Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлауға дайындық барысы туралы облыстық сайлау комиссиясының баспасөз хабарламасы



жүктеу 30.7 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі30.7 Kb.


Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының

депутатын сайлауға дайындық барысы туралы

облыстық сайлау комиссиясының

баспасөз хабарламасы
Ағымдағы жылдың 5 мамырында облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнар Насанқызы Күнбаеваның төрағалығымен брифинг өтті.
«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі Жарлығы шыққаннан кейін, Орталық сайлау комиссиясы, ағымдағы жылдың 28 маусымына тағайындалған, Сенат депутаттарын сайлауға дайындық және өткізу бойынша негізгі шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекітті.
71-бабқа сәйкес кандидаттар ұсыну сайлау тағайындалғаннан кейiн келесi күнi басталып, яғни 29 сәуірден, сайлау өткiзiлетiн күнге бiр ай қалғанда аяқталады, яғни 28 мамырда.
Облыстық сайлау комиссиясына 5 өтініш түсті. Облыс бойынша бүгінгі күнге ұсынылғандар:
Аққағазов Мамырғали Досқұлұлы, 1964 жылы дүниеге келген, қазақ, жоғары білімді, мамандығы инженер-механик, «Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, өзін-өзі ұсынған;
Ділжанов Әділбек Шугаипұлы, 1975 жылы дүниеге келген, қазақ, жоғары білімді, дене шынықтыру және биология пәндерінің мұғалімі, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің директоры, өзін-өзі ұсынған;
Жұмағазиев Мұхтар Сабырұлы, 1956 дүниеге келген, қазақ, жоғары білімді, зооинженер, экономист, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, өзін-өзі ұсынған, Ойыл, Қобда, Хромтау аудандық мәслихаттары ұсынған
Кунанова Дәмелі Бақыткерейқызы, 1967 жылы дүниеге келген, қазақ, жоғары білімді, экономика магистрі, құқықтану бакалавры, Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер бөлімінің басшысы, өзін-өзі ұсынған;
Үркімбаев Өтеген Жұмабайұлы, 1967 жылы дүниеге келген, қазақ, жоғары білімді, экономист, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АОФ директоры, өзін-өзі ұсынған.
Облыстық сайлау комиссиясы, тиісті органдарға сұрату жіберіп, депутаттыққа кандидаттардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатындығын, оның аумағында соңғы 10 жылда, ал Ақтөбе облысында кемінде 3 жыл тұрақты тұрып жатқандығын, кемінде 5 жыл еңбек өтілдері бар екендігін анықтады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес кандидаттардың әрқайсысы белсендi сайлау құқығына ие.
Алынған деректердің негізінде, Сенат депутаттығына барлық 5 кандидаттың, Қазақстан Республикасы Конституциясымен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңымен оларға қойылған талаптарға сәйкестігі анықталды және кандидатты қолдауға қол жинау үшін қол қою парақтары берілді.
Сенат депутаттығына кандидаттың әрбiр ауданда және Ақтөбе қаласында бір-бірден сенім бiлдiрiлген адамдары болуына құқығы бар, бұл сайлау заңнамасында қарастырылған. Сонымен қатар, сенiм білдiрiлген адам қандай да бiр сайлау комиссиясының мүшесi, мәслихат депутаты, саяси мемлекеттiк қызметшi лауазымындағы адам болмауға тиiс.
Осы талаптардың шеңберінде облыстық сайлау комисиясы Сенат депутаттығына кандидаттардың сенім бiлдiрiлген адамдарын тіркеді.
Сенат депутаттығына кандидатты тiркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейiн басталып, сайлау күнiне 20 күн қалғанда, яғни ағымдағы жылдың 7 маусымында аяқталады.

Бұл үшін Сенат депутаттығына кандидат Орталық сайлау комиссиясының шотына депозит ретiнде заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының 15 еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Ол 366 885 теңгені құрайды.


Одан басқа, кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) мемлекеттік кіріс органдарына ағымдағы жылдың 1 сәуірі бойынша кірістері мен мүлкi туралы декларациялар ұсынады.
Бүгінгі күнге облыстық сайлау комиссиясына тіркеу үшін қажетті құжаттарды Аққағазов Мамырғали Досқұлұлы, Ділжанов Әділбек Шугаипұлы, Жұмағазиев Мұхтар Сабырұлы ұсынды.
Барлық кандидаттарды тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін ғана, олар сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын бастай алады.
Республика бойынша барлық кандидаттар үшін сайлау алдындағы үгіт 8 маусымнан басталып 27 маусымда сағат 00-де аяқталады.

Бүгінге осы, Сіздерді күн сайын хабардар етіп отырамыз. Назарларыңызға рахмет.




Каталог: sites -> default -> files -> osnovnaya
osnovnaya -> 2016 жылдың қазан айының 1-31 қазан аралығындағы дсұ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша комитеті жариялаған хабарламалар тізімі
osnovnaya -> Бағдарламасы Ақтөбе, 2015 Мазмұны Өнеркәсіп 11 Агроөнеркәсіптік кешен 18
osnovnaya -> Дүниежүзілік сауда ұйымының Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі комитетімен жарияланған
osnovnaya -> Дсұ-ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2017 жылдың
osnovnaya -> Баспасґз-релизі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет