Ќазаќстан республикасы єылым жјне білім министірлігі



жүктеу 1.59 Mb.
бет1/10
Дата24.09.2017
өлшемі1.59 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ОӘК 042-16.1.81/03-2013



ПOӘК

«Сұйықтар мен газдар механикасы»

пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар

№ ___ басылым







ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«СҰЙЫҚТАР МЕН ГАЗДАР МЕХАНИКАСЫ»

5В071700 - «Жылуэнергетикасы»

мамандығына үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2013

Мазмұны


1

Глоссарийлар




2

Дәріс оқулар




3

Практикалық және лабораториялық сабақтар




4

Студенттердің өздік жұмысы





1 ГЛОСАРИЙЛАР
Осы ОӘК тиісті анықтамалармен келесі терминдер қолданылған:
Ареометр – сұйықтың тығыздығын өлшейтін аспап.

Барометр – атмосфералық қысымды өлшейтін аспап.

Тұтқырлық – әртүрлі жылдамдықпен аққан сұйықтың екі қабатының арасында қозғалысқа қарсылықты тұтқырлық немесе сұйықтың ішкі үйкелісі деп атайды.

Вискозиметр – сұйықтың тұтқырлығын анықтауға арналған аспап

Вакуумметрлік қысым (вакуум) – атмосфералыққа жетпейтін қысым (қысымның жетіспеуі ), яғни атмосфералық және абсолютті қысымдарарасындағы айырма.

Гидростатика гидравликаның бір бөлімі, ол сұйықтар мен газдардың тепе-теңдік заңдылықтарын қарастырады.

Гидравликалық радиус – сұйық ағатын құбырдың немесе каналдың көлденең қима ауданының сұйықтану периметріне қатынасы.

Гидравликалық соққы – сұйықтың қозғалыс жылдамдығы кенеттен өзгерген кездегі ағынды құбырөткізгіштегі қысыммынң кененеттен өзгеру құбылысы.лық соққы ғалыс жылдамдығы кенеттен көлденең қима ауданының сұйықтану периметріне қатынасы месе сұйықтың ішкі үйкелісі деп ата

Гидравликалық көлбеулік– ағынның бірлік ұзындығына шаққандағы ағынның меншікті энергия шығыны.

Дифференциальды манометр – кез-келген екі нүктедегі қысым айырмасын өлшеуге арналған аспап.

Сұйық – аққыштық қаситеті бар үздіксіз орта.

Артықша қысым (манометрлік) – атмосфералықтан артық болатын қысым, яғни абсолютті және атмосфералық қысым арасындағы айырмашылық.

Тамшылы сұйықтар – термин, газдан сұйықтың айырмашылығын көрсетеді.

Манометр– артықша қысымды өлшейтін аспап.

Меншікті гидравликалық кедергі –шамасы немесе бағыты бойынша жылдамдықтың өзгерісі жүретін құбырдың ең қысқа аймағы.

Сорғы қуаты – сорғы тұтынатын қуат.

Қалыптаспаған қозғалыс – сұйықтың жылдамдығы мен гидродинамикалық қысымы уақыт және кеңістік координаталарының фунукциясы болып табылады, яғни тек кеңістік координатарына байланысты ғана өзгереді.

Сорап – сұйық ортаны тасымалдауға арналған гидравликалық машина.

Сорап тегеуріні – сораптың 1 кг сұйыққа берген салыстырмалы энергиясы, осы сұйықтың қанша биіктікке көтерілетінін көрсетеді.

Сораптың номиналды режимі – берілген техникалық көрсеткіштерді қамтамасыз ететін сорап жұмысының режимдері.

2 ДӘРІС ОҚУЛАР
Дәріс 1. Негізгі физикалық қасиеттер. Гидростатикалық қысым.

Дәріс жоспары:

1. Негізгі физикалық қасиеттері: тығыздық, сығылғыштық, сұйықтар үйкелісі үшін Ньютон заңы, тұтқырлық.

2. Сұйықтырда газдырдың еруі, сұйықтан газ күйіне өтудің шарттары. Қаныққан бу қысымы, кавитация. Идеал сұйықтар моделі.

3. Сұйықтарға әсер ететін күштер.

4. Гидрастатикалық қысым және оның қасиеттері.
Сұйық ол физикалық дене, оның түрі және пішіні сақтау қасиеті жоқ және өзі құйылған ыдыс немесе қабықшаның пішінін қабылдайды.

Тығыздық дегеніміз сұйықтың көлем бірлігіндегі массасы.

Сұйықтардың алатын көлемі қысым мен температураның өзгеруі кезінде өте аз өзгереді. Температураның өзгеруі нәтижесінде көлемінің өзгеруі температурлық коэффициентімен , ал қысым өзгерген кездегі сұйықтың сығылуы- көлемдік сығылу коэффициентімен сипатталады. Коэффициенттерінің жәнемәні өте аз, және іс жүзіндегі есептерде нөлге тең деп алуға болады, бірақ сұйықтың сығылуын ескеру қажет болатын құбылыстар кездеседі (гидравликалық соққы).

Тыныштықтағы сұйық күйінің, қатты денеден айырмашылығы, оның жанама кернеуі жоқ, сондықтан ол өзі құйылған ыдыс пішінін қабылдайды. Бірақ әртүрлі жылдамдықпен аққан сұйықтың екі қабатының арасында үйкеліс пайда болады, ол ішкі жанама күштерді ретке келтіреді. Сұйықтың осы қасиеті , яғни сұйық бөлшегінің салыстырмалы қозғалысына қарсылықты немесе кедергі келтіруді тұтқырлық деп атайды.

Белгілі Ньютона заңына бағынатын сұйықтарды ньютондық сұйықтар деп атайды.



.

Тұтқырлықтың сипаттамасы болып динамикалық және кинематикалық тұтқырлық коэффициенттері табылады.

Аналитикалық зерттеулер жасағанда «идеаль сұйық» деген түсінік жиі кездеседі, онда тұтқырлық толықтай жоқтығымен және оның көлемің абсольютті түрде өзгермеуімен сипатталады.

Сұйықтардың агрегаттық күйлерін газтәрізді күйге ауыстыруын буғаайналу деп атайды. Сұйық бетінде буғаайналу жүрсе оны булану, ал барлық көлемі бойынша буғаайналуды қайнау деп атайды. Берілген температурада сұйықтың қайнау қысымы қаныққан бу қысымы немесе буғаайналу қысымы деп аталады.

Қысымның төмендеуімен және температураның өсуімен сұйықтан алдын-ала еріген газдардың біраз бөлігі бөлініп шығады. Егер қысым , сұйықтың көлемінде, қаныққан бу қысымынан аз болса , онда көлем ішінде «қаныққан бумен» толтырылған шарлар пайда болады. Бұл кезде екі фазалы жүйе пайда болады (су қосылған бу шарлары). Мұндай шарлар көлемінің көп болып пайда болуы, сұйықтың тұтастығын бұзуға әкеліп соғады, ол кавитация деп аталады. Бұл шарлар сұйық массасында қозғалалып жүреді, және өте төмен температуралы немесе қысымы жоғары аймаққа түсіп бұзылады немесе жарылады. Шарлардың бұзылуы, шекералық ағын – кавитациялық эрозия қатты қабырға бетінің бұзылуына мүмкіндік беретін қатты соққы әсерінен болады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет