Декрет демалысында отырған танымал әнші Ерке Есмахан жақын күндері тыңдарман қауыммен қауышады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Әнші жеке парақшасында оқырманының бірнеше сұрақтарына жауап беріп, сырын айтты. Алғашқы сұрақ өнер иесінің отбасылық өмірінен басталды. 

“Өміріміз боямасыз. Сенбесеңіздер, үй күтушісін шақырып, сұхбаттасыңыздар. Әлеуметтік желіде бәрін бүкпесіз көрсетемін. Тіпті одан да күшті болуы мүмкін. Біздің өміріміз шынайы және жасанды болып бөлінбейді. Осы ретте отбасылық бюджетіміз бен мақсатымызды да айта кетейін. Ақша табушы – күйеуім, жұмсаушы – мен. Миллионер болғың келсе, әйелің ақшаны көп жұмсасын деген тәмсілге сенемін. Күйеуімді енді миллиардер етемін. Отбасылық мақсаттарымызды жүзеге асыру үшін қаражаттың көп керегі анық. Болашақта жер үй салып, соған көшкіміз келеді”, – деп жауап берді әнші. 

  • "Қара орамалың қорқынышты": Айнұр Тұрсынбаеваның тойдағы образы сынға қалды

  • "Құда түсіп жатыр": Балжан Бидаштың сахналық образы көпшілікті таңғалдырды

Сонымен қатар балаларына қатысты сұрақтарды да жауапсыз қалдырмады. Босанғаннан кейінгі өзгеріске ұшыраған дене бітімін де қалай қалпына келтіру керек екенін айтты. 

“Үлкен ұлым мен жолдасымның қарым-қатынасы керемет. Бір-біріне әке, бала, дос, сырлас, қамқор. Махаббаттары ерекше. Ал Ислам қазір 2 айға толды. “Қан – су емес” деген сөз рас екен. Көргенде кімге ұқсайтынын айтарсыздар. Босанғалы өмірім ерекше өрбіп жатыр. Бірақ артық салмақ “әттеген-ай” болып тұр. Қазір салмағым – 58 келі. 5 келі артық қосып алдым. Әзір арықтауға болмайды, өйткені Исламды еміземін. Күйеуім де “арықтама, томпақтығың ұнайды” деп отыр. Көйлектерім сыймай қалады деп уайымдамаймын. Қыз күнімде киген көйлектерімді сатып жібердім. Одан 7-8 миллион теңге жиналды. Сол ақшаға жаңа образдар тіктіремін. Алған жандар игіліктеріне кисін. Мені көргісі келетіндер концертіме келсін. Райм екеуміздің гастролдік сапарымыз басталады”, – деп жан сырын ақтарды өнер иесі. 

Еске салайық, өнерлі отбасының жақында Мальдив аралдарынан демалып келгенін жазған едік.  


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.