азаматтарымен қатар басқа да этнос өкілдерінен құралған азаматтардың қамын күйттеп, олардың барлық конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қамтамасыз етуге, олардың өзара тыныш, келісімді де үйлесімді арақатынастарына тиімді әрі қауіпсіз жағдай жасауға, ынтымақты күйттеген этносаяси процестерді ұйымдастыруға қабілетті барлық мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, әсіресе Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін демократиялық әдіспен қамтамасыз етудің стратегиялық міндетін орындау қажеттілігін зор жауапкершілікпен мойындайды.

Ассамблеяны құру идеясы 1992 жылы өткізілген Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған 1 этникалық форумда Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен ұсынылған болатын. Форумда сөйлеген сөзінде Президентіміз «біздің басты байлығымыз- халықтар достығын қазақстандықтардың бірнеше ұрпағы қалыптастырды. Бұл байлықты талан-таражға салуға, дәстүрлерімізді жоғалтуға біздің құқымыз жоқ. Ол ондаған жылдардың жемісі. Әр халықтың, әр ұлттың үні естіліп тұруы тиіс. Сондықтан форумды тұрақты негізге ауыстыру мақсатында жаңа қоғамдық институт құру қажет» деген болатын.

1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы консультативтік кеңесші орган ретінде құрылды. Уақыт өте келе оның құқықтық мәртебесі кеңейіп, “Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы” Заң қабылданып, ұйымдық жағынан күшейді. Парламент Мәжілісіне тоғыз депутат сайлауға құқылы болды.

Өзінің 17 жылдық тарихында Ассамблея өзінің басым бағыттарын айқындай отырып, Қазақстанда тұратын 130-дан астам ұлт пен ұлыстардың өзара тату-тәтті өмір сүруіне жағдай жасауда, елдегі тұрақтылықты сақтап, дамытуға зор үлес қосып келеді. 17 жылдың ішінде ҚХА елімізде 600 -ден астам ұлттық-мәдени бірлестіктері бар, конституциялық мәртебеге айналған, басқа мемлекеттерге ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтуда үлгі бола алатын қоғамдық институтқа айналды.

Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI- сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстан халқының этностық және мәдени саналуандығы мен төлтумалығын сақтауға байланысты жаңа қадамдар іздеген жөн», - деген ұйғарым жасаған еді.[4]

Қазақстан бүгін әлемге белгілі дербес мемлекет. Дегенмен, қазақстандық келісімнің негізі – қазақстандық азаматтықты қабылдау әртүрлі жағдайларға байланысты, жеке бастың іштей таңдауымен қатар, амалсыздан тарихи отанына оралуға мүмкіндік болмағандықтан қазақстандық болғандар да бар. Сондықтан азаматтықты таңдау мен адамдардың ішкі көңілі үйлесе бермейді. Кеңестік менталитеттен арылып, Қазақстан азаматына айналу терең психологиялық бетбұрыс, ол бүгіннен ертеңге өзгере қоятын қадам емес, сондықтан біздегі келісімнің әр түрлі деңгейлері бар.

1. Немқұрайлы, селқос келісім. Бұл келісім ұлттық мүдделерге парықсыздықпен қарауды, талғаусыздықты, кеңестік идеологияның ұлтқа жоғарыдан, селқостықпен жүргізген саясатын жалғастырады, өз ұлтының тағдырына бей-жай қарайды.

2. Мүсіркеушілік келісім. Ұлттық мүдделерге түсінікпен қараған болады, қолдаған сыңай танытады.

3. Көнгіш, жалтақтық келісім. Бұл жоғарыда айтылған ұлттық альтруизм, бір ұлтты екінші ұлтқа икемдеу.

4. Демократиялық келісім. Өзіңді-өзің сыйлау, өзгеге де сыйлату, өзгені де сыйлау. Бұл қиындықтары мол, бірақ ең әділ келісім. Қазақстан халқы бүгін осы келісімге бейімделуде. Қазақстандық моделді демократиялық келісім моделі деуге болады.

Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі деңгейде жүзеге асырылады: тұжырымдамалық деңгей; саяси-құқықтық (конституциялық) деңгей; институционалдық деңгей жəне ғылыми-əдістемелік деңгей. Тұжырымдамалық деңгей еліміздің ұлтаралық қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді жəне ол: əлеуметтік-экономикалық, мəдени, ождандық, тұрмыстық жəне басқа да өзара тəуелді, толықтырушы факторларды есепке алу, Қазақстан ұлттарының өз мəдени дамуын еркін қамтамасыз ету жəне олардың мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру принциптеріне сүйенеді. Саяси-құқықтық немесе конституциялық деңгей мемлекеттің ұлтаралық қатынастар саласын реттейтін заңнамалық актілер жəне ұлттық саясатты жүргізуге қатысты басқа да құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Ұлтаралық келісімнің құқықтық негізі ретінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы танылады. Тіпті Ата Заңның 39-шы Бабы: «ұлтаралық келісімді бұзатын кез-келген əрекет конституциялық емес деп танылады» деп көрсетілген. Сонымен қатар, Негізгі заңның 7 Бап («мемлекет Қазақстан халқының тілдерін дамыту мен оқуға жағдай жасайды») пен 19 Бап («əр азамат өз тілі мен мəдениетін пайдалануға құқылы») пен басқа да «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы», «ҚР тілдері туралы», «Мəдениет туралы», «Тарихи-мəдени мұралары объектілерін қорғау мен пайдалану туралы» заңдар Қазақстандық кез-келген азаматтың өз тілінде білім алу, дамыту мен мəдениетін уағыздауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Қазақстан ұлттары 2007 жылғы конституциялық реформаның нəтижесінде республиканың жоғарғы заң шығару органына өкілдер жіберу құқығына ие болды.[5, 18-б]

Ұлтаралық, дінаралық бірлік мәселесіндегі қазақстандық тәжірибе қазір көптеген елдердің қызығушылығын тудырып отыр. Біздің тәжірибемізбен Франция, Норвегия, Ұлыбритания, АҚШ, ГФР, Финляндия, Қытай, Испания, Австрия сияқты елдер танысып, зерттеуде. Бұл тек өз елдерінде бірлікті қамтамасыз етуге ерекше ұмтылып отырған мемлекеттердің ғана тізімі.

Қазіргі таңда, АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Ұлыбритания секілді өркениетті елдердің және өзгелердің де Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты әлемде баламасы жоқ бірегей қоғамдық институттың жұмыс тәжірибесін зерттеуге ден қоюлары- ұлттық саяси бағытымыздың дұрыс, қолға алған істеріміздің шынайы өмірмен үйлесіп жатқандығының бір көрінісі.

Ел ішіндегі татулық пен ұлттар арасындағы достықты насихаттау, оны елге түсіндіру соның негізінде қоғамдық пікірді байсалды қалыптастыру Қазақстанның дамуының негізгі кепілі бола алады. Барлық қазақстандықтар ел ішіндегі тұрақтылық пен ұлттар арасындағы татулықты үзбей насихаттау керек. Қазақстан мемлекеттілігінің нығайуы осыған байланысты.

Қорытындылай келе, елімізге белгілі ғалым Р. Әбсаттаровтың сөзімен түйіндесем: ұлтаралық келісім- адамның өнегелі тәрбиелілігінің, жоғары мәдениеттілігінің барлық ұлттар мен ұлыстардың ұлттық және этникалық топтардың мүддесімен ортақтастық деңгейінің көрсеткіші. Біздің республикамыздағы ұлтаралық келісім- ең маңызды жетістіктердің бірі және ұлттық мәселелердің ғылыми шешімінің нәтижесі, қоғамның дамығандығының көрінісі.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Онучко.М.Ю. Государственно-конфессиональное отношения: мировой опыт и Казахстан. Алматы. Баспалар үйі. 2010 ж. 139-бет.

  2. Алпысбаев.Ж.Т. Қазақстан Республикасында заманауи этносаяси процестердің қалыптасуы мен даму ерекшеліктері. Автореферат. 4-бет. Алматы, 2010 жыл.

  3. Алпысбаев.Ж.Т. Қазақстан Республикасында заманауи этносаяси процестердің қалыптасуы мен даму ерекшеліктері. Автореферат. 4-бет. Алматы, 2010 жыл. 12-бет.

  4. Назарбаев Н.А. Тәуелсіз Қазақстан – біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI сессиясында сөйлеген сөзі//Егемен Қазақстан. 2010 жыл, 21 қазан.

  5. Арзықұлов А. Ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісі жне оның қалыптасуының алғышарттары. Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мəселелері: мақалалар жинағы//–Алматы: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2010. 18-бет.

Резюме

Это статья посвящена анализу особенностям формирования и развития национальное и межнационального согласие в Казахстан.

Для любого многонационального государства, в том числе и Казахстана, совместное проживание и равноправное развитие людей разных национальностей и народностей является важной проблемой. Но Казахстанская модель межэтнического согласия доказала свою жизнеспособность и эффективность.
Summary

It is article it is devoted to the analysis to features of formation and development national and international a consent to Kazakhstan.



For any multinational state including Kazakhstan, joint accommodation and development of people of different nationalities equal in rights and nationalities is an important problem. But the Kazakhstan model of an interethnic consent proved the viability and efficiency.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет