Биыл “Қаңтар оқиғасының” орын алғанына екі жыл толды. Алайда елде тәртіпсіздік жасап, құйтырқы әркетті іске асырғандарға тергеу әлі де жүргізілуде. Мыңдаған қарумен үлкен жоспар құрған лаңкестерді тоқтатпағанда олар “Сирия сценариі” бойынша сол елден содырларды кіргізуді жоспарлаған. Жантүршігерлік кезеңде біз білмеген бұдан басқа да жайттар туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасының “Қаңтар” деректі фильміне сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет деректі фильм кадрларынан

Қаңтар оқиғасы 1 қаңтарда Маңғыстау облысында газ бағасының өсуіне байланысты наразылықтан бастау алған еді. Кейін митинг ұйымдастырылған облыстар мен қалалар саны 11-ге жетті. Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында әкімшілік ғимартқа шабуыл жасалды.  Ал Алматыда жағдай тіптен шиеленісіп, әуежай, телеарналар мен әкімшілік ғимараттар басып алынды.

“Қаңтар” деректі фильмінде айтылғандай бұл қақтығыста діни радикалдар, саяси жоспарлар, қылмыскерлер мен тонаушылар, бұзақылар араласып полиция мен ұлттық ұланның жас сарбаздарын соққыға жығып өлтірген. 

“Қылмыстық ортада “Дикий Арман” лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев қылмыстық топтардың әрекетін үйлестіріп, қару-жарақ таратады. “Дикий Арман” бандасы адамдарды тұтқынға алып, азаптайды. Тергеу барысында белгілі болғандай Жұмагелдиев сол кездегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімовтың жақын адамдарының өнімі”, – делінген деректі фильмде.  

Осы кезеңде 5 қаңтарда Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Ал 7 қаңтарда Арман Жұмагелдиев пен бірнеше топ қылмыскерлері қолға түсті. Қазір Жұмагелдиев пен оның 40-тан астам топ мүшесіне сот процесі жүріп жатыр.

  • Алматыда сот "Oyan, Qazaqstan!" саяси қозғалысының белсенділерін қамауға алды

  • "Бейбіт шеруге тыйым салынбайды": Тоқаев Қазақстанда биліктің әрекетіне келіспеушілік білдіруге толық мүмкіндік бар екенін айтты

Кейін елге Ұжымдық шарт қауіпсіздік ұйымы мүшелері келіп, мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар орындарды күзетті. 

8 қаңтар президент антитеррорлық операцияның аяқталғанын, елде жағдай тұрақталғанын мәлімдеді. Өңірлер мен елордада коменданттық сағат күшіне енді. Мемлекет басшысы 10 қаңтарды жалпы ұттық аза тұту күні деп жариялады. 

9 қаңтар ел аймақтарында жағдай тұрақталды. Ішкі істер министрлігі 5 969 адамның ұсталғанын хабарлады. 

“Сәтсіз төңкеріс әрекетінің ұйымдастырушылары оқиғаның үш толқынын жоспарлап жүзеге асырды. Бастапқыда олар қиян кескі қақтығыссыз бейбіт шерулер ұйымдастырды. Кейін ойран салу мен өрт қою арқылы наразылық бағытының наразылық шеруінің бағытын түбегейлі бұрды. Үшініші толқында тікелей орындаушылар, қылмыскерлер мен лаңкестер бар аяусыздығын, жауыздығын көрсетті. Төртінші толқын да жоспарланған болатын. Бұл бүкіл елдегі ұйқыдағы радикалды ұяшықтардың оянуын қамтамасыз ету. Ауғанстан мен Сирияның бірқатар лаңкестік ұйымдарының жетекшілері тәртіпсіздік жалғаса берсе Қазақстанға өздерінің дайындалған содырларын жібермек болған. Бірақ заңды биліктің дағдарысты оқшаулау және жою жөніндегі жедел әрекеті бұл жоспарға кедергі келтіріп, “Сирия”сценариінің Қазақстанда орын алуына мүмкіндік бермеді”, – делінген фильмде. 

Лаңкестердің қолында 200 автомат, 561 тапанша, 1308 ұңғылы қару, 84 иір ойықты мылтық, 28 гранатамед, 2 оқшашар, 168 граната, 63 мың дана оқ болған. Бұл бірнеше күндік ұрыста бүкіл дивизияны қамтамасыз ете алатын сан. 

Тәртіпсіздіктен келген экономикалық шығын көлемі 3 миллиард долларға дейін жеткен. Қаңтар өртінен 238 адам қаза тапты. 

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан екі жыл бұрын болған “Қаңтар оқиғасының” себептерін ашып айтқанын хабарлаған едік.

 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.