Ќазаќстан республикасы єылым жјне білім министрлігі



жүктеу 465.09 Kb.
бет1/4
Дата21.11.2017
өлшемі465.09 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4



Алматы, 2014
Құрастырғандар: ф.ғ.к., доцент Г. Садыр

ф.ғ.к., доцент Ғ. Бадағұлова

ф.ғ.к., доцент Ғ.Солтанбекова

Жұмыс бағдарламасы «Қазақ тілі» курсының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 14.02.2011 жылғы № 14 бұйрығымен бекітілген типтік бағдарламасы негізінде: 5В050600– Экономика, 5В050700–Менеджмент, 5В051100–Маркетинг, 5В050800–Есеп және аудит, 5В050900 –Қаржы, 5В091200–Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі, 5В090900–Логистика, 5В070400– Ақпараттық технологиялар, 5В091200- Аймақтану, 5В090800-Бағалау, 5В051400-Қоғаммен байланыс, 5В031000-Заңгерлік, 5В051000- Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары үшін құрастырылған.


Жұмыс бағдарламасы кафедра отырысында талқыланған

«_____»________________2014 ж. № «_____» хаттама

Кафедра меңгерушісі ____________________ Г. Садыр



1 Алғы сөз
Ұсынылып отырған бағдарлама Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және мемлекеттік тілді оқытуға қойылған талаптарды ескеріп, аталмыш жоғары оқу орнының ерекшелігіне сай қазақ тілін оқытудың мақсаты мен міндетін анықтауға арналған.

Мемлекеттік тілді жоғары оқу орнында оқытуға байланысты ұсынылып отырған бұл бағдарлама пәнді оқыту жүйесінің моделі ретінде түзілген.

Мәдени-тілтанымдық құзіреттілік мынадай бөлімдерден тұрады: лингвомәдени, әлеуметтік-мәдени, когнитивтік, қатысымдық деңгей.

Қазақ тілі пәнінен студенттердің білім деңгейіне қойылатын талаптар бойынша міндетті минимумды ескере отырып, үш деңгейге бөлінеді. Соның ішінде бұл жұмыс бағдарламасы оқытудың жаңашыл әдістемелік-теориялық негіздемелеріне сай, типтік бағдарлама негізінде В1 – негізгі жеткілікті деңгейге арналып жасалды.



Қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты: қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру.

Оқытудың міндеттері:

● тілдік жүйе мен оның амалдарын мәдени танымдық, қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту;

● өнер мен мәдениет (театр, фильм, кітап, музыка және т.б.) мәселелеріне байланысты өтілген тақырыптарды баяндау, мақұлдау, алған мәліметтерге өз көзқарасын білдіру, дәлелдеу әрекеттерін дамыту;

● белгілі бір тақырыпты (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени сала) талқылауға өз қабылдауы бойынша баға беруге, мәтін тақырыбындағы негізгі идеяны табуға үйрету;

● әңгімелесушіге ойын жеткізе алуы; қызғушылық таныту, мәліметтерді сұрау, қайталап сұрау; кеңес беру, нұсқау беру; нандыру, байқампаздық таныту; көңілі толуын, толмауын, қызығушылығын, немқұрайлылығын білдіруге дағдыландыру;

Алдыңғы деректемелер: Студенттер «Қазақ тілі» курсы бойынша белгілі бір көлемде лексикалық кор жинақтаған және тілдің грамматикалық жүйесімен таныс болуы керек.

Кейінгі деректемелер: Курсты аяқтаған студенттер кәсіби жоғары дайындық деңгейіне жету үшін мамандыққа байланысты лексикалық қорды байытып, тілді тереңдете оқып, болашақ мамандығы бойынша терминдерді меңгеріп, кәсіби стильдегі мәтіндермен жұмыс жасай алады.

Курсты бітірген студенттер:


  • мемлекеттік тілде өз ойын еркін жеткізуі тиіс;

  • қазақ тіліндегі төрт жалғауды дұрыс қолдана білуі тиіс;

  • етістіктің шақ формаларын дұрыс қолдана білуі тиіс;

  • кез-келген еркін тақырыпта өз ойларын жеткізе білуі тиіс;

  • бизнес саласында жиі кездесетін лексиканы меңгеруі тиіс;

  • өз мамандықтары бойынша арнаулы әдебиетті түсініп, оқи білуі тиіс.

Студенттерге ұсынылып отырған бағдарлама тіл үйренудің нақты түріне бағытталған. Бағдарламада берілген тақырыптар деңгей бойынша сұрыпталып, тілдік әрекеттердің (оқу, тыңдау, сөйлеу, жазу) барлық түрлерін қамти отырып құрастырылған.

Мемлекеттік тілді жоғары экономикалык оқу орнында оқытуға байланысты ұсынылып отырған бұл бағдарлама пәнді оқыту жүйесінің моделі ретінде түзілген әрі оның құрамына төмендегідей элементтер кіреді:



  • оқытылатын пәнннің өзектілігі;

  • оқытудың мақсаты мен міндеті;

  • пән бойынша алдыңғы деректемелер және кейінгі деректемелер;

  • кредит-сағат көлемi;

Пәннің өзектілігі: тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сай 6үгінгі таңда білім беру жүйесінде мемлекеттік тілдің рөлі күннен күнге артып келеді. Біздің жоғары оқу орнында қазақ тілін оқытудың мақсаты студенттерге қоғамымыздағы экономикалық өзгерістерді ескере отырып, келешек мамандығына бағыттай терең бiлiм алуға кажетті дәрежеде қазақша үйрету болып табылады. Студенттерді қазақша өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Студенттер тілді білу деңгейіне қарай бастауыш, орташа және жалғастырушы топтарға бөлінеді. Практикалық курста студенттердің фонетика, лексика, морфология, синтаксис бөлімдері бойынша білімдері тереңдетіліп, біртіндеп меңгеріледі.

Лексика. Тілдің сөздік қорына ерекше мән беріледі. Синонимдер, антонимдер. Сөздің көп мағыналығы. Қанатты сөздер. Шешендік сөздер, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.Терминдер, кәсіби лексика. Сөздегі лексикалық мағына мен концепт құрылымындағы қатынастар. Лексикалық сигмантика. Лексикалық нормаларды меңгеру. Әр сабақта 15-20 жаңа сөз меңгертіп отыру.

Морфология. Тілді үйренуге қажетті грамматикалық минимумды беру. Салалық терминдер жүйесін толық және терең меңгеру. Әдеби тіл мен жергілікті тіл ерекшеліктерін анықтайтын тұлғаларды саралау. Грамматикалық, фонетикалық нормаларды толық меңгеру.

Синтаксис. Студенттер бұл деңгейде өтініш айтуды, келісім білдіруді, алдағы уакытта атқарылуға тиіс іс-әрекеттің шартын, мақсатын, мүмкіндігін өз ойларымен еркін жеткізе білуі тиіс. Терминдік сөз тіркестері. Кәсіби лексика.

Оқытудың мақсаты мен міндеті:


  • тіл иесінің жылдам айтылған сөзін түсіне білу;

  • ғылыми еңбектерді оқып баяндай білу;

  • мәжіліс, жиналыстарда өзіне қажетті ақпараттар мен мәліметтерді жаза алуы;

  • мамандықтарына сәйкес тілдік қорын байытып, білім деңгейлерін дамыту.

  • күнделікті өмірде мамандықтары бойынша кажетті тілдік құралдарды, сөйлеу үлгілерін қолдануды дағдыландыру;

  • кәсіби деңгейлерін қалыптастыру, мемлекеттік тілді жетік меңгерту;

  • өз кәсіби шеңберінде кеңес беріп, пікір білдіруі;

  • өзінің ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша мақала, баяндама жазып, өз пікірлерін қорғай білуі керек;

  • ғылыми еңбекке эссе, жоспар (жай, күрделі), пікір, түйіндеме жаза алуы міндетті.

Алдыңғы деректемелер: мәліметтерді беруге дайындығы болуы; белгілі бір тақырыпты талқылауға деген өз қабылрдауының болуы; тұрмыстық сөйлеу жағдаяттарында әңгімен қолдау және талқылай білуі; алған мәліметтерге өз көзқарасын білдіре алуы; мәліметтерді беруге дайын болуы; нұсқау ,кеңес бере білу; мәліметтерді беруге дайыныдығы мен қабілеттегі болуы керек.Олардың сөздік қоры 1000 – 1500 сөз болуы тиіс;

Кейінгі деректемелер: оқудың басты стратегиясын пайдалану; мәтіннің негізгі идеясын түсініп, қажетті ақпараттарды ала білу; мамандық бойынша ғылыми баяндама, мәлімдеме, хабарлама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білу, таңдаған әсібі бойынша баяндама жасай білу. Курс студенттердің кәсіби лексиканы игеруіне бағытталған. Кәсіби жоғары дайындық деңгейіне жету үшін мамандыққа байланысты лексикалық қорды байытып, тілді тереңдете оқып, ғылыми тілді меңгерту, болашақ мамандығы бойынша терминдерді меңгеру, кәсіби стильдегі мәтіндермен жұмыс істеуге дағдыландыру;

Курсты бітірген студенттер:



  • Ресми-іскери, іскери-кәсіби кездесу этикетіне сай сәлемдесу, алғыс білдіру, сұхбаттасу, келісу, келіспеу, кешірім сұрау, талап ету, таңдану;

  • Кәсіби мамандық аясында әлеуметтік, кәсіби байланыстар туралы сөйлесе білуі;;

  • Мамандығы бойынша айтылған тұжырымдарға өз пікірін білдіре отырып, серіктесінен жауап қайтара алуы, серіктесін сөйлеу әрекетіне тарта білу керек;

  • Кез-келген еркін тақырыпта өз ойларын жеткізе білуі тиіс;

  • Бизнес саласында жиі кездесетін лексиканы меңгеруі тиіс;

  • Өз мамандықтары бойынша арнаулы әдебиетті түсініп, оқи білуі тиіс;

  • Мамандығы бойынша ақпарат сұрай білуі, ақпаратқа жазбаша түрде жауап бере білуі тиіс (серіктестер арасындағы дәрежелі қарым-қатынас);

Студенттерге ұсынылып отырған бағдарлама тіл үйренудің нақты түріне бағытталған. Бағдарламада берілген тақырыптар деңгей бойынша сұрыпталып, тілдік әрекеттердің (оқу,тыңдау, сөйлеу, жазу) барлық түрлерін қамти отырып құрастырылған. Бағдарламада кәсіби мамандықтарға байланысты тақырыптар, арнайы терминдер үйретіледі.

Білімі: Тыңдалым бойынша:

  • берілген нақты мамандық саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі;

  • түсіндірмелі сипаттағы монолог түрінде берілген мамандық саласы жайындағы ойды, тақырыпты, негізгі мазмұнды, оның жекелік мағыналық бөлшектері бойынша негізгі ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс;

  • іскер-ресми кездесулердегі екі немесе бірнеше адамдардың арасындағы сұхбат мазмұнын, негізгі ойды түсініп, қорытынды жасай білу тиіс;

Оқылым бойынша:

  • оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын, жеке мағыналық бөліктері арасындағы логикалық және себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі;

  • мамандық саласы бойынша берілген мәтіннің мазмұныны өз көзқарасы тұрғысынана толықтырып, өзгертулер енгізе отырып, әңгімелеп бере білуі;

  • мамандық саласы бойынша берілген мәтінді, ғылыми мақаланы,баяндаманы оқу барысында оқудың стратегияларын қолдана білуі;

  • мәтіннің негізгі идеясын түсініп, оның ішінен өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;

  • хабарға, ақпаратқа өзінше түйіндеме жасап, автордың ойына баға бере білу тиіс;

Жазылым бойынша:

  • мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы осы тақырып бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырта, толықтыра, өз бетінше өңдей білуі тиіс;

  • ғылыми баяндама, мәлімдеме, баяндама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білуі тиіс;

  • нақты мамандығы бойынша оқыған кітаптары, мақалалары, тыңдаған хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі тиіс.

Айтылым бойынша:

  • өздеріне ұсынған тақырыптардың біріне таңдауы бойынша сұхбат (сөйлесім) құрады.

  • берілген тақырып бойынша таңдаған кәсібі, мамандығы жайында әңгімелеп айта білуі;

  • баяндама жасай білуі, сұхбат құра білуі тиіс;

  • айтушының ой-пікіріне өзінің тұжырымдарымен жауап беріп, әр түрлі сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпараттар ала білуі;

  • мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз көзқарастарын серіктесіне жеткізе білуі;

  • естіген ақпараттары жайындағы өзіндік тұжырымын дәлелдей білуі тиіс.

Қазақ тілі пәні бойынша белгіленгені: 6 кредит

Меңгеру: Практикалық сабақтарда меңгерген бизнес саласына қатысты сөздер мен терминдер, шаблондар, фразаларды күнделікті ресми кездесулерде, келісімшарт жасауда, көпшілік алдында сөйлей білуге, бизнес-тренингтердегі қолданылатын клишелерді меңгеру.

Дағды: Сабақ барысында жүргізілген тұсаукесерлерден, бұқаралық ақпарат құралдарына жасалған тұжырымдамалардан, ойбөлісулерден, ойталқылардан, пікірлесулерден алған тәжірибелерін келешек қызметінде пайдалана білуге дағдыландыру.

Біліктілік: Пән бойынша үйренген тілдік дағдыларды, лексикаларды жинақтай келе, ұжымда жұмыс істей білуге, тіл табыса білуге үйрету. Көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білуге, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге үйрету.
I семестр

2 Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары



Тақырып атаулары

Барлығы

Байланыс сағаттары


ОБСӨЖ


СӨЖ


Оның ішінде

Практикалық сабақтар


1

2

3

4

5

6

1.

Отан отбасынан басталады

9

4

1

4

2.

Отбасы және ұлттық құндылықтар

9

4

1

4

3.

Жас отбасы және дәстүр

9

4

1

4

4.

Қазіргі тұрғын үй

9

4

1

4

5.

Мінез және келбет

9

4

1

4

6.

Замандас келбеті

9

4

1

4

7.

Уақыт және адам

9

4

1

4

1-Аралық бақылау

8.

Бос уақыт және қызығушылық

9

4

1

4

9.

Салауатты өмір салты

9

4

1

4

10.

Дені саудың – жаны сау

9

4

1

4

11.

Менің отаным Қазақстан

9

4

1

4

12.

Қазақтың өнері мен мәдениеті

9

4

1

4

13.

Күй атасы Құрманғазы

9

4

1

4

14.

Кино өнері

9

4

1

4

15.

Театр өнері

9

4

1

4

2-Аралық бақылау




Барлығы

135

60

15

60

Каталог: download
download -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
download -> Бағдарламасы «Білім берудегі инновациялар: бағдарлар мен үрдістер»
download -> Бақылау күндері: 3-28 қазан – жоо-ның үздік оқытушысы – 2016 байқауының факультетішілік кезеңін өткізу. 31 қазан
download -> Қазақстанның ежелгі тарихы
download -> Конкурсқа 23-31 шілдеге дейін; Студенттер қатарына 28 тамызға дейін
download -> Хайдаров есқайрат ерболатұлы XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы: тарих және тағылым
download -> Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ Атырау облысы бойынша филиалына арналған
download -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты АҚпараттық хат павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
download -> Хабарландыру


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет