Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының



жүктеу 1.75 Mb.
бет7/8
Дата29.08.2018
өлшемі1.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

2-бөлім. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту



1-стратегиялық бағыт.

Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу

1.2-мақсат. Сыртқы экономикалық статистиканың халықаралық стандартқа сәйкес келуін қамтамасыз ету
1.2.1-міндет. «Төлем балансы бойынша деректерді жинақтау және өңдеу» ААШЖ дамыту және пысықтау 2012 жылы орындалды.
1.3-мақсат. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің өтімділігін және сақталуын қамтамасыз ету
Міндет. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерін басқару үрдісін жетілдіруге арналған бағдарламалық өнімдерді ендіру («HiPerformance» бағдарламалық өнімін ендіру)

Іс-шара: Есепті кезеңде Ұлттық Банкте «HiPerformance» бағдарламалық өнімін ендіру бойынша жұмыстар жалғастырылды:

1. Ұлттық Банктің бөлімшелерімен бірлесе отырып DST GS компаниясымен одан әрі іс-әрекеттерді ҚРҰБ Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарында талқылау жүргізді. Талқылау қорытындысы бойынша DST GS компаниясына одан әрі іс-әрекеттер бойынша ҚРҰБ талаптарына қатысты ресми хат жіберілді. 2013 жылғы ақпанда DST GS компаниялардың және Ұлттық Банктің бөлімшелерінің (ЗД, МОД, АТД) өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті, нәтижесінде хаттама әзірленіп қол қойылды. DST GS компаниясы «Анова», «Flame Tree», «Northfield» бойынша өткізген вебинарлардың нәтижелері бойынша қызметтік жазба дайындалды және ҚРҰБ басшылығының оң бұрыштамасы алынды. ҚРҰБ-тың ұсыныстары DST GS компаниясына ресми хатпен жіберілді. DST GS компаниясымен ҚРҰБ-та 2013 жылғы 1 қазанда тіркелген № 4/425НБ Лицензиялық келісімге Қосымша әзірленіп қол қойылды.

Өнеркәсіптік пайдалануда тұрған «HiPerformance» бағдарламалық қамтамасыз етудің 1 фазасы бойынша ақпаратты іске қосу бойынша жұмыстарды үйлестіру жүзеге асырылды.

«HiPerformance» бағдарламалық өнімнің 2-фазасын іс асырудың Лицензиялық келісімнің № 5 Қосымшасының және SDD құжаты жобаларында жазылған талаптар талқылау және DST GS компаниясымен келісу сатысында. Уағдаластыққа қол жеткен кезде жұмыстар 2014 жылы жалғастырылатын болады.

2. ҚРҰБ Төрағасының жетекшілік ететін орынбасары 2012.29.12. бекіткен «STAR» ААШЖ (Пилоттық жоба) өнеркәсіптік пайдалануға ендіру бойынша іс-шаралар жоспарының барлық жұмыстары орындалды. 2013ж.05.08. «STAR» ААШЖ (Пилоттық жоба) өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. 2013 жылғы қыркүйектен бастап қараша аралығы кезеңінде «STAR» ААШЖ (Пилоттық жоба) дамытуға арналған ТТ №1 қосымша әзірленіп бекітілді. 2013 жылғы желтоқсанда Жеткізушімен «STAR» ААШЖ дамытуға Тапсырмасының жобасы дайындалып пысықталды.
3-стратегиялық бағыт.

«Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыру»
3.1-мақсаты. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету
3.1.1-міндет. Операторы «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК болып табылатын ұлттық төлем жүйелерінің (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) тиімді, сенімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға көшу мақсатында пысықталған ААШЖ тестілеу және ендіру 2012 жылы орындалды.


4-стратегиялық бағыт.

Қазақстан Республикасында қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу
4.1-мақсат. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыру

Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту бойынша жоспарланған іс-шаралар.

Мақсатты индикаторлар: орталық банктердің қаржылық тұрақтылығын және тиімді қызметін қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесін зерделеу – Ұлттық Банк қызметкерлерінің семинарларға, тағылымдамаларға, шетелдік орталық банктердің және халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кездесулеріне қатысуын ұйымдастыру.

Орталық банктердің қаржылық тұрақтылығын және тиімді қызметін қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесін зерделеу мақсатында есепті кезеңде ҚРҰБ 16 қызметкері шетелдік семинарларға және шетелдік орталық банктердің өкілдерімен жұмыс кездесулеріне қатысты, онда қаржы секторын макроэкономикалық басқару, жүйелік тәуекелдерді талдау, қаржылық тұрақтылық үшін экономикалық және макропруденциялық саясат мәселелері қаралды.

Оның ішінде 14 қызметкер Бірлескен Вена институты ХВҚ, Корея Банкімен, Чехия Ұлттық Банкімен және Дойче Бундесбанкпен бірлесіп ұйымдастырған шетелдік семинарларға қатысты, ҚРҰБ 2 қызметкері ТМД бойынша Ресей Банкінің Өңіраралық Оқу Орталығында және Ресей Орталық Банкінде өткен семинарға қатысты.

4.1.1-міндет. Қаржы делдалдығы деңгейінің мониторингі және салымшылардың банк жүйесіне деген сеніміне қолдау көрсету

Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту бойынша жоспарланған іс-шаралар.

«Қаржылық тұрақтылық индикаторлары» ААШЖ қаржылық тұрақтылық индикаторларын шығару және есептеуді тексеру бөлігінде функционалын пысықтау 2012 жылы жүргізілді.
Ақпарат жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Міндет.

Т24 БАЖ жұмыс істеу мүмкіндіктерін жетілдіру бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Temenos Т24 (Т24 БАЖ) банктік ақпарат жүйесін дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылады:

1) Т24 БАЖ пайдаланушыларын қолдау;

2) қарсы әріптестерді енгізу, Т24 БАЖ шоттарды ашу/жабу және өзгерту;

3) кастодиан банктің және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының операцияларын өнеркәсіптік пайдалануға іске қосу және тестілеу бойынша жұмыстар жүргізілді;

4) «ҚРҰБ ҰИК» АҚ операцияларын жүргізу үшін пысықтауларды өнеркәсіптік пайдалануға іске қосу және тестілеу бойынша жұмыстар жүргізілді;

5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үшін 2005ж.11.11. №392 (EMEA-CIS-KA-431) «Банктік ақпарат жүйесі» лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді ілеспе қызметті мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) бойынша кепілдік кезеңін аяқтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Мүдделі бөлімшелер Шарттың 2-қосымшасына өзгерістерді және Шарттың сомасының төмендеуін ескеретін Шартқа № 5 Қосымша келісім жобасы әзірленді және Теменос компаниясымен келісілді. Шарттың жалпы сомасының жүргізілген түгендеу нәтижелері бойынша алынып тастайтын талаптардың құнына төмендету әдістемесі мен есебі қаралды және келісілді. ҚРҰБ үшін 2005ж.11.11. №392 (EMEA-CIS-KA-431) «Банктік ақпарат жүйесі» лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді ілеспе қызметті мемлекеттік сатып алу туралы шартқа 2013ж.18.07. № 5 қосымша келісім жасалды;

6) мүдделі бөлімшелердің өтініштері бойынша пайдаланушылардың бизнес-процестерінің, Т24 БАЖ қалыптастырылатын есептердің, сыртқы жүйелерімен интерфейстердің функционалын өзгерту бойынша Т24 БАЖ пысықтау, сондай-ақ пысықталған функционалды пайдаланушылық тестілеу орындалды;

7) ҚРҰБ 2012 жылғы қаржылық есептілігіне аудит нәтижелері бойынша «КПМГ Аудит» ЖШС нұсқауларын орындау бойынша іс-шаралардың жоспар кестесіне сәйкес Bloomberg жүйесінен Т24 БАЖ түзетілерді автоматты түрде енгізу үшін бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленді;

8) қолдау қызметі ұсынған түзету рәсімдері мен патчтерді өнімді ортада пайдалану, тестілеу және қолдану барысында туындайтын T24 БАЖ қателері бойынша Temenos компаниясының қолдау қызметімен өзара іс-әрекет және талдау жүргізілді;

9) 2013 қаржы жылының қорытынды айналымдарын жүргізу үшін «ZO_2013» тестілік орта дайындалды.

Іс-шара. «ҚРҰБ ӘШҚ есепке алу жүйесі» бағдарламалық қамтамасыз етуін сатып алу және ендіру.

Есепті кезеңде мынадай жұмыстар жүргізілді:

«SAP-Казахстан» компаниясы ҚРҰБ ӘШҚ бизнес-процестерін тексеру жүргізді және оларды жақсарту және автоматтандыру бойынша Ұлттық Банктің мүдделі бөлімшелеріне ұсыныстар берілді.

Қызметтік жазбаға қойылған ҚРҰБ Төрағасының бұрыштамасына сәйкес ҚРҰБ мүдделі бөлімшелеріне келісуге жіберілген «SAP-Казахстан» компаниясының ұсыныстарын ескере отырып Техникалық ерекше нұсқаманың жобасы әзірленді.

Ұлттық Банктің мүдделі бөлімшелермен Техникалық ерекше нұсқама жобасы бойынша талаптарды бөлігінде кездесу нәтижелері бойынша «SAP» компанияның әріптесті болып табылатын «BI-Consaulting» ЖШС компаниясының өкілдерімен кездесу өткізілді.

Осы компания ҚРҰБ-та «ҚРҰБ әкімшілік-шаруашылық қызметін есепке алу жүйесі» жобасы бойынша ҚРҰБ бір орташа еншілес ұйымы үшін «SAP ERP» жүйесін құруға және ендіруге коммерциялық ұсыныс берді жасады, ол ұсыныс мүдделі бөлімшеге қарау үшін жіберілді. Жұмыстар 2014 жылы жалғастырылатын болады.



Іс-шара. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласында Резерв орталығын құру бойынша жұмыстарға қатысуы

ҚРҰБ Астана қаласында Резерв орталығының құрылысы бойынша 2013 жылы мынадай жұмыстар жүргізілді:

1) инженерлік-геологиялық іздестірулер туралы техникалық есеп әзірленді және алынды;

2) объект құрылысының технико-экономикалық негіздемесіне (ТЭН) мемлекеттік сараптама әзірленді және жіберілді;

3) ТЭН бойынша мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы алынды;

4) жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеуге техникалық тапсырма әзірленді;

5) РО арналған ЖСҚ әзірлеуге жұмыстарды сатып алу бойынша конкурс өткізілді және жобалау ұйымымен шарт жасалды;

6) жобалау ұйымы мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін жобалау-сметалық құжаттама жинақтады және «Мемсараптама» РМК-ға жіберді;

7) жобалау ұйымы сертификациядан өткізу үшін жобалау-сметалық құжаттама жинақтады және Uptime Institute жіберді;

8) «Мемсараптама» РМК жобасы бойынша ескертулер алынды және пысықталды;

9) Uptime Institute ескертулерін жою бойынша жұмыстар жүргізілді;

10) Tier III сенімділік деңгейіне құрылысына ЖСҚ сәйкес келуіне арналған сертификат алынды;

11) ҚР ҰБ РО құрылысына арналған шарт жобасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр;

12) РО құрылысына арналған конкурстық құжаттама жобасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр;

13) ҚР ҰБ РО құрылысы барысына авторлық қадағалау жүргізуге шарт жобасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр;

14) материалдар мен конструкцияларды сынау бойынша зертханалық сынақтарға арналған шарт жобасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр;

15) РО құрылысына арналған жобаны қаланың коммуналдық қызметтерімен келісу жүргізілді;

16) экологиялық сараптамада жоба бойынша оң қорытынды алынды.

17) объектіні қаланың сыртқы инженерлік желілеріне қосуға техникалық талаптар ұзартылды.

ҚРҰБ-та оқуға жалпы қол жетімділікті қамтамасыз ету. Универсал орталық банктің қызметкерлерін оқыту жүйесін құру

Іс-шара. Ұлттық Банк жүйесінде үздіксіз білім беру жүйесін әзірлеу және ендіру.

Ұлттық Банктің базасында Ұлттық Банк бөлімшелерінің стратегиялық бағыттары, оның ішінде: BPS C4-4 (Giesecke&Devrient) банкноттарды өңдеу жүйесіне қызмет көрсету; Lexis Nexis деректер базасымен жұмыс; Қазақстан Республикасының шағын қаржы ұйымдары туралы заңнаманың ережелерін түсіндіруі бойынша; серверлік және телекоммуникациялық жабдықты құрастыру дағдылары; мемлекеттік тілді дамыту және құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге аудару кезінде бірыңғай терминологияны жетілдіру; ақша белгілерінің түпнұсқалылығы мен төлемділігін айқындау бойынша сараптама жүргізу; «Спектр-Эксперт МБ» сараптау жабдығымен жұмыс істеуді және пайдалануды оқыту негіздері бойынша; Ұлттық Банктің филиалдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері; төлем балансы, сыртқы борыш және халықаралық инвестициялық позиция статистикасын қалыптастыру және ұсыну әдістемелерінің өзгерістері; халықаралық қаржылық есептілік стандарттары; Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және оның даму сатылары бойынша; ХҚЕС-на және ХҚЕС-на соңғы өзгерістеріне сәйкес бухгалтерлік есеп; халықаралық қаржылық есептілік стандарттары; ақша-кредит саясаты, аумақтық филиалдардың валюталық операцияларды бақылау бөлімдерінің басшылары мен мамандары үшін оқыту; қолма-қол ақша айналымын ұйымдастыру; жаңа қызметкерлерді бейімдеу; Ұлттық Банк қызметінің негізгі бағыттары; ақша белгілерінің түпнұсқалылығы мен төлемділігін анықтау бойынша сараптама жүргізу негіздері; статистикалық байқаулардың нысандарын әзірлеу және төлем балансы саласындағы функцияларды автоматтандыру; нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау бойынша оқыту іс-шаралары ұйымдастырылды.

Ұлттық Банк қызметшілерінің жеке дағдыларын дамыту шеңберінде: тайм-менеджмент технологиялары; стратегиялық көшбасшы; тәлімгерлік арқылы басқару; құндылықтар мәселелері, басқару принциптері; әлеуметтік әріптестікті дамыту; басшының тәжірибесі: мақсатты іске асыру кезінде жұмыстар ұйымдастыру бойынша оқыту жүргізу. Оның үстіне, Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына бара отырып жекелеген семинарлар жүргізілді.

Ұлттық Банктің басшылық құрамының резерві үшін стресс-менеджмент, менеджердің басқару қызметінің, топ-менеджерді көшбасшылық өткізу, шешендік шеберлік негіздері және басқа да маңызды тақырыптар бойынша тренингтер ұйымдастырылған болатын.

Оқыту іс-шараларын жекелеген бөлімшелердің басшылары ағылшын тілінде Ұлттық Банктің қызметшілері белсенді түрде қатыстыра отырып жүргізді.

Ұлттық Банктің жекелеген бөлімшелері үшін Ұлттық Банктің бөлімшелерінде және ҚҚК-де тағылымдамалар ұйымдастырылды.

Ұлттық банк қызметкерлерін қашықтан оқытуды дамыту шеңберінде 9 вебинар (филиал қызметкерлері үшін «Электрондық мұрағат» ААШЖ оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша, «валюталық операцияларды тіркеу (хабарлама) бойынша құжаттарды сақтау» ААШЖ конкурсын өткізу мәселелері бойынша, Ұлттық Банктің қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату және лауазымға тағайындау бойынша) ұйымдастырылды.

Ұлттық Банктің қызметшілері үшін лектор ретінде Дойче Бундес Банктің өкілін тарта отырып, Jörn Flegler «Basel II und Basel III, Requirements to implementation and sound practice» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.

ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктерінің өкілдері үшін Қызметкерлерді оқыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде бірқатар семинарлар мен тағылымдамалар ұйымдастырылды.

Үздіксіз білім беру жүйесін дамыту шеңберінде Ұлттық Банктің қызметшілері үшін оқыту іс-шараларын өткізу жалғастырылатын болады.



Мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшін Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Магистратурасы («Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы академиясы» АҚ жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Магистратурасы) арқылы Ұлттық Банктің кадрлар даярлауға қатысуы

Іс-шараға. ҚРҰБ жоғары білікті қызметкерлерінің Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Магистратурасының («Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы академиясы» АҚ жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Магистратурасы) оқу процесіне қатысуы.

Магистранттардың Ұлттық Банктегі практикасын ұйымдастыру

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Магистратурасының оқытушылары үшін ҚРҰБ қызметі бойынша практикалық сабақтар ұйымдастыру.

Қазақстанның қаржы жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшін Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы ҚРҰБ Магистратурасы арқылы кадрлар даярлауға қатысуды жалғастырды.

Ұлттық Банктің қызметкерлері Магистратурада лекциялар, мастер-кластар, тренингтер өткізуге, түрлі комиссиялардың жұмыстарына, магистранттарды жұмысқа тұрғызуға, түсу емтихандарын ұйымдастыруға қатысты. Монетарлық операциялар департаменті базасында Ұлттық Банк Магистратурасының 2 курс магистранттары үшін департамент қызметі бойынша практикалық сабақтар өткізілді.

Сондай-ақ Магистратура өкілдері Ұлттық Банкте ұйымдастырылған «Жобаларды басқару», «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары», «ХҚЕС-на сәйкес бухгалтерлік есеп және ХЕС-на соңғы өзгерістер», «Chart of accounts» тақырыптар бойынша семинарларға қатысты.

Ұлттық Банктің Магистратурасы базасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және ЕурАзЭҚ елдерінің басқа да ұлттық (орталық) банктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Қазақстанның қаржылық нарығын дамытудың заманауи императивтері» тақырыбы бойынша жас ғалымдар мен мамандардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференция ұлттық валюта теңгенің 20 жылдығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Магистратурасының 10 жылдығына арналған болатын. Конференция шеңберінде мынадай мәселелер талқыланды: Макроэкономика және ақша-кредит саясаты: методология, болжамдар; Банктер: тұрақты өсудің алғы шарттары мен факторлары; Инвестициялық институттар: даму мәселелері мен перспективалары.

Жалпы, мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшін Магистратура арқылы Ұлттық Банктің кадрлар даярлауға қатысуы нәтижелері, осы жоба оң нәтижесін беретіндігін көрсетті. Магистратураның түлектері тәжірибелік даярлыққа қосуға теориялық білім жинақтайды, себебі оқу барысында үнемі Ұлттық Банктен және оның ведомстволарынан және басқа қаржы ұйымдарынан практиктер береді, практика тікелей Ұлттық банкте өтеді, Ұлттық Банк бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері практикалардың және магистрлік диссертациялардың басшылары болып табылады. Бұның барлығы Магистратураның түлектеріне Ұлттық Банкке, басқа қаржы ұйымдарына жұмысқа тұрған кезде бейімделу жеңіл болады.

Мамандарды практика мен теориясымен дайындаудың оң тәжірибесін дамыту шеңберінде Ұлттық Банк Магистратурада оқыту сапасын арттыруды дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.
Ұлттық Банктің мемлекеттік органдар және қаржы ұйымдары үшін Ұлттық Банк Академиясында кадрлар даярлауға қатысуы

Іс-шара. Ұлттық Банк Академиясын құру;

Ұлттық Банктің жоғары білікті қызметкерлерінің Ұлттық Банк Академиясының оқу процесіне қатысуы;

Ұлттық Банк Академиясы түлектерінің практикасын Ұлттық Банкте ұйымдастыру

«Ұлттық Банк Академиясы» оқу орталығын құру шеңберінде «ҚР ҰБ Академиясы» оқу орталығын дамыту бағдарламасы ҚРҰБ Директорлар кеңесінің талқылауына сертификаттау бағдарламасын, даму перспективаларын және басқа да мәселелерді ескере отырып қайта шығарылды. Талқылау 2013 жылғы 20 наурызда болды, оның қорытындысы бойынша АӨҚО Академиясы базасында «Сембаев Академиясы» ҚРҰБ оқу орталығын құру шешімі қабылданды.

«АӨҚО Академиясы» АҚ қызметін сенімгерлік басқару шеңберінде үйлестіру бойынша жұмыстар жалғастырылды. Ұлттық Банк «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 134 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстарды ҚР Қаржы министрлігіне жіберді. «АӨҚО Академиясы» АҚ акциялар пакетін Ұлттық Банкке беру мәселе бойынша Ұлттық Банктің өкілінің ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Н.А. Коржовамен кездесуі өтті (2013 жылғы 11 ақпан). 2013 жылғы 13 сәуірде ҚРҰБ Төрағасының орынбасарлары Д.Т. Ақышев пен Д.Т. Ғалиеваның ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Н.А. Коржовамен кездесуі болды, ол кездесуде ҚР ҚМ «АӨҚО Академиясы» АҚ акциялар пакетін Ұлттық Банктің меншігіне өтеусіз беруге мүмкіндігінің жоқ екендігі туралы позициясы айтылды, осыдан кейін Ұлттық Банк ҚР ҚМ-ға АӨҚО Академиясын таратуға келісім бере отырып хат жолдады. Қазіргі сәтте ҚР ҚМ-нан жауап алынған жоқ.

«Master of Finance» бірлескен жобаны қалыптастыру шеңберінде, 2013 жылғы 12 – 14 ақпан аралығы кезеңінде ESADE Бизнес Мектебінің, Назарбаев университетінің және «АӨҚО Академиясы» АҚ өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. Ұлттық Банк мамандандырылған оқу бағдарламасын құру мәселесі қарауды ұсынды, ол бағдарлама шетелдік әріптеспен Ұлттық Банктің қажеттілігі үшін бейімделген, нәтижесінде MasterinCentralBanking бағдарламасы әзірленді.

ҚРҰБ Магистратурасының және ҚРҰБ білім беру жобаларының одан әрі жұмыс істеуі жөніндегі мәселесі 2013 жылғы 8 мамырда ҚРҰБ Директорлар кеңесінің талқылауына шығарылды. MasterinCentralBanking бағдарламасын құру мақсатында сұрау салулар MasterinCentralBanking бағдарламасын және жобаның құнын анықтау мүмкіндігіне қатысты FT (ExecutiveEducation – Customized 2013) рейтингі бойынша бизнес мектептердің ТОР – 10-ға жіберілді.

ESADE Бизнес Мектебіне өзара түсіністік туралы келісімнің жобасы әзірленді және жолданды, бірлескен бағдарламаны жасауға мүдделік туралы растау-хат жолданды. ҚРҰБ Директорлар кеңесіне «MasterinCentralBanking» (ҚРҰБ мен ESADE BusinessSchool бірлескен жобасы)» мәселесі талқылауға шығарылды. Директорлар кеңесі 18.09.2013 ж. № 214 қаулысымен бағдарламаны мақұлдады. Ұлттық Банк және оны ведомстволары қызметшілерін іріктеу және оларды «MasterinCentralBanking» (ҚРҰБ мен ESADE BusinessSchool бірлескен жобасы) Бағдарламасында оқыту тәртібінің жобасы және іс-шаралар жоспары әзірленді. Қазіргі кезде тәртіп пен іс-шаралар жоспарының жобасын келісу (визаларды жинау) жүзеге асырылуда.

Ұлттық Банктің оқыту шараларын дамыту шегінде «Назарбаев университеті» ААҚ келіссөздер жүргізілді.

«Сембаев Академиясы» ҚРҰБ-тың оқу орталығы» АҚ-ны құру шегінде ҚРҰБ Басқармасы қаулысының, «Сембаев Академиясы» оқу орталығы» АҚ-ның жарғысы мен штаттық кестесі әзірленді.

Ұлттық Банк Монополияға қарсы агенттікке «Сембаев Академиясы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің оқу орталығы» акционерлік қоғамын құруға келісім беру жөніндегі хатын жолдады.

«Сембаев Академиясы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің оқу орталығы» акционерлік қоғамын құруға келісім беру жөніндегі өтініштің жобасы бойынша ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің қосымша ақпаратты ұсыну жөніндегі сұрау салуымен хаты алынды.

«Сембаев Академиясы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің оқу орталығы» акционерлік қоғамын құру жөніндегі мәселе Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Д.Т.Ақышевтың шешімі бойынша Ұлттық Банктің Төрағасымен түпкілікті талқылауға дейін тоқтатыла тұрды.

«Сембаев Академиясы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің оқу орталығы» акционерлік қоғамын құру бойынша жүргізілген жұмыс бұл мәселенің өзектілігін көрсетеді. MasterinCentralBanking бірегей бағдарламасын іске асыру Ұлттық Банк қызметшісінің кәсіптік және тұлғалық дамуының мүмкіндігін көрсетеді. «Сембаев Академиясы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің оқу орталығы» акционерлік қоғамын құру бойынша жұмыс, MasterinCentralBanking бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ Ұлттық Банктің басқа оқыту шаралары жалғастырылады.


Ұлттық Банктің тұрақты даму үдерісін ұйымдастыру

Іс-шара. Ұлттық Банктің тұрақты даму стратегиясын әзірлеу;

2012-2013жж. ішінде мынадай жұмыстар жүргізілді:

ҚРҰБ 2014-2017 жылдарға арналған тұрақты дамуының стратегиясы ҚРҰБ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 180 қаулысымен бекітілді.

Іс-шара. Ұлттық Банк ресурстарын тиімді пайдалану үлгілерін әзірлеу.

Осы шараны орындау шегінде 2013 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресурстарын тиімді пайдалану және Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өтуіне жәрдемдесу моделінің (бұдан әрі – Модель) жобасы әзірленді.

Әзірленген модельдің жобасы ҚРҰБ-тың жетекшілік ететін басшылығына қарауға жіберілді (2013 жылғы 26 қараша), оны Бенчмарк-талдама бойынша жұмыс тобы мақұлдады (2013 жылғы 6 желтоқсан) және ол қазіргі уақытта ҚРҰБ ОА бөлімшелерімен және ведомстволарымен келісу сатысында тұр (18.12.2013ж. № 26008/2688 хат).

Ұлттық Банктің жүйесін дамыту және тұрақты дамытудың қағидаттары мен өлшемдеріне сәйкес жаңартулар мен үзіліссіз білім беру базасында қызметкерлер арасында тиімді өзара әрекет ету моделін әзірлеу шегінде филиалдардың қызметкерлері үшін олардың жеке басының және іскерлігінің тиімділігін арттыру үшін өзін-өзі таныстыру және коммуникативтік құзыреттіктерін дамыту мақсатында жергілікті семинар-тренингтер ұйымдастырылды.

ҚРҰБ орталық аппаратының бөлімшелерімен және ведомстволарымен келісу нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2017 жылдарға арналған тұрақты даму стратегиясы ҚРҰБ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 180 қаулысымен бекітілді.

Ұлттық Банктің тұрақты дамуы процесін ұйымдастыру бойынша жұмыс бұдан әрі де жалғастырылады.



Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтерін дамыту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет