Ќазаќстан Республикасы



жүктеу 0.9 Mb.
бет5/8
Дата09.09.2017
өлшемі0.9 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

3.5 Саланың дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау


Қазақстандық тұрғындардың, бизнестің және мемлекеттік органдардың арасында 1995 жылдан 2009 жыл аралығында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданудың белсенді өсуі саланы мемлекеттік реттеу қажеттілігіне алып келді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының ақпараттық коммуникациялар саласындағы нормативтік-құқықтық базасы жетілдірілді және келесі нормативтік-құқықтық актілер қабылданды:

«Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігі тұжырымдамасы және оны іске асыру бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 шілдедегі №715 қаулысы;

«Электрондық құжат және электрондықцифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы.

«Пошта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңы.

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңы.

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы


8 мамырдағы Заңы.

«Қазақстанның үдемелі өндірістік-инновациялық дамуы жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күшінің жойылғанын тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы.

«Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы № 519 қаулысы.

2003 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті таратылды және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі құрылды.

2004 жылдың 6 сәуірінде Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің қолдауымен коммерциялық емес ұйым – IT-компаниялардың Қазақстандық қауымдастығы құрылды.

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі 2010 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі болып қайта құрылды.

Сөйтіп, қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қызметтері мен тауарларының дамуын және қызмет етуін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тұтынушылары мен жеткізушілері мүдделерінің теңдігін қамтамасыз ететін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын нормативтік-құқықтық және техникалық реттеу жүйесі қалыптасты.

Сонымен қатар, нарықты құқықтық реттеудің қолданыстағы жүйесі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дамуының заманауи деңгейінен бір қатар бағыттар бойынша артта қалып отыр, бұл ақпараттық-коммуникациялық нарықтың дамуының тежелу қаупін тудырады және мынадай мәселелер бойынша қосымша қағида шығармашылық жұмыс өткізуді талап етеді.



  1. Ақпараттық-коммуникациялық және пошталық инфрақұрылым саласында:

  1. радиожиілік спектірді қолдану үшін жылдық төлемді есептеу;

  1. қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының арасында трафикті қосу және өткізу тарифтерін есептеу;

  1. IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефондық трафигін қосу және өткізу тарифтерін есептеу;

  1. байланыс операторларының қолданысына телефондық канализацияны ұсыну бойынша қызметтерге тарифтерді есептеу;

  1. ұялы байланыс операторларының, бекітілген және ұялы байланыс операторларының арасында өзара есептесулерді есепке алумен байланыс операторларының трафикті қосу және өткізу тарифтерін есептеу;

  1. телекоммуникациялар желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялары желісіне қосу және Қазақстан Республикасының жалпылама қолданыстағы телекоммуникациялар желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу;

  1. телекоммуникациялар және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерінің тарифтерін (бағаларын, жинақ мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе түсіру;

  1. телекоммуникациялар және пошта байланысы саласында табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметпен айналысуға келісім беру туралы қолдауларды ұсыну және қарастыру;

  1. телекоммуникациялар және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекіткенде қолданылатын шығындарды қалыптастыру;

  1. телекоммуникациялардың әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту;

  1. қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын таңдау мүмкіндігін абоненттерге (телекоммуникациялардың қалалық және ауылдық желілерінің) ұсыну бойынша техникалық шешімдерді бекітуді қосқанда, қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының байланыс қызметтерін тұтынушылардың таңдау құқығын қамтамасыз ету үшін қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторларының өз арасында және телекоммуникациялардың бекітілген және ұялы желілері операторларымен өзара әрекет ету тәртібі;

  1. ақпараттық-коммуникациялық және пошта инфрақұрылымы саласының стандарттар базасын қалыптастыру.

  1. Цифрлық телерадио хабарларын таратуды реттеу саласында:

  1. «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын дайындау;

  1. эфирлік таратудың цифрлық стандарттарына көшу есебімен теледидарлық және/немесе радио хабарларын таратуды ұйымдастыру бойынша қызметті реттеу;

  1. DVB стандартын радиожиіліктік беруді халықаралық үйлестірумен Қазақстан Республикасында эфирлік цифрлық хабарлар таратудың жердегі желісін жиілікті-аумақтық жоспарлау;

  1. бағдарламалардың әлеуметтік жинағының құрамын бекіту.

  1. Қазнетті реттеу саласында:

  1. Қазнетті дамыту, оның ішінде электрондық ақшалар мен электрондық коммерция саласындағы мәселелер;

  1. Интернеттегі зияткерлік меншікті және авторлық құқықты қорғау, дербес мәліметтерді, оның ішінде биометрикалық дербес мәліметтерді қорғау;

  1. Интернеттің жұмыс істеуіне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық қатынастарын және қызметін реттеу.

  1. БҚ-ны әзірлеу және IT-қызметтері секторын дамыту саласында:

  1. мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтердің IT-жобаларын қазақстандық қамтудың жоғары үлесі және компьютерлік, телекоммуникациялық және отандық өндірістің басқа жоғары технологиялық жабдықтарын айырықша сатып алу бар отандық IT-кәсіпорындардың іске асыру әлеуеттілігін қамтамасыз етуі;

  1. халыққа және бизнеске электрондық қызметтерді көрсету саласындағы, келешекте коммерциялық берілімі бар IT-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаттарын анықтау;

  1. конкурстардың жеңімпаздарын анықтағанда сапа критерийлерінің мәнін, қызметтік толықтығын, жаңашылдығын, иелік етудің жиынтық құнын арттыру;

  1. мемлекеттік секторда үлкен және күрделі ақпараттық жүйелерді құрғанда көпжылдық келісім-шарттарды жасасу (3 жылдық мерзімнен артық емес);

5) мемлекет 100% қатысатын мемлекеттік органдар мен компанияларға ұсынылатын IT-қызметтерді сауда нарығына аутсорсингке шығару;

6) жеке сектормен қамтылған қызмет түрлерін болдырмау мақсатында жарғылық құжаттарды мемлекеттік IT-кәсіпорындардың қызметтері түрлерінің заңнамасымен сәйкес келтіру үшін ұсыныстар әзірлеу;

7) мемлекет 100% қатысатын акционерлік қоғамдар мен ЖШС-ге жеке сектормен қамтылған қызмет түрлерін іске асыру бойынша құзырет беру тиімділігі жөніндегі қолданыстағы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

8) Қазақстанға кіру және біліктілігі жоғары шетелдік IT-мамандарды жұмысқа қабылдау ережелерін оңайлату;

9) қазақстандық несиелерді шетелдік мемлекеттерге ұсыну кезінде тапсырыстарды алу бойынша экспортқа жұмыс істейтін отандық IT-компанияларды қолдау;

10) шетелдік компанияларға ірі тапсырыстарды ұсынғанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жобаларына офсеттік мәмілелерді іске асыру.



  1. Қазақстан Республикасының аумағында жоғары технологиялық жабдықты өндіруді дамыту саласында:

компьютерлік-коммуникациялық жабдықтың және бағдарламалық қамтамасыз етудің отандық өндірушілері үшін тапсырыстардың ұзақ мерзімді портфелін қалыптастыру.

  1. Ақпараттық коммуникациялар саласында білім беру аясында:

1) кәсіптік анықтамалыққа өзгертулер мен толықтырулар енгізу;

2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын жетілдіру.



  1. Электрондық қызметтер мен ЭҮ саласында:

1) мемлекеттік органдардың олардың құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсетуін қамтамасыз ету мерзімдерін әзірлеу және бекіту;

2) электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсыну стандарттарын сипаттау бөлігінде «Мемлекеттік қызметтің типтік стандартына» өзгерістер;

3) электрондық мемлекеттік қызметтердің типтік регламенті;

4) электрондық мемлекеттік қызметтердің регламенттері;

5) орталық және жергілікті атқарушы органдар порталдарының контентін қолдау процестерін регламенттеу;

6) азаматтық хал-ахуал актілерінің жазбаларын, азаматтық хал-ахуал актілерінің жазбаларын тіркеу кітаптарының нысандарын және аталған кітаптардағы жазбалар мен Қазақстан Республикасында азаматтық хал-ахуал актілерін тіркеу негізінде берілетін куәлік нысандарын өзгертуге, қалпына келтіруге және жоюға өтініштерді электрондық түрде беру;

7) Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу;

8) әскери міндеттілік және әскери қызметке қатысты бірқатар мәселелер;

9) мемлекеттік қызметте «электрондық үкімет» қызметтерін оқудан міндетті өтуге және сертификат алуға қатысты бірқатар мәселелер;


10) ЭҮ-ні дамытуға және электрондық қызметтерді ұсыну заңдылығына қатысты бірқатар мәселелер;

11) мемлекеттік тілде ақпараттандыру саласындағы түсініктерді аударуға және қолдануға қатысты бірқатар мәселелер;

12) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы техникалық және кәсіби ұйымдардың мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жетілдіру.



Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының нормативтік-құқықтық базасын және техникалық реттеу ортасын құру және өзекті ету Бағдарламада қойылған мақсаттарға табысты қол жеткізу үшін қажетті шарт болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет