Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi арасындағы өзара түсiнiстiк және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы» Жарлығының жобасы туралы



жүктеу 88.84 Kb.
Дата14.01.2018
өлшемі88.84 Kb.

Жоба


Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi арасындағы өзара түсiнiстiк және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы» Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi арасындағы өзара түсiнiстiк және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы» Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі



С. Ахметов

Жоба



Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi арасындағы өзара түсiнiстiк және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi арасындағы өзара түсiнiстiк және ынтымақтастық туралы меморандум жобасы мақұлдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Серік Нығметұлы Ахметовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi арасындағы өзара түсiнiстiк және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойсын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.




Қазақстан Республикасының
       Президенті                                         Н.Назарбаев


«Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi арасындағы өзара түсiнiстiк және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі


2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі


Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi арасындағы құқықтық мәселелер бойынша екіжақты өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайту

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар


Құқық қорғау және сот қызметі мәселелері бойынша елдердің арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту мен формализациялау және жалпы Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын нығайту

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар


Жоқ

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

Меморандум шеңберінде үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерге қол қою

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер





7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі


Жоқ

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері


Талап етілмейді

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ


10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Жобаның интернет-ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат

Рұқсат етіледі



Қазақстан Республикасының

Әділет министрі



Б. Имашев


2013 жылғы «___» маусым



«Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi арасындағы өзара түсiнiстiк және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы»

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi арасындағы өзара түсiнiстiк және ынтымақтастық туралы осы меморандум құқықтық мәселелер бойынша екіжақты қарым-қатынасты нығайту, құқық қорғау және сот қызметі саласындағы өзара іс-қимыл жасау процестерін формализациялау мақсатында әзірленді.

Атап айтқанда, Меморандум құқықтық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты шарттарды әзірлеу мен жасасу бойынша екі елдің ниеттерін, оның ішінде қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты әзірлеу және жасасу процесіне кірісу ниеттерін көздейді.

Сонымен қатар, Меморандумда халықаралық-құқықтық ынтымақтастық саласындағы универсалды еуропалық конвенцияларға Қазақстанның қосылуы бойынша оның күш-жігерін алға тарту жөніндегі бірлескен іс-әрекеттері туралы Тараптардың ниеттері бекітілді.

Тараптар, егер әрбір нақты жағдайда дипломатиялық арналар бойынша өзгеше уағдаластыққа қол жеткізілмесе, осы Меморандумның негізінде ынтымақтастықты жүзеге асыруға байланысты шығыстарды дербес көтереді.

Осы Меморандумды ратификациялаудың қажеті жоқ.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2013 жылғы ________ № __ Жарлығымен   
МАҚҰЛДАНҒАН

Жоба


Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум

Бұдан әрі «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі

қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық заңнаманы іске асыру, оның ішінде қаржылық алаяқтықты, сыбайлас жемқорлық пен басқа да қылмыстарды тергеу саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту маңыздылығын ТАНИ ОТЫРЫП,

құқық үстемділігін және адам құқықтарын қорғау мақсатында құқықтық салада тиімді мемлекетаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету қажеттілігін ТҮСІНЕ ОТЫРЫП,

теңдік қағидаттарына, егемендікті құрметтеу және халықаралық құқықтың, атап айтқанда, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған жалпы танылған нормаларына НЕГІЗДЕЛЕ ОТЫРЫП,

төмендегілер туралы УАҒДАЛАСТЫ:



1-бап

Уағдаласушы Тараптар өз құзыреті шеңберінде және өзінің заңнамасы мен халықаралық міндеттемелеріне сәйкес осы Өзара түсіністік туралы меморандум негізінде ынтымақтастықты жүзеге асырады.



2-бап

Уағдаласушы Тараптар өздерінің арасындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық процестерін жақсарту және формализациялау үшін күш-жігерін салады. Осы мақсаттарда Уағдаласушы Тараптар өздерінің құзыретті органдарына құқықтық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты халықаралық шарттарды әзірлеу мен жасасуға кірісуді тапсырады. Тараптар, сонымен қатар, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы халықаралық шартты әзірлеу және жасасу ниетін растайды.

Уағдаласушы Тараптар халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласындағы универсалды еуропалық конвенцияларға Қазақстанның қосылуы бойынша оның күш-жігерін алға тарту жөніндегі бірлескен іс-әрекеттері туралы өз ниеттерін растайды.

3-бап

Уағдаласушы Тараптар өзара уағдаластық бойынша практикалық тәжірибе алмасу және өзара мүддені білдіретін, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропа Кеңесі, Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) және ФАТФ аналогтары өңірлік органдарының қарауына шығарылатын мәселелерді талқылау мақсатында кездесулер мен консультациялар өткізеді.



4-бап

Уағдаласушы Тараптар өзара уағдаластық бойынша Уағдаласушы Тараптарда сот төрелігін іске асыруға және қылмыстық іс жүргізуге қатысы бар судьялардың және құқық қорғау жүйесі органдарының лауазымды адамдарының кәсіби даярлығын және біліктілігін арттыру саласында өзара мүддені білдіретін мәселелер бойынша ынтымақтасады.



5-бап

Уағдаласушы Тараптар сұрау салу немесе өз бастамасы бойынша өздерінің құқықтық жүйелері мен ұлттық заңнамасы туралы ақпарат алмасуы мүмкін.



6-бап

Уағдаласушы Тараптар өзара уағдаластық бойынша құқықтық ынтымақтастық мәселелері жөнінде бірлескен конференциялар, семинарлар және дөңгелек үстелдер өткізеді.



7-бап

Осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандум Уағдаласушы Тараптарға құқықтық ынтымақтастықтың өзге де өзара тиімді бағыттары мен нысандарын әзірлеуге және дамытуға кедергі келтірмейді.



8-бап

Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетінің осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның іске асырылуына және бір-бірімен байланыста болуына жауапты бір немесе бірнеше уәкілетті органдарын/ лауазымды адамдарын айқындайды және осы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған күннен бастап 30 күн iшiнде дипломатиялық арналар бойынша бір-бірін хабардар етеді.



9-бап

Уағдаласушы Тараптар, егер әрбір нақты жағдайда дипломатиялық арналар бойынша өзгеше уағдаластыққа қол жеткізілмесе, осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандум негізінде ынтымақтастықты жүзеге асыруға байланысты шығыстарды дербес көтереді.



10-бап

Уағдаласушы Тараптар осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумды түсiндіруге және қолдануға байланысты туындайтын кез келген дауларды өздерінің уәкілетті органдарының консультациялары арқылы шешедi.



11-бап

Осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандум қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және белгіленбеген кезеңге жасалады.

2013 жылғы « » Астана қаласында екі данада әрқайсысы қазақ және ағылшын тілдерінде жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.     


Қазақстан Республикасы

үшін


Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi үшін


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет