Ќазаќстан Республикасы



жүктеу 5.07 Mb.
бет8/17
Дата19.09.2017
өлшемі5.07 Mb.
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын, оны күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

кептіру камерасында бу қысымының шегін;

технологиялық кептіру режимін;

өнім ылғалдылығының нормаларын.
97. Кептіруші (Сабақтаушы)

Параграф 1. Кептіруші (Сабақтаушы), 3-разряд

499. Жұмыс сипаттамасы:

сыртқап кептіргіштерінде немесе кирза жуу баспа машиналарында матаны кептіру процесін жүргізу;

кептіру камерасын жұмысқа дайындау;

лапингті өзі салғышқа жаю;

кептіру камерасына шығумен матаны кептіргішке салу;

матаны кептіру камерасы арқылы өткізумен және оны жаюмен, конденсатты уақытылы жоюмен, кептіру камерасындағы бу қысымын және температурасын бақылау;

кептіргіштегі матаның ұзындығын және конвейер тізбегінің, қозғалатын роликтердің және өзі салғыштың қозғалыстарының келісімділігін реттеу;

сабақтау лентасын қосып тігу және сабақтау және үзілген кезде матаны тікелей кептіру камерасында байлау;

ракляшының кінәсінен матада ақау болған жағдайда – оған бұл туралы жылдам хабарлау;

кептіру камерасының механизмдерін майлау.

500. Білуге тиіс:

сыртқап кептіру камерасының немесе кирза жуу баспа машиналарының құрылысын және оны күтіп-ұстау ережесін;

кептіру камерасында бу қысымының шегін және буды пайдалану ережесін;

өңделетін матаның ассортиментін, кептіргенге дейін және одан кейінгі мата ылғалдылығының нормаларын;

кептіру камерасы механизмдерін майлау тәсілдерін және мерзімділігін.
98. Өлшем және бұйымдар есепшісі

Параграф 1. Өлшем және бұйымдар есепшісі, 2-разряд

501. Жұмыс сипаттамасы:

орауға, салуға және жөнелтуге таңдап алынған жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің өлшемін немесе санын артикулдері, түстері, мөлшерлері және сұрыптары бойынша есептеу;

шұлық-ұйық, биялай және басқа да трикотаж бұйымдарын түрлеріне, артикулдеріне және мөлшерлеріне қарай байлау;

әрбір үйіндіге, сөреге немесе партияға белгіленген тәртіпте құжаттама ресімдеу;

өндірістің ауысуы бойынша қызмет көрсететін қондырғыдан санауыштар көрсеткіштерін алу;

санауыштардың дұрыс жұмысын бақылау;

өндіруді ассортимент, станоктар, ауысымдар бойынша белгіленген бірліктерде есептеу;

өндіруді есепке алу құжаттарына жазу;

шифрды қондырғыға беру дұрыстығын бақылау, санауыштардың көрсеткіштерін жазу және құжаттаманы жүргізу;

матаның жалпы өлшемін кесіндінің соңына белгілеу.

502. Білуге тиіс:

есептеу техникасын күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

автоматты қондырғыдағы жұмыс және шифр ережесін;

әртүрлі маталардың, бұйымдардың ассортиментін және оларды таңдау, сөрелерге немесе контейнерлерге салу ережесін;

есепке алу құжаттарын ресімдеу тәртібін және өндіруді есептеуді;

қондырғының цехтар және телімдер бойынша нөмірін.


99. Иірімжіпті жинап алушы

Параграф 1. Иірімжіпті жинап алушы, 3-разряд

503. Жұмыс сипаттамасы:

өндірілген иірімжіпті барлық жүйелі ширату машиналарынан жинап алу;

ұршыққа бос конустарды салу;

айналу машиналарының ұршығынан намоттарды жинап алу;

конусқа жіп сабақтау;

иірімжіптерді жинап алу кезінде жіптің үзілуін болдырмау;

ыдысты дайындау, орау қағаздарын арбаға салу;

конустарды дайындау, оларды иірімжіптің қалдықтарынан тазалау;

бос конустарды және шарғыларды белгіленген орынға тасымалдау;

ширату процесінде ширату жабдығының операторына көмек көрсету.

504. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналардың құрылысын және оны күтіп-ұстау ережесін;

өндірілген иірімжіптің түрлерін және желілік тығыздығын, ширату сапасына және иірімжіп орамасына қойылатын талаптарды;

иірімжіпті жасау ұзақтығын және жинап алу тәртібін;

жіпті сабақтау әдістерін және жіптің үзілуін болдырмау бойынша жұмыстарды.
Параграф 2. Иірімжіпті жинап алушы, 4-разряд

505. Жұмыс сипаттамасы:

өндірілген иірімжіптің собықтарын барлық жүйелі иіру машиналарынан жинап алу және оларды бос патрондармен ауыстыру.

бос патрондарды ұршыққа дұрыс орнату, ақаулы собықтарды иірімжіптен оны орау кезінде бөлу және иірімжіптің сапасын жасырын ақаулары бойынша бақылау, оларды толық және толық еместігіне сұрыптау, собықтарды белгіленген тәртіпте ыдысқа орналастыру және оларды қоймаға тапсыруға дайындау.

намоттарды иіру машинасының ұршығынан кестеге сәйкес жинап алу.

патрондарды ұршыққа кигізу және иіру машинасын қосқан кезде иірімжіптің үзілуін жою.

патронға иірімжіпті орау сапасын автоматты бақылаумен жабдықталған жылдам автоорау машинасында дайындауды есепке алумен собықтың ұясын дұрыс жасау.

сақинапланкаларды көтеру және түсіру кезінде иіру машинасын басқару, жүгіргіштерді ауыстыру, созбаны жаю приборына салу, собықтарды орау, жинап алуды бастауға иіру машинасын қосу процесінде иірімжіпті иіру.

иірушіге иіру процесінде иірімжіптер мен созбалардың үзіктерін жоюға көмектесу, иіру машинасын күту.

ыдысты дайындау, орау қағазан жәшікке орналастыру, сапасы және түсіне қарай сұрыптау.

патрондарды иірімжіп қалдықтарынан тазарту, жәшіктерді түбіттен және қоқыстан тазарту.

506. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналардың құрылысын және оларды күтіп-ұстау ережесін;

өндірілген иірімжіптің түрлерін және желілік тығыздығын, собықтарға және шарғыларға иірімжіпті орау сапасына қойылатын талаптарды, иірімжіпті жасау ұзақтығы мен жинап алу тәртібін;

иірімжіпті иіру, созбаны сабақтау әдістерін.
100. Кендірді, жайманы және бұйымдарды жинап алушы

Параграф 1. Кендірді, жайманы және бұйымдарды жинап алушы, 1-разряд


507. Жұмыс сипаттамасы:

өндірілген матаны тоқу станогынан жинап алу.

тауарлы білікке қажетті ұзындықта кесінді өндірілгенде станокты тоқтату және өндірілген матаны кесу.

матаны кескен жерде тоқымашының есеп нөмірін, станоктың нөмірін, ауысымды, күнді белгілеу.

бос тауар біліктерін тасымалдау және оларды станокқа орналастыру.

508. Білуге тиіс:

тоқу станогының тауарлық механизмінің құрылысын;

өндірілген маталардың ассортиментін;

кесіндінің қалыпты ұзындығын, матаны станоктан түсіру ережесін.
Параграф 2. Кендірді, жайманы және бұйымдарды жинап алушы, 2-разряд

509. Жұмыс сипаттамасы:

өндірілген таспаларды, ызбаларды, бауларды, шілтерлерді тоқу, басонды-тоқу машиналарынан, таспа тоқу станогынан және басқа да қондырғыдан жинап алу.

өндірілген бұйымның санын өлшеу, кесу және оларды тиісті ыдысқа орналастыру және одан әрі өңдеу орнына немесе арнайы сөрелерге белгілі тәртіпте жеткізу.

қызмет көрсететін қондырғыны өзі жаятын механизммен жабдықтаған кезде: белгіленген ұзындыққа жеткенде өніммен рулонды жинап алу, байлау және орау ақаулары мен рулондардың бұзылуын болдырмау және анықтау мақсатында оларды қарау.

таспалардың соңына белгі соғу.

өндірілген өнімге ярлык немесе паспорт толтыру.

510. Білуге тиіс:

өндірілген бұйымдардың ассортиментін және қызмет көрсететін қондырғыдан кесіп алу үшін олардың белгіленген ұзындығын;

өндірілген өнімге ярлык немесе паспорт толтыру тәртібін.


Параграф 3. Кендірді, жайманы және бұйымдарды жинап алушы, 3-разряд

511. Жұмыс сипаттамасы:

дөңгелек түту машиналарының тарақтарынан және түту барабанынан талшықты жинап алу;

талшық қыл-қыбырларын жинап алу үшін жәшіктер мен таяқтарды дайындау, оларды ыдысқа салу;

тиісті ауысу дөңгелек түту машинасына ыдысты тасымалдау;

түту машинасында босаған таяқтарды уақытылы жинап алу.

512. Білуге тиіс:

дөңгелек түту машинасының құрылысын, шикізаттың түрлерін;

тарақтардан талшық порцияларын жинап алудың және түту барабанын тазалаудың мерзімділігін;

тиісті ауысу бойынша ыдысқа салынатын талшық порцияларының санын, ауысулар бойынша талшық порциялары салмағының нормаларын және олардың ауытқу шектерін.


101. Ызбашы

Параграф 1. Ызбашы, 2-разряд

513. Жұмыс сипаттамасы:

иіру және түту машиналарына қызмет көрсету;

ызбаның жарамдылығын және ызбаны жаю роликтерінің жұмысын бақылау;

ызбаның үзілуінен ұршықтардың тоқтап қалуын болдырмау;

қызмет көрсететін машиналарда үзілген немесе ескі ызбаларды ауыстыру;

ызбаны желімдеу;

ызбаны дайындау;

ызбаны ылғалдандыру және жаю;

тігу машиналарын тазалау, үйкелетін беттерді майлау және жылумен түткіштерді күтіп-ұстау;

ызба шығынын есепке алуды жүргізу.

514. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын;

оны күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

үлкен түйінсіз және қалың жерсіз сызбаны желімдеу ережесін;

ызбаны жаю роликтерін орнату ережесін.

102. Тоқымашы

Параграф 1. Тоқымашы, 2-разряд

515. Жұмыс сипаттамасы:

қолмен істейтін тоқу станогында бір түсті сәнді бұйымдар мен еден кілемшелерін өндіру;

целлюлоза-қағаз өндірісі үшін белгіленген мемлекеттік стандарттарға сәйкес металдан тоқу станоктарында әртүрлі маркалардағы сым және жасанды жіптерден металл және жасанды торларды дайындау;

жіптерді, иірімжіпті алу және олардың сапасын бақылау;

қызмет көрсететін станоктарды дайындау және сабақтау;

ремизде және бердода арқаужіптерін және сымдарды таңдау, қызмет көрсететін станоктарда арқаужіпті таңдауға қатысу;

ремизкаларға салынатын суретті және аяқ астына ремиздерді байлау;

қайықты толтыру;

арқаужіпті беру және жаюды, арқау бойынша тығыздықты реттеу;

негізгі және арқау жіптерінің, сымдардың, иірімжіптің үзілмеулерін жою;

қайықтағы шөлмектерді ауыстыру;

бұйымдардағы ақауларды кетіру;

арқаужіпті байлау;

арқаужіптің және арқаудың антеннасын және қажетті тартылуын келтіру;

қайықтың жағдайын бақылау;

бұйымдарды жіптердің соңдарынан тазалау;

ақауларды зерттеу;

өндірілген бұйымдарды жинап алу;

торды кесу және рулонға айналдыру;

қалдықтарды жинау және тапсыру;

қызмет көрсететін станоктарды күту.

516. Білуге тиіс:

қолмен істейтін тоқу және металдан тоқу станоктарында түйіндердің өзара әрекетін, олармен жұмыс істеу әдістерін;

қолмен тоқудың және металдан тоқу станоктарында тоқудың технологиялық процесін;

металл торлардың түрлері мен сұрыптары, олардың дайындалу сапасына қойылатын талаптарды;

қызмет көрсететін станоктарды сабақтау ережесін.

517. Жұмыс үлгілері:

1) қолмен тоқу - дара бір түсті 2-3 ремиздағы сәндік және еден кілемшелері бұйымдарын өндіру;

2) металл және синтетикалық торларын тоқу – арқаужіп сымдарының 0,6 мм диаметрімен торларды жасау;

3) целлюлоза-қағаз өндірісі - өндіру:

ағаш талшықты плиталарды дайындауға арналған сұрыпты тор - металдан тоқу станогының ені 2-2,5 м - торлардың барлық нөмірлері - 1 см арқаужіп сымының саны - 6,4/7,2-ден басқа және 7,2/6,4;

сүзгілі тор - металдан тоқу станогының ені 1,5 м - 1 см арқаужіп сымының саны - барлық нөмірлер.
Параграф 2. Тоқымашы, 3-разряд

518. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі материалдардан өндіру: қолмен, механикалық, автоматты, арнайы тоқу және таспа тоқу станоктарында маталарды, тоқудың жай түрлеріндегі таспаларды, қолмен тоқу станоктарында көп түсті сәндік бұйымдарды және еден кілемшелерін, жүн арқаумен жиек матасын, металдан тоқу станоктарында целлюлоза-қағаз өндірісі үшін әртүрлі маркалы, аз тығыздықтағы сым және жасанды жіптерден металл және жасанды торларды, жинақталған, иірілген, бірқабатты, сұрыпты және сүзгілі торларды.

қызмет көрсететін станоктардың қалыпты жұмысын, маталардың қажетті сапасын қамтамасыз ету.

бос қалған жіптерді сабақтау, ұзын шеттерін кесу, арқаужіптегі түйіндерін жою.

таңдау есебіне сәйкес тоқу раппортын қалпына келтіру.

арқаужіптің жіп үзіктерін сабақтау және жұмысқа пайдалану.

арқаужіпті сабақтаудан кейін жұмысқа пайдалану.

қайықты, шөлмекті ауыстыру.

тоқу станогының барабандарын, магазиндерін шөлмектермен толтыру.

пайдаланылған белдектерді ауыстыру.

нұсқамаға сәйкес салудың алдында белдектерді сұрыптау.

түскен шикізаттың сапасын және бұйымдардың тығыздығын бақылау.

әртүрлі металл және жасанды жіптер сымының маркасын олардың сыртқы түріне және механикалық қасиеттеріне қарай анықтау.

ақауларды түзеу.

қызмет көрсететін станоктардың негізгі механизмдерінің жұмысын бақылау.

белдіктерді, орауларды жинау және тасымалдау.

519. Білуге тиіс:

металдан тоқу, тоқу және таспа тоқу станоктарының әрекет приципін, маталардың, таспалар мен торлардың ассортиментін;

салу есебін, иірімжіптің түрлері мен желілік тығыздығын, бұйымдардың сұрыптылығын анықтау тәртібін;

қалдықтардың түрлері мен нормаларын, оларды азайту шараларын, тоқу станоктарын тазалау және майлау мерзімділігі мен тәсілдерін.

520. Жұмыс үлгілері:

1) тоқыма галантереясы өндірісі – қаптауыш, изоляциялық, киперлік, мақтақағаздық, техникалық, миткалдық, жиектеу, парфюмерлік, саржалық, жартылай зығырлық, таспаларды, жартылай жібек галундарды, «Пукальки» және сабақтауы бойынша ұқсас басқа да таспаларды, галстуктарға арналған мақта қағаз астарларды өндіру;

2) қолмен тоқу – 3-4 түсті гаммамен жай жинаумен 3-4 ремиздегі дара сәндік және еден кілемшелері бұйымдарын өндіру;

3) химиялық өндіріс – асбест жіптерінен, ЛЭСБ-0,25 маркалы жылу изоляциялық әйнек және әйнекматалардан ленталар, әйнек құрылыс торларын, Т-23 типті әйнек маталарын және ұқсас басқаларды өндіру;

4) металл және жасанды торлар тоқу – 0310 жоғары 0,6 мм дейін арқаужіп сымы диаметрлі торларды өндіру;

5) метиз өндірісі – шағын 25% дейінгі тығыздықтағы торларды өндіру (сым алып тұрған ауданның тордың барлық ауданына қатынасы, пайызбен көрсетілген);

6) целлюлоза-қағаз өндірісі - өндіру:

жиынтық және иірілген тор - металдан тоқу станогының ені 2-2,5 м - 1 см арқаужіптің сым және жасанды жіптерінің саны - барлық нөмірі;

бірқабатты тор - металдан тоқу станогының ені 2-2,5 м - 1 см арқаужіптің сым және жасанды жіптерінің саны - 16-дан 24 см. дейін;

ағаш талшықты плиталарды дайындауға арналған сұрыптар - металдан тоқу станогының ені 3 м - 1 см арқаужіптің сым және жасанды жіптерінің саны - 6,4/7,2, 7,2/6,4 см;

сүзгілі саржалық тоқу торы - металдан тоқу станогының ені 1,5 м - 1 см арқаужіптің сым және жасанды жіптерінің саны - 9,6/96.



  1. Тоқу станогы барабандарына, магазиндеріне шөлмектер немесе собықтар салу.

Параграф 3. Тоқымашы, 4-разряд

521. Жұмыс сипаттамасы:

өндіру: механикалық, автоматты, арнайы тоқу және таспатоқу станоктарында әртүрлі материалдардан маталарды, кілемдерді, таспаларды, белбеулерді және бұйымдарды, қолмен тоқу станоктарында таңдау және ремиздік техникамен орындалған сәнді бұйымдарды, металл тоқу станоктарында целлюлоза-қағаз өндірісі үшін әртүрлі маркалы қалыпты тығыздықтағы, жиынтықталған, иірілген, бірқабатты, астарлы және жасанды торлардың сым және жасанды жіптерінен металл және жасанды торларды;

арқаужіптің жіптерінің үзілуін және өнімнің ақауларын болдырмау бойынша алдын-ала жұмыстарды орындау;

арқаужіпті беруді және жайылуын реттеу;

арқаужіптің метраж есебін, тордың осы нөмірі бойынша белгілі телімдегі ұяшық мөлшерлері есебін жүргізу;

матаның қалыңдығы және түсі, тығыздығы бойынша түскен арқаужіптің және арқаудың сапасын бақылау, суретті маталарда арқаужіп және арқау бойынша мәнерлер мен тоқу раппортын сақтау;

станоктарды көп станокты пайдалану кезінде жұмыс әдістерін, тиімді бағытты орындау тізбелілігін және жұмысты жоспарлау тәртібін таңдау;

қызмет көрсететін станоктар механизмдерінің жағдайын және жұмысын бақылау;

механикалық тоқу станоктарында қайықтардың арасын алшақтату;

үзілген ремиз галевтерін қосып байлау;

өнім ақауларын түзеу;

арқаужіп жіптерінің үзіктерін байлау, жіптерді байлағаннан кейін іске қосу, байланған және сабақталған арқаужіптерді іске қосу;

қызмет көрсететін станоктарды жөндеуден қабылдауға қатысу; Қызмет көрсететін қондырғыны және жұмыс орнын күтіп-ұстау.

522. Білуге тиіс:

қолмен істейтін, механикалық және автомат, арнайы тоқу, таспа тоқу және металдан тоқу станоктарының құрылысын және жұмысын, оларды күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

матаның, бұйымдардың ассортиментін және сабақтау есебін, олардың суреттерін, түрлерін, тоқылуларын, кендір маталар мен бұйымдардың сапасын бақылау және сұрыптылығын анықтау тәртібін;

иірімжіптің желілік тығыздығын, арқаужіп пен арқаудың жіптерінің үзілу себептерін, оларды болдырмау тәсілдерін, қалдықтардың түрлерін және нормаларын, оларды азайту бойынша таздарды, станоктардың қызмет көрсету бағыттарын және ауысым ішінде жұмысты жоспарлау тәртібін;

халықтың мәнерлеу өнері техникасының негізгі түрлерін;

бұйымдардың түсін әрлеу негіздерін.

523. Жұмыс үлгілері:

1) мақтақағаз өндірісі – механикалық, таспа тоқу және белбеу тоқу станоктарында матаның белбеудің, таспалардың барлық түрлерін өндіру;

2) зығыр өндірісі – автоматты қайықты тоқу станоктарында қап және орау маталарын өндіру;

3) жүн өндірісі – 12 дейінгі ремиз санымен әртүрлі жүйелердегі механикалық тоқу станоктарында (жаккарда машинасымен станоктардан басқа) маталар мен кілем бұйымдарын өндіру, кілем тоқитын станоктарда белдіктерді, қайықтарды орнату;

4) жібек өндірісі – барлық жүйедегі механикалық тоқу станоктарында күрделі емес тоқылатын маталарды өндіру;

5) тоқыма галантереясы өндірісі – жаккарда машинасымен механикалық таспа тоқу және таспа тоқу станоктарында талшықтың бірнеше түрінен күрделі тоқылатын және суретті (атлас, іш киімдік, шалбарлық, сәндік, корсаждық, иірілген, бәтес, борттық, «молния», екіқабатты, протездік, бұрмалы, ранттық, репстік фирмалық атлас, ротациялық екіқабатты, құлақшындық, қалпақтық, тегіс, техникалық капрон) таспаларды өндіру, созылғыш бинттерді, «каптал» таспаларын, қалпалық фаиларды, монокапроннан таспаларды, оплеток-шұлықтарды, изоляциялық тұрбаларды, сәнді мата бауларды, автотаспаларды, жібек оқаларды, пілтелерді, сәнді, корсеттік, муарлық, гафтылық, тафталық, безендіру, жаккардалық төсемдерді, екіқабатты және үшқабатты белбеулерді, фототаспаларды, жаккарда машинасымен механикалық таспа тоқу және таспа тоқу станоктарында сабақтауға ұқсас шашақтарды және басқа да ассортиментті,

- капрон және жүн арқаумен борттық маталарды, тоқыма автоматты және механикалық қайықты және қайықсыз станоктарда кашнелерді, орамалдарды, бөкебайларды, палантиндерді, пледтерді, жабылғыларды;

6) кендір өндірісі – автоматты қайықты тоқу станогында қап, линолеум және орау маталарын өндіру;

7) қолмен тоқу – 4-5 түсті гаммалы 4-6 ремизді таңдау және ремиз техникасымен орындалған, дара сәндік бұйымдарды өндіру;

8) химия өндірісі - ЛЭС-010, ЛЭС-020 маркалы әйнек таспаларын, ЭЧ/Г-46 маркалы, Т-13, ЭЗ-200, ЭЗ-250, З-125 типті және ровингтен әйнек маталарын, жасанды және синтетикалық корд маталарын, асбест маталарын, арматураланған жаймаларды және басқа да ұқсас маталар мен таспаларды өндіру;

9) металл және синтетикалық торлар тоқу – арқаужіп сымының диаметрі 0,055 жоғары 0,10 мм дейін торларды өндіру;

10) метиз өндірісі – тығыздығы 25% жоғары 50% дейін қалыпты торларды өндіру;

11) целлюлоза-қағаз өндірісі - өндіру:

жиынтықталған және иірілген тор - металл тоқу станогының ені 5 м - 1 см арқаужіптің сым және синтетикалық жіптерінің саны - 16 дейін;

жиынтықталған және иірілген тор - металл тоқу станогының ені 3 м - 1 см арқаужіптің сым және синтетикалық жіптерінің саны - барлық нөмірлері;

бірқабатты тор - металл тоқу станогының ені 3 м - 1 см арқаужіптің сым және синтетикалық жіптерінің саны - 16-24 см;

бірқабатты тор - металл тоқу станогының ені 2,5 м - 1 см арқаужіптің сым және синтетикалық жіптерінің саны - 24-32 см;

бірқабатты тор - металл тоқу станогының ені 2 м - 1 см арқаужіптің сым және синтетикалық жіптерінің саны - 24-36 см;

астарлық тор – металл тоқу станогының ені 5 м - 1 см арқаужіптің сым және синтетикалық жіптерінің саны - барлық нөмірлері;

Синтетикалық тор - металл тоқу станогының ені 1,5 - 2,5 м - 1 см арқаужіптің сым және синтетикалық жіптерінің саны - 22 дейін.

Параграф 4. Тоқымашы, 5-разряд

524. Жұмыс сипаттамасы:

әртүрлі материалдардан өндіру: механикалық, автоматты және арнайы тоқу және таспа тоқу станоктарында маталарды, кілемдерді, таспаларды және бұйымдарды, қолмен тоқу станоктарында қолмен тоқудың жиынтық техникасын пайдаланумен орындалған сәндік маталарды, металл тоқу станоктарында целлюлоза-қағаз өндірісі үшін жиынтықталған иірілген, бірқабатты астарлық және синтетикалық торлардан, әртүрлі маркалы, үлкен және өте үлкен тығыздықтағы сым және синтетикалық жіптерден металл және синтетикалық торларды;

қайықтағы арқаулық сымды жаюды, шектерді орналастыруды және шөлмекке сымды орау ұзындығын реттеу;

аркат жіптерінің үзіктерін жою;

кесу механизмінің пышақтарын ауыстыру;

жіптердің үзілуін және бұйымдардың ақауларын болдырмау бойынша алдын-ала жұмыстарды орындау;

өрнек тоқу раппортын қалпына келтіру;

матаның тығыздығын, түскен арқаужіптің, арқаудың сапасын бақылау;

мата ақауын түзеу;

түбірдегі, астындағы және түкті арқаужіптің қажетті жайылуын қамтамасыз ету;

ламель приборын, кесетін, жинайтын механизмдердің жұмысын бақылау, жайманы, кесу сапасын, түк ілмегінің биіктігін бақылау;

үзілген кезде арқаужіптің жіптерін қосу және іске қосу;

бағаларын байлау;

байланған және сабақталған арқаужіпті өңдеу;

арқаужіп белбеуін толтыру және ауыстыру;

жаккарда машинасымен станоктарда картонды жүргізу;

түсті шеттерін салу;

қызмет көрсететін станоктардың, олардың жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ететін бағытын таңдау;

қызмет көрсететін станоктарды жөндеуден қабылдауға қатысу, жабдықты және жұмыс орнын күту.

525. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын, күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

оның механизмдерінің әрекетін, матаның, кілемдердің, таспалардың, бұйымдардың ассортиментін және салу есебін және олардың суреттерін;

тоқу мен айырудың түрлерін;

аркат бауларын айырудың түрлерін, карталарды кезектеудің тәртібін және оларды қосып тігудің дұрыстығын, алшақтатқаннан кейін түсі және раппорты бойынша қайықтарды ауыстыру үшін картонды орнату ережесін;

станоктарға қызмет көрсетудің жүйелілігін, кесу сапасын және түкті мата түгінің биіктігін, қалдықтардың түрлері мен нормаларын.

526. Жұмыс үлгілері:

1) мақтақағаз өндірісі-автоматты қайықты және қайықсыз тоқу станоктарында (машиналарында), жаккарда машинасымен механикалық тоқу станоктарында маталардың барлық түрлерін, жаккарда машинасымен және шыбық механизммен түкті мата тоқу станоктарында, ТВ-160-ШЛ станоктарында түкті маталарды өндіру;

2) зығыр өндірісі - әртүрлі жүйелердегі автоматты қайықты және қайықсыз тоқу станоктарында маталардың барлық түрлерін, автоматты қайықсыз тоқу станоктарында қап және орау маталарын өндіру;

3) жүн өндірісі - жаккарда машинасымен механикалық тоқу станоктарында, 12 және одан да артық ремиз санымен механикалық тоқу станоктарында, барлық жүйелердегі автоматты станоктарда маталарды, барлық жүйелердегі станоктарда техникалық шұғаны, жаккарда машинасымен екі жолақты және шыбықты станоктарда (ені 1,7 м артық) кілемдерді және кілем бұйымдарын, барлық жүйедегі қайықсыз тоқу станоктарында маталарды, кілемдерді өндіру;

4) жібек өндірісі – жаккарда машинасымен механикалық көпқайықты тоқу станоктарында күрделі тоқылатын маталарды, табиғи жібектен жасалатын маталардың барлық түрлерін, түкті, галстукке, қол шатырлық, електік маталарды, автоматты тоқу станоктарында ұлттық, авролық маталарды, барлық жүйедегі станоктарда терілерді, автоматты қайықсыз тоқу станоктарында маталардың барлық түрлерін өндіру;

5) тоқыма галантереясы өндірісі – механикалық таспа тоқу станоктарында әйнекжіпті, созылмалы және металл жіптерін қолданумен күрделі тоқылатын таспаларды, жаккарда машинасымен таспа тоқу станоктарында арнайы мақсаттағы капрон, зығыр және кендір жіптерінен үшқабатты болып тоқылатын таспаларды, қауіпсіздік белбеулерін, көліктік кендір таспаларды, тоқыма ілгектерді, әйнексымды белбеулерді және металл сымдармен мақта қағаз иірімжібінен рулетті таспаларды және оларға ұқсастарды, көптүсті күрделі тақырыпты суретпен таспаларды, жаккарда машинасымен көпқайықты тоқу станоктарында бөкебайларды, орамалдарды, палантиндерді, жабылғыларды өндіру;

6) кендір өндірісі – қайықсыз тоқу станоктарында кап, линолеум және орау маталарын өндіру;

7) қолмен тоқу – өндіру - қолмен тоқу техникасын пайдаланумен орындалған сәндік маталарын, бранды, аса бранды, таңдаулы салынған, бедерлі және көпремизді – 6 ремизден артық, таңдамалы жаккардамен, қайталанатын өрнек қалыптарымен күрделі композициялық шешімдегі, жеке жаймаларда орналасқан композициялық элементтермен, 5-10 түсті гаммамен суреттерді қосуды талап ететін маталарды;

8) химия өндірісі – жаккарда машиналарымен станоктарда және қайықсыз тоқу станоктарында КЛ-11, ЛЭС-0,08 маркалы әйнек таспаларын, Т-14, Э-30, 60, 80 типті және әйнек авиациялық маталарды, радиотехникалық, сәндік, көпқабатты, қос енді, әйнексымды, кремнезем, қуыс, кварц, металл талшықтардан электроизоляционды маталарды, әйнексинтетикалық және химиялық маталарды және ұқсас маталарды және күрделі тоқымалы таспаларды;

9) металл және синтетикалық торлар тоқу - арқаужіп сымының 0,035 до 0,055 мм артық диаметрімен торларды өндіру;

10) метиз өндірісі – үлкен торларды, 50 артық 70% дейін тығыздықтағы және аса үлкен, 75% артық тығыздықтағы торларды өндіру;

11) целлюлоза-қағаз өндірісі - өндіру:

жинақталған және иірілген тор - металл тоқу станогының ені 0,5-ден бастап - 1 см арқаужіптің сым және синтетикалық жіптерінің саны - 16 дейін;

бірқабатты тор - металл тоқу станогының ені 3,5-5 - 1 см арқаужіптің сым және синтетикалық жіптерінің саны - 32 дейін;

жинақталған және иірілген тор - металл тоқу станогының ені 4 - 1 см арқаужіптің сым және синтетикалық жіптерінің саны - 16-дан бастап;

бірқабатты тор - металл тоқу станогының ені 3 м - 1 см арқаужіптің сым және синтетикалық жіптерінің саны - 24-36;

бірқабатты тор - металл тоқу станогының ені 2,5 м - 1 см арқаужіптің сым және синтетикалық жіптерінің саны - 32-40;

астарлық тор - металл тоқу станогының ені 5-тен бастап - 1 см арқаужіптің сым және синтетикалық жіптерінің саны - барлық нөмірлері;

синтетикалық тор - металл тоқу станогының ені 3,0-4,5 м - 1 см арқаужіптің сым және синтетикалық жіптерінің саны - 22 дейін;

синтетикалық тор-металл тоқу станогының ені 1,5-2,5 м - 1 см арқаужіптің сым және синтетикалық жіптерінің саны - 24-тен бастап және одан жоғары.
Параграф 5. Тоқымашы, 6-разряд

527. Жұмыс сипаттамасы:

өндіру: қолмен тоқу станоктарында айырықша сюжетті-тақырыпты бұйымдарды, металл тоқу станоктарында целлюлоза-қағаз өндірісі үшін әртүрлі маркалы (жинақталған, иірілген, үшқабатты, бірқабатты) сым және синтетикалық жіптерден металл және синтетикалық торларды.

528. Білуге тиіс:

тоқу, металл тоқу станоктарының барлық түрлерінің құрылысын, оларды жөндеу және реттеу әдістерін;

қызмет көрсететін жабдықтың кейбір ақауларын жою тәсілдерін;

бұйымдардың ассортиментін және олардың салу есебін.

529. Жұмыс үлгілері:

1) қолмен тоқу – 10 түстен артық гаммамен, қолмен тоқудың әртүрлі техникасын пайдаланумен орындалған, айырықша, сюжетті-тақырыпты бұйымдарды өндіру;

2) металл және синтетикалық торларды тоқу – арқаужіп сымының 0,035 мм дейін диаметрімен торларды өндіру;

3) целлюлоза-қағаз өндірісі - өндіру:

жинақталған және иірілген тор - металл тоқу станогының ені – 5 м-ден бастап - 1 см арқаужіптің сым және синтетикалық жіптерінің саны - 16-дан бастап;

Үшқабатты тор - металл тоқу станогының ені – 2 м-ден бастап - 1 см арқаужіптің сым және синтетикалық жіптерінің саны - барлық нөмірлері;

Бірқабатты тор - металл тоқу станогының ені – 5 м-ден бастап - 1 см арқаужіптің сым және синтетикалық жіптерінің саны - 16-дан бастап;

Бірқабатты тор - металл тоқу станогының ені – 3,5-нан 5м-ге дейін - 1 см арқаужіптің сым және синтетикалық жіптерінің саны - 32-ден бастап;

Синтетикалық тор - металл тоқу станогының ені – 3,5 - 4,5 м-ге дейін - 1 см арқаужіптің сым және синтетикалық жіптерінің саны - 24 және одан артық;

Синтетикалық тор - металл тоқу станогының ені – 5,0 және артық - 1 см арқаужіптің сым және синтетикалық жіптерінің саны - барлық нөмірлері.

Ескерту. Көмекшінің жұмысын орындауда целлюлоза-қағаз өндірісі үшін ені 4,5 м станоктарда торлар дайындау кезінде тоқымашы үш разрядқа төмен тарифтеледі.


103. Технологиялық жабдықты қайраушы

Параграф 1. Технологиялық жабдықты қайраушы, 2-разряд

530. Жұмыс сипаттамасы:

өзінен біліктілігі жоғары технологиялық қондырғыны қайраушының басшылығымен инелі гарнитурамен тартылған, түту машиналарының жұмыс органдарын қайрау;

түту машинасына қайрағыш біліктерді орнатуға қатысу;

жұмыс органдарын қайрауды бақылау.

531. Білуге тиіс:

түту машинасының жеке органдарының өзара әрекетін;

түту машиналарының жұмыс органдарына қайрау приборларын салу ережесін;

қалдықтардың түрлерін.


Параграф 2. Технологиялық жабдықты қайраушы, 3-разряд

532. Жұмыс сипаттамасы:

түкті жатқызу, тарақпен түту, түту машиналарының инелі таспалармен тартылған жұмыс органдарын қайрау және тазалау, стационарлық станоктарда түту машиналарының қалпақтарын қайрау;

шаңнан біліктерді, барабандарды тазарту, сдирды шешу;

біліктерді қайрау станогына тасымалдау, оларды станокта орнату және қайрау;

технологиялық процестің барысын бақылау;

қайрау біліктерін барабанға салуды реттеу;

арнайы приборда инелі таспаның биіктігін тексеру және инелі таспаның биіктігі бойынша қалпақтар жиынтығын таңдау;

тегістеуші білікпен немесе қолмен абразивті қалыппен қайрағаннан кейін инелі жабылғыны түзеу;

қаптау: роликтерді жаңа гарнитурамен, қалпақтарды инелі таспамен, қайрау приборларын қырнау таспасымен;

қайрау сапасын тексеру;

қызмет көрсететін машиналарға бөлу параметрлерін сақтаумен біліктерді, роликтерді орналастыру;

тісті доңғалақтарды ауыстыру және майлау;

қайрау станогының үйкелетін беттерін күйіне келтіру, тазалау және майлау.

533. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын, оны күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

біліктерде және қалпақтарда инелі гарнитураны тазалау ережесін және мезгілділігін, қайрауын және ауыстыруын, түту машианалары барабандарының инелі гарнитурасын қайрау және тегістеу ережесін;

кардты гарнитураны тазалау және қайрау сапасына қойылатын талаптарды, жұмыс органдары арасында бөлу нормативтерін және оларды тексеру тәсілдерін;

қайрау станогын күйіне келтіру ережесін;

қалпаұтарды жаңа инелі таспамен қаптау ережесін;

инелер биіктігін тексеру тәсілдерін, қайрау иіршігіне инелі таспаны оны қайрау кезінде салу ережесін.
Параграф 3. Технологиялық жабдықты қайраушы, 4-разряд

534. Жұмыс сипаттамасы:

қырқатын, түкті кесетін және дискілік пышақтарды қайрау;

қырқатын немесе түкті кесетін машиналарды бұзу және жинауға қатысу;

қайрау станоктарын күйіне келтіру, тазалау және үйкелетін беттерін майлау;

Қырқатын пышақтарды қайрау кезінде – ескілерді алып тастау және жаңа шиыршық пышақтарды тиісті тартумен иіршікке енгізу;

қырқатын пышақтарды қайрау, тегістеу, келтіру, фазкалау;

машинаға пышақтарды орнату, оларды кесуге түзеу және күйіне келтіру;

қырқатын приборларды жөндеу;

түкті кесетін пышақтарды қайрау кезінде – кесетін құралды дайындау;

пышақтың жүзін құрсауына дәнекерлеу;

қайрау машинасында түкке келтіріп жүзін қайрау, кесетін құралды жинау;

түкті кесу сапасын бақылау;

дискі пышағын қайрау кезінде – қайрау үшін пышақ жинағын таңдау;

оправаны тексеру;

оправаға пышақтар жиынтығын орнату және оларды диаметрі бойынша тегістеу;

пышақтарды қайрау және пышақ жүзін қолмен қайрап келтіру және тегістеу;

қайраудың дұрыстығын және өткірлігін тексеру;

пышақтарды тапсыру.

535. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын, оны күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

пышақтардың түрлерін және олардың сапасына қойылатын талаптарды, пышақтарды қайрау, тегістеу, күйіне келтіру, пышақтарды қайрау үшін бақылау-өлшеу приборларын, құралдарын және жабдықтарын қолдану ережесін;

бөлшектерді слесарлық өңдеу әдістерін.
104. Біліктерді өңдеуші

Параграф 1. Біліктерді өңдеуші, 2-разряд

536. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті біліктерді өңдеушінің басшылығымен біліктерді өңдеу және суреттерді көшіру.

көшіруге диапозитивтерді және монтажды дайындау.

білікті дайындау.

жарықты сезетін эмульсияны жағу, көшіру, көрсету, көшірмелерді қыздыру.

өңдеуге келмейтін беттерді қышқылға мықты мастикамен жабу.

біліктерді орнату.

біліктен, молеттен, мырыш парағынан қышқылға мықты мастиканы жарықты сезетін эмульсияны жуып тастау.

537. Білуге тиіс:

біліктің, молеттің және мырыш парағының сапасына қойылатын техникалық талаптарды, диапозитивтерден көшіру және біліктердегі;

молеттердегі және мырыш парақтарындағы суреттерді монтаждау, көрсету. өңдеуге келмейтін суреттің бетін мастикамен жабу ережесін;

суреттерді көшіру, көрсету, өңдеу кезінде қолданылатын химиялық материалдарды, біліктерге, молеттерге, мырыш парақтарына қарау ережесін.


Параграф 2. Біліктерді өңдеуші, 3-разряд

538. Жұмыс сипаттамасы:

молетирлі, пантонақыштау және қолмен нақыштау тәсілдерімен біліктерді өңдеу;

біліктерді хромсыздандыру;

химиялық материалдарды, жарықты сезетін эмульсияны, көрсететін және өңдейтін ерітінділерді рецептер бойынша дайындау;

біліктерді жеткізу және оларды станоктарға (өңдеу, ауыстыру, көшіру және тағы басқа) орнату және қыздыру үшін;

өңдегеннен кейін біліктерді жуу, оларды одан әрі өңдеуге тасымалдау;

қызмет көрсететін қондырғыны күту.

539. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін станоктар мен құралдардың құрылысын, күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

білікте сурет жасау принципін, біліктерді монтаждау сапасына және олардың беттерін әрлеу сапасына қойылатын техникалық талаптарды;

өңдейтін ерітінділердің қасиеттерін, білікті өңдеу режимін, өңдеу, көшіру кезінде қолданылатын химиялық материалдарды және оларды дайындау тәсілдерін;

білікке суретті көшіру және қыздыру тәсілдерін;

өңдейтін ерітінділер мен қышқылдарға қарау ережесін.


Параграф 3. Біліктерді өңдеуші, 4-разряд

540. Жұмыс сипаттамасы:

нақыштаудың фотомеханикалық тәсілі кезінде біліктерді өңдеу, хромсыздандыру және көшіру;

күрделі емес штрихті және үштүсті суреттерді нақыштау;

химиялық материалдарды, жарықты сезетін эмульсияны, көрсететін және өңдейтін ерітінділерді рецептер бойынша дайындау;

біліктерді жеткізу және оларды станоктарға (өңдеу, ауыстыру, көшіру және тағы басқа) орнату және қыздыру үшін;

өңдегеннен кейін біліктерді жуу, оларды одан әрі өңдеуге тасымалдау;

қызмет көрсететін қондырғыны күтіп-ұстау.

541. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін станоктар мен құралдардың құрылысын, күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

білікте сурет жасау принципін;

біліктерді монтаждау сапасына және олардың беттерін әрлеу сапасына қойылатын техникалық талаптарды, өңдейтін ерітінділердің қасиеттерін;

өңдеу режимін, өңдеу, көшіру кезінде қолданылатын химиялық материалдарды және оларды дайындау тәсілдерін;

білікке суретті көшіру және қыздыру тәсілдерін;

өңдейтін ерітінділер мен қышқылдарға қарау ережесін.
Параграф 4. Біліктерді өңдеуші, 5-разряд

542. Жұмыс сипаттамасы:

біліктерді өңдеу және хромсыздандыру;

күрделі штрихті және үштүсті суреттерді нақыштаудың фотомеханикалық тәсілі кезінде өңдеу және көшіру;

химиялық материалдарды, жарықты сезетін эмульсияны, көрсететін және өңдейтін ерітінділерді рецептер бойынша дайындау;

біліктерді тасымалдау және оларды станоктарға (өңдеу, ауыстыру, көшіру және тағы басқа) орнату және қыздыру үшін;

өңдегеннен кейін біліктерді жуу, оларды одан әрі өңдеуге тасымалдау;

қызмет көрсететін қондырғыны күтіп-ұстау.

543. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін станоктар мен құралдардың құрылысын, күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

білікте сурет жасау принципін, біліктерді монтаждау сапасына және олардың беттерін әрлеу сапасына қойылатын техникалық талаптарды, өңдейтін ерітінділердің қасиеттерін;

өңдеу режимін, өңдеу, көшіру кезінде қолданылатын химиялық материалдарды және оларды дайындау тәсілдерін;

білікке суретті көшіру және қыздыру тәсілдерін;

өңдейтін ерітінділер мен қышқылдарға қарау ережесін.


105. Ылғалды тауарды және иірімжіпті қолмен салушы-таңдаушы

Параграф 1. Ылғалды тауарды және иірімжіпті

қолмен салушы-таңдаушы, 2-разряд

544. Жұмыс сипаттамасы:

ылғалды иірімжіпті, матаны, беймата жайманы қазандарға, чандарға, ванналарға аппараттарға, арбаларға және жәшіктерге ілмек болдырмай талап етілген тығыздықпен, қолмен біркелкі орналастыру.

арбаның шетіне нашар тігісті, жыртылған немесе кірленген жерлері бар матаны салу.

ақауларымен куфталарды тарқату, сұрыптау.

матаны салу және қайта салуға қатысу.

иірімжіпті өңдегеннен кейін таңдау және оны жуу.

куфталарды иіру және оларды орналастыру.

үзіктерді жою.

қызмет көрсететін қондырғыны тазалау.

545. Білуге тиіс:

матаны, мата емес жайманың ассортиментін;

иірімжіптің желілік тығыздығын, қазандардан, аппараттардан, ванналардан, чандардан матаны, беймата жайманы, иірімжіпті таңдау және орналастыру ережесін,

өнімді өңдеудің технологиялық режимін.


106. Тоқыма бұйымдарын қалыптаушы

Параграф 1. Тоқыма бұйымдарын қалыптаушы, 1-разряд

546. Жұмыс сипаттамасы:

қаптарды, шұлық-ұйық бұйымдарын, кашнелерді, бөкебайларды және басқа да ұқсас бұйымдарды және олардың бөлшектерін тігістерін тегістеумен және жіптер соңын кесе отырып қолмен айналдыру жолымен немесе арнайы құралдармен қалыптау;

үтіктеудің алдында кашне мен бөкебайларды ылғалды марліге орау;

тоқыма бұйымдарын және қаптарды пашкелерге салу, оларды белгіленген орынға тасымалдау.

547. Білуге тиіс:

тоқыма бұйымдардың артикулдері мен өлшемдерін;

тоқыма бұйымдарды қолмен және арнайы құралдарды қолданумен қалыптау бойынша жұмыстар әдістерін.
Параграф 2. Тоқыма бұйымдарын қалыптаушы, 2-разряд

548. Жұмыс сипаттамасы:

дөңгелек трикотажды жайманы, қаптарды, биялай және басқа да ұқсас бұйымдарды және олардың бөлшектерін тігістерін және қалыптарын бұзбай машинада немесе арнайы айналдыратын аппаратта айналдыру жолымен қалыптау;

галстукты қосып тіккеннен кейін қосқан жіптерді және жіптердің соңдарын кесе отырып, арнайы құралмен айналдыру;

трикотаж жаймасын, бұйымдарды және қаптарды теріс айналдыратын машинаға немесе аппаратқа салу, оларды тазалау, үйкелетін беттерін майлау;

тоқыма бұйымдарды белгілі орынға тасымалдау.

549. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналар мен аппараттарда әрекет және пайдалану принципін;

жұмыс істеу әдістерін және оларды күту ережесін;

тоқыма бұйымдарының артикулдерін және өлшемдерін.


107. Фотомеханикалық нақыштау суретшісі

Параграф 1. Фотомеханикалық нақыштау суретшісі, 4-разряд

550. Жұмыс сипаттамасы:

фотомеханикалық нақыштау үшін монтаждауға негативтерді дайындау;

көшіру-көбейту машинасында раппорттарды монтаждау;

монтаждың үлгісін тексеру;

монтажды көшіру үшін білікке тапсыру.

551. Білуге тиіс:

фотоаппараттың және көшіру-көбейту машинасының құрылысын және пайдалану ережесін;

суреттік көрініс алу приципін, экспозициялау, көрсету және тұрақтандыру режимін;

суреттік қабаттардың жіктелуін және қасиеттерін, жұмыс ерітінділерінің рецептурасын, суреттік көріністерді бақылау әдістерін;

қолданылатын суреттік және химиялық материалдардың қасиеттерін.


Параграф 2. Фотомеханикалық нақыштау суретшісі, 5-разряд

552. Жұмыс сипаттамасы:

фотомеханикалық нақыштауға арналған жинақты суретке түсіру тәсілін қолданумен кез келген күрделіліктегі суреттерді суретке түсіру;

автотипті және диагоналды растрларды қолданумен жартылай тонды суреттерді растрлық суретке түсіру;

штрихті негативтер мен позитивтерді дайындау;

жарық фильтрін қолданумен фотоаппаратта түсті репродукцияға арналған растрлы негативтерді, жартылай тонды негативтерді және диапозитивтерді дайындау;

түсті түзейтін және градациялық маскаларды, әртүрлі линиатурлардағы (штрихтер) қосылған растрларды дайындау;

қажетті ерітінділерді дайындау.

553. Білуге тиіс:

фотоаппараттың және көшіру-көбейту машинасының құрылысын, оларды күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

суретті көріністі алу принципін, экспозициялау, көрсету және тұрақтандыру режимін, суреттік қабаттардың жіктелуін және қасиеттерін, жұмыс ерітінділерінің рецептурасын;

жартылай тонды түпнұсқаларды қалпына келтіру принципін, растр линиатурларының түрлерін, суретті көріністерді бақылау әдістерін;

қолданылатын суреттік және химиялық материалдардың қасиеттерін;

градациялық және түсті бөлуді білдірмеу техникасының нұсқаларын.


108. Желдеткіш қондырғыларын тазалаушы

Параграф 1. Желдеткіш қондырғыларын тазалаушы, 2-разряд

554. Жұмыс сипаттамасы:

желдеткіш қондырғыларды, циклондарды, сүзгілерді, шаң камераларды, траншеяларды және басқа да шаң ұстайтын құрылғыларды тазалау;

шаңды, түбітті және шаң болған талшықты белгіленген орынға тасымалдай отырып жинау.

555. Білуге тиіс:

желдеткіш қондырғыларды және шаң ұстайтын құрылғыларды тазалау тәсілдерін және мерзімділігін.
Параграф 2. Желдеткіш қондырғыларын тазалаушы, 3-разряд

556. Жұмыс сипаттамасы:

қиыстыру-тарту құрылғылырының, желдеткіш қондырғыларының, циклондардың, сүзгілердің, жасырын арналардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету.

пневмокөлік жүйелерінде ауа тазалығының дәрежесін және сүзгілі циклондардың шаңдылығы дәрежесін анықтау.

қайтарылатын және қайтарылмайтын талшықтарды, қырқу қалдықтарын жинау және престеуге арналған пневмокөлік жүйесінің және басқа да жабдықтың жұмысын бақылау.

желдеткіш қондырғыларын, циклондарды, фильтрлерді, жасырын арналарды тазалау.

талшықтарды және қалдықтарды жинау, оларды мақсаттарына қарай бөлу.

қайтарылатын талшықтар мен қалдықтардың бірнеше түрлерінің аралысуын болдырмау.

қызмет көрсететін жабдықты толтыру кезінде циклондарды тазалау және ауыстыру, тәжіребелік партияларды жасау кезінде пневмокөліктің тарту жүйелерін және жабдықты іске қосу. сүзгілі қонысты, камераларды, жасырын арналарды жинау.

шаңды, шаң болған талшықты белгіленген орынға тасымалдай отырып жинау.

557. Білуге тиіс:

қайтарылатын талшықтар мен қалдықтарды жинау және баспақтауға арналған, қызмет көрсететін қондырғылардың, пневмокөліктердің негізгі түрлерінің құрылғысын, мақсатын және өзара әрекетін;

желдеткіш қондырғыларын, циклондарды, сүзгілі камераларды, траншеяларды және басқа да шаң ұстайтын құрылғыны тазалаудың, циклондарды, қызмет көрсететін қондырғыға салуға арналған сүзгілерді тазалау және ауыстыру тәсілдерін және мерзімділігін;

өңделетін өнімнің ассортиментін және қызмет көрсететін жабдыққа салу кестесін;

қайтарылатын талшықтар мен қалдықтардың қасиеттерін және өртқауіпсіздігі мен жарылысқауіпсізідігі дәрежесін;

қызмет көрсететін жабдықтың және циклондардың сапасыз тазалануының қайтарылатын талшық сапасына әсерін.


109. Қондырғыны тазалаушы

Параграф 1. Қондырғыны тазалаушы, 2-разряд

558. Жұмыс сипаттамасы:

қызмет көрсететін машиналарды, станоктарды және олардың приборларын (тоқу жабдығынан басқа) шаңнан, түбіттен, күлден, балшықтан, қолданылған майдан тазалау;

белбеулерді, жеке бөлшектерді, сыртқаптарды және қоршауларды шешу;

бөлшектерді сүрту, қажет болғанда – сумен, керосинмен, басқа да жуу құралдарымен жуу немесе бормен сүрту;

майланатын тесіктерді тазалау;

белбеулерді кигізу, шешілген бөлшектерді, сыртқаптарды және қоршауларды тазалап болғаннан кейін орнату;

тазаланған машиналар мен станоктардың жанындағы еденді сыпыру;

қоқыстарды және сүрту материалдарын тасымалдау.

жартылай фабрикаттардың және өнімнің кірленуін болдырмау.

559. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналар мен станоктарды тазалау бойынша нұсқамаларды;

тазалау және сілку кестесін;

қызмет көрсететін жабдықтың жеке тораптары мен механизмдерінің құрылысын;

жуу құралдарының қасиеттерін және оларға қарау ережесін;

қызмет көрсететін жабдықтың сапасыз тазалануының өнім сапасына әсерін.
Параграф 2. Қондырғыны тазалаушы, 3-разряд

560. Жұмыс сипаттамасы:

қызмет көрсететін машиналарды, станоктарды және олардың приборларын шаңнан, түбіттен, күлден, балшықтан, қолданылған майдан, негізгі механизмдерді, тоқу жабдығынан басқаны бұза отырып, тазалау;

қызмет көрсететін қондырғыны тазалау кестесі және нұсқамасына тоқтату;

бөлшектерді қарау және ақауларды анықтау;

пайдаланылған бөлшектерді ауыстыру;

бөлшектерді сүрту және жуу құралдарымен уайтспиритті қолдана отырып жуу;

механизмдерді жинау, үйкелетін беттерді майлау, өнімді өндіру үшін реттеу және күйіне келтіру;

қондырғыны тазалаудан кейін іске қосу, жүру жұмсақтығын тексеру;

қондырғыны тазалау және машиналардың, станоктардың жеке тораптары мен механизмдерінің жиналу сапасын бақылау;

қондырғыны тазалағаннан кейін шебердің көмекшісіне тапсыру.

561. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машиналар мен станоктарды тазалау бойынша нұсқамаларды;

тазалау және сілку кестесін;

қызмет көрсететін қондырғыны тоқтату және іске қосу ережесін;

қондырғының жеке тораптары мен механизмдерінің құрылысын және мақсатын;

қызмет көрсететін машиналардың жеке механизмдері мен тораптарын бұзу және жинау ережесін;

жуу құралдарының қасиеттерін және оларға қарау ережесін;

қондырғының сапасыз тазалануының өнім сапасына әсерін.
Параграф 3. Қондырғыны тазалаушы, 4-разряд

562. Жұмыс сипаттамасы:

тоқу қондырғысын және оның приборларын шаңнан, түбіттен, күлден, балшықтан, қолданылған майдан тазалау;

қондырғыны тазалау кестесі және нұсқамасына сәйкес тоқтату;

бөлшектерді, сыртқаптарды және қоршауларды шешу;

негізгі тоқушы, қосымша және өрнектүзуші механизмдерді бұзу, бөлшектерді қарау және ақауларын анықтау, тозған бөлшектерін ауыстыру;

бөлшектерді сүрту және жуу құралдарымен жуу;

майланатын тесіктерді тазалау, үйкеленетін беттерді майлау, шешілген бөлшектерді, сыртқаптарды және қоршауларды тазалау аяқталғаннан кейін орнату;

қызмет көрсететін қондырғыны реттеу және күйіне келтіру, қондырғыны тазалағаннан кейін іске қосу, жүру жұмсақтығын тексеру, тазалау сапасын бақылау, жеке тораптар мен механизмдерді жинау.

563. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының жеке тораптары мен механизмдерінің мақсаттары мен құрылысын, тазалау жөніндегі нұсқаманы, тазалау және сілку кестесін;

қызмет көрсететін қондырғыны іске қосу, тоқтату, реттеу және күйіне келтіру;

машиананың жеке механизмдері мен тораптарын бұзу ережесін;

жуу құралдарының қасиеттерін және оларға қарау ережесін;

қондырғының сапасыз тазалануының өнім сапасына әсерін.
110. Матаны, бұйымды тазалаушы

Параграф 1. Матаны, бұйымды тазалаушы, 1-разряд

564. Жұмыс сипаттамасы:

матаның, жайманың ішкі және сыртқы беттерін жіптердің шеттерінен, ілмектерден, түйіктерден, жуан жерлерінен және өзге де ақауларынан тазалау;

матадағы, жаймалардағы және өзге де бұйымдардағы дақтарды химиялық ерітінділермен кетіру;

матаны, жайманы, бұйымдарды тасымалдау және оларды үю;

қалдықтарды жинау және тапсыру.

565. Білуге тиіс:

өңделетін маталар, жаймалар және өзге де бұйымдардың ассортиментін;

олардың сапасына қойылатын талаптарды;

матаны және өзге де бұйымдарды жууға арналған ерітінділерді дайындау тәсілін;

матаны, жайманы және бұйымдарды тазалағаннан және жуғаннан кейін орналастыру тәртібін.


Параграф 2. Матаны, бұйымды тазалаушы, 2-разряд

566. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі тоқылған матаны, жайманы, бас киімдерді, киіз аяқ киімді, терілерді және өзге де бұйымдарды ішкі және сыртқы беттерін жіптердің шеттерінен, түйіктерден, жуан жерлерінен және өзге де ақаулардан қолмен және әртүрлі жүйедегі машиналарда тазалау;

матадағы және өзге де бұйымдардағы дақтарды арнайы химиялық ерітінділермен кетіру;

тазалау сапасын бақылау;

матаны, жайманы, бұйымдарды тасымалдау және оларды үю;

қалдықтарды жинау және тапсыру;

қызмет көрсететін қондырғыны күту.

567. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын және күтіп-ұстау ережесін;

өңделетін маталар, жаймалар, кілем бұйымдары, бас киімдер, киіз аяқ киімдер, терілер және өзге де бұйымдардың ассортиментін, олардың сапасына қойылатын талаптарды;

матаны, жайманы және өзге де бұйымдарды жууға арналған ерітінділерді дайындау тәсілін;

матаны, жайманы және бұйымдарды тазалағаннан және жуғаннан кейін орналастыру тәртібін;

тазалау ережесін.


111. Түту аппараттарын тазалаушы-қайраушы

Параграф 1. Түту аппараттарын тазалаушы-қайраушы, 4-разряд

568. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті түту аппараттарын тазалаушы-қайраушының басшылығымен түту аппаратының кард гарнитурасын қолмен немесе ауасорғышпен тазалау және қайрау;

түту аппаратын бұзу, тарту тізбектері мен белбеулерін шешу, өзі өлшегішті, арбаларды алыстату;

айналмаларды, жұмыс және жиналатын біліктерді шешу;

жұмыс органдарының инелі гарнитурасынан сыдырғышты шешу және оларды шаңнан тазарту;

кард гарнитурасын қайрау және тегістеу;

қайрау білігінің салмалы бөлшектерін қайралатын органдардың бетіне реттеу;

цилиндрлілігін тексеру және жұмыс органдарын инелі гарнитурамен жабу;

өзі өлшегішті, арбаларды және біліктерді жұмыс жағдайына келтіру;

иіру қолғаптарын майлау;

тізбекті және белбеулі жүйені жинау;

алынатын және жұмыс біліктерін тазалау станогына тасымалдау және керісінше;

қызмет көрсететін машинаны іске қосу және сабақтау.

569. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын, оны күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

оның жұмыс органдарының өзара әрекетін;

кард гарнитурасын тазалау және қайрау ережесін және жұмыс органдарын инелі таспамен орау;

түту сапасының түту аппараты жұмыс органдарының;

кард гарнитурасының жағдайына байланысын.
Параграф 2. Түту аппараттарын тазалаушы-қайраушы, 5-разряд

570. Жұмыс сипаттамасы:

түту аппаратының кард гарнитурасын қолмен немесе ауасорғышпен тазалау және қайрау;

түту аппараттары жұмыс органдарының бөлгіш және салмалы бөлшектерін қоспаның әртүрлі түрлеріне арналған түту режимдеріне қабылданған технологиялық параметрлеріне сәйкес тексеру, орнату;

бөлгіш және салмалы бөлшектердің шамаларын үлгілер, бор жолақтарының көмегімен анықтау;

түту аппараттары жұмыс органдарының цилиндрлілігін және инелік бетінің жағдайын тексеру;

талап етілген сападағы таспаларды, созбаларды, мақталарды алуға арналған түту аппараты жұмысын реттеу;

түту аппаратын тазалағаннан және қайрағаннан кейін шебердің көмекшісіне тапсыру.

571. Білуге тиіс:

түту аппаратының құрылысын және оның жұмыс органдары мен механизмдерінің өзара әрекетін;

кард гарнитурасын тазалау және қайрау ережесін;

түту аппараттары жұмыс органдарының бөлгіштерін орнату тәсілдері мен нормативтерін;

түту сапасының түту аппараты кард гарнитурасының;

жұмыс органдарының жағдайына байланысын.


112. Шөлмектерді тазалаушы

Параграф 1. Шөлмектерді тазалаушы, 1-разряд

572. Жұмыс сипаттамасы:

машина шөлмегін резервтегі ораған жіптен тазарту;

шөлмектерді сұрыптау;

машиналарды тазартылмаған шөлмектермен толтыру;

білікті оралған қалдықтардан тазарту;

барабаннан тазаланған шөлмектерді алып тастау, оларды жәшіктерге салу және тасымалдау;

тұтас перде, тюль және шілтер машиналарының шөлмектері мен қайықтарын керосинде жуу және таттан тазалау.

573. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін машинаның құрылысын, оны күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

қызмет көрсететін машинаның барабанына тазаланбаған шөлмектерді салу ережесін;

Қайықтар мен шөлмектердің кластары және өлшемдері бойынша түрлерін, оларды өңдеу тәсілдерін;

Шөлмектер мен қайықтардың сапасына қойылатын талаптарды.


113. Қимаүлгіші

Параграф 1. Қимаүлгіші, 3-разряд

574. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті қимаүлгішінің басшылығымен әртүрлі жүйедегі ротациялық машиналарға арналған дөңгелек никель үлгілерін дайындау;

перфориренген никель гильзаларды олардың сапасын техникалық шарттарға сәйкес тексере отырып таңдау;

гильзаларды берілген өлшем бойынша кесу;

гильзалардың майын кетіруге арналған химиялық ерітінділерді дайындау;

гильзаларды тұрақтандыру және одан әрі майдан тазалау;

гильзаларды оларға жарық сезетін эмульсияны жағу үшін дайындау;

жарық сезетін эмульсияны белгіленген рецептура бойынша дайындау және оны гильзаға белгілі тәртіппен жағу.

575. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын, оны күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

дөңгелек үлгілерді дайындауға қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттерін, оларға қарау ережесін;

гильзалар сапасына қойылатын талаптарды, жарық сезетін эмульсияны, қажетті ерітінділерді дайындау рецептурасын;

лактар мен ерітінділердің қасиеттерін.
Параграф 2. Қимаүлгіші, 4-разряд

576. Жұмыс сипаттамасы:

фотофильмбаспаға арналған әртүрлі жүйедегі ротациялық машиналарға жазық торлы қимаүлгілерді немесе дөңгелек никель қимаүлгілерді дайындау;

суретті көшіру-көбейту машинасында немесе экспозициялық үстелде қимаүлгіге көшіру;

бөз шеттерін елекке тігу;

електі рамаға орау;

трафлениені тұрақтандырғышты орнату және реттеу;

лактар мен жарық сезетін эмульсияны белгілі рецептурамен дайындау және оларды белгілі тәртіпте қимаүлгіге жағу;

суретті эксаозициялау және көрсету, лакты кетіру, қимаүлгіні жуу және кептіру;

көрсетілмеген орындарды қолмен өңдеу және суретті түзеу;

қимаүлгілерге белгі соғу;

қимаүлгілерді пайдалану процесінде пайда болған кемшіліктерді жою;

сенсибилизатор мен фотоэмульсияны берілген рецептура бойынша және техникалық талаптарға сәйкес дайындау;

фотоэмульсиялық жабылғыны технологиялық тәртіпте қимаүлгілерге жағу;

қимаүлгілерді ауа райылық өңдеу және олардың сапасын бақылау;

никель гильзасының дөңгелек шеттері бойынша түйіскен жерлерін дұрыстау, белгілеу және белгі соғу;

гильзаны белгілі өлшемге дейін ротациялық машинаның түріне сәйкес кесу;

эпоксидті желімді және соңындағы қосу сақиналарын тазалауға арналған химиялық ерітінділерді дайындау;

арнайы сақиналарды ротациялық қимаүлгіге желімдеу;

қажет болғанда дөңгелек қимаүлгілердің ішкі беттерін тегістеу.

577. Білуге тиіс:

қызмет көрсетін қондырғының құрылысын, оны күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

жазық торлы қимаүлгілерді немесе дөңгелек қимаүлгілерді ротациялық машинада дайындауға арналған материалдардың қасиеттерін;

оларға қарау ережесін, қимаүлгілерге қойылатын техникалық талаптарды, жарық сезетін эмульсияны және фотоэмульсияны, басқа да қажетті ерітінділерді дайындау рецептурасын;

лактардың, эпоксидті желімнің және олардың ерітінділерінің қасиеттерін, суреттердің көрсетілмеген жерлерін қолмен өңдеу және түзету тәсілдерін;

суретті қимаүлгіге аудару кезіндегі экспозицияның ұзақтылығын анықтау әдістерін;

қимаүлгілерді тұрақтандыру және полимерлеу параметрлерін.
Параграф 3. Қимаүлгіші, 5-разряд

578. Жұмыс сипаттамасы:

барлық жүйедегі ротациялық машиналарға арналған никель дөңгелек қимаүлгілерді дайындау;

никель гильзаларын әртүрлі құралдардың көмегімен арнайы станокта техникалық шарттарға сәйкес дайындалу сапасын тексеру;

перфориренген никель гильзасының химиялық ерітіндімен майын кетіру, ауасорғышпен ылғалдансыздандыру;

гильзаға барлық ұзындығы бойынша нағыз цилиндр формасын беру;

қимаүлгілерді жылу камераларында жылумен өңдеу;

фотомонтажды пленкаларды трафлендіруді бақылау, оларды қимаүлгіге сәйкес белгілеу және кесу;

монтажды қимаүлгіге орнату және тұрақтандыру;

әртүрлі жүйедегі станоктарда контактілік тәсілмен қимаүлгілерді, гильзадағы суретті суретке түсіру;

суретті көрсету және фотоэмульсияны өңдеу, полимерлеу;

қимаүлгілерге белгі соғу;

арнайы сақиналарды гильза бүйіріне, қимаүлгілерді эпоксидтік желіммен желімдеу;

суреттерді ротациялық машиналарға жіберу алдында бақылау;

қимаүлгілерді пайдалану процесінде пайда болатын кемшіліктерді жою.

579. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың, құралдардың және қондырғының құрылысын, оларды күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

никель гильзаларын сақтау мерзімін, оларды орналастыру ережесін;

гильзалардың сапасына қойылатын талаптарды, арнайы сақиналарды гильзаларға желімдеу ережесін;

гильзаларды өңдеу кезінде қолданылатын химикаттардың қасиеттерін;

суретті қимаүлгіге ауыстыру кезінде экспозицияның ұзақтылығын анықтау әдістерін;

қимаүлгілерді есепке алу және бақылау ережесін.


114. Баспа біліктерін тегістеуші

Параграф 1. Баспа біліктерін тегістеуші, 4-разряд

580. Жұмыс сипаттамасы:

баспа білігі бетін тегістеу және жылтырату сапасына қойылатын белгілі техникалық талаптарға сәйкес өрнектің тегіс бетін және тереңдігін сақтай отырып тегістеу станоктарында тегістеу және жылтырату;

тегістеу станогын және абразивті материалды жұмысқа дайындау;

біліктерді тегістеу станогына орналастыру және оларды түсіру, станокты тазалау және үйкелетін беттерін майлау.

581. Білуге тиіс:

тегістеу станогының құрылысын, күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

тегістеу тәсілдері мен әдістерін, өрнектелетін біліктерге қарау ережесін;

абразивті материалдардың түрлерін және олардың мақсаттарын, білік бетінің сапасына қойылатын талаптарды;

жылтырататын пасталардың сипаттамалары мен құрамын.
115. Шлихталаушы

Параграф 1. Шлихталаушы, 4-разряд

582. Жұмыс сипаттамасы:

белгіленген рецептер мен технологиялық режимге сәйкес шлихталарды және эмульсиялайтын препараттарды дайындау;

шлихта компоненттерін мөлшерлеу, шлихталайтын препараттар мен қосымша заттардың су ерітінділерін дайындау, шлихталайтын композициялар құрастыру, шлихтаны дайын күйіне жеткізу;

технологиялық процестің барысын бақылау;

шлихтаның сапасын бақылау;

шлихтаның физикалық-химиялық қасиеттерін және құрамын, олардың санын, дайындау процесінің параметрлерін, шлихтаның сапалы сипаттамаларын тіркеу;

материалдар шығынын есепке алу;

қызмет көрсететін қондырғыны күту.

583. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын, оны күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

шлихталайтын композициялар мен эмульсиялайтын препараттардың физикалық-химиялық қасиеттерін, шлихтаны қайнату рецептерін және ережесін;

шлихтаның және эмульсиялайтын препараттың сапасына қойылатын талаптарды, оларды бақылау әдістерін.


Параграф 2. Шлихталаушы, 5-разряд

584. Жұмыс сипаттамасы:

шлихтаны белгіленген технологиялық режимге сәйкес, басқару пультімен жабдықталған автоматты желіде дайындау процесін жүргізу;

басқару жүйесінің жұмысқа дайындығын тексеру;

шлихтаның бөлінуін және желім ыдыстарының, технологиядық процесс параметрлерін реттейтін құрылғылардың, насостардың, тұрбалардың техникалық жағдайын бақылау;

сынауға алу;

есепке алу құжаттамасын жүргізу;

шлихтаның сапасын бақылау.

585. Білуге тиіс: ,

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын, пайдалану ережесін және оны күтіп-ұстау;

басқару пультін пайдалану ережесін;

шлихтыны дайындауға пайдаланылатын материалдардың қасиеттерін, шлихтаны қайнату рецептері мен ережесін;

шлихтаның сапасына қойылатын талаптарды және оның сапасын бақылау әдістерін.
116. Эмульсиялаушы

Параграф 1. Эмульсиялаушы, 2-разряд

586. Жұмыс сипаттамасы:

эмульсиялау: эмульсиялау қондырғыларының көмегімен жайғастыру және түту машиналарындағы таспаларды.

эмульсияны берілген рецептураға сәйкес дайындау.

қызмет көрсететін қондырғылардың, машиналардың бактарына эмульсияны құю.

эмульсиялау машинасының бункеріне иірімжіпті салу.

баспаның, иірімжіптің эмульсиялануын бақылау.

эмульсияны біркелкі беру.

эмульсия шығынын жазуды жүргізу.

эмульсиялау сапасын тексеру.

иірімжіпті, химиялық материалдарды тасымалдау.

қызмет көрсететін қондырғыны күтіп-ұстау.

587. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын, оны күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

эмульсияны дайындау рецептурасын және режимін;

эмульсиялау сапасына қойылатын талаптарды;

эмульсияның және химиялық материалдардың шығынын есепке алуды жүргізуді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет