Ќазаќстан республикасы



жүктеу 1.5 Mb.
бет1/8
Дата16.09.2017
өлшемі1.5 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


“Мемлекет және құқық теория” пәні бойынша
тест тапсырмалары

Бағыт тобы: «Құқық»

Мамандық 050301 «Заңтану»

050302- Халықаралық құқық

050115 «Құқық және экономика негіздері»

Құрастырушы:

аға оқытушы Байжанова Г.Т.

Тест саны - 300

Бет саны - 59

ҚАРАҒАНДЫ-2008

«Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша тест тапсырмаларында берілген тақырыптар тізімі 050301- «Заңтану», 021640-«Заңтану»,

050115- «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары үшін





Тақырып №,

Тақырыпша №



Тақырып, тақырыпша аттары

1

Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдістері

1.1

Мемлекет және құқық теориясының пәні, түсінігі

1.2

МҚТ әдістемесі

1.3

МҚТ-ның қоғамдық және заңдық ғылымдар жүйесіндегі орны

2

Мемлекетттің шығу тегі

2.1

Мемлекеттің пайда болу себептері

2.2

Мемлекеттің пайда болу теориялары

2.3

Мемлекет түсінігі, белгілері

3

Мемлекет типологиясы

3.1

Мемлекет типі түсінігі

3.2

Мемлекет типологиясына формациялық көзқарас

3.3

Мемлекет типологясына өркениеттік көзқарас

4

Мемлекет нысаны

4.1

Мемлекет нысаны түсінігі

4.2

Басқару нысаны

4.3

Мемлекеттік құрылым нысаны

4.4

Саяси режим

5

Мемлекет қызметі

5.1

Мемлекет қызметі түсінігі

5.2

Мемлекет қызметінің жіктелуі

6

Мемлекет механизмі (аппараты)

6.1

Мемлекет аппараты түсінігі

6.2

Мемлекет органың жіктеу

6.3

ҚР мемлекеттік аппараты

7

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде

7.1

Қоғамның саяси жүйесіндегі түсінігі, элементтері

7.2

Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің ролі

7.3

ҚР саяси жүйесінің түсінігі

8

Құқықтық мемлекет

8.1

Құқықтық мемлекет түсінігі, белгілері

8.2

Азаматтық қоғам

8.3

Құқықтық мемлекеттегі адам құқығы мен бостандығы

9

Құқық түсінігі, мәні

9.1

Құқықтың пайда болуы

9.2

Құқық түсінігі, белгілері

10

Құқық типі және қазіргінің негізгі құқықтық жүйелері

10.1

Құқық типі түсінігі

10.2

Қазіргінің құқықтық жүйелерін жіктеу

11

Құқық қоғамның әлеуметтік нормалары жүйесінде

11.1

Әлеуметтік норма түсінігі

11.2

Әлеуметтік норма түрлері

12

Құқық нысаны

12.1

Құқық нысаны түсінігі

12.2

ҚР құқық нысаны

13

Құқық нормасы

13.1

Құқық нормасы түсінігі

13.2

Құқық нормасы құрылымы

13.3

Құқық нормасы түрлері

14

Құқықшығармашылық және нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу

14.1

Құқықшығармашылық түсінігі

14.2

Заңшығармашылық үрдісі

14.3

Құқықты жүйелеу түсінігі және түрлері

15

Құқық жүйесі және құрылымы

15.1

Құқық жүйесі түсінігі

15.2

Құқықты реттеу пәні және әдісі салаларға бөлу негізі ретінде

15.3

Құқық жүйесі құрылымы

16

Құқықтық сана

16.1

Құқықтық сана түсінігі

16.2

Құқықтық сана түрлері

17

Құқықтық мәдениет

17.1

Құқықтық мәдениет түсінігі

17.2

Құқықтық мәдениет түрлері

18

Құқықтық қатынас

18.1

Құқықтық қатынас түсінігі

18.2

Құқықтық қатынас түрлері

18.3

Құқықтық қатынас субъектілері

18.4

Құқықтық қатынас объектілері

18.5

Құқықтық қатынас мазмұны

18.6

Заңдық факт

19

Құқық қолдану

19.1

Құқықты жүзеге асыру түсінігі

19.2

Құқықты қолдану

20

Нормативтік актілерді талқылау

20.1

Құқықтық талқылау түсінігі

20.2

Құқықтық талқылау түрлері және әдістері

21

Құқықтық реттеу механизмі

21.1

ҚРМ түсіінігі

21.2

Құқықтық режим

22

Құқық және мінез-құлық

22.1

Құқықтық тәртіп түсінігі

22.2

Құқықтық тәртіп түрлері

23

Құқық бұзушылық және заңда жауапкершілік

23.1

Құқық бұзущылық түсінігі және құрамы

23.2

Құқық бұзушылық құрамы

23.3

Заңды жауапкершілік

24

Заңдылық, құқықтық тәртіп және тәртіп

24.1

Заңдыылық және құқықтық тәртіп түсінігі

24.2

Тәртіп түсінігі және түрлері

25

Құқық және жеке тұлға

25.1

Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі

25.2

Азамат құқығы және бостандығы

"Мемлекет және құқық теориясы"

пәні бойынша тест сұрақтары
1. Мемлекет және құқық теориясы:

A) Мемлекет және құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болуы, мәні, қызметі және дамуы туралы білім жүйесі.

B) Қоғамның құқықтық ұйымының пайда болуының, дамуы мен қызметінің арнайы заңдылықтары туралы гуманитарлы ғылым.

C) Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік құқықтық құбылыстарының құрылу, даму және қызмет етуінің тарихи-теориялық жолдарының жалпы заңдылығы туралы білім жүйесі.

D) Құқықтық мемлекеттің адам және азаматтардың материалды және материалды емес игілігін, осылардың арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заңды ғылым.

E) Мемлекеттік басқару саласында пайда болатын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге бағытталған құқықтық жүйенің дербес саласы.


2. Мемлекет және құқық теориясының пәні:

A) Мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болуы мен дамуының жалпы заңдылықтары.

B) Мемлекеттік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мен дамудың негізгі жалпы заңдылықтарын зерттеудің белгіленген теоретикалық қағидаларын, логикалық әдістері мен әлеуметтік тәсілдер жиынтығын қолдану.

C) Мемлекеттік-құқықтық қатынастар.

D) Азаматтармен өз құқыларын жүзеге асыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар.

E) Мемлекет дүниежүзілік қоғамдастық ретінде.


3. Мемлекет және құқық теориясының әдістемесі:

A) Мемлекет және құқықтың пайда болуы, қызмет ету және дамудың негізгі жалпы заңдылықтары.

B) Білімнің объективті шынайылығын көрсететін, ақиқат білім алу үшін қолданылатын ғылыми әрекеттің қағидаларының, әдістерінің, тәсілдерінің жиынтығы.

C) Мемлекеттік-құқықтық қатынастар.

D) Азаматтармен өз құқыларын жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастар.

E) Мемлекет дүниежүзілік қоғамдастықтың мүшесі ретінде.


4. Білім алу үшін ғылымда қолданылатын құрал, тәсіл, ережелер жиынтығы:

A) Концепциялар.

B) Әдістеме.

C) Функциялар.

D) Презумпциялар.

E) Қағида.


5. Жалпы ғылымдық әдістер:

A) Материалистік, диалектикалық.

B) Статистикалық, кибернетикалық.

C) Жүйелілік, қызметтік.

D) Салыстырмалы-құқықтық, формалды-заңды.

E) Талқылау, анықтау, жүзеге асыру.


6. Мемлекет және құқық теориясының әдістері:

A) Жалпымемлекеттік, жалпы құқықтық, теоретикалық.

B) Фундаменталды, қолданбалы, салалық.

C) Жалпы ғылымдық, жеке ғылымдық.

D) Жалпы міндетті, жеке міндетті.

E) Салалық, тәжірибелік.


7. Заңдық ғылымдар:

A) Белгіленген қоғамдық қатынастар берілген нақты қатысушылардың заңды құқықтары мен міндеттерінің байланысы.

B) Құқықтық құбылыстардың қызмет етуінің кейбір заңдылықтары туралы білім жүйесі.

C) Мемлекеттік құбылыстардың пайда болу, даму және қызмет ету туралы білім жүйесі.

D) Мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болу, даму және әрекет етуінің жалпы және жеке саяси заңды заңдылықтары туралы білімдер жүйесі.

E) Мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болу, даму және қызмет етуі туралы білім алу үшін ғылымда қолданылатын әдістер, тәсілдер жиынтығы.


8. Тарихи-теоретикалық заңдық ғылымдар:

A) Мемлекет және құқық тарихы және криминология.

B) Мемлекет және құқық теориясы және Қазақстан тарихы.

C) Қылмыстық атқару құқығы және әкімшілік құқық.

D) Саяси және құқықтық білімдер тарихы, мемлекет және құқық теориясы.

E) Мемлекет және құқық теориясы, халықаралық құқық.


9. Салалық заңдық ғылымдар:

A) Криминология, прокурорлық қадағалау, криминалистика.

B) Рим құқығы, шет мемлекеттерінің конституциялық құқығы.

C) Мемлекет және құқық теориясы, мемлекет және құқық тарихы.

D) Азаматтық құқық қылмыстық құқық, еңбек құқығы.

E) Заңды психологогия, салық құқығы, әкімшілік құқық.


10. Қолданбалы заңдық ғылымдар:

A) Миниципалды құқық, қаржы құқығы, кәсіпкерлік құқық.

B) Мемлекет және құқық теориясы, саяси-құқықтық білімдер тарихы.

C) Криминалистика, заңдық психология, соттық психиатрия.

D) Криминология, прокурорлық қадағалау, әділ сотты ұйымдастыру.

E) Азаматтық іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығы.


11. Мемлекеттің пайда болуының себептері:

A) Саяси, мәдени.

B) Идеологиялық, діни.

C) Салт-дәстүрлік, әдет-ғұрыптық.

D) Зайырлық, құқықтық, демократиялық.

E) Экономикалық, әлеуметтік.


12. Мемлекет және құқықтың пайда болуының теориялары:

A) Әмбебап, органикалық.

B) Батыстық, шығыстық.

C) Психологиялық, психиатриалық.

D) Азиялық, еуропалық.

E) Патриархалды, органикалық.


13. Мемлекеттің пайда болуының келісімдік теориясының негізін қалаушылар:

A) Покровский, Фильмер.

B) Гоббс, Спиноза, Руссо.

C) Гумплович, Каутский, Дюринг.

D) Энгельс, Маркс.

E) Петражицкий, Гуго.


14. Мемлекеттің пайда болуының күштеу теориясының негізін қалаушылар:

A) Покровский, Фильмер.

B) Эпикур, Спиноза, Руссо.

C) Гумпилович, Каутский, Дюринг.

D) Энгельс, Маркс.

E) Петражицкий, Гуго.


15.Мемлекеттің пайда болуының патриархалды теориясының негізін қалаушылар:

A) Покровский, Фильмер.

B) Эпикур, Спиноза, Руссо.

C) Гумпилович, Каутский, Дюринг.

D) Энгельс, Маркс.

E) Петражицкий, Гуго.


16. Мемлекеттің пайда болуының теологиялық теориясы былай деп түсіндіреді:

A) Мемлекет бір тайпаның екінші тайпаны басып алуы нәтижесінде қырылды.

B) Мемлекет әлеуметтік эволюцияның жемісі, биологиялық организммен тепе-тең.

C) Мемлекет бұл құдай еркінің жемісі.

D) Мемлекет табиғи жолмен пайда болды.

E) Мемлекет тап күресі нәтижесінде пайда болды.


17. Мемлекеттің пайда болуының типтік және ерекше нысандары:

A) Құл иеленушілік.

B) Шығыстық, оңтүстіктік.

C) Римдік, афиндік.

D) Шығыстық, еуропалық.

E) Батыстық, солтүстіктік.


18. Мемлекеттік билік рулық биліктен қандай белгісімен ажыратылады:

A) Экономикалық жүйесімен.

B) Биліктің бөлінуімен.

C) Тұрғындардың аумақтық ұйымдастырылуымен.

D) Мәдени-білімдік қағидасымен.

E) Өндіріс нысанымен.


19. Мемлекет-бұл:

A) Белгілі аумақта саяси билікті жүзеге асырудың құралы мен әдістерінің жиынтығы.

B) Мүшелері көзқарастар бойынша біртұтас болып бірігетін мемлекеттік құрылыс нысаны.

C) Жария-биліктік құзыреті берілген жұмысшы табы жағынан қоғаммен басқаруды жүзеге асыратын саяси биліктік ұйым.

D) Белгілі аумақта атқару-реттеу қызметін жүзеге асыратын саяси ұйым.

E) Белгілі аумақта жоғарғы билікпен қамтылған саяси ұйым.


20. Демократия-бұл:

A) Басқару нысаны, органдарды ұйымдастыру және қызмет ету тәртібі, құрамы, құзіреті.

B) Мемлекеттік құрылыс нысаны, мемлекеттік билікті аумақтық ұйымдастыру.

C) Халықты мемлекеттік биліктің қайнар көзі ретінде тану, оның саяси шешімдерді қабылдауға қатысудағы құқықтарын тану, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың кең көлемін жариялау.

D) Саяси режим нысаны, авторитарлық мемлекеттің бір түрі.

E) Мемлекеттік органдардың депутаттарының жиналысы.


21. Билік-бұл:

A) Қоғамды әлеуметтік ұйымдаструдың негізгі қызметінің бір түрі, адамдардың іс-әрекеттерін басқару мүмкіндігі бар беделді күш.

B) Бір ерікке сендіру және мәжбүрлеудің көмегімен бағындыратын саяси партияның қызметінің негізгі бағыттарының бір түрі.

C) Қоғамдағы мемлекеттік билікті ұйымдастыру.

D) Қанаушы тап тарапынан қоғамды мемлекеттік басқару.

E) Өзара байланысты және біртұтас бірлікті қалыптастыратын элементтердің көп түрлілігі.


22. Қоғам-бұл:

A) Қоғамның біртұтас саяси ұйымы.

B) Ұлттық белгісі бойынша тұлғалардың бірлігі.

C) Тұрақты және объективті сипаттағы көзқарастармен өзара байланысты адамдар жиынтығы.

D) Заң жобаларын дәл және толық жүзеге асыру нәтижесінде анықталатын қоғамдық қатынастар жүйесі.

E) Қоғамдық билік нысаны.


23. Мемлекет типі-бұл:

A) Адам әрекетінің жалпылама нормалары мен принциптері.

B) Адамдар арасындағы қатынастарды реттеуші әлеуметтік нормалардың жиынтығы.

C) Сан алуан мемлекеттердің өздеріне тиісті тұтастай алынған маңызды қасиеттері мен жақтардың жиынтығы және жалпылама ерекшеліктерінің жүйесі.

D) Әр түрлі мемлекеттердің діни, азаматтық, қылмыстық және өзге заңдарының жиынтығы.

E) Мемлекет органдарын ұйымдастыру мен әрекет етуінің тәртібін жүзеге асырушы мемлекеттік билікті ұйымдастыру.


24. Мемлекет типі мынадай болады:

A) Құқықтық.

B) Автократиялық.

C) Унитарлы.

D) Социалистік.

E) Федеративті.


25. Мемлекеттің формациялық типінің басты факторы:

A) Мәдениет деңгейі, дін, адамгершіліктің дамуы.

B) Климаттық және географиялық жағдай.

C) Ұлттық ерекшеліктер.

D) Тұлға бостандығының көріну деңгейі.

E) Өндірістік қатынастар типі.


26. Базис-бұл:

A) Саяси және құқықтық қатынастар жиынтығы.

B) Мемлекеттің экономикалық құрылысы.

C) Адамдардың бірлігі.

D) Ұйымның саяси нысаны.

E) Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы.


27. Қондырма-бұл:

A) Саяси және құқықтық қатынастар жиынтығы.

B) Мемлекеттің экономикалық құрылысы.

C) Адамдардың бірлігі.

D) Ұйымның саяси нысаны.

E) Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы.


28. Өркениеттік мемлекет типінің басты факторы:

A) Қоғамдағы өндірістік қатынастардың даму деңгейі.

B) Тұлға бостандығының көріну деңгейі.

C) Таптық қайшылықтар мен тап күресі.

D) Рухани белгілер.

E) Реттеуші белгілер.


29. Мемлекет нысанының элементтері:

A) Саяси билік, егемендік, басқару нысаны.

B) Басқару нысаны, саяси режим, мемлекеттік құрылыс нысаны.

C) Мемлекеттік құрылыс нысаны, биліктердің тәуелсіздігі, саяси режим.

D) Саяси режим, басқару нысаны, сайлау органдары.

E) Басқару нысаны, саяси режим, құқықтық әдет-ғұрып.


30. Басқару нысаны-бұл:

A) Мемлекеттің құрамдық бөліктерінің арасындағы, орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдарының арасындағы өзара қарым-қатынас сипатын ашатын ұлттық және әкімшілік-аумақтық құрылыс.

B) Мемлекеттік және қоғамдық ұйымның, соның ішінде елдің саяси өміріне қатысатын еңбек ұжымдарының барлық ұиымдастырылған жиынтығын білдіру.

C) Мемлекеттің пайда болу, қызмет ету және дамуының негізгі жалпы заңдылықтары.

D) Мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдісі мен тәсілдерінің жиынтығы.

E) Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарын ұйымдастыру, олардың құрылымы, құрылу тәртібі, құзірет бөлісу және тұрғындармен өзара қарым-қатынасы.


31. Монархия-бұл:

A) Жоғарғы мемлекеттік билік сайланбалы органға берілген басқару нысаны.

B) Жоғарғы мемлекеттік билік билік басында отырған монархқа мұрагерлік жолымен немесе өмір бақиға сайланып берілген басқару нысаны.

C) Қоғамның саяси ұйымының құрылысы.

D) Мемлекеттік құрылыс нысаны.

E) Саяси режим түрі.


32. Республика-бұл:

A) Бірқатар мемлекеттердің одағын білдіретін күрделі мемлекет.

B) Жоғарғы мемлекеттік билік монархқа берілген басқару нысаны.

C) Жоғарғы мемлекеттік билік белгілі бір мерзімге сайланатын сайланбалы органға берілген басқару нысаны.

D) Мемлекеттің саяси өмірін білдіретін және қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдардың жүйесі.

E) Биліктің қайнар көзі ретінде халықты тануға негізделген мемлекеттің қоғамдық билік нысаны.


33. Федерация-бұл:

A) Заңды анықталған бағыныштылыққа ие мемлекеттік құрылымдардан тұратын (одақ, бірлестік) мемлекеттік құрылымның жәй нысаны.

B) Кейбір мәселелер бойынша мемлекеттердің уақытша одағы.

C) Кейбір мәселелер бойынша мемлекеттердің тырақты одағы.

D) Заңды түрде белгілі дербес ылттық - мемлекеттік қырылымнан тыратын (одақ, бірлестік) күрделі басқару нысаны.

E) Мемлекеттік немесе заңды анықталған дербестікке ие ылттық-мемлекеттік қырылымдардан тыратын мемлекеттік қырылымның күрделі нысаны.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет