Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының



жүктеу 1.75 Mb.
бет8/8
Дата29.08.2018
өлшемі1.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Іс-шара. Ұлттық Банктің құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуі.

2013 жылы электрондық форматқа аударуға жататын ҚРҰБ мемлекеттік қызметтерінің және рұқсат беретін құжаттарының тізбесін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді. Ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) 02.10.2013 ж. №8 хаттамасымен бұл тізбе бекітілді.

ҚРҰБ 2013 жылы ККМ бірлесіп электрондық форматқа аударуға жататын әрбір мемлекеттік қызметтер бойынша іс-шаралар жоспарларын әзірлеу бойынша жұмысты жүргізді. ВАК отырысының 02.10.2013 ж. № 8 хаттамасымен 2013 жылы автоматтандырылуға жататын рұқсат беру құжаттары (рәсімдер) бойынша 27 іс-шаралар жоспары бекітілді.

ВАК «Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызметін оңтайландырудың келісілмеген жоспарына қатысты мәселені қарап, ҚРҰБ-тың айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу рәсімін дербес ретінде жою және оны шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялаумен біріктіру жөніндегі ұсынысын қабылдау туралы шешім қабылдады.


3-бөлім. Тәуекелдерді басқаруға талдау

Сыртқы тәуекелдер

Энерготасымалдағыштарға әлемдік бағаның төмендеуі

Дуниежүзілік қаржы дағдарысы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралар қабылданбаған жағдайдағы ықтимал салдарлар:

Экспорт түсімдерінің күрт төмендеуі, елдің сыртқы өтімділігімен және төлем қабілетімен байланысты жағдайдың тұрақсыздануы.

Қазақстан қаржылық жүйесінің тұрақсыздануы.

1. Активтердің жоғары өтімділігін және инвестициялық кірістің өсуін қамтамасыз ететін Ұлттық Банктің және Ұлттық қордың халықаралық резервтер құралдарын тиімді басқару.

2. Дағдарысқа қарсы жедел ден қою шараларын және оларды қолдану механизмдерін әзірлеу

Іс-шара:

1. Жыл ішінде валюталық әртараптандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының АВА инвестициялық портфелінде және жинақтау портфелінде еуроның үлесі швед кронасының пайдасына 2%-ға азайтылды.

2. Қаражатты АВА дамушы нарықтарының портфелінде орналастыру бойынша жұмыс жүргізілді.

3. Инвестициялау құралдарын одан әрі әртараптандыру АВА инвестициялық портфелі активтерінің бір бөлігін ауқымды акцияларға, инвестициялық деңгейдің корпоративтік облигацияларына, конвертацияланатын облигацияларға, дамушы нарықтардың және Латын Америкасының облигацияларына орналастыру үшін АВА стратегиялық портфеліне аудару арқылы жүргізілді.

4. 2013 жылғы шілдеде АВА Инвестициялық портфелінен «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ басқаруына АВА Баламалы құралдар портфеліне шамамен 2 000,00 млн. АҚШ доллар сомасындағы активтер аударылды.

5. Активтерді одан әрі әртараптандыру жөніндегі жұмыстың шегінде АВА және ҚР Ұлттық қоры активтерінің бөлігін басқару үшін сыртқы басқарушыларды таңдау бойынша жұмыстар жүргізілді.


Ықтимал тәуекел. Қаржы тұрақтылығына қауіп

Тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралар қабылданбаған жағдайдағы ықтимал салдарлар.

Қаржы жүйесіндегі жүйелік дағдарыстың дамуы.

Тәуекелді басқару бойынша іс-шаралар

1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің және Ұлттық Банктің 2008 жылғы 27 мамырдағы № 166/1 және
№ 202 бірлескен бұйрығымен бекітілген Жүйелік тәуекелдерге жедел ден қою жоспарының шараларын іске асыру.

2. Қазақстанда макропруденциалдық реттеуді енгізу жөніндегі кешенді шараларды іске асыру.



Тәуекелдерді нақты басқару

1. Тәуекел іске аспағандықтан, 2013 жылы шаралар қабылдау қажеттігі болған жоқ.

2. 2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңесінің 5 отырысы өткізілді, онда мынадай мәселелер қаралды:

1. 2013 жылғы 1 ақпада (2 отырыс):

- қадағалау процесін іске асыру шегінде банк секторын реттеу;

- төлем карточкаларына қызмет көрсету үшін арналған инфрақұрылымды шоғырландыру және Қазақстанда бірыңғай (тәуелсіз) оператордың базасында бірыңғай төлем жүйесін ұйымдастыру;

- Standard&Poor’s агенттігінің «А» төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктерін жою;

- Қазақстан Республикасында бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығын реформалау бойынша шаралар.

2. 2013 жылғы маусымда (1 отырыс):

- Ресей Федерациясымен трансшекаралық сақтандыру бөлігінде көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы;

- қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы;

- сақтандырудың міндетті түрлері бойынша агенттік комиссияларға шектеулерді алып тастау туралы;

- сақтандыру ұйымдарына салық салу туралы.

3. 2013 жылғы қарашада (1 отырыс):

- 2014 жылдан бастап β коэффициенті қолданысқа енгізілетінін ескере отырып, динамикалық резервтің өлшемдері туралы;

- Базель III стандартын енгізу туралы;

- 2014 жылдан бастап баланстық шоттардағы ашық валюталық позициялардың 30%-нан аспайтын мөлшерде туынды қаржы құралдармен мәмілелер бойынша баланстан тыс шоттардағы ашық валюталық позицияларға лимиттерді енгізу туралы;

- тұтынушылық кредиттердің тәуекелдерін реттеу бойынша шаралар.

4. 2013 жылғы желтоқсанда (1 отырыс):

- динамикалық резервтерді қалыптастыру мәселелері бойынша;

- Қазақстанда капитал бойынша Базель III стандарттарын енгізу туралы;

- туынды қаржы құралдармен операцияларды қоса алғанда, валюталық нарықта алаяқтық мәмілелердің ауқымын шектеу туралы;

- тұтынушылық кредиттердің өсімін шектеу бойынша;

- банктердің жұмыс істемейтін қарыздарының көлемін төмендету туралы.


Кеден одағына қатысушы мемлекеттердегі макроэкономикалық және саяси тұрақсыздық

Тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралар қабылданбаған жағдайдағы ықтимал салдарлар:

Тұрақты жұмыс істеуінің бұзылуы салдарынан Кеден одағы ішінде капиталдың еркін қозғалысы үшін кедергілердің туындауы



Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында көзделген, оның ішінде валюталық операцияларға статистикалық мониторинг деректері негізінде қабылданатын жедел ден қою шаралары

Іс-шара:

Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ).


Ішкі тәуекелдер

Мемлекеттік органдардың капиталды жұмылдыруға әсер ететін шаралар бөлігіндегі іс-әрекеттерінің үйлеспеуі

Тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралар қабылданбаған жағдайдағы ықтимал салдарлар:

Салықтық және кедендік басқару, сондай-ақ қаржы ұйымдарын пруденциялық реттеу бойынша келісілмеген шараларды қабылдау нәтижесінде елден капиталды бақыланбайтын шығару тәуекелінің ұлғаюы

Нормативтік базаны әзірлеу кезінде ведомствоаралық үйлестіруді күшейту, капиталды жұмылдыруға әсер ететін шаралар бойынша келісілген шешімдерді қабылдау

Іс-шара: Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ).
Өтімділік тәуекелі: АВА өтімділік портфелі көлемінің алдағы 6 айда сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер көлемінен төмен болуы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралар қабылданбаған жағдайдағы ықтимал салдарлар:

Өтімділік дағдарысы болған кезде бос қаражаттың (АВА инвестициялық портфелінен активтерді аудару және оларды қолма-қол қаражатты босату үшін сатуға қажетті) түсуі 1 күнге кешіктірілуі мүмкін.

Күнтізбелік тоқсанда 1 рет тексеріледі (әрбір тоқсанның 10-шы жұмыс күнінде). Егер өтімділік портфелінің нарықтық құны осы өлшемдерге сәйкес келмесе, осындай сәйкессіздік анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтімділік портфелі инвестициялық портфельден активтердің бір бөлігін аудару арқылы толықтырылады.

Өтімділік портфелінде алдыдағы 6 айда сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдердің көлемін өтеу үшін қаражат жетіспеушілігі тәуекелі болған жоқ.

Сондай-ақ, өтімділіктің жеткілікті деңгейін бақылау және ұстап тұру жөніндегі жұмыстың шегінде есепті кезеңде АВА ішінде инвестициялық портфельден өтімділіктің портфеліне тиісінше шамамен 1 млрд. және 1,95 млрд. АҚШ доллар сомасындағы активтер аударылды.

Іс-шара:

Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ).


Қолма-қол ақшаға сұраныс күрт өскен кезде қолма-қол ақшаның жетіспеу тәуекелі

Тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралар қабылданбаған жағдайдағы ықтимал салдарлар:

Қолма-қол ақша айналысының жұмыс істеу тиімділігінің төмендеуі немесе жекелеген өңірлерде қолма-қол ақшамен төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндіктің болмауы және соның салдарынан әлеуметтік шиеленістің туындауы



Басқару механизмдері мен шаралары

Дағдарыс болған жағдайда республиканың барлық аймағына қолма-қол ақшаны жеткізу шараларын әзірлеу.

Іс-шара:

Ұлттық Банктің жалпы резервтік қорларындағы (қоймасындағы) сиықты аймақтық филиалдардың резервтік қорларында да қолма-қол ақшаның жеткіліксіз болуы кезінде ықтимал шараларды іске асыру және тәуекелдерді барынша азайту үшін Ұлттық Банктің Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 177 қаулысымен бекітілген Ұлттық Банктің филиалдарында эмиссия-кассалық операцияларды ұйымдастыру және құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес Ұлттық Банк филиалдарының резервтік қорлары қалдықтарының ұсыныс жасалған қоры әзірленді және оны Төрағаның жетекшілік ететін орынбасары бекітті.

Ұлттық Банк филиалдарының резервтік қорларында қолма-қол ақшаға деген кез келген көзделмеген күрт ұлғайған қажеттілікті қанағаттандыру үшін жеткілікті қаражат шоғырланған. Осы іс-шаралар, бір жағынан аймақтарды қолма-қол ақшаға деген сұраныстың кезкелген күтілмеген өсімін жою үшін қаражаттың жеткілікті көлемімен қамтамасыз ету және, екінші жағынан, Ұлттық Банктің резервтерін аймақтар бойынша бөліп жайғастыру мақсатында жүргізілді. Соңғысы, өз кезегінде, түрлі ықтимал төтенше жағдайлар (су тасқыны, өрт, жер сілкінісі) салдарынан бір жерде шоғырландырылған қолма-қол ақшаның жойылу ықтимал тәуекелін төмендетеді.

Ұлттық Банктің Басқармасы 2013 жылға ұлттық валюта банкноттарының мен монеталарының көлемін бекітті:

1) Ұлттық Банк Басқармасының «2014 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттарын дайындау туралы» 2013 жылғы 26 шілдедегі №191 қаулысы;

2) Ұлттық Банк Басқармасының «2014 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы монеталарын дайындау туралы» 2013 жылғы 26 шілдедегі №192 қаулысы.


Кадрлардың тұрақтамау тәуекелі

Тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралар қабылданбаған жағдайдағы ықтимал салдарлар:

Ұлттық Банк қызметінің нәтижелігі төмендеуі

Елдің орталық банкі ретінде Ұлттық Банктің мақсаттарын, міндеттерін және құндылықтарын ұстану қағидаттарымен, өз ісіне берілген және адал қызмет ететін, сыбайлас жемқорлықтың белгілеріне қарсы тұратын жоғары нәтижелі, кәсіби жетілген, жауапты және этикасы жоғары қызметкерлерді қалыптастыру мен дамытуға бағытталған қызметкерлерді іріктеу, жалпыға қолжетімді (қашықтан) оқыту жүйесін жетілдіру және қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттыру.

Қалыптасқан кәсіптік маңызды қасиеттері бар жоғары құзыретті мамандар мен басшылардың тұрақты түрде тиімді шешімдерді қабылдау қажеттілігі Ұлттық Банк алдында өз қызметкерлерінің біліктілігін тұрақты арттыру міндетін қояды.

Ұлттық Банктің қызметкерлерін оқыту мына бағыттар бойынша жүргізілді: кәсіптік қызметтің жекелеген бағыттары бойынша біліктілігін арттыру (оның ішінде қашықтықтан оқыту); басқару, көшбасшылық және стартегиялық ойлау дағдыларын дамыту, сондай-ақ Ұлттық Банктің қызметшілері мемлекеттік тілді және ағылшын тілін меңгеру бойынша тілді оқу курстарында оқытылды.

ҚРҰБ қызметкерлері Қазақстан Республикасының шегінде, ҚРҰБ базасында және шетелде семинарларда (курстарда, тренингтерде) және тағлымдамаларда оқыды. Шетелде оқыту халықаралық ұйымдардың және ХВҚ, ОВИ сияқты шетелдік орталық банктердің, Франция, Германия, Чехия, Австрия, Нидерланд, Польша, Корея банктерінің базасында жүргізілді.

Ұлттық Банкте тұрақты түрде оқу іс-шаралары өткізілді, олардың мақсаты Ұлттық Банктің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тиімді шешім қабылдауға қабілетті Ұлттық Банктің қызметкерлерін мотивациялау және кәсіби дамыту.

Ұлттық Банкте кадрлардың тұрақтамауын төмендету және оларды кәсіби дамыту мақсатында оқуға қажеттілікті айқындау, шетелдің орталық банктерінен және халықаралық ұйымдардан тәжірибелі лекторларды тарта отырып оқыту іс-шараларын өткізу жалғасады, оқыту процесі жетілдіріледі.



Стратегиялық жоспарды іске асырудың

қорытындылары туралы тұжырым
Жүргізілген талдаудың нәтижелері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне байланысты емес себептермен толығынан жүзеге асырылмаған жекелеген міндеттерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында көрсетілген Ұлттық Банк қызметінің негізгі стратегиялық бағыттары бойынша барлық жоспарланған міндеттердің мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштері орындалғандығын білдіреді.
Ұсыныстар
Ұлттық Банк қызметінің 2014 жылдың қорытындысы бойынша жетуге жоспарланған стратегиялық бағыттары бойынша белгіленген міндеттердің мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштерін орындау жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Стратегиялық жоспарын іске асыру бойынша жұмыстар одан әрі жалғастырылсын.



Ұлттық Банк

Төрағасы



Қ. Келімбетов



Ескерту:

қысқарған сөздердің талдамасы:

ААШЖ – автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе

ҚРПӘ – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

ҚРҰБ ӘШҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің әкімшілік-шаруашылық қызметі

ҚРСА – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

ЕДБ – Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері

T24 БАЖ – Т24 банктік ақпараттық жүйесі

ЖІӨ – жалпы ішкі өнім

АВА – алтын валюта активтері

МДҚ АЖ – «Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі

ҚРҰБ ҚБЕО – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы

ҚРҰБ ҚҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті

ҚРҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

ҚРҰБ ҰИК – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы

ҚРҰҚ – Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

БААЖ – банкаралық ақша аудару жүйесі

ҚР Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

БСБ РМК – Банктік сервис бюросы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

БКЖ – Банкаралық клиринг жүйесі



ПКҚ – «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ



1 «Пайыздық ставка спрэді» көрсеткіші Дүниежүзілік Экономикалық Форумның «Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі» рейтингінде ескерілетін көрсеткіштердің тізбесінен алып тасталды

2 2013ж. 30.09. жағдай бойынша

4 «Капитал қозғалысын шектеу» көрсеткіші Дүниежүзілік экономикалық форумның «Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі» рейтингісінде есепке алынатын көрсеткіштер тізбесінен алып тасталды


5 Төлем жүйесінің бір жылғы жұмыс қабілеттілігінің коэффициенті төлем жүйесінің нақты жұмыс уақытының (төлем жүйесі тоқтатылған уақыт кезеңін қоспағанда, төлем жүйесінің операциялық күні ашылғаннан бастап операциялық күні жабылғанға дейінгі уақыт кезеңі) жалпы жұмыс уақытына (төлем жүйесінің операциялық күні ашылғаннан бастап операциялық күні жабылғанға дейінгі уақыт кезеңі) қатынасы ретінде есептеледі

6 Алдын ала деректер бойынша мақсатты деңгей 50%-дан аспаған жағдайда, банктердің меншікті капиталының 28,16%-ы, оның ішінде 0,69% – Еуропа қайта құру және даму банкі

7 Қаржылық тұрақтылықтың біріктірілген индексінің мәні: 1-ден 1,5-ке дейін – тұрақты; 1,5-тен 2-ге дейін – қалыпты (орташа тәуекел деңгейімен); 2-ден 2,5-ке дейін – қанағаттанарлық (тәуекелдердің ұлғаюы үрдісімен); 2,5-тен 3-ке дейін – қанағаттанарлық (өте жоғары тәуекелдер деңгейімен); 3-тен 3,5-ке дейін - тұрақсыз; 3,5-тен жоғары – қауіпті.

8 01.01.14 жылғы жағдай бойынша

89 Херфиндаль-Хиршман индексінің мәні: 10-нан 20-ға дейін млн. адам халқы бар, шоғырланбаған –1000 аз; орташа шоғырланған –1000-нан 2000-ға дейін; жоғары шоғырлану дәрежесі –2000-нан көп.

910 ҚҚК деректеріне сәйкес 01.12.2013 жылғы жағдай бойынша

10


11 Төлем жүйесінің бір жылғы жұмыс қабілеттілігінің коэффициенті төлем жүйесінің нақты жұмыс уақытының (төлем жүйесі тоқтатылған уақыт кезеңін қоспағанда, төлем жүйесінің операциялық күні ашылғаннан бастап операциялық күні жабылғанға дейінгі уақыт кезеңі) жалпы жұмыс уақытына (төлем жүйесінің операциялық күні ашылғаннан бастап операциялық күні жабылғанға дейінгі уақыт кезеңі) қатынасы ретінде есептеледі

12 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 23 мамырдағы №108 қаулысымен бекітілген Төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайт) жүзеге асыру ережесі.

13 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы №16 қаулысымен бекітілген Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібі, нысандары және кіру мерзімдері туралы ереже.

14 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы №388 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану және төлемдер бойынша төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсi бөлігінде мәліметтер беру ережесі.

15 Bottom-Up тәсілі банктердің стресс-тестілеуді Ұлттық Банк әзірлеген ұсынымдар мен сценарийлер негізінде дербес жүргізуін көздейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет