Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте



жүктеу 1.31 Mb.
бет1/7
Дата10.05.2019
өлшемі1.31 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ




р/с

Құрылымдық бөліктері

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме.

Тапсырмаларға сілтемелерден басқа:1) түзетудің мәнін;

2) әрбір енгізілген түзетудің нақты негіздемесі көрсету қажет.

1

2

3

4

5

1. Қазақстан Республткасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексі (ерекше бөлім)



694 бап

694-бап. Тiкелей аралас қатынас

Көлiк ұйымдарының жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi әртүрлi көлiк түрлерiмен бiрыңғай көлiк құжаты бойынша (тiкелей аралас қатынас) тасымалдау кезіндегі өзара қарым-қатынастары, сондай-ақ осындай тасымалдауларды ұйымдастыру тәртiбi тiкелей аралас тасымалдау туралы заң актiлерiне сәйкес тиiстi көлiк түрлерi ұйымдарының арасындағы жасалатын келiсiмдермен белгiленедi.




694-баб. Аралас тасымалдар

Көлiк ұйымдарының екі немесе одан көп көлiк түрлерiмен бірыңғай тауар-көлiк жүкқұжаты (коносамент) бойынша (аралас тасымалдар) тасымалдау кезіндегі өзара қарым-қатынастары, сондай-ақ осындай тасымалдауларды ұйымдастыру тәртiбi көлік туралы заң актiлерiне сәйкес тиiстi көлiк түрлерi ұйымдарының арасындағы жасалатын шарттармен белгiленедi.



«Қазақстан Республикасындағы көлік турал» ҚР Заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес келтіру мақсатында

2. Қазақстан Республикасының 2008 жыл 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексі



157-баптың

2-тармағы




157-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыру

2. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн құрылыс қызметi белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.




157-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыру

2. Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияланған қарыз туралы келісім шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобаларды қаржыландырудан басқа, бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн құрылыс қызметi белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.




Халықаралық Қаржы институтары (бұдан әрі – ХҚИ) автомобиль жолдарын салуға қарыз туралы келісім қол қою кезінде келісімшарттарға құнды түзету (эскалация) шартымен халықаралық сауда конкурсы ережесімен өткізуді талап етеді. Түзетудің шарты «Консультант Инженерлердің Халықаралық Федерациясының» (ФИДИК) үлгілік ережелерінде көрсетілген, ол Қазақстан заңнамасынан айырмашылығы бар.

Қазіргі уақытта жобадағы эскалация деңгейі 35-40% өскен, нәтижесінде келісімшарттардың қорытынды құны дәліздің жеке учаскелері бойынша жобалық-сметалық құжаттамасының (бұдан әрі - ЖСҚ) құнынан асып кетті. Негізгі себеп құрылыс, жанар-жағар май материалдарының және еңбек жалақысының күрт өсуіне байланысты болып отыр. Бүгінгі күні бойынша қарыз қаражаттары бойынша ХҚИ шарттары, ал республикалық бюджетпен бірлесіп қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына бойынша төлем жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі келісімшарт құнының ЖСҚ құнынан асып кетуіне байланысты Республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыруын тоқтатты (жұмыс құнынан 3 %) және оны түзетуді немесе Бюджеттік кодекске өзгеріс енгізуді талап етті.

ЖСҚ жүргізу кезінде эскалация шарты ескерілмейді, өйткені қайта есептеу жүргізіліп жатқан жағдай бойынша қалған жұмыстарға (жасалмаған) АЭК негізінде жүргізіледі, ал төлем жүргізу халықаралық келісімшарттың талаптарына сәйкес сметалық құжаттаманың орнына мердігермен конкурс кезінде берген келісім шарттық бағаларымен (жұмыс көлемінің ведомосты) жүргізіледі.

Осы жағдайға байланысты, 2013 жылмен қазіргі уақытта жағдай бойынша мердігерге 1,300 млрд. теңге шамасында төленбеді, бұның салдары Тапсырыс берушіге айыппұл салуға мердігерлер тарапынан жұмыстың тоқтауына немесе кейіннен төрелік сот арқылы шешілетін, келісімшартты бұзуға алып келді.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексіне ескере отырып, ратификацияланған келісімдердің шарттары бойынша толық төлемді жүргізуді жүзеге асыру үшін ҚР бюджеттік кодексінен алып тастау ұсынылады.





157-баптың

5-тармағы




157-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыру

5. Жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде немесе бюджеттік инвестициялық жобаның үлгілік жобасында көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына әкеп соғатын қосымша компоненттерді енгізуге байланысты бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берілмейді.



157-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыру



5. Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияланған сыртқы қарыз туралы келісім шарттары бойынша қол қойылған шарттардан басқа жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде немесе бюджеттік инвестициялық жобаның үлгілік жобасында көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына әкеп соғатын қосымша компоненттерді енгізуге байланысты бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берілмейді.




Халықаралық Қаржы институтары (бұдан әрі – ХҚИ) автомобиль жолдарын салуға қарыз туралы келісім қол қою кезінде келісімшарттарға құнды түзету (эскалация) шартымен халықаралық сауда конкурсы ережесімен өткізуді талап етеді. Түзетудің шарты «Консультант Инженерлердің Халықаралық Федерациясының» (ФИДИК) үлгілік ережелерінде көрсетілген, ол Қазақстан заңнамасынан айырмашылығы бар.

Қазіргі уақытта жобадағы эскалация деңгейі 35-40% өскен, нәтижесінде келісімшарттардың қорытынды құны дәліздің жеке учаскелері бойынша жобалық-сметалық құжаттамасының (бұдан әрі - ЖСҚ) құнынан асып кетті. Негізгі себеп құрылыс, жанар-жағар май материалдарының және еңбек жалақысының күрт өсуіне байланысты болып отыр. Бүгінгі күні бойынша қарыз қаражаттары бойынша ХҚИ шарттары, ал республикалық бюджетпен бірлесіп қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына бойынша төлем жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі келісімшарт құнының ЖСҚ құнынан асып кетуіне байланысты Республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыруын тоқтатты (жұмыс құнынан 3 %) және оны түзетуді немесе Бюджеттік кодекске өзгеріс енгізуді талап етті.

ЖСҚ жүргізу кезінде эскалация шарты ескерілмейді, өйткені қайта есептеу жүргізіліп жатқан жағдай бойынша қалған жұмыстарға (жасалмаған) АЭК негізінде жүргізіледі, ал төлем жүргізу халықаралық келісімшарттың талаптарына сәйкес сметалық құжаттаманың орнына мердігермен конкурс кезінде берген келісім шарттық бағаларымен (жұмыс көлемінің ведомосты) жүргізіледі.

Осы жағдайға байланысты, 2013 жылмен қазіргі уақытта жағдай бойынша мердігерге 1,300 млрд. теңге шамасында төленбеді, бұның салдары Тапсырыс берушіге айыппұл салуға мердігерлер тарапынан жұмыстың тоқтауына немесе кейіннен төрелік сот арқылы шешілетін, келісімшартты бұзуға алып келді.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексіне ескере отырып, ратификацияланған келісімдердің шарттары бойынша толық төлемді жүргізуді жүзеге асыру үшін ҚР бюджеттік кодексінен алып тастау ұсынылады.





215 -баптың 3 -тармағы


215-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беру шарттары

3. Мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекеттік кепілдік берілгені үшін қарыз алушыдан мемлекеттік кепілдік беру кезінде жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар үшін мемлекеттік кепілдік сомасының 0,2 пайызы мөлшерінде және басқа да заңды тұлғалар үшін мемлекеттік кепілдік сомасының екі пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) алынады.



215-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беру шарттары

3. Мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекеттік кепілдік берілгені үшін қарыз алушыдан мемлекеттік кепілдік беру кезінде жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар заңды тұлғалар үшін, тек жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар және экономика салаларының Ұлттық операторларымен анықталған заңды тұлғалардан басқа, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар үшін мемлекеттік кепілдік сомасының 0,2 пайызы мөлшерінде және басқа да заңды тұлғалар үшін мемлекеттік кепілдік сомасының екі пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) алынады.





«Нұрлы жол» бағдарламасын және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Көлік жүйесі инфрақұрылымының дамуы мен интеграциясы мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру шеңберінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуға ұлттық фондтан, республикалық бюджеттен және займ қаражатынан қаржы бөлу жоспарлануда. Бөлек инвестициялық жобаларды ЭксИмБанкінің жеңілдікті қарызын тарту арқылы іске асыру жоспарлануда.

Қытай ЭксИмБанкінің талаптарының бірі мемлекеттік кепілдікті ұсыну болып табылады. ҚР Бюджет кодексіне сәйкес мемлекеттік кепілдік ұсыну үшін займ алушыдан 0,2% көлемінде алым алу, контркепілдеменің болуы талап етіледі және 30% жеке капиталы болуы қажет. Қоғамның жеке қаражаты жоқ, өйткені өз жұмысын экономикалық пайданы алусыз Ұлттық оператор ретінде атқарада. Айта кетер жайт, жеңілдікті қарызды қайтару сенімді басқарушыға сенімді басқару келісіміне сәйкес, автомобиль жолдарын қайта жаңарту кезінде кеткен қажетті шығындарын өтеу арқылы жүзеге асырылатын болады.

Осыған орай ҚР Бюджет кодексіне көрсетілген талаптардың автомобиль жолдарын басқару бойынша Ұлттық операторға таратылмау бөлігінде және ҚР Қаржы министрінің 19.12.2008 жылғы №588 бұйрығына сенімді басқару нысаны бойынша құрылыс және қайта жаңарту шығындарын өтеуге байланысты ерекшелікті анықтау бөлігінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет.




216 -баптың 3) тармақшасы

216-бап. Мемлекеттік кепілдік алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін қарыздардың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын екінші деңгейдегі банк кепілдігінің не сақтандыру шартының болуы.


      Банк кепілдігі қарыз шартының бүкіл қолданылу мерзіміне бір рет беріледі және негізгі борыш сомасын, сондай-ақ сыйақылардың, комиссиялардың, тұрақсыздық айыптарының (өсімақының, айыппұлдың) барлық сомасын және қарыз шартына сәйкес қарыз алушы жүзеге асыратын өзге де төлемдерді жабады.
      Сақтандыру шарты жоба бойынша қарыз алушыны дефолтқа және мемлекеттің мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерін орындауына әкеп соқтыруы мүмкін тәуекелдерді сақтандыруды қамтамасыз етуге тиіс;
     

216-бап. Мемлекеттік кепілдік алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін қарыздардың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын екінші деңгейдегі банк кепілдігінің не сақтандыру шартының болуы, тек жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар және экономика салаларының Ұлттық операторларымен анықталған заңды тұлғалардан басқа.


      Банк кепілдігі қарыз шартының бүкіл қолданылу мерзіміне бір рет беріледі және негізгі борыш сомасын, сондай-ақ сыйақылардың, комиссиялардың, тұрақсыздық айыптарының (өсімақының, айыппұлдың) барлық сомасын және қарыз шартына сәйкес қарыз алушы жүзеге асыратын өзге де төлемдерді жабады.
      Сақтандыру шарты жоба бойынша қарыз алушыны дефолтқа және мемлекеттің мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерін орындауына әкеп соқтыруы мүмкін тәуекелдерді сақтандыруды қамтамасыз етуге тиіс;


«Нұрлы жол» бағдарламасын және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Көлік жүйесі инфрақұрылымының дамуы мен интеграциясы мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру шеңберінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуға ұлттық фондтан, республикалық бюджеттен және займ қаражатынан қаржы бөлу жоспарлануда. Бөлек инвестициялық жобаларды ЭксИмБанкінің жеңілдікті қарызын тарту арқылы іске асыру жоспарлануда.

Қытай ЭксИмБанкінің талаптарының бірі мемлекеттік кепілдікті ұсыну болып табылады. ҚР Бюджет кодексіне сәйкес мемлекеттік кепілдік ұсыну үшін займ алушыдан 0,2% көлемінде алым алу, контркепілдеменің болуы талап етіледі және 30% жеке капиталы болуы қажет. Қоғамның жеке қаражаты жоқ, өйткені өз жұмысын экономикалық пайданы алусыз Ұлттық оператор ретінде атқарада. Айта кетер жайт, жеңілдікті қарызды қайтару сенімді басқарушыға сенімді басқару келісіміне сәйкес, автомобиль жолдарын қайта жаңарту кезінде кеткен қажетті шығындарын өтеу арқылы жүзеге асырылатын болады.

Осыған байланысты ҚР Бюджет кодексіне көрсетілген талаптардың автомобиль жолдарын басқару бойынша Ұлттық операторға таратылмау бөлігінде және ҚР Қаржы министрінің 19.12.2008 жылғы №588 бұйрығына сенімді басқару нысаны бойынша құрылыс және қайта жаңарту шығындарын өтеуге байланысты ерекшелікті анықтау бөлігінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет.




216 -баптың 9) тармақшасы

216-бап. Мемлекеттік кепілдік алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

9) ұсынылатын инвестициялық жобаның құнына қатысты кемінде 30 пайызды құрайтын меншікті капиталының болуы;



216-бап. Мемлекеттік кепілдік алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

9) ұсынылатын инвестициялық жобаның құнына қатысты кемінде 30 пайызды құрайтын меншікті капиталының болуы, тек жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар және экономика салаларының Ұлттық операторларымен анықталған заңды тұлғалардан басқа;



«Нұрлы жол» бағдарламасын және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Көлік жүйесі инфрақұрылымының дамуы мен интеграциясы мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру шеңберінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуға ұлттық фондтан, республикалық бюджеттен және займ қаражатынан қаржы бөлу жоспарлануда. Бөлек инвестициялық жобаларды ЭксИмБанкінің жеңілдікті қарызын тарту арқылы іске асыру жоспарлануда.

Қытай ЭксИмБанкінің талаптарының бірі мемлекеттік кепілдікті ұсыну болып табылады. ҚР Бюджет кодексіне сәйкес мемлекеттік кепілдік ұсыну үшін займ алушыдан 0,2% көлемінде алым алу, контркепілдеменің болуы талап етіледі және 30% жеке капиталы болуы қажет. Қоғамның жеке қаражаты жоқ, өйткені өз жұмысын экономикалық пайданы алусыз Ұлттық оператор ретінде атқарада. Айта кетер жайт, жеңілдікті қарызды қайтару сенімді басқарушыға сенімді басқару келісіміне сәйкес, автомобиль жолдарын қайта жаңарту кезінде кеткен қажетті шығындарын өтеу арқылы жүзеге асырылатын болады.

Осыған байланысты ҚР Бюджет кодексіне көрсетілген талаптардың автомобиль жолдарын басқару бойынша Ұлттық операторға таратылмау бөлігінде және ҚР Қаржы министрінің 19.12.2008 жылғы №588 бұйрығына сенімді басқару нысаны бойынша құрылыс және қайта жаңарту шығындарын өтеуге байланысты ерекшелікті анықтау бөлігінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет.




228 -баптың 3- тармағы

228-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары

3. Мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекет кепілгерлігі берілгені үшін қарыз алушыдан мемлекет кепілгерлігі сомасының екі пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) өндіріп алынады.



228-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары

3. Мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекет кепілгерлігі берілгені үшін қарыз алушыдан мемлекет кепілгерлігі сомасының екі пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) өндіріп алынады, тек жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар және экономика салаларының Ұлттық операторларымен анықталған заңды тұлғалардан басқа;



Қоғам МЖС туралы жаңа заң шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялардың шығаруын қарастыратын жобаларда мемлекеттік серіктес ретінде шығуды жоспарлауда. Ұсынылатын өзгерту Ұлттық оператордың инвестицияларды тарту бар инвестициялық жобаларды іске асыруда қатысу өрісін ұлғайтуға мүмкіндік береді.




229 -баптың 2) тармақшасы

229-бап. Мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жағдайларды қоспағанда, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келiсу бойынша белгiлейтiн, мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыздың қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының болуы;



229-бап. Мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жағдайларды қоспағанда, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келiсу бойынша белгiлейтiн, мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыздың қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының болуы, тек жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар және экономика салаларының Ұлттық операторларымен анықталған заңды тұлғалардан басқа;



Қоғам МЖС туралы жаңа заң шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялардың шығаруын қарастыратын жобаларда мемлекеттік серіктес ретінде шығуды жоспарлауда. Ұсынылатын өзгерту Ұлттық оператордың инвестицияларды тарту бар инвестициялық жобаларды іске асыруда қатысу өрісін ұлғайтуға мүмкіндік береді.





229 -баптың 7) тармақшасы

229-бап. Мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

7) концессия объектісінің құнына қатысты кемінде жиырма пайызды құрайтын меншікті капиталының болуы;



229-бап. Мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

7) концессия объектісінің құнына қатысты кемінде жиырма пайызды құрайтын меншікті капиталының болуы тек жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар және экономика салаларының Ұлттық операторларымен анықталған заңды тұлғалардан басқа;



Қоғам МЖС туралы жаңа заң шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялардың шығаруын қарастыратын жобаларда мемлекеттік серіктес ретінде шығуды жоспарлауда. Ұсынылатын өзгерту Ұлттық оператордың инвестицияларды тарту бар инвестициялық жобаларды іске асыруда қатысу өрісін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

3. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексі


135-3-баптың 4-тармағы

135-3-бап. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымға салық салу

4. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осы баптың 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрлері және өзге де қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізеді. Бөлек салықтық есепке алу есепті салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) табыстардың жалпы сомасында осы баптың 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрлерін немесе өзге де қызметті жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстардың үлес салмағы бойынша жалпы шығыстарды бөлу үшін де қолданылады.



135-3-бап. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымға салық салу

4. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осы баптың 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрлері және өзге де қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізеді.





Қазақстан Республикасының Халықаралық кеме тізілімінде тіркелген және халықаралық жүктерді тасымалдау бойынша қызметін жүзеге асыратын кемелер үшін арнайы салық салу тәртібін енгізуге байланысты жаңа редакцияда нақтылау.


135-3-баптың 5-тармағы

135-3-бап. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымға салық салу

....


5. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осы Кодекстің арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін белгіленген ережелерін қолдануға құқылы емес.

135-3-бап. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымға салық салу

...


5. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осындай қызмет бойынша осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды қарастыратын осы Кодекстің басқа ережелерін қолдануға құқылы емес

Қазақстан Республикасының Халықаралық кеме тізілімінде тіркелген және халықаралық жүктерді тасымалдау бойынша қызметін жүзеге асыратын кемелер үшін арнайы салық салу тәртібін енгізуге байланысты жаңа редакцияда нақтылау.


135-4-бап

Жоқ


135-4-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалын жүзеге асыратын салық төлеушiге салық салу

1. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалын жүзеге асыратын салық төлеушi Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалынан түскен табыстар бойынша осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.

2. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалын жүзеге асыратын салық төлеушiнің осы баптың 1-тармағында көрсетілгеннен өзге қызметті жүзеге асырудан түскен табыстары жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте корпоративтік табыс салығын салуға жатады.

3. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалын жүзеге асыратын салық төлеушi осы баптың 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрі және өзге де қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және салық салуға байланысты объектілердің бөлек салық есебін жүргізеді.

4. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалын жүзеге асыратын салық төлеушi осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа ережелерін осындай қызмет түрі бойынша қолдануға құқылы емес.


Қазақстан Республикасының Халықаралық кеме тізілімінде тіркелген және халықаралық жүктерді тасымалдау бойынша қызметін жүзеге асыратын кемелер үшін арнайы салық салу тәртібін қолдану мақсатында



244-баптың

3-тармағы




244-бап. Халықаралық тасымалдауға салық салу

....


3. Осы баптың мақсаттары үшін:

1) жүктерді тасымалдау кезінде:

халықаралық автомобиль қатынасында – тауар-көлік жүкқұжаты;

халықаралық және мемлекетаралық теміржол көлігі қатынасында – бірыңғай үлгідегі жүкқұжаты;


әуе көлігінде – жүкқұжаты;


теңіз көлігінде - коносамент немесе теңіз жүк құжаты;



жоқ

магистральдық құбыр жүйесі бойынша:

есеп-қисап кезеңi iшiнде экспорттың және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастырылған тауарларға декларацияның көшірмесі не есеп-қисап кезеңi iшiнде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға декларация;

орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актiлерi, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға қабылдап алу-беру актiлерi;

шот-фактуралар;



244-бап. Халықаралық тасымалдауға салық салу

....


3. Осы баптың мақсаттары үшін:

1) жүктерді тасымалдау кезінде:

халықаралық автомобиль қатынасында – тауар-көлік жүкқұжаты;

халықаралық және мемлекетаралық теміржол көлігі қатынасында – бірыңғай үлгідегі жүкқұжаты;

әуе көлігінде – әуе көлігінде – қағаз тасығышында немесе электрондық түрде жазылған жүкқұжаты;

теңіз көлігінде - коносамент немесе теңіз жүк құжаты;



транзиттік жүктерді аралас тасымалдау кезінде – бірыңғай тауарлық-көліктік жүкқұжат (коносамент);

магистральдық құбыр жүйесі бойынша:

есеп-қисап кезеңi iшiнде экспорттың және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастырылған тауарларға декларацияның көшірмесі не есеп-қисап кезеңi iшiнде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға декларация;

орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актiлерi, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға қабылдап алу-беру актiлерi;

шот-фактуралар;


«e-freight» бағдарламасы – бұл қағаз жүзінде рәсімдеуді алмастыратын электрондық рәсімдеу мен жүк тасымалының алып жүрудің халықаралық стандарты. Яғни жүктер қағазсыз тасымалданатын болады, ал ақпарат электрондық жолмен берілетін болады (шот-фактура, әуе жүкқұжаты, кедендік декларация).

Осы стандартты Қазақстан Республикасына енгізу жүктасымалы кезінде шығындарды азайтуға, жүктерге қызмет көрсету жылдамдығын ұлғайтуға, ақпаратты берудің/алудың сенімділігін, дәлдігін артыруға, электрондық құжаттама процессінің айқындығына мүмкіндік береді, халықаралық қауымдастықтағы инновация мен интеграцияның дамуына себепші болады.

«e-freight» бағдарламасы ИАТА –ның барлық мүшелері үшін міндетті болып табылады.

Бірыңғай тауарлық-көліктік жүкқұжатқа (коносамент) қатысты.


Аталған нақтылау «100 нақты қадам» бағдарламасының 65-қадамын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағындағы екі пункт аралығында транзиттік тауарларды тасымалдау бойынша айналымға ҚҚС-тың нольдік ставкасын қолдануға қатысты айқындылықты енгізеді.

Қолданыстағы салық және басқа да міндетті төлемдер заңнамасында қазіргі күнде жүктің транзитті аралас тасымалы көделмеген. Аралас тасымалдарды анықтау және оны дамыту мақсатында аталған мәселелні реттеу ұсынылады.





398-баптың

3-тармағының

9) тармақшасы


398-бап. Салық мөлшерлемелері

....


3. Төменде аталған заңды тұлғалар мүлік салығын салық базасының 0,1 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептейді:

...


Жоқ



398-бап. Салық мөлшерлемелері

....


3. Төменде аталған заңды тұлғалар мүлік салығын салық базасының 0,1 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептейді:

...


9) Жолаушылар айналымы жылына екі миллион жолаушыдан асатын әуежайларды қоспағанда, әуежайлардың инфрақұрылымы (әуеайлақ кешені, терминалдар) бойынша заңды тұлғалар.

Мүлік салығының мөлшері өңірлік әуежайлар үшін (Астана және Алматы әуежайларын қоспағанда) «арты ауыр» болып табылады.

Әуежайлардың инфрақұрылымын қайта құру және инфрақұрылымын жаңарту бойынша мемлекет жүргізіп отырған жұмыстардың шеңберінде әуежайлар қайта құру аяқталғаннан соң мөлшері активтердің орта жылдық құнының 1,5% құрайтын мүлік салығын есептеу мен төлеу үшін салық салынатын базасының ұлғайуы арқылы қаржылық жайының бірден нашарлауына әкеп соғатын жағдай қалыптасты.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне Астана және Алматы әуежайларын қоспағанда, өңірлік әуежайлардың инфрақұрылымы (әуеайлақ кешендері, терминалдар) бойынша мүлік салығының мөлшерін активтердің орта жылдық құнының 0,1% құрайтын мөлшерде белгілеуге қатысты осы түзетулер енгізілуде.

Ондай өзгерістер қазақстандық әуежайлар үшін шығындарды азайту түрінде экономикалық және әлеуметтік тиімділік береді, ал болашақта – пайданың ұлғайтады және тиісінше КТС өсіреді. Сонымен қатар, айналым қаражатының ұлғайуының нәтижесінде әуежай инфрақұрылымын қауіпсіздік пен қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету үшін халықаралық стандартарға сәйкестікке келтіруге, жолаушылар мен авиакомпанияларға неғұрлым сапалы қызмет көрсету үшін қосымша жұмыс орнын жасауға әуежайлардың мүмкіндіктері бар болады, ол табыс және әлеуметтік салықтар түріндегі салық төлемдерінің өсуіне алып келеді.





459-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы

459-бап. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүргенi үшiн алым (бұдан әрi – алым):

...

3) iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi үшiн өндiрiп алынады.




459-бап. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүргенi үшiн алым (бұдан әрi – алым):

...

Алып тасталсын


ҚР Бюджет кодексінің 49-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес республикалық бюджетке салық түсімінің бірі Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының өтуі үшін алым болып табылады.

Бұл ретте ҚР Салық кодексінің 459-бабына сәйкес алым, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдік автокөлік құралдарының өтуі үшін алым алынады.

Ұлттық оператормен арнайы рұқсат беру ұсынылғандықтан тиісінше оның кірісіне төлемді алуды аталған түзету ұсынады.




461-баптың

1-тармағының 4) тармақшасы



461-бап. Алым мөлшерлемелері

1. Алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша — АЕК) мөлшері негізге алына отырып, мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

...

4) iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi үшін алым мөлшерлемесі мынаны қамтиды:


      автокөлiк құралының (жүгi бар немесе жүгi жоқ) жалпы нақты салмағының жол берiлетiн жалпы салмақтан асып түскенi үшiн есеп-қисапты, бұл 0,005 еселенген АЕК мөлшерiндегi алым мөлшерлемесін асып түскен әрбiр (толық емесiн қоса алғанда) тоннаға және бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргiзiледi;
      автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ) нақты осьтік жүктемелерінің жол берілетін осьтік жүктемелерден асып түскені үшін есеп-қисап, бұл әрбір артық жүк тиелген жеке, қосарланған және үштіктелген осьтер үшін есептеледі және 1-кестеде көрсетілген тиісті тарифтерді бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі:
1-кесте

 


Рет №

 


Нақты осьтік жүктемелерден асып түсу, %-пен

Жол берілетін осьтік жүктемелерден асып түскені үшін тариф (АЕК)

1

2

3

1.

 5,0% ке дейін қоса алғанда

0,011

2.

 5,0% тен 10,0% ке дейін қоса алғанда

0,014

3.

 10,0% тен 20,0% ке дейін қоса алғанда

0,190

4.

20,0 % тен 30,0% ке дейін қоса алғанда

0,380

5.

 30,0 % тен 50,0% ке дейін қоса алғанда

0,500

6.

 50,0% тен жоғары

1,0



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет