Ќазаќстан Республикасы



жүктеу 5.07 Mb.
бет6/17
Дата19.09.2017
өлшемі5.07 Mb.
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

қызмет көрсететін қондырғыны жұмысқа дайындауға қатысу;

матаны тасымалдау;

матаны тігу және оны сабақтау;

матаны өңдеудің технологиялық режиміне сәйкес суды, будың қысымын, сығылған ауаны беруді, температура мен ылғалдылықты реттеу;

матаны бумаға орау механизмін, ақаулардың, жиектің оралуын, ұзындығы бойынша матаның шығып кетуін немесе үзілуін болдырмауын байқау;

жұмыс процесінде матаның соңын таңбалау;

технологиялық апшуды бақылау үшін өңделетін матаға бақылау белгісін салу;

қалыптың ұзындығын, матаның енін, ылғалдылығын, сыртқы түрін және апшуын тексеру;

матаны түсіру және белгіленген жерге қатарлап қою;

қызмет көрсететін қондырғыны тазалау және үйкелетін бөлшектерін майлау.

337. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының және қолданылатын бақылау-есептеу аспаптарының құрылысын;

оларды пайдалану, реттеу және күтіп-ұстау ережесін;

матаның ассортиментін, өңдеу түрлерін, матаны сабақтау және оны білік пен құрысты жазушы арқылы өткізу тәртібін;

мемлекеттік стандартқа сәйкес матаның енін, матаның апшуына әсер ететін факторларды;

матаны өңдеудің технологиялық режимін;

матаны өңдеу сапасына қойылатын талаптарды;

қызмет көрсететін қондырғыны тазалау мен майлауды өткізудің жиілігін.

Параграф 2. Матаны өңдеуші, 4-разряд

338. Жұмыс сипаттамасы:

апшусыз өңдеу үшін өңдеу машиналарында, агрегаттарда матаны өңдеу, қозыелтірі суретін жасау үшін технологиялық режимге сәйкес булау және престеу жолдарымен түкті матаны өңдеу процесін жүргізу;

қызмет көрсететін қондырғыны жұмысқа дайындау;

ұзындығы мен артикулі бойынша матаны іріктеу;

матаны сабақтау;

гидравликалық насостың көмегімен қыспалы тегістегішті көтеру және білік арасынан матаны өткізу;

коммуникациядағы судың қысымын және ылғалдау камерасының секцияларында температураны реттеу, матаны тарту;

қызмет көрсететін машиналарда, агрегаттарда матаның өтуін, автоматиканың, гидравликалық насостың жұмысын байқау;

қызмет көрсететін машиналардың, агрегаттардың жұмысының жылдамдық режимін бақылау;

кеңейту машиналарында және басқа да автоматты реттеуші құрылғыларда матаның жиегін автоматты ұстауды реттеу;

технологиялық апшудың берілген пайызын алуға апшыту машинасын икемдеу;

апшыту машинасын белгіленген температураға дейін қыздыру және берілген қысымды қамтамасыз ету;

матаны тепшу мен өңдеу сапасын, өздігінен салушының жұмысын бақылау;

дайын өнімдерді тіркеу және есептеу.

339. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын, оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

автоматты реттеу мен техникалық бақылау аспаптарын икемдеу тәсілдерін;

басқару агрегатының сызбасын, өңделетін матаның ассортиментін, апшу деңгейіне әсер ететін факторларды, қызмет көрсететін машинаның біліктеріне қысымды реттеу;

гидравликалық насосты басқару ережесін;

матаны өңдеудің технологиялық режимін;

апшу машиналары мен кептіру барабандарындағы ылғалдылық, будың қысым нормаларын;

матаның өту жылдамдығын, матаның сапасына қойылатын талаптарды;

қызмет көрсететін қондырғыны тазалау және үйкелетін бөлшектерін майлау жиілігін.

69. Сығушы

Параграф 1. Сығушы, 2-разряд

340. Жұмыс сипаттамасы:

центрифугада, әртүрлі жүйедегі машиналарда шикізатты, иірімжіпті, матаны, мата емес және трикотаж жаймаларды, бұйымдарды сығу.

қызмет көрсететін машиналарға, центрифугаға өңделетін өнімдерді салу, сығу немесе сорып алу процесі мен сапасын байқау, механизмдердің жұмысын бақылау.

белгіленген режимге сәйкес сығудың қажетті деңгейін (уақытын) және матаның өту жылдамдығын қамтамасыз ету.

қызмет көрсететін машиналардан, центрифугадан өнімді түсіріп алу.

өңделетін өнімнің түсін ауыстырған кезде қызмет көрсететін қондырғыны жуып-шаю, белгіленген жерге тасымалдау.

қызмет көрсететін қондырғыны тазалау және майлау.

341. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын, оны пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

шикізаттың, иірімжіптің, матаның, мата емес және трикотаж жаймаларының, бұйымдардың ассортименті мен түрлерін;

қызмет көрсететін центрифуганың, машиналардың мүмкін тиелуін, сығудың технологиялық режимін;

сығудың сапасына қойылатын талаптарды.

70. Барабандарды тараушы

Параграф 1. Барабандарды тараушы, 3-разряд

342. Жұмыс сипаттамасы:

белгіленген режимге сәйкес білікшемен қолмен немесе пневматикалық құрылғыны пайдаланумен тарау машиналарының басты және ауыспалы барабандарын тарау;

тарау машинасын тарауға дайындау, қалпақ қыл-қыбырын алу, тазалау білікшесін орнату;

тарау машинасын тараудан кейін жұмысқа дайындау;

қыл-қыбырды түрлері мен сұрыптары бойынша бөлумен жинау, оларды тасымалдау және тапсыру.

343. Білуі тиіс:

қызмет көрсететін машина мен пневматикалық тарау жүйесінің құрылысын;

оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

тараудың технологиялық режимін;

қыл-қыбырдың түрлерін, сұрыбы мен шығу нормаларын.


71. Пантографшы

Параграф 1. Пантографшы, 3-разряд

344. Жұмыс сипаттамасы:

пантографтың көмегімен 4-5 мырышты парақпен орамалды күрделі емес төрт білікті суреттердің сұлбасы мен штрифін білікке нақыштау.

біліктерді іріктеу, оларды пантограф машиналарына орнату.

біліктерді қыздыру және оларды мастикамен жабу.

пантограф машинасының үстелінде мырышты парақты бекіту.

раппортты құрау кезінде біліктің кемеріне және тірек дөңесіне алмаздарды орнату.

бөлгіш дөңгелекшемен раппортқа белгі салу.

пантограф машинасындағы біліктің дұрыс орналасуын бақылау.

мырышты парақшаны ауыстыру.

пантограф машинасынан нақышталған білікті түсіріп алу, оны жинау және бөлшектеу.

345. Білуге тиіс:

пантограф машинасының құрылысын, машинаны күтіп-ұстау, жинау және бөлшектеу ережесін;

нақыштау, сурет пен раппорт салу әдістерін;

раппортты белгілеу ережесін;

білікті нақыштау сапасына қойылатын талаптарды.
Параграф 2. Пантографшы, 4-разряд

346. Жұмыс сипаттамасы:

пантографтың көмегімен 6-9 мырышты парақпен күрделі емес жартылай реңкті және жапсырмалы ½ раппортты кемері бар күрделі емес бір білікті суреттерді, орамалды төрт білікті суреттердің сұлбасы мен штрифін білікке нақыштау;

біліктерді іріктеу;

пантограф машинасына біліктерді орнату, оларды қыздыру және мастикамен жабу;

раппортты салу кезінде біліктің толық кемеріне және тілек дөңесіне алмаздарды орнату.

347. Білуге тиіс:

пантограф машинасының қондырғысын, оны күтіп-ұстау ережесін;

нақыштау әдістерін, сурет пен раппорт салу ережесін;

раппортты белгі салуға және біліктің орналасуына қойылатын талаптарды.

Параграф 3. Пантографшы, 5-разряд

348. Жұмыс сипаттамасы:

пантографтың көмегімен портреттік және суреттік сипаттағы әртүрлі жартылай реңктегі және жапсырмадағы суреттерді, түріктік түрдегі күрделі орамалды, жиектеме суреттерінің сұлбасы мен штрифін білікке нақыштау.

біліктерді іріктеу, оларды пантограф машинасына орнату.

біліктерді қыздыру, оларды мастикамен жабу.

нақыштау сапасын бақылау, нақыштау технологиясын сақтау.

349. Білуге тиіс:

пантограф машинасының құрылысын, оны күтіп-ұстау ережесін;

нақыштау әдістері мен тәсілдерін;

суреттер мен раппорттар салу ережесін;

раппортқа белгі салу әдістерін.
72. Суреттердің патроншысы

Параграф 1. Суреттердің патроншысы, 4-разряд

350. Жұмыс сипаттамасы:

бір негізді және бір арқаужіпті жаккардты маталар және базалық өрімдерімен бұйымдар (жаймалық, саржалық, сәтендік, атластық) үшін сурет бойынша патрон орындау;

селдірмата қағазын, сабақтау есебі бойынша патрон мен суретті есептеу;

бедер сұлбасын суреттен патронға көшіру;

әртүрлі өрімдерді бейнелеумен селдірмата қағазында өрнек аясын бояу;

дайындалған патронды тексеру және жіберілген қателіктерді түзету.

351. Білуге тиіс:

базалық өрімдердің түрлерін;

өңделетін жаккардты маталар мен бұйымдардың ассортиментін, суретті патрондаудың ерекшеліктерін;

патрондау қателігінен маталар мен бұйымдардың ақауларын.


Параграф 2. Суреттердің патроншысы, 5-разряд

352. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі ірі раппортты өрімдері бар көп қабатты және көп арқаужіпті жаккардты маталар мен бұйымдар үшін патрон орындау;

сабақтау есебіне сәйкес селдірмата қағазын, патронды, суретті есептеу;

суреттен патронға өрнек сұлбасын көшіру;

селдірмата қағазында өрнектің аясын бояу жолымен әртүрлі өрімдерді бейнелеу;

патронды әзірлеу кезінде жіберілген қателіктерді түзету.

353. Білуге тиіс:

әртүрлі өрімдердің түрлерін, жайманың, матаның және бұйымның әр түрі үшін суретті патрондардың ерекшеліктерін, патронды есептеуді және кез келген күрделілік деңгейіндегі суретті патрондау реттілігін, өрімді қате таңдаудан және патрондау кезіндегі маталар мен бұйымдардың ақауларын.
73. Ұршықты тексеруші

Параграф 1. Ұршықты тексеруші, 3-разряд

354. Жұмыс сипаттамасы:

өзінен біліктілігі жоғары ұршықты тексерушінің басшылығымен иіру және ширату машиналарының ұршығын тексеру;

ұршықты, ойықты және төлкені алу мен тазалау;

жұмысталған майды сорып алу және ойыққа жаңа майды құю;

сақиналық өңіржиекті, бағанды, сақинаны, бөлгішті тазалау мен сүрту және оларды қызмет көрсететін машинаға орнату;

өзі майланатын сақиналарға жаңа білтені салу және пайдаланылғандарын суырып алу;

ызбаны тарту шығыршықты тазалау және тексеру;

үлгінің және тіктеуіш көмегімен жіп өткізушіні орнату;

қызмет көрсететін машинаны сабақтауға, оны іске қосуға қатысу;

қалдықтарды жинау және тасымалдау.

355. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналар мен ұршықтардың құрылысын және құрылымын;

қызмет көрсететін қондырғыларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

ұршыққа май құю, ызбаның шығыршығын, ұршықты тартуды тексеру және жіп өткізгішті орнату жөніндегі жұмыстарды орындау тәсілдерін;

ұршыққа құюға қолданылатын майдың түрлерін;

майдың сапасына қойылатын талаптарды.


Параграф 2. Ұршықты тексеруші, 4-разряд

356. Жұмыс сипаттамасы:

иіру және ширату машиналарындағы ұршықты тексеру;

қызмет көрсететін машиналарды жұмысқа жинау;

үлгі мен тіктеуіш көмегімен ұршықты тексеру және жіп өткізгішті орнату;

май құю және ұршықты тексеру жөніндегі жұмыс аяқталған соң қызмет көрсететін машинаны тапсыру.

357. Білуге тиіс:

ұршықты тексерудің және май құюдың технологиялық режимін және кестесін, ұршыққа май құю, ызба жіп өткізгішті орнату жөніндегі жұмыстарды орындау ережесін.


74. Айырманы тексеруші

Параграф 1. Айырманы тексеруші, 3-разряд

358. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті ажыратуды тексерушінің басшылығымен тарау, тарақпен тарау, таспалы, созбалы машиналардың жұмыс органдарын ажыратуды тексеруге дайындау;

қызмет көрсететін машиналардың жұмыс органдары арасындағы айырманы орнату;

тарау, тарақпен тарау, таспалы және созбалы машиналарды жинауға және реттеуге қатысу.

359. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналардың технологиялық және құрылымдық ерекшеліктерін, айырманың параметрлерін, қалдықтардың түрлері мен нормаларын.

Параграф 2. Айырманы тексеруші, 5-разряд

360 .Жұмыс сипаттамасы:

тарау, тарақпен тарау, таспалы және созбалы машиналардың жұмыс органдары айырмасын тексеру;

иіру-ширату және пневмомеханикалық машиналарын айырманы тексеруге дайындау және жұмыс органдарын жүктеу;

қондырғының регламенттелген технологиялық режиміне сәйкес белгіленген кесте бойынша үлгінің көмегімен қызмет көрсететін машинаның жұмыс органдары арасына айырма мен жүктемені орнату;

тексеруден кейін тарау, тарақты тарау, таспалы, созбалы, иіру-ширату және пневмомеханикалық иіру машиналарын жинау және реттеу.

361. Білуге тиіс:

тарау, тарақпен тарау, таспалы, созбалы, иіру-ширату және пневмомеханикалық иіру машиналарының құрылысы мен құрылымын;

жөндеуден кейін қызмет көрсететін машиналарды тексеру тәртібін;

айырманың параметрлерін, қайралған инелердің сапасын тексеру тәсілдерін;

тарам сапасы мен қалдықтар мөлшерінің қайрау және айырма сапасына әсерін, қалдықтардың нормасын.
75. Орданы іріктеуші

Параграф 1. Орданы іріктеуші, 2-разряд

362. Жұмыстың сипаттамасы:

қосылу санына және орданың белгіленген салмағына сәйкес таспалы машина үшін орданы (партияны) іріктеу;

таспа орамасын өлшеу;

массасы бойынша ораманың ақауын табу;

іріктелген ордалардың және ақауы бар орамалардың есебін жүргізу;

орданы (партияны) уақытылы іріктеуді және таспалы машинаның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

363. Білуге тиіс:

Ораманы өлшеу және орданы іріктеу ережесін;

ораманың белгіленген массасын және оның мүмкін ауытқуын, таспаның түрлері бойынша ораманы іріктеу үшін қосуды, таспаның, созбаның, иірімжіптің сапасына орданы (партияны) дұрыс емес іріктеудің әсерін;

таразының құрылысын және оны пайдалану ережесін.

76. Жылтыратушы

Параграф 1. Жылтыратушы, 2-разряд

364. Жұмыс сипаттамасы:

өзінен біліктілігі жоғары жылтыратушының басшылығымен жылтырату машинасында жіпті (жарқыратусыз), баужіпті және басқа да ширатылған бұйымдарды жылтырату;

ваннаны шлихтамен және сумен толтыру;

иіршік орнатпасындағы шарғыны, белдекті ауыстыру;

жылтырату машинасының білікшесіне ауыстыру;

жылтырату машинасының білікшесіне жіп орамасын кигізу, машинаның жұмысын қау, жіптің, баужіптің және басқа да ширатылған бұйымдардың үзілуін жалғау;

жұмысталған түсімдерді алу.

365. Білуге тиіс:

жылтырату машинасының құрылысын, оны пайдалану мен күтіп-ұстау ережесін;

жылтыратылған жіптің, баужіптің және басқа да ширатылған бұйымдардың сапасына қойылатын талаптарды;

жіпті, баужіпті және басқа да ширатылған бұйымдарды жылтыратудың технологиялық режимін;

олардың мөлшері мен сұрыбын.


Параграф 2. Жылтыратушы, 3-разряд

366. Жұмыс сипаттамасы:

жылтырату машинасында иірімжіпті, жарқыратумен зығыр жібін, баужіпті және басқа да ширатылған бұйымдарды жалтырату;

балауыз бар ерітіндіні және басқа да балауыз түріндегі заттарды әзірлеу, жіп орамасын сулау;

жалтырату машинасының білікшесіне ораманы орау, машинаның жұмысын және жалтырату процесін қарау;

үзілуді жалғау, енгізілетін ерітіндінің мөлшері мен сапасын бақылау;

жалтырату машинасы арқылы баужіпті және басқа да ширатылған бұйымдарды өткізу;

иіршік орнатпасында шарғы мен белдектің айырмасын сақтау;

түсірменің дұрыс тартылуы мен оралуын қарау;

буды беруді реттеу және бақылау - өлшеу аспаптарының көмегімен шлихтаның сығылу деңгейін бақылау;

түсірмені алу және сабақтау;

баужіпті және басқа да ширатылған бұйымдарды сұрыбы мен мөлшері бойынша қабылдау;

қалдықтарды тапсыру;

жалтырату машинасын жөндеуден кейін қабылдап алуға қатысу, машинаны күтіп-ұстау.

367. Білуге тиіс:

жалтыратушы машинаның және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптардың құрылысын, оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

жалтырату машинасын тазалау және үйкелетін бөлшектерін майлау жиілігін, иірімжіптің түрлерін, түстері мен желілік тығыздығын, баужіптің және басқа да ширатылған бұйымдардың мөлшері мен сұрыптарын;

бұйымды өңдеудің технологиялық режимін және олардың сапасына қойылатын талаптарды, шлихтаның, енгізілетін ерітіндінің рецептурасын, шлихтаның және оның құрауыштарының сапасын анықтау тәсілдерін;

қалдықтардың нормасын, оларды қысқарту жөніндегі шараларды.
Параграф 3. Жылтыратушы, 4-разряд

368. Жұмыс сипаттамасы:

жалтырату машинасында иірімжіпті жалтырату;

желіжіпті немесе белдекті сабақтау;

үзілімдерді жалғау;

жіптің дұрыс оралуын, тартылуын қамтамасыз ету;

ыдысты шлихтамен және парафинмен толтыру;

бағыттаушы және бұдырланған бөлікшелерде жіпті біркелкі бөлу және оларды қабылдау жиектемесінің бос флянцті шарғыға сабақтау;

шлихтаның қажетті мөлшері мен сапасын, парафинді біліктің үстін қамтамасыз ету;

жұмысталған шлихтаны уақытылы ауыстыру;

қалдықтарды тасымалдау.

369. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын, пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

иірімжіптің сұрыбын, оның желілік тығыздығын және негізгі қасиеттерін;

шлихтаның рецептурасы мен сапасын, шлихтаның және парафинді білік үстінің температурасын.

77. Шебердің көмекшісі

Параграф 1. Шебердің көмекшісі, 4-разряд

370. Жұмыс сипаттамасы:

белгіленген кестеге сәйкес қызмет көрсететін қарапайым және орта күрделіктегі машиналарды, агрегаттарды, каландрларды алдын ала байқау, реттеу, шебердің тапсырмасы бойынша сабақтау, қайта сабақтау және сынама жұмыстары мен сынауды жүзеге асыру, бұзылу мен ақауды түзеу, ағымдағы жөндеуді жүргізу, орта және күрделі жөндеуден кейін қызмет көрсететін қондырғыны тапсыруға дайындау және қабылдап алуға қатысу.

жинақтамада (учаскеде) технологиялық процестің барысын, мойынтіректің жағдайын, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысын, белдіктің, арқанның, шынжырдың, бұрандалы, кілтекті, сына түріндегі және басқа да қосылыстардың жағдайын қарау.

қоршаманың дұрыстығын тексеру.

жинақтаманы (учаскені) шикізатпен, жартылай фабрикатпен, көмекші материалдармен, ыдыспен және басқа да материалдармен қамтамасыз ету және бақылау.

өнім сапасын бақылау және оның сапасын төмендететін себептерді болдырмау.

өңдеудің технологиялық режимін және ерітіндіні әзірлеу рецептурасын бақылау.

қызмет көрсететін қондырғы жағдайының белгіленген жылдамдық режимін сақтау.

жұмысшыларды жұмыс орындары бойынша орналастыру.

қызмет көрсететін қондырғылардың бос тұрып қалуын және олардың туындау себептерін есептеуді жүргізу.

371. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысын, реттеу тәсілдерін және оларды күтіп-ұстау ережесін;

қызмет көрсететін қондырғыларда талшықты өңдеудің технологиялық процесін, матаны өндірумен өңдеуді, бұйымның ассортиментін, орта, күрделі жөндеуден қызмет көрсететін қондырғыларды тапсыру және қабылдау ережесін;

қызмет көрсететін қондырғыларды алдын алу байқауының, орта және күрделі жөндеу жиілігін, қызмет көрсететін қондырғыны сабақтау және қайта сабақтау ережесін;

шикізаттың, жартылай фабрикаттың, дайын өнімнің, материалдар мен бөлшектердің сапасына қойылатын талаптарды, қалдықтардың түрлері мен нормаларын, жинақтаманың (учаскенің) жұмысының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін.

372. Жұмыс үлгілері:

Мақта-қағаз өндірісі:

1) кеңейту каландрлары;

2) агрегатқа кірмейтін машиналар: шарпу, сығу, жуып-шаю, кептіру.

3) кесу машиналары;

4) қатырмалау, өлшеу-ақаулағыш, қатпарлау қондырғылары;

5) зығыр өндірісі;

6) газбен шарпу агрегаттары;

7) каландрлар, қосқыштар;

8) газбен шарпу, жуып-шаю, қанықтыру, кеңейту, кептіру машиналары;

9) өлшеу-ақаулағыш, қатпарлау-өлшеуіш қондырғылар;

10) жүн өндірісі;

11) жуып-шаю, сығу, шарпу машиналары, техникалық шұға үшін машиналардан, өңдеудің арнаулы түрлері үшін машиналардан (ЛМ, ЛПЖ, ЛПЗ түріндегі) жуып-шаю қайнату желілерінен басқа жуып-шаю қайнату желілері;

12) құрғақ өңдеу машиналары (кептіру-кеңейту, қырқу және түктеуден басқа);

13) өлшеу-ақаулағыш, қатарлау, қатпарлау қондырғылары;

14) жібек өндірісі;

15) жетілдіру-буландыру телімінің машиналары;

16) сығу-кептіру және бүркеу машиналары;

17) өлшеу-ақаулағыш, сұрыптау-қайнату, қатарлау-қатпарлау және ылғалдағыш машиналар;

18) бердо жуу машиналары.

Жібек орау өндірісі.


  1. қалдықтарды сұрыптау және өңдеу цехтарының қондырғылары;

  2. кептіргіштер, піллә кептіргіштер.

Тоқыма галантереясының өндірісі.

1) каландр, өлшеу, өлшеу-ақаулағыш, жуып-шаю, кептіру қондырғылары;

2) механикалық жетексіз «Пантограф» кестелеу машиналары.

Кендір өндірісі.

1) өңдеу каландрлары мен тегістегіштер;

2) қағаз кесу, өлшеу-қатарлау, кесу, қалдық тазалағыш, жаныштау машиналары.

Мақта өндірісі.

1) ақаулағыш-өлшеу машиналары;

2) өлшеп орау цехының машиналары.

Мата емес материалдарының өндірісі

1) кеңейту каландрлары.

2) агрегатқа кірмейтін машиналары: шарпу, сығу, жуып-шаю.

3) қысып-басу машиналары.
Параграф 4. Шебердің көмекшісі, 5-разряд

373. Жұмыс сипаттамасы:

белгіленген кестеге сәйкес қызмет көрсететін орта күрделіктегі машиналарды, автоматтарды, агрегаттарды, желілерді, аппараттарды және басқа да қызмет көрсететін қондырғыларды алдын ала байқау, реттеу, шебердің тапсырмасы бойынша сабақтау, қайта сабақтау, сынақтама жұмысын және сынауды жүзеге асыру, бұзылу мен ақауды жөндеу.

ағымдағы жөндеуді жүргізу, орта және күрделі жөндеуден кейін қондырғыны тапсыруға дайындау және қабылдап алуға қатысу.

қоршаманың, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматты құрылғылар мен механизмдердің жағдайын қарау.

жұмысшыларды жұмыс орынры бойынша орналастыру және олардың жұмысын басқару.

қызмет көрсететін қондырғының жұмысының белгіленген жылдамдық режимін, технологиялық параметрлерді, ерітіндіні әзірлеудің рецептурасын және технологиялық процестің барысын қарау, жинақтаманы (учаскені) жұмыс үшін барлық қажеттермен қамтамасыз ету және бақылау.

өндірілетін өнімнің сапасын бақылау және оны азайтуды тудыратын себептерді жою.

қызмет көрсететін қондырғының бос тұрып қалуының олардың туу себептері бойынша есептеуді жүргізу.

қызмет көрсететін қондырғыны техникалық қызмет көрсетуден кейін қабылдап алу, тазалау және үйкелетін бөлшектерін майлау.

өндіріс қалдықтарын қабылдау және тапсыру.

374. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын, кинематикалық сызбасын және жұмыс принципін, оны реттеу тәсілдерін, оны күтіп-ұстау ережесін;

қолданылатын реттеуіш құрылғылардың, бақылау-өлшеу аспаптарының мақсатын, талшықты, одан жасалған бұйымдарды өңдеудің, матаны, тор бұйымдары мен жіпті өндіру мен өңдеудің технологиялық процесін, бояулар мен химиялық материалдардың шығыс нормаларын, қызмет көрсететін қондырғының жылдамдық режимін,

шикізаттың, материалдардың, бөлшектердің, өндірілетін өнімнің сапасына қойылатын талаптарды, өндірілетін ассортименттің сабақтау және технологиялық карталарын;

химиялық материалдармен жұмыс істеу ережесін;

еңбектің үнемді әдістері мен тәсілдерін;

ақаулық ведомствосын жасау, қызмет көрсететін қондырғыны орта және күрделі жөндеуден тапсыруды және қабылдауды, қондырғыны алдын алу байқауынан өткізу жиілігін, қалдықтардың түрлері мен нормаларын, қызмет көрсететін қондырғылардың бос тұрып қалуын есептеу ережесін.

375. Жұмыс үлгілері:

Мақта-мата өнеркәсібі:



  1. қопсытқыш-тазалау агрегаттары.

2) аппараттар, агрегаттар және аппреттеу, мерсерлеу (шығырсыздан басқасы), қанықтыру, ағарту (үздіксіз ағартудан басқасы), бояу, жетілдіру, тұрақтандыру, кептіру-кеңейту өңдеу желілері;

3) аппараттық иіру цехы, сүзгіш цехы әзірлеген қалдықтарды өңдеу жөніндегі тарау (жоғары өнімділіктен басқасы) машиналары;

4) жіп есу, орау, түйін байлау, тізіп орау, шлихталау (көп барабандыдан басқасы), жалтырату машиналары;

5) «Рашель» түріндегі түктеу, түк кесу, қырқу, шашақтау, этикеттік, жинау, орау, шарғылық жартылай автоматты, қаптау машиналары;

6) жартылай механикалық пассетті сабақтау станоктары.

Зығыр өндірісі:

1) араластыру агрегаттары;

2) ағарту, бояу және қанықтыру үшін агрегаттар, желілер, аппретура-өңдеу және тұрақтандыру желілері;

3) орау, қаптау, арқау жіптік, шлихталау, түйін байлағыш, қырқу, тарау (жоғары өнімділіктен басқасы) машиналары;

4) қайнату қондырғылары, қимаүлгі әзірлеу жөніндегі шеберхана;

5) жартылай механикалық пассетпен өткізу станоктары;

Жүн өндірісі:



  1. жүнді алғашқы өндіру агрегаттары;

2) араластыру (ағынды желіні қоса есептегенде) және жасанды жүн бөлімінің, қалдықтарды жасау, қалдықтарды өңдеу үшін түту, қалдық тазалау машиналары, механикаландырылған лабаздар;

3) тарау (жоғары өнімділіктен басқасы), жіп есу (АSІ және АЕS түріндегіден басқасы), орау, арқау жіп орау, түйін байлағыш, тізіп ораушы, шлихталау машиналары;

4) шашақ ораушы, түктеу, басу, жетілдіру, карбондау, ылғалды өңдеу (жуып-шаюдан басқасы), техникалық шұға үшін жуып-шаю, ЛМ, ЛПЖ, ЛЗП түріндегі жуып-шаю қайнату желілері, шұға орау, кептіру-кеңейту, декатирлеу, қырқу машиналары;

5) өңдеудің арнаулы түрлері үшін агрегаттар мен машиналар (қырыстанбайтын аз апшитын, күйеге қарсы және тағы басқа);

6) әртүрлі маркадағы аппараттар, агрегаттар және баркалар, бояғыштарды қайнату үшін реакторлар;

7) жартылай пассетті сабақтау станоктары.

Жібек өндірісі:

1) штапельдеу, орау, жіп есу, түйін байлау, шлихталау, арқау жіптік, ілгек ілуші, газбен шарпу, қырқу, тазалау, көлденең әртүрлі маркалы баспа, дөңгелек басу машиналары;

2) бояу және аппретура цехтарының қондырғылары;

3) авралы маталар өндірісі: айдау, авробайлау, тегістеу, авербандалық машиналар;

4) қимаүлгі әзірлеу жөніндегі шеберхананың қондырғылары;

5) жартылай механикалық пассетті сабақтау станоктары;

6) жібек орау өндірісі;

7) пілләні орталықтандырылған булау үшін конвейерлік машиналар;

8) орау машиналары, вакуум аппараттары;

9) механикалық піллә орау станоктары.

Трикотаж өндірісі:

1) барлық сыныптағы дөңгелек шұлықты бір және екі жүйелі автоматтар (өрнек құраушы механизмдермен жарақтандырылған дөңгелек шұлықты немесе түрлі-түсті көлденең жолақты, 28 сыныпты және одан жоғары дөңгелек шұлықты құрайтыннан басқасы);

2) барлық жүйедегі және сыныптағы жіп есу, орау, арқаужіпті, дөңгелек ластикті, дөңгелек өрмелеу (жаккардты дөңгелек өрмелеуден, электронды бағдарламалық басқарумен дөңгелек өрмелеуден, көп жүйелі жоғары жылдамдықты дөңгелек өрмелеуден басқасы), сопақты, жалпақ өрмелеу, айналмалы, қырқу, жасанды тері үшін өңдеу, қырнау машиналары;

3) бояу-өңдеу (электронды бағдарламалық басқару қондырғысынан басқа) қондырғылары;

4) шұлық өндірісі үшін тігін-кеттельдеу қондырғысы;

5) киіз басу – киіз өндірісі.

Бояу аппараттары:

1) әзірлеу цехының, тарау, киіз басу, желіжіп құраушы, киіздеу,таптау, үлпілдеу, өңдеу, кептіру, басытқылау, қырқу машиналары;

2) киізден жасалған аяқ киімнің басы мен қонышын тазалау үшін жартылай автоматтар.

Тоқыма галантереясының өндірісі:



  1. аппретура агрегаттары;

  2. тарақ саны 4-ке дейін «Рашоль», кестелеу машиналары;

3) қысымда болатын бояу аппараттарынан басқа ақтау және бояу цехтарының,шығырлы аппретурадағы машиналары;

4) механикалық жетектегі «Пантограф» кестелеу машиналары;

5) аграмантты, шашақты, басонды, перделі-тоқымалы, шілтері тоқушы, арқаужіп тоқушы, ораушы, арқаужіп-ораушы, есу, айналмалы, өрмелеу, тізіп ораушы, жіп есу, шөлмектеуші қондырғылар;

6) қол, тоқыма станоктары;

7) флок-машиналар.

Кендір өндірісі:

1) қанықтыру аппараттары;

2) араластыру агрегаттары;

3) арқандық, арқан тоқу, шүйкелік (кресті – орау), жалтырату, жайылдыру, өрістеуші, арқау жіпті – шлихталаушы, қырқу, тұрақты қанат иіруші, тарау (жоғары өнімділіктен басқасы) машиналары;

4) жартылай механикалық пассетті сабақтау станоктары.

Мақта өндірісі:

1) қопсыту агрегаттары;

2) түту, тарау (жоғары өнімділіктен басқасы) машиналары;

3) әзірлеу, химиялық цехтардың, мақта сүзгісі цехының машиналары;

4) мата емес материалдарының өндірісі;

5) арқау жіп машиналары;

6) бояу, аппретуралық, қанықтыру, жетілдіру, ағарту (үздіксіз ағартудан басқасы), тұрақтандыру, кептіру-кеңейту, өңдеу аппараттары, агрегаттары;

7) түктеу, қырқу, жасанды теріні басу-өңдеу машиналары;

8) тор тоқу өндірісі;

9) бояу және өңдеу қондырғылары.


Параграф 5. Шебердің көмекшісі, 6-разряд

376. Жұмыс сипаттамасы:

белгіленген кестеге сәйкес қызмет көрсететін күрделі автоматтарды, агрегаттарды, машиналарды, станоктарды,желілерді және басқа да қондырғыларды алдын ала байқау, реттеу;

шебердің тапсырмасы бойынша сабақтау, қайта сабақтау және сынама жұмыстары мен сынақты жүзеге асыру, бұзылулар мен ақауларды түзеу, ақаулық ведомствосын жасау, орта және күрделі жөндеуден кейін қызмет көрсететін қондырғыны тапсыруға дайындау және қабылдап алуға қатысу, майлау мен тазалаудан кейін қондырғыны қабылдау, үйкелетін бөлшектерін өзі майлау, машиналарға, станоктарға, агрегаттарға, автоматтар мен басқа да қондырғыларға ағымдағы жөндеуді жүргізу;

жұмысшыларды жұмыс орындары бойынша орналастыру және олардың жұмысына басшылық жасау, жинақтаманы (учаскені) жұмысты орындау үшін барлық қажетті материалдармен, шикізатпен, жартылай фабрикаттармен қамтамасыз етуді бақылау;

өндірілетін өнімнің сапасын және оны азайтуды тудыратын себептерді жоюды бақылау;

технологиялық параметрлердің, жұмыс кестесінің, ерітіндіні әзірлеу рецептурасының сақталуын бақылау;

технологиялық процестің барысын және қолданылатын бақылау-есептеу аспаптарының, автоматты құрылғылар мен механизмдердің жағдайын қарау;

қызмет көрсететін қондырғылардың бос тұрып қалуына және оның туындау себептеріне есеп жүргізу.

377. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналардың, автоматты құрылғылар мен механизмдердің құрылысын, жұмыс принципін, қызмет көрсететін қондырғылардың кинематикалық және электрлік сызбаларын, реттеу тәсілдерін;

қызмет көрсететін қондырғыларда барлық түрдегі талшықтарды, жартылай фабрикаттарды өңдеудің және барлық түрдегі маталарды, торлы жаймаларды, киіз бұйымдарын өндіру мен өңдеудің технологиялық процесін, шикізатты, жартылай фабрикатты, дайын өнімді сұрыптау және ақауларын табу ережесін, шығарылатын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды, бұйымдардың ассортиментін, жұмыстың үнемді әдістерін;

қызмет көрсететін қондырғыны жөндеуге тапсыру және қабылдап алу ережесін;

қалдықтардың түрлері мен нормаларын, қызмет көрсететін қондырғының бос тұрып қалуын есептеу ережесін;

қызмет көрсететін қондырғыға ағымдағы жөндеуді және реттеуді орындау үшін қажет слесарлық істің дағдысы.

378. Орта кәсіптік білімді талап етеді.

379. Жұмыс үлгілері:

Мақта-мата өндірісі:

1) орау, арқаужіпті-ауыстырып орау, шырмау, шүйкелік автоматтар;

2) қысыммен талшықты бояу үшін бояу аппараттары;

3) «Тең-таспа» ағынды желісі;

4) матаны үздіксіз қайта шлихталау, қайнату және ағарту, шынжырсыз мерсерлеу, «Элитекс», «Текстима» кептіру-кеңейту, ағарту-кептіру агрегаттары мен желілері;

5) барлық жүйедегі штапельдеу, таспалы, таспа қосқыш, шұға тарту, созбалы, иіру, иіру-ширату, ширату, талшықты-апшу, көп барабанды шлихталау, тоқыма көп күзеулі, «Метап» тоқыма-кестелеу, цилиндрлі баспа, ротациялық сурет-фильм басу машиналары;

6) қопсыту-түту, жоғары өнімді тарау, тарақты тарау қондырғылары;

7) тоқыма станоктары.

Зығыр өндірісі:

1) орау, арқаужіпті – ауыстырып орау автоматтары;

2) арнаулы өңдеу үшін агрегаттар мен желілер;

3) қысыммен ағарту және бояу үшін аппараттар;

4) талшықты араластыруға дайындау үшін ағынды желі)

5) барлық жүйедегі таспалы, созбалы, иіру, ширату, жіп есу, орау-жіп есу, көп барабанды, шлихталау, сурет-фильм басу, сурет көшіру, зығыр тарау, тарақты тарау, жоғары өнімді тарау машиналары;

6) жетілдіруі бар баспа машиналары мен желілері;

7) тоқыма станоктары.

Жүн өндірісі:

1) қысыммен жұмыс істейтін тарту, бояу автоматтары;

2) орау және арқаужіпті – ауыстырып орау автоматтары;

3) ине тесу, «Совер» жуу – экстракциялық, «Тунэ-Эурика» техникалық шұға үшін кептіру, тарау-таспалы агрегаттар;

4) автоклавты декатирлер;

5) кілем шығару кезінде баспа, желімдеу, бояу, аппретуралық жайлар;

6) барлық жүйедегі торлы қимаүлгісі бар баспа, таспа штапельдеуші, тарақты тарау, таспалы, созбалы, иіру, иіру-ширату, АSІ және АЕS түріндегі жіп есу, ширату, қосарлап ширататын ширату, шашақ ширату,үтіктеу-кептіру, кілем өндірісінде термотұрақтандырғыш, тоқыма, тоқыма-сырмалау, сырмалау машиналары жэәне кілемдерді шығарған кезде тоқыма-сырмалау жаккардты машиналары, жоғары өнімді тарау (СS-412А, СS-611-55, Е-210-Ш, СS-643 түріндегі және осы тектес) машиналары, қосарланған жайманы кесу үшін жоғары өнімді кесу машиналары;

7) тоқыма станоктары;

8) бармар-Кольман түріндегі сабақтау автоматы.

Жібек өндірісі

1) қысыммен матаны, иірімжіпті, талшықты бояу үшін тарау, қосқыш-булау аппараттары;

2) орау, арқаужіпті ауыстырып орау, көп басты, гильзалық орама, ыдысқа тігін инесін салатын автоматтар, импорттық және отандық өндірістің жартылай автоматтары;

3) қайнату, қалпына келтіру, жуып-шаю, құрғату, кептіру, әртүрлі үйлесімдегі тұрақтандыру, қыртыстамай өңдеу желілері мен агрегаттары;

4) барлық жүйедегі таспа штапельдеу, таспалы, тарақты тарау, дөңгелекті тарау, ширату, созбалы, иіру, иіру-ширату, ЗАС-180, «Бенингер» түріндегі белдекті тізіп ораушы, ШБ-9-ШЛ 1/1, ШБ-9-ШЛ 2 шлихталау машиналары, кресті орау, алты суреттен артық басу кезінде тегіс басу, дөңгелек қимаүлгісі бар ротациялық сурет-фильм басу машиналары, каландрлар, «Шторк», «Текстима», «Ариоли» фирмаларының жетілдіруші, «Элитекс», «Вакаяма» фирмаларының кептіру-кеңейту тұрақтандырушы, «Метап» тоқыма-кестелеу машиналары;

5) тоқыма станоктары.

Жібек орау өндірісі:

Піллә булау машиналары;

Сілку қондырғысы;

Автоматты піллә орау станоктары;

Трикотаж өндірісі:

1) автоматтар: дөңгелек шұлықты көпжүйелі, өрнек құрағыш механизмдері бар екі жүйелі немесе түрлі-түсті көлденең жолақ жасау үшін, 28 сыныпты және одан жоғары дөңгелек шұлықты, шұлықты автоматты жабу үшін арнаулы механизмдермен және құрылғылармен жарақтандырылған және шұлық-ұйық бұйымдарын шығарудың технологиялық параметрлерін бақылау мен реттеу үшін барлық жүйедегі және сыныптағы дөңгелек шұлықты;

2) шұлық-ұйық өндірісінде тігін, тегіс өрнектеу, доғалы-айналдырмалы түрінде;

3) орау автоматтары;

4) жуып-шаю-кептіру-кеңейту-тұрақтандыру желілері, трикотаж жаймасын ағарту және кептіру үшін желілер, жазу, сығу, кептіру және каландрлау желілері.

5) ширату, тарау-түктеу, «Лиум» түріндегі тегіс іліп тоқу айналмалы жаккардты, сыртқы трикотажды өндіру үшін бағдарламалық басқарумен барлық сыныптағы тегіс іліп тоқу коттонды, дөңгелек іліп тоқу жаккардалы, электронды бағдарламалық басқарумен дөңгелек іліп тоқу, көп жүйелі жоғары жылдамдықты дөңгелек іліп тоқу машиналары;

6) желіжіп тоқу машиналары;

7) электронды бағдарламалық басқарумен бояу-өңдеу қондырғысы.

Киіз басу – киіз өндірісі:

1) қысыммен жұмыс істейтін тарау, бояу аппараттары;

2) қосақтау-таспалы машиналар;

3) жүннен басылған аяқ киімді вулканизациялау қондырғысы;

Тоқыма галантереясының өндірісі:

1) орау және арқаужіпті – ауыстырып орау автоматтары;

2) қысыммен жұмыс істейтін бояу, бояу-шығыршықты аппараттар;

3) жетілдіру және булау машиналары;

4) барлық модельдегі және маркадағы автоматты қайықты-кестелеу машиналары;

5) кептіру-кеңейту-тұрақтандыру машиналары мен агрегаттары;

6) тегіс басу машиналары;

7) желіжіпті тоқу машиналары;

8) ширату қондырғылары;

9) тоқыма және таспа тоқыма станоктары.

Кендір өндірісі:

1) арқау жіпті-ауыстырып орау автоматтары;

2) барлық жүйедегі таспалы, созбалы, иіру, ширату, жоғары өнімді тарау машиналары;

3) тоқыма станоктары.

Мақта өндірісі:

1) жоғары өнімді бір процестік түту, тарау машиналары.

Мата емес материалдарының өндірісі:

1) барлық түрдегі агрегаттар: ине тесу, желімдеу, тарау-іліп тоқу;

2) барлық түрдегі және үлгідегі іліп тоқу-тігу машиналары;

3) «Ариоли» фирмасы түріндегі жетілдіруші;

4) үздіксіз ағарту, жуып шаю, басу, кептіру-кеңейту-тұрақтандыру, түту үшін желілер;

5) сурет-фильм басу, «Текстима» түріндегі кептіру-кеңейту машиналары;

6) тор тоқу өндірісі;

7) тор тоу қондырғылары.


Параграф 6. Шебердің көмекшісі, 7-разряд

380. Жұмыс сипаттамасы:

қызмет көрсететін ерекше күрделі аспаптарды, автоматтарды, аппараттарды, агрегаттарды, машиналарды, станоктарды, мониторлармен, автоматты басқару пультімен және электронды аспаптармен жарақтандырылған, технологиялық процестің параметрлерін автоматты реттеумен желілерді алдын ала байқау, бақылау, түзеу, дәлдеу және реттеу;

технологиялық параметрлер мен жұмыс режимінің сақталуын, электронды таблоның, фотоэлементтер мен электрқоршағыштың жұмысын бақылау;

қосымша аппаратура мен жабдықтарды жөндеу;

электронды бақылау-өлшеу аспаптарының, құрылғылар мен механизмдердің жұмысын және жағдайын байқау;

жекелеген қызмет көрсететін машиналар мен механизмдердің үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету;

өндірілетін өнімнің сапасын бақылау және оның азаюын тудыратын себептерді жою;

шебердің тапсырмасы бойынша сынама жұмыстарын және сынақтарды жүзеге асыру;

бос тұрып қалуды есептеуді жүргізу;

арқаужіпті, электронды муфтаны дәлдеу және автоматты түзетуді реттеу;

жіп тазалағыштың жұмыс режимін орнату;

автотүсіргіштің жұмысын бақылау;

бүріккі мен болат сызғыш корпустарының металл бөліктерін қырнау;

компьютерде бұйымды шығару жөніндегі бағдарламаны теру;

суретшінің тапсырмасы бойынша суретті түбегейлі қарастыру;

бұйымның ұзындығын есептеу және түзету енгізу.

381. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін автоматтардың, аппараттардың, агрегаттардың, машиналардың, станоктардың, желілердің, автоматты және электронды құрылғылар мен механизмдердің, аспаптардың құрылысын, жұмыс принципін;

олардың кинематикалық және электрлік сызбаларын, қызмет көрсететін қондырғыларды реттеу әдістері мен тәсілдерін;

қызмет көрсететін қондырғының жұмысы параметрлерінің циклограммасын;

дәлдеу параметрлерінің нақты жіберілімін, қондырғының техникалық қызмет көрсетуін және жөндеуін өткізу жүйесін;

өндірілетін өнімнің сапасына қойылатын талаптарды, бұйымның ассортиментін;

суретті есептеу және алу принциптерін, өрімдердің түрлерін, компьютерде суретті теру және өзгерту тәсілдерін;

қызмет көрсететін қондырғыны пайдалану ережесін.

382. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

383. Жұмыс үлгілері:

Мақта-мата өндірісі:

1) «Аутоконер» түріндегі орау автоматтары;

2) автотүсірушімен жарақтандырылған иіру, қосарланған иірумен иіру машиналары;

3) шығырсыз мерсерлеу, «Элитекс», «Текстима» түріндегі кептіру-кеңейту желілері;

4) тарақты тарау қондырғылары;

5) тоқыма, «Метап» тоқыма-іліп тоқу станоктары;

6) ротациялық сурет-фильм басу машиналары;

7) кендір өндірісі;

8) кендір тарау машиналары мен агрегаттары;

9) ЛЛ-1-2-3-4-4, 2ЛЧ-1-ЛО, ЛЧ-2-ЛО түріндегі таспалы машиналар;

10) Ч-600-М түріндегі жоғары өнімді тарау машиналары;

11) Р-216-Л, Р-216-ЛО түріндегі созбалы машиналары;

12) барлық жүйедегі иіру машиналары.

13) жаккарды машинасы және арқаужіп жинағышы бар СТБ түріндегі қайықсыз тоқыма станоктары, АТПР, Зульцер-Рюти түріндегі станоктар;

14) қысыммен арнаулы өңдеу, ағарту және бояу үшін желілер мен автоматтар;

15) жетілдіруі бар сурет көшірме, сурет-фильм баспа, баспа машиналары мен желілері;

16) жүн өндірісі;

17) технологиялық процесті автоматты реттеумен бояу аппараттары;

18) «Савио», «Мурато» түріндегі орау автоматтары;

19) «Хантер» түріндегі ине тесу, «Совер» түріндегі жуу-экстракциялық, «Тунэ-Эурика» техникалық шұға үшін кептіру агрегаттары;

20) «Декаклав», «Нинки», «Драбент» түріндегі автоклавтық декатирлер;

21) «Фляйснер» талшықты үздіксіз бояу, «Амдес», «Киото» қырыстырмай өңдеу желілері;

22) «Фор» карда тараушы, «Фор» таспалы, «Текстима» тарақты тарау, «Коньютекс» түріндегі иіру, иіру-ширату, қосарланған ширатумен ширату, «Фляйснер» түріндегі үтіктеу-кептіру, «Контипресс» матаны бекіту үшін, «Лирофлор» кілем тоқу, торлы және ротациялық қимаүлгідегі басу, «Савио» түріндегі созбалы машиналар.

Тоқыма станоктары.

Жібек өндірісі

1) «Мурато» түріндегі орау автоматтары;

2) «Версаматик» түріндегі таспалы, КЭ-160-Ш түріндегі қосарланған ширатумен ширату, «Ровематик» түріндегі созбалы, иіру, жіп есу-ширату, БП-260В, ВП-340020 түрлеріндегі белдекті-айыру, «ОПТО-7» түріндегі сұрыптау-түту машиналары;

3) дөңгелек қимаүлгімен тегіс басу, ротациялық сурет-фильм басу машиналары;

4) «Элитекс», «Вакаяма» фирмаларының кептіру-кеңейту-тұрақтандыру машиналары;

5) СТБ, Зульцер-Рюта түрлеріндегі тоқыма, репирлі тоқыма, пневморатирлі, барлық жүйедегі гидравликалық пневматикалық, «Метап» тоқыма-іліп тоқу станоктары;

6) трикотаж өндірісі

7) тегіс іліп тоқу, аяқталған циклімен шұлық-ұйық бұйымдарын шығаратын, минутына 220 айналымнан жоғары жылдамдығы бар жоғары сыныпты (98-34) дөңгелек шұлықты, жоғары өнімді тігін автоматтары;

8) сыртқы трикотажды шығару үшін бағдарламалық басқарумен барлық сыныптағы коттондық, жаккардты дөңгелек іліп тоқу, электронды басқару бағдарламасымен дөңгелек іліп тоқу, көп жүйелі жоғары жылдамдықты дөңгелек іліп тоқу, желіжіпті іліп тоқу машиналары;

9) электронды басқару бағдарламасымен бояу-өңдеу қондырғылары. Өңдеу желілері;

10) тоқыма галантереясының өндірісі;

11) өрмелеу қондырғылары;

12) желіжіпті іліп тоқу машиналары;

13) кептіру-кеңейту-тұрақтандыру машиналары мен агрегаттары;

14) тоқыма, кендір тоқу станоктары;

15) мата емес материалдарының өндірісі;

16) жылумен біріктіру тәсілімен мата емес материалдарын алу үшін агрегаттар;

17) басу, кептіру-кеңейту-тұрақтандыру желілері;

18) суретті фильм басу машиналары.

78. Талшықтарды престеуші

Параграф 1. Талшықтарды престеуші, 3-разряд

384. Жұмыс сипаттамасы:

орағыш персте тарамға талшықты және қыл-қыбырды бумаға престеу;

буып-түю үшін қыл-қыбыр мен таралған талшықты нөмірлері, сұрыптары және түстері бойынша іріктеу;

талшықты орағыш преске тасымалдау;

орама материалдарын дайындау және салу;

престелген бумаларды орау және белгіленген жерге тасымалдау;

орағыш престерді тазалау және үйкелетін бөлшектерін майлау.

385. Білуге тиіс:

орағыш престердің құрылысы мен жұмыс істеу принципін;

талшықтың түрлерін, бумаларды қораптардың саны, көлемі және салмағы бойынша іріктеу ережесін;

бумаларды буып-түю сапасына қойылатын талаптар және орағыш материалдардың шығыс нормаларын, орағыш престерді тазалау және үйкелетін бөлшектерді майлау тәсілдерін.
Параграф 2. Талшықтарды престеруші, 4-разряд

386. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі жүйедегі престе талшықты бпрестеу;

престеу қондырғысын реттеу;

талшықты баспақтар арасында бөлу және престеу камерасына тасымалдау;

талшықты түстері мен нөмірлері бойынша іріктеу;

мемлекеттік стандартқа сәйкес престеу, теңдерді маркалау және ораудың сапасын бақылау;

түрлері мен нөмірлері бойынша престелген өнімдердің есебін жүргізу.

387. Білуге тиіс:

әртүрлі жүйедегі престердің құрылысы мен жұмыс істеу принципін;

оларды реттеу тәсілдері мен күтіп-ұстау ережесін;

талшықтың түрлерін, мақсатына сәйкес оларды орау ерекшеліктерін;

өндірілетін өнімдердің сапасына қойылатын талаптарды және олардың мемлекеттік стандарттарын;

дайын өнімдерге есептеу жүргізудің ережесін.


79. Дайын өнімдер мен қалдықтарды престеуші

Параграф 1. Дайын өнімдер мен қалдықтарды престеуші, 2-разряд

388. Жұмыс сипаттамасы:

механикалық немесе гидравликалық престерде белгіленген мөлшерде және салмақтар теңдерге және бумаларға иірімжіпті, шикізат жібекті, таспаны (ауыр белдікті техникалық мақсаттағыдан басқасы), тоқыма-галантерея өндірісінің бұйымдарын және қалдықтарды престеу;

иірімжіпті, шикізат жібегін, таспаны, тоқыма-галантерея өндірісінің бұйымдарын, қалдықтарды престеу камерасына жеткізу және салу;

орама материалдарын дайындау және оларды қызмет көрсететін преске сабақтау;

дайын өнімдер мен қалдықтар теңдерін байлау, көктеп тігу және салмағын өлшеу;

престелген бумаларды жинақтау жәшіктеріне партиялар бойынша теңдерді жинақтау үшін салу;

теңдерді тасымалдау;

қызмет көрсететін баспақты жүктен босату, оны тазалау және үйкелетін бөлшектерін майлау.

389. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын және жұмыс принципін;

оларды күтіп-ұстау ережесін;

теңдерді орау және маркалау ережесін.


Параграф 2. Дайын өнімдер мен қалдықтарды престеуші, 3-разряд

390. Жұмыс сипаттамасы:

механикалық немесе гидравликалық престерде қалдықтарды түрлері мен түстері бойынша белгіленген мөлшерде және салмақта теңдер мен бумаларға матаны, жүннің қалдықтарын, химиялық талшықтарды, таспалы, даналық бұйымдарды, мата емес материалдарын, перделік-тюльдік және шілтерлік бұйымдарды, ауыр белдіктік техникалық мақсаттағы таспаларды, мақтаны, күпіні, дайын қаптарды, жібек қыл-қыбырын, трикотаж талшық қалдықтарын (бүрме кесінділері, құрақтар), қайталама талшықтарды, жасанды теріден лекало аралық түсімдерді престеу;

арнаулы машиналар мен тетіктерде өндіріс қалдықтарын престеу жолымен сүзгіштерді, аралық төсемді және басқа да техникалық мақсаттағы бөлшектерді жасау, оларды буып-түю және өлшеу;

қызмет көрсететін преске өнімдерді тасымалдау және пресс камерасына қолмен немесе пневмоқұбыр арқылы тиеу;

орама материалын преске сабақтау;

теңдерді байлау, маркалау, өлшеу, престі жүктен босату;

құжаттарды ресімдеу;

қызмет көрсететін қондырғыны тазалау және күтіп-ұстау;

өнімді экспорттауға дайындаған кезде – теңді картонмен буып-түю және көмкеру.

391. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын, оны пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

теңдердің мөлшері мен массасын, дайын өнімдер мен қалдықтардың ассортиментін;

дайындалған теңдерді маркалау мен буып-түю ережесін.


Параграф 3. Дайын өнімдер мен қалдықтарды престеуші, 4-разряд

392. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі жүйедегі механикалық немесе гидравликалық престерде оларды реттеумен белгіленген мөлшерде және салмақта теңдерге дайын өнімді, қайталама талшықты, жүннің қалдықтарын престеу.

қызмет көрсететін престің, компрессордың, араластырғыштың, бақылау-есептеу аспаптарының жұмысқа жарамдылығын тексеру.

орама материалдарды қызмет көрсететін преске сабақтау, өнімдер мен қалдықтарды қызмет көрсететін престер арасында бөлу, престеу камерасына жеткізу.

жүнді түрлері мен аспасы бойынша іріктеуді бақылау, белгіленген тығыздыққа дейін престеу.

қызмет көрсететін престі жүктен босату.

мемлекеттік стандартқа сәйкес престеу сапасын, дайын өнімдер мен қалдықтар теңдерін маркалау мен буып-түюді бақылау.

түрлері, сапасы, сұрыбы бойынша престелген өнімдерді есептеуді жүргізу.

қызмет көрсететін баспақты тазалау, үйкелетін бөлшектерді майлау.

393. Білуге тиіс:

әртүрлі жүйедегі престердің құрылысын және жұмыс істеу принципін;

оларды реттеу тәсілдерін және күтіп-ұстау ережесін;

дайын өнімдер мен қалдықтардың ассортиментін және қасиеттерін, өрт және жарылыс қауіптілігі деңгейін;

престеу кезінде қысымның ережесі мен нормаларын, бумалардың көлемі мен салмағын, оларды буып-түю және маркалау ережесін;

ораманың аспасына қойылатын талаптарды және орама материалдардың шығыс нормаларын, дайын өнімді есептеуді жүргізу ережесін.


80. Молеттерді престеуші

Параграф 1. Молеттерді престеуші, 2-разряд

394. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті молеттерді престеушінің басшылығымен қызмет көрсететін престе ұяқалыптан суреттер молетіне қолмен престеу.

395. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін престің құрылысын;

суреттер молетіне престеудің технологиялық процесін.
Параграф 2. Молеттерді престеуші, 3-разряд

396. Жұмыс сипаттамасы:

қызмет көрсететін престе біліктігіне тәуелсіз қарапайым және орта күрделі суреттерді ұяқаптан бедерлі молетке престеу;

болат цилиндрлерді (молеттерді) іріктеу;

суреттің сипатына сәйкес престеу кезінде қажетті қысымды орнату;

қолдауға айшық салу;

мастиканы енгізу және молеттерді қышқылмен өңдеу;

молеттен қолдауды кесіп алу;

ұяқалыпты және молеттерді қайрау мен қырнау;

бедерлі молеттерді шыңдау, оның қонышын қырнау;

қызмет көрсететін престі тазалау және үйкелетін бөлшектерін майлау.

397. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын, оны пайдалану мен күтіп-ұстау ережесін;

қарапайым және орта күрделі суреттерді молеттерге престеу әдістерін;

молеттерді шыңдау ережесін.
Параграф 3. Молеттерді престеуші, 4-разряд

398. Жұмыс сипаттамасы:

қызмет көрсететін престе біліктігіне тәуелсіз күрделі суреттерді ұяқалыптан бедерлі молетке престеу;

болат цилиндрлерді (молеттерді) іріктеу;

суреттің сипатына сәйкес престеу кезінде қажетті қысымды орнату;

ұстағышқа айшық салу;

күміс біліктер үшін молеттерді престеу;

мастиканы енгізу және молеттерді қышқылмен өңдеу;

молеттен ұсьағышты кесіп алу;

ұяқалып пен молеттерді шыңдау және оның қонышын қырнау;

қызмет көрсететін престі тазалау және үйкелетін бөлшектерін майлау.

399. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін пресс бөлшектерінің өзара әрекетін, оны пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

оны жинау және бөлшектеу тәртібін, біліктігіне тәуелсіз күрделі суреттерді молеттерге күміс білік үшін бедерлі молеттерге суреттерді престеу әдістерін;

молеттерді қышқылмен өңдеу және шыңдау әдістерін;

қызмет көрсететін престі тазалау және үйкелетін бөлшектерін майлау әдістерін.


Параграф 4. Молеттерді престеуші, 5-разряд

400. Жұмыс сипаттамасы:

дивизирлік машинамен жұмыс кезінде ерекше күрделі суреттерді ұяқалыптан бедерлі молетке престеу;

суреттерді тігінен және көлденеңінен раппорттық сызығы мен тұлғасын бөлу;

ұстағыштарға айшық салу;

күміс біліктер үшін молеттерді баспақтау;

суреттің сұлбасын ұяқалыпта қышқылмен өңдеу;

тұлғаның сұлбасын сызу;

тістегерішті іріктеу, оларды дивизирлік машинаға орнату және оны реттеу;

дивизирлік машинаны тазалау және майлау.

401. Білуге тиіс:

дивизирлік машинаның құрылысын, оны пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;

ерекше күрделі суреттерді молетке, дивизирлеу мен престеу әдістерін;

суреттерді раппорттық сызықтар мен тұлғаға бөлу ережесін;

күміс біліктер үшін молеттерді престеу ережесін;

дивизирлік машинаны кептіру мен майлау тәсілдерін.


81. Желіжіпті ширатып жалғаушы

Параграф 1. Желіжіпті ширатып жалғаушы, 2-разряд

402. Жұмыс сипаттамасы:

желіжіп жіптерін тоқыма станоктарына қолмен, желіжіпті сырмалағанда – мата емес өндірістің қондырғысына ширатып жалғау немесе байлау, желіжіпті шешу мен ашу, желіжіптің соңын тегістеу;

бағалық таяқшаларды салу;

желіжіп жіптерінің қатарласа орналасуын және оның біркелкі тартылуын сақтау;

желіжіп жіптерін ілгек, ремиз, бердо арқылы өткізу;

қалдықтарды тапсыру.

403. Білуге тиіс:

жіптерді ширатып жалғау және байлау әдістерін;

иірімжіптің негізгі қасиеттерін және оның желілік тығыздығын;

желіжіп жіптерін сабақтау тәртібін.


82. Сабақтаушы

Параграф 1. Сабақтаушы, 2- разряд

404. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті сабақтаушының басшылығымен сабақтау станогында (машинасында) желіжіп жібін қолмен сабақтау;

сабақтау станогына (машинасына) аспапты дайындау және орнату;

сабақтау станогына (машинасына) желіжіпті орнату, оны сабақтауға дайындау, қажетті тартылуды қамтамасыз ету;

қысқыштарға жіптің соңын бекіту және оларды кесу;

желіжіп жіптерінің қатарласып орналасуын сақтау және қиғаштануының, ілгектерінің шиеленісуін болдырмау;

желіжіпті орау және оны ілгекке, ремизге, бердоға байлау жөніндегі жұмыстарға қатысу;

сабақтау станогын (машинасын) жинауға және бөлшектеуге қатысу;

сабақтау станогынан (машинасынан) аспапты алу;

желіжіпті байлау үшін жіптер дайындау;

сабақтау станогын (машинасын) желпу және тазалау;

қалдықтарды тапсыру.

405. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын және оны күтіп-ұстау ережесін;

сабақтау және өрмелеу түрлерін, матаның өңделетін ассортименті бойынша сабақтау есебін;

жіптерді сабақтау, сабақтау станогын (машинасын) дайындау, желіжіпке аспапты бекіту ережесін;

желіжіп жіптерін сабақтау сапасына қойылатын талаптарды;

иірімжіптің желілік тығыздығын.


Параграф 2. Сабақтаушы, 3-разряд

406. Жұмыс сипаттамасы:

сабақтау станогында немесе тікелей тоқыма станогында желіжіп жіптерін қолмен сабақтау;

жіптерді түктеу білігінен түкті сабақтау машинасының құбырлы жиектемесіне сабақтау;

жоғары білікті сабақтаушының басшылығымен сабақтау немесе тікелей тоқыма станогында ремиздер саны 10 және одан жоғары күрделі көп түсті суреттері бар желіжіп жіптерін дайындау жұмыстарын орындау және сабақтау;

матаны сабақтау есебіне сәйкес ремиздерді, бердоларды және ілгектерді дайындау және оларды сабақтау станогына орнату;

құбырлы жиектемені және түктеу білігін алу, олардың жағдайын және сабақтауға сәйкестігін тексеру;

түкті біліктің сабақтау еніне сәйкес құбырлы жиектеме үшін ойықты реттеу;

құбырлы жиектемені ойыққа салу және қысқышты нығайту;

түкті білікті жоғары көтеретін тіреуішке орнату;

бақылау тарағының қиығына жіпті сабақтау;

қол, жартылай механикалық және механикалық пассетті қолданумен сурет раппорты бойынша ілгекке, ремизге, бердоға желіжіп жіптерін сабақтау;

сабақтау кезінде жіптің өтіп кетуін, қиғаштануын, аяқталуын болдырмау және сабақтау енін сақтау;

бердоға сабақталған жіптерді байлау, жіліжіпті орау және ремизді, ілгекті және бердоны желіжіпке байлау;

сабақтауға түскен желіжіптің, ремиздің, бердо мен ілгектің сапасын тексеру;

құбырлы жиектеменің құлыбына салу;

бақылау тарақшасын алу және орнына қою;

сабақтау түкті білігін оның реттік нөміріне сәйкес арбашаға салып қою;

арбашаны белгіленген жерге жеткізу.

407. Білуге тиіс:

пассеттің, түкті сабақтау машинасының құрылысын, оларды пайдалану және механизмдерінің өзара әрекет ережесін;

қызмет көрсететін қондырғыны күтіп-ұстау ережесін;

сабақтау, өрімдеу түрлерін, құбырлы жиектемеге жіпті сабақтау ережесін;

матаның ассортименті бойынша сабақтау есебін;

желіжіп жіптерін сабақтау сапасына және түкті біліктерді сабақтау сапасына қойылатын талаптарды.
Параграф 3. Сабақтаушы, 4-разряд

408. Жұмыс сипаттамасы:

барлық жүйедегі сабақтау машиналарында желіжіп жіптерін сабақтау;

сабақтау немесе тікелей тоқыма станогында ремиздер саны 10 және одан жоғары күрделі көп түрлі-түсті суреттері бар желіжіп жіптерін сабақтау;

желіжіпті сабақтауға дайындау, оны қызмет көрсететін машинаға, станокқа орнату және қажетті тартылуды қаматамасыз ету;

жіптің соңын қысқышқа бекіту және оны кесу;

ремизді, бердоны, ілгекті қызмет көрсететін машинаға, станокқа жеткізу және орнату;

сабақтау суретінің дұрыс сақталуын бақылау және қажет болған жағдайда оны түзету, жіп іріктеу, галева іріктеу, бердоны қию және басқа да қондырғылардың механизмдерінің өзара әрекетін бақылау;

желіжіптегі аспапты бекіту;

қызмет көрсететін қондырғыны желпу және тазалау.

409. Білуге тиіс:

сабақтау машинасының, тоқыма станогының құрылысын, оларды пайдалану, механизмдерінің өзара әрекет ережесін;

қызмет көрсететін қондырғыларды күтіп-ұстау ережесін;

иірімжіптің ассортиментін;

желілік тығыздығын, матаның ассортиментін;

өрнектің түрлерін, жіпті сабақтау суреттерін.


83. Иіруші

Параграф 1. Иіруші, 3-разряд

410. Жұмыс сипаттамасы:

кезекті түсірмеге ыдыстарды, патрондарды, шарықтарды, құндақтарды дайындау;

жоғары білікті иірушінің басшылығымен барлық жүйедегі иіру машиналарындағы түсірмелерді ашуға қатысу;

ақаулы орамаларды (орауы бойынша) іріктеу және оларды белгіленген тәртіпте тапсыру;

түсірілген собықтарды, белдектерді ыдысқа немесе көлік құрылғысына тиеу;

есептеу талондарын салу;

иіру машинасын күтіп-ұстау.

411. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машинаның құрылысын және оны күтіп-ұстау ережесін;

өңделетін иірімжіптің түрлерін және желілік тығыздығын;

иірімжіпті собыққа және шарғыға орау сапасына қойылатын талаптарды.
Параграф 2. Иіруші, 4-разряд

412. Жұмыс сипаттамасы:

тарақты иіру машиналарында кендір иірімжібін өндіру;

жоғары білікті иірушінің басшылығымен барлық жүйедегі иіру машиналарынан иірімжіпті түсіріп алу;

жұмысталған собықтарды, шарғыларды, белдектерді оларды бос патрондармен (шарықтармен) немесе шарғылармен ауыстыру арқылы түсіру және ұршықты, иіру камерасын сабақтау;

қызмет көрсететін машинаны іске қосу кезінде туындайтын үзілуді болдырмау;

технологиялық процестің қалыпты барысын, иірімжіпті үнемді пайдаланумен иірімжіптің қажетті сапасын қамтамасыз ету;

созбасы бар белдекті, таспасы бар тазды дайындау және ауыстыру;

таспаны сабақтау;

белдектегі жұмысталған иірімжіпті түсіріп алу;

иірімжіптің, таспаның үзілген жерін жалғау;

белдектің айырмасын реттеу;

таспалардың біркелкі қашуын және таздарды ауыстыруды қамтамасыз ету;

иірімжіптің, таспаның үзілуі мен ақауын болдырмау жөніндегі алдын алу жұмыстарын орындау;

келіп түсетін созбаның, таспаның сапасын бақылау;

созба мен таспаның сапасыз телімдерін тарқату;

өңделетін иірімжіптің сапасын бақылау;

таспасы бар таздарды белгіленген жерге тасымалдау;

ұршықтың және оның жетегінің жұмысын қарау;

ыдысты түсірмені алуға дайындау және босаған шарғыны тазалау;

қызмет көрсететін қондырғыны күтіп-ұстау;

қалдықтарды түрлері бойынша іріктеу және оларды тапсыру.

413. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналардың құрылысын және пайдалану мен олардың негізгі тораптары мен механизмдерінің өзара әрекет ережесін;

қызмет көрсететін қондырғыларды күтіп-ұстау ережесі мен кестесін;

иірімжіптің, таспаның, созбаның сапасына қойылатын талаптарды, иірімжіптің, созбаның түрлері мен желілік тығыздығын, түсірменің жұмыс істеу уақытының ұзақтығын, түсірмені алу тәртібін;

қызмет көрсететін машиналарды сабақтау ережесін;

қалдықтардың түрлері мен нормаларын.


Параграф 3. Иіруші, 5-разряд

414. Жұмыс сипаттамасы:

барлық жүйелердегі иіру машиналарында, иіру-айналдыру және теңгеру машиналарында жұмысталған иірімжіпті пайдалану және түсіру;

пневмомеханикалық иіру машиналарында иіру камераларын сабақтау;

иірудің технологиялық процесінің барысын, қызмет көрсететін машиналардың жұмыс органдарының және барлық негізгі механизмдерінің жұмысын, иірімжіптің дұрыс оралуын бақылау;

иірімжіптің үзілуі мен ақауларын болдырмау бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізу – түскен тегістеменің сапасын тексеру, тегістемеде бос жерлерді, иірімжіпте жуан және жіңішке жерлерін орап алып тастау;

ленталардың, тегістемелердің және иірімжіптердің үзілуін жою;

иіршікті, жұмысталған иірімжіптермен собықтарды алу, шарғыларды, тегістемемен иіршіктерді, таспамен ыдысты ауыстыру;

тозған ұсақ бөлшектерді (жүгірткілерді, білікшелерді, қалпақтарды) ауыстыру;

басу білікшелерін ауыстыру;

жинап алуды есепке алу жөніндегі алғашқы құжаттаманы толтыру;

иірімжіптің технологиялық пайдалану процесінің қалыпты жүру барысын қамтамасыз ететін жұмыс әдістерін орындау;

қызмет көрсететін машиналардың белгіленген бағытын сақтау;

иіру машинасының тегістеме рамасында (шөлмек орнында) тегістеменің біркелкілігін қамтамасыз ету;

температуралық режимді және су деңгейін, ыдыстағы қатынасты немесе эмульсияны сақтау;

қызмет көрсететін машинаны жинап алуға дайындау және оны жинап алынғаннан кейін іске қосу, машинаны жинап алуға және сабақтауға қатысу;

жинап алуды және патрондарды, шарғыларды немесе шөлмектерді дұрыс орнатуды бақылау;

жинап алуға есепке алу талонын толтыру;

қызмет көрсетілетін учаскеде жинап алуларды тарату;

ақау (орауы бойынша) собықтарды және ерекше иірімжіпті анықтау, оларға есепке алу талонын толтыру;

қызмет көрсететін машиналарды жөндеуден кейін қабылдауға қатысу;

жинап алуды таратуды, қалдықтарды түрлері бойынша жинау және оларды тапсыруды реттеу;

қызмет көрсететін жабдықты күту, орау, тарту, иіру, қоректендіру аймақтарын тазалау.

415. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың құрылысын, оны күту және пайдалану ережесін, таспалардың, тегістемелердің, иірімжіптің түрлерін және сызықтық тығыздығын, шикізат, қосымша материалдар шығыны нормаларын, оларды тиімді пайдалану тәсілдерін;

иірімжіптің, таспаның, тегістеменің, шарғылардың, патрондардың (шөлмектердің), жүгіртпелердің сапасына қойылатын талаптарды, иірімжіптің үзілу себептерін және оларды болдырмау, жою тәсілдерін, ыдыстағы температуралық режимді;

бөгеттер мен жинап алуларды тарату тәсілдерін, жинап алулар уақытының ұзақтығын, жинап алынған иірімжіпке есепке алу талондарын толтыру тәртібін;

жинап алуларды түсіру, машиналарды сабақтау және қайта сабақтау тәртібін;

қызмет көрсететін жабдықты күту ережесін және кестесін.
84. Тарқатушы

Параграф 1. Тарқатушы, 1-разряд

416. Жұмыс сипаттамасы:

тарқатуға арналған жай құралдарда немесе қолмен тарқату: көп соңды тоқу машиналарымен кесілген, бүлінген иірімжіпті, жіптерді, бауларды және ызбаны, әртүрлі ызбаларды және бау жөргемдерін тарқату, олардың шеттерін шешу және байлау, ақау учаскелерін жою.

417. Білуге тиіс:

иірімжіпті тарқатуға арналған қарапайым құралдардың құрылысын, оларды күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

иірімжіптің (жіптің) түрлерін;

желілік тығыздығын, бұйымдардың ассортиментін;

ақау телімдерін жою ережесін.
Параграф 2. Тарқатушы, 2-разряд

418. Жұмыс сипаттамасы:

механикалық құралда шөлмектен иірімжіп қалдықтарын, тарқату машинасында – бауды және ызбаны тарқату.

шөлмектерде иірімжіп соңын жазып тегістеу және оларды бөлу.

иірімжіп қалдықтарын, бау жөргемдерін, ызбаларды тарқату және оларды бөлу.

иірімжіп қалдықтарын, бау жөргемдерін, ызбаларды шешу және олардың шеттерін байлау.

шөлмектермен ұршықты орнату және түсіру.

ақаулы шөлмектерді сұрыптау.

механикалық құралдан иірімжіп жөргемін түсіру.

иірімжіпті өлшеу, бөліп орналастыру және орау, ярлыктарды желімдеу.

тарату машиналарын тазалау және механикалық құралдарды сілку.

419. Білуге тиіс:

иірімжіпті тарқатуға арналған механикалық құралдардың, бауларды, ызбаларды тарқатуға арналған тарқату машиналарының құрылысын және пайдалану ережесін.
Параграф 3. Тарқатушы, 3-разряд

420. Жұмыс сипаттамасы:

ақауы бар иірімжіпті, жіптерді тарқату машиналарында ақауы бар телімдерін жоя отырып тарқату.

421. Білуге тиіс:

тарқату машиналарының құрылысын, оларды күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

ақауы бар телімдерді жою ережесін.


85. Қалдықтарды өңдеуші

Параграф 1. Қалдықтарды өңдеуші, 2-разряд

422. Жұмыс сипаттамасы:

зырылдауықтардағы, шеттерін жыртатын, шеттерін жұлатын, күлден тазалайтын, жұлатын, сілкетін және басқа да машиналардағы бумалардың, кесінділердің шеттерін, дөрекі терілерді, қалдықтардың барлық түрлерін жаймаға айналдырып өңдеу;

жүн және киіз өндірісінде – қалдықтарды майлау;

қалдықтарды өңдеудің барысын, үйінділерді жою және қызмет көрсететін машинаның жұмыс органдарынан жайма орауларын түсіруді бақылау;

қалдықтарды сұрыптау;

қызмет көрсететін машиналарға бөтен заттардың түсу жағдайларын болдырмау;

қызмет көрсететін машинаның, жеткізетін транспортерлердің және дабыл берушінің жұмысын бақылау;

өңделген қалдықтарды түрлері бойынша қаптарға қолмен толтыру немесе қап толтыратын машинамен және оларды белгіленген орынға тасымалдау;

талшықтарды престеу, бумаларға буып-тию;

таразыларда өлшеу;

бумаларға белгі қою;

қалдықтарды қызмет көрсететін машиналардың астынан алып тастау, оларды ыдысқа салу;

белгіленген кестеге сәйкес қызмет көрсететін машинаны күтіп-ұстау, машинаны тазалау және майлау;

қалдықтарды гидродинамикалық тәсілмен өңдеу кезінде – су беруді реттеу және оның циркуляциясын бақылау.

423. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын, пайдалану ережесін және оны күтіп-ұстау ережесін;

өңделетін қалдықтардың түрлерін;

сұрыптарын және қасиеттерін;

қалдықтарды өңдеу сапасына қойылатын талаптарды, қызмет көрсететін машинаны біркелкі сабақтау нормасын;

өңделетін қалдықтарды тасымалдағышқа төсеу ережесін;

қалдықтарды өңдеу тәсілдерін.
Параграф 2. Қалдықтарды өңдеуші, 3-разряд

424. Жұмыс сипаттамасы:

тегіс немесе тісті барабанмен коконды зырылдауықта одоноктан жібек жаймаларды (жайғақтарды) дайындау бойынша жұмыстарды жүргізу;

өңделуге түскен одоноктардың сапасын тексеру;

барабанға одоноктарды жіберу, оларды өңдейтін торға толтыру, қызмет көрсететін машинаны қосу, машинаның жұмысын бақылау және жайғақты дайындау уақытын анықтау, оны кесу және машинадан түсіру;

одоноктарды өңдейтін автомат желілерде жайғақтарды дайындау жұмысын жүргізу;

куколоктар мен қыл-қыбырларды жинау;

пілләні, зырылдауықтарды жөндеуден қабылдауға қатысу;

зырылдауықтың үйкелетін беттерін тазалау және майлау.

425. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машинаның құрылысын және оның механизмдерінің өзара әрекеттерін, зырылдауықта одоноктарды өңдеудің технологиялық режимін;

барабанға одоноктарды беру ережесін;

бір жайғақты дайындауға қажетті одоноктар порциясының саны;

қызмет көрсететін машинаны тазалау, майлау тәсілдері мен мезгілділігі.


86. Ракляшы

Параграф 1. Ракляшы

426. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті ракляшының басшылығымен баспа машиналарында маталарда, трикотаж және мата емес жаймаларда түсті суреттерді басу;

баспа машинасының арт жағын және алдын күту, үйкелетін беттерін майлау, машинаны бұзу, жинау және жұмысқа дайындауға қатысу;

суреттің үлгісін алуға, суретті және түрін ауыстыруға, кирзаны, шұғаны ауыстыруға және қосып тігуге, лапингті қысып-басуға қатысу;

матамен (жаймамен) роликтерді орнату, оны баспа машинасына салу, роликтерді ауыстыру;

баспа машинасына кіретін матаның, жайманың сапасын, матаның (жайманың) және астардың бағытын, жайылуын, басу процесін бақылау;

баспа машинасына ақауларымен (кертпелер, қатпарлар, бүгілген шеттер, арқаужіптің қисықтығы) матаның (жайманың) кіруін болдырмау;

кирза жуатын қондырғының және барлық механизмдердің, баспа машинасы құрылғысының жұмысын, матада (жаймада) басу сапасын бақылау;

үлгіні дұрыстау;

раклялардың түсірілуі, қайралуы және орнатылуы;

ыдыстарды бояудан тазарту, біліктерді және ракляларды жуу;

қызмет көрсететін жабдықты күтіп-ұстау.

427. Білуге тиіс:

баспа машинасының, кирза жуу қондырғысының құрылысын, күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

баспаға түсетін маталардың, трикотаж және беймата жаймалардың ассортиментін;

олардың баспаға жарамдылығы жағынан қойылатын талаптарды;

матаны баспа машинасына салу, сурет пен түрін ауыстыру және машинаны жұмысқа дайындау кезінде жинау, бұзу ережесін;

суреттің үлгісін жасау тәсілдерін;

лапингті қысып-басу, шұғаны қосып тігу және ауыстыру, кирзаны қосып тігу ережесін.

Өндіріс түрлері бойынша ракляшылардың тарифтік разрядтары:

Мақтақағаз: машинаның біліктігі - 1- 2-ші разряд;

машинаның біліктігі – 2 - 4 - 3-ші разряд;

машинаның біліктігі – 6 және жоғары - 4-ші разряд.

Жібек: машинаның біліктігі - 1-2 – 3-ші разряд;

машинаның біліктігі - 4 және жоғары – 4 - ші разряд.

Жүн: машинаның біліктігі - 1-2 – 3-ші разряд;

машинаның біліктігі - 4 және жоғары – 4-ші разряд;

Ескерту. Түсті суреттерді трикотаж жаймаларда, клеенка немесе беймата материалдарда басу кезінде ракляшыларды тарифтеу жоғарыда көрсетілген разрядтар бойынша жайма немесе материалдар дайындалған жайма түріне сәйкес жүргізіледі, пленкалық материалдарда- жібек өндірісіне ұқсастандырып.


Параграф 2. Ракляшы

428. Жұмыс сипаттамасы:

баспа машиналарында маталарда, трикотаж және беймата жаймаларда, технологиялық процестің параметрлерін автоматты реттеумен басу желісіндегі кілем жаймасында түсті суреттерді басу;

басу машинасының, басу желісінің жарамдылығын және жұмысқа дайындығын тексеру;

матаның, мата емес, трикотаж, кілем жаймасының, баспа бояуларының сапасын және олардың ыдыстағы мөлшерін, қызмет көрсететін жабдықтың дұрыс сабақталғанын, баспа біліктерінің, кирза жуу құрылғысының, лапингтің жағдайын, баспа машинасының жұмысын, баспа желісіне кіретін машиналарды, механизмдерді және автоматты құрылғыларды бақылау;

суреттің үлгісін жасау;

қолданылатын бақылау-өлшеу приборларының жұмысын және көрсеткіштерін бақылау;

басу сапасын бақылау;

белгіленген режимге сәйкес раклялар қайрау;

баспа білігінің диаметріне байланысты раппорттық доңғалақ тістері санын есептеу;

үлгілерді сақиналарға желімдеу, үлгілерді қалпына келтіру және бақылау;

үлгіні басу және оны дұрыстағаннан кейін қарау;

баспа машинасын және баспа головкаларын бұзу және жинауға қатысу, жаңа суретпен біліктерді орналастыру;

тораптар мен механизмдердің жұмысын тексеру, баспа машиналары мен баспа желілерін жөндеу, бақылау және қызмет көрсету;

баспа машиналарының жұмыс істеулері мен тоқтап тұруларын есепке алуды жүргізу;

қызмет көрсететін жабдықты күтіп-ұстау.

429. Білуге тиіс:

баспа машиналарының және баспа желілерінің құрылысын, күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

маталар, жаймалар ассортиментін, приборларды және автоматты құрылғыларды пайдалану ережесін және басқару пультінде жұмыс істеу ережесін;

маталар және жаймалар сапасына қойылатын талаптарды, бояулардың түрлері мен қасиеттерін;

олардың шығыс нормаларын, нақыштың басылу сапасына әсерін;

біліктер мен үлгілер орналасуының тізбелілігін, суреттердің үлгісін алу тәсілдерін;

ракляларды қайрау, үлгілерді желімдеу ережесін;

басу сапасына қойылатын талаптарды, басу желісіне қызмет көрсету кезінде кілем жаймасын белгілі күйге жеткізу, жуу, кептірудің технологиялық режимін.

430. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Өндіріс түрлеріне байланысты ракляшылардың тарифтік разрядтары:

Мақтақағаз: машинаның біліктігі - 1- 4-ші разряд;

машинаның біліктігі - 2- 4 – 5 -ші разряд;

машинаның біліктігі - 6 және жоғары – 6 -ші разряд.

Жібек: машинаның біліктігі - 1-2 - 5-ші разряд;

машинаның біліктігі - 4 және жоғары - 6-ші разряд.

Жүн: машинаның біліктігі - 1-2 - 5-ші разряд;

машинаның біліктігі - 4 және жоғары - 6-ші разряд;

машинаның біліктігі - технологиялық процесті автоматты реттеумен баспа желісі - 6-ші разряд.

Ескерту. Түсті суреттерді трикотаж жаймаларда, клеенка, мата емес материалдарда басу кезінде ракляшыларды тарифтеу жоғарыда көрсетілген разрядтар бойынша жайма немесе материалдар дайындалған жайма түріне сәйкес жүргізіледі, пленкалық материалдарда – жібек өндірісіне ұқсас етіп.
87. Түзетуші

Параграф 1. Түзетуші, 1-разряд

431. Жұмыс сипаттамасы:

иірімжіпті, табиғи жібекті, жібек шикізаты жөргемін қолмен немесе арнайы машинада, жайманы - түзеу ережесіне сәйкес қолмен түзеу;

түзеу кезінде ақауларды болдырмау;

жібек шикізаты жөргімінің тазалығын қарау;

түзетілген иірімжіп жөргемін, аршылмаған жібек жөргемін куфтаға куфтабілікті машинада тіге отырып жинау, оларды белгіленген орынға тасымалдау;

түзетілген матаны немесе жайманы, мата емес жайманы, куфталарды ыдысқа салу;

ақауы бар өнімді орамаға қайтару.

432. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналардың құрылысын және оларды күтіп-ұстау ережесін;

өңделетін матаның, иірімжіптің, жайманың ассортиментін, жібек шикізатының түсін, реңкін, иірімжіп жөргемдерін және жібек шикізаты жөргемдерін түзету ережесін;

түзеу бойынша жұмыс сапасына қойылатын талаптарды;

жібек шикізаты жөргемдерін куфталау ережесін.


Параграф 2. Түзетуші, 2-разряд

433. Жұмыс сипаттамасы:

түзету ережесіне сәйкес табиғи жібек жөргемдерін қолмен, мата немесе жаймаларды – қылтүзеушілерде түзеу;

өнім жөргемдерін партиялар және басқа да белгіленген белгілер бойынша таңдау;

матаны немесе жайманы қосып тігу, оларды қылтүзеушілерге салу;

түзеу барысын және сапасын бақылау;

қылтүзеушіні тазалау және майлау.

434. Білуге тиіс:

қылтүзеушінің құрылысын, түзеуге түскен маталардың және жайманың ассортиментін;

табиғи жібек жөргемдерін;

маталарды немесе жайманы түзеу ережесін.
88. Материалдар мен бұйымдарды кесуші

Параграф 1. Материалдар мен бұйымдарды кесуші, 1-разряд

435. Жұмыс сипаттамасы:

техникалық шарттарға және мемлекеттік стандарттарға сәйкес қолмен, кесу машинасында немесе құралдардың көмегімен материалдар мен бұйымдарды кесу бойынша жұмыстарды орындау;

кесілетін бұйымдардың түрлері және ассортименті бойынша сапасын тексеру;

үлгі бойынша картонды белгілеу;

кесілетін бұйымдардың шеттерін бекіту;

кесілетін материалдар мен бұйымдарды салу, өлшеу, домалату, белгілеу, тиеу және тасымалдау;

кесетін құралды қайрау.

436. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін кесу машиналары мен құралдарының әрекет принципін, оларды күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

кесілетін бұйымдардың ассортиментін, кесу ережесін;

материалдар мен бұйымдарды кесуге техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар;

құралды қайрау тәсілдерін, карта мөлшерлерін.

437. Жұмыс үлгілері:

1) шашақты, лентаны, ызбаны, бауларды, жайманы, кесіндіні және киіз қиындыларын, маталарды орамалдарға, кілемдерге, көрпелерге және басқа да бұйымдарға кесу;

2) ластиктерді, жоғары трикотаждың жартылай біркелкі бұйымдарын бөлу;

3) терілердің батырмасын, шеттерін, аяқтарын, құлақтарын құйрықтарын кесу;

4) жайма тігістерін сөгу;

5) картаны кесу.


Параграф 2. Материалдар мен бұйымдарды кесуші, 2-разряд

438. Жұмыс сипаттамасы:

материалдар мен бұйымдарды кесу машиналарының, құралдардың көмегімен және қолмен, пілләларды – піллә кесетін шаңсыздандыратын агрегаттарда техникалық шарттарға және мемлекеттік стандарттарға сәйкес кесу және пішуге байланысты жұмыстарды орындау;

материалдарды, инструмент жиынтығын таңдап алу және оны жұмысталатын өнімнің мөлшеріне сәйкес орнату, шикізаттың, материалдар мен бұйымдардың сапасын тексеру;

автопрокладканың мөлшеріне байланысты тамбурлық тігісті жіппен бекіту;

конусты-балғалық киізді бас және дискант бойынша қалыңдығын тексере отырып белгілеу;

материалдарды машинаға салу, боялған желімді беру;

кесіндіні жұмысқа пайдалану кезінде – тігісті сөгу;

маталар мен таспаларды жаюды реттеу;

кесу процесін реттеу;

кесу сапасын бақылау;

қалдықтарды жою;

материалдар мен бұйымдарды түсіру, орналастыру, орау, өлшеу, белгі соғу және тасымалдау;

пышақтарды қайрау және түзеу;

пышақтарды қайраудан кейін алу және орнату;

қызмет көрсететін қондырғыны жөндеуден қабылдауға қатысу, оны тазалау және жуу, кесу машинасының үйкелетін бөліктерін майлау.

439. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналар мен агрегаттардың құрылысын, қызмет көрсететін машиналар, агрегаттар және құралдар механизмдерінің өзара әрекетін, оларды күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

бұйымдар ассортиментін, өңделетін пілләлардың түрлерін, кесілетін материалдардың, автопрокладкалардың сапасына қойылатын талаптарды, пішу, кесу, қолмен шабу әдістері мен ережесін;

кесілетін бұйымдарды дайындауға техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарды, тамбур тігісінің жібін бекіту тәсілін;

пілләлар қоспасы компоненттерінің құрамын, қағаз жаймасын барабанға салу тәсілін;

өлшеу және қайрау құралының түрлерін;

оны қайраудың тәсілін және мезгілділігін, орнату ережесін.

440. Жұмыс үлгілері:

1) жоғары білікті материалдар мен бұйымдарды кесушінің басшылығымен арнаулы матаны, қағазды, қағаз таспасын, синельканы, беймата жайманы, таспалық жайманы, шұлық өндірісінің қалдықтарын кесу;

2) түкті матаны, зімпара қағазды, терілерді, піллә және олардың қалдықтарын, ватниктерді, автопрокладкаларды кесу - өз бетімен кесу процесін жүргізу;

3) талшықты шабу;

4) түгі кесілетін маталардың түкті арқаужіп жіптерін кесу;

5) техникалық киіз бөлшектерді пішу;

6) бас киімдер шеттерін, киіз дөңгелектерді, киіз аяқ киімнің қонышын, конустық-балғалық киізді, терілердің беттерін кесу.


Параграф 3. Материалдар мен бұйымдарды кесуші, 3-разряд

441. Жұмыс сипаттамасы:

арнайы кесу және дискі кесу машиналарында материалдар мен бұйымдарды кесу бойынша жұмыстарды орындау;

материалдар мен бұйымдарды алу және оларды тасымалдау;

эмульсияны дайындау және эмульсия қондырғысының жұмысын бақылау;

материалдар мен бұйымдардың сапасын тексеру;

кесетін пышақтарды таратуды орнату;

құрал жиынтықтарын таңдау;

қызмет көрсететін машиналарды жөндеу және сабақтау, құралды ауыстыру;

кесетін құралдың жағдайын және қызмет көрсететін машинаның автоматты механизмінің жұмысын бақылау;

матаны қосып тігу және салу;

дискілік пышақты қайрау және түзеу;

пішілген бұйымдардың сапасын және мөлшерлерін бақылау;

кесілетін материалдар мен бұйымдарды белгіленген тәртіппен түсіру, тасымалдау және тапсыру;

қызмет көрсететін машиналарды жуу және үйкелетін беттерін майлау;

берілген суретті әр түріне байланысты жеке-жеке телімдерге бөлу және үлгіден қағазға немесе картаға түсіру;

түсірілген суретке сәйкес қағазды, картонды кесу және суретті матаға ауыстыру тәртібін белгілеу;

трафареттердегі бақылау нүктелерін анықтау;

суретті матаға түсіру;

трафареттерде байқалған ақауларды жою.

442. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын, оны күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

оны сабақтау, кесу құралын таратуды реттеу ережесін;

материалдардың оларды кесу машиналарында кесу кезіндегі қасиеттерін, өңделетін шикізаттың желілік тығыздығының түрлері;

түстері бойынша сипаттамасын, эмульсияның рецептурасын, оның шығын нормасын, полиуретан жіптерінің метражы бойынша қайықтарды таңдау, жартылай фабрикаттың көлемді салмағын, таспалардың беттерін бекітудің технологиялық процесінің нормативтерін;

маталарды қосып тігу ережесін;

дискі кесу машиналарына қызмет көрсетуде иірімжіп, кілемдер;

мата ассортиментін ауыстыру кезінде пышақтарды ауыстыру және қайрау тәсілдерін;

өнім сапасына қойылатын талаптарды, кесілетін бұйымдардың ассортиментін, мөлшерін, мақсатын, боялған желімнің қасиеттері мен мақсаты, трафареттерді дайындау технологиясын;

трафареттерді матаға салу тізбесін;

трафареттерді дайындауға қолданылатын материалдардың қасиеттерін, суретті түстері бойынша бөлу;

үлгіден суретті аудару әдістерін;

трафаретті пайдалану ережесін және оның сапасын анықтау бойынша нұсқаманы.

443. Жұмыс үлгілері:

1) жоғары білікті материалдар мен бұйымдарды кесушінің басшылығымен қағаз таспаны, түкбілікті маталардың түкті арқаужіп жіптерін, таспалық жайманы, синельканы, жіпте эластомерлік пласты, таспа жаймаларды, орамалдарды, бөкебайларды, үшкіл орамалдарды, арнаулы матаны, көрпені, кілемдерді және кілем бұйымдарын, дөңгелек трикотажды машиналардан жайманы кесу, жіпте полиуретанды кесу процесін өз бетімен жүргізу;

2) рулон жаймасын, түгін кесу;

3) мата емес жаймалардан сүтті сүзгілерді кесу және ультрадыбысты дәнекерлеу;

4) жоғары білікті материалдар мен бұйымдар кесушінің басшылығымен маталарға ірі қалыптағы өсімдік өрнекті көркем сурет салу үшін трафареттерді ойып кесу;

5) әртүрлі конфигурациядағы, фактурадағы және мөлшердегі техникалық киіз пластиналар мен таспаларды пішу;

6) киіз ажарланған дөңгелектерді кесу.


Параграф 4. Материалдар мен бұйымдарды кесуші, 4-разряд

444. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық режимге сәйкес жоғары өнімді кесу машинасында қос жайма түгін кесу бойынша жұмыстарды орындау;

«Контакт» түріндегі күршелік таспада ілмекті кесу;

жаймаларды алу және оларды тасымалдау;

алынған жайманың сапасын тексеру;

құрал жиынтықтарын таңдау;

кесетін пышақты және абразивті құралды орнату;

кесу машинасының шаршысын ажырату;

қызмет көрсететін машиналарды жөндеу және сабақтау, кесу және қайрау құралын ауыстыру;

жайманы қосып тігу;

кесілетін жаймалар түгінің биіктігін арнайы приборлардың көмегімен реттеу;

қызмет көрсететін жабдықтың, реттейтін құрылғының, бақылау-өлшеу приборларының жұмысын, тауарды кесу, желімдеу сапасын, қос жайманың қалыңдығын, пышақты салу тереңдігін, бағытталған планкалар арасының қашықтығын бақылау;

кесілген жайманы кесу, түсіру және тасымалдау, қорапшаларды және каулдерді ауыстыру;

қызмет көрсететін қондырғыны жөндеуден қабылдауға қатысу;

шебердің көмекшісіне пышақты және тегістеу дөңгелектерін ауыстыру кезінде көмек көрсету;

маталарға ұсақ өсімдік, геометриялық немесе сюжетті орнаментпен көп түсті көркем суретті салу үшін трафареттерді ойып кесу;

берілген суретті әр түсі бойынша жеке телімдерге бөлу және үлгіден қағазға немесе картонға ауыстыру;

жалпы суретте барлық түстерді сиғызу үшін трафареттердегі бақылау нүктелерін анықтау;

трафареттерде анықталған ақауларды жою, белгіленген тәртіпте орындалған жұмысты тапсыру.

445. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының, қолданылатын приборлар мен реттеуші құрылғылардың құрылысын, оларды күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

негізгі механизмдердің өзара әрекеттерін, қызмет көрсететін қондырғыны сабақтау тәсілін;

кесу және абрақұралды реттеу және кесу машинасының шаршысын ажырату ережесін;

кесілетін жаймаларда түк биіктігін реттеу тәсілін, тауарды жаю шамасын, желімнің маркасын және олардың сипаттамаларын, жайманы желімдеу ережесін және қасиеттерін;

өңделетін шикізаттың түрлері, желілік тығыздығы, түстері бойынша сипаттамасын, жартылай фабрикаттың көлемді салмағы, матаны қосып тігу ережесін;

пышақты ауыстыру және қайрау тәсілдерін, өнімнің сапасына және ассортиментіне қойылатын талаптарды, кесілетін трафареттерді дайындау технологиясын;

суреттерді түстері бойынша бөлу, суретті үлгіден қағазға немесе картонға ауыстыру әдістерін;

түстердің бір-біріне сәйкес келуі үшін әр трафаретте бақылау нүктелерін анықтау тәртібін;

трафареттерді қолдану ережесін және олардың сапасын анықтау бойынша нұсқаманы.


89. Технологиялық жабдықты жөндеуші

Параграф 1. Технологиялық жабдықты жөндеуші, 1-разряд

446. Жұмыс сипаттамасы:

тоқыма станоктарының айналдыру машинасының мүйізшелерін, ламельді приборлардағы ламельдер мен рейкаларын жөндеу;

материалдарды дайындау;

тозған барашкаларды, рейкаларды, ламельдерді шешу және ауыстыру;

ламельді приборларды матаның артикулдері және станоктардың түрлері бойынша таңдау;

майысқан рейкаларды түзеу;

белгіленген орында жөнделген ламельдік приборларды, мүйізшелерді тазалау және тапсыру.

447. Білуге тиіс:

мүйізшелердің түрлерін және мөлшерлерін, барашкаларға қолданылатын сымдардың диаметрін;

иірімжіптің, арқаужіптің желілік тығыздығының түрлері бойынша ламельдің нөмірін;

тиісті артикулдерге арналған прибор ламелінің саны, ламельдерді, рейкаларды, пайкаларды түзеу немесе барашкаларды бекіту әдістерін, сымның, мүйізшенің және ламельдің сапасына қойылатын талаптарды.
Параграф 2. Технологиялық жабдықты жөндеуші, 2-разряд

448. Жұмыс сипаттамасы:

таспалық, тарақпен тарайтын, зығыр тарайтын, біркелкілейтін машиналар мен иіру және айналдыру өндірісінің машиналарына, тоқыма станоктарына арналған технологиялық қондырғыларды жөндеу, жұмыс орнына бөлшектер мен тораптарды тасымалдау;

жөндеуге арналған материалдарды дайындау;

жөнделетін жабдықты тазалау, бұзу, жинау;

бүлінген бөлшектерді дұрыстау, ауыстыру, дәнекерлеу, желімдеу және технологиялық қондырғыны жөндеуге байланысты басқа да жұмыстарды орындау;

жөнделген қондырғыны белгіленген орынға тасымалдау.

449. Білуге тиіс:

тарақтардың, инелердің, планкалардың, қысқыштардың, тісті таспаның және ағаш планкалық гарнитураның сұрыптамасын, осы бұйымдарға ремиз;

мемлекеттік стандарттарды, ремиздің, біліктердің, тазарту құралдарының, тарақтардың сапасына қойылатын негізгі талаптарды, оларды пайдаланудың шарттарын, инелерді, таздарды, біліктерді бумаларды жөндеу және планкаларда жаңа галдерді бекіту тәсілдерін;

маталар ассортиментін дайындауға арналған тоқыма приборындағы галдер, ремиздер санын есептеуді;

технологиялық қондырғының істен шығу себептерін және оларды жою тәсілдерін;

жөндеуге қолданылатын материалдардың қасиеттерін;

материалдардың және жеке бөлшектердің шығын нормаларын;

технологиялық қондырғыны дәнекерлеу, желімдеу және дайындау тәсілдерін.

450. Жұмыс үлгілері:

1) таздардың, қысу біліктерінің түптерін дайындау;

2) галдерді, тарақтарды, инелерді, қалыптарды, күршектерді, планкаларды, ремизді түзеу, тегістеу, ауыстыру;

3) инелерді тарақ планкаларына дәнекерлеу, желімдеу;

4) жайпақ тарақтарды, тарақ планкаларын, тісті таспаларды, ремизді, таздарды, қысу біліктерін, муфталарды, тазарту құралдарын жөндеу (күрделі емес);

5) қысу біліктерін, тазарту құралдарын әртүрлі материалдармен желімдеу.
Параграф 3. Технологиялық жабдықты жөндеуші, 3-разряд

451. Жұмыс сипаттамасы:

таспалық, үтіктеу, тарақпен тарау, тегістеу, иіру, айналдыру, арқау шыбық өткізетін, тоқу, ине өткізетін қондырғылардың технологиялық жабдығын жөндеу;

тораптар мен бөлшектерді жұмыс орнына тасымалдау;

жұмыс беттерін тазалау;

бұзылған бөлшектерді және жеке тораптарды ауыстыру; бұрғылау, қашау, вулканизация, күйдіру, желімдеу, тесу, эмульсиялау, лактау, жапсыру, смола жағу, түзету, тегістеу, инелерді жинау, қорғасын-қалайы қоспаларын дәнекерлеу, смола құю, технологиялық қондырғының әртүрлі бөлшектерін және бөліктерін қалпына келтіру бойынша жұмыстарды орындау;

шаш бумаларынан тазарту щеткаларын жинау және қосып байлау;

желім құрамаларын қайнату;

саптың өлшемін, диаметрін және тығыздығын, иненің еңкею бұрышын, үлгілерді, өлшеу приборларын қолданумен берданың нөмірін және есептеуін сақтау;

бақылау станогында дөңгелек тарақтың сегменттерін, біліктер мен арқау орағыш ұршықтың дұрыс айналуын, біліктер мен арқау орағыш ұршықтардағы дискілердің, хомуттардың, фланецтердің және болттардың параллельдігін тексеру;

жөнделген және жаңа шөлмектердің сапасын бақылау;

жөнделген қондырғыны белгіленген тәртіпте тапсыру;

қызмет көрсететін станоктар мен құралдарды тазалау.

452. Білуге тиіс:

батандарды, бердтарды, тарақтарды, шөлмектерді, қайықтарды, торлы тоқымаға арналған ремизді, біліктер мен арқау орағыш ұршықтарды жөндеу тәсілдерін, инелердің планкаларда орналасу ережесін;

инелердің орналасу тығыздығын, инелердің түрлері мен нөмірлерін, тарақ планкаларын, дөңгелек тарақ сегменттерін және тісті таспаларды түсіру және бекіту тәртібін;

батандардың түрлері мен конструкциясын, жібек ремиздерді, щеткаларды байлау және эмульсиялау, әртүрлі бөлшектерді, желімделетін құрамаларды бекіту тәсілдерін, қайықтарды таңдау ережесін;

батан, тарақтар бөлшектерін желімдеу, щеткаларды байлау, дәнекерлеу, қайық бөлшектерін ауыстыру және бекіту тәсілдерін;

матаның тиісті артикулі үшін берда нөмірі мен есебін, қызмет көрсететін станоктардың бердын, батандарын, қайықтарын, біліктерін және арқау орағыш ұршықтарын пайдалану ережесін;

қолданылатын үлгілерді, құралдарды пайдалану ережесін, материалдар шығыны нормаларын;

дайындалған және жөнделген технологиялық қондырғының және жеке бөлшектер мен құралдардың сапасына қойылатын техникалық талаптарды, қызмет көрсететін станоктар бердының, батандарының және шарғыларының саңылауларының себептерін және оларды болдырмау тәсілдерін.

453. Жұмыс үлгілері:

1) инелерді, жайпақ және дөңгелек тарақтарды, тарақ планкаларын, тазарту щеткаларын, ине қабын және ине тақтасын, қысу біліктерін, тоқыма арқау орағыш ұршықтарын және арқау шыбық біліктерін, батандарды (ішінара), бердты, қайықтарды, торлы тоқыма үшін ремизді, шөлмекті, ағаш планкалы гарнитураны, тазарту құралдарын жөндеу және қалпына келтіру;

2) қызмет көрсететін станоктар мен машиналардың ағаш бөліктерінің, батанның күрделі емес бөлшектерін дайындау: тарақтарды, ине қабын, ине тақталарын, қысу біліктерін, жібек ремизін, шөлмекті, бердты, батан бөлшектерін, тазарту құралдарын дәнекерлеу, желімдеу, күйдіру, смола жағу, вулканизация, эмульсиялау, лактау;

3) торлы тоқыма үшін жібек ремизді, басқа есеп бойынша жұмыстар үшін бердты, тазарту жүйелерін байлау, қайта жасау;

4) ағаш, эбонитті, резеңке және басқа да материалдардан біліктерді, дискілерді, жабылғыларды, сапты аяқтарды, батанның бөлшектерін, қайықтарды бұрғылау, қашау, тесу, тегістеу;

5) инелерді жинау, тарақтарды дәнекерлеу және құю.
Параграф 4. Технологиялық жабдықты жөндеуші, 4-разряд

454. Жұмыс сипаттамасы:

таспалық, зығыр тараушы, тарақпен тараушы, тоқыма жабдығына арналған технологиялық қондырғыны жөндеу;

кейбір бөлшектерді сызбалар және үлгілер бойынша дайындау;

қызмет көрсететін қондырғы бөлшектерінің беттерін қалпына келтіру бойынша жұмыстарды орындау;

бақылау және өлшеу құралын қолданумен технологиялық қондырғыны жөндеу сапасын бақылау;

жөндеуге пайдаланылатын қондырғылар мен құралды жөндеу және күйіне келтіру;

желімдеуші құрамалар мен мастиктерді құрастыру және дайындау;

қолданылатын қондырғыны тазалау.

455. Білуге тиіс:

технологиялық қондырғыны жөндеу кезінде қолданылатын станоктар мен құралдардың құрылысын және мақсатын, оларды күтіп-ұстау ережесін;

технологиялық қондырғының бөлшектерін, тораптарын жөндеу және дайындау тәсілдерін;

арнайы желімдейтін құрамалар мен мастиктерді желімдеу;

пішу, жаю, орау, тегістеу, дайындау тәсілдерін, қолданылатын материалдардың қасиеттерін;

оларға қойылатын техникалық талаптарды;

технологиялық қондырғының жеке түрлерінің жөндеу сапасына қойылатын талаптарды;

технологиялық қондырғыны пайдалану және сақтау ережесін.

456. Жұмыс үлгілері:

1) батандарды, торлы тоқымаға арналған бердты, пневматикалық тоқу станоктарына арналған вальяндар мен қысу валиктерін, тарақтарды, тарақ планкаларын, тісті гарнитураларды, үлгілерді, кептіретін жеңдерді жөндеу;

2) піллә айналдыру автоматтарында қоректендірушілер мен ұстаушылар тораптарын жөндеу және қалпына келтіру;

3) кептіру жеңдеріне арналған белбеулерді, шкивтерді, шайбаларды дайындау;

4) бөлу белбеушелерін ұзындығы бойынша таңдау және жинақтау: белбеушелерді ұзарту приборында белгілі ұзындыққа дейін ұзарту, ұзындығы бойынша тегістеу және ұзартудан кейін қайта желімдеу, бөлу белбеушелерін маймен майлау, кедір-бұдырлау, белбеушелерді қызмет көрсететін аппаратты жөндеу кезінде жекелеп ауыстыру;

5) батан бөлшектерін, қысу біліктерін, тазарту құралдарын дайындау;

6) вальяндарды, қысу пневматикалық тоқыма станоктарының біліктерін, қысу біліктерін және тазарту құралдарын, тарақтарды тарту, жаю, желімдеу, тегістеу.


Параграф 5. Технологиялық жабдықты жөндеуші, 5-разряд

457. Жұмыс сипаттамасы:

барлық жүйелі тоқыма станоктарына арналған жаңа батандарды сызбалар мен үлгілер бойынша дайындау;

батандарды жинау, оларды тоқыма станоктарына орнату және қалпына келтіру;

өлшеу құралы мен үлгілерді қолданумен тоқыма станоктарында батандарды тексеру;

рапирлық тоқыма станоктарына арналған рапирді жөндеу және қалпына келтіру, жарамсыз бөлшектерді ауыстыру, рапирді реттеу;

қабырғада рапирді бұзу және жинау;

рапирдің шетін қайрау және тегістеу;

жөнделген рапирді қажетті қысымда тексеру, рапирді тоқыма станогына орнату;

қабырғадағы жаңа рапирлерді тексеру және қалпына келтіру және оларды тоқыма станогына орнатуға дайындау.

458. Білуге тиіс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет