Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі



жүктеу 35.09 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі35.09 Kb.


Қазақстан Республикасы

Парламентінің Мәжілісі

«Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
2015 жылғы 29 маусымда Бейжің қаласында (Қытай Халық Республикасы) Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің
(бұдан әрі – АИИБ) 57 құрылтайшы елінің өкілдері, оның ішінде Қазақстан Республикасы АИИБ Келісімінің баптарына қол қойды.

Өңіраралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ Азиядағы заманауи инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2016 жылғы


27 қаңтарда Қазақстан Республикасының Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне қатысуы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және АИИБ қызметінің негізін айқындайтын «Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Келісімінің Баптарын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Ратификациялау туралы заң) қабылданды.

Ратификациялау туралы заңды қабылдау Қазақстан Республикасының АИИБ-ге мүше құрылтайшы елдердің бірі болуына мүмкіндік берді.

АИИБ Азияда инфрақұрылымның дамуына және инфрақұрылым мен басқа да өндірістік секторды инвестициялау жолымен өңірлік интеграция деңгейін арттыруға қаржылық қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге арналған жаңа халықаралық қаржы институты болып табылады. Бұл ретте энергетика, көлік, логистика, қалалық және ауылдық инфрақұрылым қаржыландырудың басым бағыттары болып табылады.

Өңірлік және жаһандық экономикалық дамуға жәрдем көрсетуге дайын барлық ниет білдірген елдер үшін ашықтық АИИБ қызметінің маңызды қағидаты болады. Бұл ретте, шешуші дауыс құқығы Азия елдерінде болады.

АИИБ-ның ұйымдық құрылымында Басқарушылар кеңесі, Директорлар кеңесі, Президент және бір немесе бірнеше вице-президент болады, бұл ретте АИИБ-ның барлық өкілеттіктері Басқарушылар кеңесіне беріледі.

АИИБ Келісімі Баптарының 22, 33-баптарына сәйкес АИИБ-ның әрбір мүшесі Басқарушылар кеңесіне бір басқарушы мен оның бір орынбасарын тағайындайды, сондай-ақ байланыс арнасы және ұлттық валютадағы барлық қаражаттың және АИИБ-ның басқа да активтерiнiң депозитарийi ретiнде тиісті ресми органды айқындайды.

«Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүшелігі бөлігіндегі қатынастар реттеледі. Бұдан басқа, Заңда халықаралық ұйымдармен қатынас жасасуға уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдарды бекіту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардағы мүшелігіне байланысты қаржылық өзара қатынастарын реттеу көзделген.

Қазақстан Республикасының жаңа халықаралық ұйымға кіруін, сол арқылы АИИБ Келісімінің Баптарында көзделген мiндеттемелерді қабылдағанын назарға ала отырып, Заңға тиісті өзгерістер енгізу қажет.

Бұдан басқа, осы заң жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардағы мүшелігі саласындағы қоғамдық қатынастарды регламенттейтін құқықтық нормалардың құқықтық мониторингін жүргізу барысында анықталған заңдардың құқықтық нормалары арасындағы олқылықтар мен коллизияларды жою қажеттігінен туындап отыр, ол қолданыстағы заңнаманың нормаларын жетілдіруге және реттеуге ықпал ететін болады.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының
2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
«Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізіп отыр.

Осы заң жобасын қабылдау республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістерін азайтуға немесе шығыстарын ұлғайтуға әкеп соқтырмайды.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі Б. Сағынтаев






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет