Ќазаќстан Республикасы


- бөлім. Тоқыма галантерея өндірісі



жүктеу 5.07 Mb.
бет14/17
Дата19.09.2017
өлшемі5.07 Mb.
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

11 - бөлім. Тоқыма галантерея өндірісі

224. Батаншы

Параграф 1. Батаншы, 4- разряд

938. Жұмыс сипаттамасы:

батандарды, олардың бөлшектерін және лента тоқитын станоктардың челноктарын профилактикалық және ағымдағы жөндеу;

неғұрлым жоғары білікті батаншының басқаруымен орта және күрделі жөндеу кезінде, жаңа батондарды дайындау кезінде батандық шеберханада жекелеген ағаш шеберлігі жұмыстарын орындау.

939. Білуге тиіс:

пайдалану барысында батандар мен челноктардың сапасына қойылатын техникалық талаптарды;

батандардың ұсақ ақаулықтарының туындау себептерін, олардың алдын алу және жою тәсілдерін;

батандар мен челноктарды профилактикалық және ағымдағы жөндеу үшін құралдың құрылысы мен пайдалану ережесін;

батандармен өзара әрекеттестікте жұмыс істейтін лента тоқитын станоктардың жұмыс істеу қағидасын.
Параграф 2. Батаншы, 5- разряд

940. Жұмыс сипаттамасы:

лента тоқымашылықта жасалынатын бұйымдардың ассортиментіне сәйкес белгіленген топтар бойынша қарапайым геометриялық формалы жаңа батандар мен челноктарды сызулары мен үлгілері бойынша әзірлеу;

ағаштың сәйкес түрлерін таңдау, арнайы станоктар мен жабдықтарда батандар мен челноктардың барлық бөлшектерін дайындау және әзірлеу;

желім мен басқа материалдарды дайындау;

батандар мен челноктарды жинау, оларды қызмет көрсетілетін станоктарда орнату және өңдеу;

ақаулар тізімдемесіне сәйкес кесте бойынша батандарға орта және күрделі жөндеу орындау.

941. Білуге тиіс:

батандар мен оларға қосалқы бөлшектер дайындау үшін қолданылатын әр түрлі топтағы ағаштардың және басқа материалдардың қасиеттерін;

сызу бойынша қарапайым геометриялық формалы батандар мен челноктарды дайындау және жинау тәсілдерін;

бұйымдардың еніне байланысты топтар бойынша батандарға есептеулер орындау әдісін;

пайдалану барысында батандардың сапасына қойылатын талаптарды, ақаулықтардың туындау себептерін;

олардың алдын алу және жою тәсілдерін;

құрал-жабдықтың құрылысын, аспаптың, бақылау-өлшеу құралдарының және батандарды дайындау мен әзірлеу кезінде қолданылатын жабдықтарды пайдалану ережесін;

батандармен өзара әрекеттестікте жұмыс істейтін лента тоқитын станоктардың жұмыс істеу қағидасын.

Параграф 3. Батаншы, 6-разряд

942. Жұмыс сипаттамасы:

лента тоқымашылықта жасалынатын бұйымдардың ассортиментіне сәйкес белгіленген топтар бойынша қарапайым геометриялық формалы жаңа батандар мен челноктарды сызулары мен үлгілері бойынша әзірлеу;

ағаштың сәйкес түрлерінен батандар мен челноктардың барлық бөлшектерін дайындау;

челноктарды өңдеу, тегістеу және лактау.

943. Білуге тиіс:

батандар мен оларға қосалқы бөлшектер дайындау үшін қолданылатын әр түрлі топтағы ағаштардың және басқа материалдардың қасиеттерін, бірдейлендіру тобын ескерумен сызулар бойынша күрделі геометриялық формалы батандар мен челноктарды дайындау, жинау тәсілдерін;

батандарды пайдалану процесінде ақаулықтардың туындау себептерін;

олардың алдын алу және жою тәсілдерін.


225. Фестондар кесуші

Параграф 1. Фестондар кесуші, 4- разряд

944. Жұмыс сипаттамасы:

кесетін машинада бір уақытта шілтерлердің сапасын және дөңгелетуін бақылаумен контур бойынша шілтерлердің фестондарын кесу;

катушканы кесетін машинаға орнату, шілтерлерді машинаға салу үшін фестондарды қолмен кесу;

шілтерлердің фестондарын кесу сапасын, құралдардың көрсеткіштері бойынша шілтерлердің орауларының тығыздығын, ұзындығын бақылау;

фестондарды кесу дәлдігін реттеу, ақауларды анықтау, оларды жою және шілтерлердің ұштарын қосу;

шілтерлердің сортының мемлекеттік стандартқа сәйкестігін анықтау;

дайын өнімге этикеткаларды ресімдеу;

дайын өнімді түсіру және қалау;

машинаны тазарту және сүйкелетін беттерін майлау.

945. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың құрылысын және оның негізгі механизмдерінің өзара әрекеттестігін;

шілтерлердің ассортиментін, фестондарды кесу, дайын өнімге этикеткаларды орау, маркалау және ресімдеу ережесін;

шілтерлерді ораудың белгіленген ұзындығын;

шілтерлердің сортын анықтау мен фестондарды кесуге мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды.


226. Тоқыма галантерея бұйымдарының тігушісі

Параграф 1. Тоқыма галантерея бұйымдарының тігушісі, 2- разряд

946. Жұмыс сипаттамасы:

қол жетегімен «Пантограф» машинасында әр түрлі маталар мен тюльде суреттерді тігу;

тігіс машиналарын матамен құю;

берілген сурет бойынша майланған жіптерімен инелердің қоюларын таңдау;

шпильдік штангаларды салу және алу;

үзілу жерін белгілеумен жіптердің үзілуін болдырмау;

инелерді жіптерден тазарту;

тігу сапасын бақылау, жіптердің ұштарын кесу;

тігілген матаны алуға қатысу;

инелермен және жіптермен катушкалармен автоматты таңдау және май құю;

дайындалған жіптерімен инелерді алу және оларды белгіленген тәртіпте тапсыру;

катушкаларды ауыстыру;

белгіленген ақауларды қарау, матаны немесе бұйымды кергіштерге салу, матаны жіптен тазарту, суретті қалпына келтіру;

инелер мен шпульдарды ауыстыру;

өнімді алу және тапсыру;

қызмет көрсетілетін машиналардың сүйкелетін беттерін тазарту және майлау және ұсақ ақаулықтарды жою.

947. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін машиналардың құрылысын және олардың негізгі механизмдерінің өзара әрекеттесуін;

матаның тоқылуларының, суреттерінің және оюларының ассортиментін, түрлерін;

қолданылатын жіптердің түрлерін, матаның номиналды тығыздығын, инелердің нөмірлерін, бұйымдардың сорттарын анықтау әдістерін;

қызмет көрсетілетін машиналарды тазарту және майлау тәсілдерін және кезеңділігін.
Параграф 2. Тоқыма галантерея бұйымдарының тігушісі, 3- разряд

948. Жұмыс сипаттамасы:

механикалық жетегімен екі жекенді «Пантограф» машинасында әр түрлі маталар мен тюльде суреттерді тігу, тігін машиналарында бұзылған оюларды тігу және 6-9 кластардың гардиналық машиналарынан гардиналық тюльде, тегіс матамақта тюльде, машиналардың матасында суретті толық қалпына келтіру, тегістейтін білікшеден, бридтан, бекітпенің әр түрлерінің үйіндісі мен тігістер мен жолдардың басқа түрлерінен тұратын тігілген матада қарапайым суреттерді кестелеп бұрынғы қалпына келтіру, челноктарды челноктық тігетін машиналардың челноктық механизміне қою;

маталарды кестелеуге дайындау және оларды қызмет көрсетілетін машинаға қою;

катушкаларды ауыстыру, жіптердің үзілуін жою, тереңдігін реттеу;

тігілетін бұйымдардың сапасын бағалау, май дақтарын кетіру;

матаны қарау, белгіленген ақауларын тексеру және бұзылған суретті қалпына келтіру тәсілін анықтау;

инелер мен шпульдарды ауыстыру, челноктарды шпульдармен толтыру;

челноктық тігетін машиналарда челноктарды ауыстыру, челноктық жіптердің созылуын реттеу;

тігілген матаны салуға, домалатуға және алуға қатысу.

949. Білуге тиіс:

қолданылатын құрал-жабдықтың құрылысын және оның механизмдерінің өзара әрекеттесуін;

суреттер мен оюлардың ассортиментін, түрлерін, тоқылуларын, матаның номиналды тығыздығын және қолданылатын жіптердің түстерін;

суреттерді тігуге мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды.


Параграф 3. Тоқыма галантерея бұйымдарының тігушісі, 4- разряд

950. Жұмыс сипаттамасы:

челноктық тігін автоматты машиналарда тоқыма матада, тюльда, маталарда әр түрлі суреттерді тігу, әр түрлі формалы және мөлшерлі қиықтардан, тегістейтін білікшеден, бридтан, бекітпенің әр түрлерінің үйіндісі мен тігістер мен жолдардың басқа түрлерінен тұратын тігілген матада қарапайым суреттерді кестелеп бұрынғы қалпына келтіру, тігін машиналарында тігу арқылы гардин тігетін және негіз тігетін машиналардан даналық бұйымдарда, гардиндық матада, гардиндық тюльде, шілтер бұйымдарда және шілтер матада бұзылған суреттерді қалпына келтіру;

берілген суретті тігу процесін, автоматты ауыстырып қосуды, карталарды ауыстырып қосуды қадағалау;

жіптердің үзілулерін болдырмау, катушкалардың орнын ауыстыру;

тігілетін бұйымдардың сапасын анықтау;

тігілген матаны алу, матаны домалатуды жүзеге асыру және өнімді белгіленген тәртіпте тапсыру;

матаны жіптерден тазарту;

суретті қалпына келтіру тәсілін анықтау;

сагреттелген машиналарды жұмыс істеу кезінде: агрегатқа орамды және тауарлық білікті орнату, қатты матаның сапасын бақылау;

ақауларды анықтау, мемлекеттік стандарттарға сәйкес сортын анықтау;

қолданылатын құрал-жабдыққа күтім жасау және кішігірім ақаулықтарды жою.

951. Білуге тиіс:

қолданылатын құрал-жабдықтың құрылысын, оларды пайдалану және күтім жасау ережесін;

карталарды ауыстыру тәсілдерін;

суреттердің түрлері мен олардың бұйымдарда орналасуын;

тоқылулар ассортименті мен түрлерін, бұйымдардың сортын анықтау әдістерін;

суреттерді тігуге мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды.


Параграф 4. Тоқыма галантерея бұйымдарының тігушісі, 6-разряд

952. Жұмыс сипаттамасы:

«Қозы», «тізбек» тігіндерімен және 32-ден 38 тонды жіптерге дейін қолданумен көсем портретінің бүкіл бетін тоқыма-тігін машиналарында көркем тігу;

көркем портреттен барельеф калькасына көшіру, графиттің көмегімен матаға барельеф түсіру;

үлгі – эталондарға сәйкес жіптерді іріктеп алу;

инелерді және шпульді алмастыру, жіптердің үзілулерін болдырмау, жіптердің созылуы мен жол жиілігін реттеу;

тоқыма-тігін машиналарын тазарту және майлау.

953. Білуге тиіс:

портретті көшіру және тігу техникасы мен тәсілдерін;

жіптердің түрлерін мен түстерін;

тігіс түрлерін, тоқыма-тігін машиналарының құрылысы мен пайдалану және оларға күтім жасау ережесін;

жіптердің созылуы мен жолдың жітілігін реттеу тәсілдерін;

жіптердің сызықтық тығыздығын, қолданылатын құрал-жабдықты тазалау және майлау тәсілдері мен кезеңділігін.
227. Тоқыма галантерея бұйымдарының тоқушысы

Параграф 1. Тоқыма галантерея бұйымдарының тоқушысы, 1- разряд

954. Жұмыс сипаттамасы:

баудан, мақта-мата және химиялық талшықтардан жіптен шаруашылық және шашқа арналған торларды тоқу;

шикізатты жұмысқа дайындау;

қабылданған үлгілерге және олардың сапасына қойылатын талаптарға сәйкес торларды тоқу;

дайын торларды тапсыру.

955. Білуге тиіс:

шикізаттың түрлері мен номиналдық сызықтық тығыздықты;

бұйымдардың белгіленген түрлерін және тоқу ережесін.


Параграф 2. Тоқыма галантерея бұйымдарының тоқушысы, 2-разряд

956. Жұмыс сипаттамасы:

волейбол, баскетбол, теннис торларын, футбол қақпаларына арналған торларды, мақта-мата, капрон баулардан және кордты жіптерден және баулардан қолмен істелетін қарапайым жабдықтарды тоқу.

берілген мөлшерлер бойынша қолданылатын материалды тасу және кесу, челноктарды орау.

түйіндердің созылу тығыздығын, ұяшықтардың түрлерін және мөлшерлерін, операцияларды орындаудың сапасы мен реттілігін сақтаумен торларды тоқу.

торларды тоқу кезінде бекіту үшін капрон жіптердің түйіндерін кесу және балқыту.

дайын өнімді қаттап салу және анықталған тәртіпте беру.

жұқа тақтайшаны арнайы жабдықта тоқу кезінде бекіту, жұқа тақтайшаның саңылауларына жіптер мен тігілген матаның бауларын тарту, ішектерді берілген мөлшерге дейін керу және оларды торға екі жақтан бекіту, сақиналарды дайындау және оларға коуштарды қою.

957. Білуге тиіс:

тоқылған торлардың ассортименті мен мөлшерлерін, оларды дайындау технологиясын;

ұяшықтардың формалары мен мөлшерлерін;

қолданылатын материалдардың қасиеттерін.


Параграф 3. Тоқыма галантерея бұйымдарының тоқушысы, 3- разряд

958. Жұмыс сипаттамасы:

баутоқитын, бахромды, айналымдық және әртүрлі жүйелер мен сыныптардың аграмантты машиналарында

орамалдарды, шарфтарды, өңдеу төсемдерін және шикізаттың әр түрлі түрлерінен басқа бұйымдарды тоқу;

түсетін шикізаттың сапасын, тығыздығы мен түсі бойынша оны номинал ұзындық тығыздыққа сәйкестігін бақылау;

инелерді түзету, катушкаларды, инелерді, шпульдарды, бобиналарды, пластиналарды ауыстыру;

істелген тоқыма-галантереялық бұйымдарды алу;

есептегішті және орамалдың суреті өзгертуге арналған механизмдерді ауыстырып қою;

қолданылатын құрал – жабдықты жөндеуге беруге және оны жөндеуден қабылдауға қатысу;

қызмет көрсетілетін машиналарды тазарту және сүйкелетін беттерін майлау.

959. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін машиналардың құрылысын және оларды пайдалану және күтім жасау ережесін;

өңделетін шикізаттың түрлерін және оның сапасына қойылатын талаптарды, дайындалатын бұйымдардың ассортименті мен реттейтін есептеулерді;

тоқылулардың түрлерін, тоқу тығыздығын реттеу ережесін;

дайындалатын бұйымдарға мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды;

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықты тазалау және майлау тәсілдері мен кезеңділігін.


Параграф 4. Тоқыма галантерея бұйымдарының тоқушысы, 4- разряд

960. Жұмыс сипаттамасы:

жаккардты аппаратпен гардин тоқитын машиналарда, әр түрлі класты негізтоқитын машиналарда қарапайым кестелі матаны және дана бұйымдарды (жапқыш, жамылғы, алаша және тағы басқа) тоқу, әртүрлі табиғи және химиялық талшықтардан негізтоқитын машиналарда тоқыма бауларды тоқу.

есептеулерге сәйкес қызмет көрсетілетін майларды реттеуге қатысу.

катушкалар мен навойларды ауыстыру, жіптердің үзілулерін болдырмау, бұйымдардың тығыздығын тексеру, тоқу раппортын сақтау.

жіптердің үзілушілігі мен дайындалатын бұйымдардың ақауларының алдын алу бойынша алдын алу жұмыстарын орындау.

инелерді ауыстыру және түзету, істелген өнімді түсіруге, құрал-жабдықты жөндеуден алуға қатысу.

инелерді үрлеу.

қызмет көрсетілетін машиналарды тазарту және сүйкелетін беттерін майлау.

961. Білуге тиіс:

тоқу машиналарының әр түрлі кластарының құрылысын, конструкциялық ерекшеліктері және пайдалану ережесін;

өңделетін шикізаттың түрлерін және оның сапасына қойылатын талаптарды;

тоқылулар түрлері, суреттері мен ені бойынша қызмет көрсетілетін машиналарды реттеудің есептеулерін, өңделетін шикізаттың түрлері мен сызықтық тармақтығын, шикізаттың, дайын өнімдердің және навойлардың сапасына қойылатын талаптарды;

негіздерді, кесу ұзындығын іріктеу ережесін және тоқыма-галантерея бұйымдарына мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды;

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықты тазалау және майлау тәсілдері мен кезеңділігін.
Параграф 5. Тоқыма галантерея бұйымдарының тоқушысы, 5- разряд

962. Жұмыс сипаттамасы:

екі жаккардты аппаратпен негізтоқитын машиналарда қарапайым күрделі суретті гардин матаны және дана бұйымдарды (жапқыш, жамылғы, алаша және тағы басқа) тоқу, талшықтардың әр түрлі түрлерінен күрделі тоқудағы және суретті шілтерлерді, көптарақты негізтоқитын машиналарда эластикалық тоқыма баулар мен эластикалық маталарды тоқу;

теңестіретін жабдықты реттеумен навойларды ауыстыру, технологиялық үздіксіздігін, шикізатты үнемді жұмсауды, мата мен бұйымдардың сапасын қамтамасыз ететін басқа жұмыстарды орындау;

жіп құрайтын жүйенің күйі қадағалау, инелерімен пластиналарды ауыстыру және оларды түзету;

аркаттың созылуын реттеу және үзілуін болдырмау;

істелген өнімді түсіруге, қызмет көрсетілетін машиналарды жөндеуге тапсыруға және одан алуға қатысу.

963. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін машиналардың құрылысын, белгіленуі мен пайдалану ережесін;

қайта өңделетін шикізаттың түрлерін және қасиеттерін;

шикізаттың сапасына қойылатын талаптарды, тоқылулар түрлері, суреттері мен ені бойынша қызмет көрсетілетін машиналарды реттеудің есептеулерін және ассортиментін;

тоқыма-галантерея бұйымдарға мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды;

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықты тазалау және майлау тәсілдері мен кезеңділігін.
228. Қан жүретін тамырлардың протездерін гофрлеуші

Параграф 1. Қан жүретін тамырлардың протездерін гофрлеуші, 3- разряд

964. Жұмыс сипаттамасы:

гофрленген станокта қан жүретін тамырларды гофрлеу және оларды автоклавта жылу өңдеу;

түтіктерді-дайындауларды, вискозды жіптерді және оймамен металл оқтамаларды дайындау, өзекке түтік-дайындау, патронда өзекті бекіту, жіптерді өзектің оймасына сәйкес кигізу;

гофрленген станоктан өзекті түсіру және жылулық өңдеу үшін оны автоклавтарға салу, түтік-дайындаумен өзекті алу, жіптер мен гофрленген протезді суыту, алу;

гофрленген протездің сапасын бақылау;

қан жүретін тамырлардың гофрленген протездерін белгіленген тәртіпте тапсыру;

гофрленген станокты және автоклавты тазалау, сүйкелетін беттерін майлау.

965. Білуге тиіс:

гофрленген станоктың және автоклавтың құрылысы мен пайдалану ережесін;

оймасымен металл өзектерді және түтік-дайындаулардың түрлері мен мөлшерлерін;

қан жүретін гофрленген протездердің сапасына қойылатын талаптарды;

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықты тазалау және майлау тәсілдері мен кезеңділігін.


229. Шілтерлерді кесуші

Параграф 1. Шілтерлерді кесуші, 1- разряд

966. Жұмыс сипаттамасы:

қосатын жіпті алып тастау арқылы шілтерлі матаны желегене ленталарға (жолақтарға) қолмен бөлу;

біркелкі созумен қосатын бірнеше жіптерді тарту;

жіптердің үзілулері мен тартылуларының алдын алу;

шілтерлердің шеттерін челноктық жіптерден тазарту;

бөлінген шілтерлерді орауларға байлау және оларды белгіленген тәртіпте тапсыру.

967. Білуге тиіс:

шілтерлердің түрлерін, артикулдары мен енін;

реттеу түрлері бойынша қосатын жіптердің орналасуын.
Параграф 2. Шілтерлерді кесуші, 2- разряд

968. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық режимге сәйкес бір уақытта өлшеумен және тауар білігіне ораумен бұзылатын машиналарда шілтерлі маталарды жекелеген ленталарға (жолақтарға) бөлу;

шілтерлі матаны дайындау, оны үзетін машинаға тиеу;

шілтерлі матаның еніне сәйкес бөлгіштерді орнату, біліктердің, жүктердің қозғалысын, қосатын жіптер мен матаның созылуларын реттеу;

шілтерлі матаны жекелеген ленталарға бөлудің сапасын бақылау;

бөлетін жіптердің тартулары мен үзілістерінің алдын алу;

жекелеген ленталарды тауарлық білікке орау сапасын бақылау;

тауарлық білікті түсіру және орнату, түсіру;

есептегіштің көрсеткіштері бойынша шілтерлердің метражын жазу;

ажырайтын машиналарды тазарту.

969. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын және оның негізгі механизмдерінің өзара әрекеттестігін;

шілтерлі матаның және шілтерлердің құрылымын, шілтерлердің артикулдары мен енін;

реттеу түрлері бойынша қосатын жіптердің орналасуын;

шілтерлерге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды;

ажырайтын машиналарды тазалау тәсілдері мен кезеңділігін.
Параграф 3. Шілтерлерді кесуші, 3- разряд

970. Жұмыс сипаттамасы:

бір уақытта өлшеумен және олардың тауардың білікке ораумен әр түрлі тарқататын немесе электр балқытатын машиналарда шілтер матаны жекелеген ленталарға (жолақтарға) бөлу;

шілтер матаны қызмет көрсетілетін машинаға тиеу;

жолақтардың еніне сәйкес бөлгіштерді (электрпышақтарды) орнату, біліктердің, жүктердің қалпын, камерадағы температураны, қосатын жіптер мен матаның созылуларын реттеу;

шілтерлі ленталарды бөлу, тістерін кесу, жекелеген ленталарды тауарлық білікке бөлі мен ораудың сапасын, жұмыс кезінде бөлгіштердің (электрпышақтардың) қалпын, қызмет көрсетілетін машиналарда аспаптардың көрсеткіштерін бақылау;

қосатын жіптерді балқытудың температуралық режимдерін, қозғалыс жылдамдығын және балқыту сапасын сақтау;

есептегіштің көрсеткіштері бойынша метражды жазу;

дайын өнімді түсіру;

желдету қондырғысын қосу және жұмысын қадағалау.

971. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын және оның негізгі механизмдерінің өзара әрекеттестігін;

шілтерлі матаның және шілтерлердің құрылымын, шілтерлердің (жолақтардың) ленталарының артикулдары мен енін;

жіптерді балқытудың температуралық режимдерін.
230. Шашақ жіп әзірлеуші

Параграф 1. Шашақ жіп әзірлеуші, 2- разряд

972. Жұмыс сипаттамасы:

шашақ жіп әзірлеу.

қызмет көрсетілетін машинаны тоқыма жіппен реттеу, катушкаларды ауыстыру, жүзді ұстағышқа салу және оны шашақ жіп түгінің қажетті биіктігін қамтамасыз ету үшін реттеу;

сымды тарту, сымымен катушкаларды және ұштарын бітеумен жетектік белдіктерді ауыстыру;

өнімнің сапасын бақылау және ақаулардың алдын алу мен жою бойынша шаралар қабылдау;

қызмет көрсетілетін машинаны тазарту және сүйкелетін беттерін майлау.

973. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін машинаның құрылысын және механизмдерінің өзара әрекеттестігін;

қайта өңделетін шикізаттың, жартылай фабрикаттардың түрлерін және қасиеттерін және олардың сапасына қойылатын талаптарды;

шашақ жіптің сорттылығын анықтау әдістерін;

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықты тазалау және майлау тәсілдері мен кезеңділігін.
231. Шілтерші

Параграф 1. Шілтерші, 2- разряд

974. Жұмыс сипаттамасы:

12-ге дейін жұп санымен коклюшкада берілген суретке сәйкес шілтер тоқу.

жұмыс суретті (кестені) жастыққа бекіту, раппорт істеген кезде суретті ауыстыру, суретке сәйкес жіптерді түйреуіштерге іліп қою.

тоқудың қарапайым элементтерімен қос техникамен шілтерлердің тоқу: тормен, мәскеу шарбақпен, 4-6-қос кішкене өрмекшілермен, түзу құрумен, фестондармен.

тоқылулардың есебімен ақ және түрлі түсті шілтерлерді және сурет бойынша өрулерді қарапайым элементтермен даярлау.

белгіленген тәртіпте істелген өнімді беру.

975. Білуге тиіс:

күрделі емес оюлы жұпты шілтерлер тоқудың техникасы мен тәсілдерін;

бір тоқу элементінен екіншісіне көшу, дайындалатын бұйымдардың мөлшерлері мен артикулдары;

берілген суретті орындау үшін жіптердің номиналды сызықтық тығыздығы мен жіптердің нормасын;

пайдаланатын құралдарды пайдалану ережесін.
Параграф 2. Шілтерші, 3- разряд

976. Жұмыс сипаттамасы:

12-ден 20-ға дейін жұп санымен коклюшкада берілген суретке сәйкес шілтер және даналап сатылатын шілтер бұйымдарды тоқу;

неғұрлым күрделі: сопақ, квадрат, бедерсіз бір түсті шарбақпен және кішкене ромбылармен, тормен, тіркесулермен, шалулармен және қарапайым тігістермен, кішкене өрмекшілермен, әр түрлі тоқудағы фестондармен шілтерлерді тоқу;

4 мм дейін және одан да көп ұяшық мөлшерімен филелік шілтерлі бұйымдар үшін қолмен тор тоқу.

977. Білуге тиіс:

көбірек күрделілермен үйлестіруде өрудің қарапайым элементтерімен жұп және тізбекті шілтерлерді тоқу техникасын;

дайындалатын бұйымдардың мөлшері мен ассортиментін;

тоқудың жұпты және тізбекті техникасының ұтымды әдістерін;

тігулердің орындау кезінде жіптерді үзу, бекіту және керу тәсілдерін;

шілтерлер үшін торлар мен түйіндер байлау тәсілдерін.

Параграф 3. Шілтерші, 4-разряд

978. Жұмыс сипаттамасы:

20-дан 30-ға дейін жұп санымен коклюшкада шілтерлерді және даналап сатылатын шілтер бұйымдарды тоқу.

шілтерлердің және шілтер бұйымдардың берілген суретіне сәйкес келесі тоқу элементтерімен жұп, тізбекті және жұп-тізбекті техникасымен тоқу: шалулармен және «жіппен» және «бұрымшамен» ширатпамен тура сызықты формаларда тоқу.

суретсіз ақ және гүлді шілтерлерді және суретпен шілтерлі шырмауларды, 4-6-жұпты өрмекшімен шалып тоқу, ширатпа түрінде екі жұптан гүлді ораумен тоқу.

3 мм дейін ұяшық мөлшерімен филелік шілтерлер мен шілтерлі бұйымдарға арналған торды қолмен тоқу.

979. Білуге тиіс:

тоқудың барлық элементтерімен жұпты, тізбекті және жұпты- тізбекті шілтерлер тоқудың техникасы мен тәсілдерін;

жіптерді қысқарту және қосу тәсілдерін;

селдір тоқулармен тігістерде және «жіппен» және «бұрымшамен» ширатпада жіптерді бекіту және үзу ережесін.
Параграф 4. Шілтерші, 5-разряд

980. Жұмыс сипаттамасы:

30-дан 40-қа дейін жұп санымен коклюшкада шілтерлерді және даналап сатылатын шілтер бұйымдарды тоқу;

өсімдік, геометриялық әр түрлі суреттерді және тоқудың әр түрлі элементтерімен өсімдік және геометриялық оюларды тоқу.

981. Білуге тиіс:

әр түрлі суретті шілтерлерді және даналап сатылатын шілтер бұйымдарды тоқу техникасы мен тәсілдерін;

жұптарды енгізу және шығару және оларды оюлап тігу ережесін.
Параграф 5. Шілтерші, 6-разряд

982. Жұмыс сипаттамасы:

40-тан 50-ге дейін жұп санымен коклюшкада шілтерлерді және даналап сатылатын шілтер бұйымдарды тоқу;

өсімдік, геометриялық суреттерді және жекелеген сюжетті формаларды қосумен, оюлар мен бұйымдардың жекелеген бөлшектерін тігумен жоғары көркем суретті тоқу.

983. Білуге тиіс:

шілтерлерді және даналап сатылатын шілтер бұйымдарды тоқу техникасы мен тәсілдерін;

суретті құраушы бөліктерге бөлу ережесін;

жұмыс суретін оюдың сюжеттік формаларына қоюды;

оюлар мен бұйымдардың жекелеген бөлшектерін тігуді.
Параграф 6. Шілтерші, 7- разряд

984. Жұмыс сипаттамасы:

50-ден жоғары жұп санымен бірегей, көрмеге қоятын шілтерлерді және даналап сатылатын шілтер бұйымдарды тоқу;

алтындатылған және күміс тәрізді жіптерді, маржан моншақты, жылтырақтарды, синтетикалық талшықты жіптерді әр түрлі материалдарды пайдаланумен өсімдік және геометриялық оюлы әр түрлі суреттерді, сюжеттік-тақырыптық суреттерді тоқу.

985. Білуге тиіс:

сюжеттік-тақырыптық суретті жоғары көркем шілтерлі тоқу техникасы мен тәсілдерін;

шілтерлер тоқу кезінде алтын және күміс тәрізді жіптерді тарту ерекшеліктері мен тәсілдерін;

шілтерге моншақты, жылтырақтарды және жекелеген әрлеу материалдарын енгізу кезінде жіптерді тоқу тәсілдерін;

жұптарды тоқу реттілігі және жастыққа коклюшканы салу ережесін.
232. Бауларды есуші

Параграф 1. Бауларды есуші, 3-разряд

986. Жұмыс сипаттамасы:

есу машиналарында және қолмен бұрымдық және фасондық бауларды есу;

бұрымды, бизаны, иірілген жіптен трунсаланы, әртүрлі және ұзындық тығыздықты жібекті алу;

жіппен немесе жібекпен бобиналарды бұраулық машинаға салу, бобиналарды ауыстыру;

баудың есілуі сапасын бақылау;

істелген өнімді түсіру және оны белгіленген тәртіпте тапсыру;

бау жіп жгуттарын, трунсалды немесе екі ұшынан ілмекке бизаны кигізу және белгіленген ұзындықты бауларды қолмен айналдыру;

дайын бауларды орауға жинау және сөрелерге қою;

айналдыру машинасын тазарту және сүйкелетін беттерін майлау.

987. Білуге тиіс:

есу машинасының құрылысы мен пайдалану ережесін және оның негізгі механизмдерінің өзара әрекеттестігін;

өңделетін жіп пен жібектің түрлерін, қасиеттері мен номиналды сызықтық тығыздығын;

әрбір түр мен артикул бойынша ұзындық бірлігіне есулер санын;

реттеу деректерін, бауды алу және салу ережесін;

қолданылатын құрал - жабдықты тазалау мен майлау тәсілдерін және кезеңділігін.
233. «Пантограф» кесте тігетін машинасының машинисі

Параграф 1. «Пантограф» кесте тігетін машинасының

машинисті, 4-разряд

988. Жұмыс сипаттамасы:

механикалық және қол жетектерімен «Пантограф» екі желкенді машиналарында әр түрлі мата мен тюльда күрделі емес суреттерді тігу;

қызмет көрсетілетін машинаны матамен тиеу, суреттің сызуын пантографтық тақтада орнату және бекіту;

түсетін жіптердің номиналды сызықтық тығыздық пен түсіне сәйкестігін тексеру;

сурет раппортын, инелердің жүру жүйеліліктерін, тығыздықтарын, мөлшерлерді және берілген суретке сәйкес қабулардың тереңдіктерін сақтау;

тігілетін бұйымның сапасын қамтамасыз ету;

кестелеп тігілген матаны алу;

орта және күрделі жөндеуден қызмет көрсетілетін машинаны қабылдауға қатысу, оны жөндеуден кейін дайындау;

инелік және челноктық жұқа тақтайшаларды қозғалысына сәйкес тігетін рамамен (пантографпен) басқару, жұмыс барысында шпильдік, фестондық және инелік механизмдерді қосу және сөндіру, механикалық және қол жетектерімен «Пантограф» машиналарында жұмыс кезінде-инелік және челноктық жіптердің созылуын реттеу мен сақтау;

қол жетегімен «Пантограф» машиналарында жұмыс істеу кезінде-белгілі созуды сақтаумен каретканың көмегімен жіптің ұзындығы қашықтығына мата арқылы инелерді беруді бір уақытта басқару кезінде рамаларды ауыстыру;

қызмет көрсетілетін машинаны тазарту және сүйкелетін беттерін майлау.

989. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін машиналардың құрылысын және олардың негізгі механизмдерінің өзара әрекеттестігін;

тігілетін суреттердің сызуларын және олардың шартты белгілерін;

суреттердің раппорттарын, қабуларда тігу тығыздығын, инелердің нөмірлерін және олардың пайдалануын, қолданылатын жіптердің түстерін және сызықтық тығыздығын;

тігілген матаның және бұйымдардың сорттылығын анықтау тәсілдерін;

қолданылатын құрал-жабдықты тазалау мен майлау тәсілдерін және кезеңділігін,


Параграф 2. «Пантограф» кесте тігетін машинасының

машинисті, 5-разряд

990. Жұмыс сипаттамасы:

механикалық және қол жетектерімен «Пантограф» екі желкенді машиналарында әр түрлі мата мен тюльда күрделі суреттерді тігу;

қызмет көрсетілетін машинаны матамен тиеу, суреттің сызуын пантографтық тақтада орнату және бекіту, түсетін жіптердің номиналды сызықтық тығыздық пен түсіне сәйкестігін тексеру;

сурет раппортын, инелердің жүру жүйеліліктерін, тығыздықтарын, мөлшерлерді және берілген суретке сәйкес қабулардың тереңдіктерін сақтау;

тігілетін бұйымның сапасын қамтамасыз ету;

кестелеп тігілген матаны алу;

орта және күрделі жөндеуден қызмет көрсетілетін машинаны қабылдауға қатысу, оны жөндеуден кейін дайындау;

қызмет көрсетілетін машинаны тазарту және сүйкелетін беттерін майлау;

қызмет көрсетілетін машинаға ұсақ жөндеу механизмдерін орындау.

991. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін машиналардың құрылысын және олардың негізгі механизмдерінің өзара әрекеттестігін;

тігілетін суреттердің сызуларын және олардың шартты белгілерін, суреттердің раппорттарын;

қабуларда тігу тығыздығын, инелердің нөмірлерін және олардың пайдалануын, қолданылатын жіптердің түстерін және сызықтық тығыздығын;

тігілген матаның және бұйымдардың сорттылығын анықтау тәсілдерін, қолданылатын құрал-жабдықты тазалау мен майлау тәсілдерін және кезеңділігін.


234. Плунжерлік машинаның машинисі

Параграф 1. Плунжерлік машинаның машинисі, 6- разряд

992. Жұмыс сипаттамасы:

карталарды патрондау, кесу және суретшінің суретіне сәйкес плунжерлік машинада үлгілерді тігу бойынша жұмыстарды орындау;

суретші жасаған патрон-суретті зерттеу, және оны жөндеу;

картонды таңдап алу;

жаккардты картонда сурет салу және талшық түрін, тығыздықты және тоқылуды есепке ала отырып, оны кестелеуге арналған матаның үлгісіне түсіру;

кесілген карталарды тексеру;

автоматты кестелейтін машинаға карталарды қою, реттеу есебін және кестелейтін өндірісте жаңа суреттерді енгізулердің есебін жүргізу;

реттейтін карталарды көшіріп алу және бақылау;

кестелейтін автоматты машиналарға арналған жаккард карталардың коллекцияларын құрастыру.

993. Білуге тиіс:

қолданылатын құрал-жабдықтың құрылысы мен пайдалану ережесін;

тігілетін суреттердің сызуларын және шартты белгілерді;

суреттердің раппорттарын, қабуларда тігу тығыздығын, инелердің нөмірлерін және олардың пайдалануын;

суретті картонға салу тәсілдерін;

жаккардты картонның мөлшерін;

түрлері мен қасиеттерін;

жаккардты карталарды жинау және сақтау ережесін.
235. Бауға ұштарын толтырушы

Параграф 1. Бауға ұштарын толтырушы, 2- разряд

994. Жұмыс сипаттамасы:

автоматтың немесе қол штампының көмегімен бауға ұштарын толтыру, толтыратын машинада сапұстағыштарды бекіту;

бауды және нитронегізді реттеу, автоматты ацетонмен қанықтыру үшін резервуарды толтыру;

дайын бауларды транспортерден түсіру, ақау бауларды ақауға шығару;

пачкаларға дайын бауларды байластыру;

қызмет көрсетілетін машинаны тазарту және сүйкелетін беттерін майлау;

қол жетекті матрицаға металл ұштарды, бауды, металл бекіткішті, толтыратын машинаның матрицасына сапұстағыштарды толтыру.

995. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың құрылысы мен пайдалану ережесін;

баудың артикулдарын;

мөлшерін және ассортиментін, қолданылатын құрал-жабдыққа күтім жасау ережесін.
236. Тоқитын құрал-жабдықтың операторы

Параграф 1. Тоқитын құрал-жабдықтың операторы, 3- разряд

996. Жұмыс сипаттамасы:

әр түрлі конструкциялардың машиналарында бауларды, фалдарды, тоқыма бауды және талшықтардың әртүрлі түрлерінен шілтерлерді және эластөлшеулі жіптерді өру;

түсетін шикізаттың сапасын, оның номиналды ұзындық тығыздыққа сәйкестігін бақылау;

өру машинасына негіз жіптерді және тоқыма қабықты толтыру;

шпуль мен катушкаларды ауыстыру, жіптердің үзілулерін болдырмау, негіз жіптерді керуді және тоқыма қабықты реттеу;

шпульдарда жіптердің түйіндерін, қалың жерлерін, артық орауларын алып тастау;

өңделетін өнімнің сапасын тексеру, ұршықтардың және сорылатын аппараттың жұмысын қадағалау;

өнім өндірудің есептегіш көрсеткіштерін түсіру;

қызмет көрсетілетін машинаны жөндеуге қабылдауға және оны жөндеуден кейін дайындауға қатысу;

өру машиналарын тазарту және қағу.

997. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін машиналардың құрылысы мен пайдалану ережесін және олардың негізгі механизмдерінің өзара әрекеттестігін;

өңделінетін бұйымдардың ассортиментін және реттеу есебін;

дайын өнімдердің сорттылығын анықтау әдістерін;

қолданылатын құрал-жабдыққа күтім жасау ережесін;

тазарту тәсілі мен кезеңділігін.


Параграф 2. Тоқитын құрал-жабдықтың операторы, 4- разряд

998. Жұмыс сипаттамасы:

өру машиналарында талшықтардың әртүрлі түрлерінен арнайы бауды өру;

түсетін шикізаттың сапасын, оның номиналды ұзындығының тығыздыққа сәйкес келуін бақылауы;

электрондық бағдарламалық басқарумен жабдықталғандардың немесе жаккард аппаратпен жабдықталған өру – басондық машиналарда шілтерлерді өру;

қызмет көрсетілетін машинаны реттеу;

өңделінетін өнімнің сапасын және шикізатты үнемді жұмсауды қамтамасыз ететін жұмыстың оңтайлы тәсілдерін қолданумен технологиялық процесті жүргізу;

жіптердің үзулерінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды орындау.

999. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін машиналардың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын және олардың негізгі механизмдерінің өзара әрекеттестігін;

өңделінетін бұйымдардың ассортиментін және реттеу есебін;

қолданылатын шикізаттың сапасына қойылатын талаптарды.


237. Мата мен бұйымдарды ерітуші

Параграф 1. Мата мен бұйымдарды ерітуші, 2- разряд

1000. Жұмыс сипаттамасы:

көмкерістен кейін қалған синтетикалық талшықтардан бұйымдардың және жіптердің ұштарын, электр қыздырумен немесе электр дәнекерлеуішпен инемен матаны еріту;

кесу мөлшерін анықтау үшін бұйымдарды өлшеу, суретке және техникалық шарттарға сәйкес бұйымдарды тегістеу;

еріту сапасын, ақауларды алдын алу мақсатымен ине қызуын қадағалау;

ине қадамының мөлшерін және матаның қасиетіне байланысты еріту жылдамдығын реттеу;

табылған ақауларды жою.

1001. Білуге тиіс:

қолданылатын құрал-жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;

маталардың түрлерін және олардың қасиеттерін;

суретке және техникалық шарттарға сәйкес бұйымдарды еріту тәсілдерін.


238. Талшықты өңдеуші

Параграф 1. Талшықты өңдеуші, 3- разряд

1002. Жұмыс сипаттамасы:

қол тарақтармен капронды талшықты және жылқы қылын түту;

капронды, жылқы қылын, капрон мен қылдың қалдықтарын алу және өңдеуге дайындау: белгілі ұзындықты кесіктерге және қатарынан жинап қою, толық түзетуге жету үшін керосинмен сулау;

тарау алдында дайындалған капронды, жылқы қылын үстелге тасу және белгілі ұзындықпен айыру;

керосинді қолданумен капронды түту, капрон байламын, жылқы қылын орамдарға байлау және қолмен созып шығару;

капронды, жылқы қылын өңделінетін борттық матаның еніне сәйкес тиісті ұзындыққа дейін жеткізу, капронды, жылқы қылын «бұрандалы шегелерге» байластыру, дайын өнімнің ұшын кесу және тапсыру.

1003. Білуге тиіс:

капрон талшықты және ат қылын өңдеу тәсілдерін;

өңделетін шикізаттың түрлерін;

оның сапасына қойылатын талаптарды, шикізатты сұрыптау және іріктеу әдістерін;

дайын өнімді орау және тапсыру ережесін.
239. Матаны әшекейлеуші

Параграф 1. Матаны әшекейлеуші, 2- разряд

1004. Жұмыс сипаттамасы:

тоқыма талшықтардың әртүрлі түрлерінен маталарға трафаретпен даналап сатылатын бұйымдарды салу;

матаны столға жайып салу, трафареттердің сапасын тексеру және олардың ақауларын жою;

матаға жүйелі трафареттерді салу және қылқаламның немесе анжының көмегімен бұйымдарға өсімдік, геометриялық және басқа оюлардың суреттерімен әшекейлеу;

матада суреттің сәйкес келуін тексеру;

бұйымды жұмыс үстелден алу, оны кептіру және белгіленген тәртіпте беру.

1005. Білуге тиіс:

трафаретпен матада әшекейлеу тәсілдерін;

матаға трафареттер салу реттілігін, маталар мен бояулардың түрлерін және қасиеттерін;

даналап сатылатын бұйымдардың мөлшерлері мен артикулдарын;

матаны әшекейлеуге мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды.
Параграф 2. Матаны әшекейлеуші, 3- разряд

1006. Жұмыс сипаттамасы:

даналап сатылатын бұйымдарды салқын немесе ыстық батикпен контурмен әшекейлеу: орамалдарды, бас жаулықтарды, шарфтарды, мойын орамал және әртүрлі талшықтардан басқа маталарға таяқ - штифтілердің, білезіктердің, кішкене құбырлардың және басқа жабдықтардың көмегімен бір-екі жабындарға «бұршақ», «шотландиялық» түрлі суреттермен құю арқылы ірі формалы суреттермен суретшінің үлгісі бойынша әшекейлеу;

қажетті созуды сақтаумен матаны рамаға керу;

суреттің контурын тексеру, қажет болса оны жете салу;

матаның сапасын тексеру, берілген үлгі бойынша сәйкес түсті және өңді бояуларды таңдау және құрастыру;

әшекейленген бұйымдарды кептіру, рамадан алу және оларды белгіленген тәртіпте тапсыру.

1007. Білуге тиіс:

бір-екі жабындарға «бұршақ», «шотландиялық» түрлі суреттермен салқын немесе ыстық батикпен контурмен әшекейлеу орындаудың техникасын;

қолданылатын құралдарды пайдалану ережесін;

булау процесінде түсті өзгерту тәсілдерін.
Параграф 3. Матаны әшекейлеуші, 4- разряд

1008. Жұмыс сипаттамасы:

даналап сатылатын бұйымдарды: орамалдарды, бас жаулықтарды, шарфтарды, мойын орамал және ұсақ формалы өсімдік және геометриялық оюлармен суреттермен талшықтардан басқа маталарға, ұсақ және күрделі формаларды үйлестірумен контурмен немесе еркін жазумен, салқын немесе ыстық батикпен әшекейлеу;

шаблондардың көмегімен суреттің контурын қолмен салу немесе суреттің контурын тексеру, қажет болса, оны жет салу;

құрғақ анжымен құю, салу немесе жете өңдеу, сәйкес құралдардың көмегімен екі-үш және одан артық жабындарға бояулар салумен бұйымдарды әшекейлеу;

матада тоқыма ақаулары болған кезде - оларды суретті сәйкес толтыру арқылы жою.

1009. Білуге тиіс:

еркін жазумен, ұсақ формалы суреттермен салқын және ыстық батикпен;

өсімдік және геометриялық оюлармен ұсақ және ірі формаларды үйлестірумен матаны әшекейлеуді орындау техникасын.
Параграф 4. Матаны әшекейлеуші, 5-разряд

1010. Жұмыс сипаттамасы:

даналап сатылатын бұйымдарды: орамалдарды, бас жаулықтарды, шарфтарды, мойын орамал және «дақтан» үш және одан артық жабындарға жұмыс істеу кезінде өсімдік және тақырыптық оюлармен тоқыма талшықтардың әр түрлі түрлерінен маталарға еркін жазумен, салқын немесе ыстық батикпен әшекейлеу;

бұйымдарды жаппай шығару үшін жазудың барлық түрлерінің үлгі-көшірмелерін әзірлеу;

булаудан кейін бұйымдарды тіркеу.

1011. Білуге тиіс:

бұйымдарды әшекейлеудің әр түрлі тәсілдерін орындау техникасын;

матада суретті орындау реттілігін;

бояулардың көркем үйлесуін және суреттің формасын;

буландырудан кейін бұйымдарды қалпына келтіру тәсілдерін.

Жіптерді және тоқыма-галантереялық бұйымдарды желімдеп жапсырушы
240. Жіптерді және тоқыма-галантереялық бұйымдарды желімдеп жапсырушы

Параграф 1. Жіптерді және тоқыма-галантереялық бұйымдарды желімдеп жапсырушы, 1- разряд

1012. Жұмыс сипаттамасы:

мата мен бөлшектерге желімді жағу және оларды фасондық картоншаларға жабыстыру, матаның бұрыштарын майыстыру, ер байлауыштары үшін ендірмелерді қолмен дайындау;

желім даярлау және пішілген бөлшектерді алу (қоспаларды);

дайын қоспаларды есептеу, оларды пачкаларға қаттап салу және байластыру, қораптарға салу және белгіленген тәртіпте тапсыру.

1013. Білуге тиіс:

дайын ендірмелердің белгіленуін және олар үшін қолданылатын маталардың дайын ендірмелердің түрлерін;

желімді даярлау түрлерін;

ендірмелердің сапасына қойылатын талаптарды.


Параграф 2. Жіптерді және тоқыма - галантереялық бұйымдарды желімдеп жапсырушы, 2- разряд

1014. Жұмыс сипаттамасы:

матадан бөлшектерді фасондық картоншаларға жапсыру және жартылай автоматта ерлердің байлауыштары үшін ендірмелерді әзірлеу, өтетін аппаратта бір уақытта бояумен орау тоқыма бауына арналған жіптерді желімдеу;

қызмет көрсетілетін құрал - жабдықты жұмысқа дайындау;

желімді, крахмалды және бояғыш заттарды дайындау;

пішімді және шикізатты алу, оларды қызмет көрсетілетін құрал-жабдыққа тиеу;

технологиялық процесті, ерітінділердің концентрациясын бақылау

жіптердің үзілулерін жою;

дайын өнімді түсіру, орау және белгіленген тәртіпте беру.

1015. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін машиналардың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын және олардың негізгі механизмдерінің өзара әрекеттестігін;

жабыстырылатын жіптердің сызықтық тығыздығын және қоюлар санын, дайын ендірмелердің белгіленуін және олар үшін қолданылатын маталардың дайын ендірмелердің түрлерін;

жабыстырылатын бұйымдардың түрлері бойынша ендірмелердің түрлерін, желімді;

крахмалды және бояғыш заттарды дайындау тәсілдерін;

бояудың, жабыстырудың және кептірудің технологиялық режимдерін.
241. Тоқыма-галантерея бұйымдарын термоөңдеуші

Параграф 1. Тоқыма-галантерея бұйымдарын термоөңдеуші, 2- разряд

1016. Жұмыс сипаттамасы:

үтіктеу-буландыру машинасында шашақ жіпті ылғалды-жылулық өңдеу процесін жүргізу, машинаның тіреулеріне, қыздырылған түтікке және қабылдау-орау механизміне шашақ жіпті салу;

бу беруді, талшықтың қасиетіне шашақ жіптің түріне байланысты қыздыру және ылғалдандыру деңгейін реттеу.

1017. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін машиналардың құрылысын және олардың негізгі механизмдерінің өзара әрекеттестігін;

бұйымдарды ылғалды, жылы орындарда өңдеудің температуралық режимін және ылғалдылық деңгейін.


Параграф 2. Тоқыма-галантерея бұйымдарын термоөңдеуші, 3- разряд

1018. Жұмыс сипаттамасы:

берілген технологиялық режимді сақтаумен үтіктеу-буландыру машинасында шілтерлерді және басқа тоқыма-галантереялық бұйымдарды үтіктеу процесін жүргізу;

тоқыма-галантереялық бұйымдарды тасу және оларды қызмет көрсетілетін машинаға тиеу, бу беруді, қыздыру және ылғалдандыру деңгейін реттеу;

өңделінетін бұйымдардың қозғалысын, бекітілген қысқыш білікті қадағалау, қайырылған жиектердің пайда болуын болдырмау;

ақауларды жою арқылы бұйымдардың сапасын бақылау;

сорттылықты анықтау, бұйымдарды түсіру және белгіленген жерге тасу;

қызмет көрсетілетін машинаны тазарту және майлау.

1019. Білуге тиіс:

үтіктеу-буландыру машинасының құрылысын және жұмыс істеу қағидасын, бұйымдарды өңдеудің температура-ылғалдық режимін;

өңделінетін бұйымдардың түрлерін;

ассортиментін және артикулдарын, шілтерлерді және басқа материалдарды үтіктеуге мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, ілеспе құжаттаманы толтыру тәртібін .


242. Гүл өсіруші

Параграф 1. Гүл өсіруші, 1- разряд

1020. Жұмыс сипаттамасы:

дайындалған бөлшектерден гүлдердің сабақтарын дайындау;

сымды және басқа материалдардың тілмелерге кесу және оларды бояу, сапасын тексеру;

гүлдердің дайындалған жартылай фабрикаттарын белгіленген тәртіпте тексеру.

1021. Білуге тиіс:

гүлдерді әзірлеу үшін қарапайым бөлшектерді дайындау технологиясын;

қолданылатын материалдардың қасиеттерін және түрлерін;

сайманды пайдалану ережесін;

гүлдердің жартылай фабрикаттарын анықтау әдістерін.
Параграф 2. Гүл өсіруші, 2- разряд

1022. Жұмыс сипаттамасы:

матадан және басқа материалдардан сәндік гүлдерді, гүлдердің құрама бөліктерін жылулық өңдеусіз дайындау: аталығын, жапырақтарын, өзегін;

бөлшектерді өңдеуге және гүлдердің түстеріне байланыссыз жиектің бір, екі бөлшектерінен гүлді жинау;

сымды негізде шашақ жіптің кесінділерінен бұтақтар дайындау.

1023. Білуге тиіс:

гүлдерді дайындау технологиясын, қолданылатын материалдардың қасиеттерін, гүлдерді ресімдеу тәсілдерін;

дайындалатын заттардың ассортиментін;

гүлдерді дайындауға мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды.
Параграф 3. Гүл өсіруші, 3- разряд

1024. Жұмыс сипаттамасы:

жылумен өңдеуді пайдаланумен матадан және басқа материалдардан сәндік гүлдерді, өңдеу және үйлену тойы гүлдерін және гүл шоқтарын, үйлену тойы азагүлдерін, каркаста гүлдерді, жекелеген бөлшектерді көлеңкелік, көркем бояумен сәндік гүлдерді дайындау.

бояуларды құрастыру, бөлшектерді көркем бояу және жылулық өңдеу.

тоқу немесе жылумен өңдеу әдісімен гүлдердің аталығын, өзегін дайындау.

бөлшектерді өңдеуге байланыссыз пішудің үш және одан артық бөлшектерінің гүлдерін жинау.

бұтақтарды, гүл шоқтарын, азагүлдерді жинау.

1025. Білуге тиіс:

әр түрлі гүлдерді дайындау технологиясын, қолданылатын материалдардың және бояулардың қасиеттерін;

құрал-аспаптарды пайдалану ережесін;

гүлдер мен гүл шоқтарын көркем дайындау және ресімдеу тәсілдерін.
Параграф 4. Гүл өсіруші, 4- разряд

1026. Жұмыс сипаттамасы:

үйлену тойы тоқылған каркасында қалпақтар мен азагүлдерді, салттық бұйымдарды (кәрзеңкеде жасанды гүлдерден сәндік гүл шоқтары, азагүлдер және басқа);

каркасты тоқу, сәндік элементтерді дайындау;

тоқылған каркаста үйлену тойы қалпақтары мен азагүлдерін және салттық бұйымдардың құрамдас бөліктерін жинау.

1027. Білуге тиіс:

үйлену тойы және салттық бұйымдарды дайындау және жинау технологиясын;

әр түрлі каркастарды тоқу;

көркем дайындау және бұйымдарды ресімдеу тәсілдерін.
243. Қалыптаушы

Параграф 1. Қалыптаушы, 1- разряд

1028. Жұмыс сипаттамасы:

матадан және басқа материалдардан қолдық немесе механикалық штамптарда гүл бөлшектерінің сопақ, дөңгелек және басқа тармақтарын штамптап шығару;

штамптардың дұрыстығын және гүл бөлшектерін даярлауға арналған қолданылатын материалдардың сапасын тексеру;

штамптың қалпын орнату және реттеу;

дайындауларды белгіленген тәртіпте беру.

1029. Білуге тиіс:

штамптардың белгіленуін және жұмыс істеу қағидасын, оларға күтім жасау ережесін және оларды орнату тәсілдерін;

гүлдердің бөлшектерін штамптау тәсілдерін;

гүлдер дайындау үшін әзірлемелердің түрлерін;

қолданылатын материалдардың қасиеттерін.


Параграф 2. Қалыптаушы, 2- разряд

1030. Жұмыс сипаттамасы:

погондар, басқалар үшін теріден, картоннан қолдық және механикалық штамптарда ендірмелердің бөлшектерін штамптау;

штамптардың ақаусыздығын тексеру.

1031. Білуге тиіс:

штамптардың құрылысын, дайындаулардың түрлерін;

қолданылатын материалдардың қасиеттерін.
Параграф 3. Қалыптаушы, 3- разряд

1032. Жұмыс сипаттамасы:

кесетін престерде әр түрлі материалдардан гүлдің бөлшектерін штамптау;

штамптың қалпын биіктігі жағынан орнату және реттеу;

материалды штампқа төсеу, бөлшектерді кесу;

бөлшектердің кесілген тармақтарының сапасын, жиынтықтылығын бақылау.

1033. Білуге тиіс:

қолданылатын құрал-жабдықтың құрылысын және жұмыс істеу қағидасын, оны пайдалану ережесін;

түсетін материалдардың қасиеттерін және оларды пайдалану нормаларын, ұтымды көмкеру әдістерін;

бұйымдардың шабылатын бөлшектерінің түрлерін, мөлшерлерін және санын, олардың конфигурациясын;

материалдарға және кесілген бөлшектерге мемлекеттік стандарттардың талаптарын және техникалық шарттарды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет