Ќазаќстан Республикасы Тґтенше жаєдайлар министрлігі Шыєыс Ќазаќстан облысыныѕ Тґтенше жаєдайлар департаменті Шемонаиха ауданы тґтенше жаєдайлар бґлімініѕ кеѕес хаттамасы



жүктеу 96.66 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі96.66 Kb.

Қызмет ету бағыттары бойынша жергілікті атқарушы органдарды, мекемелерді, ұйымдарды ақпараттандыру

Р/к №

Ақпарат тақырыбы

Кімге жолданды, аты-жөні, лауазымы

Жолданған мерзімі, шығыс нөмірі

Қабылданған шешім
















1

2014 жылдың 12 айында болған өрттер бойынша ақпарат

Көкпекті аудандық селолық округтерінің әкімдеріне

Шығыс №23-15-32/10 08.01.2015 ж.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс ұйымдастырылды

2

2014 жылдың 12 айында болған өрттер бойынша ақпарат

Көкпекті ауданының білім беру бөлімінің басшысы Ш.Мустафиноваға

Шығыс №39-19-7-32/56 30.01.2015 ж.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс ұйымдастырылды

3

2014 жылдың 12 айында болған өрттер бойынша ақпарат

«Көкпекті ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері

Р.Сафиоллиноваға



Шығыс №39-19-7-32/57 30.01.2015 ж.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс ұйымдастырылды

4

2014 жылдың 12 айында болған өрттер бойынша ақпарат

«Көкпекті ауданының ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері

Н. Санкайбаевқа



Шығыс №39-19-7-32/58 30.01.2015 ж.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс ұйымдастырылды

5

Көкпекті ауданының су құрылысы жүйелерінің жағдайы туралы ақпарат

Көкпекті ауданының Прокуроры Қ.Мұхаметжановқа

Шығыс №39-19-7-32/141 03.03.2015 ж.

Су тасқыны кезеңіне даярлық бойынша жұмыс ұйымдастырылды

6

2015 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңі бойынша ақпарат

Көкпекті аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ш.Мустафиноваға

Шығыс №39-19-7-32/289 14.04.2015 ж.

Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары ұйымдастырылды

7

Көкпекті ауданындағы су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Көкпекті ауданының Прокуроры Қ.Мұхаметжановқа

Шығыс №39-19-7-32/312 21.04.2015 ж.

Жұмыс ұйымдастырылды

8

Табиғи өрттердің алдын алу туралы ақпарат

Ауылдық округ әкімдеріне

Шығыс №39-19-7-32/391 01.06.2015 ж.

Өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша жұмыс ұйымдастырылды

9

Табиғи өрттердің алдын алу туралы ақпарат

ӨЖБ-6 Самар а.

М. Кожамжаровқа



Шығыс №39-19-7-32/392 01.06.2015 ж.

Өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша жұмыс ұйымдастырылды

10

Табиғи өрттердің алдын алу туралы ақпарат

ЖҚБ-14 Самар а.

А.Федосовқа



Шығыс №39-19-7-32/393 01.06.2015 ж.

Өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша жұмыс ұйымдастырылды

11

Табиғи өрттердің алдын алу туралы ақпарат

ЖҚБ-29 Көкпекті а.

Г. Мухамадиеваға



Шығыс №39-19-7-32/394 01.06.2015 ж.

Өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша жұмыс ұйымдастырылды

12

Табиғи өрттердің алдын алу туралы ақпарат

«Көкпекті жолдары»

Г.К. Нұрғалиеваға



Шығыс №39-19-7-32/395 01.06.2015 ж.

Өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша жұмыс ұйымдастырылды

13

Судағы жағдай бойынша ақпарат

Көкпекті ауданының Прокурорының м.а. Д.Бияшовқа

Шығыс №39-19-7-32/423 12.06.2015 ж.

Жұмыс ұйымдастырылды

14

«Ауданды табиғи өрттерден қорғауды қамтамасыз ету туралы», «Азаматтарды судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы», «Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» ақпараттар

Көкпекті ауданының әкімі Р.Н. Сағындықовқа

Шығыс№39-19-7-32/433 18.06.2015 ж.

Жұмыс ұйымдастырылды

3 қосымша


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Төтенше жағдайлар Комитеті

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті

Көкпекті аудандық төтенше жағдайлар бөлімі

ҚР ІІМ ТЖК

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті

Көкпекті аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің

2015 жылғы 1 жартыжылдығындағы жұмысының қорытындысы туралы

ЕСЕБІ

Көкпекті а. маусым, 2015 жыл



Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Төтенше жағдайлар Комитеті

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті

Көкпекті аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің

2015 жылғы 1 жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысы туралы

ЕСЕБІ

Көкпекті ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің жұмысы ҚР заңнамаларына, ҚР ІІМ, ҚР ІІМ ТЖК бұйрықтарына (нұсқауларына), ҚР ІІМ ТЖК жұмыс жоспарына және ШҚО ТЖД жұмыс жоспарының негізінде, Көкпекті ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің жұмыс жоспары бойынша ҚР ІІМ ТЖК алқа шешімдерін, бастық жанындағы кеңес хаттамаларын, облыстық кеңес хаттамаларын орындау бойынша жүргізілді.

Осы уақыт мерзімінде Көкпекті аудандық ТЖБ жеке құрамымен сыбайлас жемқорлық бойынша заңдылықты, Ар-намыс кодексін бұзу, басқа да жағымсыз әрекеттерге бару орын алған жоқ. 2015 жылдың 2 тоқсанында қызмет өткеру кезінде қауіпсіздік техникасын бұзып, жарақаттану жағдайлары болған жоқ.

2015 жылдың 1 жартыжылдығындағы төтенше жағдайлар мен оқиғалардың шұғыл жағдайы келесідей болды:

2015 жылдың басынан бастап 8 өрт, 17 өрт ретінде есепке алынбайтын жағдай (тұтану) тіркелді. Болған оқиғалардың негізгісі өрт жағдайы болып табылады – 8 жағдай, өрттен келген шығын көлемі 110000 (жүз он мың) теңгені құрады. Өрттің болуына әкеліп соқтырған, өрт қауіпсіздігін бұзушылыққа жол берген 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ескерту түрінде – 7, айыппұл түрінде 17838 теңгеге 3 адам. Көкпекті ауданының ІІБ-не ары қарай тергеулік бойынша 3 іс жолданды. Қараусыз қалдырып, номенклатуралық істе сақтауда – 17.

2015 жылдың 03 наурызында жұмыс тобымен: ШҚО бойынша жұмылдыру дайындығы бойынша басқармасының бастығы, «Шығыс су қоймалары» КМК бастығы, ШҚО ТЖД жұмылдыру дайындығы бойынша басқармасының офицері, «Казводхоз» РМК ШҚФ маманы, Көкпекті аудандық ТЖБ және Көкпекті аудандық әкімдігінің өкілдерімен бірлесіп, аудандағы аса қауіпті орындар мен гидротехникалық құрылымдарға 2015 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындығы бойынша тексеру жүргізілді.

Су тасқыны кезеңінде ТЖ болдырмау мақсатында Көкпекті ауданының әкімімен 2015 жылдың 09 ақпанында «Су тасқынына қарсы 2015 жылдың көктем кезеңіне арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №27 шешімі қабылданды. Осы Қаулыға сәйкес, ауылдық округ әкімдері мен аудан ұйымдары мен мекемелеріне тапсырмалар берілді. Әрбір ауылдық округте су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілген. ТЖ болған жағдайда шаруашылық нысандарымен техника бөлу, жеке құрам бөлу, азық-түлік бөлу бойынша келісімдер жасалған.

Көкпекті аудандық ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия жұмыс жоспары бар. Аудандық әкімдіктің жауапты мамандарынан құрылған кезекшілік кестесі бекітілген. Көкпекті аудандық ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия құрамын құлақтандыру сызбасы жетілдірілген.

Көкпекті ауданында 11 гидроқұрылым бар, оның барлығы «Шығыс су қоймалары» КМК иелігінде. 2015 жылдың 27 наурызы бойынша олардың барлығы қанағаттанарлық жағдайда.

Көкпекті ауданының бюджетінде қаржы қоры 14 млн. теңгені құрайды, оның 7 млн. теңгесі ТЖ жоюға, 7 млн. теңгесі қажетті шығындарға.

2015 жылдың 09 ақпанында сағат 10.00-де Көкпекті аудандық әкімдігінің кең отырысы өткізілді, күн тәртібінде селолық округ әкімдерінің 2015 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындығы мәселесі қаралды.

«Көктем-2015» республикалық командалық-штабтық жаттығу өткізу аясында Көкпекті аудандық ТЖБ қызметкерлерімен 2015 жылдың 12 наурызы күні Қойтас ауылында «Бектемір су қоймасындағы судың көтерілуі салдарынан болған төтенше жағдайларды жою және Қойтас ауылында орналасқан су басу қаупі бар үйлерге көшіру жүргізу. ТАЖ жүргізуге Көкпекті ауданының АҚ және ТЖ құрылымдары мен Қойтас ауылының тұрғындары қатысты. Оқу-жаттығуға құрылымдардың 66 жеке құрамы мен 14 техника қатысты.

2015 жылдың 1 жартыжылдығында ТЖБ қызметкерлерімен 75 нысанға ӨТТ жүргізілді (оның ішінде жоспарлы – 42, жоспардан тыс – 5, басқа тексерулер -28). Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 32 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 602528 теңге көлемінде 24 айыппұл салынды, 8 ескерту берілді.

Өскемен қаласының арнайы мамандандырылған экономикалық сотына 1 талап-арыз жолданды.

ҚР ІІМ ТЖК жұмыс жоспарына және ШҚО ТЖД жұмыс жоспарының негізінде, Көкпекті ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің жұмыс жоспары бойынша Қорғаныс министрлігінің, білім министрлігінің нысандарына тексеру жүргізілді.

2015 жылдың есеп беру кезеңінде Көкпекті аудандық ТЖБ қызметкерлерімен жоспарлы түрде білім министрлігінің 33 нысанына тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесі бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 18 тұлға 495500 теңге көлемінде айыппұлға тартылды, 13 нысан ӨҚЕ бұзушылықсыз жұмыс жасауда.

29 мектептің қызмет көрсету персоналымен және жұмысшыларымен 868 адамды қамти отырып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мен өрт кезіндегі әрекет ету бойынша дәрістер жүргізілді. Іс жүзіндегі өрт болған кездегі әрекет ету мен көшәру жоспары бойынша жаттығулар өткізілді. Өрт қауіпссіздігі бойынша 69 адамды қамти отырып, 31 нұсқаулық жүргізілді.

2015 жылдың 1 жартыжылдығында Көкпекті аудандық ТЖБ және 58,35 ӨСБ жеке құрамымен тұрғын секторында адам өлімі мен өрттерді болдырмау бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Көкпекті аудандық ТЖБ қызметкерлерімен көпқабатты тұрғын үй иелеріне 27 ұсыныстар таратылды, ӨСБ жеке құрамымен тұрғын секторында 10150 адамды қамти отырып, 4418 жадынама таратылды. Көкпекті аудандық ТЖБ қызметкерлері Көкпекті аудандық ІІБ қызметкерлерімен бірлесіп тұрмысы төмен отбасылар бойынша 2 рейд жүргізді. Көкпекті аудандық ІІБ бөлімше қызметкерімен ұдайы тұрмысы төмен отбасыларының өрт қауіпсіздігін сақтауы бойынша тексерулер жүргізіліп тұрады.

Көкпекті ауданының «Жұлдыз», «Новая жизнь» газеттеріне өрт қауіпсіздігі және ТЖ тақырыптарында 2 мақала жарияланды.

Аудандағы әр түрлі билік өкілдеріне, ұйым басшыларына 14 ақпарат ұсынылды(өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша – 10, су тасқынының алдын алу бойынша – 3, суда болған жағдай бойынша -1).

Көкпекті аудандық ТЖБ қызметкерлерімен 2015 жылдың 1 жартылдығында Көкпекті ауданының ұйымдары мен кәсіпорындарында 1487 адамды қамти отырып, 216 нұсқаулық, 1195 адамды қамти отырып, 41 дәріс өткізілді.

«Азаматтық қорғаныс күніне» орай 2015 жылдың 05 наурызында ШҚО ТЖД СҚҚ Көкпекті ауданы бойынша әдіскері С. Тлебалдинмен Көкпекті аудандық ТЖБ қызметкерлерімен бірлесіп, Көкпекті орта мектебінің, Ж. Шәйжүнісов атындағы орта мектептің оқушыларымен, Раев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерімен судағы ТЖ кезіндегі іс-әрекет бойынша сайыстар өткізілді.

«8 наурыз Халықаралық әйелдер күні, «Наурыз мейрамы» мерекелеріне орай, Көкпекті аудандық ТЖБ және №58,35 өрт сөндіру бөлімдері арасында салтанатты жиындар өткізілді.

2015 жылдың 17 және 20 сәуір күндері ШҚО КП Көкпекті ауданы бойынша филиалының директоры А.О. Мукашеваның төрағалық етуімен Көкпекті ауданының кәсіпкерлерімен сауда орындарында өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша дөңгелек үстелдер өткізілді.

2015 жылдың 18 мамыры күні Көкпекті аудандық ТЖБ қызметкерлері «2015 жылғы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және бос болмау» тақырыбында өткен білім беру мекемелері мен жазғы демалыс лагерлерінің басшыларымен болған семинарға өрт қауіпсіздігі туралы және судағы қауіпсіздік бойынша баяндама жасай отырып, қатысты.

2015 жылдың 29 мамырында Самар орман шаруашылығында 35-ӨСБ жеке құрамымен және орман шаруашылығы қызметкерлерімен орман өртін сөндіру бойынша жаттығу өткізілді.

Көкпекті аудандық ТЖБ 2015 жылдың 01 маусымында № 39-19-7-32/ 391 шығысы бойынша Көөкпекті ауданының ауылдық округтеріне өрт қауіпті кезеңге дайындық бойынша ақпараттар жолданды, № 39-19-7-32/ 392, 393 и 394 шығыстары бойынша жол ұйымдары басшыларына өрттің алдын алу мақсатында жолдың жан-жағын тазарту жөнінде ақпараттар жолданды.

Көкпекті аудандық ТЖБ бастығы

өртке қарсы қызмет майоры қ/қ Қ. Слямбеков



орынд. Қалдыбаев С.К.

тел.87234821405


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет