Ќазаќстан Республикасы Павлодар ќаласы јкімдігі



жүктеу 60.1 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі60.1 Kb.

Ұйымдастырылған оқу қызиетінің технологиялық картасы

Уақыты: 3.04.2017 ж

Тақырыбы: «Достық неден басталады?» 

Білім беру саласы: Әлеументтік орта

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Мақсаты:

а) білімділік: балалардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату,бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету

ә) дамытушылық: балалардың арасындағы достық сезімдерін дамытуға ықпал ету;

б) тәрбиелік: балаларды сыйластыққа,әділеттікке,адалдыққа тәрбиелеу;



Көрнекіліктер: жер шарының макеті, адамдардың сұлбасы, матадан жасалған күн, түрлі-түсті ленталар, қайшы.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу,сұрақ-жауап,сахналау,ойын.

Сөздік жұмыс: Сыйластық,достық,адалдық

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: достық туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер жаттату.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекетті

Балалардың іс-әрекетті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

-Балалар біз бүгін кең,жарық,әсем бөлмеде жиналып отырмыз кәне бәріміз шаттық шеңберінде жиналып өлең жолдарын қайталайық!


Балалар шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталайды. Шаттық толы шыңберге Бақыт толы шеңберге Қол ұстастық келдік біз Жан достармыз енді біз!

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Өзімен-өзі

Жарайсыңдар балалар енді бәріміз жайланып отырайық

Бүгін мен сендерді ғажайып «достық алаңына» шақырғым келіп отыр.Ол үшін көзімізді жұмып терең демалып өздерінде әдемі гүлдердің ортасындамын деп сезініңдер.

Ұшып жүрген әсем көбелектер жылы самал жел есіп,күн нұрын төгіп тұр.Осы алаңқайда ойнап жүрген балалар, сондай көңілді әрі дос.Олар достасуды біледі және ешқашан ренжіспейді. Балалардың бәрі көңілді, олар қол ұстасып күнге мейірлене сүйіспеншілк-ке толы көздерімен қарайды.Олар- нағыз достар.Қандай тамаша!Бәрі бақытты, көңілді...

Енді, терең дем алып ойша топқа ораламыз.

-Балалар сендер не сездіңдер,не елестеттіңдер?

-Балалар қайда ойнап жүр?

-Достар қандай көңілде?

-Оларды қандай достар деп айтуға болады?

-Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

-Ал достық неден басталады?

Дұрыс айтасыңдар балалар.Достық дегеніміз-екі адамның арасындағы сыйластық,ал достық татулықтан және бір-біріне көмектесуден басталады.

-Сендер достық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

-Ендеше достық өз ара сыйластық құндылықтардың мағынасын тереңірек түсіну үшін «Қарылғаш пен дәуіт» ертегісінен үзінді тамашалаймыз

Ертегі сахналау.

-Ертегі не туралы?

-Қарылғаш нелерден көмек сұрады?

-Көкек пен қарға не деп жауап береді?

-Дәуіттің жауабы несімен ерекшеленеді?

-Дәуіт қандай ерлік көрсетті?

-Дәуітті қандай дос деп айтуға болады?

Дәйек сөз:

-Міне бұл айталған сөздердің астарынан

«Адам достығымен күшті»деген бүгінгі сабағымыздың дәйек сөзі шығады.

Достық бар жерде бірлікте,татулықта қуанышта болады.



Ғажайып сөздер:

Балалар бұл оқу іс әрекетінде айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтып шығайық.

-Достар қандай болады?

Балалар біздер достық туралы жаттаған қандай тақпақтарымыз бар еді ғой қане кім айтады?

-Ендеше балалар, бәріміз орнымыздантұрып бойымызды сергітіп жазуымыз үшін «Мен дос,сен дос» ойынын ойнаймыз.

-Балалар ойын сендерге ұнады ма? Бойымызды сергітіп алсақ, жайлап орнымызға жайғасайық.

-Балалар қарандаршы, мынау біздің жер шарымыз, осы жер шарында көптеген мемлекеттер бар, әр түрлі ұлттар бар.

-Балалар ал сендер қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?

-Осы ұлт өкілдері, барлық адамдар жер бетінде тату өмір сүрсе, әлемде бірлікте, татулықта, достықта болады. Адамдардың достықтары одан әрі берік болсын -деп, адамдар достығының белгісін жасайық.

Балалардың жұмыстануы.




Тәрбиешінің сөзіне зейін салып,мүқият тыңдайды.

Балалар көздерін жұмып көз алдарына елестетеді.

-Әдемі таулар,ойнап жүрген балаларды көрдім

-Әдемі гүлдердің ортасында ойнап жүрген балаларды көрдім

-Нағыз достарды елестеттім

-Ұшып жүрген қарылғашты көрдім

-Жылы шуақ күнді елестеттім

-Достық алаңында

-Достар бірге ойнап жүргендеріне қуангышты

-Олар нағыз,адал достар.

-Достық дегеніміз жақсылық жасауды, өзінің борышы есептеуі

-Достық дегеніміз екі адамның бір-бірімен түсінісуі

-Достық бірге ойнаудан басталады

-Достық татулықтан басталады

-Достық сыйластықтан басталады

«Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды»

«Шын дос қиын сәтте әрқашанда қасыңда»

«Татулық достық кепілі»

«Әрқашан тілектес,досыңа көмектес»

Балалар ертегіні тамашалайды.

-Ертегі достық туралы

-Көкек пен қарғадан көмек сұрайды

-Көкек қонаққа барамын -деді,ал қарға үйленейін деп жатырмын деді.

-Ол бірден көмектесуге келісті.

-Ол қарылғаштың балапандарын аман алып қалды.-Мейірімді,адал,шынайы дос деп айтуға болады.

-Достар тау болады -Достар мейірімді болады -Достар бір біріне көмектеседі.

Тату өскен балалар Дос болады өмірде Досы жоқтың қуанышы Аз болады көңілде

Достар бірге жүреміз Бірге ойнаймыз күлеміз Бірге балық аулаймыз Міне біздер қандаймыз

Ақылдасып кеңеседі Өзара сыр жасырмай Айқындалған келешегі Дос болыңдар осындай

Біз балдырған баламыз Дос құшағын кең ашқан Тілейміз біз бейбіт күн Ашық болсын кең аспан

Балалар қимылмен көрсетіп «Мен дос,сен дос» ойынын ойнайды.

Мен дос,сен дос Мен ақылды ,сен ақылды Мен мейірімді,сен мейірімді Біз доспыз әрқашанда.

Балалар жайлап орындарына отырады.

Балалар тақтадағы суретке қызығушылықтарын таңытады.

-Қазақ, қырғыз, өзбек, қытай, ағылшын, татар т.б.

Балалар адамның бейнесін қиып, әлемдегі адамдардың достығының белгісін жасайды.



Іс-әрекетті бағалау кезеңі

-Балалар біздің жер шарымызды не жылытады?

-Ия, ендеше осы күн біздің жер шарымызды жылытып, нұр шапағатын төге берсің деп, қолымыздағы түрлі түсті ленталарды жақсы тілектер айтып, күннің шуақтарына байлайық.

-Достық бұл үлкен ұғым. Сендердің татулықты, достықты қалаған жүректеріндегі үміт шоғы ешқашан сөнбесін деп тілеймін.


-Жер шарын күн жылытады.

Балалар тілектер айтып, қолдарындағы ленталарды күннің шуақтарына байлайды. Аспанымыз ашық болсын! -Достығымыз берік болсын! -Достығымыз мөлдір бұлақтай таза болсын! -Достар тату болайық! -Күніміз жарық болсын! -Достымыз көп болсын!




Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар достық сыйластық туралы білді;

Түсінеді: Достықтың маңыздылығы туралы білімді түсінді;

Қолданады: Достыққа сыйластықпен қарауға үйренді;

.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет