Ќазаќстан Республикасы


Тиісті саланы дамытудың негізгі проблемалары, үрдістері және алғышарттары



жүктеу 0.9 Mb.
бет4/8
Дата09.09.2017
өлшемі0.9 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

3.4 Тиісті саланы дамытудың негізгі проблемалары, үрдістері және алғышарттары


Ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялардың конвергенциясы келесіге тиесілі құқықтық базаны жетілдіру қажеттілігін анықтайды:

конвергентті қызметтердің ұғымдық аппараты;

интеграцияланған бизнестің шеңберінде қызметті лицензиялау;

радиожиілікті, нөмірлік және жер ресурстарын қосқандағы қолданылатын өндірістік ресурстар.

Конвергенция жағдайларында байланыс операторлары мен нарықтың басқа да қатысушыларының қызметтерін мемлекеттік реттеудің ауқымын қайта бағалаудың қажеттілігін ескертетін ақпараттық коммуникация саласында желілер мен қызметтердің, реттеудің техникалық ұстанымнан экономикалық ұстанымға, сонымен қатар нарықтың жаңа сегменттеріне ауысудың айтарлықтай өзгеруі болады.

Ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылым саласында негізгі проблемалар телекоммуникациялық желілерді цифрландырудың аяқталамағандығы болып табылады. Жаңа ұялы байланыс технологияларын енгізу, сондай-ақ ауылдық жерлерді телефондандыруды дамытудың бөгелуі, жаңа байланыс технологиялары күшті министрліктер мен ведомстволардың радиоэлектрондық құралдарының жиілік диапазонын қолданумен түсіндіріледі.

Жергілікті телефон байланысын дамыту көрсетілетін қызметтердің шығындылығымен бөгеледі, ол инвестициялық тартымдылықты жоғарылату мақсатында тарифтердің дәйекті өсуін талап етеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту үшін тежегіш факторы бас тарту төзімділігінің жоғары деңгейлі сауда есептегіш орталықтар нарығының дамымағандығы болып табылады.

Байланыс операторларының тең құқылы қол жетімділігі мақсатында әмбебап қызмет көрсету үлгісін, оның ішінде, байланыс операторларының Қазақстанның облыс орталықтарының шегінде телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерін көрсетуге конкурстарды өткізуді, атап айтқанда, конкурсқа ұялы байланыс операторларының қатысу мүмкіндігін қарастыруды қайта қарау қажет.

Ұтқыр байланыс операторларының дамуы үшін 3G технологиясын енгізу үлкен мәнге ие. Алматы және Астана қалаларында 2008 жыл ішінде ұялы байланыс операторларымен 1920-1980/2110-2170 МГц жиілігі диапазонында 3G стандартты ұялы байланыс жабдығын тестілеу бойынша пилотты жобалар сәтті өткізілді.

4G, оның ішінде, Wi-Max технологиялары бойынша кеңжолақты байланысты енгізу үлкен әлеуетке ие.

Қазақстанда Интернет желісінің технологиялық инфрақұрылымын дамыту дамыған елдермен салыстырғанда артта қалып отыр. Халықаралық электрбайланысы одағының мәліметтеріне сәйкес, электрондық сауда саласындағы операциялар барысында қауіпсіз қосылуды пайдаланатын серверлер саны 2008 жылы Қазақстанда 1 млн. халыққа 3,5 серверді құрады, ал дамыған елдерде бұл индикатор 500 бен 1000 аралығында ауытқиды: Кореяда – 500-ден астам, Ұлыбританияда – 750-ден астам және АҚШ-та 1 млн. халыққа 1000 серверден келеді.

Қазақстандық телерадио таратылымның алдында тұрған көкейкесті міндет цифрлық технологияларға көшу арқылы телерадио хабарларын таратудың бүкіл ұлттық желісін жаңғырту болып табылады. Халықаралық электр байланысы одағымен ұйымдастырылған, Жердегі радиохабарлау қызметін жоспарлау аймақтық конференциясы шегінде, 2006 жылы «Женева-06» келісіміне қол қойылды, ол сандық хабар таратудың жиілікті бөліністерінің (мақсаттарының) жоспарын анықтады. Осы құжатпен 2015 жылы, құрамына Қазақстан Республикасы да кіретін келісімге қатысушы елдер үшін цифрлық хабарлар таратуға көшудің соңғы мерзімі анықталды.

Ақпараттық технологиялардың екпінді дамуы, коммуникацияның және ақпарат берудің жаңа құралдарының пайда болуы пошталық алмасудың (әсіресе іскерлік хат-хабардың) бірден төмендеуіне алып келді. Пошта операторларының қаржылық жағдайының нашарлауы сапаның төмендеуін, пошташылар еңбегінің ынтасыздануын және тұрғындардың ақпаратқа қол жетімділігінің шектелуін туғызды.

«Қазпошта» акционерлік қоғамы магистралды бағыттарда жолаушыларды тасымалдау поездары құрамына тіркелетін және сол бағытта жүретін пошта вагондарын пайдаланады. Өзінің поездар қозғалысы технологиясы мен қауіпсіздігіне сәйкес оператор-тасымалдаушы аялдамалар және уақыт бойынша (кету, келу және поездардың тұрағы) регламент белгілейді, яғни «Қазпошта» акционерлік қоғамы поездар қозғалысы кестесіне тәуелді. Бұдан басқа, вокзалдар мен станциялардың инфрақұрылымы (перрондар, пандустар, жолдар) ең алдымен жол жүру бойынша пошта жүктерін тиеу және түсіруге емес, жолаушыларды қабылдау және отырғызуға бейімделген.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күрделі және техникалық жайластыру деңгейі бойынша (күзет және өртке қарсы қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау, техникалық нығайту, температуралық режим) нормативтік талаптарға сәйкес еместіктер ретінде 86% ауылдық пошта байланысы бөлімшелерін толық қайта жабдықтау мәселесі өткір тұр.

Азаматтар мен бизнес тарапынан ақпараттық технологияларға ішкі сұраныстың төмендігі отандық компаниялар дамуының тежеуші факторы болып табылады. Тұрғындар арасында Интернетке кеңжолақты қол жетімділіктің төмен енуі, қазақстандық веб-қорлар санының аздығы және Интернет желісінің қазақстандық сегментінде түп нұсқалық контенттің болмауы электрондық бизнеске және электрондық саудаға қатысында бизнестің инвестициялық белсенділігін төмендетеді.

Жоғары технологиялық құрылғыларды өндірудің және сатудың қазақстандық секторында сауда нарығының бейнесі бар, яғни сектордың қазақстандық компаниялары зияткерлік өнімдер мен инновациялық технологияларды құруға қатыспайды, олар клиенттерге негізінде тек дайын тауарларды іске асыруға жинақталған. Осыған байланысты, экономикалық белсенділіктің төмендеуі жағдайында сектордың негізгі мәселелері басқа сауда салаларының мәселелерімен сәйкес келеді – халық пен бизнестің сатып алу мүмкіндігінің төмендеуі, мемлекеттік сатып алулардың қысқаруы, бизнесті жүргізу бойынша жоғары үстеме шығындар.

Жоғары технологиялық тауарларды меншікті өндірудің болмауында баж салығы ішкі өндірушіні қорғау қызметін атқармайды, ол тек соңғы тұтынушы үшін есептегіш техника құнын өсіреді.

Дербес компьютерлерді жинақтау мен сатудан жоғары технологиялық тауарлар мен микроэлектроника саласындағы табысты қызметке көшу табысты салалық тәжірибе мен дәстүрдің; меншікті ғылыми-техникалық базаның; маманданған еңбек ресурстарының (техникалық мамандардың, инженерлердің, жаңа өнімдерді әзірлеуге қабілеті бар ғылыми қызметкерлердің); және халықаралық өткізу арналарына (дистрибьюторлік желілерге) қол жетімділіктің жоқтығымен тежеледі.

Мамандар көрсеткен басқа мәселелердің ішінде инновациялық құрылымдарды коммерцияландыру жөнге салынған тетігінің жоқтығын, венчурлық капиталға қол жеткізудің қиындығын, қазақстандық нарықтың аз сыйымдылығын, тұрақсыз кедендік және фискалді саясатты бөліп көрсетуге болады. Сектор дамуының тежеуші факторы Жоғары технологиялық тауарлар мен микроэлектроника ірі өндірушілерінің жақын орналасуы болып табылады (ҚХР, Ресей).

Бүгінгі күні нарықта сұранысқа ие өнімді өндіруді дамыту және «Алатау» АТП АЭА негізінде жоғары технологиялық компанияларды жайғастыру әлеуеті іске аспаған. Инфрақұрылымның, электр энергетикасының, сумен қамтамасыз ету құрылысының аяқталмағандығы және әлеуетті қатысушылар үшін жоғары жалдау ақысы «Алатау» АТП АЭА дамуына тосқауылдар болып табылады. Аймақта оқу және ғылыми-өндірістік ғимараттарды орналастыру мәселесі шешілген жоқ. Жоғары технологиялық әлеуметтік-экономикалық аймақтарды дамытуда жемісті тәжірибесі бар шетелдік компаниялар «Алатау» АТП АЭА-н басқаруға қатыстырылған жоқ.

Ақпараттық технологиялар саласындағы қазақстандық компаниялар үшін жоғары мамандандырылған мамандардың жетіспеушілігі өзекті мәселе болып саналады. 2008 жылы мамандардың бағалауы бойынша IТ-мамандарының сұранысы жартылай қанағаттандырылды. Сұраныс іргелес салалардан мамандарды тарту және оларды жұмыс берушілер есебінен оқытумен жартылай қанағаттандырылады. Саладағы кадрлардың жетіспеушілігі ақпараттық технологиялар саласындағы жалақысы еңбек өнімінен асып кетті, ол саланың сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.



Каталог: images -> npa
npa -> Формат (содержание) справки об итогах деятельности за 2008 год
npa -> Ақпарат Ақпараттық және коммуникациялық технология
npa -> Утверждена
npa -> Қазақстан Республикасындағы ішкі су жолдарының кеме жүру қауіпсіздігін қастамасыз ету бойынша жол жұмыстарын жүргізу және жосп
npa -> Сравнительная таблица
npa -> «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы
npa -> Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет