Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №001. 01-39. 144 бұйрығымен бекітілген



жүктеу 1.22 Mb.
бет4/6
Дата29.08.2018
өлшемі1.22 Mb.
1   2   3   4   5   6

Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері:

- ішкі міндеттемелер бойынша

- өзге міндеттемелер бойынша

(кезең соңында 6% және 8% аспайды)

Ұлттық Банк Басқармасының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 45 қаулысымен ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері ішкі міндеттемелері үшін 2,5% және өзге міндеттемелер үшін 4,5% мөлшерінде белгіленді. Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері 2011 жылғы 31 мамырдан бастап күшіне енгізілді.


1-стратегиялық бағыт. Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу

1.3-мақсат. Ақша-кредит және өзге де мемлекеттік саясат саласында негізделген шешімдерді қабылдау үшін статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету
Мақсатты индикатор

Төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш бойынша талдау және стандарттық кестелерді уақтылы орналастыруды қамтамасыз ету – жыл сайын



1.3.1-міндет. Сыртқы экономикалық статистиканың халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету

ҚР Ұлттық Банкінің веб-сайтында жарияланатын төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш бойынша ақпараттық материалдар саны

Іс-шара: Сыртқы экономикалық шоттар бойынша қаржы және нақты секторлардың субъектілеріне ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу.

Төлем балансын жасау үшін сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын республика кәсіпорындары Ұлттық Банкке резидент еместерге қойылатын қаржы талаптары және олардың алдындағы міндеттемелер туралы тиісті есептерді, резидент еместерден алынған қызметтер мен резидент еместерге көрсетілген қызметтер туралы, резидент еместермен бағалы қағаздар бойынша жасалған халықаралық операциялар туралы есептерді береді. Сондай-ақ кәсіпорындар бір мезгілде кәсіпорындарды төлем балансы бойынша тексеру сауалнамасын толтырады.

Банктер: 1) резидент еместерге қойылатыр қаржы талаптары мен олардың алдындағы міндеттемелердің жай-күйі туралы; 2) резидент еместерден тартылған қаржы заемдары мен коммерциялық кредиттерді пайдалану туралы; 3) резидент еместерге берілген кредиттер туралы; 4) резидент еместермен бағалы қағаздар бойынша жасалған халықаралық операциялар туралы; 5) үкіметтік және мемлекет кепілдік берген заемдарды, мемлекет кепілдеме берген заемдарды игеру және өтеу туралы; 6) қолма-қол шетел валютасының қозғалысы туралы есептер береді.

Ұлттық Банкке есептілік Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын бекітетін Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес беріледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 1424 қаулысымен бекітілген 2011 жылға арналған Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес Ұлттық Банк сыртқы сектордың статистикасын қалыптастыру шеңберінде 2011 жылы 17 зерттеуді (ведомстволық статистикалық бақылауларды) жүзеге асырды, оның ішінде 14-і – 1-7ПБ, 9-11 ПБ, 14-15 ПБ, 17 ПБ, 11 ОБ нысандары бойынша, ай сайынғы бақылау 16 ПБ нысаны бойынша, сондай-ақ жылдық «Кәсіпорындарды тауарлардың экспорты және импорты кезінде тасымалдау және сақтандыру шығыстары туралы зерттеу сауалнамасы» және «Кәсіпорындарды төлем балансы бойынша зерттеу сауалнамасы» біржолғы нысан бойынша зерттеу жүзеге асырылды. Осы байқаулардың негізінде төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және жалпы сыртқы борыш бойынша тоқсан сайынғы жиынтық статистикалық есептер қалыптастырылады, олар бір мезгілде ҚР Президент Әкімшілігіне, ҚР Үкіметіне, мемлекеттік органдарға жіберіледі және пайдаланушылардың үлкен тобына арналған Ұлттық Банк сайтында орналастырылады.

Есепті кезеңде зерттеу нәтижелері 2011 жылғы 31 желтоқсандағы, 2011 жылғы 31 наурыздағы, 2011 жылғы 30 маусымдағы және 2011 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 2010 жылдың және 2011 жылғы 1,2 және 3-тоқсандардың қорытындылары бойынша ҚР төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және жалпы сыртқы борышында көрсетілді.

ҚРҰБ-ның 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына сәйкес тоқсан сайын төлем балансы бойынша (ТБ), сыртқы борыш (СБ) және халықаралық инвестициялық позиция (ХИП) бойынша 28 талдама кесте және халықаралық резервтер мен шетел валютасындағы өтімділік бойынша ай сайынғы негізде 1 кесте орналастыру жоспарланып отыр.

2011 жылы талдау кестелерін нақты орналастыру:

- ай сайын, 30-шы күні халықаралық резервтер мен шетел валютасындағы өтімділік бойынша – 1 кесте;

- тоқсан сайын:

есепті кезеңнен кейін 35-ші күні – Төлем балансын алдын ала бағалау – 1 кесте;

есепті кезеңнен кейін 90-шы күні:

ТБ бойынша – 3 кесте,

ХИП бойынша – 2 кесте,

СБ бойынша – 3 кесте;

есепті кезеңнен кейін 100-ші күні:

СБ бойынша – 8 кесте,

ХИП бойынша – 12 кесте.

есепті кезеңнен кейін 120-ші күні:

ТБ бойынша – 3 кесте.
1-стратегиялық бағыт. Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу
1.4-мақсат. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің өтімділігін және сақталуын қамтамасыз ету
Мақсатты индикатор: ҰБ алтынвалюта активтерінің көлемі

1.4.1-міндет. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің өтімділігін қамтамасыз ету

Өтімділік портфелі көлемінің алдағы 6 айда сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету жөніндегі төлемдердің көлеміне қатынасы

Іс-шара: Тікелей нәтиже көрсеткішін тиісті деңгейде ұстап тұру үшін активтермен операциялар жасау

Өтімділік портфелі ақша-кредит саясатын іске асыру мақсатында операциялар жүргізуге, өтімділіктің жоғары деңгейін қолдауға, валютаға қысқа мерзімді сұранысты қанағаттандыруға және сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсетуге арналған. 2011 жылғы желтоқсанның аяғындағы жағдай бойынша көрсеткіштің мәні кемінде 1 мақсатты көрсеткіш кезінде 57,54 жуық болды.


Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің өтімділік портфелінің көлемі

Іс-шара: Тікелей нәтиже көрсеткішін тиісті деңгейде ұстап тұру үшін активтермен операциялар жасау

Өтімділік портфелінің көлемі 2011 жылғы желтоқсанның аяғында мақсатты көрсеткіш кемінде 1 млрд. АҚШ долл. болған кезде шамамен 4,83 млрд. АҚШ долл.болды.



1.4.2-міндет. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің сақталуын қамтамасыз ету

Халықаралық резервтердің қысқа мерзімді (1 жылға дейін) сыртқы борыштың көлеміне деңгейі

«Халықаралық резервтердің қысқа мерзімді сыртқы борышқа (1 жылғы дейінгі) көлеміне қатысты деңгейі» көрсеткіші бойынша есептік деректерді қалыптастыру ерекшелігін ескере отырып қысқа мерзімді сыртқы борыш көлемін ресми жариялау бір тоқсанға кейін жүзеге асырылады, 2011 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылар бойынша Оперативтік есептілікте ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы деректер пайдаланылады.

2011 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша халықаралық резервтердің қысқа мерзімді (1 жылғы дейінгі) сыртқы борышқа қатысты көлемі 1,5826 құрағандығын қосымша хабарлаймыз. Бұл ретте қысқа мерзімді сыртқы борыштың көлемі бойынша деректер (сыйақыны ескермей) 2011 жылдың 30.09. жағдай бойынша пайдаланылды.
Іс-шара_:_Тікелей_нәтиже_көрсеткішін_тиісті_деңгейде_ұстап_тұру_үшін_активтермен_операциялар_жасау'>Сыртқы алтынның тұрақты көлемі

Іс-шара: Тікелей нәтиже көрсеткішін тиісті деңгейде ұстап тұру үшін активтермен операциялар жасау

Сыртқы алтын портфелінің көлемі мақсатты көрсеткіш кемінде 1,5 млн. трой унциясы болған кезде шамамен 1,98 млн. трой унциясын құрады.


Эталондық портфельге кіретін елдердің мемлекеттік (тәуелсіз) және агенттік борыштық міндеттемелерінің, халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелерінің, Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің инвестициялық портфеліндегі қолма-қол ақшаның үлесі

Іс-шара: Тікелей нәтиже көрсеткішін тиісті деңгейде ұстап тұру үшін активтермен операциялар жасау

Алтынвалюта активтерін сақталуын қамтамасыз ету үшін инвестициялық портфельдің активтері негізінен елдің эталондық портфельге кіретін мемлекеттік, агенттік борыштық бағалы қағаздарымен берілді. Мәселен, олардың үлесі 2011 жылдың желтоқсанның аяғында мақсатты көрсеткіш кемінде 70% болған кезде 90% астамын құрады.

Есепті кезеңде Ұлттық Банк Төрағасының 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 10 өкімімен өтімділік портфелінен инвестициялық портфельге ішкі алтынвалюта активтері ішінде екі млрд. АҚШ долларына активтерді аудару жүзеге асырылды.

АВА басқару стратегиясын жетілдіру, ұзақ мерзімді болашақта кірістілікті ұлғайту және АВА инвестициялық портфелін бұдан әрі валюталық әртараптандыру мақсатында Ұлттық Банк Басқармасының 2011 жылғы 30 мамырдағы № 51 қаулысымен ҚРҰБ алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі қолданыстағы Инвестициялық стратегияға өзгерістер мен толықтырулар қабылданды. Мәселен, АВА құрылымы «Дамушы нарықтар портфелі» жаңа портфелін қосу жолымен өзгертілді, оған қоса, абсолюттік кірістілік портфелі базасында «Стратегиялық портфель» құрылды. Сондай-ақ бұдан әрі әртараптандыру мақсатында, АВА инвестициялық портфелінің валюталық құрылымы АҚШ долларының үлесін азайту есебінен Канада долларымен және Оңтүстік Корей вонасымен толықтырылды.

Еуроаймақ елдерінің қаржы коньюктурасының нашарлауы тәуекелінің өсуіне байланысты ҚРҰБ 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 119 қаулысымен анағұрлым жоғары кредиттік рейтингісі бар Еуроаймақ елдерінің тек бағалы қағаздары енгізілген АВА инвестициялық портфелінің еуродағы қосалқы портфелі үшін жаңа эталондық портфельді қабылдау туралы шешім қабылданды.

Ұлттық Банк Төрағасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 93 өкіміне сәйкес өтімділік портфелінде меншік қаражатының жеткілікті деңгейін қолдау үшін инвестициялық портфельден өтімділік портфеліне ішкі алтынвалюта активтері ішінде екі млрд. АҚШ долларына активтерді аудару жүзеге асырылды. Сондай-ақ АВА басқару тиімділігін көтеру мақсатында ҚРҰБ-нің алтынвалюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға (Asset Management) беру тәртібі мен талаптары туралы қағидалар қабылданды, ҚРҰБ алтынвалюта активтерін басқарудың негізгі қағидаттары туралы қағидалар жаңартылды, алтынвалюта резервтері үшін жаңа ауқымды кастодиандар (HSBC Securities Services, Caceis Investor Services - резервтік) және сыртқы басқарушылар («Ауқымды пассивтік акциялар» мандаты бойынша: Amundi, UBS Global Asset Management, HSBC Global Asset Management; «Инвестициялық деңгейдегі ауқымды корпоративтік бағалы қағаздар» мандаты бойынша: Nomura Asset Management U.K. Ltd., «Дамушы елдердің ауқымды облигациялары» мандаты бойынша: Aviva Investors Global Services Limited, Deutsche Asset Management International GmbH); «Корпоративтік айырбасталатын облигациялар» мандаты бойынша: BNP Paribas Investment Partners, Lombard Odier Asset Management (Europe) Limited бекітілді. Алтынвалюта активтерін толықтыру үшін құймалар түріндегі тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидалары бекітілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Инвестициялық комитеті туралы ережені бекіту жөнінде» 2007 жылғы 18 маусымдағы № 121 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 16 маусымдағы № 118 қаулысы бекітілді.


2-стратегиялық бағыт. Тиімді валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру
2.1-мақсат. Ырықтандырылған валюталық режим және Кеден одағының жұмыс істеуі жағдайларындағы валюталық реттеу және бақылау жүйесін жетілдіру

Мақсатты индикатор: Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі шеңберінде «Капитал қозғалысына шектеу» көрсеткіші

2.1.1-міндет. Валюталық реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, оның ішінде Кеден одағының жұмыс істеуі жағдайында

Нормативтік құқықтық және/немесе заңнамалық актілердің саны

Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу шеңберінде Ұлттық Банк валюталық құндылықтардың айналыс тәртібін реттеуді жетілдіру мақсатында 3 нормативтік құқықтық/заңнамалық акті әзірлеуді жоспарлады:

1) мәміле паспортының күшін жоюды және сыртқы экономикалық келісімшарттарды есептік тіркеу рәсімдерін енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы;

2) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының жобасы;

3) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының жобасы.
2011 жылдың қорытындылары бойынша жоспарланған іс-шаралар бойынша мыналар жүзеге асырылды:

1) Ұлттық Банк әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына Мемлекет басшысы 2012 жылғы қаңтарда қол қойды.

2) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» әзірленген жоба ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 128 қаулысымен бекітілді және мыналарға:

- мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге,

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ғылыми сараптама алуға,

- Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығына сараптамалық қорытынды алу үшін (екі рет) қорытынды алу үшін жіберілді.

3) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының жобасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуде жатыр.
2.1.2-міндет. Валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша толық және шынайы ақпарат алу мақсатында валюталық бақылау рәсімдерін жетілдіру

Инспекциялаумен қамтылған уәкілетті банктердің саны

Инспекциялаумен қамтылған уәкілетті ұйымдардың саны

Либералды валюталық режим жағдайында валюталық реттеудің негізгі міндеттерінің бірі болып резиденттердің валюталық операциялардың мониторингі жүйесін жетілдіру болып табылатындықтан, валюталық операциялар бойынша барабар және уақтылы ақпаратпен қамтамасыз ету валюталық бақылаудың негізгі мақсаты болып табылады. Валюталық операцияларды жүргізу тәртібін жеңілдетумен бірге резиденттердің валюталық заңнаманың талаптарын сақтауы, сондай-ақ оны сақтамағаны үшін жауапкершілікті көздейтін нормалардың пәрменділігін күшейту мақсатында бақылау рәсімдерінің тиімділігін арттыру қажет. Осыған байланысты валюталық бақылауды жетілдіру Ұлттық Банк міндеттерінің бірі болып табылады, оның ішінде, бұл ҚРҰБ валюталық реттеу және бақылау саласында бақылау-қадағалау функцияларын тиімді іске асыруына (екінші деңгейдегі банктер мен уәкілетті ұйымдардың қызметін жоспарлы тексеру) байланысты. Бұл ретте ҚРҰБ 2011 жылғы қызметі әртүрлі критерийлер бойынша тексеруді ұйымдастыру кезінде селективті бақылау жүйесін ендіру жолымен жүргізілетін тексерулердің тиімділігін арттыруға бағытталған.

2011 жылдың қорытындылары бойынша жүргізілген жоспарлы тексерулер саны мынадай болды:

1) уәкілетті банктер бойынша – уәкілетті банктердің жалпы санынан жоспарланған 10%-дан аспайтын 23%;

2) уәкілетті ұйымдар бойынша – уәкілетті ұйымдардың жалпы санынан жоспарланған 30%-дан аспайтын 37,9%.

2011 жылғы қорытындылар бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілді.


2.1.3-міндет. Валюталық заңнаманы бұзушылықтарды болдырмау мақсатында халықтың және бизнес-қоғамдастықтың Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібі туралы хабардар болуын одан әрі, оның ішінде ҚРҰБ аумақтық филиалдары арқылы арттыру.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар және сөз сөйлеу

Валюталық заңнаманың мәселелері бойынша семинарлардың саны

2011 жылға жоспарланған БАҚ құралдарындағы жарияланымдар және сөз сөйлеу саны 10 айдың қорытындылары бойынша қол жеткізілді.

2011 жылғы 25, 26 қазанда Ұлттық Банктің мамандары Банктік оқу орталығында екінші деңгейдегі банктер үшін валюталық заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша 2 семинарға дәріскерлер ретінде қатысты.

Қосымша, 2011 жылғы 9-11 қарашада Ұлттық Банктің мамандары ҚР ҰБ аумақтық филиалдарының валюта операцияларын бақылау бөлімінің қызметкерлері үшін ұйымдастырылған валюта заңнамасына енгізілген өзгерістер мәселелері бойынша семинарға лекторлар ретінде қатысты.

2011 жылғы 15 қарашада Ұлттық Банктің маманы ҚҚК қызметкерлері үшін ұйымдастырылған семинарға лектор ретінде қатысты.

2011 жылғы 23 қарашада ҚРҰБ маманы NG Company сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін ұйымдастырылған семинарға қатысты.

2011 жылғы қорытындылар бойынша валюталық заңнама мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жоспарланған көрсеткіштер жоспарланған көрсеткіштерді асыра отырып орындалды.
3-стратегиялық бағыт. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыру

3.1-мақсат. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Мақсатты индикатор: 2010 жылмен салыстырғанда елде 2011 жылы қолма-қол жасалмайтын төлемдер көлемінің кемінде 5% өсуге қол жеткізді (Мақсатты индикатор 2011 жылғы қорытындылар бойынша қол жеткізуге белгіленді)

2011 жылы Ұлттық Банк Қазақстанның төлем жүйелерін одан әрі дамыту және ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру саласында заңнамалық базаны жетілдіру жұмысын жалғастырды.

Есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға көшу бойынша жүргізілген жұмыс шеңберінде Ұлттық Банк төлем жүйелері операторының және барлық пайдаланушылардың бағдарламалық қамтамасыз етуді, клиенттермен жұмыс жүргізуді, Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен сәйкестендіру номерлері бойынша деректер базасын өзара салыстырып тексеруді пысықтау және тестілеу бойынша дайындық іс-шараларын іске асыру бөлігінде іс-әрекеттерді ұйымдастыру, үйлестіру және мониторингі бойынша мақсатты жұмыс жүргізді. 2011 жылғы қаңтардан бастап төлем жүйелерін пайдаланушылардың автоматтандырылған ақпараттық жүйелеріне, ҚРҰБ шағын жүйелеріне және ҚБЕО төлем жүйелеріне олардың ЖСК/БСН пайдалануға өтуге дайындығын тексеру мақсатында және 2011 жылғы маусымнан бастап төлем жүйелерін пайдаланушыларға өздерінің автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін қосымша тестілеуді ұйымдастыру үшін тесттік стенд жұмысымен қамтамасыз етілді.

Ұлттық Банк Қазақстанның төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚРҰБ-нің Астана қаласында жаңа Резервтік орталығын құру жұмысын жүргізді. Осы жобаның мақсаты негізгі орталық орналасқан жерде (Алматы қаласы) кез келген сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда төлем жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады. 2011 жылғы қазанда Резервтік орталық құру бойынша консультациялық қызметті мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалынды, 2011 жылғы қарашада Резервтік орталықтың ТЭН (техникалық-экономикалық негіздеме) арналған техникалық тапсырманы, сондай-ақ ТЭН әзірлеуге мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеу жұмысы жүргізілді, 2011 жылғы желтоқсанда ТЭН әзірлеу бойынша жұмысты мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасады.



Бұдан басқа, Қазақстанда электрондық коммерцияны одан әрі дамытуға арналған құқықтық негіздер құру, «электрондық ақшаның» құқықтық мәртебесін нығайту және оларды шығару кезінде туындайтын реттеу және төлемдерді жүзеге асыру үшін пайдалану мақсатында 2011 жылғы 21 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Заңға Қазақстан Республикасының Президенті қол қойды.

Мақсатты индикатор: 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы қолма-қол жасалмайтын төлемдер көлемінің кемінде 5% өсуіне қол жеткізді.

2011 жылы қолма-қол жасалмайтын төлемдердің көлемі елде 2010 жылмен салыстырғанда 9,5% (22,9 трлн. теңге) ұлғайып, 264,5 трлн. теңге (1 803,9 млрд. АҚШ долл.) болды. Оның ішінде, қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінен ұлттық төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 192,4 трлн. теңге (2010 жылмен салыстырғанда өсуі 2,5%), Авангард Plat бөлшек төлемдер жүйесі арқылы – 6,1 млрд. теңге (өсуі 8,4 есе) өткізілді. Жеке және заңды тұлғалар халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы 204,9 млрд. теңге (өсуі - 14,7%) өткізді. Қазақстандық банктерге және оның клиенттеріне Қазақстан банктері арасында теңгемен ашылған корреспонденттік шоттар арқылы елдің аумағына - 2,4 трлн. теңге (өсуі - 70,9%), банктер арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы шетелге – 68,9 трлн. теңге (өсуі - 32,7%) жіберілді. Төлем карточкаларын пайдалану арқылы тауар және қызмет көрсетуге 584,5 млрд. теңге сомаға (өсу 42,2%) қолма-қол жасалмайтын төлемдер жүргізілді.


Мақсатты индикатор: 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы қолма-қол жасалмайтын төлемдер көлемінің кемінде 5% өсуіне қол жеткізді.
3.1.1-міндет. Операторы «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК болып табылатын ұлттық төлем жүйелерінің (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) тиімді, сенімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету (мақсатты көрсеткіштер 2011 жылғы қорытындылар бойынша қол жеткізу үшін белгіленді)

Төлем жүйелерінің бір жылдағы жұмыс қабілеттілігінің коэффиценті2, кемінде 90%, (тікелей нәтижелер көрсеткіші 2011 жылғы қорытындылар бойынша қол жеткізу үшін белгіленді)

2011 жылғы БААЖ жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті 99,84%, БКЖ жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті – 99,96% болды, бұл Қазақстанның төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің жоғары тиімділігін сипаттайды.



Қазақстанның төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне аудару

2011 жылы төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне аудару:

1) 2011 жылғы 17 маусымда 21:00 сағаттан 22:00 сағатқа дейін жүзеге асырылды, төлем жүйелерінің резервтік серверлердегі жұмысы 2011 жылғы 24 маусымға дейін жүзеге асырылды, негізгі серверлерге кері аудару 2011 жылғы 24 маусымда 21:00 сағаттан 22:00 сағатқа дейін жүзеге асырылды;

2) 2011 жылғы 17 қарашада 20:00 сағаттан 21:00 сағатқа дейін жүзеге асырылды, төлем жүйелерінің резервтік серверлердегі жұмысы 2011 жылғы 23 қарашаға дейін жүзеге асырылды, негізгі серверлерге кері аудару 2011 жылғы 23 қарашада 10:20 сағаттан 11:12 сағатқа дейін жүзеге асырылды.



Төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) қорытындылары бойынша есепті жыл сайынғы негізде жариялау

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Қазақстанның төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт)» талдау материалын жариялау жұмысы жүргізілді.

(2011 жылғы 7 маусымдағы №29305/1405Н, 2011 жылғы 9 маусымдағы №29306/1443Н).
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

Іс-шара: ҚБЕО төлем жүйелерінің (БААЖ және Банкаралық клирингі жүйесі) үздіксіз жұмыс істеуінің мониторингі және бақылау, іркілістер мен тұрып қалулар болған кезде жылдам жауап қату және техникалық проблемаларды жою.

Төлем жүйелерінің жұмыс істеу қабілеті коэффициентінің белгіленген кемінде 90% мәнге сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК тұрақты негізде төлем жүйелерінің бағдарламалық-техникалық кешенінің мониторингін, операциялық және техникалық тәуекелдерді басқаруды жүзеге асырды. 2011 жылғы 1 жартыжылдықта БААЖ жұмысында мынадай тоқтап қалулар байқалды:

- 2011 жылғы 9 ақпанда БААЖ-да төлемдерді қабылдаудың кешіктіру уақыты 15 минут болды. Пайдаланушылардың өлшемдері жүйеге түскеннен кейін төлем жүйесінің жұмысы жалғасты;

- 2011 жылғы 28 наурызда БААЖ-дың тоқтап қалуы 28 минут болды. Тиісті рәсімдер жүргізілгеннен кейін БААЖ-дың жұмысы қалпына келтірілді;

- 2011 жылғы 12 сәуірде БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесінің тоқтап қалу уақыты 9 минут болды. Тиісті рәсімдер жүргізілгеннен кейін БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесінің жұмысы қалпына келтірілді;

- 2011 жылғы маусымда БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесінің тоқтап қалу уақыты 25 минут, 2011 жылғы 30 маусымда - 16 минут болды. Тиісті рәсімдер жүргізілгеннен кейін БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесінің жұмысы қалпына келтірілді.

- 2011 жылғы 26 қыркүйекте 8:27 сағаттан 10:27 сағатқа дейін БААЖ және БКЖ жұмысында іркіліс байқалды. Тиісті рәсімдер жүргізілгеннен кейін БААЖ және БКЖ жұмысы қалпына келтірілді;

2011 жылғы қарашада БКЖ жұмысының екі рет тоқтап қалуы байқалды – 2011 жылғы 17 қарашада төлем жүйелерінің жұмысын негізгі орталықтан резервтік орталыққа аударуға байланысты 18 минут және төлем жүйелерінің жұмысын кері негізгі орталыққа аудару кезінде 2011 жылғы 23 қарашада 6 минут, осы жүйенің жалпы тоқтап қалу уақыты 24 минут болды. БААЖ-де 2011 жылғы 23 қарашада жүйенің жұмысын негізгі серверге аударуға байланысты 6 минутқа тоқтап қалуы байқалды. Тиісті рәсімдер жүргізілгеннен кейін БААЖ және БКЖ жұмысы жалғастырылды;

- 2011 жылғы 15 желтоқсанда жүйелік қатеге байланысты БААЖ жұмысында 46 минутқа тоқтап қалу байқалды. Тиісті рәсімдер жүргізілгеннен кейін БААЖ-дың жұмысы 17:46 сағатта қалпына келтірілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет