Ќазаќстан Республикасы Спорт жјне дене шыныќтыру



жүктеу 72.82 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі72.82 Kb.

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру

істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған

стратегиялық жоспарын іске асыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы талдамалық жазба
І. Реквизиттер
Атауы: Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Нормативтік құқықтық актінің нөмірі және күні: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 қаулысы

Әзірлеуші мемлекеттік орган: Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

Тең орындаушы мемлекеттік органдар: «Ведомствоаралық өзара іс-қимыл» атты 5-бөліміне сәйкес, БҒМ, БП, ҚМ, ЖАО

Құжатты іске асыру мерзімі: 2012 – 2016 жылдар

Есептік кезең: 2013 жыл.
ІІ. Есептік кезеңде қол жеткізілген нәтижелер

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі Агенттік) миссиясы дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық, өңіраралық үйлестіруді қамтамасыз ету болып табылады.

Пайымдау бәсекеге қабілетті спорт құмар ұлтты қалыптастыру.

Есептік кезеңде Агенттіктің стратегиялық жоспарында 3 стратегиялық бағыт көзделген:



1-стратегиялық бағыт: Дене шынықтырумен және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру;

2-стратегиялық бағыт: Қазақстандық спорттың әлемдік спорт аренасында бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;

3-стратегиялық бағыт: Лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау.

3 стратегиялық мақсаттар:

- 1.1-мақсат «Елде бұқаралық спортты дамыту»;

- 2.1-мақсат «Жоғары жетiстiктер спортын дамыту»;

- 3.1-мақсат «Лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау»



7 нысаналы индикатор:

1. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту. 2013 жылдың жоспары бойынша – 23,0%, факті бойынша – 23,2%;

2. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жеткіншектер үлесін балалар мен жеткіншектердің жалпы санынан қамту. 2012 жылдың жоспары бойынша – 11,5%, факті бойынша – 12,5%.

3. Мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің айқындығы. 2013 жылдың жоспары бойынша – 32 орын, факті бойынша – 29 орын.

4. Саяси шешімдер қабылдаудағы фаворитизм. 2013 жылдың жоспары бойынша – 77 орын, факті бойынша – 77 орын.

5. Саясаткерлерге қоғамдық сенім 2013 жылдың жоспары бойынша – 35 орын, факті бойынша – 35 орын.

6. 2010 жылғы деңгейдегі құмар ойындарын ұйымдастыру және бәс тігу жөнінде көрсетілген қызметтер көлемі (2010 ж. факті – 9 274,0 млн. теңге) 2013 жылдың жоспары бойынша – 9%, факті бойынша – 76,0%.

7. 2016 жылға қарай лотерея қызметінен республикалық бюджетке түскен табыстың 2011 жылғы деңгейден артуы (2011 ж. факті бойынша – 331 192 мың. теңге) 2013 жылдың жоспары бойынша – 10 %, факті бойынша – 30,8%.

Жоғарыда аталған стратегиялық бағыттарды іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу көзделіп отыр.

- Адамдарды күн сайын дене шынықтыру-сауықтырумен айналысуға тарту;



- Қазақстандық спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту;

- Спорт түрлерінен мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру;

- Лотерея қызметін реттеу тиімділігін арттыру;

- Ойын бизнесі саласындағы бақылауды жүзеге асыру

Есептік кезеңде Агенттіктің стратегиялық жоспарына сәйкес, 16 тікелей нәтижелер көрсеткіштері жоспарланып отыр.

Талдау барысында, оның ішінде 7 тікелей нәтижелер көрсеткіштері толық көлемде орындалды, 9-ы асыра орындалды, бір тікелей нәтиже көрсеткіші бойынша жыл қорытындысы ү.ж. ІІ тоқсанда белгілі болады, себебі бизнес субъектілері бойынша статистикалық деректерді Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі есепке сәйкес ұсынады.

Есептік кезеңде стратегиялық жоспарда барлығы 24 тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар көзделген.

Жоғарыда аталған іс-шаралардың ішінен мынадай негізгі іс-шараларды атап өтуге болады.



- Халықтың спорттық инфрақұрылымымен 1 мың адамға шаққанда қамтамасыз етілуі

Дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жоғары санаттағы спортшыларды спорт резервін даярлау жүйесін жетілдіру мақсатында республикада 34 234 спорт ғимараты жұмыс істейді, оның ішінде: 21 915 бірлігі ауылдық елді мекендерде орналасқан. Облыстардың спорт объектілері мақсаты бойынша қызмет етеді.

Осы көрсеткіштер бойынша қорытындыны қалыптастыру кезінде дене шынықтыру және спортты объектілерінің қатарында білім беру мекемелерінің жанындағы спорт ғимараттары енгізілетінін есепке алу қажет.

Осыған орай, осы көрсеткіш бойынша іс жүзіндегі көрсеткіштер жоспарлы көрсеткіштен асып түсті.

- Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі) 2012 жылғы ХХХ Олимпиада ойындарына, 2012 жылғы Инсбурктегі (Австрия) Жасөспірімдердің 1-ші қысқы Олимпиада ойындарына, 2014 жылғы Нанкиндегі (Қытай) жасөспірімдердің 2-ші Олимпиада ойындарына, 2014 жылғы Сочидегі (Ресей Федерациясы) Олимпиада ойындарына, 2016 жылғы Рио-де-Жанейродегі (Бразилия Федеративтік Республикасы) ХХХI Олимпиада ойындарына дайындалу және қатысу.

Агенттіктің басты міндеттерінің бірі Сочи қаласында (Ресей) өтетін ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстанның ұлттық құрама командасының қатысуы және табысты өнер көрсетуі болып табылады.

Бүгінгі күні Дене шынықтыру, бұқаралық, сауықтыру іс-шараларының және негізгі республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына және Қысқы спорт түрлері бойынша спортшыларды даярлаудың кешенді нысаналы бағдарламаларына сәйкес, 2014 жылғы Сочи қаласындағы қысқы Олимпиада ойындарына құрама командалардың жоспарлы дайындығы жүргізілуде.

2014 жылғы Сочи қаласында (Ресей) өтетін ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарына қазақстандық спортшылардың дайындалуы және қатысуы жөнінде жедел штаб құрылды. 40 жуық медальді ұтып алу жоспарланған. Қазіргі кезде 10 спорт түрінен 43 лицензия жеңіп алынды. Спорт түрлері бойынша көшбасшылардың жеке жоспарлары әзірленіп, қатысу үшін жеңіп алынған лицензияларға талдау жасалды. Халықаралық жарыстарда өнер көрсеткен нәтижелерге есеп жүргізілуде.

Сочи қаласындағы (Ресей) Олимпиада ойындары кезінде баспасөз орталығын ұйымдастыру және қысқы спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды қажетті құрал-жабдықтармен және киім-кешекпен қамсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

2013 жылғы 5 желтоқсанда өткен Үкімет отырысында 2014 жылы Сочи қаласында (Ресей) өтетін ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарына құрама командалардың дайындығы туралы мәселелер қарастырылды.

Ұлттық құрама команданың спортшылары жазғы және қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем және Азия чемпионаттарында ересектер арасында 61 медаль және жастар мен жеткіншектер арасында 211 медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ, 2013 жылғы тамыз айында Нанкин қаласында (Қытай) өткен 2-ші Азия жасөспірімдер ойындарына қатысқан біздің құрама команданың өнерін атап өткен жөн, онда 13 медаль: 1 алтын, 4 күміс және 8 қола медальды жеңіп алып, жалпы командалық есепте 10 орынды иеленді.
ІІІ. Есептік кезеңде іс-шараларды орындауға бөлінген және игерілмеген бюджеттік және өзге қаржы қаражаттары туралы ақпарат

Агенттіктің стратегиялық жоспарын іске асыруға 2013 жылға арналған республикалық бюджеттен 13 бюджеттік бағдарлама бойынша 32 014 523,7 мың теңге сомасында бюджет қаражаты бөлінді. 2013 жылы 32 012 553,1 мың теңге немесе 100% игерілді.


IV. Жауапты орындаушы мемлекеттік органмен Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабының 7-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру агенттігінің стратегиялық жоспарына 3 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 24 маусымдағы № 110-V Заңын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 998 қаулысы;

«2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 146-V Заңын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1537 қаулысы;

«2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 148-V Заңын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1533 қаулысы қабылданды.


  1. Жүргізілген бақылаудағы іс-шаралар туралы мәлімет

Бақылаудағы іс-шаралар өткізілген жоқ.


  1. Қорытындылар мен ұсыныстар

2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын іске асыру туралы жедел есебіне сәйкес, ведомство жұмысының тиімділігінің жоғары дәрежесін көрсетті. Жоспарланған іс-шаралар 100% іске асырылды.

Жалпы алғанда, 2013 жылы Агенттіктің стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде алда қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді, яғни қол жеткізілген нәтижелер мен индикаторларды ескере отырып, дене шынықтыру және спорт саласын дамытудың оң динамикасын қамтамасыз етті.



Төрағаның

міндетін атқарушы Қ. Кәкен

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет